Су саласының 500-ден астам қызметкері біліктілік арттыру курстарынан өтті

Су саласының 500-ден астам қызметкері біліктілік арттыру курстарынан өтті

17.12.2024 10:53:28 2185

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл су саласы мамандықтарының тартымдылығын арттыру үшін бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған су саласының мамандықтары қосылды. Нәтижесінде, қазақстандық студенттер аталған мамандықтар бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.
«Су шаруашылығы саласына жас мамандарды тарту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Биыл 9 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осының нәтижесінде, 80 студент «Қазсушар» филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті. Бұдан бөлек, шетелдік әріптес университеттермен қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту жөнінде іс-шаралар қабылданады»,- деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/903537