Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Алан Құрманғалиев беделді біріншілікте алтын медаль жеңіп алды 14.04.2025
«WTT Youth Star Contender Metz» халықаралық турнир Францияда (Мец қ.) өтті. 19 жасқа дейінгі жас санатында Қазақстан атынан Алан Құрманғалиев қатысты.Қарағандылық спортшы бірінші орынды иеленді! Алан Коннор Гринді (Англия) 3:0, Энрике Риосаны (Пуэрто-Рико) 3:0, Ма Ёнминаны (Корея) 3:1, Флавио Мурьені (Франция) 3:2, Ли Сынсуды (Корея) 3:1, Юлиана Чиритуді (Румыния) 3: 1, Ян Хао- Дженаны (Тайбэй) 3:1 есебімен жеңді.Алан Құрманғалиев пен оның жаттықтырушысы Эльмира Алиеваны жеңісімен құттықтаймыз!Фото @ttfrkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/975490?lang=kk
Қарулы күштердің ардагерлері далалық лагерьде парадқа қатысушылармен кездесті 14.04.2025
Астана маңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысушылардың қарқынды жаттығулары өтіп жатқан шатырлы лагерьге Қарулы күштердің ардагерлері мен ауған жауынгерлері келді.Отан қорғаушылардың бірнеше буынының осылайша кездесуі жылы әрі достық атмосферада өтті. Ерлік мектебінен өткен және жауынгерлік достықтың бағасын білетін ардагерлер Қазақстан әскерін құрудағы маңызды кезеңдер, қызметтің қызықты эпизодтары, өткен жылдардағы парадтар, олардың ел және Қарулы күштер үшін маңызы жайлы айтты. Жас офицерлер, сарбаздар мен сержанттар, әскери білім ордаларының курсанттары мен кадеттері сұрапыл соғыс сынынан өткен жауынгерлерді ыждағатпен тыңдады. Әңгіме арасында қызықты деректер, одан басқа әскери борыш пен патриотизм тақырыптары да қозғалды. – Мерейтойлық датаға арналған шеруге қатысу үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Сап түзеген жауынгерлер, лектер мен қатарлар арасындағы арақашықтық, қатарлар, аралықтардың біркелкілігі – бұндай үйлесімді қимылды бұрынғы парадтарда көрдік. Сендер де бұл тапсырманы орындап, әскерлің ел мен жерді қорғауға жауынгерлік күші мен дайындығын көрсететіндеріңе сенімім мол, – деп атап өтті отставкадағы контр-адмирал Ратмир Комратов. ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Ратмир Комратов және мерзімді қызметтің әскери қызметшісі гвардия қатардағы жауынгері Алмаз Дәулетбекұлы екеуі де Тараздың тумасы. Мұны білген сарбаз өзінің туған жері туралы өлең оқып берді, ол контр-адмиралға ерекше әсер етіп қуанды.  Ардагерлер парадқа қатысушылардың тұрғылықты жағдайымен, тамақтану және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен танысып, оларға мықты денсаулық, табандылық, сенімділік және құрметті миссияның ойдағыдай өтуін тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/975457?lang=kk
І Республикалық «СҰҢҚАР ЕДІМ ШӨЛДЕГІ, СҰЛТАН ЕДІМ ЕЛДЕГІ» атты Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған дәстүрлі әншілер байқауының Гала-концерті 14.04.2025
Өтетін орны: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясыӨтетін уақыты: 2025 жыл, 15 сәуір, сағат 17:00Байланыс телефондары:8 (7282) 32-45-28; 24-34-07КІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/975446?lang=kk
ЕУРОПАЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ 14.04.2025
Шымкент қаласына сапары барысында еуропалық елдердің дипломатиялық делегациясы бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты.Сапар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен басталып, делегация өкілдері студенттермен кездесті. Кездесу барысында “Жаһандық серіктестік үшін білім беру дипломатиясын дамыту” тақырыбында мазмұнды пікір алмасу өтті. Университет аумағында ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылып, достық пен ынтымақтастықтың символына айналды.Одан кейін делегация Шымкент қаласының өндірістік әлеуетімен танысты. “Santo”, “BalTextile” және “KazAlpack” сияқты жетекші кәсіпорындарға барып, олардың заманауи технологиялармен жабдықталуы мен экспорттық мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.Сапар барысында қонақтар жаңадан салынған атшабар кешеніне де барды. Онда еуропалық дипломаттар ұлттық спорт түрлері — көкпар, теңге ілу, жамбы ату сынды сайыстарды тамашалап, халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысты.Кешкісін қала әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлының қатысуымен іскерлік кешкі ас өтті. Кеш шеңберінде Шымкенттің экономикалық және инвестициялық әлеуеті талқыланып, дөңгелек үстел форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.Бұл сапар Шымкент пен Еуропа елдері арасындағы көпжақты әріптестікті тереңдетуге, жаңа бастамалар мен серіктестік жобаларды ілгерілетуге үлес қосты.🔸Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/975424?lang=kk
ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ЕЛШІЛЕРІ ШЫМКЕНТТЕ 14.04.2025
Қаламызға Шымкент пен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Еуропа елдерінің 18 елшісінен құралған делегация сапармен келді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Симкич Алешка бастаған ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізді. Шымкентке келген елшілер қатарында:•Алешка Симкич (Еуропалық Одақ),•Андреа Бахер (Австрия),•Кэтрин Лич (Ұлыбритания),•Салман Бал (Швейцария),•Ева Пулано (Швеция),•Моника Иверсен (Германия),•Янне Хейсканен (Финляндия),•Михал Лабенда (Польша),•Петрос Накузис (Кипр),•Жозе Атаиде Амарал (Португалия),•Эфталия Какиопулу (Грекия),•Боян Хаджиев (Болгария),•Рефик Шабанович (Хорватия),•Яап Ора (Эстония),•Отто Рона (Мажарстан),•Ирина Мангуле (Латвия),•Мадалина Лупу (Румыния),•Роберт Кирнаг (Словакия). Бұл сапар Шымкент пен Еуропа мемлекеттері арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. 🔸Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/975420?lang=kk
ФРАНЦИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТТІ 14.04.2025
Қазақстанның Франциядағы Елшілігі және Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Францияда Шымкент қаласының күндері» өтті.Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы Елшісі Г.Арыстанқұлова, Гарж-ле-Гонесс қаласы спорт мәселелері жөніндегі мэрінің орынбасары Б. Гюно және «AKFT» қазақ диаспорасының төрағасы Р.Гюнай, құрметті қонақ ретінде шақырылған, дзюдодан жазғы олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов ашып, қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Б. Әділханов, Ақсуат ауданының әкімі Е.Ескендіров, «Мәдениет пен спортты дамыту» қоғамдық бірлестігінің президенті А.Ислам өз тілектерін білдірді.Мерекелік бағдарлама барысында Шымкент қаласының «Qagan» этно-ансамблі, «Яссы» би тобы өнерін көрсетті. Сондай-ақ, «Мәдениет пен спортты дамыту» қоғамдық бірлестігі ұлттық ойындарды - асық ату, арқан тарту - ұйымдастырды.Іс-шара аясында футболдан өткен халықаралық турнир де үлкен қызығушылық тудырды. Оған қазақстандық дипломаттар, қандастар, Францияда жұмыс істейтін және оқып жатқан отандастар, шетелдіктерден құралған топтар қатысты. Турнирдің нәтижесінде «Париж қазақ спорт» командасы чемпион атанды, «Оңтүстік Қазақстан облысы» командасы күміс медаль жеңіп алса, «Достық» командасы қола медальға ие болды. Жеңімпаздарды дзюдодан Олимпиада чемпионы Е. Сметов марапаттады.Сонымен қатар, қатысушылар «Ұршық» қолөнершілер қоғамы ұйымдастырған шеберлік мастер-класына қатысып, тоқылған ұлттық әшекейлер мен қолөнер бұйымдарының жасалуын тамашалады. Көктемгі кездесу ұлттық киімнің «Bibikarden» әйелдер топтамасының көрсетілімімен аяқталды.Бұл іс-шара Қазақстанның Франциядағы диаспорасы үшін екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосылған үлкен үлес болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/975414?lang=kk
Алматы облысында қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот іске қосылды – 3 мыңнан астам адам тіркелді 14.04.2025
Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін "TilOquBot" атты инновациялық Telegram-бот іске қосылды. Жаңа цифрлық құрал Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленіп, бүгінде өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданылуда. Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, чат-бот құрамында қазақ тілін меңгерудің төрт деңгейін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары бар. Қазіргі уақытта жүйеге 3 146 адам тіркелген, олардың 58 пайызы облыстың шалғай аудандарында тұрады. – Басты мақсатымыз – қазақ тілін үйренуді әр азаматқа, оның тұрғылықты жеріне қарамастан, қолжетімді ету."TilOquBot" өзінің тиімділігін дәлелдеді: енді ең шалғай ауыл тұрғындарының өзі ыңғайлы форматта білім ала алады. Бұл – цифрлық трансформация жағдайында ерекше маңызды, – деді Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Данияр Ахметов. Оның айтуынша, чат-бот мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жолындағы кешенді жұмыстың бір бөлігіне айналды. Цифрлық жобалармен қатар, облыста тілдер фестиваліне дайындық басталған.Аталған шара аясында түрлі байқаулар, үздік оқытушылар мен белсенділерді марапаттау, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған креативті жобаларды қолдау жоспарланып отыр. – Біз әрбір азаматтың қазақ тілін дамыту ісіне үлес қосып жатқанын сезінуіне жағдай жасауға тырысамыз. Бүгінде тіл – тек дәстүр мен мәдениеттің көрінісі ғана емес, сонымен қатар технология, жаңа форматтар мен жастардың әлемі. "TilOquBot" – осы заман талабына сай келетін, құндылықтар мен тілді ұштастыратын тамаша мысал, – деп түйіндеді Ахметов. Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, қыркүйек айында Ұйғыр ауданында тіл фестивалінің қорытынды шарасы өтеді. Алты номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға 300 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар табысталмақ.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/975369?lang=kk
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – басымдық 14.04.2025
     «Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 300-ден астам азаматтың конституциялық құқықтарының бұзылғанын анықтады.Заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қызметкер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, қызметкерді кемінде бір ай бұрын хабардар ете отырып, бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеумен бұзылады.Облыс аудандарының білім бөлімдері ұжымдық шартта көрсетілген бір лауазымдық жалақы (тарифтік мөлшерлеме) мөлшерінде өтемақы төлемейтіні анықталды.Мысалы, Шалқар ауданының білім бөлімі 116 қызметкерге жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлемеген.Осындай бұзушылықтар Хромтау, Мәртөк, Алға, Әйтекеби және Мұғалжар аудандарында да анықталды.Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 300-ден астам қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жалпы сомасы 25 млн теңгеден астам өтемақы төленді.Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жұмысы жалғасуда.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/975352?lang=kk
Целиноград ауданында «Әлия» спектаклінің премьерасы өтті 14.04.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Целиноград ауданында, қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған танымал әнші, актер, режиссер, драматург, ақын, «Үздік драматург» номинациясының иегері Қанат Жүнісовтың «Әлия» драмасымен, тұңғыш халықтық театрының тұсау кесері өтті.Халықтық театрының алғашқы қойылымының кейіпкерлерін сомдаған әуесқой актерлар: мемлекеттік қызметкерлер, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері, 44813 әскери бөлімшесінің қызметкерлері, мектеп оқушылары және жергілікті тұрғындар жоғары деңгейде сахналаса, Әлия рөлін сомдаған Ақмол ауылы мектеп гимназиясының оқушысы Байрақ Гүлжамал көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Әлия Молдағұлованың тартысқа толы қиын кезеңдегі тағдырын, биік, қайталанбас дара тұлға екендігін, майдан даласына аттануын, мергендерді даярлау мектебінен өтуін, жауынгер достарымен, балалар үйіндегі тәрбиешілерімен және командирлерімен қарым-қатынасын қойылым авторы көркемдеп бейнелесе, қоюшы-режиссер Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық музыкалық  драма театры режиссерінің көмекшісі,  сонымен қатар Целиноград аудандық мәдениет үйінің үйірме жетекішісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлжан Абдибаева халыққа шебер жеткізіп, көрерменнің жүрегіне жол тапты.Айта кететін болсақ, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына мерекелеу аясында, ұрпаққа патриоттық сезімді ояту, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, батырларымыздың ерлігін насихаттау мақсатында Ақмола облысында республикалық, облыстық және аудандық деңгейде 600-ге жуық іс-шара жоспарланып, оның 400-ден астамы өткізілді.Бүгінгі өткен «Әлия» спектаклінің премьерасы іс-шара легінің тамаша бөлігіне айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/975326?lang=kk
ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ 14.04.2025
  ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУМұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов пен Баянды ауылының әкімі Қадырбек Жексенбаев тұрғындармен кездеседі.🗓️13 сәуір, сағат 15:00📍Баянды ауылы, №3 мектепАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1199183?lang=kk
Шетелдік дипломдарды тану eGov Mobile қосымшасында қолжетімді болды 14.04.2025
eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді болды. Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді.Бұрын дипломды тану рәсімі жеке өтініш беруді және қағаз құжаттарды жинауды талап етсе, енді бүкіл процесс онлайн форматта қолжетімді. Бұл өтінішті қарау мерзімін едәуір қысқартып, қызметті пайдаланушылар үшін ыңғайлы етеді.Қызметті пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;«Қызметтер» – «Білім» бөлімінде «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» қызметін таңдау;өтінішті толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп және төлем жасау қажет;өтінішті қол қоюдың қолжетімді әдістерінің бірімен растау.Өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Нәтижесінде, пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты алады немесе заңда көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап беріледі.Жаңартылған қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/980260?lang=kk
«Keden» ақпараттық жүйесінде жолаушылар кедендік декларациясын іске қосу 14.04.2025
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Keden» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде «Жолаушы кедендік декларациясы» функционалын іске қосуда..2025 жылдың 21 сәуірі сағат 00:00-ден бастап, мұндай декларацияларды кедендік ресімдеу «Keden» ақпараттық жүйесінде кедендік декларация толтыру арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/981442?lang=kk
Қазақстаннан қолма-қол валютаны әкетуге арналған лимит 14.04.2025
Жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасынан 10 000 АҚШ долларынан аспайтын (немесе басқа валютадағы баламасы) әкетуге рұқсат етіледі.Декларацияның немесе растайтын құжаттардың болуына қарамастан, белгіленген лимиттен асатын соманы әкетуге тыйым салынады.Бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/975944?lang=kk
Адам папилломавирусының алдын алу 14.04.2025
Адам папилломавирусының алдын алуБүкіл әлемде АPV инфекциясы ең көп таралған инфекция болып табылады. Адам папилломавирусы жатыр мойны обыры, тік ішек обыры және басқа да қатерлі ісіктер сияқты ауыр аурулардың дамуына себеп болады. HPV-нің 200-ден астам түрі бар, онкогендік қаупі жоғары түрлері деп аталатын HPV-нің кем дегенде 14 түрі шырышты қабық арқылы таралады және жатыр мойны обыры мен басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Кез келген түрдегі АPV инфекцияларының көпшілігі симптомсыз. Жатыр мойны обырының 10 жағдайының 7-і 16 немесе 18 типті АPV-ден туындайды. АPV таралу жолдары: 1.байланыс-тұрмыстық-қол алысу, поцелуй, терінің зақымдануы арқылы. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға - сауналарға, ванналарға, спортзалдарға, бассейндерге, дәретханаларға барған кезде мұқият болу керек.2. жыныстық жол-жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері жыныс мүшелерінде орналасқан сүйелдерді тудырады. 3. тік жол-вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.4.өзін - өзі жұқтыру жолы-көбінесе қырыну немесе эпиляция кезінде АPV дененің бір аймағынан екіншісіне ауысады.Жатыр мойны обыры-бұл әйелдің жатыр мойнының қатерлі ісігі, бұл аурудың барлық дерлік жағдайлары АPV инфекциясынан туындайды. .  Жыл сайын бүкіл әлемде жатыр мойны обырының 600 мың жағдайы және жатыр мойны обырынан 300 мың өлім тіркеледі. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі немесе жатыр мойны обырының 5 жаңа жағдайы күн сайын диагноз қойылады , жылына 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады. Жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдерде Қазақстандағы әйелдер арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік түрі болып табылады. Бүгінгі таңда АPV лечения жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі - вакцинация. Дене вакцинаға иммундық жүйеге АPV инфекциясымен күресуге көмектесетін антиденелер жасау арқылы жауап береді. Вакцина қатерлі ісік тудыруы мүмкін емес, құрамында вирустың жеке ақуыздары бар, олар ағзаға еніп, иммунитетті белсендіреді. Иммундық жүйенің жасушалары адам папилломавирусымен күресуге бағытталған антиденелер шығарады.  Әйелдің құнарлылығына (репродуктивті функциясына), ерте менопаузаның басталуына, АPV вакцинасын алған аналардан туған балаларда аутизмнің пайда болуына олар әсер етпейді. HPV вакцинациясына қарсы адамдар вакциналардың қауіпті, тиімсіз, бедеулікке, жыныстық азғындыққа, вакцинаның құрамында рак клеткалары бар және қатерлі ісік тудыруы мүмкін екендігі туралы теріс ақпарат таратады.негізсіз және миф болып табылады. Фактілер-бұл вакцинаны 2006 жылдан бастап әлемде қолдану, әйелдер арасында АPV таралуының төмендеуі. 2024 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 11 жастағы қыздарға вакцинация жүргізіледі, сондай-ақ 12-13 жастағы қыздарға иммундау жүргізіледі. Вакцинацияның негізгі мақсаты-Жатыр мойны обырынан қорғау. Қыздарды вакцинациялау олардың болашақ серіктестерін қорғауды, сондай-ақ табын иммунитетін қамтамасыз етеді. Вакцинация вакцинаның 2 дозасынан тұрады, қарсы көрсетілімдер болмаған кезде дәрігердің қарауынан кейін ата-аналарының немесе қамқоршыларының ақпараттандырылған келісімімен тегін негізде жүргізіледі. Ата-аналар, балаларыңызды осы аурудан қорғаңыз. Басшы     Ярушко Н.А.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/975470?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұланында кеңейтілген кеңес өтті 14.04.2025
Астанада Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтың төрағалығымен әскердің басшылық құрамының қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.Отырыста құқықтық тәртіп әскерлерінің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметтік-жауынгерлік қызметінің қорытындылары егжей-тегжейлі талданды. Кеңес барысында өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, бөліністер басшыларының баяндамалары тыңдалды. Есептердің тыңдалуы әскердің ағымдағы жай-күйін жан-жақты бағалауға және алдағы кезеңге арналған жоспарларды белгілеуге мүмкіндік берді.Мәселен, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық ұлан бақылаушыларының қарауылдары мен әскери жасақтары 400-ге жуық ұялы телефон, 220-дан астам суық қару мен пышақтау-кесу құралдарын, 750 граммға жуық есірткі заттары мен 50 литрден аса спирті бар сұйықтық тәркіледі. Әскер қарауылдары түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізудің 35 фактісіне тосқауыл болған. Сондай-ақ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне заңсыз жолмен рұқсат етілмеген зат алып кірмек болған 26 азаматты ұстаған.Бұдан бөлек, ұландықтар өрт сөндірудің және адамдарды құтқарудың 11 жағдайына тікелей атсалысқан. Әскери қызметшілер алғашқы тоқсанда 45 жоғалған зат пен 91 смартфон тауып, иелеріне қайтарды. Қызмет атқару кезінде жауынгерлер жүрек талмасы, демікпесі мен ұстамасы бар және басқа да себептерден зардап шеккен адамдарға жедел көмек көрсетті. Сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсамақ болған немесе суға батып бара жатқан азаматтардың өмірін сақтап қалды.Өз сөзінде генерал-майор Аңсаған Балтабеков елордада өтетін әскери шерудің, сондай-ақ еліміздің аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қолдауымен өтетін "Кобальт-2025" халықаралық жаттығуларының дайындығына назар аударды.— Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ішкі істер министрі алдағы басымдықты нақты белгіледі: ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан әрқашан заңдылық пен тәртіптің үлгісі болуы тиіс. Құқықтық тәртіп әскері елдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға міндетті. Бұл ретте бізге үлкен сенім артылып, жауапкершілік жүктелді. Қойылған міндеттердің көлемі жыл сайын артып келеді, сондықтан бүгінгі күні кәсіби, құзыретті кадрларды даярлау ісі қарқынды жүргізілуі қажет, — деді генерал-майор А.Балтабеков.Кеңес барысында Мемлекет басшысының ҚР ІІМ Ұлттық ұланын сандық және сапалық тұрғыда дамытуға бойынша тапсырмаларының іске асырылуына ерекше назар аударылды. Бас қолбасшы басшылық құрамға осы бағыттағы мақсаттардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясында "Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында әскери білім беруді дамыту” тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын.Конференция барысында офицерлердің құқықтық мәдениетіне, әскери кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кеңес қорытындысында генерал-майор Аңсаған Балтабеков алдағы кезеңге арналған бірқатар басым міндеттерді белгіледі. Негізгі тапсырмалардың бірі көктемгі әскерге шақыру науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыру болды. Бұл құқықтық тәртіп әскерлерін жасақтау мен олардың жауынгерлік қабілетін сақтаудың маңызды аспектісі болып табылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/975148?lang=kk
12сәуір- Ғарышкелер күні 14.04.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасында 11 сәуір күні 1 - сыныбымен Ғарышкерлер күніне арналған тәрбие сағаты өтті.Іс-шараның мақсаты: балалардың ғарышкерлік тарихына деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл күні басты кейіпкер Юрий Алексеевич Гагарин болды, ол әлем тарихындағы ғарыш кеңістігіне ұшқан алғашқы адам. Балалар ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосқан біздің қазақстандық ғарышкерлердің ғарышқа ұшуы туралы білді. Балалар ғарышкерлердің өмірінен қызықты деректерді білді, ғарыштық викторина сұрақтарына жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/975182?lang=kk
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 14.04.2025
6 шілде — Астана күніне орай Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығында азаматтарды қабылдау ЖҮРГІЗІЛМЕЙДІ.Құрметпен,Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1253185?lang=ru
Алматыда «Жеңіс тарихы» атты патриоттық челленджі басталды 14.04.2025
Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Менің Жеңіс тарихым» челленджі басталды. Онлайн-акцияға мектеп оқушылары, жастар мен алматылықтар белсенді қатысып жатыр. Олар соғысқа қатысқан туыстарының немесе әскери жылдардағы отбасылық мұрағаттағы фотосуреттерін әлеуметтік желілерге жариялап, оларды қысқаша әңгімелермен немесе естеліктермен бірге ұсынуда.Алматылықтардың әрбір отбасы дерлік өз атасы мен әжесінің естелігін қастерлеп сақтайды – бұл қара-ақ фотосуреттер, сарғайған хаттар, жеке заттар болуы мүмкін. Біздің бейбіт күніміз үшін жанын қиған батыр ата-бабаларымыздың ерліктері, Отанына адал болған жүздеген мың қазақстандықтардың жадында мәңгілікке қалады!Мысалы, Алматы тұрғыны Ирина Амирова өз аталарының оқиғасымен бөлісті.«Біздің отбасымызда соғысқа екі арғы атам қатысқан. Бірі – жаяу әскер, екіншісі – сапер болған. Олар бір-бірімен таныс болмаған, бірақ олардың жолдары Жеңіске деген сенімде түйісті. Бірі аяғынан айырылып, бірақ өмірге деген сүйіспеншілікпен оралды. Екіншісі 1943 жылы Смоленск түбінде хабар-ошарсыз кеткен. Оның есімі обелискке қашап жазылған, біз жыл сайын мамырда сол жерге гүл апарамыз. Бұл екі тағдыр – соғыстың қос қыры: қаза қайғысы мен төзім. Отбасымыз олардың естелігін сақтайды, өйткені бұл бейбіт өмір бізге қандай бағамен келгенін ешкім ұмытпауы керек. Бұл – менің Жеңіс тарихым».Тағы бір әлеуметтік желі қолданушысы Айжан Маратова атасының ағасы туралы айтып берді.«Атамның ағасы Ленинградты жанкештілікпен қорғағандардың бірі болған. Соғыс жайлы сирек айтатын, көбіне үнсіз қалатын, ішкі жан-дүниесінде көп нәрсені жасырып жүретін. Жеңіс күні ол әрқашан сабырлы болатын. Бірақ бір жылы, бүкіл отбасымызбен қаза тапқандар ескерткішіне барғанда, оның ерні дірілдеп, көзінде жас жылтырап тұрғанын көрдім. Ол жай ғана былай деді: "Шынайы жеңіс – тек қалаларды азат етуде емес, фашизмді жеңуде емес. Жеңіс – халықтың бәрін бастан өткеріп, адамшылықтан айырылмай, аман қалғанында". Бұл сөздер мәңгі есімде қалды».Әлеуметтік желілерде алматылықтар өздерінің ата-әжелерінің соғыс жылдарындағы оқиғаларымен белсенді бөлісуде. Дәл осы жерде ерлікпен Отанын қорғаған атақты атқыштар дивизиялары құрылған болатын.Соғыстың алғашқы күндерінде Алматы маңында оқ ату мен қазіргі заманғы соғыс өнеріне үйрететін оқу-жаттығу алаңдары пайда болды. 1941 жылы тек Алматыдағы атқыштар-пулеметшілер училищесі ғана армияға 2429 жас офицер дайындады.Әскерге шақырылғандар мен еріктілер қатарынан генерал-майор Иван Панфилов басқарған аты аңызға айналған 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Бұл дивизия соғыстың шешуші шайқастарында иық тірестіре ерлік көрсетті.1942 жылдың 13 тамызында Алматыдан майданға 100-атқыштар бригадасы аттанды. Ол алғашқы ұлттық құрамалардың бірі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/975126?lang=kk
Наурыз мейрамы Еуропалық Одақ астанасында кеңінен аталып өтті 14.04.2025
Брюссель, 2025 жылғы 12 сәуір — Еуропалық Одақтың астанасы Брюссель қаласында Наурыз мейрамы салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшілігі ұйымдастырды. Демеушілік көмек көрсеткендер: Eurasian Resources Group (ERG), Jan De Nul, Ahlers, Turkish Airlines, Валлондық Брабанттағы Қазақстанның құрметті консулы А. Сусарова және т.б.Мерекелік шараға қазақ диаспорасының өкілдері, қазақстандық студенттер, Бельгия мен Люксембургтің мемлекеттік, қоғамдық ұйымдары мен іскер топтарының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Іс-шарада Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Баймұхан құттықтау сөз сөйледі. Ол, Наурыздың жаңару, бейбітшілік, келісім мен бірліктің символы екендігін атап өтіп, бұл мейрам Орталық Азия халықтарының терең мәдени дәстүрлерін бейнелейтінін және елдер арасындағы мәдени диалогты нығайтуға маңызды үлес қосатынын айтты.Қонақтарға мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылды: қазақтың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар (қанат тартыс, асық ату, садақ ату), музыкалық шығармалар көрсетілді. Көрнекті суретші Г. Тұрлымұратованың көркем шығармалар көрмесі мен ұлттық киімдер көрсетілімі үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, спорттық шаралар (волейбол) және демеушілердің (Turkish Airlines) қолдауымен Қазақстанға авиабилеттің ұтыс ойыны өткізілді.Іс-шара аясында қазақтың ұлттық тағамдарының, соның ішінде молшылық пен берекенің символы — басты тағам саналатын наурыз-көженің дәмін тату ұйымдастырылды.Мереке аясында қайта жөнделіп, жаңғыртылған «Kazakhstan Born Bold» атты көпфункционалды спорт алаңының тұсау кесері өтті.Брюссельдегі Наурыз мейрамы Қазақстан мәдениетінің байлығы мен халықтар арасындағы достық байланыстарды нығайтудың, өзара түсіністік пен мәдениетаралық құрмет қағидаттарын ілгерілетудің жарқын көрінісіне айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/975097?lang=kk
Ұландық спортшы гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды 14.04.2025
Ұлттық ұлан спорт командасын даярлау орталығының аға маманы (дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушысы) Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды.Едендегі еркін жаттығулар финалында ефрейтор Карими 13,966 ұпай жинап, жоғары шеберлік көрсетті. Бұл оған үшінші орынды жеңіп, құрмет тұғырына көтерілуге мүмкіндік берді.Хорватияда өткен дода Әлем кубогы сериясындағы төртінші кезең болды және қатысушылардың рекордтық санын жинады — яғни 35 ел спортшылары бақ сынады. Қазақстан құрамасының құрамында Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов (атқа міну жаттығулары), Асан Сәлімов (тірек секіру) және Милад Карими өнер көрсетті. Милад тек едендегі еркін жаттығуларда ғана емес, сонымен қатар зілтемірде де бақ сынасты.Кезең қорытындысы бойынша Қазақстан екі қола медаль жеңіп алды. Нариман Құрбанов 14,233 ұпаймен ат спорты бойынша финалда үштікке ілінді.Ұландық Милад Каримидің жетістігі — оның жеке көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ қатарында нағыз чемпиондар қызмет ететін Ұлттық ұлан үшін де үлкен мақтаныш. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/975096?lang=kk