Жаңалықтар
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк стратегиялық әріптестікті нығайтуда 29.03.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді. Жиынға Орталық Азия бойынша өңірлік директор Татьяна Проскурякова, Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін инфрақұрылым жөніндегі өңірлік директор Чарльз Кормье, Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михнев, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша ХҚК өңірлік менеджері Зафар Хашимов қатысты.Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанмен 2026-2030 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа стратегиясы, Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (ӘНК) ратификациялау, талдамалық қолдауды кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру. Серік Жұманғарин Қазақстан Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын айтып, құрылымдық реформаларды іске асыруда және инклюзивті экономикалық өсуді қамтамасыз етуде әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Әріптестіктің 2020-2025 жылдарға арналған қолданыстағы стратегиясы шеңберінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді және Қазақстан 2026-2030 жылдарға арналған жаңа құжатты әзірлеуге дайын.«Еліміз үшін экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту және негізгі салаларды жаңғырту басым міндеттер болып қала береді. 2025 жылы ЖІӨ-нің өсуі – 5,6%-дан жоғары болуы тиіс. Банкпен бірлескен бастамалар орнықты экономикалық дамуға қол жеткізуге көмектеседі», — деп атап өтті вице-премьер.Жиын барысында Дүниежүзілік банкпен қазіргі және келешектегі жобалар талқыланды. Оның ішінде: Қамбарата ГЭС-1 құрылысы, «Жезқазған–Қарағанды» жобасын қосқанда, автожолдарды жаңғырту, өнімді инновацияларды ынталандыру және ғылым мен технологияны дамыту, Солтүстік Арал теңізі жобасы, энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғыртуды қолдау және тағы да басқалары бар.Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова ұйымның даму саласындағы ең ірі халықаралық құрылым болып саналатынын және ондаған мемлекетпен жұмыс істейтінін айтты. Ол Қазақстандағы жобалар портфелі $2,5 млрд екенін жеткізді. Дүниежүзілік банк инвестициялық қарыздан бастап нәтижеге негізделген бағдарламаға дейін қаржыландыру құралының кең ауқымын ұсына отырып, ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отыр.Татьяна Проскурякова Арал теңізін қалпына келтіру жобасын қоса алғанда, басым міндеттер арасында экологиялық бастамаларды бөліп көрсете отырып, орнықты дамудың маңыздылығын атап өтті.«Әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау процесін аяқтауды ұсынамыз. Осыған ұқсас уағдаластықты басқа да халықаралық институттар қолдануда. Бұл бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндік туғызады. Біз диалогқа ашықпыз әрі Қазақстанды оның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде қолдауға дайынбыз», — деді ол.Дүниежүзілік банк Қазақстанның халықаралық негізгі әріптестерінің бірі болып қала береді. Оның сараптамалық және қаржылық қолдауы экономиканы жаңғыртуға және стратегиялық бастамаларды іске асыруға ықпал етеді.«Біз Дүниежүзілік банкке Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Ынтымақтастығымыз жаңа стратегиялық шеңберде одан да нәтижелі болатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Вице-премьер Қазақстан Үкіметі бірлескен жобаларды іске асыруды жеңілдету үшін Дүниежүзілік банк ережелері мен рәсімдерін қолдануға мүмкіндік беретін ӘНК-ге қол қоюды және ратификациялауды қарастырып жатқанын айтты. Келісімге қол қойылғаннан кейін квазимемлекеттік компаниялар халықаралық стандарттар бойынша қаржыландыруды тарта алады.https://primeminister.kz/news/kazakstan-ukimeti-men-duniezhuzilik-bank-strategiyalyk-ariptestikti-nygaytuda-29831 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/961228?lang=kk
Аудан әкімі "Аmanat" партиясының аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді 29.03.2025
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу мен тұрғын үй кезегі мәселесін қозғады. Мұнан бөлек ауылдық округтерден жер алу мәселесі, көшелерді асфалттау, Әйтеке би кентінің тазалығы және әлеуметтік көмек сұраған тұрғындарда болды.Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылыда жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді. Басқа мәселелер бойынша да тиісті заңдылықтарға сәйкес жұмыстар жасалатынын айтып, бұл бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/961221?lang=kk
Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасы 29.03.2025
Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпкерлік басқармасымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2025–2027 жылдарға арналған инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді жоспар әзірледі. Бұл жоспар экономиканың басым секторларына тікелей инвестицияларды ұлғайтуға, бизнес-ортаны жақсартуға және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.Ақтөбе облысының экономика салаларында 13 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынатын, инвестиция көлемі 3,3 трлн теңгені құрайтын 74 инвестициялық жоба іске асырылуда.2025 жылы облыс аумағында инвестиция көлемі 491 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны (тау-кен өнеркәсібі – 2, өңдеу өнеркәсібі – 6, ауыл шаруашылығы – 1, энергетика – 1) іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларды іске қосу 1,2 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/961218?lang=kk
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! 29.03.2025
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/961120?lang=kk
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде Наурыз мерекесіне орай әскери-спорттық эстафета өтті 29.03.2025
20 наурызда Наурызнама онкүндігі шеңберінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімі Ұлттық спорт күніне арналған әскерилендірілген эстафета өткізді.Жарысқа қатысушылар классикалық әскери және ұлттық спорт түрлерінде күш, ептілік пен командалық рух көрсетті.Эстафета бағдарламасына АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау, улы газдан қорғайтын шлемде жүгіру мен топтық сайыстар кірді. Сондай-ақ шыдамдылыққа баулитын арқан тартыс, қол күрес, кір тасын көтеру сынды спорт түрлері енді.Тартысты бәсекеде «Қайсар» командасы (жедел мақсаттағы 3-ші батальон) жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Қалқан» командасы (қамтамасыз ету батальоны) иемденсе, ал қола жүлдені «Арлан» командасы (жедел мақсаттағы 1-батальон) жеңіп алды.Жарыстың соңғы нүктесін чемпиондық жүгіру қойды, онда барлық қатысушылар жауынгерлік рух пен бірлік танытты.Мұндай іс-шаралар ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында дене төзімділігі мен жауынгерлік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/961055?lang=kk
Ұлттық киім кию "Ұлттық киім" мерекесінде ғана емес, күнделікті өмірде де 29.03.2025
«Самар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Закирьянова Р.К. мен әдіскерлерІ «ҰЛТТЫҚ КИІМ» мерекесінде ғана емес, жалпы күнделікті өмірде ұлттық киім киюді қолдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/961046?lang=kk
Тиранада Қазақстан мен Албанияның СІМ арасында алғашқы саяси консультациялар өтті 29.03.2025
Тирана, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан мен Албания Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың алғашқы раунды Албания астанасында өтті. Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал албан тарапын Еуропа және сыртқы істер жөніндегі министрдің орынбасары Эндрит Юзейрай басқарған топ келіссөздер жүргізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, оның ішінде саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және өзара инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Сұхбаттастар қазақ-албан қатынастарының оң динамикасы мен сенімді сипатын атап өтіп, оған Албания Президенті Байрам Бегайдың 2023 жылғы қыркүйектегі Қазақстанға болған тарихи сапары және 2024 жылы Тиранада Қазақстанның Елшілігінің ашылуы жаңа серпін бергеніне назар аударды.Р.Василенко Қазақстан Албанияны Балқан өңіріндегі маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ өзара шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің және бейінді ведомстволар, оның ішінде «Kazakh Invest» АҚ мен Албанияның Инвестициялар және даму агенттігі (AIDA) арасындағы ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Өзара іс-қимылды тереңдету мақсатында қазақ тарапы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құруды ұсынды. Олар екіжақты өзара қатынастарды кеңейтуге және жаңа бизнес-бастамаларды тартуға ықпал ететін тиімді құралдардың бірі болады.Өз кезегінде Э.Юзейрай екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының тұрақты кездесулері, оның ішінде қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының «алаңында», ақпанда Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 55-сессиясының Жоғары деңгейдегі сегменті және БҰҰ-ның басқа да өткен жаһандық кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, Албанияда жаңа Қазақстан Елшілігінің ашылғаны Астана мен Тирана арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін нығайту жолындағы ерекше қадам болды.Консультациялар барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша, оның ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ мен басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды.Тараптар алдағы уақытта түрлі деңгейдегі өзара сапарларды жандандыру арқылы екіжақты диалогты қарқынды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда биыл мамыр айында Қазақстанда өтетін Астана халықаралық форумына Албания Премьер-Министрі Э.Раманың сапарын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.Келіссөздердің қорытындысы бойынша дипломаттар барлық қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды тиімді іске асыру мақсатында алдағы жоспарланған кестені белгілеп, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың әлеуетін толық ашу үшін жұмыс байланыстарын қолдауға дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-albania/press/news/details/962052?lang=kk
Елімізде ЖІӨ құрылымының бестен бір бөлігі саудаға тиесілі 29.03.2025
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында сауда көлемін арттыру мүмкіндіктері, Шымкент пен Жамбыл облысының экономикалық даму көрсеткіштері және инвестициялық жобаларды іске асыруды қиындататын мәселелер қаралды.Сауда Қазақстан экономикасында екінші орын алады. Оның ЖІӨ құрылымындағы үлесі 19,1%. 2025 жылдың алғашқы екі айында сауданың нақты көлем индексі жоспарланған 4,7%-дан 6%-ды құрады. Сауда НКИ-іне бес өңір ең көп үлес қосты, олардың үлесіне тауар айналымының жалпы көлемінің 73,6%-ы тиесілі (қаңтар-ақпанда – 3,5 трлн теңге). Бұл Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстары.Көтерме сауда мұнай өнімдері, автотехника, фармацевтика өнімдері, астық, қант және сусындар есебінен 6,6%-ға (6,1 трлн теңге), бөлшек сауда мұнай өнімдері, құрылыс материалдары, машиналар мен жабдықтар, кондитерлік, ет және балық өнімдерінің өсуі есебінен 4,7%-ға (2,8 трлн теңге) артты.Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, саудада негізінен микро және шағын бизнес жұмыс істейді (99%), олардың үлесіне жалпы тауар айналымының 66%-ы тиесілі. 2025 жылы сауданың нақты көлем индексін 113% деңгейінде қамтамасыз ету үшін тауар айналымын 87 трлн теңгеге жеткізу қажет (2024 жылы – 70 трлн теңге). Бұл негізінен саланың 67,5%-ын құрайтын көтерме сауданың есебінен жүзеге асырылады. Мұндай өсімге шикі мұнай өндіруді және оны қайта өңдеуді, газды ұлғайту, өңдеу өнеркәсібі мен АӨК дамыту, тұрмыстық техника желісін кеңейту, фармацевтика өндірісін ұлғайту есебінен қамтамасыз етіледі.Шикізаттық емес экспортты ұлғайту мақсатында Қытай, Ресей, Өзбекстан, БАӘ, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан және Пәкістанға экспорттық жеткізілім географиясын кеңейту жұмысы жүргізілуде. Осы нарықтарда тұрақты болу үшін қосымша 10 сауда үйі мен серіктестік кеңселерін ашу жоспарлануда. Халықаралық маркетплейстер арқылы халықаралық электрондық саудаға интеграция жүргізілуде.Бөлшек сауда айналымның 32,5% құрайды. 2025 жылы бөлшек сауда көлемі 28 трлн теңге (2024 жылға қарай +5,5 трлн теңге) деңгейінде болжанып отыр. Бөлшек сауда нарығын ынталандыру үшін Халық Банкімен бірлесіп «Digital Bazar» жобалары енгізілуде, таңбаланатын тауарлардың тізбесі кеңейтілуде, тұтынушылық кредит беру дамуда.Сонымен қатар еліміздегі электрондық сауданың қарқынын арттыру шаралары талқыланды. Бұл сала тұрақты өсіп келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы оның көлемі 3,2 трлн теңгені құрап, 14%-ға ұлғайды. 2025 жылы бұл көрсеткіштің 4,5 трлн теңгеге дейін өсуі күтілуде. Жедел мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында нарықтың 85%-ын қамтитын ірі маркетплейстердегі тауар айналымы 0,7 трлн теңгеге жетті. Электрондық коммерция мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Instagram арқылы жасалатын сатылымдарды e-commerce санатына жатқызу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ Kaspi.kz және Қазпоштамен бірлесіп, көтерме сауданы дамыту үшін қазақстандық және қытайлық кәсіпкерлерге арналған B2B платформасы тестілік режимде іске қосылды. Бұл платформада негізгі тауар санаттары тұрмыстық техника, үйге арналған тауарлар және жеңіл өнеркәсіп өнімдері болмақ. Аталған бастамаларды жүзеге асыру еліміздегі тауар айналымын жыл сайын қосымша 1 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді.Шымкентте биылғы жылдың алғашқы екі айында негізгі экономикалық көрсеткіштердің сенімді өсуі байқалады. Инвестиция көлемі 102,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 68%-ға артық, өнеркәсіп – 195,5 млрд теңге (13,4%-ға өсу), ауыл шаруашылығы (7,4 млрд теңге, 2,7%-ға өсу). Қысқа мерзімді экономикалық өсу 15,7%-ға жетті, бұл қалаға елдегі көшбасшы үштік қатарына кіруге мүмкіндік берді. Өңірдің 2025-2029 жылдарға арналған инвестициялық портфелі жалпы сомасы 1,9 трлн теңгені құрайтын 190 инвестициялық жобадан тұрады, олардың аясында 25,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады. 2025 жылы жалпы құны 181,9 млрд теңгені құрайтын 51 жобаны іске қосу жоспарланған.Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 2024 жылы қаладағы 19 кәсіпорын 61,1 млрд теңге көлемінде фармацевтикалық өнім өндіргенін мәлімдеді. Бұл елдегі фармацевтика саласының жалпы өндірісінің 35,7%-ы. Алайда Dentafill Kazakhstan компаниясының өнімін нарыққа шығару үшін Денсаулық сақтау министрлігінде тіркеу қажет, бұл процесс 270 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған ұқсас қиындықтарға 2024 жылы дәрі-дәрмектерді тіркеуге 75 өтінім берген және 2025 жылы тағы 35 өтінім тапсыруды жоспарлап отырған тағы бір басқа кәсіпорын тап болған.Вице-премьер Денсаулық сақтау министрлігіне барлық ұсынылған дәрі-дәрмектер бойынша келісу рәсімдерін жеделдетуді тапсырды. Осылайша кәсіпорындар кіріс алуы тиіс және өңірдің ЖҚҚ-на үлес қоса алады.Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың айтуынша, биылғы жылдың екі айында өңірдің экономикалық өсімі 12,5%-ды құрады. Өнеркәсіп көлемі 21,6%-ға (188 млрд теңге), инвестициялар жартысынан астам (54,4%-ға артып, 62 млрд теңге), ал сауда саласы 1,9%-ға (120,6 млрд теңге) өсті. Облыстың инвестициялық жобалар пулы жалпы құны 3,6 трлн теңгені құрайтын 82 жобаны қамтиды. Оның ішінде 2025 жылы 175,2 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, 1,1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.Сондай-ақ спикер жекелеген ірі жобаларды іске асыруды қиындататын проблемалық мәселелерді айтты.Бірінші кезекте – өңдеу өнеркәсібін қосу үшін «Жібек Жолы» АЭА-да қызмет түрлерінің тізімін кеңейту мәселесі. 15-тен астам жоба осы тізімге енгізілуі тиіс. Кальций қосылған сода өндіруге арналған «Qazaq Soda» ЖШС-нің тағы бір ірі инвестициялық жобасы іске қосылуы үшін шикізат жеткізу және дайын өнімді тасымалдау мақсатында қосалқы аймаққа теміржол желісін тартуды күтіп отыр.Вице-премьер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сәуір айының соңына дейін арнайы экономикалық аймақтардағы басым қызмет түрлерінің тізіміне өзгерістер енгізуді, сондай-ақ кальций қосылған сода өндіретін кәсіпорын үшін қажетті инфрақұрылым құрылысына қаржылық қолдау көрсетуді тапсырды. https://primeminister.kz/news/elimizde-zhio-kurylymynyn-besten-bir-boligi-saudaga-tiesili-29829 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/961013?lang=kk
Агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық бағыттары Еуропалық Парламентте талқыланды 29.03.2025
Брюссель, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Еуропалық Парламенттің Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің (AGRI) төрайымы, чехиялық еуродепутат Вероника Вреционовамен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Еуропалық Парламенттің салалық комитеттері (AFET, DROI, DCAS) мен Қазақстан Парламентінің Мәжілісі және Сенаты арасындағы белсенді ынтымақтастық пен өзара сапарлардың маңыздылығы атап өтілді.Сонымен қатар, тараптар агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, атап айтқанда сауда байланыстарын кеңейту, қазақстандық агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттауды ілгерілету және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру мақсатында еуропалық тәжірибе мен технологияларды тарту мәселелерін қарастырды.Санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттарды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды, бұл Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕО нарығына экспорттау көлемін арттыруда маңызды рөл атқарады.Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің атынан Еуропарламенттің AGRI комитетіне Қазақстанға сапармен келуге ресми шақыруын тағы да растады. Бұл сапар салалық комитеттер арасындағы диалогты кеңейтуге және Қазақстан-ЕО агроөнеркәсіптік ынтымақтастығына қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белсенді байланыстарды қолдауға және Еуропалық Парламент AGRI комитетінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.Қазіргі таңда қазақстандық балық өнімдері ЕО нарығына жеткізілуде. Сонымен қатар, ү.ж. 24 ақпанда Еуропалық Одақ Қазақстанды бал экспортына рұқсат етілген ел ретінде ресми түрде бекітті. Сонымен қатар, 2024 жылғы 27 мамыр мен 1 маусым аралығында Еуропалық Одақтың ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссары Януш Войчеховский Қазақстан Республикасына (Алматы, Астана қалалары) сапармен келіп, құрамында ЕО-ның 16 елінен 40-тан астам агроазық-түлік компаниялары өкілдері бар делегацияны басқарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/961012?lang=kk
Лудомания-қоғамның әртүрлі салаларына әсер ететін маңызды мәселе. 29.03.2025
Лудомания-қоғамның әртүрлі салаларына әсер ететін маңызды мәселе. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметкерлер арасында құмар ойындарға тәуелділік жағдайларының көбеюі байқалды. Бұл құбылыс елеулі алаңдаушылық туғызады, өйткені ол мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі мен сенімділігіне тікелей әсер етуі мүмкін.Лудомания (Уикипедиядан) - құмар ойындар, ойынға тәуелділік, құмар ойындарға тәуелділік (ағылш. gambling-ақша ойыны) – құмар ойындарға патологиялық бейімділік, адам өмірінде үстемдік ететін және әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін құмар ойындарға қатысудың жиі қайталанатын эпизодтарынан тұрады: мұндай адам осы салалардағы өз міндеттеріне тиісті назар аудармайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл бұзылысқа "құмар ойындарға патологиялық тарту"атауын береді.ҚР Денсаулық сақтау министрлігі лудомания (құмар ойындар) әдеттер мен құмарлықтардың бұзылуы деп танылғанын, алайда диагноз азаматтар медициналық ұйымдарға жүгінген кезде ғана жүзеге асырылатынын атап өтті.Құмар ойындарға деген қажеттілігі бар бұл зиянды ауру қазіргі қоғамда жиі кездесетін мәселеге айналуда. Алайда, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы лудомания туралы сөз болғанда, бұл ерекше алаңдаушылық тудырады. Құмар ойындарын ойнайтын мемлекеттік қызметкерлер тек жеке мәселелермен ғана емес, сонымен бірге олардың жұмысы мен қоғам алдындағы міндеттерімен де ауыр зардаптарға тап болады.2022 жылы лудомандардың саны 350 мыңнан асты және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Сол жылы прокуратура ойын мекемелерін тексерген кезде 300-ге жуық мемлекеттік қызметшілер анықталды, олар құмар ойындарға 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсады.Мемлекеттік қызметкерлер арасында лудомания қандай проблемаларды тудырады?Біріншіден, бұл мемлекеттік қызметшілердің өнімділігі мен тиімділігіне әсер етеді. Екіншіден, лудоманияға байланысты мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық қаупі бар. Лудомания мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасыларына психологиялық және қаржылық әсер етеді.Мемлекеттік қызметшілердің алдында тұрған сын-қатерлер: лудомания проблемасы туралы тиісті ақпараттың және түсініктің болмауы; мемлекеттік қызметшілер үшін лудоманияны емдеу бойынша алдын алу шаралары мен бағдарламаларының шектеулі қолжетімділігі; мемлекеттік қызметшілер арасында лудомандарды анықтаудағы және көмекті қамтамасыз етудегі қиындықтар.Мемлекеттік қызметкерлер арасында лудоманияны тудыруы мүмкін себептер қандай:- Мамандықтағы стресс және жоғары талаптар: мемлекеттік қызметкерлер үлкен жүктемелерге, белгісіздікке және маңызды шешімдер қабылдау қажеттілігіне тап болуы мүмкін. Лудомания шиеленісті жеңілдетудің және шындықтан аулақ болудың тәсілі болады.- Құмар ойындардың қол жетімділігі: пайда болған бос уақыт мемлекеттік қызметкерлерді казиноға, онлайн құмар ойындарға немесе құмар ойындардың басқа түрлеріне баруға итермелеуі мүмкін, әсіресе олар жұмыс орнына жақын болса.- Әріптестердің әсері: егер әріптестер арасында құмар ойындарды қолдау мәдениеті болса, бұл мемлекеттік қызметкерлер арасында лудоманияға қатысу деңгейін арттыруы мүмкін. Лудомания тудыруы мүмкін салдарлар:- Өнімділіктің нашарлауы: лудомания мемлекеттік қызметкерлерден уақыт пен энергияны алады, нәтижесінде олардың өнімділігі мен тиімділігі төмендейді. - Қаржылық мәселелер: патологиялық құмар ойындар қарыздар, жинақтаудың жоғалуы және қаржылық төлем қабілетсіздігі сияқты күрделі қаржылық мәселелерге әкелуі мүмкін. - Психологиялық жағдайға теріс әсер ету: Лудомания стрессті, мазасыздықты, депрессияны тудырады және мемлекеттік қызметшілердің жалпы психикалық жағдайын нашарлатады.Осы патологиялық бейімділіктің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында алдын алу және оңалту шараларын жүргізу қажет. Оларға мыналар жатады:- Білім беру бағдарламалары және ақпараттық жұмыс: бұл Әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты негізде жүргізетін мемлекеттік қызметкерлер арасындағы лудоманияның қауіптері мен салдары туралы семинарлар.- Белсенді азаматтық ұстанымы бар жұртшылықты осы жұмысқа тарта отырып, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердің мониторингі.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараты бойынша, 2023 жылы "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне интернет-казино белгілері бар 1780-ден астам интернет-ресурстар бойынша ақпарат енгізілді. - Саясат пен ережелерді құру: жұмыс орнында лудоманияға тыйым салатын қатаң ережелерді әзірлеу, сондай-ақ Мемлекеттік мекемелердің жанында құмар ойындардың болуын шектеу.Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Президентінің 02.11.2023 № 396 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығының 3-тарауының 6-тармағына 10-тармақша енгізілді, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарының бірі - "қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну ".- Алдын алу шараларының бірі – кеңес беру және терапия. Лудоманиядан зардап шегетін мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек пен терапия қол жетімді болуы керек.- Әріптестерді қолдау: әріптестер бір-біріне тәуелділікпен күресуге көмектесу үшін жұмыс орнында қолдау және ақпараттандыру ортасын құру.Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы лудомания мемлекеттік қызметшілердің жеке өміріне және мемлекеттік ұйымдардың жұмысына теріс әсер етуі мүмкін күрделі проблема болып табылады. Алайда, дұрыс алдын алу шаралары, білім беру және жәрдемдесу арқылы лудоманияның әсерін азайтуға және мемлекеттік қызметкерлерге бұл мәселені жеңуге көмектесуге болады.Лудомания туралы хабардарлықты арттыру, қолдау ортасын құру және осы аурудан зардап шегетіндердің барлығына көмек көрсету қажет. Қоғамның, ұйымдардың және жеке тұлғалардың бірлескен күш-жігерімен ғана бұл мәселені шешуге және мемлекеттік қызметшілердің салауатты және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге болады. Федоров ауданының әдеп жөніндегі уәкілі Кизима В.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1024275?lang=kk
Қазақстан мен Канада консулдық консультацияларды өткізді 29.03.2025
Астана, 2025 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Канада арасында консулдық консультациялар өтті.Кездесу барысында тараптар визалық мәселелер, көші-қон үдерісін жетілдіру және консулдық саладағы өзара ынтымақтастық перспективаларын қоса алғанда кең ауқымды мәселелерді талқылады.Қазақстандық азаматтар үшін канадалық визаларды беру рәсімдерін жеңілдетуге ерекше назар аударылды.Канадалық тарап өтініштерді өңдеуді едәуір жеңілдететін канадалық визаны ресімдеу кезіндегі жаңалықтар туралы хабардар етіп, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін өтінімдерді қарастыру және виза беру уақыты қысқарғанын атап өтті. Сонымен бірге Канаданың өкілдері заңды көші-қон саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдірді.Консультациялар нәтижесінде тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты қадамдарын белгілеп, негізгі және перспективалық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961006?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өтті 29.03.2025
2026 жылдың 17 маусымында, Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді басқарманың қызметімен таныстыру және мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру.Акцияға колледж студенттері қатысты. Кездесу барысында олар басқарма қызметкерлерінің жұмысымен және негізгі бағыттарымен танысты. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оқу орнын аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы мағлұмат алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1243866?lang=ru
20 наурыз - Ұлттық спорт күні 29.03.2025
2025 жылдың 20 наурызында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясында Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылған жарыстарға қатысты. Ұлттық спорт түрлері – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Ежелден бері қазақтар мейрамдарда спорттық сайыстар өткізіп, күш-қуатын, ептілігін және командалық рухын көрсетті. Бүгінде бұл ойындарға қызығушылық артып, қайта жаңғыруда. Департамент қызметкерлері асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарда бақ сынады. Бұл – жай ғана спорт емес, көшпелі рухтың көрінісі. Мұнда күш, төзімділік, стратегиялық ойлау және бір-біріне қолдау көрсету маңызды рөл атқарады. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/961000?lang=kk
Оңтүстік Корея астанасында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды 29.03.2025
Сеул, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Сеул қаласында өткен Жаһандық бизнес форум (Global Business Forum) алаңында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.Іс-шараға ірі корпорациялар мен холдингтер, құрылыс және девелоперлік, көлік және логистика, инжиниринг және өнеркәсіптік, консалтингтік және инвестициялық компаниялардың басшылары, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, жетекші жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары және дипломатиялық корпус өкілдерінен құралған 160-тан астам адам қатысты.Форумды Кореяның жетекші ағылшын тіліндегі күнделікті «The Korea Herald» газеті ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Кореяның бизнес қауымдастығының көшбасшыларымен байланыс орнатуға және іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған платформа құру.Ашылу рәсімінде «Herald Media Group» Бас атқарушы директоры Чхве Чжин Ён, «Daewoo Engineering & Construction» компаниясының Төрағасы Чон Вон Джу және Корея Республикасы Ұлттық ассамблеясының депутаты Шин Чон Хун сөз сөйледі.Өз сөзінде Елші Нұрғали Арыстанов 2024 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша Корея Республикасы Қазақстанның ірі инвесторларының арасында 907 миллион АҚШ доллары көлеміндегі тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынымен 4-ші орынға шыққанын атап өтті.Сонымен қатар, ол Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 740-тан астам корей компаниясының сәтті жұмыс істеп жатқанын және ірі оңтүстіккореялық компаниялардың қатысуымен бірқатар табысты инвестициялық және инновациялық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Елші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жан-жақты жаңғырту және экономикалық трансформациялау жөніндегі саясаты аясында Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды жақсартуға және қолайлы іскерлік орта құруға бағытталған жұмысты жалғастырып жатқанын тілге тиек етті.Қазақ дипломаты оңтүстіккореялық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырып, инфрақұрылым, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект, дрондар, банк секторы, сирек металдар, сутегі энергетикасы, денсаулық сақтау, білім беру және креативті индустриялар сияқты негізгі салаларды ерекше атап өтті.Іс-шара аясында қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен туристік орындары туралы бейнероликтер, соның ішінде «Born Bold» медиакампаниясының таныстырылымы көрсетіліп, елдің экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы баспа материалдары таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/960979?lang=kk
Қазақстан Республикасының Елшісі Мексика Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.03.2025
Мехико, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Мексика Президенті Клаудия Шейнбаумға сенім грамоталарын табыс етті.Тапсыру рәсімі мексикалық мемлекет басшының ресми резиденциясы – Ұлттық сарайда өтті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында Елші А.Тұрғанбеков Президент К.Шейнбауммен қысқа сұхбат өткізіп, мексикалық тарапқа Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қошеметі мен ізгі тілектерін жеткізді.Қазақ дипломаты еліміз Мексикамен Латын Америкасындағы негізгі серіктес ретінде жан-жақты өзара іс-қимылды ілгерілетуге ерекше мән беретінін атап өтті.Өз кезегінде, Президент К.Шейнбаум Мексиканың Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ниетін растады.Сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне Мексика Сыртқы істер министрі Х.Р. де ла Фуэнте де қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/960950?lang=kk
Наурыз Мейрамы БҰҰ штаб-пәтерінде тойланды 29.03.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 18 наурыз – БҰҰ штаб-пәтерінде Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны Ауғанстан, Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Үндістан және Өзбекстан елдерінің Тұрақты өкілдіктері ұйымдастырды.Іс-шараны аша отырып, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Әмина Мұхаммед Бас хатшының атынан қатысушыларды құттықтап, «Наурыз – табиғаттың қайта жаңғыруын, үміттің жаңаруын бейнелейді және халықтар арасындағы татулық пен ынтымақтастықты нығайтады» деп атап өтті. Ол жанжалдарға толы әлемде Наурыз рухының келіспеушіліктерді еңсеруге және бейбітшілік пен өзара құрметке ұмтылуға шабыттандыратын аса құнды сый екенін баса айтты.Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Наурыздың жаңару, үйлесім мен үміт сияқты мәңгілік құндылықтарды бейнелейтінін және түрлі халықтар мен мәдениеттерді біріктіретінін атап өтті. Сонымен қатар, ол Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы тарихи келісімге қол қойылуының Наурыздың шынайы рухын айқын көрсеткенін және осы тұрғыда мерекенің ерекше маңызға ие екенін тілге тиек етті.Іс-шараның мәдени бағдарламасында Қазақстан атынан студент Аманмырза Жүсіпхан өнер көрсетті. Ол Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін орындады.Іс-шара соңында ұйымдастырушы елдер қонақтарды ұлттық тағамдарымен таныстырды. Қазақстан өкілдігі қонақтарды Наурыз мейрамы күндері дастарханның сәніне айналған дәстүрлі мерекелік тағамдармен қуантты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/960945?lang=kk
Еуропа Кеңесінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жетістіктері талқыланды 29.03.2025
Страсбург, 2025 жылғы 17-19 наурыз – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 99-шы пленарлық отырысында Қазақстанның үшінші бағалау раундының есебі қабылданды.Есепте Қазақстан заңнамасына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын қылмыстық жауапкершілікке тарту және саяси партияларды қаржыландыру салаларында талдау жасалған. ГРЕКО сарапшылары Қазақстанның аталған мәселелер бойынша еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бірқатар ұсыныстар әзірледі.Есепті талқылау барысында ГРЕКО сарапшылары Қазақстан басшылығы жүзеге асырып жатқан және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы күреске бағытталған кең ауқымды реформаларды атап өтті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, саяси партияларды қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету және жалпы Қазақстандағы партиялық жүйені жетілдіру саласындағы заңнамалық бастамаларға оң баға берілді.Өз кезегінде, Қазақстан делегациясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұ.Сарқұловтың басшылығымен, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы толық ақпарат пен түсініктемелер ұсынды. Қазақстан тарапының ұстанымы есепті қабылдау кезінде толық ескерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/960943?lang=kk
Қазақстан және Мажарстан компаниялары Будапешттегі сауда миссиясы аясында ынтымақтастықты нығайтуда 29.03.2025
Будапешт, 2025 жылғы 19 наурыз – 2025 жылғы 18-19 наурыз аралығында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған Қазақстанның Сауда миссиясы Мажарстанда болды. Миссия делегациясының құрамында «QazTrade» АҚ, «Семей ӘКК», «Kazakh Invest» басшылығы және 20-дан астам қазақстандық бизнесмендер болды.Миссияның мақсаты – екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын нығайту, қазақстандық кәсіпорындар мен венгриялық сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнату, еліміздің экспорттық және инвестициялық әлеуетін кеңейту мақсатында екіжақты кездесулер өткізу.Миссия ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрінің орынбасары Левенте Мадьяр сөз сөйлеген Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумының ашылуымен басталды, сондай-ақ «QazTrade», «Kazakh Invest», «Семей ӘКК» және «HEPA» Мажарстаның экспортты ынталандыру агенттігі қатысушыларды елдегі инвестициялық ахуал және жаңа инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру әлеуеті туралы хабардар ету мақсатында презентациялар жасады.ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, өз сөзінде Мажарстан Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін атап өтті. 2024 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 195,8 млн долларды құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 4,4%-ға артық.Сонымен қатар, қазақ министрі Мажарстанда Қазақстанның маңызды инвестициялық серіктесі болып табылатынын, онымен біздің еліміз әріптестікті одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырғанын атап өтті. Бұған қоса, Арман Шаққалиев Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті, бұл біздің елдеріміз арасындағы жүктер мен жүктерді жеткізуді жеделдетеді.Сауда миссиясы аясында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Мажарстанның Ұлттық экономика министрі Мартон Надьпен (Қазақстан-Венгрия ҮАК тең төрағасы), Ауыл шаруашылығы министрі Иштван Надьпен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Мадьяр Левентемен және Мажарстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Элек Надьпен екіжақты кездесулер өткізіп, оның барысында екі елдің сауда-экономикалық дамуының мәселелері жан-жақты талқыланды.Бизнесмендердің «В2В» форматындағы кездесуінде қатысушылар қолданыстағы және жаңа инвестициялық жобалардың дамуын, ауыл шаруашылығы, машина жасау, ақпараттық технологиялар және логистика сияқты салаларға елдегі инвестицияны арттыру перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Айта кету керек, бизнес-форумға мажар тарапынан 50-ден астам компания қатысты.Сонымен қатар, 2025 жылғы 18 және 19 наурыз аралығында қазақстандық компаниялардың өкілдері «Gedeon Richter» (фармацевтика), «Naturtex» (май өңдеу, тоқыма өнеркәсібі), «Hunent» (суда жүзетін құстар) және «4iG Nyrt» (IT және телекоммуникациялар) бас кеңселеріне, сондай-ақ «MATE» Мажарстанның ауылшаруашылық және су шаруашылығы ғылымдары университетіне барды. Жоғарыда аталған кездесулерде тараптар саланың даму перспективаларын және қазақстандық бизнеспен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Жалпы, Сауда миссиясы аясында «QazTrade» АҚ мен Мажарстаның Сауда-өнеркәсіптік палатасы «MKIK», сондай-ақ Мажарстаның «HEPA» экспортты ынталандыру агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.Миссияның қорытындысы бойынша қазақстандық бизнесмендер мажар әріптестерімен диалог құруға, алдағы іс-шаралардың жоспарларын талқылауға және болашақ іскерлік бастамаларды қарастыру үшін оларды Қазақстанға шақыруға мүмкіндік алды.Анықтама: Қазақстан статистикасы бойынша 2024 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 195,8 млн долларды құрады (экспорт – 5,3 млн доллар, импорт – 190,5 млн доллар). 2023 жылы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 187,6 млн долларды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (172,2 млн доллар) 8,9%-ға жоғары.Қазақстаннан Мажарстанға экспортталатын негізгі тауарлар тері, қауырсын, мамық және құстардың басқа бөліктері, пропиленді полимерлер, компрессорлар, желдеткіштер және т.б. Мажарстаннан Қазақстанға әкелінетін негізгі тауарлар: дәрі-дәрмек, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен механизмдер. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/960909?lang=kk
Қазақстан көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда 29.03.2025
Астана, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) Өңірлік директоры Артур Еркенмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар Қазақстанның ХКҚҰ-мен өзара іс-қимылына қатысты кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде заңсыз көші-қонды алдын алу және адам саудасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты талқылады.А.Рахметуллин Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағындарына байланысты сын-қатерлерді шешуге бағытталған Алматы процесіне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.Сондай-ақ тараптар 2025 жылғы 24 сәуірде Баку қаласында өтетін Алматы процесінің министрлік конференциясына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы конференция барысында Қазақстан аталған процесте ресми түрде төрағалықты қабылдайды.Қазақ дипломаты Алматыда құрылып жатқан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығы аясында ХКҚҰ-мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.Алматы процессі – Орталық Азияны қамтитын босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша өңірлік консультативтік платформа. 2013 жылы құрылған. Хатшылығы Алматы қаласында орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/960901?lang=kk
«Тәртіпті өзіңнен баста»: Алматы қаласында студенттер арасында құқықтық мәдениет нығайтылуда 29.03.2025
Ағымдағы жылдың 19 наурызында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде дәріс өткізілді.Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру үшін Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының офицері Төлеби Сәдуов дәріс өткізді.Ерекше назар қазіргі қоғамдағы адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарының маңызына аударылды.Кездесу соңында студенттерге университеттегі комплаенс-офицердің қызметі туралы айтылып, сыбайлас жемқорлық көріністері байқалған кезде көмек сұрау қажеттігі туралы еске салынды. # Заң_мен_ тәртіп# Заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/960865?lang=kk