Дауылды ескерту

Дауылды ескерту

16.11.2024 18:34:15 2759

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райы өзгерістерін бақылап, сақ болуға шақырады. Желдің күшеюі кезінде тұрғындарға келесі қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет:

‼️электр желісін шамадан тыс артық жүктемеңіздер;
‼️мүмкіндігінше далаға шықпай, ғимарат ішінде болыңыздар;
‼️балаларды ерекше бақылауға алып, оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
‼️егер далада қатты желге тап болсаңыз, жақын маңдағы подъезде немесе дүкенді паналаңыздар;
‼️қатты жел кезінде үйлердің қабырғаларының жанына жақындауға болмайды, себебі шатырдан шифер және басқа да төбе материалдары құлауы мүмкін;
‼️қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнама тақталарының астында, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
‼️қатты жел кезінде электр желілері астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өлімге әкелуі мүмкін;
‼️жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады;
✅ Сақ болыңыздар және құтқару қызметінің бірегей телефоны – «112»-ні ұмытпаңыздар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka-zhuldyz/press/news/details/970082?lang=kk