Жаңалықтар
Өңірде 79 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде 05.04.2025
Өңірде 79 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілудеМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдардағы осал отбасының балалары мен бастауыш сыныптардың оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыру шарасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бастама балалардың денсаулығын сақтау және оқу үдерісін қолдау мақсатында қолға алынды.Қазіргі таңда облыс бойынша 399 мемлекеттік мектепте тегін ыстық тамақтандыру қызметі ұйымдастырылған. Осы арқылы облыс мектептерінде 70 176 бастауыш сынып оқушысы, 5-11 сынып аралығындағы 8560 жекеленген санаттағы бала, барлығы 79 мыңға жуық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Бұл мақсатта мемлекеттік бюджеттен жалпы 8 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы тамақтандыруды ұйымдастыру мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде облыс мектептеріне 93 өнім беруші қызмет көрсетіп келеді. Бұл жүйе балалардың сапалы әрі қауіпсіз тамақпен қамтылуын қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсету деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/965607?lang=kk
Биыл Ақтөбе облысында 56 ауыл мектебі жаңғыртылады 05.04.2025
Биыл Ақтөбе облысында 56 ауыл мектебі жаңғыртыладыҚазіргі таңда Ақтөбе облысындағы білім беру ұйымдары 100% интернетпен қамтылған. Бұл – өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. 2024 жылы облыстағы 45 мектепке «Starlink» спутниктік интернеті қосылып, осы мектептердің интернет жылдамдығы 4 Мбит/с-тан 150 Мбит/с-қа дейін артты. Бұл жаңашылдық оқушылар мен мұғалімдерге интернеттің жоғары жылдамдығын пайдаланып, білім алу мен оқыту процесін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің бірі – облыстағы мектептердің интернет жылдамдығы. Мысалы, 100 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы интернетке 249 мектеп (57,5%) қосылған болса, 50-80 Мбит/с жылдамдықтағы интернетті 184 мектеп (42,5%) пайдаланып отыр. Бұл көрсеткіштер білім беру процесін онлайн платформалар мен ресурстар арқылы жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымның қалыптасқанын дәлелдейді.«Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында жүзеге асырылған шаралар өңірдегі ауыл мектептеріне де жоғары жылдамдықты интернет қызметін жеткізуге мүмкіндік берді.2025 жылға дейін Ақтөбе облысындағы шағын қалалар мен ауылдарда орналасқан 282 мектепті жаңғырту жоспарланды. Осылайша, 2021 жылы - 58, 2022 жылы - 56, 2023 жылы 56 мектеп жаңартылды, 2024 жылы тағы 56 мектеп жаңғыртылды. Ал 2025 жылы тағы 56 мектепті қайта жаңғырту жоспарланып отыр.Сонымен қатар, облыс бойынша барлық мектеп оқулықтары 100% цифрлық форматқа көшірілді. Бұл да білім беру процесін заманауи талаптарға сай дамыту үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Қазіргі таңда 704 электронды оқулық баспа платформаларында орналастырылып, барлық пәндер бойынша 100% қамтуды қамтамасыз етуде. Электронды оқулықтар 11 білім беру платформасында қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/965603?lang=kk
Ұландықтар боксшы Назым Қызайбайға құрмет көрсетті 05.04.2025
Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға құрмет көрсетті.Ефрейтор Назым Қызайбай Ұлттық ұлан сапында 2014 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ол – ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының аға маманы.Ұландық спортшы жақында қазақ боксы тарихын жаңартты. Ол Сербияның Ниш қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізген еді. Спортшының елеулі жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.Сонымен қатар ұландық боксшы қаруластарының құрметіне де бөленді. Кеш барысында әскери қызметшіге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Әміреев алғыс хат пен гүл шоғын және естелік сый-сияпат табыстады. Сондай-ақ еліміздің және құқықтық тәртіп әскерінің намысын халықаралық деңгейдегі сайыстарда абыроймен қорғап жүргенін айрықша атап өтті.Чемпион қыз сарбаздар мен сардарларға көрсеткен ілтипаты мен жылы лебіздері үшін алғыс бірлдірді.— Бүгін әскери қызметшілермен қызықты кездесу өтті. Ұлттық ұлан әркез маған қолдау білдіріп келеді. Мен үшін бұл – үлкен демеу, әрі мәртебе. Алдағы уақытта да сіздерді жарқын жеңістеріммен қуантуға барымды саламын, — деді Назым Қызайбай.Назым Абайқызы Әскери бөлімнің құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырып, әскери қызметшілермен бірге фотоға түсті.Айта кетейік, Назым Қызайбай бұған дейін 2014 және 2016 жылдары да әлем біріншілігінің жеңіс тұғырынан көрінген еді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/965600?lang=kk
ҚХР-да ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесін өткізу мәселелері талқыланды 05.04.2025
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері құрылымдық бөлімшелері басшыларының бірінші отырысына қатысты. Халықаралық әскери ынтымақтастыққа жауапты ШЫҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволары өкілдерінің кездесуі Циндао қаласында өтті. Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің іс-шаралар бағдарламасын, күн тәртібін, хаттама жобаларын және бірлескен коммюникесін талқылады.Отырыста бұған қоса, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрліктері ынтымақтастық жоспарының жобасы да қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965589?lang=kk
«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 13 миллионнан аса қызмет көрсетті 05.04.2025
«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде. Биылғы 1-қаңтар мен ақпанның 28-і аралығында халыққа шамамен 13,7 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің 4,8 млн астамы электрондық форматта, 8,6 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 98,6% тең болды. Жүзбе-жүз көрсетілетін форматта шамамен 190,3 мың қызмет іске асырылып, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 184,7 мың қызмет жүзеге асырылған.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 529,2 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 5,4 млн үзінді көшірме берілді. Оның 4,4 млн астамы - электрондық, ал 865,0 мыңнан астамы автоматты түрде рәсімделді.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында деректемелерді өзгертуге 28,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 25,9 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 7,1 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 148,3 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 7,6 мыңнан астам материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 129,2 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/978085?lang=kk
Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асуда 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 13 ақпандағы №782 Жарлығына және облыс әкімдігінің 18 ақпандағы №47 қаулысына сәйкес, елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүзеге асуда.Биыл көктемгі әскерге шақыру аясында Алматы облысынан 1 746 жас сарбаз Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдеріне аттанбақ. Қазіргі таңда олардың 192-сі ҰҚК Шекара қызметіне жөнелтілді.Алматы облысының әкімі Қонаев қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне барып, көктемгі әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылу барысымен танысты. Өңір басшысына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Нұрбол Жұмашхан мен оның орынбасары Дулат Акишев шақыру жұмыстарының негізгі кезеңдері мен атқарылған шаралар жөнінде баяндама жасады.Сондай-ақ облыс әкімі «Мобилизациялық дайындықты, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-не барып, мекеме директоры Айдын Бекбосыновтың есебін тыңдады. Одан бөлек, ТОО «Гранит» компаниясының өкілдері өз өндірістері мен әскери мақсаттағы өнімдері туралы таныстырылым жасады.Жауынгерлік қабілет – басты назарда. Өңір басшысы көктемгі шақыру науқанының маңыздылығын атап өтіп, барлық жауапты құрылымдардың үйлесімді әрі ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.“Әскерге шақыру – тек формальды рәсім емес, бұл – еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне тікелей әсер ететін маңызды мемлекеттік процесс. Сондықтан барлық шаралардың заң аясында, әділ және ашық өтуі маңызды. Жас сарбаздар үшін барынша жайлы жағдай жасалып, медициналық тексеру мен дайындық жоғары деңгейде жүргізілуі тиіс”, – деді облыс әкімі.Айта кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында болашақ сарбаздар медициналық тексеруден өтіп, әскери бөлімдерге жіберілмес бұрын тиісті дайындық шараларынан өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965559?lang=kk
Өскеменде мәслихат депутатын сайлау өтуде 05.04.2025
Таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігі байқалуда.Алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтарға кішігірім сыйлықтар берілді.Көптеген тұрғындар ұлттық киім киіп келіп, дәстүрге деген құрметін білдіруде. Учаскелерде жылы атмосфера орнап, қонақтарға бауырсақ пен қазақтың түрлі тәттілері ұсынылуда.№116, №117, №118 сайлау учаскелері орналасқан №27 мектептің алдында жәрмеңке ұйымдастырылды.Қалалық мәслихат депутатын қосымша сайлау аясында 22-ші округ бойынша дауыс беру учаскелері келесі мекенжайларда орналасқан:📍 №112 сайлау учаскесі – Дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернат, Западный тұйық көшесі, 96.📍 №116 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.📍 №117 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.📍 №118 сайлау учаскесі – №27 мектеп, Бажов көшесі, 339/1.📍 №119 сайлау учаскесі – №10 ЦТУ, Бажов көшесі, 546.🕗 Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965551?lang=kk
Құрметті қостанайлықтар! 05.04.2025
Сіздерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтаймын!Бұл – еліміздің дамуына жаңа жол ашқан маңызды тарихи оқиға.Жаңа Конституция әділдікке, заңның үстемдігіне, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігіне және ел бірлігіне негізделген.Бұл құжат Қазақстан халқы қуатты, заманауи әрі өркендеген мемлекет құруға ортақ мақсатын көрсетеді.Жаңа Конституциядағы нормалар еліміздің және әр өңірдің дамуына берік негіз болады деп сенемін. Оның толық іске асуы – еліміздің бірлігіне, жауапкершілігіне және белсенді азаматтық ұстанымына байланысты.Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір, татулық және Қостанайымыз бен Қазақстанымыздың игілігі жолындағы жаңа табыстарға жетуді тілеймін!М.ЖундубаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1251458?lang=ru
Өскемен қаласында сайлау учаскелері ашылды. 05.04.2025
Қалалық мәслихат депутатын қосымша сайлау аясында 22-ші округ бойынша дауыс беру басталды. Учаскелер сағат 7:00-ден бастап дауыс берушілерді қабылдауға кірісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965548?lang=kk
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы 2-ші дәрежелі ескерту № 45 30.03.2025ж. 05.04.2025
30 наурыздың сағат 20.00-ден 31 наурыздың сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/965547?lang=kk
Ақтау гарнизонының теңізшілері парадқа дайындалу үшін Астанаға жолға шықты 05.04.2025
Ақтау гарнизонындағы Әскери-теңіз күштерінің офицерлерінен, старшиналары мен матростарынан құралған 150-ден астам әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық үшін Астанаға шықты. 7 мамырда Астанада өтетін салтанатты парадқа қатысатын теңізшілерді туған-туыстары вокзалда зор ықыласпен және мақтанышпен шығарып салды.– Ұлымды мақтан тұтамын, – деді матрос Әли Битевтің анасы Гүлмира Қалмұратова, – ол алты айдан бері әртекті корабльдер дивизионында әскери корабльде қызмет етіп келеді. Парадқа қатысу – бұл үлкен мәртебе және мұндай мүмкіндік бәріне бірдей беріле бермейді. Барлық теңізшілерге осы жауапты миссияны орындауда сәттілік тілеймін. Әскери парадқа әртүрлі бөлімшелердің теңізшілері, соның ішінде әртекті корабльдер дивизионы, десанттық-шабуылдау батальоны, гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі, коменданттық рота және Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығу орталығы қатысады.Шеруге дайындық қарқынды жүріп жатыр және әскери қызметшілердің әрқайсысы бұл күннің ел үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Олар өздерін машығын және Астанадағы Жеңіс парадында Қазақстанның Әскери-теңіз күштерін лайықты деңгейде көрсетуге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965543?lang=kk
Әскери теңізшілер Жеңіс парадына дайындалуда 05.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге Ақтау гарнизонынан 150-ге жуық теңізші қатысады.Әскери теңізшілер елордада өтетін салтанатты шараға дайындығы қарқынды жүріп жатыр. Әртекті кемелер дивизионының жеке құрамынан 30-ға жуық теңізші, десантты-шабуылдаушы батальонынан 40 теңіз жаяу әскері, гидрографиялық қамтамасыз ету қызметінің 25 жауынгері және әскери-теңіз базасы басқармасының 30 әскери қызметшісі қатысады.Олар қазір әскери-теңіз базасы мен әскери пирсте саптық дайындық элементтерін жетілдіруге жаттығып жатыр.– Бүгін біз саптық байқау өткіземіз. Содан кейін жеке құрамның күшейтілген дайындығы жалғасады. Көп ұзамай парадқа қатысатын әскери қызметшілер елордаға жол жүреді, – деп атап өтті әскери-теңіз базасының командирі полковник Есенғали Байботаев.Дайындық әскери қызметшілерден қатаң тәртіп пен ұйымшылдықты талап етеді. Өйткені әр элемент жетілдірілуі керек. Теңізшілердің жаттығуы елордада Әскери-теңіз күштерінің сап дайындығын лайықты паш ете аларлық нақты жоспарға сәйкес ұйымдастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965537?lang=kk
Ұлттық ұлан самбодан Қорғаныс министрінің чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді 05.04.2025
Алматы қаласында орналасқан Армияның орталық спорт клубының базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған самбодан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің ашық чемпионаты өтті.Бәсекеге толы күрестің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:1 орын – АОСК, 2 орын – Ұлттық ұлан, 3 орын – Арнайы операциялар күштері.Командалық жетістіктерден бөлек, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жекелей сында да жоғары нәтижелер көрсетті:71 кг дейінгі санатта қатардағы Нұрсейітов Нұрсұлтан (6654 әскери бөлімі) 3 орын;98 кг жоғары санатта қатардағы Санжар Жабборов (5573 әскери бөлімі) 3 орын;88 кг дейінгі санатта қатардағы Қуанов Азат (6655 әскери бөлімі) 1 орын;98 кг дейінгі санатта қатардағы Болат Сапар (5451 әскери бөлімі) 1 орын иеленді.Жеңімпаздар жарыс туралы әсерімен де бөлісті.- Чемпионатқа дайындық өте қарқынды болды, соның нәтижесін көрдік. Бұл турнир мен үшін күш пен рухтың сынағы ғана емес, сонымен қатар Ұлттық ұланның намысын қорғауға мүмкіндік берді. Мен Бас қолбасшылық пен жаттықтырушыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын! - деді чемпион Азат Қуанов.Еске салайық, турнирдің құрметті қонақтары қатарында ҚР Парламентінің депутаттары, күш құрылымдарының басшылары мен танымал спортшылар болды. Жарысқа еліміздің күштік ведомстволарының түрлі құрылымдарынан 28 команда қатысты.Ұлттық ұлан өкілдері жауынгерлік рух пен мызғымас ерік-жігер көрсетіп, әрқашан жеңіске жетуге дайын екендіктерін байқатты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/965533?lang=kk
Ұлттық ұлан әскери қызметшісі жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті 05.04.2025
Астана – Степногорск автожолында Hyundai Creta және Chevrolet Niva көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.Осы сәтте Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 3517 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ақкөл ауылынан Степногорск қаласына бара жатқан еді.Оқиғаны байқаған қатардағы Бауыржан Ахметов бірден зақымдалған көліктерге жақындап, жарақат алған жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.— Мен тек өзімнің міндетімді орындадым. Қиын сәттерде әскери қызметшілер әрдайым адамдарға қол ұшын созуы керек, — деді аға санитарлық нұсқаушы Бауыржан Ахметов.Әскери қызметшінің жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендердің жағдайы медицина қызметкерлері келгенге дейін тұрақталды.Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ұландықтың кәсібилігін жоғары бағалап, оның әрекеттерінің дұрыс болғанын атап өтті. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/965532?lang=kk
Аудан әкімі жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке қабылдады. 05.04.2025
Бүгін аудан әкімі жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.Қабылдауға жиыны 5 тұрғын қатысып, тұрақты жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелері бойынша сауалдарын жеткізді.Аудан басшысы әр мәселе бойынша заң аясында түсіндірме беріп, тиісті сала басшыларына шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/965517?lang=kk
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы тиісті сала басшыларымен бірге Шәкәрім көшесінде жүргізілетін жаяу жүргіншілер жолы құрылысының жобасын талқылады. 05.04.2025
Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы тиісті сала басшыларымен бірге Шәкәрім көшесінде жүргізілетін жаяу жүргіншілер жолы құрылысының жобасын талқылады.Жұмыс барысын егжей-тегжейлі қарастыра отырып, құрылыстың сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын ескере отырып, жаяу жүргіншілер жолын салу кезінде заманауи стандарттар мен талаптарды сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/965516?lang=kk
Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті 05.04.2025
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Марат Құрманбаев терроризмге қарсы орталық пен облыстық комиссияның хаттамалық шешімдерінің, ақпараттық қажеттілік тізбесінің орындалуы туралы баяндады. Облыстық дін істері басқармасының басшысы Дінмұхамед Ермеков тәуекел топтармен жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды. Этносаралық қарым-қатынастар мен этностар арасындағы қақтығыстардың алдын алуда атқарылған жұмыстарды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов айтты.Жиында облыс әкімі көтерілген мәселелерге қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы терроризмге қарсы орталық пен облыстық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуын қатаң бақылауға алып, шараларды толық әрі сапалы жүзеге асыруы тиіс. Профилактикалық шаралардың сапасын арттыруда Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері, жауапты мемлекеттік органдар әдістемелік көмек көрсетуі керек. Облыстық дін істері басқармасына тәуекел топтармен жүргізілетін профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру үшін ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын жетілдіру жүктелді.Аймақ басшысы этносаралық қарым-қатынас ерекше бақылауды қажет ететін маңызды мәселе екенін атап өтті. Өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобының көмегімен этнос өкілдері көп шоғырланған жерлердегі профилактикалық және мәдени-көпшілік іс-шараларға оларды кеңінен тарту, этносаралық достық пен татулықты насихаттау әрдайым назарда болуы керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965497?lang=kk
Жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде 05.04.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен республикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде жаңа энергетикалық қуат көздерін ұлғайту, батыс өңірінің желілерін бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу, оңтүстік өңір желілерінің қуатын күшейту, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайызы аяқталды.Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. Биыл 4 тоқсанда аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне пайдалануға беріледі. Жаңа орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге газ құбыры тартылды.Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін Катар еліне іссапар кезінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу-газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағынан берілген 280 гектар жерге салынады. Аталған мегажобаны 2028 жылы толығымен іске қосу жоспарланған.Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 киловольттық жоғары қуатты электр желісі тартылады. Аймақта 10 мыңнан аса шақырым электр желісі мен 2 000 аса қосалқы станция бар.Олардың тозу деңгейі 62% құрайды. Энергия үнемдеудің жаңа технологияларын қолданып, тозған желілерді азайту үшін өткен жылы 741 шақырым электр желісі мен 127 қосалқы станция жаңғыртылды. Биыл 15 млрд. теңгеге 3 ірі қосалқы станция, 314 шақырым әуе желісі және 127 қосалқы станцияны қайта жаңғыру қолға алынбақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965493?lang=kk
Ұлыстың Ұлы күніне арналған концерт Эстонияда жалғасты 05.04.2025
Сыр елі өнерпаздарының Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын түсіндіру, тәжірибе алмасу мақсатындағы өнер сапары жалғасуда. Халқымыздың ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыратын «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» концерті бұл жолы Эстонияның Таллин қаласында өтті. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен өнерін ұлықтаған Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары қазақтың ән-жырын әуелетіп, көрермен ықыласына бөленді.Концерттің ашылуында сөз алған Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Күлгінов өнер ұжымына қолдау көрсеткен аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа алғысын айтты.Шараны 30 мемлекеттің елшілері мен дипломаттары, жергілікті қазақтар мен таллиндіктер барлығы 200-ден астам көрермен тамашалады. Келуші қонақтарға қазақтың түрлі ұлттық тағамдары ұсынылып, наурыз дәмі үлестірілді.Эстон фольклоры қазақ ауыз әдебиеті секілді ұрпақ бойына сан ғасырлық тағылым сіңіретін мұраға бай, яғни біздің халықтың мәдениетімен мазмұндас келеді. Терең тәрбие мен сыйластыққа шақырады. Сол себепті жиналған қауым өнер сапарымен келген шығармашылық ұжымды зор қошеметпен қолдады. Мерекелік концерт «Жарапазан» жырымен басталып, қазақ дәстүрімен шашу шашылды. «Тойбастар» шырқалып, Наурыз-думанға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары, диаспора мүшелері мен шетелдік студенттер қазақ музыкасы және дәстүрлері жайлы мол мағлұмат алды.Ұлттық музыканың ұлы жауһарларын төрткүл дүниеге танытып жүрген «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің (Жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Сыр мәдениетінің майталмандары Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлештің өнерін таллиндік талғампаз көрермен жоғары бағалады.Концертке келушілерге ұлттық нақышта жасалған сый-сияпаттар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/965492?lang=kk
Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагері Василий Зинченконы құттықтады 05.04.2025
29 наурызда Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Иванович Зинченко 101-ші туған күнін атап өтті. Қарияны Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының, Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары, әкімдік пен ҚР Қарулы күштері ардагерлер кеңесі филиалының өкілдері құттықтады.Ардагердің қаһармандық жолына терең құрмет көрсете отырып, оған Ұлы Жеңіске, бейбітшілікке қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтып, Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын табыс етті.Мерейтой иесі шын жүректен жылы лебізін білдіріп, майдан жылдары мен соғыс уақытындағы ауыр сынақтар туралы естеліктерін әңгімелеп берді.Василий Иванович Ленинград, 2-ші Украина және Беларусь майдандарында шайқасты. Ол Сталинградты қорғауға, Польша мен Украинаны азат етуге және Берлинге шабуыл жасауға қатысты. Германия астанасында фашистік Германияны жеңді.Соғыстан кейін Алматыға оралып, көп жылдар бойы жергілікті сүт комбинатында еңбек етті. Жұбайымен бірге үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан жеті немере, он үш шөбере және екі шөпшек сүйді.Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Василий Зинченко Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және "Сталинградты қорғағаны үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965465?lang=kk