Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

«Көрерменнің сұрауымен»: ұландықтар Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай шеру мен концерт өткізді 30.06.2026
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілі-көрсетімді оркестрінің қатысуымен салтанатты шеру мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.Іс-шара Ұлттық ұланның бастамасымен Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен өтіп, Есіл өзенінің жағалауында мерекелік күннің басты оқиғаларының біріне айналды.Әскери музыканттар жағалау бойымен салтанатты шерумен жүріп өтіп, патриоттық шығармалар мен қазақстандық эстраданың танымал туындыларын орындады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын алып жүрген Құрмет қарауылы ротасының әскери қызметшілері шеруге айрықша салтанат пен көркемдік реңк берді.Мерекелік бағдарлама Guard Next музыкалық жобасы аясындағы ашық аспан астындағы концертпен жалғасты. Елорда тұрғындары мен қонақтарына Отанға деген сүйіспеншілікті, халық бірлігі мен мемлекеттік құндылықтарға деген құрметті дәріптейтін әскери-патриоттық туындылар ұсынылды.Концерттік бағдарлама қала тұрғындарының ерекше қызығушылығын тудырды. Жұртшылық оркестрдің өнерін тамашалау үшін аялдап, көпшілікке таныс әндерді бірге шырқап, әсерлі сәттерді бейнежазбаға түсірді.Көрерменнің ерекше ықыласына бөленген Құрмет қарауылы ротасының жауынгерлері саптық даярлықтың жоғары деңгейін және салтанатты рәсімдердің үздік элементтерін көрсетті.- Мемлекеттік рәміздер күні ұлттық мерекелер күнтізбесінде ерекше орын алады. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран - тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және мемлекеттілігіміздің басты нышандары. Осындай іс-шаралар патриоттық рухты нығайтуға, ұлттық құндылықтарға құрметті арттыруға және жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге ықпал етеді, - деді Үлгілі-көрсетімді оркестрінің бастығы майор Төрехан Жаудинов.Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен қала тұрғындарының бірге орындауымен түйінделіп, мерекеге ерекше рух пен бірлік сезімін сыйлады.Айта кету керек, Ұлттық ұлан мемлекеттік құндылықтарды дәріптеуге, қоғам мен армия арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жастардың патриоттық тәрбиесін күшейтуге бағытталған мәдени-патриоттық жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1235067?lang=ru
Жалағаш ауданының негізгі көрсеткіштері талқыланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, М.Шәменов, Қаракеткен, Аққұм ауылдарының тұрғындарымен және аудан активімен кездесті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, бағдарланған ауқымды жобалар талқыланды. Қаракеткен ауылында іске қосылған «Харвест Агро» агроиндустриалды кластерінің алғашқы кезеңі – аудан экономикасына айрықша серпін беретін жоба. Аймақ басшысы аудан әкімдігіне қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануды, инвестицияның басқа да көздерін іздестіруді, салық базасын ұлғайтуды тапсырды. Шаруашылық құрылымдарымен бірге каналдарды бетондау жобаларын әзірлеу, оларды тез арада қаржыландыруға ұсыну, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайту да назардан тыс қалмауы тиіс.Соңғы төрт жылда Жалағаш ауданында 192 пәтер салынды. Салаға жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасары, құрылыс бөлімінің басшысы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сапасын қатаң бақылауы керек.Жалағаш ауданында газдандыру деңгейі 53 пайыз, Қаракеткен және Бұқарбай батыр ауылдарына газ тарту жобасы әзірленген, Аққұм және Мәдениет бағытындағы ауылдарға жоба дайындауға демеушілерді тарту тапсырылды.Мәжілісте электр желілеріндегі апатты болдырмаудың жедел шараларын қабылдау, тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару мәселелері де талқыланып, тиісті тапсырма берілді.Аймақ басшысы «Руханият» орталығында ауданның белсенді жастарымен кездесіп, олардың тың жобалары таныстырылды. Жалағаш ауданында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 120,0 пайызға орындалып, 12 млрд 269 млн теңгенің өнімі өндірілді. Ал инвестиция көлемі 8 млрд 290 млн теңге болып, есепті кезеңмен салыстырғанда 122,7 пайызға жетті. Ауыл шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Нақтырақ айтсақ, биыл жалағаштық шаруалар 42 178 гектарға егін екті, күріш көлемі 16 800 гектар.Ауданда 2 531 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның 97,3 пайызы тұрақты жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235092?lang=ru
ЕАЭО шеңберінде тауарларды импорттау кезінде камералдық бақылау шаралары туралы 30.06.2026
 Мемлекеттік кірістер комитеті камералдық бақылау шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден тауарлар импорттау кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (328.00 СЕН) ұсынбау фактілері бойынша салық төлеушілерге хабарламалар жолданатынын хабарлайды.Хабарламалар ақпараттық жүйелердің мәліметтері, оның ішінде тауарлардың орын ауыстыруы және ұсынылған салықтық есептілік туралы деректер негізінде қалыптастырылады.Камералдық бақылау Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтық тексеру тағайындаусыз жүргізіледі және салық төлеушіге анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жою мүмкіндігін береді.Хабарламаны орындау мерзімі оны тапсырған (алған) күннен бастап 30 жұмыс күнін құрайды.Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес хабарлама мынадай жағдайларда орындалған болып танылады:– егер мұндай өтінішті ұсыну талап етілсе, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш ұсынылған жағдайда;– не өтініштің ұсынылмау себептерін көрсете отырып түсіндірме ұсынылған жағдайда.Өтінішті не түсіндірмені ұсыну хабарламаның орындалған болып танылуына негіз болып табылады.Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге келіп түсетін хабарламаларды уақтылы тексеруді және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен өзара сауданы жүзеге асыру кезінде салық заңнамасының талаптарын сақтауды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1233046?lang=ru
Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалындағы жұмыс барысымен танысты.Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі 124 вокзал жаңғыртылуда. Осы қатарға былтыр Нұрлыбек Машбекұлы аудан орталықтарындағы және Төретам, Сексеуіл станцияларындағы, яғни аймақтағы барлық вокзалдарды, Жаңақорған ауданындағы Талап бекетінің платформасын енгізген болатын.Құрылысы өткен жылы басталған Жалағаш вокзалына 755,7 млн теңге бөлінген. Жобаның бас мердігері «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Атап айтқанда, жолаушылар алаңына төсеніш тас төсеу және ғимараттың шатырын жабу толық аяқталған. Қазір нысанның ішкі қабырғаларын әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынған.Жаңа теміржол вокзалы аудан тұрғындары мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсететін, аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал ететін нысан болмақ. Сондай-ақ, заманауи талаптарға сай салынып жатқан вокзал Жалағаштың сәулеттік келбетін айшықтайтын көрікті ғимараттардың біріне айналмақ. Осы ретте аймақ басшысы жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына ерекше назар аударуды, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235111?lang=ru
«Халық бухгалтері» акциясы маусым айында аяқталады 30.06.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылдың 5 қаңтарында басталған «Халық бухгалтері» республикалық акциясы өз мәресіне жетіп келе жатқанын хабарлаймыз. Маусым – білікті мамандардан тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін соңғы ай.Егер салық салу мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болса, сіздерді қорытынды кеңестерге шақырамыз.Уақыты: Әр сейсенбі және бейсенбі күндері, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.Форматы: Офлайн, мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында.Кеңесті кімдер өткізеді? Сіздерге «Қазақстанның бухгалтерлері мен бухгалтерлік ұйымдарының одағы» кәсіби ұйымының мүшелері, сондай-ақ Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандары кеңес береді. Біздің сарапшыларымыз жаңа Салық заңнамасының нормаларын түсінуге көмектесуге дайын.Құрметті салық төлеушілер! Кәсіби кеңес алу және салықтық сауаттылығыңызды арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар. Сіздерді күтеміз! Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1235120?lang=ru
«Keleshek: Білім мен тәрбие интеграциясы» атты облыстық семинар өтті 30.06.2026
Бесқарағай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де (Келешек мектебі) «Keleshek: Білім мен тәрбие интеграциясы» атты облыстық семинар өтті.Семинарға Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы, Аманжолов Дулат Аманжолұлы (онлайн), Агибаев Нуржан Оразбекұлы, Кәдірбеков Медет Кәдірбекұлы және өңірдегі Келешек мектептерінің басшылары мен педагогтері қатысты.2025 жылы ашылған 300 орындық мектеп бүгінде 446 оқушыға білім беріп, 56 педагог қызмет атқаруда. Мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталған, кең әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырған.Іс-шара барысында 16 ашық сабақ, 4 тәрбие сағаты және 2 мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Аманжолов Дулат Аманжолұлы «Әдістемелік қызметтегі трендтер: жасанды интеллект» тақырыбында баяндама жасады.Семинардың ерекше бөлігі Қарабаш орман резерватында жалғасып, Art-Hub форматындағы шығармашылық жұмыстар және арт-терапиямен толықты.Сондай-ақ, 10 стратегиялық бағыт бойынша көрме ұсынылып, білім сапасы, ғылым, STEM, жасанды интеллект, оқырман мәдениеті, дебат, өнер мен домбыра, ұлттық спорт және кәсіби бағдар бағыттары қамтылды.✨ Семинар – заманауи білім берудің тиімді тәжірибесін көрсеткен, педагогтер үшін маңызды тәжірибеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1235151?lang=ru
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды 30.06.2026
Астана, 2026 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің  орынбасары Әлібек Бақаев Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.Қазақстанға мамырдың соңы – маусымның басында жүзеге асырылған ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзидің, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньциннің, ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның, сондай-ақ ҚХР-дың Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лидің сапарларының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, сұхбаттасушылар 2026 жылы жоспарланған алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін жеке талқылады.Кездесудің соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрілігі мен Қытай Елшілігі арасында тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1235172?lang=ru
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы 30.06.2026
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2026 жылдың 4 маусымында «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.Байқауға облыстың арнайы білім беру ұйымдарының 17 педагогі қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын байқаудың ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:«Арнайы мектептің үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы бойынша:І орын – Етекбаева Ақерке Жаныбековна – ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі;ІІ орын – Полионова Юлия Валерьевна – ШҚО ББ «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі;ІІ орын – Муханова Жанат Сейткановна, ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;ІІІ орын – Рахимжанова Карлыгаш Михайловна - ШҚО ББ «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі;ІІІ орын – Кумарбекова Шынар Асылкановна - ШҚО ББ «Арнайы мектеп» КММ-нің еңбек пәнінің мұғалімі;«Арнайы мектептің үздік тәрбиешісі» номинациясы бойыншаІ орын – Логинова Елена Викторовна - ШҚО ББ «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің тәрбиешісі;ІІ орын – Малтаева Гульнур Сериковна - ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты КММ-нің тәрбиешісі;ІІІ орын – Амангельдинова Айша Ерболатқызы - ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің тәрбиешісі;«Арнайы мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогі»  номинациясы бойыншаІ орын – Ахметова Гульнара Саимбековна - ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернаты КММ-нің мұғалім- логопеді;ІІ орын – Рустемова Аэлита Турехановна - ШҚО ББ «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің мұғалім- логопеді;«Арнайы балабақша тәрбиеленушілерін психологиялық- педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогі» номинациясы бойынша:ІІ орын – Зуева Елена Павловна – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№62 арнайы балабақша» КММ-нің мұғалім- логопеді;«ППТК үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы бойынша:ІІ орын – Жашкенова Карлыгаш Дюсембековна – ШҚО ББ «Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-нің мұғалім- дефектологы.Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Байқаудың облыстық кезеңінің І орын иегерлері, республикалық байқау кезеңіне қатысуға жолдама алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1235193?lang=ru
Бүгін Риддер қаласының 240 жылдық мерейтойы аясында «Риддер тарихи аспектілер аясында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. 30.06.2026
Бүгін Риддер қаласының 240 жылдық мерейтойы аясында «Риддер тарихи аспектілер аясында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.Конференция жұмысы бірнеше алаңда ұйымдастырылып, онда ғалымдар, профессорлар, зерттеушілер мен сарапшылар қаланың тарихы, оның қалыптасуы мен дамуы, мәдени мұрасы және болашақтағы даму перспективалары туралы ғылыми баяндамаларын ұсынуда.Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген қонақтар, ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, архив саласының мамандары және қоғам қайраткерлері қатысуда. Конференция барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, өлке тарихын зерттеу мен тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелерін талқылауда.Конференция жоғары ғылыми және ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, Риддер қаласының бай тарихын, рухани мұрасын және оның еліміздің дамуындағы маңызды орнын тағы бір мәрте айқындауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1235198?lang=ru
Қазақстандық делегация Венадағы БҰҰ Комиссиясының 35-ші сессиясына қатысуда 30.06.2026
Вена, 1–5 маусым. Бас прокуратура, Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің өкілдерінен құралған Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының (ҚАҚСТК) 35-ші сессиясына қатысуда. Бұл ауқымды форумның жұмысына 100-ден астам мемлекеттің делегаттары жұмылдырылған.Басты пленарлық отырыста Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жұмағали жалпыхалықтық референдумда адам мен азаматтың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетін, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты институционалдық реформалар туралы хабардар етті.Мемлекет басшысының Цифрландыру жылын жариялауына байланысты делегация басшысы қазақстандық құқық қорғау органдарының цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні пайдалана отырып, қылмыстың алдын алу саласындағы табысты тәжірибесімен бөлісті.Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен (ЦАРИКЦ) бірлесіп өткізілген жеке іс-шарада Қазақстан есірткі бизнесінің қаржы ағындарын анықтауға және бұғаттауға арналған халықаралық платформаның үлгі нұсқосын таныстырды. Таныстырылым қорытындысы бойынша сарапшылар бұл жүйені барлық Орталық Азия елдерінде пилоттық режимде енгізу мәселесін пысықтау қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.Сондай-ақ, отандық делегаттар есірткі қылмысының цифрлық іздерін қадағалау жөніндегі сессияда ҚР Бас прокуратурасының қазақстандық Таргетинг орталығының табысты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұдан басқа, прокуратура өкілдері трансұлттық алаяқтық Call-орталықтармен күрес және балаларға қатысты киберқылмыстың алдын алу бойынша қатар өтіп жатқан іс-шараларға белсенді қатысты.Сессия аясында қазақстандық делегацияның БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) басшылығымен – Киберқылмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Г. Причардпен және Орталық Азиядағы Өңірлік өкіл                 О. Штольпемен екіжақты келіссөздері өтті. Тараптар халықаралық сарапшылар мен инвестицияларды тарта отырып, Қазақстанда Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік орталық құру бастамасын егжей-тегжейлі талқылады.Оңтүстік-Шығыс Азия сот төрелігі желісінің (SEAJust) хатшылығымен кездесу құқықтық ынтымақтастық аясын кеңейтуге жасалған маңызды қадам болды. Тараптар Қазақстанның бұл ұйымға өңірден тыс мүше мәртебесімен кіру мәселесін пысықтауға уағдаласты. Бұл қазақстандық құқық қорғаушыларға экстрадициялау және заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері бойынша Азияның 20-дан астам елімен жедел өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.Іс-шара барысында қазақстандық делегация киберқылмыспен, адам саудасымен, алаяқтықпен, есірткі бизнесімен және т.б. күрес мәселелері бойынша басқа да шет елдердегі әріптестерімен және халықаралық ұйымдармен жұмыс байланыстарын нығайтты, сондай-ақ отандық кадрлардың біліктілігін арттыру перспективаларын талқылау үшін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияға (IACA) барды. Бас прокуратураның баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1235207?lang=ru
Іс-шаралар жоcпары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 30.06.2026
«Бекітемін»                                                                                                                                   Басшы                                                                                                                                   Ақмола облысы бойынша                                                                                                                                    Мемлекеттік кірістер                                                                                                                                   департаменті                                                                                                                                                                    ________________Д. Нұрмолдин                                                                                                                                   «       »___________2026 жыл  Іс-шаралар жоcпарысыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті   №п/пСыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымІс-шараАяқталу формасыЖауаптыорындаушыларОрындау мерзімі1Хабарламаны дұрыс/қате орындау фактісі туралы салық төлеушінің дезинформациясы бөлігіндегі тәуекелдерді болдырмау мақсатында «ҚР СК 137-бабына сәйкес хабарлама орындалды, бұл ретте хабарламаға сәйкес бұзушылық жойылмаған/жойылған» үлгісі бойынша хабарламаның орындалуы немесе орындалмауы туралы СП-ны хабардар ету процесін автоматтандыруды ұсынамыз.Ұсынымдар бойынша ұсыныстарды ҚР ҚМ МКК-ге жіберуҚР СК 137-бабына сәйкес хабарламаны орындау нәтижелері туралы СП-ны ақпараттандыруды автоматтандыру (бұзушылық жойылды/жойылған жоқ).Камералдық бақылау басқармасы20272Хабарлама бойынша бұрын есептелген КТС/ЖТС сомасына бұрын есептелген соманы азайту үшін бұғаттау орнату ұсынылады (азайтуға әкелетін қосымша нысандарды ұсыну), өйткені КТС/ЖТС азайту бойынша іске қосулар жоқ.Ұсынымдар бойынша ұсыныстарды ҚР ҚМ МКК-ге жіберу       Хабарлама бойынша бұрын есептелген КТС/ЖТС сомасына бұрын есептелген соманы азайту үшін бұғаттау орнату ұсынылады (азайтуға әкелетін қосымша нысандарды ұсыну), өйткені КТС/ЖТС азайту бойынша іске қосулар жоқ.Камералдық бақылау басқармасы2027 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1235210?lang=ru
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы құқықтық институттардың дамуын конституциялық және экономикалық сот төрелігі өкілдері талқылады 30.06.2026
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында Төраға Эльвира Азимованың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының Төрағасы Герман Нұрбаевпен кездесуі өтті.Кездесуге сондай-ақ Конституциялық Соттың судьясы Қанат Мусин қатысты.Тараптар ТМД кеңістігіндегі құқықтық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, конституциялық бақылау органдары мен халықаралық сот институттарының қызметін, сондай-ақ құқық үстемдігін нығайту және құқықтық қорғау тетіктерін жетілдіру мақсатында одан әрі өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.Кездесуге қатысушылар құқықтық саладағы интеграциялық үдерістерді дамыту, конституциялық сот төрелігі саласындағы тәжірибе алмасу және Еуразиялық аймақтың бірқатар мемлекеттерінің конституциялық бақылау органдарын біріктіретін Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығының қызметі мәселелерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша құқықтық тәсілдерді дамыту және конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мақсатында жоғары сот және конституциялық институттар арасындағы кәсіби диалогты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1235229?lang=ru
Шымкент базарында заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасының ірі партиясы анықталып, жойылды 30.06.2026
Шымкент қаласында Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқаларының ірі партиясын сату әрекетінің жолы кесілді. Заң бұзушылық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және Қазақстан құс өсірушілер одағының бірлескен жұмысы барысында анықталды.«Жібек жолы» базарында жүргізілген бақылау-қадағалау іс-шаралары кезінде мамандар міндетті таңбалауы жоқ және ветеринариялық ілеспе құжаттармен рәсімделмеген жұмыртқалардың сатылымға шығарылғанын анықтады. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 11 850 дананы құрады.Зертханалық сараптама нәтижелері өнімнің қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты жұмыртқалардың барлық партиясы арнайы құрылған комиссияның қатысуымен белгіленген тәртіпке сәйкес жойылды.Заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, тексеру материалдары тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданды.Қазақстан құс өсірушілер одағы жұмыртқа өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және оның жолын кесу бағытындағы жұмысты мемлекеттік органдармен бірлесіп жалғастыруда. Анықталған барлық құқық бұзушылық фактілері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне, Мемлекеттік кірістер комитетіне және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жолданады.Қолданыстағы шектеу шараларына қарамастан, еліміздің бірқатар өңірлерінде Ресейден әкелінген таңбаланбаған жұмыртқаларды сату фактілері әлі де тіркелуде. Осыған байланысты мемлекеттік органдар тұтынушылардың құқықтарын қорғау және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағындағы базарлар мен сауда нысандарында жүйелі тексерулер жүргізуді жалғастырып келеді.Еске сала кетейік, 2026 жылғы 17 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің №146 бұйрығы күшіне еніп, тағамдық тауық жұмыртқаларын Қазақстан аумағына әкелуге уақытша тыйым салынды. Бұл шара көлеңкелі импорттың жолын кесуге, демпингтік сауданың алдын алуға және маусымдық сұраныс артқан кезеңде ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған.Жұмыртқа импортына уақытша шектеу енгізу тәжірибесі Қазақстанда бірнеше жылдан бері қолданылып келеді. Мұндай шаралар отандық құс фабрикалары ішкі нарық сұранысын толық қамтамасыз еткен кезеңдерде қабылданады. Бұл қазақстандық өндірушілерді демпингтік импорттан қорғауға, отандық өнім өндірушілер үшін әділ бәсекелестік орта қалыптастыруға және тұтынушылар үшін бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1235268?lang=ru
Қазақстан мен Словения: ұзақ мерзімді серіктестіктің негізіндегі жасанды интеллект 30.06.2026
Любляна, 2026 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев ЮНЕСКО қамқорлығымен Жасанды интеллект бойынша халықаралық зерттеу Орталығының (IRCAI) Ашық білім беру ресурстары (Open Educational Resources) және ашық оқыту Департаментінің директоры Митя Ермолмен кездесіп, елдеріміз, ЮНЕСКО және жасанды интеллект, цифрлық трансформация, ашық білім беру және тұрақты даму саласында жұмыс істейтін халықаралық институттар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Словения тарапы IRCAI-дің ЮНЕСКО қамқорлығымен үкіметаралық келісім негізінде құрылған және ЮНЕСКО Бас конференциясында мүше мемлекеттер бекіткен II санаттағы орталық ретіндегі функционалдығын ұсынды. IRCAI басшылығы Қазақстанның ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азиядағы алғашқы жасанды интеллект бойынша халықаралық зерттеу орталығын құру мүмкіндігін зерттеудегі зор әлеуетін атап өтті (ұқсас орталықтар IRCAI қолдауымен Сауд Арабиясы мен Мароккода жұмыс істейді). Демек, IRCAI Қазақстанды жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы Орталық Азиядағы ең перспективалы серіктестердің бірі ретінде қарастырады.Қазақстанның Елшісі Астана хабының, Alem AI, азаматтарға арналған үкіметтің мақсаттары мен міндеттері, Алматыдағы GITEX нәтижелері, сондай-ақ жарияланған «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жылы» аясында жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы мемлекеттік саясат туралы ақпарат берді.Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық зерттеу орталығы цифрлық мемлекеттік қызметтерді жаппай енгізу бойынша Қазақстанның жетістіктерін және @OpenAI нұсқасы бойынша біздің елдердің АИ енгізу деңгейі жоғары 30 елдің қатарына кіруін жоғары бағалады. Сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымды дамыту, деректерді өңдеудің жаңа орталықтарын салу және болашақ технологиялық және инновациялық орталық ретінде Алатау қаласының инновациялық мегажобасын іске асыру жөніндегі жоспарлар ұсынылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша елшілік словениялық тараппен Қазақстанның ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азияда жасанды интеллект бойынша бірінші халықаралық зерттеу орталығын құруға мүдделі болған жағдайда әдістемелік-сараптамалық қолдау көрсету және жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.Орталық сонымен қатар Қазақстанды жас жасанды интеллект мамандары арасында тәжірибе алмасудың жаһандық платформасы болып саналатын жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға қатысуға шақырды.Словения тарапы жасанды интеллектті реттеу мәселелері бойынша, соның ішінде ЕО елдерінде қолданылатын реттеуші құмсалғыштар (AI Regulatory Sandbox) тұжырымдамасы бойынша ынтымақтастық орнатуға және жасанды интеллектті реттеуге жаһандық тәсілдерді әзірлеуге бағытталған ЮНЕСКО мен БҰҰ қамқорлығымен реттеуші құмсалғыштардың халықаралық желісін құруға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1235279?lang=ru
Май өңдеу саласы Қазақстан экономикасына шамамен 1 млрд АҚШ доллары көлемінде экспорттық табыс әкелді 30.06.2026
5 маусым күні Астанада Еуразия кеңістігіндегі май өңдеу өнеркәсібінің даму үрдістері мен болашағын талқылауға арналған «FOC 2026: Fats and Oils Conference» бесінші мерейтойлық халықаралық конференциясы өтті. Соңғы бес жылда бұл алаң саладағы ең беделді халықаралық іс-шаралардың біріне айналды. Биылғы форумға әлемнің 18 елінен 330-дан астам делегат қатысты. Олардың қатарында Қазақстандағы 50-ден астам май өңдеу кәсіпорнының басшылары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, агроөнеркәсіптік холдингтердің, логистикалық компаниялардың өкілдері және әлемдік нарықтағы жетекші компаниялар бар.Конференцияны Қазақстанның Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР АШМ және «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырды. Форум жұмысына International Trade Centre, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Еуропалық қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Wilmar, Bunge, Kourosh Food Industry, Huatai, Chinese Cereals and Oils Association, China Vegetable Oil Industry Association секілді халықаралық ұйымдар мен жетекші компаниялардың өкілдері қатысты.Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов май өңдеу саласының бүгінде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық қатысушылар санының жыл сайын артуы осы саланың әлемдік экономикадағы рөлінің күшейгенін көрсетеді.Вице-министр аграрлық өңірлерге жасалған жұмыс сапарлары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесулер отандық агроөнеркәсіп кешенінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатқанын дәлелдейтінін айтты. Қазақстан біртіндеп шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге, терең өңдеуді дамытуға және жаңа экспорттық нарықтарды игеруге көшуде.Бұл өзгерістердің нақты нәтижелері халықаралық деңгейде де көрініс табуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші мемлекеттердің қатарына қосылып, жаһандық экспорт көлемінің шамамен 3,6 пайызын қамтамасыз етті. Сондай-ақ еліміз Қытай нарығында күнбағыс майын экспорттаушы елдер арасында екінші орынға көтерілді. Бір жыл ішінде майлы дақылдар мен май өнімдерінің экспорты 70 пайызға өсіп, экономиканы әртараптандыру мен шикізаттық емес экспортты дамыту бағытындағы табысты саясаттың айқын нәтижесіне айналды.Бүгінде май өңдеу саласы өңдеуші өнеркәсіптің негізгі өсу нүктелерінің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемі алғаш рет 1,57 миллион тоннадан асып, экспорттық түсім рекордтық деңгейге – 963 миллион АҚШ долларына жетті. Салыстырмалы түрде алғанда, 2021 жылы бұл көрсеткіш небәрі 240 миллион АҚШ долларын құраған. Осылайша, төрт жыл ішінде экспорттық түсім көлемі төрт еседен астам өсті.Әсіресе күнбағыс майын өндіру қарқынды дамып келеді. Соңғы төрт жылда оның өндірісі 2,3 есеге артып, 752 мың тоннадан асты. Сонымен қатар Қазақстан ішкі нарықтағы импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендетті. Егер 2015–2021 жылдары импорттық күнбағыс майының үлесі орта есеппен 39 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 18 пайыздан аспайды.Қазіргі таңда май өңдеу саласы еліміздің өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортынан түсетін валюталық кірістің төрттен бірінен астамын қамтамасыз етіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша оның үлесі 27 пайызға жетіп, саланы Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың біріне айналдырды.Өңдеу көлемінің артуы бүкіл агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін беруде. Отандық кәсіпорындардың майлы дақылдарға деген сұранысының өсуі егіс алқаптарының кеңеюіне, ауыл шаруашылығына инвестиция тартудың артуына және өндірістік қуаттардың жаңғыртылуына ықпал етуде. Сонымен қатар терең өңделген өнім өндірісінің ұлғаюы мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, құрама жем өндіру және тамақ өнеркәсібі сияқты сабақтас салалардың дамуына оң әсерін тигізіп отыр.Конференция барысында азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. ФАО деректеріне сәйкес, 2023 жылдың мамыр айынан 2025 жылдың соңына дейін әлемдік өсімдік майлары бағасының индексі 39 пайызға өскен. Ал Еуропа биржаларында күнбағыс майының бағасы осы кезеңде 47 пайызға қымбаттаған. Соған қарамастан, Қазақстанда мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестіктің арқасында ішкі нарықтағы баға тұрақтылығы сақталды.Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Сауда және интеграция министрлігі арасында жасалған меморандум аясында ішкі нарыққа арналған күнбағыс майының көтерме бағасы үш жылдан астам уақыт бойы литріне 730 теңгеден аспады. 2026 жылдың ақпан айында бұл тетік ағымдағы жылдың соңына дейін ұзартылды.Бүгінде қазақстандық май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Негізгі нарықтар қатарында Қытай, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық одақ елдері бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан күнбағыс майын экспорттау көлемі жөнінен әлемде алтыншы орынға көтерілсе, Қытай нарығында екінші орынды иеленді.Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан Өзбекстан мен Тәжікстанға өсімдік майларын жеткізетін ең ірі экспорттаушы мемлекетке айналды. Қазіргі уақытта бұл елдердің импорттық қажеттілігінің 90 пайыздан астамы Қазақстан өнімдері есебінен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар еліміз Орталық Азияның күнбағыс шроты бойынша сұранысын толық өтеп, Еуропалық одаққа аталған өнімді жеткізуші үш ірі елдің қатарына енді.Әсет Нүсіповтің айтуынша, мұндай жетістіктерге жүйелі мемлекеттік саясат пен бизнес қауымдастықпен орнатылған тиімді әріптестіктің арқасында қол жеткізілді. Өткен жылы салалық қауымдастықтармен, халықаралық серіктестермен және «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп Май өңдеу өнімдері экспортының 2028 жылға дейінгі даму жөніндегі жол картасы әзірленді.Аталған құжатты іске асыру нәтижесінде алдағы екі жылда саланың экспорттық түсімі тағы 60 пайызға артып, 1,5 миллиард АҚШ долларынан асады деп күтілуде. Бұл Қазақстанға күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі төрт ірі елдің қатарына енуге және болашақта алғашқы үштікке қосылуға мүмкіндік береді.Стратегияның маңызды бағыттарының бірі көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін кеңейтіп, теміржол инфрақұрылымын жетілдіру және порттық қуаттарды жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.2026 жылы Ақтау портында алғаш рет өсімдік майын тікелей теңіз кемесіне тиеу жүзеге асырылды. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен Достық – Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы Қытайға түйіршіктелген күнбағыс шротын жеткізу бойынша пилоттық тасымалдар басталды.Тағы бір маңызды оқиға – Қазақстан тарихында алғаш рет күнбағыс майының флекситанк контейнерлері арқылы Шығыс Қазақстан облысынан Қытайдың Цзянсу провинциясына жөнелтілуі болды. Ұзындығы 4700 шақырымды құрайтын бағыт небәрі 12 күн ішінде еңсеріліп, заманауи логистикалық шешімдердің тиімділігін дәлелдеді.Сонымен қатар қазақстандық өндірушілер үшін сыртқы сауда мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Вьетнаммен, Сербиямен және Иранмен еркін сауда туралы келісімдерді тиімді пайдаланып отыр. Өткен жылы Біріккен Араб Әмірліктерімен, Моңғолиямен және Индонезиямен жаңа келісімдерге қол қойылды. Бұдан бөлек, Үндістанмен еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер жалғасуда. Бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін әлемдегі ең ірі тұтыну нарықтарының біріне жол ашады.Вице-министр майлы дақылдар экспортының жоғары көрсеткіштеріне де тоқталды. Ағымдағы маусымның қыркүйек–сәуір айлары аралығында зығыр экспорты шамамен 1 миллион тоннаны құрап, ел экономикасына 500 миллион АҚШ долларына жуық табыс әкелді. Негізгі сатып алушылар қатарында Қытай мен Еуропалық одақ елдері бар.Осы кезеңде рапс экспорты 200 мың тоннадан асып, негізгі жеткізу бағыттары ретінде Қытай, Польша, Латвия және басқа да Еуропа мемлекеттері қалыптасты.Сауда үдерістерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық тауарлар каталогы енгізілуде. Бұл цифрлық жүйе өнімдерді біріздендіріп, олардың атауы мен сыныпталуына қатысты айырмашылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Күнбағыс майы мысалында бұл жүйе ішкі нарықта да, экспорттық операцияларда да өнімді бірыңғай қағидаттар бойынша сәйкестендіруге жағдай жасайды. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, алдағы жылдары өсімдік майларының әлемдік нарығы тұрақты өсімін сақтайды. Қазіргі уақытта әлемдік тұтыну көлемі жыл сайын 220 миллион тоннадан асып отыр және бұл көрсеткіштің одан әрі ұлғаюы күтіледі. Бұл Қазақстан үшін жаһандық азық-түлік нарығындағы өз позициясын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.Конференцияға қатысушылардың пікірінше, Қазақстанның май өңдеу саласы терең өңдеуді дамыту, заманауи технологияларды енгізу және жоғары қосылған құны бар өнім экспортын ұлғайту арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етудің жарқын үлгісіне айналды. Бұл бағыт елдің экспорттық әлеуетін арттыруға, жаңа нарықтарды игеруге және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1235282?lang=ru
Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді 30.06.2026
Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертедіСоңғы уақытта БЖЗҚ бөлімшелеріне міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны туралы хабар алған азаматтар жиі жүгінетін болды. Алаяқтар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, бірнеше жыл еңбек өтілі зейнетақы есептеу кезінде ескерілмей қалғанын айтып, соның негізінде зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болатынын айтатын көрінеді.Алаяқтар қалай әрекет етеді?Алаяқтар сенімге кіру мақсатында Қордың нақты жұмыс істейтін бөлімшелерінің мекенжайын айтып, азаматтарды сол жерге келуге шақырады. Филиалға жүгінушілердің айтуынша, қызметті «жылдам әрі ыңғайлы алу үшін» алдын ала электрондық кезекке қоямыз деп, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Өкінішке қарай, мұндай кодтарды алаяқтарға хабарлап қойған азаматтар да бар.Маңызды ескерту!БЖЗҚ қызметкерлері қоңырау соқпайды, телефон арқылы, электрондық пошта немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. БЖЗҚ барлық қызметтерді тегін көрсетеді. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді, мекенжайыңызды немесе жұмыс орныңызды білгенімен, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Мұндай мәліметтер алаяқтардың қолына ашық дереккөздерден түсуі мүмкін.Өзіңізді қалай қорғауға болады?∙ SMS арқылы келген кодтарды және жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз.∙ Әңгіме SMS-код туралы басталған сәтте күмәнді қоңырауды бірден тоқтатыңыз.∙ Ақпараттың дұрыстығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз (байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша)∙ Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Қырағы болып, жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы туыстарыңызды алаяқтардың әрекетінен қорғаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1240354?lang=ru
БЖЗҚ жыл басынан бері 21,5 миллионнан астам қызмет көрсетті 30.06.2026
БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жарналарын жинақтау және болашақта олардың төлемдерін қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинақтап қана қоймай, олардың болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ өз қызметінде отандастарымызға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады.01.01.2026ж. мен 30.04.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 21,5 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 11,7 млн-ы электрондық форматта, 9,4 млн-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,8%-ын құрады. Салымшыларға 267,4 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 260,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 790,0 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 12,3 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 10,8 млн-ы – электрондық, ал 1,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Жыл басынан бері салымшылардан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруға аударуға 32,2 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге 38,4 мың өтініш қабылданды. Оның 36,2 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 20,5 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 413,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 13,4 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 159,0 мың өтініш түсті.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1238696?lang=ru
Қарулы күштерде екі жылдық қызметке шақырылған запастағы офицерлерді оқыту курстары аяқталды 30.06.2026
Тылдық, техникалық және инженерлік қамтамасыз ету, автоматтандырылған басқару жүйелері, зымыран-артиллериялық қару-жарақ, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, байланыс, медицина салаларының мамандары, сондай-ақ тәрбие жұмысы жөніндегі офицерлер өз білімдері мен практикалық дағдыларын пысықтады.Осындай курстардың бірі Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының базасында байланыс мамандарымен өткізілді. Оған запастан шақырылған 19 офицер қатысты.Оқу бағдарламасы аясында арнайы және тактикалық-арнайы дайындық бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. Сабақтар барысында заманауи байланыс техникасы мен құралдарын пайдалану, байланыс бөлімшелерінің негізгі құжаттарын жүргізу тәртібі, жауынгерлік дайындық сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі бойынша тәжірибелік дағдылар жетілдірілді.Сонымен қатар офицерлер байланыс техникасын өрістету және байланыс арналарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі оқу-жаттығу тапсырмаларын орындады. Байланысты жоспарлау кезінде бөлімше командирінің жұмыс тәртібі мен басқару ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.– Бұл курстың басты ерекшелігі – запастан шақырылған офицерлердің теориялық білімін жаңартып қана қоймай, оларды қазіргі заманғы байланыс жүйелерімен жұмыс істеуге практикалық тұрғыдан даярлау. Сабақ барысында тыңдаушылардың кәсіби шеберлігі артып, қойылған міндеттерді сапалы орындауға қажетті дағдылары жетілдірілді, – деді 07029 әскери бөлімінің командирі Омар Сыздықов.Қонаев гарнизонында да Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Инженерлік әскерлер департаменті ұйымдастырған запастан шақырылған офицерлерге арналған мамандандыру курсы аяқталды.Екі апта бойы офицерлер арнайы дайындық бойынша қарқынды теориялық және практикалық сабақтардан өтіп, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Курсқа қатысушылар шынайы жағдайға барынша жақындатылған ортада іс-қимылдарды пысықтап, жеке құрамды басқару, инженерлік техниканы пайдалану және инженерлік қамтамасыз ету міндеттерін орындау машықтарын дамытты.Іс-шара соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды. Офицерлер іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың басшылығына және оқу курсын ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1235302?lang=ru
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 26,74 трлн теңгені құрады 30.06.2026
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 мамырына 26,74 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,64 трлн теңгеге немесе 15,8%-ға өсті.2026 жылдың 1 мамырында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,97 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,09 трлн теңге (14,1%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 731,99 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 10,6%.Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 16,4% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, 2026 жылдың 1 мамырында олардың көлемі – 9,76 млрд теңге.Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да ұлғаюда. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,7 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 мамырына 1023,59 млрд теңге болды.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың алғашқы 4 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1184,98 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 14,6%-ға (немесе 150,79 млрд теңгеге) артық.МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 мамырға дейін 914,11 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,2%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 51,04 млрд теңге (өсім – 9,8%), ЕЗЖ – 640,89 млн теңге түсті. 12 айдағы ЖМЗЖ есебінен жарналар 219,19 млрд теңгені құрады.     Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 41,61 млрд теңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 522,73 млрд теңгені құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 97,98 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 952 теңге.   2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 205,62 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 41,25 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 14,21 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 1,22 млн теңге, жерлеуге – 3,23 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 159,22 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 18,62 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,10 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 мамырында 12,78 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,33 млн - МЗЖ бойынша, 778,06 мыңы - МКЗЖ бойынша, 474,07 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,33 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  5,84 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1231354?lang=ru
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер 30.06.2026
 ҚРҰБ және ИПБ  басқаруындағы 2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдер "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруымен зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26 702,11 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 25 574,23 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1022,00 млрд. теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 105,88 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 мамырда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 44,46%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,53%, ҚРҰБ депозиттері – 2,22%, шет мемлекеттердің МБҚ – 0,08%, МҚҰ – 1,16%.Активтердің 35,87%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 61,64%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 38,35%.Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 738,65 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 166,11 млрд теңгені, өзге кірістер 1,33 млрд теңгені құрады.Бағамдық қайта бағалауды ескере отырып, сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.2025 жылғы мамырдан бастап 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,00 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 8,57%-ды құрады.2026 жылғы 1 мамырдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 93,96%, ҚРҰБ депозиттері – 5,87%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,16%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 42,63 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,99 млрд теңге кіріс әкелді.2025 жылғы мамырдан бастап соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 108,19 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 17,49%.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 105,88 млрд теңге.2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 17,03 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 28,17%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 16,51%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 12,09%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,71%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,37%, РЕПО – 2,04%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,12%, МҚҰ – 3,24%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,70%.Атап кетейік, портфельдің 50,28% теңгемен, 48,75% АҚШ долларымен, 0,96% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 12,59%."Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.05.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 7,28 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 23,96%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,85%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 12,02%, ҚРҰБ ноттары – 10,16%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,61%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 6,97%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 4,65%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,81%, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 14,23%.Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,70%-на, АҚШ долларымен 36,30%-на тең.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,26%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.05.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13,55 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,01%, ҚР ҚМ МБҚ – 17,10%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,12%, РЕПО – 10,68%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,11%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,99%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,11%, ҚР эмитент-резиденттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 6,88%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 66,72%-ын, АҚШ долларымен 33,28%-ын құрайды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,91%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.05.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 8,28 млрд теңге.ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 18,22%, РЕПО – 26,64%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 12,73%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,47%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 7,78%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,81%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 3,94%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,41%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 1,98% инвестицияланды.Ұлттық валютада портфельдің 67,50%-ы, АҚШ долларында 32,50%-ы инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,60%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.05.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 59,69 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 7,68%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,70%, ҚРҰБ ноттары – 13,63%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,73%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,69%, МҚҰ – 8,27%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,55%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 5,13%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 5,28%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,11%.  Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 63,48%, АҚШ долларында – 36,52% инвестицияланды.Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,71%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.05.2026ж. жағдай бойынша «Tansar Capital» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 49,38 млн теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: РЕПО – 89,16%, ҚР ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 6,11%.«Tansar Capital» АҚ инвестициялық портфелі тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан жасақталған.«Tansar Capital» АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылдың 8 сәуірінде бастады. Содан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,57%-ды құрады.«Tansar Capital» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.Сондай-ақ, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).       [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1231371?lang=ru