Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Атырауда өңірдегі үздік оқушылар мен ұстаздар марапатталды 30.06.2026
Атырауда халықаралық және республикалық олимпиадаларда, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларда топ жарған оқушыларды ұлықтауға арналған «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты салтанатты іс-шара өтті.Жиынға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, білім саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздарға мемлекеттік наградалар табыстады. Ал озат оқушылар облыс әкімінің Алғыс хатын алды.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Индер ауданының еңбек ардагері Гауһар Серікбаева мен Аққыстау орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гүлнәр Төлеуғалиева «Құрмет» орденімен марапатталды.Гауһар Серікбаева еңбек жолын 1982 жылы Есбол орта мектебінде бастап, 2005 жылдан бері «Көктем» орта мектебінде математика пәнінен сабақ берді.Ал Гүлнәр Төлеуғалиева білім беру саласында 38 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Оның шәкірттері аудандық, облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауларында бірнеше мәрте жеңімпаз атанған.«Ерен еңбегі үшін» медалі Құрманғазы ауданындағы Б.Бегалиев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Сания Қуанышәлиеваға, Қ.Кайсенов атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Зибира Ордабаеваға, Жылыой ауданындағы М.Сатыбалдиев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлнәр Сибағатоваға және еңбек ардагері Светлана Сұлтановаға табысталды.Сания Қуанышәлиева педагогикалық қызметін 1990 жылы бастаған. Зибира Ордабаева 35 жылдан астам уақытын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнап, оларға білім берумен қатар еңбекқорлық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеп келеді.Гүлнәр Сибағатова – 38 жылдық еңбек өтілі бар педагог-зерттеуші. Ал Светлана Сұлтанова еңбек жолын 1981 жылы балабақша тәрбиешісі ретінде бастап, кейін облыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берді. Әр жылдары директордың орынбасары, мектеп директоры қызметін атқарып, жоғары санатты ұстаз ретінде танылды.Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі білімнің ел болашағын айқындайтын басты құндылық екенін атап өтті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білімді, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті жас ұрпақ елдің жарқын болашағының негізі екенін жиі айтады. Өлкеміздің озат шәкірттері өз жетістігімен өңіріміздің мерейін асқақтатып, елімізді әлемге танытып жүр. Облыс әкімдігі білімді оқушыларды қолдауға қай кезде де дайын. Биыл дарынды оқушыларға арналған 200 орындық «Жас Дарын» оқу-жаттығу лагері салынып жатыр. Нысан келер жылы пайдалануға беріледі. Онда үздіктеріміз жазғы демалыста тынығып қана қоймай, жыл он екі ай бойы олимпиадалар мен шығармашылық байқауларға дайындалады. Бізді өздеріңіз секілді білім-ғылымға құштар ұрпақтың талпынысы ерекше қуантады. Асқақ армандарыңыздың орындалуына тілектеспін және еліміздің дамуына зор үлес қосатындарыңызға сенімдімін, – деді Серік Шәпкенов.Қазіргі таңда облыста 154 мыңға жуық оқушы білім алады. Олардың 5 мыңнан астамы түрлі зияткерлік сайыстарға белсенді қатысып жүр. Биыл 167 оқушы халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жеңіске жеткен.Солардың бірі – «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Әбілмансұр Құрмет. Ол Еуразия олимпиадасында информатика пәнінен команда құрамында алтын медаль иеленді.– Олимпиадаға екі ай бойы үзбей дайындалдық. Күн сайын бес сағатқа дейін онлайн кездесулер өткізіп, күрделі тапсырмаларды орындалық. Менің міндетім бағдарламалық код жазу болды. Бұл олимпиаданың тапсырмаларын Мәскеу физика-техникалық институтының мамандары әзірлейді, күрделі сайыстың бірі, – деді Әбілмансұр Құрмет.Атыраулық шәкірттер республикалық пән олимпиадаларында да жоғары нәтиже көрсетті. 7-8 сынып оқушылары жалпыкомандалық есепте бас жүлде иеленіп, 4 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Ал 9-11 сынып оқушыларының қоржынында 10 алтын, 9 күміс және 15 қола медаль бар.Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен қорытындыланып, онда дарынды балалар өнер көрсетті. Сондай-ақ Gassyr мен Сырым Исабаевтар кешке арнайы шақырылып, өз әндерін тарту етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234736?lang=ru
Оқу-ағарту министрі OpenAI компаниясымен білім беруде жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады 30.06.2026
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова OpenAI компаниясының делегациясымен орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне арналған жұмыс кездесуін өткізді.Келіссөздерге Education for Countries халықаралық бағытының жетекшісі Валери Фокке және білім беру жобалары мен жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізуге жауапты OpenAI сарапшылары қатысты.Тараптар жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде қолдану мүмкіндіктерін, педагогтер мен оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайында мұғалімдерді жұмысқа даярлау мәселелерін талқылады.Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың халықаралық тәжірибесіне, оның ішінде оқыту процесіне заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізіп отырған елдердің озық тәжірибелеріне ерекше назар аударылды.Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын арттыруға және білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған озық шешімдерді зерделеуге әрі енгізуге мүдделі екенін атап өтті.Кездесу Оқу-ағарту министрлігінің заманауи білім беру технологияларын дамыту және білім беру жүйесін цифрлық дәуір сын-қатерлеріне даярлау жөніндегі жұмысы аясында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1234766?lang=ru
660-тан аса ұландық сарбазға грант сертификаттары табысталды 30.06.2026
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының елордалық құрамасында "Сарбаз 2.0" республикалық бағдарламасы аясында сарбаздарға білім гранттарының сертификаттарын табыстау салтанаты өтті. Ауқымды білім беру жұмыстары мемлекеттің бастамасы бойынша іске асырылуда. Бұл жоба азаматтық борышын адал атқарған жастарды қолдауға, әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған.Биыл ұландықтарға 660-тан астам білім гранттары берілді, оның ішінде елордалық ұландықтарға бұйырған 14 сертификат салтанатты жағдайда табысталды. Бұл — еліміздегі барлық күш құрылымдар арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Бағдарламаға қатысуға Ұлттық ұланның мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерінің 60 пайызы ниет білдірген, бұл жастарды білім алуға және кәсіби дамуға ынталандырудың жоғары деңгейін көрсетеді.Сертификаттарды үздік сарбаздарға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков табыстады. Ол аталмыш жобаның грант иелерінің болашағы үшін нақты перспективалар ашатынын атап өтті:- Бүгін сертификат алған әрбір әскери қызметші бұл нәтижеге өз еңбегімен және білімге деген ұмтылысымен қол жеткізді. Болашақта дәл осындай жастар білікті мамандарға, сұранысқа ие кадрларға және мемлекетіміздің сенімді тірегіне айналары сөзсіз, - деді Аңсаған Скендерұлы.Отан алдындағы парызын өткерген азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелеріне мемлекет тарапынан ерекше назар аударылады. Қарулы Күштер, басқа да әскери құрылымдар мен жоғары оқу орындары арасындағы өзара ықпалдастықтың арқасында бағдарлама жеңімпаздары тегін негізде оқуға, стипендия алуға мүмкіндік алады және жатақханалармен қамтамасыз етіледі.Биыл төрт мыңға жуық мерзімді әскери қызмет сарбаздары осы бағдарламаға қатысуға өтініш берген. Үздіктердің үздіктері — жауынгерлік дайындық, тәртіп және арнайы тапсырмаларды орындауда ерекшеленген сарбаздар жеңімпаз атанды. Гранттардың бөлінуін қатысушылардың қорытынды рейтингі анықтады.Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанның 70-тен астам жоғары оқу орны конкурс жеңімпаздарын оқуға қабылдау туралы меморандумға қол қойған.Білім беру гранттарын табыстау құқықтық тәртіп әскері қатарындағы қызметтің беделін арттыратын және жас Отан қорғаушылардың жеке және кәсіби тұрғыда өсуіне нақты мүмкіндіктер беретін маңызды шешім. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1237588?lang=ru
Мысырда киноиндустрия саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды 30.06.2026
Каир, 2026 жылғы 2 маусым — Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жеңіс араб әлемінің аңызға айналған өнер майталманы және Мысыр киносының символы, жыл сайын өтетін өңірдегі басты кинофестивалдердің бірі болып табылатын «Каир Халықаралық кинофестивалінің» президенті Хуссейн Фахмимен кездесті.Кездесудің басты тақырыбы бүкіл араб әлемінің кино индустриясының орталығы саналатын Мысырдың аталған саласымен қазақстандық кино саласы арасындағы байланысты нығайтуды талқылау болды.А.Жеңіс өз кезегінде, отандық кино индустрияның соңғы жылдардағы серпінді дамуы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Атап айтқанда, отандық кино саласының халықаралық аренада мойындалып, әлемдік деңгейдегі туындылармен бәсекелесе алатын деңгейге жеткенін, сондай-ақ Қазақстанның бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асыруға техникалық та, шығармашылық та тұрғыдан толық дайын екенін жеткізді.Оған қоса, ол еліміздің табиғаты кез келген тарихи және заманауи фильмдерді түсіруге таптырмас ерекше мекен екеніне назар аударып, мысырлық  тарапты еліміздің осы бірегей ландшафтық байлығын жаңа шығармашылық бағыт ретінде ашуға және бірлескен жобалар аясында Қазақстанды кино түсірудің жаңа алаңы ретінде қарастыруға шақырды.Х.Фахми Қазақстанды кино саласындағы жаңа серіктес ретінде қарастыруға зор ықылас білдіре отырып, ү.ж. 11-20 қараша аралығында 47-ші рет ұйымдастырылатын беделді Каир халықаралық кинофестиваліне қазақстандық кино компанияларын қатысуға және оның төраға алқасына еліміздің киноиндустрия саласының беделді өкілдерінің бірін мүше болуға шақырды.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екі мемлекеттің кино саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру мақсатында тұрақты байланыс орнату туралы келісімге келді және жоспарланған мәдени жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен жұмыстарды белсенді түрде жалғастыруға уағдаласты.Анықтама: Мысырдың кино саласы - жергілікті мәдениет пен экономиканың  басты бағыттарының бірі болып табылады. Ең алғаш рет Александрияда жүйелі киноөндіріс 1927 жылы басталған, ал 1935 жылы Каирде негізі қаланған әйгілі «Studio Misr» павильоны Таяу Шығыстағы кино өндірісінің қара шаңырағына айналған. Өткен ғасырдың басында-ақ өркендей бастаған Мысыр кинематографиясы өз заманында «Шығыс Голливуды» деген ерекше мәртебеге ие болған. Мысырдың кино саласындағы бай тәжірибесі бүгінде Франция, АҚШ және т.б. сияқты елдермен қатар әлемдік деңгейде өзіндік орынға ие және өнер ұжымдары үшін классикалық мектеп және сарқылмас қазына болып табылады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1234769?lang=ru
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! 30.06.2026
  Құрметті ауыл тұрғындары!Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз еліміздің тұғыры, халқымыздың бірлігі мен егемендігінің айқын белгісі. Ту, Елтаңба және Әнұран – әрбір қазақстандықтың мақтанышы, Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің нышаны.Бұл мереке жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, ел тарихы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыра түседі. Мемлекеттік рәміздеріміз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің мерейі үстем, мәртебесі асқақ болсын!Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік және еліміздің гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін.Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк байрағы мәңгі желбіреп, Елтаңбамыздың абыройы асқақтап, Әнұранымыз әлем төрінде шырқала берсін!Құрметпен,Баянды ауылының әкіміҚадырбек ҚұдабайұлыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1234814?lang=ru
Атырау облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды 30.06.2026
Атырау облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиынға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Жұмабай төрағалық етті.Кеңеске облыстық басқармалардың, қала және аудан әкімдіктерінің заңгерлері қатысты. Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Августина Мұратова мен облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова болды.Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі мен әдістемелік ұсынымдар түсіндірілді. Қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты аясындағы жоспардың орындалуы, сондай-ақ мәліметтерді «Битрикс» ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізу тәртібі таныстырылды.Кеңес қорытындысында жауапты мемлекеттік органдарға талдау жұмыстарын сапалы жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде формализмге жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1234893?lang=ru
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» 30.06.2026
      Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті4 маусым күні Курчатов қаласындағы Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан Ақ балкон алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ұлттық рух нысанасы» атты салтанатты іс-шара өтті.Іс-шараға қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сондай-ақ Курчатов қаласындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.Жиналған қауымды мерекемен Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Берік Жолдахмет құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлік пен ел бірлігінің, отансүйгіштік рухтың маңызды негізі екенін атап өтті.Салтанатты бөлім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.Мерекелік шараны қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған жарқын концерттік бағдарламалар толықтырды. Патриоттық әндер көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.Аталған іс-шара қала тұрғындары арасында патриоттық рухты нығайтуға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1234904?lang=ru
KazAID және ЭЫДҰ семинар өткізді 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 3-4 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлесіп, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері үшін «Стратегиялық жоспарлау, жобаларды әзірлеу, серіктестік, мониторинг және бағалау (M&E) және нәтижелер» тақырыбында екі күндік семинар өткізді.Бұл іс-шара Қазақстанда ресми дамуға көмек жүйесін дамыту жөніндегі ЭЫДҰ мен KazAID-тің Жол картасын іске асыру шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаттары дамуға ресми көмек (ДРК) бағдарламаларының тиімділігін стратегиялық жоспарлау, қаржыландыру, серіктестіктер құру және бағалау мақсатында мемлекеттік органдардың әлеуетін нығайтуға бағытталған.Құттықтау сөз сөйлеген KazAID басқарма төрағасының м.а. Ж. Асанов заманауи мониторинг және бағалау құралдарын енгізу, сондай-ақ ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес ДРК саласындағы ашық әрі шынайы есептілік — халықаралық серіктестер тарапынан сенімнің кепілі және ЭЫДҰ Дамуға көмек комитетімен (ДКК) өзара іс-қимылды тереңдету жолындағы маңызды кезең екенін атап өтті.Семинар барысында жаһандық өзара іс-қимыл тобының жетекшісі Р. Шварц бастаған ЭЫДҰ сарапшылары, сондай-ақ дәстүрлі донор елдердің өкілдері ұйым критерийлерін ұлттық ДРК жүйесі саласындағы жоспарлау және қаржыландыру процестеріне одан әрі интеграциялау үшін озық тәжірибелерді таныстырды. Екіжақты және үшжақты ынтымақтастық тетіктеріне, озық тәжірибе мен білім алмасуға, жеке секторды ДРК жобаларына тартуға, сондай-ақ нәтижеге бағытталған басқаруды енгізуге ерекше назар аударылды.Анықтамалық ақпарат: ҚР-дың РДК саласындағы жаһандық диалог пен үйлестіруге қатысуының маңыздылығын ескере отырып, ЭЫДҰ Дамуға көмек комитетімен (ДКК) ынтымақтастықты тереңдету мәселесі ұлттық ДРК жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан 2014 жылдан бастап ЭЫДҰ-ға көрсетілген ресми дамуға көмек туралы агрегацияланған есептерді ұсынып келеді. 2015 жылы Қазақстанға ЭЫДҰ ДКК-де ресми «Шақырылған қонақ» мәртебесі берілді. БАҚ үшін байланыстар:Айгерим Копишеваa.kopisheva@kazaid.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1234909?lang=ru
Қазақстан ДЗМҰ-да зияткерлік меншікті қорғаудың жаңа қадамдарын таныстырды 30.06.2026
Женева, 2026 жылғы 2-4 маусым –Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) штаб-пәтерінде Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі Консультативтік комитеттің 18-сессиясы өтуде. Іс-шараға мүше мемлекеттердің өкілдері, халықаралық ұйымдар, сот қауымдастығы және зияткерлік меншік саласындағы сарапшылар қатысуда.Сессия жұмысына ҚР Конституциялық Сотының судьясы Е. Оңғарбаев пен Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қ. Төребаев бастаған Қазақстан делегациясы қатысуда.Комитеттің пленарлық отырысында сөз сөйлеген ҚР Конституциялық Сотының судьясы Е. Оңғарбаев цифрландыру үдерістерінің қарқынды дамуы жағдайында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері мемлекеттердің орнықты дамуы мен инновациялық экономиканы қалыптастыру үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Ол Қазақстанның халықаралық стандарттар мен озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін дәйекті түрде жетілдіріп келе жатқанын айтты.Баяндаманың негізгі бөлігінде Қазақстанда жүргізілген конституциялық және заңнамалық реформаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, алғаш рет конституциялық деңгейде зияткерлік меншік заңмен қорғалатыны туралы норма бекітілді. Е. Оңғарбаевтың айтуынша, бұл қадам авторлардың, өнертапқыштардың және құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі нығайтуға берік құқықтық негіз қалыптастырады.Сессия қатысушыларына тауар белгілерін жедел тіркеу рәсімі, авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуын мемлекеттік бақылауды күшейту, сондай-ақ құқықтарды басқару мен құқық иеленушілерге сыйақы төлеу үдерістерінің ашықтығын арттыруға бағытталған цифрлық құралдарды енгізу секілді зияткерлік меншік саласындағы соңғы заңнамалық жаңашылдықтар таныстырылды.Қазақстан тарапы құқық қолдану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың, мемлекеттер арасындағы тәжірибе алмасудың және зияткерлік еңбек нәтижелеріне құрмет мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сессия аясында қазақстандық өкілдер цифрлық дәуірдегі зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында шетелдік әріптестермен және сарапшылармен кездесулер өткізуде.Қазақстанның Консультативтік комитеттің 18-сессиясына қатысуы елдің инновациялық даму, инвестициялық тартымдылық және экономикалық өсудің негізгі факторларының бірі болып табылатын зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін одан әрі нығайтуға бейілділігін растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1234914?lang=ru
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы 30.06.2026
Құрметті қостанайлықтар!Ардақты жерлестер!Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздіктің тұғыры, ұлттық рухымыздың символы. Қазақта «Туы бірдің – түбі бір, жолы бірдің – жүгі бір» деген сөз бар. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері көк байрақтың астында тұтасып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бізді көк паспортымыз, реформалардың жасампаз қуатына деген ортақ мақсат пен мызғымас сенім біріктіреді.Осы бағыттағы маңызды тарихи қадамдардың бірі – 15 наурыздағы жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституция.  Ата Заң – мемлекет тұрақтылығының кепілі, ел бірлігінің берік негізі. Конституцияда айқындалған басты құндылықтар – адам құқығы, заң мен тәртіп, әлеуметтік әділдік және жауапты азаматтық қағидаттары бүгінде мемлекеттік саясаттың өзегіне айналды.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Біздің мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру. Конституция арқылы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етіп, береке-бірлігімізді сақтап, нығайта берсек, кез келген биікті бағындырамыз, – деп атап өтті. Қостанай облысында да ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз, бұны даму қарқынынан анық байқауға болады.Мемлекет басшысы ел экономикасының жыл сайынғы өсімін кемінде 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндетті белгіледі. Соңғы екі жыл бойы біз бұл тапсырманы дәйекті түрде орындап, тұрақты оң динамика көрсетіп келеміз.Мәселен, 2024 жылы экономика өсімі белгіленген 6 пайыздық көрсеткіштен асып, 8,3 пайызды құрады. Ал 2025 жылы жоспарланған 6,5 пайыздық көрсеткіш кезінде өсім 8,2 пайыз деңгейіне жетті. Биылғы міндет – экономикалық өсімді 6 пайыздан төмен түсірмей, оң динамиканы сақтау.Қазіргі уақытта Қостанай облысы Қазақстанның машина жасау орталығы болып табылады. Біз еліміздің машина жасау саласы өндірісінің жалпы көлемінің 25 пайызын өндіреміз. Алдағы уақытта бұл үлес одан әрі арта түседі.Жаңа өндірістер құрылуда. Егер 2022 жылы өңірде 4 ірі машина жасау зауыты жұмыс істеген болса, олар: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС және «Қостанай трактор зауыты» ЖШС.Соңғы үш жылда тағы бес заманауи өндіріс пайда болды. Олар: Kia автомобиль зауыты, жүк техникасына арналған жетекші көпірлер өндіретін зауыт, жүк автомобильдеріне арналған блоктар мен блок бастиектерін өндіретін зауыт, теміржол көлігіне арналған серіппелер шығаратын зауыт және жеңіл автомобильдерге арналған автокомпоненттер өндіретін зауыт іске қосылуға дайындалуда.3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.Агроөнеркәсіптік кешенде 7 ірі сүт-тауар фермасы салынды, биыл тағы 5 ферманы ашу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, «S-Agro Borovskoe» ЖШС-нің құрғақ бие сүтін өндіретін зауыты, «Аруана-2010» ЖШС-нің заманауи диірмен кешені, «KAIZEN» ЖШС-нің дәнді-бұршақты дақылдарды өңдеу фабрикасы, сондай-ақ «МИЛХ» ЖШС компаниясының қуаттылығы 10 мың тонна болатын ірімшік өндіру зауыты іске қосылды.«Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысын аяқтап жатырмыз. Осы жобаның арқасында облыс еліміздегі кондитерлік өнімдердің ірі өндірушісіне айналады.Көлік логистикасын дамыту мақсатында облыс орталығында халықаралық «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы жүргізілуде.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық маңызы бар «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталып кетті.  Сондай-ақ, биыл Арқалық қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі жол толық жөнделеді.Облыстың оңтүстік өңірлерін дамыту мақсатында Арқалық қаласында әуежайдың құрылысы аяқталуға жақын. Нысан алдағы бір жарым ай ішінде пайдалануға беріледі. Осылайша, Арқалықтан тікелей Қостанайға, Астанаға және Алматыға ұшақтар ұшады.Әлеуметтік сала өңір дамуының басым бағыты болып қала береді, ауылдық аумақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.Соңғы үш жылда 305 ауылдық елді мекенде 1072 көше жөнделді, 185 ауылға кіреберіс жолдар қалпына келтірілді және 76 шақырым тротуар төселді. 98 ауылдағы 293 көше учаскесіне алғаш рет асфальт жабыны салынды.Тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. 2025 жылы облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 5,4 мыңнан астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Соңғы жылдары өңірімізде жаңа мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау және спорт нысандары ашылып, ауылдық жерлерде инфрақұрылым жаңартылып жатыр.Тек 2023 жылдан бері облыста 100-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында 6,8 мың оқушы орнына арналған 10 мектеп және 2,3 мыңнан астам балаға арналған 15 балабақша бар.Қостанай қаласындағы Нариманов базары ауданында, сондай-ақ Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында әрқайсысы 1200 оқушы орнына арналған екі мектеп салынады. Әрқайсысының болжамды құны – 8,4 миллиард теңге.Соңғы үш жылда фельдшерлік-акушерлік пункттерді, дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пункттерді қоса алғанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы 39 нысан салынды. Таяу күндері Қостанай ауданында үлкен емхана ашылады.Бұдан бөлек, 8 мәдениет нысаны және 39 спорт нысаны салынды. Олардың қатарында 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 11 хоккей корты, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жабық иппотерапия манежі және Арқалық қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған интернат бар.Қазіргі уақытта Үстел теннисі орталығы, жаңа аквапарк, Қостанай қаласының жағалауындағы көпфункционалды стадион салынып жатыр. Сондай-ақ «Астана» шағын ауданында 3 мың орындық жаңа Спорт сарайының құрылысы басталады. Арқалық қаласында «Самұрық-Қазына» қоры заманауи көпфункционалды спорт кешенінің жобасын жүзеге асыруда.«Қазақстан халқына» қоры Қостанай қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қаржыландырады деген келісімге қол жеткізілді. Бұл мәселе ұзақ жылдар бойы шешімін таппаған болатын.Өз кезегінде, еліміздің Мемлекеттік Туын мен Әнұранын халықаралық ареналарда абыроймен асқақтатып жүрген спортшыларымыз – барша қостанайлықтардың мақтанышы.Биыл да өңір спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бокстан Азия чемпионы - Надежда Рябец, XXV жазғы Сурдолимпиада ойындарында теннистен командалық сайыста қола жүлдеге ие болған Бижан Төлебаев, Қанат Конкубаев, Данияр Искендиров пен Абылай Бүркітбай – қайсарлық пен табандылықтың айқын үлгісі.Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанған Фархат Мутунов, грек-рим күресінен U-23 әлем чемпионатының күміс жүлдегері Иусуф Мациев – өңір мақтаныштары.Қостанай өңірі – елге қызмет еткен ұлы тұлғалардың қасиетті мекені. Бұл – Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Бейімбет Майлин сынды Алаш руханиятының алыптарын дүниеге әкелген киелі топырақ.Олардың ағартушылық идеялары, ұлтқа адал қызмет ету жолындағы өнегелі өмірі бүгінгі ұрпаққа рухани бағдар болып келеді.Бүгінде сол даңқты жолды жалғастырып жүрген дарынды жастарымыз аз емес. Білім саласында халықаралық және республикалық олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларымыз өңір мерейін асқақтатып, көк байрағымызды желбіретіп жүр.Физика пәнінен Азия олимпиадасының қола жүлдегері Әбдіқадір Таир, химиядан халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері Наргиз Абжанова, тіл білімі бойынша Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының жеңімпазы Әлібек Қадралинов – Тәуелсіз Қазақстан жастарының жарқын келбеті.Мәдениет саласында да қостанайлық өнерпаздар ұлттық өнерді дәріптеп, халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетіп келеді. «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиев пен «Алтын шаңырақ» республикалық айтысының Гран-при иегері Ирина Новицкая – ұлттық өнердің абыройын асқақтатқан дарындар.Қадірлі қауым!Бүгін біздің ортамызда даңқты қолбасшы, «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлының көзін көрген ел анасы, белгілі этнограф-жазушы Зейнеп Ахметова апамыздың отырғаны – біз үшін үлкен мәртебе.Бауыржан Момышұлы – ерлік пен елдіктің, тәртіп пен отансүйгіштіктің символына айналған тарихи тұлға. Оның өнегелі өмірі мен рухани мұрасы – жас ұрпақ тәрбиесіндегі мол қазына.Ал Зейнеп апамыз ұлттық тәрбие мен рухани байлықты дәріптеп, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осындай ардақты тұлғаның бүгінгі форумға қатысуы – баршамыз үшін тарихи сәт.Сонымен қатар, бүгін арамызда Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левиттің анасы — Татьяна Борисовна да отыр. Еліміздің мақтанышына айналған осындай лайықты ұл-қыздарды тәрбиелеп, өсірген барлық ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.Қадірлі ағайын!Көк Туымыз әрдайым бейбіт аспан астында желбірей берсін! Елтаңбамыз ел бірлігінің символы болып қала берсін! Әнұранымыз әр азаматтың жүрегінен орын алсын!Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тұрақтылық пен өркендеу тілеймін!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1234927?lang=ru
Форум алаңында ҒЗТКЖ (НИОКР) мен эндаумент қорларын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді 30.06.2026
 🔹 2026 жылғы 3 маусымда Тараз . М. Х. Дулати атындағы университет алаңында "ғылым-бизнес мүмкіндіктері" индустриялық-инновациялық форумы өтті. Форумға облыстың бизнес субъектілері, жоғары оқу орындарының өкілдері, ұлттық кәсіпкерлер палатасы және мемлекеттік органдар қатысты. 🔹 Форумның мақсаты-бизнесті ғылымға, университеттерге инвестиция салуға ынталандыру-кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеу, бизнеске мемлекет көздеген қолдаудың арнайы салық тетіктерін түсіндіру.Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) және эндаумент қорлары бойынша салық салынатын кірісті азайту және шегерімдер бойынша түсіндірмелер берілді.🔹 ҒЗТКЖ және эндаумент-қорлар саласындағы салықтық преференциялар-бұл жай ғана жеңілдіктер емес. Бұл мемлекет, ғылым және бизнес арасындағы серіктестікті қалыптастыру тиімді құралы.@mkdzhambyl #САЛЫКТАР #НИОКР #кеден #таможняЖамбыл облысы бойынша МКДТүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1234932?lang=ru
Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін 30.06.2026
Кишинев, 2026 жылғы 3 маусым – Молдова астанасында Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесі кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Людмила Катлабуга (екіжақты үкіметаралық комиссияның тең төрағасы), бейінді министрліктер мен ведомстволардың, жетекші іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, Парламент депутаттары, сондай-ақ қазақстандық және молдовалық компаниялардың басшылары қатысты.ҚР Молдова Республикасындағы Елшісі А.Айдарбеков өзінің сөзінде бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, кеңсенің ашылуы экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды кеңейту үшін қосымша институционалдық алаң болатынын жеткізді. Сонымен бірге, Елші Кеңес жүйелі ынтымақтастықты орнатуға және іскерлік бастамаларды қолдаудың тиімді тетіктерін жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.МР Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Л.Катлабуга қатысушыларды құттықтап, жаңа платформаның аграрлық сектор үшін стратегиялық маңыздылығына назар аударды. Ол Қазақстанды Молдова үшін перспективалы әрі ауқымды нарық деп атап, өзара тауар жеткізуді арттыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы озық технологиялармен алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін зор әлеует бар екенін атап өтті. Министр бұл Кеңестің екі елдің бизнесі үшін сенімді көпір болатынына сенім білдірді.Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесінің төрағасы Тұңғат Әбілқасымов жаңа құрылымның практикалық міндеттерін айқындады. Ол кеңсенің басты мақсаты – ынтымақтастық әлеуетін нақты келісімшарттар жазықтығына көшіру екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Кеңестің кедергілерді азайту және бірлескен кәсіпорындарды іске қосуды жеделдету үшін барынша ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.Ашылу рәсімі аясында қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуеті егжей-тегжейлі таныстырылды. Іскерлік топтардың өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады, ал іс-шара бірқатар екіжақты меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1234950?lang=ru
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы туристік байланыс жаңа деңгейге көтерілмек 30.06.2026
Рияд, 2026 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның туристік әлеуеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға екі мемлекеттің ресми органдарының, жетекші туристік қауымдастықтарының, іскерлік орталары мен БАҚ өкілдері қатысып, өзара ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады.Сауд тарапынан Сауд Туризм басқармасының басшылығы, сондай-ақ Корольдіктің «Al Matar», «Almosafer», «Oriental Sky», «Alahram» және «Jayak travel» сынды жетекші туроператорлары мен «Al Hokair Holding Group» және «Al Taleb Group» секілді ірі инвесторлық компанияларының басшылары бас қосты. Қазақстандық тараптан «Kite travel», «Imax Group Kazakhstan» және «Elite life» сияқты отандық туристік нарықтың танымал компаниялары өздерінің бірегей өнімдерін таныстырды.Кездесудің ашылуында екі ел арасындағы туризм секторының зор әлеуеті мен өзара туристік ағынның оң динамикасы ерекше аталды. Саудтық саяхатшылар үшін Қазақстанның қауіпсіз, қолайлы әрі бірегей эко-туристік бағыт екендігіне айрықша екпін аударылды.Дөңгелек үстел аясында екі елдің туркомпаниялары арасында B2B кездесулері мен келіссөздері ұйымдастырылды. Бұл іскерлік алаңда қатысушылар өзекті ақпараттармен, сонымен қатар жаңа туристік маршруттармен әрі іскерлік байланыстармен алмасты.Іс-шара қорытындысы бойынша ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берген саудтық серіктестер алдағы жазғы маусымда Қазақстанға деген туристік қызығушылықтың жоғары екенін растап, жаңа бірлескен турпакеттерді іске асыруға ниет білдірді, бұл өз кезегінде екі ел арасындағы туристік және инвестициялық ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге серпін берді.Ресми мәліметтерге сәйкес, Сауд Арабиясынан Қазақстанға келушілер саны жыл санап артып келеді: 2024 жылы бұл көрсеткіш 9 060 адамды құраса, 2025 жылы 11 666 адамға жеткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1234985?lang=ru
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады 30.06.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызын атап өтіп, ұйым аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатуға бейіл екенін жеткізді.– Біз Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушылардың бірі ретінде аталған институттың жаһандық қауіпсіздік пен диалогты нығайтуға тиімді ықпал ететініне сенімдіміз, – деді Мемлекет басшысы.Кездесуде Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосуды көздейтін Қазақстан бастамалары талқыланды. Бұл әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру және денсаулық сақтау жобаларын жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қолдау бағыттарын қамтиды.Арье Лайтстоун Қазақстан Президенті мен халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік және бақ-береке тіледі. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Дональд Трамптың ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді.Бейбітшілік кеңесінің өкілі Қазақстанның осы және басқа да халықаралық ұйымдар жұмысына белсене қатысатынын, соның ішінде Ибраһим келісімдеріне қосылу жөнінде шешім қабылдағанын жоғары бағалады.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Арье Лайтстоун көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, TRIPP және Орта дәліз аясындағы ықпалдастық перспективасын талқылады. Қазақстанның өңіраралық өзара байланысты нығайтуға және халықаралық көлік бағдарын әртараптандыруға қызығушылық танытатыны атап өтілді.Кездесу соңында Президент пен Ұйым өкілі екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1234987?lang=ru
Newsletter Kazakhstan - 04.06.2026 30.06.2026
Newsletter Kazakhstan - 04.06.2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1234988?lang=ru
Елші Лаос Халық Демократиялық Республикасы Бас Прокурорының орынбасарымен кездесті 30.06.2026
2026 жылғы 28 мамырда Вьентьянға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы қоса атқарушы Елшісі Қанат Тумыш Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы Бас прокурорының орынбасары Кхампхет Сомволачитхпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Лаос арасындағы құқықтық және құқық қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар екі елдің тиісті мекемелері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің оң әлеуетін атап өтті және өзара қызығушылық тудыратын салалардағы практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдары туралы пікір алмасты.Қазақстан мен Лаос прокуратура органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Тараптар құқықтық және прокурорлық функцияларды тиімді жүзеге асыруды қолдауға бағытталған кәсіби тәжірибемен, озық тәжірибелермен алмасу және неғұрлым тығыз институционалдық байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Қанат Тұмыш Қазақстанның Лаоспен құқықтық саладағы ынтымақтастықты қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады, бұл екі ел арасындағы екіжақты байланыстар мен өзара түсіністіктің кең дамуына ықпал етеді.Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті, бұл Қазақстан мен Лаостың ынтымақтастықты кеңейтуге және олардың тиісті мекемелері арасындағы неғұрлым тығыз өзара іс-қимылға жәрдемдесуге ортақ мүдделілігін көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1235003?lang=ru
Сәкен Сейфуллиннің музейі Жетісу жерінде 30.06.2026
Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы, ақын, жазушы, ағартушы және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Сәкен Сейфуллин: тағдыр мен тағылым» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.Көрменің ашылуында Астана қаласының Бірлескен музейлер дирекциясы басшысының орынбасары Нұрсерік Жолбарыс сөз сөйлеп, жобаның мақсатына тоқталды. Ал Сәкен Сейфуллин музейінің жетекші ғылыми қызметкері Гүлназия Ибраева ақынның тұлғалық келбеті туралы баяндама жасады. Қазақстанның құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым Сейфуллиннің тағдыры мен мұрасы жөнінде ой бөлісті.Шара барысында Сәкен Сейфуллиннің әндеріне кезек берілді. Дәстүрлі әнші Төлеутай Серіков «Біздің жақта» әнін шырқаса, әнші Есхат Нұрәли сирек орындалатын «Тотықұс» әнін орындады.Келген қонақтар ақынның жеке пайдаланған заттарымен, көзі тірісінде жарық көрген кітаптарымен, жары Гүлбаһрам Сейфуллина сақтаған тұрмыстық бұйымдармен, қолжазбаларымен, қойын дәптерімен, «Ундервуд» баспа машинкасымен, сирек фотосуреттері мен тарихи құжаттарымен танысты. Көрме ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1235030?lang=ru
Аманкелді, Жетікөл және Айдарлы ауылдарының тұрғындары ұсыныс-пікірлерін жеткізді 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Сұлтанбек Тәуіпбаев Сырдария ауданының Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдарына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен және аудан активімен кездесті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары мен алдағы міндеттер талқыланды.Жақында ауданда ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеретін ауқымды инвестициялық жоба – жүгері дақылын терең өңдеу зауытының алғашқы кезеңі іске қосылды. Алда бұдан да басқа жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, салық базасын ұлғайту міндеті тұр. Аймақ басшысы шаруашылық каналдарын бетондау жобасын жедел әзірлеуді, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайтуды тапсырды. Құрылыс сапасын бақылаудағы кейбір мәселелерге тоқталып, болашақта салынатын нысандарды бастан-аяқ қатаң бақылауды жауапты мамандарға жүктеді. Бүгінде Сырдария ауданын газдандыру деңгейі 67 пайыз, Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарына табиғи газ жеткізуге қаржы бөлінді. Бұл жұмыс мерзімінде әрі сапалы атқарылуы тиіс. Бесарық ауылын газдандыру жобасы дайын. Ендігікезекте демеушілерді тарта отырып, қалған ауылдардың жобасы әзірленуі керек. Кездесуде электр желілеріндегі апаттың алдын алу, жедел шара қабылдау, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыруға қатысты тапсырмалар берілді. Сырдария ауданындағы 2024 жылы пайдалануға берілген полигонда қалдықты қабылдау, сұрыптау және залалсыздандыру процестері талапқа сәйкес болуы тиіс. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп назардан тыс қалмауы қажет.Биылғы төрт айда аудан экономикасында оң өсім қалыптасты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 38 млрд теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 4,6 млрд теңге, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 2,2 млрд теңгеге жетіп, өсім көрсетті. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 21,3 млрд теңге, жыл басынан бері 6 732 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласы да тұрақты дамып келеді, ауданда 2 368 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 98,3 пайызы белсенді жұмыс істейді.Кездесуде ақсақалдар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Облыс әкімі барлық ұсыныс назарға алынатынын және көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235037?lang=ru
Бастапқы даярлық кезеңін сәтті аяқтаған жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін кешенді тренинг өткізілді. Бағдарламаның ұйымдастырушылары мен жүргізушілері психологтар болды. 30.06.2026
Кездесулердің басты мақсаты – мамандардың жаңа жұмыс ортасына бейімделуі үшін қолайлы жағдай жасау. Тренинг барысында қатысушылар: * Бір-бірімен жақынырақ танысып, тиімді командалық өзара іс-қимылдың негізін қалады.* Өздерінің кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен жан-жақты танысты.* Әлеуметтік бейімделу және ұжымдық бірлікті қалыптастыру кезеңдерінен өтті.* Қызметті табысты атқару үшін қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді анықтады. «Жаңа ортадағы алғашқы күндер – ең жауапты кезеңдердің бірі. Біздің психолог ретіндегі міндетіміз – әріптестерімізге жаңа ортаға жұмсақ бейімделуге көмектесу, ұжым қолдауын сезіндіру және олардың ішкі әлеуетін алғашқы күннен бастап ашуға ықпал ету», – деп атап өтті тренинг жүргізушілері. Әріптестерімізді ұжым құрамына ресми қосылуымен құттықтаймыз және жоғары кәсіби жетістіктер тілейміз!   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1235038?lang=ru
Бөрлі аудандық орталық кітапханада Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ту түбінде – бірлік, Елтаңбада – тарих, Әнұранда – намыс» атты мазмұнды әрі тартымды логикалық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың ел рәміздері туралы білімдерін тереңдету, отансүйгіштік сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу болды. 30.06.2026
Сайыс барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына қатысты түрлі танымдық және логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен зеректіктерін көрсетті. Қызықты кезеңдерге толы болған бұл сайыс қатысушылардың белсенділігімен, тапқырлығымен және ұйымшылдығымен ерекшеленді. Сонымен қатар «Ел рәміздері – елдігіміздің айғағы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге рәміздер тарихы, олардың авторлары, маңызы мен қалыптасу жолы туралы құнды әдебиеттер қойылды. Көрме келушілерге рухани тағылым беріп, тарихи танымын кеңейтуге мүмкіндік жасады. Аталған іс-шараға Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Отбасын қолдау орталығы, Бөрлі ауданы демалыс орталығына қарасты «Достық үйі», сондай-ақ Пробация есебінде тұрған сотталған азамат азаматшалар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, белсенділік танытты. Мұндай іс-шаралар ел рәміздерінің қадір-қасиетін ұғындырумен қатар, қоғамда патриоттық рухты нығайтып, ел бірлігін дәріптеуге зор үлес қосады.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1235048?lang=ru