Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің республикалық байқауының облыстық кезеңі 29.03.2025
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2025 жылғы 18-19 наурыз күндері «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.Байқауға аудандық/қалалық кезеңнен өткен еңбек өтілі 0-3 жыл аралығындағы 12 жас ұстаздар қатысты.Конкурстық комиссияның шешімі бойынша:І орын - Серікова Ботагөз Серікқызы, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі мұғалімі;ІІ орын -  Рамазанова Назлы Ержанқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ химия пәні мұғалімі;ІІІ орын - Ошай Бәйтолла, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «І.Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені»  КММ география пәні мұғалімі.Ағымдағы жылдың 14-18 сәуір аралығында облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауда Шығыс Қазақстан облысының  намысын қорғайды.Жас мамандарға сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/961559?lang=kk
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен кездесу өткізу туралы 29.03.2025
2025 жылғы 19 наурызда Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 33 қатысушы қатысты. Кездесу барысында қатысушылар бүгінгі күннің өзекті мәселесін – психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жұмысы туралы.Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/961542?lang=kk
Алатауда Наурыз алғаш рет атап өтілді 29.03.2025
Алматы облысындағы жаңа Алатау қаласында Наурыз мерекесіне арналған ауқымды шаралар алғаш рет өтті. Мерекеге шамамен 5000 тұрғын мен қонақ қатысты. Бұл шара бүкіл қала үшін жарқын әрі ерекше оқиғаға айналды. Қаланың ауқымдылығын ескере отырып, мерекелік іс-шаралар бірден екі шағын ауданда — Ынтымақ пен Жетігенде қатар ұйымдастырылды.Мұндағы мақсат — әрбір тұрғынның осы шуақты мерекенің атмосферасын сезінуіне мүмкіндік беру. Әр шағын ауданда киіз үйлер тігіліп, келген қонақтарға дәстүрлі тағамдар тегін ұсынылды. Мерекелік көңіл-күйді танымал әртістер мен жергілікті шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетулері толықтырды. Сахнада 5 музыкалық ансамбль, 5 жеке орындаушы, 3 би тобы, сондай-ақ дәстүрлі қазақ күйлерін орындаған 150 домбырашыдан құралған ансамбль өнер көрсетті. Қонақтар халық музыкасы мен билерден ләззат алып, жастар үшін арнайы ұйымдастырылған 7 спорттық жарыс пен 4 дәстүрлі қолөнер шеберлік сағаттарына қатысты.Мерекенің маңызды бөлігі ретінде қазақ халқының бай мәдени мұрасын айшықтайтын дәстүрлі рәсімдер ұсынылды: • Тұсаукесер — нәрестенің алғашқы қадамын білдіретін, жарқын болашаққа жетелейтін салт. • Бесікке салу — сәбиді бесікке бөлеу рәсімі, үлкендердің ақ батасымен қатар жүреді. • Қыз ұзату — қалыңдықты ұзатып салу рәсімі, ақ тілектер мен дәстүрлі әндермен өрнектеледі.Мерекенің ең әсерлі оқиғаларының бірі дәстүрлі қазақ ойыны — «Қой көтеру» болды. Бұл сайыста 20 күш иесі шыдамдылық пен төзімділікке сыналды. Жеңімпаз 45 келілік қошқарды иығында 3 минут 18 секунд бойы ұстап тұрды. Наурыз қарсаңында қалада ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, оған 1000-нан астам тұрғын белсенді қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында жалпы ауданы 25 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, көркейтілді.Алатау қаласының әкімі Аркен Утенов бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, өз сөзінде: «Қаламыздағы алғашқы Наурыз бірлік пен достықтың символына айналды. Көктемгі жаңару әр үйге бейбітшілік, бақыт және амандық әкелсін!» — деп жылы лебізін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-balkhash;almobl-enbekshikazah;almobl-zhambyl;almobl-ile;almobl-karasay;almobl-kegen;almobl-raiymbek;almobl-talgar;almobl-uigur;almobl-qonaev;almobl-transport;almobl-kurylys;almobl-kasipkerlik;almobl-auyl;almobl-economy;almobl-zher;almobl-til;almobl-tourism;almobl-tabigat;almobl-energy;almobl-saulet;almobl-social;almobl-densaulyk;almobl-sayasat;almobl-bilim;almobl-karzhy;almobl-cultura-arhiv;almobl-sport;almobl-enbek;almobl-din;almobl-veterinaria;almobl-memleket-saulet;zhetysu-zher-paidalanu-udalen;almobl-satyp-alu;almobl-tehnologiya;almoblzhastary;almobl-alatau;almobl-mob;almobl-zkh/press/news/details/961538?lang=kk
Наурызнама: Қарулы күштердің 5 мыңнан астам әскери қызметшісі алыс қашықтыққа марш жасады 29.03.2025
«Наурызнама» онкүндігі аясында Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінде, әскери бөлімдер мен мекемелерде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, алыс қашықтыққа марш жасаулар мен спорттық ойындар өтті. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауылындағы 03811 әскери бөлімінде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне ұйымдастырылды. Дәстүрлі киіз үйлер мен алтыбақан алыстан көз тартады. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлеріне жарыс ұйымдастырылды. Қазақша күрестен өткен сайысқа әскери қызметшілер де, олардың балалары да қатысты.Абай гарнизонындағы 99280 әскери бөлімінің жеке құрамы Наурыз мейрамында ұлттық ойындар мен «Бата беру» байқауын өткізді. 27943 әскери бөлімінің жауынгерлері үшін қазақ күресінен, қол күресі мен арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды.Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент әскери колледжінде кадеттер гір көтеру, асық ату, бес асық, қол күресі және жеңіл атлетика эстафетасында бақ сынасты.  – Біздің ата-бабаларымыз осы ойындардың көмегімен саналы әрі дені сау ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Біз солардың дәстүрін жалғастырып келеміз. Бүгінде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу және сұңқар аулау (құсбегілік) сияқты ежелгі жарыстарға деген қызығушылық артуда. Тоғызқұмалақ, асық ойнау және садақ атудан өтетін турнирлеріміз көпке танымал, – деді Әскери колледж бастығы полковник Мақсат Ақшалов.Көптеген әскери бөлімдерде әскери қызметшілер мерекені алыс қашықтыққа марш жасау арқылы атап өтті. Бес шақырымдық жарысқа Гвардейск гарнизоны артиллериялық бригадасының 700-ге жуық әскери қызметшісі, оның ішінде офицерлер, сержанттар және мерзімді қызмет сарбаздары қатысты.Қарулы күштерде ұлттық спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өту керек. Биыл Қазақстанда әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өтетіні соның айқын дәлелі. Бұл халықаралық жарыс қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттауда маңызды рөл атқармақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961535?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістанның астаналық сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту 29.03.2025
Исламабад, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасына барды.Жаңадан сайланған СӨП басшылығымен және мүшелерімен кездесу барысында, Елші Қазақстанда бизнес жүргізу үшін іскерлік мүмкіндіктер мен жоспарланған іс-шаралар, оның ішінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы айтып берді.Сондай-ақ, тараптар Астана мен Исламабадтың елордалық палаталары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Өз тарапынан Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Насыр Куреши мырза елорданың бизнес-қоғамдастығының Қазақстанмен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ екіжақты іс-шараларға қатысу ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ екі елдің астаналық сауда-өнеркәсіп палаталары арасында онлайн және офлайн кездесулер өткізуге уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/961532?lang=kk
Алматы облысында тұрғын үй бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда? 29.03.2025
Алматы облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Соңғы жылдары мыңдаған отбасы көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізді, ал тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай өсті.Бүгінгі таңда облыста тұрғын үй кезегінде 39 514 адам тұр, олардың ішінде:• Ұлы Отан соғысының ардагерлері – 3 адам,• жетім балалар – 4 723,• көпбалалы отбасылар – 12 328,• әлеуметтік осал топтар – 15 003,• бюджет саласының қызметкерлері – 7 446,• жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар – 11.2024 жылы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға облыстың әртүрлі аудандарында 442 жалдамалы пәтер берілді.2025 жылы тағы 147 пәтерді тапсыру жоспарлануда. 2019 жылдан бастап Алматы облысында ауқымды тұрғын үй бағдарламасы іске асырылуда. Егер 2019 жылы республикалық бюджеттен 605 пәтер сатып алуға 3,9 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы осы бастама аясында 1 281 пәтер сатып алынып, жыл соңына дейін тағы 369 пәтер беріледі.«2024 жылы әлеуметтік осал топтарға 1 281 пәтер 20,6 млрд теңгеге сатып алынды, ал жыл соңына дейін тағы 369 пәтер беріледі. Бұл – баспанаға мұқтаж азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудегі маңызды қадам», – деп атап өтті Алматы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мұхамедғаріп Құрманғалиев.Сатып алумен қатар, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Тек биылдың өзінде 276 пәтерлік 36 жалдамалы үйдің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 1 522 пәтерлік 28 несиелік үйдің құрылысы аяқталады.Барлық сатып алынатын және салынып жатқан үйлер қатаң талаптарға сай келеді. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің бұйрығына сәйкес, тұрғын үйлер III-IV класты, таза әрлеумен, сатып алынғанға дейін екі жылдан аспаған мерзімде салынған және су, электр жүйелеріне қосылған болуы тиіс.Тұрғын үйді сатып алу мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы ашық жүргізіледі. Әрбір нысан сатып алынбас бұрын бағалау рәсімінен өтеді, ал бағалар сметалық нормативтер мен нарықтық талдау негізінде белгіленеді.Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жергілікті билік органдарының басты міндеттерінің бірі болып қала береді. Қаржылық бақылауды өңірлік комиссиялар жүзеге асырады, ал пәтерлерді бөлу процесі ҚР Бюджет кодексіне сәйкес жүргізіледі.Мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерінің арқасында мыңдаған қазақстандық отбасы баспаналы болып, тұрғын үй бағдарламасы одан әрі дамып, кезектің қысқаруына және азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-zkh/press/news/details/961515?lang=kk
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында республикалық #Күйкүмбірі челленджі 29.03.2025
⚜️ 2025 жылдың 20 наурызында сағат 11:00-де еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында республикалық #Күйкүмбірі челленджі өтті. Бұл шараға Шығыс Қазақстан облысынан 3500-ден аса оқушы қатысты. Өскемен қаласынан 120 оқушы қазақтың ұлттық күйлері «Ертұран» және «Тепенкөк» күйлерін орындады.📚 Бұл челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениеті мен патриотизмін тәрбиелеу, еліміздің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра тартуды насихаттау. Шара алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылып, содан бері маңызды мәдени оқиғаға айналды.Сонымен қатар оқушылар дауылпаз сияқты көне ұлттық аспаптарда танымал күйлерді орындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/961513?lang=kk
Ағымдағы жылдың 20 наурызында ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. 29.03.2025
Ағымдағы жылдың 20 наурызында ZOOM режимінде Қ.Р. Рахметқалиевтің төрағалығымен Меңдіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.Депутаттар, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары әлеуметтік саласы бойынша, мемлекеттік мекемелердің басшылары, БАҚ қатысты.Сессияда 2 мәселе қаралды. «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 172 «Меңдіқара ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашова сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109 - баптарына сәйкес, аудандық бюджетті сапалы атқару мақсатында осы шешімнің жобасына бекітілген бюджетке өзгерістер енгізу қажет.Екінші мәселе бойынша Меңдіқара аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Р. Рахметқалиев депутаттарға кадрлық өзгерістерге байланысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы дербес құрамына өзгерістер енгізілетінін таныстырды.Сессия қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды депутаттар қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/961434?lang=kk
Наурызнама: Қарулы күштердің әскери қызметшілері көкпар тартып, теңге ілді 29.03.2025
Жамбыл облысында тау қорықшысы полкінің әскери қызметшілері ұлттық спорт күнін ат спорты жарыстарымен атап өтіп, жауынгерлік дайындық сабақтарын ұлттық спорт түрлерімен сәтті ұштастыра білді. "Теріс Ащыбұлақ" оқу полигоны бір сәт көкпар мен бәйге алаңына айналды. Теңге алу, аударыспақ ойындарында әскери қызметшілер ептілігімен ерекше көзге түсті.- Ұлттық спорт түрлері күнін әскери стильде, бірақ Наурыз мерекесі рухында өткіздік. Ұлттық дәстүрлі ойындар дене шынықтыруды ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерін терең құрметтеуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті "Оңтүстік" ӨңҚ тау қорықшысы полкінің командирі подполковник Алмас Отыншынов. - Осылайша біз жауынгерлік әрі халықтық дәстүрлерге құрмет көрсеттік.Қыз қуу жарысына, бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдарды дайындауға белсенді қатысқан қыздар да назардан тыс қалмады.Мерекелік іс-шараға белсенді қатысқан тау қорықшылары полкінің мерзімді қызмет сарбаздары осындай бірегей әскери бөлімшеде қызмет еткеніне қуанышты.- Әскерге дейін мен тек атқа мінуді білдім. Ал мұнда жауынгерлік техниканы игеріп, жорықтарға қатыстым. Менің қызметім негізінен ат спортына ұқсайды. Өзіме өте ұнайды, – деп бөлісті мерзімді қызмет сарбазы Диас Талғат. Ұлттық спорт күні жарысқа қатысушыларға ұмытылмас естелік сыйлады.Естеріңізге сала кетейік, тау қорықшысы полкі Қазақстан Қарулы күштеріндегі бірден-бір бөлімше. Олар елдің оңтүстік шекараларын қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды. Әскери қызметшілерге жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арнайы дайындалған жауынгерлік жылқылар көмектеседі. Ағымдағы жылдың ақпан айында бөлімшенің құрылғанына 25 жыл толды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961417?lang=kk
ТҰРҒЫН ҮЙДІ ҚАЛАЙ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН 29.03.2025
2024 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР Заңына қол қойды.Тұрғын үйді жекешелендіру бөлігіндегі заң нормалары 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді, енді азаматтар жекешелендіру үшін әкімдіктерге жүгіне алады.Бұл ретте "тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 13-бабының 8-тармағына сәйкес белгілі бір санаттардың тегін жекешелендіруге құқығы бар:1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;3) Чернобыль атом электр станциясындағы зардаптарды жоюға қатысушылар;4) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;5) Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер;6) бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, оның ішінде Ауғанстанда қызмет өткеру кезінде мүгедек адамдар деп танылған әскери қызметшілер;7) Еңбек сіңірген жылдары бар әскери қызметшілер, МКҰ, ішкі істер органдарының қызметкерлері - 20 жыл, мүгедектігі бар бала болған кезде-10 жыл;8) қызмет өткеру кезінде қаза тапқан әскери қызметшінің, МКҰ, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;9) саяси қуғын-сүргін құрбандары;10) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.Қалған азаматтар мұндай тұрғын үйлерді қалдық құны бойынша, яғни тұрғын үйдің баланстық құнынан тұрғын үйдің физикалық тозуын шегергендегі құны бойынша сатып ала алады.Анықтама: тұрғын үйдің баланстық құны — бұл әкімдіктің бухгалтерлік есебінде тіркелген осы тұрғын үйді салуға немесе сатып алуға жұмсалған ақша сомасы.Физикалық тозу жыл сайын тұрғын үйдің баланстық құнының 2% құрайды.Бүгінгі күні өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Жекешелендіру қағидаларына (Үкіметтің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы) бастапқы жарнаны 10% - ға дейін төмендету және қалдық құны 2025 жылғы 3 ақпанда күшіне енген 15 млн.теңгеден асатын пәтерлер үшін бөліп төлеу мерзімін 15 жылға дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізді.Айта кету керек, жекешелендіру – бұл міндет емес, құқық және ешкім адамдарды тұрғын үйді сатып алуға мәжбүрлемейді.Тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібімен меншікке сатып алу үшін өтініш беруші ХҚКО не арқылы ұсынадыЕ-ГОВ тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттар:- жалға алушының отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері қол қойған, тұрғын үйді жекешелендіруге өтініш;- жалдау шарты;- меншікке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатына жататынын растайтын құжат.Тұрғын үй комиссиялары күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды жазбаша түрде шығарады.Сонымен қатар, заңда, егер осы құқық осы Заң күшіне енгенге дейін іске асырылған жағдайда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қайта жекешелендіру мүмкіндігі ұсынылған.Анықтама:Қолданыстағы "тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 13-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.Алайда, қолданыстағы заңнамада мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қайта алуға тыйым жоқ.Бұл ретте азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бір рет берілетінін атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/961402?lang=kk
22 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС! 29.03.2025
Күні: 22 наурыз.Басталуы: 12:00.Өтетін орны: «Шахтер» стадионы, «Жастар» спорт кешені. БАҒДАРЛАМА*Гір тасын көтеру (24 кг)*Армрестлинг (оң қол)*Қазақ күресі*Арқан тарту (командалық)*Асық ату*Тірі қошқармен отырып-тұру*Тоғызқұмалақ*Ләңгі тебуЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 500 000 тг ДЕЙІН!Мықтылар өз күшін сынайды! Кел, көр, қолда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/961401?lang=kk
Таиландта Наурыз мейрамы атап өтілді 29.03.2025
Бангкок, 2025 жылғы 20 наурыз – Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі «Kazakh community» қолдауымен Наурыз мейрамын атап өтті. Іс-шараға Таиландта тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтар, сондай-ақ тай қонақтары қатысты.Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов барлық қатысушыларды осы маңызды мерекемен құттықтап, Наурыз мейрамы адамдар арасындағы үйлесімділік пен бірлікті білдіретінін атап өтті. Ол Қазақстан Үкіметі мен Президенті Қ. Тоқаев талантты жастарға ерекше көңіл бөлетінін, өмір сүру сапасын жақсартуға жаңа  мүмкіндіктер жасап, кез келген сынақтарға жауап беретін мықты ұлт қалыптастыратынын атап өтті . Бұл шаралардың барлығы болашақ ұрпақ үшін табысты, әділ және өркендеген Қазақстанды құруға бағытталған.Іс-шара барысында Елшілік дәстүрлі қазақ киіз үйін орнатып, ұлттық киімдер ұсынылды . Қонақтарға қазақтың халық аспабы – домбыраның сазын тыңдауға мүмкіндік берілді. Кештің кульминациясы ретінде «Катюша» ансамблінің жарқын қойылымы болды, оның қатысушылары - тай қыздары танымал қазақ билерін орындап, көрермендерді ұлттық мәдениет атмосферасына бөледі.Сонымен қатар, мереке қатысушылары мен балалар қазақтың ұлттық ойындарында – "тоғыз құмалақ" және "асық ату" сайыстарына қатысып, көңілді әрі қызықты атмосфераға еніп кетті.Кеш соңында қонақтар қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татып, Қазақстан мәдениетіне тағы бір рет тәнті болды. Ең белсенді қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/961357?lang=kk
Қазақстан Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.03.2025
Мехико, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Президенті Клаудия Шейнбаумға сенім грамоталарын табыс етті.Тапсыру рәсімі мексикалық мемлекет басшының ресми резиденциясы – Ұлттық сарайда өтті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында Елші А. Тұрғанбеков Президент К. Шейнбауммен қысқа сұхбаттасып, мексикалық тарапқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қошеметі мен ізгі тілектерін жеткізді.Қазақ дипломаты еліміз Мексикамен Латын Америкасындағы негізгі серіктес ретінде жан-жақты өзара іс-қимылды ілгерілетуге ерекше мән беретінін атап өтті.Өз кезегінде Президент К. Шейнбаум Мексиканың Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ниетін растады.Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Мексика Сыртқы істер министрі Хуан Рамон де ла Фуэнте де қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961344?lang=kk
Афины жүрегіндегі Наурыз: Акрополь маңындағы қазақ Жаңа жылын тойлау 29.03.2025
Афины, 2025 жылғы 18 наурыз – Афины қаласының тарихи орталығында, Акрополь етегінде қазақ халқының ең маңызды мейрамдарының бірі – табиғаттың жаңаруын, достық пен бірлікті бейнелейтін Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қарсы алды.Биыл Грекиядағы Наурыз мерекесі «Наурызнама» атты жаңа тұжырымдамасы аясында өткізілді, бұл оған ерекше мән-мағына мен жаңаша мазмұн берді. Осы тұжырымдамаға сәйкес, мерекенің әр күні өзіндік мағынаға ие болып, белгілі бір тақырыпқа арналды. Іс-шараның негізгі сәттерінің бірі ұлттық киім күні болды. Ұлттық киім – қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды символы әрі ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі ретінде әлемдік деңгейде танылған құндылықтардың бірі.Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин өз сөзінде биылғы мерекенің жаңартылған форматта өткенін атап өтті. Ол ұлттық бірегейлік нышандарын кеңінен насихаттаудың маңыздылығын және олардың халықтың мәдени тамырларына оралуында ерекше рөл атқаратынын баса айтты.Мерекенің басты ерекшеліктерінің бірі – дәстүрлі қазақ дастарханы болды. Қонақтар бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының бай аспаздық мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, шара барысында Қазақстаннан келген студенттер домбырада халық күйлерін орындап, мерекенің ерекше әрі шынайы атмосферасын қалыптастырды.Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық қазақ киімдерінің көрмесі ұйымдастырылды, оған қазақстандықтармен қатар Италия, Америка Құрама Штаттары, Иран, Қытай, Түркия және басқа да елдерден келген қонақтар қатысты. Қатысушылар дәстүрлі қазақ киімдерін киіп көріп, Ұлы Даланың бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысты.Сонымен қатар, іс-шара қонақтарына Наурызға арналған естелік ашық хаттар мен Қазақстанның жалаушалары таратылды. Бұл ұлттық мәдени алмасу мен халықтар арасындағы достықтың белгісі ретінде ұсынылды. Қазақтың дәстүрлі тағамдары мен шынайы құттықтаулар мерекенің адамзат үшін ортақ рухани құндылыққа айналғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған құттықтауында: «Бұл мейрам – біздің ежелгі тамырымыз, бай мәдени мұрамыз бен халықтарды біріктіретін құндылықтарымыз туралы маңызды еске салу» екенін атап өтті. Наурыз бейбітшілік пен достықтың, ынтымақтастық пен жаңарудың символы ретінде халықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қызмет етіп келеді.Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, Наурызды әлем бойынша 300 миллионға жуық адам атап өтеді. Бұл мейрам көптеген елдерде мемлекеттік мәртебеге ие және 2010 жылдан бері оны сақтау мен дамыту мақсатында халықаралық деңгейде БҰҰ-ның Наурыз күні деп жарияланды.  Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/960946?lang=kk
«Жанару» күні ағаш отырғызу: жаңару мен адал болашақтың символы 29.03.2025
Бүгін Қазақстанда «Жанару» күні аталып өтуде. Бұл күн жаңару мен қайта өрлеудің символы болып табылады. 2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Наурызнама» форматы аясында мерекелік іс-шаралар он күнге созылады, және әрбір күн белгілі бір құндылықтарға арналады.Осы күннің басты дәстүрлерінің бірі – ағаш отырғызу. Бұл шара экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, жастардың табиғатқа ұқыпты қарауын, еңбексүйгіштігін және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастырады.Мереке қарсаңында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі антикоррупциялық еріктілермен бірге қаланы көгалдандыру акциясын өткізді. Ағаш отырғызу – тек экологиялық емес, сондай-ақ тәрбиелік маңызы зор шара, оның мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін еске салу.Ағаш отырғызу – тазалықтың, өсіп-өркендеудің және адалдықтың символы. Жас көшет ерекше күтімді қажет ететіндей, құқықтық мемлекет те әділдік пен заңдылық қағидаларын сақтайтын азаматтарды қажет етеді.«Жанару» күніне орай көгалдандыру жұмыстары қоршаған ортаға қамқорлық жасаумен қатар, қоғамның жаңаруына деген ұмтылысты білдіреді. Бұл күні адалдық, заң үстемдігі және әділеттілік негізгі қағидалар ретінде насихатталады.Жастар экологиялық және моральдық тұрғыдан таза болашақты қалыптастыру арқылы елдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосуда. #ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/960612?lang=kk
Хунань провинциясы мен Алматы облысының роуд-шоуы: туристік және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту 29.03.2025
2025 жылғы 17 наурызда Алматы облысында Қытай Халық Республикасының Хунань провинциясы мен Алматы облысы арасындағы туристік және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған роуд-шоу өтті. Іс-шараға екі өңірдің мемлекеттік органдарының өкілдері, іскерлік орта мен туристік индустрия мамандары қатысты.Қытай делегациясының жетекшісі, Хунань провинциясы Мәдениет және туризм басқармасының ілгерілету, коммуникация және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Сяо Чжэнху мырза және Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Мирамбекұлы Қуанышбек құттықтау сөз сөйледі.Өз сөздерінде олар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамытуды және инвестиция тартуды атап өтті. Іс-шараның негізгі бөлімінде Хунань провинциясының туристік әлеуеті таныстырылды. Қатысушылар өңірдің табиғи және мәдени көрікті жерлері туралы бейнематериалдармен танысты. Хунань провинциясы Мәдениет және туризм басқармасының өкілдері негізгі туристік бағыттарды егжей-тегжейлі ұсынды, оның ішінде Чжанцзяцзе ұлттық паркі, Аватар тау сілемі, Фэнхуан ежелгі қаласы және Дунтин көлі бар.Иян қаласының тарихи және мәдени мұраларымен танымал туристік маршруттарына ерекше назар аударылды. «Хунань әуежайлары» компаниялар тобының өкілдері провинцияның ең ірі авиациялық хабы болып табылатын Чанша халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін таныстырды. Қазақстандық тарап Алматы облысының туристік әлеуетін ұсынды. Өңірдің Туристік ақпараттық орталығы директорының орынбасары Қайрат Садық облыстың табиғи көрікті жерлері, соның ішінде Шарын шатқалы мен Көлсай көлдері туралы, сондай-ақ туристік саланы мемлекеттік қолдау шаралары жайлы баяндама жасады.Іс-шара барысында Алматы облысының инвестициялық әлеуеті де таныстырылды. Қатысушыларға туристік инфрақұрылым, қонақ үй бизнесі және туристік кластерлер құру саласындағы перспективалы жобалар ұсынылды. Көліктік қолжетімділік мәселелеріне, соның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. SCAT әуе компаниясының өкілдері екі өңір арасындағы туристік ағынды арттыруға ықпал ете алатын қолданыстағы және жоспарланған бағыттар туралы баяндады.Роуд-шоу аясында туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және мәдени алмасу мәселелері талқыланды. Хунань провинциясы мен Алматы облысының роуд-шоуы серіктестік қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.Екі тараптың өкілдері бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға, туристік алмасуды кеңейтуге және екі өңір экономикасына инвестициялар тартуға дайындығын білдірді. Іс-шара қатысушыларға Хунань провинциясы мен Алматы облысының әлеуетімен танысуға ғана емес, сонымен қатар өзара тиімді нақты жобаларды жүзеге асыруға алып келуі мүмкін жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl;almobl-energy;almobl-alatau;almobl-zkh/press/news/details/960275?lang=kk
Наурыз жұмыскер: өтінім қабылдау басталады! 29.03.2025
17 наурыздан бастап «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды! Өтінімді қалай беруге болады? Жұмыс орнынан алынған анықтамамен және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтамамен аймақтағы кез келген Банк бөлімшесіне (кеңес беру орталықтарынан басқа) алдын ала квалификациядан өту үшін жүгіну қажет. Кімдер қатыса алады? Бағдарлама келесі салалардағы қызметкерлерге арналған: ауыл, орман және балық шаруашылығы, тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, энергиямен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, қалдықтарды жою, құрылыс, көлік және қоймалау. Өз баспанаңызға бір қадам жақындаңыз! Наурыз Жұмыскер Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/961316?lang=kk
Кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау хабарламалары 29.03.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 20–26 наурызда ағымдағы жылдың 5–6 ақпанында қалыптастырылған камералдық бақылау хабарламаларын орындау бойынша мерзімдер аяқталатынын хабарлайды.Салық кодексінің 24–бабы 19–тармағы шеңберінде, салық органдары екінші деңгейлі банктерден (ЕДБ) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың ағымдағы шотына төлем карточкалары (POS–терминалдар) және мобильді төлемдер (QR төлемдері) арқылы түскен қаражаттар туралы мәліметтерді алады.Аталған мәліметтерді 2023 жылғы бақылау–кассалық машиналардың (БКМ) көрсеткіштері мен салық декларацияларымен салыстырылып талданды.Анализ нәтижесінде кірістерді төмендету фактілері анықталып, мемлекеттік кірістер органдарымен камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырылды.Талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары «Кірісті төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырды.Хабарламаны орындау үшін: 1) егер салық төлеуші көрсетілген бұзушылықтармен келіссе – хабарламаға сәйкес салықтық есептілікті ұсыну қажет;2) келіспеген жағдайда – растайтын құжаттарды (шот бойынша банктен үзінді) қоса бере отырып, қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме беруге қажет.Мұндай хабарламаларды белгіленген мерзімде орындамау Салық кодексінің 118–бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғатынын атап өтеміз. Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен кәсіпкерлерге ақшалай есеп айырысуларды жүргізу кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ міндетті қолдану қажеттілігі туралы еске салады (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166–бабының 1–тармағы). Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес БКМ қолдану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (бірінші бұзушылық – ескерту, қайталап бұзған жағдайда – 15–тен 50 АЕК–ке дейін айыппұл салу).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/961303?lang=kk
«Алматы-КРО» кеден бекетінде СЭҚ қатысушыларымен және кеден өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді 29.03.2025
2025 жылғы 18 наурызда «Алматы-КРО» кеден бекетінде СЭҚ қатысушылары мен кеден өкілдерінің қатысуымен «2025 жылғы 1 сәуірден бастап КЕДЕН АЖ-де «транзиттік декларацияны беру, тіркеу және шығару» функционалын іске қосу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Келесі мәселелер қарастырылды:- 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағы Комиссиясының № 289 шешімімен бекітілген транзиттік декларацияны толтыру тәртібі;- Кеден органдарының транзиттік декларацияны беру, тіркеу және кедендік транзит рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібі;- Транзиттік декларацияда көрсетілуі тиіс мәліметтер;- 2017 жылғы 13 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 170 шешіміне сәйкес кедендік транзит рәсімін қолдану мәселелері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/961250?lang=kk
Cardiff университеті 2025 жылы Қазақстанда жаңа кампус ашады 29.03.2025
Cardiff университеті 2025 жылы Қазақстанда жаңа кампус ашадыCardiff университеті Астана қаласында 2025 жылы жаңа кампусын ашатынын жариялады. Бұл маңызды қадам университеттің жаһандық дамуын жалғастырып, Орталық Азияда әлемдік деңгейдегі білім беруді қамтамасыз етуге деген ұмтылысын білдіреді.Үздік білім беру дәстүрі: Russell тобы ҚазақстандаҰлыбританияның жетекші зерттеу университеттерін біріктіретін беделді Russell тобының мүшесі ретінде Cardiff университеті Астана қаласындағы жаңа кампусына 140 жылдан астам академиялық тәжірибе, инновациялық зерттеулер мен әлеуметтік әсерін алып келеді.Cardiff университеті Қазақстанда 2025 жылы STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) және бизнес бағыттары бойынша дайындық бағдарламаларын іске қосады, ал 2026 жылы бакалавр бағдарламалары ашылады. Студенттер Cardiff университетінің білікті оқытушылары мен зерттеу тәжірибесіне қол жеткізе отырып, жаңа салаларда және жаһандық еңбек нарығында қажет дағдыларды игереді.Астана кампусы коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Qualified Centre of Education» (QCEF) Қоғамдық қорымен бірлесіп дамуда.Cardiff университеті сондай-ақ Қазақстан үкіметімен тығыз жұмыс істеп, алғашқы үш жылда 500-ге дейін толық қаржыландырылатын шәкіртақы бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл бастама қазақстандық дарынды студенттердің жаңа кампуста жоғары сапалы білім алуына мүмкіндік береді.Жаһандық білім беру орталығыҚазақстанның қарқынды дамып келе жатқан экономикасы оны жоғары білім берудің маңызды орталығына айналдыруда. Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру жөніндегі бастамалары Cardiff университетінің жаһандық әріптестікті дамыту және жоғары сапалы білім беру мүмкіндіктерін ұсыну миссиясымен үндеседі.Cardiff университеті Қазақстан үкіметінің әртүрлі білім беру мүмкіндіктерін кеңейту стратегиясына айтарлықтай үлес қосады, әлемдік деңгейдегі академиялық бағдарламаларды қазақстандық және халықаралық студенттерге ұсынбақ. Кампус толық іске қосылғаннан кейін жылына 2500-ден астам студентті қабылдайды, бұл аймақтың білікті кадрларын даярлауға және экономикалық дамуына ықпал етеді.Бұл туралы Cardiff университетінің президенті және вице-канцлері профессор Венди Ларнер:«Қазақстандағы Cardiff университетінің кампусы ашылатын мүмкіндіктерге қуаныштымыз. Қазақстан үкіметімен, инвесторлармен және басқа да мүдделі тараптармен кең көлемде жүргізілген талқылаулар негізінде бұл бастама екі жаққа да тиімді болатыны айқын көрініп отыр».Сондай-ақ «Qualified Centre of Education» (QCEF) Қоғамдық қорының директоры Қуаныш Күчекбаев бұл жобаның стратегиялық маңыздылығын атап өтті:«Cardiff университетінің Астанадағы филиалының ашылуы – жоғары білікті мамандарды даярлауға және өңір мен ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін стратегиялық маңызды жоба».Cardiff университетінің Қазақстандағы кампусы Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы білім беру, инновациялар мен зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жоғары білім беру саласындағы маңызды бастамаға айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/961236?lang=kk