6 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы ұйымдастырылды.
Конституция

6 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» акциясы ұйымдастырылды.

30.06.2026 18:28:39 43

6 маусым күні іс-шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 100-ден астам сарбазы қатысып, Елек өзенінің жағалауында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Акция барысында өзен маңы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға үндейді. Сонымен қатар, бұл шаралар жастардың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатты аялау мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1236266?lang=ru