Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады 30.06.2026
БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін алуға уақытылы өтініш беру қажеттілігін еске салады           БЖЗҚ салымшылардың (төлем алушылардың), сондай-ақ БЖЗҚ-да жинақтары бар қайтыс болған адамдар мұрагерлерінің зейнетақы төлемдерін алуға уақтылы өтініш беруі қажеттілігі туралы тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.          Жыл сайын БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары бар, бірақ олар бойынша зейнетақы төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға жүгінбеген зейнет жасына толған тұлғалар бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде аталған адамдарға бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің бар-жоқтығына салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл шара аталған азаматтардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты, еңбек өтілі үшін берілетін зейнетақы төлемдерінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің бар-жоғын анықтау үшін жасалады.          Биылғы наурыз айынан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен, БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен жинақтары бар, соның ішінде 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды алуға БЖЗҚ-ға өтініш жасамаған тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін өтінішсіз (проактивті) тағайындау тәртібі енгізілді. Бұл тәртіп те «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен жыл сайын осындай салыстырып тексеруді  көздейді.          Жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша БЖЗҚ Мемлекеттік корпорация арқылы алушыларға зейнетақы төлемдерін проактивті форматта жүзеге асырады. Яғни, мемлекеттік бюджеттен зейнетақы алатын зейнеткерлердің БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары болса, олар БЖЗҚ-дан да төлемдерді автоматты түрде ала бастайды.          Статистика          2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен 279 041 адамның МЗЖ-ны есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 45 млрд теңгені құрайды. БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтерге сәйкес, олардың ішінде:-          155 217 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлері талап ете алады;-          61 459 адам заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға (ТТЖ) кетуді ресімдеген;-          62 365 адам жасына байланысты зейнетақысын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі жүгінбеген.          Зейнетақы төлемдерін қалай алуға болады?          Еске сала кетейік, зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-дағы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сында есепке алынады, инвестициялануын жалғастыра береді және оларды алушылар немесе олардың мұрагерлері (алушы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін шотта сақталады.          Жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде          Жасына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.          Бұл ретте егер алушының БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары болып, бірақ оларды алуға бұрын (50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты) өтініш бермеген болса, оған БЖЗҚ-дан ЕЗЖ есебінен де зейнетақы төлемдері бірге тағайындалады.          Тұрақты тұруға (ТТЖ) шетелге кеткенде          Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ТТЖ-ға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын пайдалана алады.          Жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда          БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне БЖЗҚ қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының есебінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) шегінде, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-сында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асырады.          Сондай-ақ, зейнетақы және нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Жинағы бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның жинақтары түріндегі мұрагерлік мүлікті рәсімдеу және мұраға құқық туралы куәлікті алу үшін нотариусқа жүгінуі тиіс. Егер өтініш беру мерзімін өткізіп алса, мұраға құқықты қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгіну қажет.          Зейнетақы төлемдерінің түріне және өтініш беру тәсіліне қарай қажетті құжаттардың тізімі enpf.kz сайтының «Қызметтер – Зейнетақы төлемдері» бөлімінде орналастырылған.  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).         Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1245419?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «Оңалту және банкроттық рәсімдерін цифрландыру» тақырыбына тікелей эфирі 30.06.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 5 маусымда сағат 16:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Оңалту және банкроттық рәсімдерін цифрландыру» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Жүнісов Нұрлан Молдашұлы сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Толеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1235335?lang=ru
Қазақстанның қорғаныс жүйесіндегі цифрлық трансформация және жасанды интеллект 30.06.2026
Қазақстан Қарулы Күштерін цифрландыру кадрларды даярлау, инновацияларды енгізу және басқару тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Қорғаныс министрлігінің негізгі жобалары туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.Флагмандық жобалардың бірі – SARBAZ+. Бұл жоба заманауи әскери қызметшінің келбетін қалыптастыруға және қызмет барысында да, оны аяқтағаннан кейін де сұранысқа ие болатын практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.Жоба аясында байланыс және телекоммуникация, ұшқышсыз авиациялық жүйелер, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бағыттары бойынша мамандандырылған сыныптар құрылуда. Әскери қызметшілер үшін техникалық зертханалар мен цифрлық сыныптарды қамтитын заманауи білім беру инфрақұрылымы дамытылуда.«Бүгінде цифрлық технологиялар тек автоматтандыру құралы ғана емес. Олар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, әскерлерді басқару тиімділігін арттырудың, кадрларды даярлау сапасын жақсартудың және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтудың маңызды тетігіне айналды», – деп атап өтті Дархан Ахмедиев.Әскери қызметшілер TechOrda бағдарламасы аясында жасанды интеллект, деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бағыттары бойынша оқытудан өтіп, кейін халықаралық сертификаттарға ие болады. Жоба отандық IT-компаниялармен және технологиялық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырылуда.Қорғаныс министрлігі сондай-ақ мемлекеттік органдарды, IT-компанияларды, жоғары оқу орындарын, ғылыми қауымдастықты, стартаптарды және жас әзірлеушілерді біріктіретін Defence Tech бағытын дамытуда. Үздік жобалар пилоттық сынақтан өтіп, Қарулы Күштердің мүддесі үшін енгізілу мүмкіндігіне ие болады.«Перспективалы шешімдердің бірі – Sarbaz-AI жобасы. Бұл азаматтарды олардың дағдылары мен құзыреттеріне қарай Қарулы күштердің түрлері мен тектеріне зияткерлік негізде бөлуге арналған жүйе. AI Governance Cup ұлттық байқауының қорытындысы бойынша жоба орталық мемлекеттік органдар арасындағы үздік бес шешімнің қатарына енді», – деп атап өтті Қорғаныс министрінің орынбасары.Сондай-ақ мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтарға қосымша білім алу мүмкіндіктерін ұсынатын Sarbaz 2.0 жобасын іске асыру жалғасуда. Жоба жүзеге асырылған уақыттан бері іріктеуге 180 мыңнан астам азамат қатысып, 10 мыңнан астам адам білім гранттарына ие болды.Біртұтас цифрлық білім беру кеңістігінде әскери оқу орындарын біріктіретін Askeri Ziyat платформасында мыңнан астам әскери қызметші оқуды аяқтады. Бүгінде платформада 20-дан астам даярлау бағыты бойынша оқу үдерісі ұйымдастырылған.Әскери-медициналық саланы цифрландыру бағытында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде 1,5 мыңнан астам медицина қызметкері цифрлық сервистерді пайдаланады, ал әскери қызметшілер мобильді қосымша арқылы дәрігердің қабылдауына жазыла алады. 2025 жылдан бері цифрлық форматта 15 мыңнан астам әскери қызметшіге қызмет көрсетілді.Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары да жалғасуда. «Smart военкомат» жобасының арқасында 2025 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы мамырға дейінгі кезеңде Қорғаныс министрлігінің электрондық сервистері арқылы 76 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.Іске асырылып жатқан жобалар әскерлерді басқару тиімділігін арттыруға, отандық технологияларды дамытуға, инновацияларды қолдауға, сондай-ақ жас қазақстандықтардың білім алу және кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1235339?lang=ru
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты 30.06.2026
Қазақстандықтарға соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 2,1 трлн теңгеден асты Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ)  зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады.ҚРҰБ-ның міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың мамырынан бастап 2026 жылдың сәуіріне дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,00 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 8,57% болды. Осы уақыт аралығында жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары  (ЖМЗЖ) есебінен 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс 108,19 млрд теңгені құрады, кірістілік 17,49%.  Еске сала кетейік, сенімгерлік басқарушылар валюталар, елдер, экономиканың секторлары мен эмитенттер бойынша әртараптандырылған түрлі қаржы құралдарына инвестиция сала отырып, теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді. Инвестициялық кіріс бірнеше көзден қалыптасады: бағалы қағаздар бойынша сыйақы (депозиттер мен өзге де операциялардан түсетін кірістер), қаржы құралдарының нарықтық және валюталық қайта бағалануы, сыртқы басқаруға берілген активтердің нәтижелері және басқа да факторлар есебінен. Осылайша, инвестициялық кірістің көлемі бірқатар жағдайларға тәуелді: портфельдегі қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, валюта бағамдарының ауытқуына, инфляция деңгейіне, дивидендтер төленуіне және өзге де ықпал ететін факторларға. Әр кезеңде табыстылық өсіп те, төмендеп те отыруы мүмкін, бұл өз кезегінде салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарының көлеміне әсер етеді. Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірістің төмендеуінің негізгі себебі — теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы салдарынан туындаған валюталық активтердің теріс бағамдық қайта бағалануы. Атап айтқанда, АҚШ долларының бағамы 505,53 теңгеден 462,91 теңгеге дейін төмендеді.Қаржы нарығының құбылмалылығына қарамастан, орта және ұзақ мерзімді перспективада оң инвестициялық кіріс және зейнетақы жинақтарының нақты кірістілігі қамтамасыз етіледі.  1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістілік 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өспелі қорытындымен бүкіл кезеңдегі 979,41% инфляция кезінде 1 060,20% құрады.2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін)  жинақталған, ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық кіріс – 10,21 трлн теңге. Оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – жүргізілген төлемдер есебімен 39,7% құрайды, бұл инвестициялық қызметтің зейнетақы жинақтары құрылымындағы маңыздылығының айғағы.Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды ұзақ мерзімді басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Кірістілік деңгейі қаржы құралдарының, валюта бағамдарының және кезеңнен кезеңге дейінгі өзге де көрсеткіштердің нарықтық құнының құбылмалылығына байланысты екенін атап өту маңызды. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды ұзақ мерзімді кезеңге жасаған жөн. Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) басқаруға аударуға құқылы.Ұзақ мерзімді кезеңде зейнетақы активтерін сақтауға және олардың оң кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚРҰБ-ның неғұрлым консервативті басқаруымен салыстырғанда, ИПБ-ның инвестициялық декларациялары мен реттеушінің талаптары зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру үшін ИПБ-ға кең инвестициялық мүмкіндіктер береді (бұл ретте ИПБ-ның тәуекелдері де жоғары).Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында "статистика және талдау/зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде жарияланады (https://www.enpf.kz/kz/). БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1231361?lang=ru
Салықтардың артық (қате) төленген сомаларын есепке алу және қайтару тәртібі 30.06.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды артық немесе қате төлеу жағдайында оларды есепке алу немесе қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 120–123 - баптарымен реттелетінін еске салады.Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың артық төленген сомасы болған жағдайда мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің өтініші негізінде есепке алу немесе қайтару жүргізеді.Артық төленген сома — бұл бюджетке нақты төленген сома мен тиісті салық, төлем немесе өсімпұл бойынша есептелген (есептелген) сома арасындағы оң айырма.Сонымен қатар мыналар ескеріледі: басқа салықтар мен төлемдер есебіне есепке алынған сомалар, салық төлеушіге бұрын қайтарылған сомалар, есепке алу және (немесе) қайтару жүргізілген күнге.Есепке алу немесе қайтару үшін салықтық өтініш белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығына сәйкес ұсынылады. Өтінішті тапсыру тәсілдері:- «Салық төлеушінің кабинеті СӘИЖ» веб-қосымшасы арқылы- www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы (жеке тұлғалар үшін)- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз түрінде.Артық төленген соманы қайтару мемлекеттік кірістер органы тарапынан салық төлеушінің өтінішінде көрсетілген банк шотына 5 жұмыс күні ішінде, өтініш тіркелген күннен бастап, бюджет алдында берешек болмаған жағдайда жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1235357?lang=ru
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды 30.06.2026
Қазақстанда баламасы жоқ алғашқы «qamqor SOS» цифрлық модульдік жедел медициналық көмек пункті Қонаев қаласында іске қосылды. Нысан халық көп шоғырланатын Қапшағай жағажайы аумағында орналасқан және тұрғындар мен туристерге шұғыл жағдайда алғашқы медициналық көмекті жедел алуға мүмкіндік береді. Сырқаттанған немесе зардап шеккен азамат модульдік пунктке келіп, арнайы SOS батырмасы арқылы жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерімен бірден байланыса алады. Медицина қызметкері қашықтан модульді ашып, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық береді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Көлемі 2×2,5 метр болатын модуль тәулік бойы жұмыс істейді және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге арналған. Оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер мен заманауи жабдықтар орналастырылған. Атап айтқанда, дефибриллятор, жараларды алғашқы хирургиялық өңдеуге арналған стерильді бикс, жедел коронарлық синдром кезінде қолданылатын медициналық жинақ, брезент көрпе және тот баспайтын болаттан жасалған кушетка бар.Пункт үздіксіз интернетпен, 360 градус сыртқы бейнебақылау камерасымен, SOS дабыл жүйесімен, қашықтан басқарылатын телемедицина кешенімен, ақпараттық дисплеймен және ішкі бейнекамералармен жабдықталған. Диспетчер бейне және аудиобайланыс арқылы науқастың жағдайын бағалап, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулар береді. Сондай-ақ пункттегі медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді пайдалану тәртібін түсіндіреді.Модульдің сыртқы қаптамасы жоғары беріктігімен ерекшеленетін HPL-панельдер мен тот баспайтын болаттан жасалған. Бұл оның әртүрлі климаттық жағдайларға төзімділігін және ұзақ мерзім қызмет етуін қамтамасыз етеді. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, жоба өңірдегі шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.«Бір модульдік пункт тәулігіне шамамен 50 адамға дейін алғашқы медициналық көмек пен кеңес беру қызметін көрсете алады. Қажет болған жағдайда бұл көрсеткіш жоғары болуы мүмкін. Біз тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті қолжетімді етіп қана қоймай, цифрлық технологияларды енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеріп отырмыз. Айта кетерлігі – мұндай форматтағы модульдік жедел медициналық көмек пункттері Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отыр», – деді Ержан Сүлейменов.Жоба аясында жыл соңына дейін Алматы облысының туристік және рекреациялық аймақтарында барлығы 11 цифрлық модульдік жедел медициналық көмек пунктін орнату жоспарланған. Олар Қонаев қаласы мен Қапшағай жағалауында, «Түрген» тау шаңғысы курортында, «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» Mountain Resort-та, «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығында, «Хан Тәңірі» халықаралық альпинистік лагерінде, «Арасан» шипажай-курорттық аймағында, сондай-ақ «Шарын», «Іле-Алатауы», «Көлсай көлдері» және «Алтын-Емел» ұлттық парктері мен «Таңбалы» мемлекеттік қорық-мұражайы аумағында орналастырылады. Әрбір пункт белгілі бір туристік нысанға бекітіліп, сол аумақтағы тұрғындар мен келушілерге тұрақты қызмет көрсетеді.«Туристік орындарда демалып жүрген азамат оқыстан ауыр жарақат алса, немесе қан қысымы көтерілу, күн өту, үсік шалу сияқты жағдайларға тап болса, осындай медициналық модульге кіріп, медициналық қызметкердің көмегіне онлайн жүгіне алады. Жоба төтенше жағдай туралы жедел хабар беруге, медицина мамандарымен дереу байланыс орнатуға және жедел жәрдем келгенге дейін қажетті көмекті ұйымдастыруға да мүмкіндік береді», – деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.Жобаны Алматы облысының әкімдігі, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы және Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бірлесіп жүзеге асыруда. Жоба халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, туристік аймақтардағы төтенше жағдайларда әрекет ету уақытын қысқартуға және өңірдің денсаулық сақтау саласына заманауи цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1235369?lang=ru
Салық төлеу бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі енгізілді 30.06.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі енгізілгенін хабарлайды. Бұл ретте берешек сомасы 1500 Айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда, 12 айға дейінгі мерзімге мүліктік кепіл немесе банк кепілдігін ұсыну талап етілмейді.Мерзімді ұзарту мүмкіндігін алу үшін салық төлеуші берешекті өтеу кестесін қоса бере отырып, тиісті өтінішті дербес түрде ұсынуы қажет.Берешек сомасы 1500 Айлық есептік көрсеткіштен асқан және төлем мерзімін 12 айдан артық уақытқа ұзарту қажет болған жағдайда, салық міндеттемесін орындау мерзімін ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы төлемдермен 3 жылға дейін өзгертуге болады. Бұл жағдайда өтімді мүлік кепілі немесе банк кепілдігі түріндегі қамтамасыз ету міндетті болып табылады.Төмендегі төлем түрлері бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуге жол берілмейді:- төлем көзінен ұсталатын салықтар;- акциздер;- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС;- айыппұл сомалары.Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді алу мәселелері бойынша тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуді ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1235373?lang=ru
Қазақстандық өнімді сатып алыңыз: Nudge теориясы тұтынушыларды отандық өнімдерді таңдауға қалай бағыттайды? 30.06.2026
2026 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстанда отандық ірімшікті насихаттауға арналған мінез-құлыққа негізделген құралдарды кең ауқымда енгізу жобасы іске қосылды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдамалық орталық (ҰАО), «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өңірлік департаменттер бұл бастаманы еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырып жатыр.Жобаны кең ауқымды енгізу (масштабтау) пилоттық эксперименттің сәтті нәтижелеріне негізделеді. Бұл эксперимент ұлттық брендтерді тиімді қолдау үшін «таңдау архитектурасының» дұрыс құрылуы маңызды екенін дәлелдеді. Яғни, сауда ортасы қазақстандық өнімді таңдауды неғұрлым жеңіл, көзге көрінетін және ұтымды шешім ретінде ұсынуы қажет. Мінез-құлық құралдары өнімнің көзге түсуін мен танымалдылығын арттырып қана қоймай, тұтынушылардың отандық өнімдерге деген көзқарасын оң бағытта өзгертуге де ықпал етеді.Пилоттық жоба туралы2026 жылдың көктемінде Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдамалық орталық (ҰАО) мінез-құлыққа негізделген ғылым саласындағы жаһандық британдық зерттеу ұйымы - Behavioural Insights Team (BIT) және «Magnum Cash & Carry» сауда желісімен бірлесіп, Қазақстан жағдайында мінез-құлық құралдарын сынақтан өткізуге арналған пилоттық эксперимент жүргізді.Эксперимент Астана қаласындағы «Magnum Cash & Carry» желісінің 8 супермаркетінде 4 апта бойы шынайы сауда жағдайында өтті. Эксперимент сатып алушылардың назарын қазақстандық тауарларға аудару және мінез-құлық құралдары арқылы оларды отандық өнімді таңдауға «жұмсақ түрде ынталандыруға» негізделген еді.Эксперименттің негізінде Nudge тұжырымдамасы жатыр (ағылшын тілінен аударғанда – «жұмсақ итермелеу»). Ол адамдарға қоғам үшін неғұрлым ұтымды әрі тиімді шешімдер қабылдауға көмектеседі. Мінез-құлық тәсілдері АҚШ, Еуропа, Азия және Араб елдерінде экономикалық патриотизмді арттыруға және пайдалы тағам өнімдерін сатуды ынталандыруға кеңінен қолданылып келеді. Енді мінез-құлық ғылымының әлеуеті Қазақстанда да сынақтан өткізілді. Неліктен сатып алушылар қазақстандық өнімді байқамайды?Эксперимент үшін кейс ретінде «ірімшік» санатындағы сүт өнімі таңдалды. Неліктен ірімшік? Ірімшік - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі, алайда Қазақстан нарығындағы ірімшіктің шамамен 47%-ы импорттық өнімдер.Ұлттық талдамалық орталықтың (ҰАО) елдің барлық өңірлерінде 1000 респондент арасында жүргізген сауалнамасы қызықты парадоксты анықтады. Респонденттердің 59%-ы отандық ірімшікке оң көзқарас білдіргеніне қарамастан, көпшілігі тұтынатын өнімдерінің шығу тегі туралы жеткілікті хабардар емес екен. Атап айтқанда, респонденттердің 71%-ы сатып алатын ірімшік брендін атай алмаған, ал 32%-ы тұтынатын өнімнің қай елде өндірілгенін білмейтін болып шықты.Сонымен қатар сауалнама нәтижелері импорттық ірімшіктің сапасы жоғары, ассортименті кең және дәмі жақсы деген кең таралған стереотиптердің бар екенін көрсетті. Алайда осы көзқарастың қалыптасуына тұтынушылардың қазақстандық және импорттық өнімдерді объективті салыстыруға мүмкіндік беретін ақпараттың жеткіліксіздігі әсер етуі мүмкін.Алынған нәтижелер тұтынушылар таңдауының көп жағдайда импорттық немесе отандық өнімді саналы түрде бағалауға емес, әдеттерге, стереотиптерге, визуалды бағдарларға және дүкен сөрелеріндегі өнімнің орналасуына орай қалыптасатынын көрсетеді.Көзге байқалмайтын, бірақ әсері айқын шешімдер: мінез-құлыққа негізделген “жұмсақ итермелеулер”Азық-түлік өнімдері туралы ақпараттың жеткіліксіздігі сатып алушыға тікелей дүкен ішінде шешім қабылдауға көмектесетін интуитивті түсінікті «таңдау архитектурасын» құрудың маңыздылығын көрсетеді. Эксперимент барысында қазақстандық ірімшіктің көзге түсуі мен танымалдылығын арттыруға және сатып алу шешімін тікелей сөре жанында жеңілдетуге бағытталған мінез-құлық құралдары қолданылды. Қазақстандық ірімшікке арналған сөрелер жеке аймақ ретінде бөлініп, «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар жарқын түсті дизайндағы сөре бөлгіштері, стикерлер және сөре ленталарымен белгіленді. Пилоттық дүкендердің кіреберісіне қазақстандық ірімшікті таңдаудың үш артықшылығын (тиімді баға, айрықша дәм және отандық өндірушілерді қолдау) атап көрсететін баннерлер орналастырылды. Сауда залдарында қазақ және орыс тілдерінде қазақстандық ірімшікті таңдауға шақырған, ұлы күйші Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен сүйемелденген аудиохабарламалар беріліп отырды. Эксперимент нәтижелеріБір қарағанда мұндай шағын өзгерістер елеусіз болып көрінуі мүмкін. Алайда бұл жерде мінез-құлық құралдарының ерекшелігі байқалады: олар сатып алушының бұрын назардан тыс қалуы мүмкін болған баламаларға көңіл аударуына ықпал етеді. Көптеген тұтынушылар сатып алатын ірімшіктің бренді мен шыққан елін білмейтін жағдайда, таңдау сәтіндегі дер кезінде берілген нұсқау шешуші рөл атқара алады.Эксперимент нәтижелері: тек 4 апта ішінде пилоттық дүкендерде қазақстандық ірімшік сатылымы шамамен 20%-ға артты. Бұл көрсеткіш халықаралық тәжірибеде тіркелген мінез-құлықтық интервенциялардың орташа әсерінен (8%) айтарлықтай жоғары. Қазақстандық ірімшік бойынша орташа чек бір сатып алушыға шаққанда 670 теңгеге өсті. Бұл Қазақстанда ұлттық брендті насихаттау бағытында мінез-құлық құралдарының айтарлықтай әлеуеті бар екенін көрсетеді.Сатып алушылардың реакциясын зерттеу үшін пилоттық супермаркеттерде касса аймағынан шыққан тұтынушылар арасында сауалнама жүргізілді. Респонденттердің айтуынша, визуалды материалдар назар аудартып, сөрелердегі отандық ірімшікті тезірек байқауға көмектескен. Ең көзге түскен элементтер ретінде сатып алушылар стикерлер мен сөре бөлгіштерін атаған, ал баннерлер, сөре ленталары және аудиохабарламалар салыстырмалы түрде сирек аталды.Сауалнама сонымен қатар мінез-құлық құралдарының тек өнімді таңдауға ғана емес, тұтынушылардың отандық тауарларға деген көзқарасына да әсер еткенін көрсетті. Респонденттердің жартысынан астамы (56%) мінез-құлықтық материалдар қазақстандық ірімшікке қатысты неғұрлым оң көзқарастың қалыптасуына ықпал еткенін атап өтті, ал сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі оны болашақта сатып алуға дайын екендерін білдірді. Ең жиі аталған себептердің қатарында отандық өндірушілерді қолдауға деген ниет және ассортиментті тезірек бағдарлап, сөрелерден қазақстандық өнімді оңай табу мүмкіндігі болды.Келесі қадам: кең ауқымды енгізуПилоттық жоба нәтижелері тұтыну ортасындағы шағын өзгерістердің сатып алушылардың таңдауына әсер етіп, отандық өнімнің көріну деңгейін арттыра алатынын дәлелдеді. Осыған байланысты 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық ірімшіктің сатылымын көбейту мақсатында аталған мінез-құлық құралдарын елдің барлық өңірлерінде кең ауқымда енгізу басталды.Қазақстан Республикасының заңнамасында отандық тауарлар үшін бөлшек сауда желілерінде кемінде 30% ассортименттік үлес қарастырылған. Бұдан бөлек, «Даму» қорының қолдау бағдарламалары арқылы сөре кеңістігінің қосымша 20%-ына дейін бөлу мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі отандық тауарларды насихаттау ережелерін офлайн-бөлшек саудада да, электрондық коммерцияда да күшейтіп отыр. Маркетплейстер үшін қазақстандық өнімді іздеу нәтижелерінде басым көрсету тетіктерін енгізу және «Қазақстанда жасалған» атты жеке бөлімдер құру міндеттелуде.Халықаралық тәжірибе мен Қазақстандағы пилоттық эксперимент экономикалық патриотизмнің тиімді «таңдау архитектурасы» арқылы қалыптасатынын растайды. Мінез-құлыққа негізделген тәсілдер дәстүрлі мемлекеттік басқару әдістерін алмастырмайды. Керісінше, олар реттеуші шараларды, тікелей субсидияларды және отандық өндірушілерді қаржылық қолдауды тиімді толықтырып, жалпы экономикалық әсерді күшейтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1235420?lang=ru
Текелі қаласында «Soundtrack» атты ерекше концерт өтті! 30.06.2026
Текелі қаласының мәдени өмірінде жарқын оқиғалардың бірі орын алып, қала тұрғындары мен қонақтары әсерлі музыкалық кештің куәсі болды. Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі тыңдармандарға әлемдік кино өнерінің жауһар туындыларынан құралған «Soundtrack» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.Кеш барысында көрермендер кино әлеміндегі ең танымал және сүйікті шығармалардың әуендерін ұлттық аспаптардың үнімен тыңдап, ерекше әсерге бөленді. Оркестр орындауындағы әрбір композиция көрермендерді түрлі дәуірлер мен оқиғаларға жетелеп, кино кейіпкерлерінің тағдырын музыка арқылы қайта сезінуге мүмкіндік берді.Концерт бағдарламасында әлемдік кинематографияның әйгілі туындыларына жазылған саундтректер орындалды. Атап айтқанда, көрермендер «Гладиатор» фильмінің эпикалық музыкасын, «Возвращение Будулая» телехикаясының жүрекке жақын әуендерін, Disney студиясының танымал «Что меня ждет» композициясын, анимациялық өнердің жауһары саналатын «Ходячий замок» фильмінің сиқырлы музыкасын, кеңестік кино классикасынан «Помоги мне» әнін, сондай-ақ суперқаһармандар әлеміне арналған «Мстители» фильмінің қуатты саундтрегін зор ықыласпен қабылдады.Ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы бұл шығармалар жаңа бояуға ие болып, домбыра, қобыз, жетіген және басқа да халық аспаптарының үні арқылы ерекше сипатқа ие болды. Дәстүрлі қазақ музыкасы мен әлемдік кино музыкасының үйлесімі көрермендердің жоғары бағасына ие болып, залды ерекше атмосфераға бөледі.Кеш барысында оркестрдің кәсіби шеберлігі, орындаушылардың сахна мәдениеті және шығармашылық ізденісі айқын көрініс тапты. Әрбір шығарма тыңдарман көңілінен шығып, концерт соңында көрермендер өнер ұжымын ұзақ уақыт қол соғып, зор қошемет көрсетті.«Soundtrack» концерті ұлттық музыкалық өнердің мүмкіндіктерін жаңа қырынан танытып қана қоймай, әртүрлі буын өкілдерін бір сахна төңірегінде тоғыстырған ерекше мәдени жобаға айналды. Бұл кеш кино музыкасының құдіретін халық аспаптарының бай үнімен ұштастырып, өнерсүйер қауымға ұмытылмас әсер сыйлады.Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі алдағы уақытта да тыңдармандарын жаңа шығармашылық жобалармен қуантуды жоспарлап отыр. Осындай мәдени іс-шаралар өңірдің рухани өмірін байытып, ұлттық өнерді насихаттауға зор үлес қоспақ.Өнер мен кино әлемін тоғыстырған «Soundtrack» концерті Текелі жұртшылығының жадында ұзақ сақталатын ерекше кештердің бірі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1235432?lang=ru
КСК ауданындағы «Солнечный» дүкеніне іргелес аумақ абаттандырылуда 30.06.2026
КСК ауданындағы «Солнечный» дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жоба аясында автотұрақ салу, 3 мың шаршы метрден астам аумаққа асфальт төсеу және сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңарту көзделген. Барлық жұмыстар тұрғындардың қолайлылығын арттыруға және заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.Жұмыс барысын зерделеу кезінде автотұрақ аумағында орналасқан стационарлық емес сауда нысандарын орналастыру мәселелері де қаралды. Аталған жер учаскелері 2028 жылға дейін жалға берілген. Сонымен қатар оларды пайдалану қолданыстағы келісімшарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы және нысандардың сыртқы келбеті қаланың дизайн-кодына сай болуы тиіс екені атап өтілді.Сондай-ақ «Солнечный» супермаркетіне келушілерге арналған аумаққа ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта бұл кеңістіктің бір бөлігі жалға алушылар тарапынан коммерциялық мақсатта пайдаланылып отыр. Дегенмен аумақ өзінің тікелей мақсатына сай қолданылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға қызмет етуі қажет.Бұдан бөлек, дәріханалар, дүкендер және өзге де бизнес нысандарын қоса алғанда, барлық іргелес аумақты ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ғимараттардың сыртқы келбеті мен оған жақын аумақтардың жағдайы абаттандыру талаптарына және бірыңғай сәулеттік орта қағидаттарына сәйкес болуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1235433?lang=ru
Аустриядағы Қазақстан Елшілігінің футбол командасы дипломатиялық футбол турнирінің жеңімпазы атанды 30.06.2026
Вена, 2026 жылғы 29 мамыр — Аустрия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің футбол командасы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған дипломатиялық футбол турнирінде жеңіске жетті.Спорттық шара дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың командаларын біріктіріп, достық қарым-қатынастарды нығайтуға, өзара түсіністікті дамытуға және халықтардың ерлікке толы тарихи мұрасын ұлықтауға арналған маңызды алаңға айналды.Турнир барысында Елшілік футболшылары жоғары спорттық шеберлік, ұйымшылдық және адал ойын қағидаттарына берік екендіктерін көрсетті.Турнир достық, тартысты спорттық бәсеке және өзара құрмет жағдайында өтті. Қатысушылар спорттың халықаралық байланыстарды нығайтуға және елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін маңызды құрал екенін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1235434?lang=ru
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты 30.06.2026
Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге Қонаев қаласындағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарын көрді.Вокзал аумағындағы құрылыстың қарқынды жүріп, бүгінде аяқталуға таяған. Ғимараттың негізгі келбеті қалыптасып, ішкі әрлеу мен инженерлік жүйелерді іске қосу жұмыстары атқарылуда. Құрылыс алаңында мердігер ұйымдардың мамандары белгіленген мерзімге үлгеру үшін жұмысты жүйелі жалғастыруда.Нысан басында өткен көшпелі кеңесте облыс әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ және жауапты мекемелердің өкілдері жобаның орындалу барысы жөнінде есеп берді.Мамандардың айтуынша, бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарының 93 пайызы аяқталған. Қазіргі таңда сыртқы электр және газ желілерін қосу, сондай-ақ ғимаратты жиһазбен және заманауи кеңсе техникасымен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.Вокзал ғимаратының қабырғалары толық тұрғызылып, шатыр жабылған. Су құбыры, кәріз, жылыту және желдету жүйелері орнатылған. Жолаушылар платформасының құрылысы да толық аяқталған.Жалпы аумағы 503,8 шаршы метр болатын нысанды биылғы маусым айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.Жиын барысында облыстағы өзге де теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары сараланды. Қазыбек бек (Ұзынағаш) және Шамалған вокзалдарының дайындығы 99 пайызға, Жетісу вокзалындағы жұмыстардың орындалуы 92 пайызға жеткен.Көлік министрі құрылыс қарқынын оң бағалап, жауапты мекемелерге барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтап, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді тапсырды. Оның айтуынша, жаңғыртылған вокзалдар жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс.Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде 124 теміржол вокзалын жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама аясында вокзалдар заманауи инженерлік жүйелермен жабдықталып, күту залдары жаңартылып, сервистік қызмет көрсету сапасы жақсартылуда. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауына қажетті жағдайлар қарастырылған.Мұндай жобалар еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.Қонаевтағы вокзалдың жаңаруы да – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1235437?lang=ru
5-6 маусым күндері аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Арал ауданының тұрғындарымен кездеседі 30.06.2026
5-6 маусым күндері аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Арал ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235466?lang=ru
6 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданының тұрғындарымен кездеседі 30.06.2026
6 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235471?lang=ru
Дәстүрлі өнердің тарихы мен тағылымы терең 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, белгілі жырау, фольклортанушы ғалым Алмасбек Алматовпен кездесті.Кездесуде Сыр өңірінде атадан балаға мұра болып қалған жыраулық, жыршылық өнердің дамуы, жастарды ұлттық өнерге баулу жайы әңгіме өзегіне айналды.Аймақ басшысы қазақтың дәстүрлі өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің ұлттық мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерттеп, кәсіби білім беру жүйесіне енгізіп, шәкірт тәрбиелеген еңбегін ерекше атап өтті.Тәуелсіздік жылдарында жыраулық өнер академиялық білім беру жүйесіне енгізіліп, «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы ашылды. Алмасбек Алматов тәрбиелеген шәкірттер Сыр өңіріндегі мақам-саз ерекшеліктеріне негізделген мектептерді бүкіл елімізге танытты.Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында: «Жалпы, «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған. Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды саңлақтар негізін қалаған жыршылық мектептерді бүкіл еліміз біледі» деп атап өткені белгілі.Ғалым ұстаз қазақтың дәстүрлі өнерін әлем жұртшылығына насихаттауда да жемісті еңбек етті. АҚШ, Франция, Италия, Швейцария, Ұлыбритания, Египет, Моңғолия және басқа да мемлекеттерде өнер көрсетіп, ұлттық мәдениетіміздің халықаралық деңгейде танылуына үлес қосты.Бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Қазақ ұлттық өнер университетінде және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде кәсіби жыршы-жыраулар даярланып келеді. Олар халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанған.Айта кетейік, өткен жылы «Өнер орталығында» Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жыр керуен» шығармашылық кеші өтті. Кеште Нұрлыбек Машбекұлы жырауға Сыр жұртшылығы атынан құрмет көрсетіп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен автокөлік кілтін табыстады.Анкара музыка және көркем өнер университеті «Дәстүрлі өнер» мамандығының докторанты Малика Алдамжароваға, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Дәстүрлі музыкалық өнер: Дәстүрлі жыр» білім беру бағдарламасының докторанттары Күнсұлу Түрікпен мен Ақерке Дабыловаға айына 300 мың теңге стипендия тағайындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235479?lang=ru
Әскери-техникалық мектептердің төртінші легінде 700-ден астам азамат даярлықтан өтеді 30.06.2026
Осы жылдың маусым–шілде айларында Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектептерінде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша курсанттардың төртінші легін оқыту ұйымдастырылып отыр.Азаматтарды әскери-техникалық мектептерге жіберу жөніндегі іс-шараларды Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті генерал-майор Алмас Исабековтің басшылығымен үйлестірді. Жаңа курсанттар легін қабылдауға мекемелердің дайындығын Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің бас директоры отставкадағы генерал-майор Әділбек Алдабергенов тексерді.– Оқытуға 24 пен 27 жас аралығындағы азаматтар қатысады. Оқу курсы 42 күнге созылады. Осы уақыт ішінде олар әскери істің негіздерін, атыс қаруымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын, төтенше жағдайлардағы әрекеттерді меңгеріп, тактикалық дайындықтан өтеді, – деп нақтылады ол.Азаматтарды даярлау Әскери-техникалық мектептің 13 филиалында: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында жүргізіледі.Бұл орталықтарда атқыштар, пулеметшілер, гранатометшілер, мергендер, барлаушылар, саперлер және басқа да мамандар дайындалады. Қарулы күштердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін логистикалық орталық мамандары, автокөлік және бронетехниканы жөндеу мамандары, автоэлектриктер, аккумуляторшылар, газ және электр дәнекерлеушілер, аспаздар мен наубайшылар да даярланады. Сонымен қатар пилоттық жоба аясында ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын дайындау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.Оқу аяқталғаннан кейін курсанттар емтихан тапсырып, әскери-техникалық мамандық бойынша сертификат иесі атанады. Салтанатты түрде әскери ант қабылдап, әскери билет алып, резервке тіркеледі.Қазақстан заңнамасына сәйкес, бұл бағдарлама азаматтарды әскери қызметке дайындауға және Қарулы күштердің әскери оқытылған резервін қалыптастыруға бағытталған. Оқу кезеңінде жұмыс берушілер қызметкерлерге жұмыс орнын сақтай отырып, оқу демалысын береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1235560?lang=ru
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Талдамалық анықтама 30.06.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін ықтимал себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 27 наурыздағы №515 бұйрығымен "Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы", сондай - ақ "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" № 4 үлгілік базалық бағытын (бұдан әрі - №4 ҮББ) іске асыру шеңберінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2026 жылғы 27 наурыздағы №515 бұйрықта бекітілген салалық заңнаманы қолдануда практикалық тәжірибесі бар қызметкерлерден: Департамент басшысының орынбасарынан, басқарма басшыларынан және кеден бекеттерінен тұратын жұмыс тобы жүргізді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұсыныстар әзірлеу үшін ақпараттық жүйелердің деректері және басқа да талдамалық ақпарат зерделенді.Департаменттің басқармалары мен кеден бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі кезеңдер мен № 4 ҮББ жобаларын орындау бойынша Үлгілік қағидалар мен Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылды:1) талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және жалпылау;2) талдау объектісінің қызметін, оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына талдау жасау;3) талдамалық анықтаманы дайындау және оған қол қою;4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;          5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдардың орындалуын бақылау және мониторингтеу.          Жұмыс барысында талданды:-   Департаменттің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;-   мемлекеттік қызмет көрсету;-   талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;-  2025 жылдың кезеңі мен 2026 жылдың өткен кезеңі үшін бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;-    Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерін анықтау;- мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау;-  мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру фактілерін анықтау;-  қызметтік және ресми таратылуға жатпайтын өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе иелену мақсатында пайдалану фактілерін анықтау;-  мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқуға жіберу.Департамент жұмысының функцияларының көптігі мен салааралық сипатын ескере отырып, қызметтің негізгі бағыттары талдаумен қамтылды, атап айтқанда:ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.         Талдау қорытындысы бойынша 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды: Талдаумен қамтылған қызмет бағыты Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауыСалықтық тексеру кезінде құжаттарды талап етудің заңдылығы мен толықтығы.Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасыСалықтық тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдарының қажетті құжаттарды ұсыну туралы талаптарында негізінен бастапқы бухгалтерлік құжаттар, айналым-сальдо ведомстері, шот карточкалары, шарттар, орындалған жұмыс актілері және өзге де құжаттар сұратылады. Бұл ретте мұндай құжаттардың көлемі едәуір көп беттерден тұрады, оларды салық төлеуші ақпараттық жүйеге енгізу үшін сканерлеуі қажет. Сонымен қатар, деректердің үлкен көлемін жүктеу және сақтау бөлігіндегі техникалық шектеу айқындалмаған. Қазіргі уақытта құжаттарды ұсыну туралы талапты жолдау бағыты ақпараттық жүйеде салық төлеушінің кабинетінде іске асырылған. Ақпараттық жүйе «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» (бұдан әрі – СӘИЖ) аталған тетікті іске асыру мынандай мүмкіндіктерге жол береді: ұсынылған құжаттардың көлемін тиісті түрде тіркеуді қамтамасыз етуге; тексеру актісінде шағымды қарау сатысында қосымша (бұрын тіркелмеген) құжаттарды ұсынуды болдырмауға; дауларды қарау кезінде дәлелдемелік базаны күшейтуге; теріс пайдалану тәуекелдері мен ықтимал сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендетуге мүмкіндік береді.Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар«СӘИЖ» АЖ құжаттарды ұсыну туралы талап жолдау функциясын іске асыру және салық төлеушінің сұратылған құжаттардың толық пакетін жолданған талапқа жауап ретінде, оларды ұсынған күн мен уақытта тіркей отырып, тікелей жүктеу мүмкіндігін қамтамасыз ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1235565?lang=ru
Аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау"тақырыбында кездес 30.06.2026
2026 жылғы 05 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов К.К. Зайсан, Күршім, Марқакөл аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен онлайн-кеңес өткізді.Кеңес барысында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу іс-шаралар талқыланды.Койшинов К.К. мемлекеттік қызметшілер қоғамға үлгі болуы тиіс екенін, заң талаптарын бұзбауы, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы және салауатты өмір салтын ұстануы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол құмар ойындарына қатысуға, қоғамдық орындарда және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқаруға тыйым салынатынын еске салды.Кеңес қорытындысы бойынша Койшинов К.К. жоғарыда айтылған талаптарды тұрақты сақтау, тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдарда заңдылық пен жауапкершілік атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1235610?lang=ru
Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Roca Group компаниясының өкілдерімен кездесті.Компаниялар тобы санитарлық-техникалық өнімдерді өндірумен айналысады. Компания ванна, санитарлық керамика, душ науалары, крандар, аксессуарлар және жиһазды қоса алғанда, жуынатын бөлме өнімдерінің толық спектрін шығарады.Жоба сантехникалық бұйымдар мен жуынатын бөлме аксессуарларын шығаратын және құрастыратын елдегі алғашқы зауыт болмақ.Қызылорда қаласындағы зауыттың іргетасы жақында қаланды. Жоспарланған инвестиция көлемі 44,1 млрд теңгені құрайды, өндірістік қуаты 500 000 бірлікке жетеді. Шамамен 300 тұрақты жұмыс орны құрылады.Кездесу барысында тараптар жобаның ағымдағы жағдайы мен одан әрі жүзеге асыру жоспарларын талқылады.Ғабидулла Оспанқұлов салық жеңілдіктерін қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанның инвестициялық ахуалының артықшылықтары туралы айтты.Келіссөздерден кейін қатысушылар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға деген міндеттемелерін растады.Бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі, Roca Group және Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстанда жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялық келісімге қол қойылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1235535?lang=ru
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігін растады 30.06.2026
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Португалия, Литва және Түркияның жоғары аудит органдары жүргізген «дәрежесі бойынша тең тексеруден» сәтті өтіп, өз жұмысының ИНТОСАИ халықаралық стандарттарына сәйкестігін растады. Ауқымды жұмыстың қорытындысы Астанада Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың басшылығымен өткен отырыста талқыланды. Іс-шараға Португалия Аудиторлар сотының президенті Филипа Урбано Кальвао, Түркия Есеп сотының президенті Метин Йенер, Литва Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиюс Навикас, ҚР Президенті әкімшілігінің лауазымды тұлғалары, ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің өкілдері, Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлері қатысты.Тексеру барысында Қазақстанның мемлекеттік аудитінің ИНТОСАИ халықаралық стандарттарына сәйкестігі кешенді түрде бағаланды. Жоғары аудиторлық палатаның мықты тұстары анықталып, одан әрі жетілдіру керек бағыттары белгіленді. Шетелдік әріптестер Жоғары аудиторлық палатаның негізгі аудит материалдарын және ҚР ұлттық заңнамасын талдап, салалық мамандармен, Парламент, Қаржы министрлігі мен басқа да ведомстволардың өкілдерімен сұхбат жүргізді.  Тексерушілер аудитті жоспарлау және жүргізу, қолданылатын әдістеме, сапаны басқару, цифрлық жүйелерді пайдалану, Президент пен Парламент алдында есеп беру, БАҚ және қоғаммен байланыс сияқты Палата жұмысының маңызды аспектілерін басты назарға алды. Өз сөзінде Әлихан Смайылов дәрежесі бойынша тең тексерудің Жоғары аудиторлық палатаның дамуындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Бұл, әсіресе, мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жағдайында өте өзекті.«Жоғары аудиторлық палата трансформациясы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды қоғамдық-саяси және экономикалық өзгерістердің бір бөлігі. Бұл өзгерістер ашық әрі әділ қоғам құруға, билік тармақтары арасындағы балансты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», — деді Палата төрағасы.Ол Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігінің тұрақты механизмдерін қалыптастыруға жәрдемдесу міндеті жүктелгенін атап өтті. Осы үдеріс шеңберінде ведомство 2021-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын табысты іске асырып, 2026-2030 жылдарға арналған жаңа стратегияны қабылдады. Бұл құжаттардың негізгі мақсаттарының бірі Қазақстандағы мемлекеттік аудиттің қызметін жетілдіру және институционалдық әлеуетін арттыру болып отыр.Ә. Смайылов қазіргі уақытта Қазақстандағы аудиттің барлық кезеңі Жоғары аудиторлық палатаның бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылғанын айтып өтті. Ол 14 мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Дегенмен цифрландыруды одан әрі арттыру, жасанды интеллект және үлкен деректерді өңдеу құралдарын енгізу басым бағыттардың бірі болып қала береді.«Палата құзыретін кеңейту үшін үнемі инновациялық әдістерді, үздік шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттарды енгізу қажет. Дәрежесі бойынша тең тексеру нәтижелері мемлекеттік аудит тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосады деп сенемін», — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі қорытынды есепті тапсыру рәсімі болды. Ол тең тексерудің ресми аяқталғанын білдіреді.  Қатысушыларға атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірген Әлихан Смайылов әріптестерін биыл қыркүйекте жоспарланған ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.Анықтама ретінде: ИНТОСАИ – әлемнің 190-нан астам елінің жоғары аудит органдарын біріктіретін халықаралық ұйым. Ұйым есеп беру және тұрақты даму мәселелері бойынша БҰҰ серіктесі мәртебесіне ие.Telegram-каналға жазылуАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/press/news/details/1235672?lang=ru