Қазақстанда JCM механизмын іске асыру
14.12.2024 07:16:28 1507
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі бірлесіп, Қазақстанда Бірлескен кредиттеу механизмі (JCM) бойынша семинар ұйымдастырды.
Бұл семинар мемлекеттік қызметшілерге, жергілікті жеке компанияларға және Қазақстандағы жапон филиалдарына климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуға арналған шараларға қатысты мәселелер мен қажеттіліктерді зерделеу мақсатында өткізілді.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі атынан ашылу сөзін және «2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы және JCM механизмінен күтілетін нәтижелер» тақырыбында баяндама Климаттық саясат департаментінің директоры Сауле Сабиева жасады.
Семинарда JCM механизмінің негізгі аспектілері, Жапония үкіметі ұсынатын JCM қолдау бағдарламалары қарастырылып, JCM аясында Қазақстан мен Жапония арасындағы декарбонизация саласындағы ынтымақтастыққа қатысты тақырыптық талқылаулар ұйымдастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша JCM Бірлескен комитеті аясында жобаларды іріктеу өткізу жоспарлануда.
Семинар материалдары осы сілтеме бойынша қолжетімді: https://pckk.ent.box.com/s/ex086fja7ayupkt8lg2o5vuufci9bd6b

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/901503