Жетісу облысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің халықпен кездесуі өтті

Жетісу облысында энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің халықпен кездесуі өтті

09.12.2024 12:14:55 2854

2024 жылдың 6 желтоқсанында Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті.
«Бүгін Энергетика министрлігінің негізгі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарда, сондай-ақ, сондай-ақ газ инфрақұрылымын іске асыру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуде бағытталған.
Өңірде 2024 жылдың 11 айында электр энергиясын өндіру көлемі 0,8 млрд кВтсағ. құрады, бұл ретте өңірде тұтыну 1,4 млрд кВтсағ. Негізгі жабдықтарының физикалық тозуы 66,47 %-ды құрайтын «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС белгіленген 24 МВт-ты электр қуаты және белгіленген 42 ГКал/сағ жылу қуатымен қамтамасыз етеді», - деп вице-министр атап өтті.
Вице-министрдің айтуы бойынша Жетісу өңірінің жаңартылатын энергия көздерін дамытудың әлеуеті зор. Еліміздегі су энергетикасы қорының едәуір бөлігі осы аймақта шоғырланған.
Облыста қуаты 209,7 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 11 объектісі жұмыс істейді, оның ішінде: қуаты 104,7 МВт 8 су электр станциясы, 4,95 МВт қуаты 1 күн электр станциясы, қуаты 100 МВт 2 жел электр станциясы.
Сонымен қатар, 2029 жылға қарай белгіленген қуаты шамамен 131 МВт 8 шағын су электр станциясын іске қосу жоспарлануда және Сауд Арабиясының ACWA Power Company компаниясымен жалпы қуаты 1000 МВт жел электр станциясын салу жобасын іске асыру мәселесі қарастырылуда.
Газдандыруға тоқталсақ, бүгінгі таңда облыста шамамен 319 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілген, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 44 елді мекенде 91,2 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.
Баяндамадан кейін вице-министр азаматтардың жекелеген елді мекендерді газдандыру, облысқа бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін арттыру мүмкіндігі, сондай-ақ сағат белдеуінің өзгеруіне байланысты электр энергиясын тұтыну көлеміне қатысты және т.б. сұрақтарға жауап берді.
Жеке қабылдау барысында да азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/898546