Жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық серіктестікті нығайтуда 29.03.2025
Хиуа, 2025 жылғы 20 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Хиуа қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Отырыста екі елдің мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері бас қосты.Күн тәртібінде екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жайы талқыланды. Тараптар стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға бейілділігін растады.ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері мен даналығының арқасында қазақ-өзбек қатынастары жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Атап айтқанда, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Астанаға мемлекеттік сапары барысында екі ел арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысы өткізіліп, он жылдық Стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағдарламасы бекітілді.«Елдеріміз барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейіне жетті», – деп мәлімдеді М. Нұртілеу.Сондай-ақ ол биік және жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі дамыту мен парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов екі ел басшыларының тікелей бастамасымен ынтымақтастықтың барлық деңгейде қарқынды кеңейіп жатқанын растады.Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, өзара тауар айналымын арттыру және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, құрылыс салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша келісілген шараларды қабылдауға уағдаласты.Қазіргі уақытта Қазақстан Өзбекстанның үш негізгі сауда серіктесінің қатарына кіреді, екі ел арасындағы жылдық тауар айналымы 4 млрд АҚШ долларынан асады. Мемлекет басшыларының тапсырмаларына сәйкес 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 10 млрд долларға жеткізу және «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар тараптар Термездегі «AIRITOM» арнайы экономикалық аймағында Қазақстан сауда павильонының ашылуын құптап, Ауғанстанмен сауда қатынастарын кеңейтудің перспективаларын атап өтті.Өңіраралық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.Тараптар көлік және логистика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға басымдық беріліп, оның Орталық Азия елдерінің Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Еуропа нарықтарына шығуына ықпал ететіні аталып өтті. Жүк тасымалын ұлғайту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайындық расталды.Су-энергетика саласындағы серіктестікті өзара мүдделер негізінде дамыту жоспарлары қарастырылды. Осы бағыттағы өзара іс-қимылдың табысты мысалы – Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысы бойынша үшжақты жобаны ілгерілету.Министрлер мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау қажеттігін атап өтті. Өткен жылы Астанада өзбек ақыны Әлішер Науаи ескерткіш қойылып, Ташкент күндері табысты өтті. Алматыда «Лазги. Жан мен махаббат биі» спектаклі мен көрнекті суретші Ұ.Тансықбаевтың көрмесі ұйымдастырылды.Тараптар жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Оңтүстік Қазақстан университетінің Чирчик қаласындағы филиалы мен Алматыдағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының табысты жұмысы аталып өтті.Туризм саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, оның ішінде екі елдің мәдени мұрасын насихаттайтын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.ҚР және ӨР Сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысында мемлекеттік органдардың сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік және логистика, су және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимылы жөнінде баяндамалары тыңдалды.Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға және бір-бірінің бастамаларын өзара қолдауға дайындығын білдірді.Министрлер Орталық Азиядағы өңірлік кооперацияны дамытудың және тұрақтылық пен орнықты дамуға бірлескен күш-жігермен ықпал етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері, Халықаралық Аралды құтқару қоры және «ОА+» форматтарындағы ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігі айтылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР және ӨР Сыртқы істер министрлері кеңесінің алғашқы отырысының хаттамасына қол қойылды.Сапар аясында сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Хиуаның мәдени нысандары – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген тарихи орталығы Ишан-қалашығын және Хорезм ұлттық тұрғын үй құрылысының дәстүрлі ерекшеліктерін бейнелейтін Нұролла бай сарайын аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961948?lang=kk
«KMF» (ҚМФ) МҰ АҚ ерікті түрде қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы 29.03.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 20 наурыздағы № 10 Басқармасының қаулысымен «KMF (ҚМФ)» Микроқаржылық ұйымы» акционерлік қоғамын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы:- «KMF (ҚМФ)» Микроқаржылық ұйымы» акционерлік қоғамына банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берілді;- «KMF – Демеу» корпоративтік қорына «KMF (ҚМФ)» МҚҰ» АҚ-ты банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуге және банктің еншілес ұйым құруға рұқсат берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/961944?lang=kk
Қосшыда халықаралық деңгейдегі алғашқы комьюнити-орталық ашылды 29.03.2025
Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында Республикадағы алғашқы көпфункционалды комьюнити-орталық – халықаралық стандарттарға сай салынған ауқымды мәдени-спорттық кешен есігін айқара ашты.Бұл жоба Болат Өтемұратов Қорының бастамасымен жүзеге асырылып, қала инфрақұрылымының дамуына қосылған елеулі үлес болды. Жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метрді құрайтын орталық бір уақытта 1000 адамды қабылдай алады. Құны 20 миллион доллар болатын жоба қала балансына тегін берілді.Өңір басшысы Қорға ризашылығын білдіріп, жаңа мәдени-демалыс орталығының Қосшы қаласының дамуындағы маңызын атап өтті.«Қала мәртебесі берілгеніне небәрі төрт жыл өтсе де, Қосшыда әлеуметтік нысандарды салу мен жаңғырту қарқынды жүріп жатыр. Бүгін біз елімізде алғаш рет халықаралық стандарттарға сай көпфункционалды кешеннің ашылуына куә болдық. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Мұнда балалар мен ересектер үшін барлық заманауи жағдай жасалған», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Орталық спорттық, білім беру және мәдени-демалыс аймақтарын біріктіреді. Мұнда 233 орындық кинотеатр, 300 адамға арналған лекция залы, көрме және конференция залдары, студиялар, коворкинг пен оқу залы бар кітапхана қарастырылған. Сондай-ақ, аумағында спорт алаңдары, воркаут аймақтары мен серуенге арналған аллея орналасқан. Балалар үшін робототехника, шахмат, хореография және қолданбалы өнер үйірмелері жұмыс істейді. Ал ересектерге арналған ыңғайлы жұмыс, демалыс және қарым-қатынас кеңістігі қарастырылған. Кіру – тегін, ал секциялар мен үйірмелер халыққа қолжетімді бағамен ұсынылады.«Біз жылдар бойы мемлекетке қолдау көрсетіп, әр қазақстандық үшін қолжетімді, заманауи әрі жайлы инфрақұрылым қалыптастыруға үлес қосып келеміз. Бұл жобада әлемдік тәжірибенің озық үлгілерін негізге алдық. Басты мақсатымыз – орталыққа келген әр адамның өз әлеуетін іске асырып, Қосшыдағы өмір сапасын арттыруына мүмкіндік жасау», – деді Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман.Орталықтың ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов және Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман қатысты.Комьюнити-орталық – бұл білім алу, шығармашылық және белсенді демалыс үшін ашық әрі қолжетімді кеңістік ұсынатын заманауи халықаралық формат. Мұндай орталықтар жергілікті қауымдастықтың дамуына және әлеуметтік байланыстардың нығаюына ықпал етеді.Айта кетейік, бұл – Болат Өтемұратов Қорының Қосшы қаласына тарту еткен екінші әлеуметтік нысаны. Бұған дейін, 2023 жылдың қыркүйегінде, Қор қалаға 1500 орындық заманауи мектепті сыйға тартқан болатын.Сонымен қатар Қосшыда демеушілік қаражат есебінен заманауи көпсалалы аурухана салынып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/961936?lang=kk
Сүйінші!!! Құрметті жерлестер Көкшетау туралы 5 әннің тұсау кесері өтті, қоржынымыз жаңа әндермен толықты! 29.03.2025
Наурызнаманың онкүндігі аясында, бүгін 1️9 наурыз – «Жаңару күнінде» ән мен күйдің бесігі атанған Көкше жерінде Көкшетау туралы 5️ ән өнер сүйер қауымның назарына ұсынылды.Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының төрінде ән жанрына өзіндік өшпес өрнегімен мәңгілік із қалдырған, қазақтың көрнекті композиторы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Еңбек ері, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқов пен журналист, қазақтың лирик ақыны Еркеш Ибраһимнің 95 жылдығына арналған «Байғазыңа бес ән арнадым, ерке Көкше!» атты музыка мерекесі болды.Мерекелік кештің арнайы қонағы Шәмші Қалдаяқовтың ұлы, дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Мұхтар Қалдаяқов қатысты.Кеш барысында Еркеш Ибраһимнің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың Көкшетау туралы 5 әні оркестрдің сүйемелдеуінде алғаш орындалып, өнер сүйер қауымның назарына ұсынылды.Сондай-ақ, өнер көрсеткендер: К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі жетекшісі, Жанат Рашит, дирижері «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Қойшыбаев,«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жәмиля Жарқымбаева, «Мәдениет қайраткерлері» Жанат Есов, Гүлжан Ахметова, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Эльмира Төлеубаева, ҚР «Шапағат» медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары “Гәкку” би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гульмира Ордабаева, Сәрсенбай Хасенов, Серікболсын Бекмолдин, Өмірзақ Шешханұлы, Зәмзәгүл Смағұлова, Аманғали Жұматаев, Дариға Исмағұлова, Саида Сағди.Музыкалық кеш барысында көрермендер «Ана туралы жыр» әнін шырқады.Кеш соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы әндердің тұсау кесерімен Ақмола облысы әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының атынан алғысын білдірді.Қазақ вальсінің королі Шәмші әндерінен жан дүниесі жадырап, рухани ләззат алған көрермен өнерпаздарға алғысын айтып, тарқасты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/961928
Ақтөбе облысының прокуроры бизнестегі жүйелі мәселелерді талқылады 29.03.2025
Облыс прокуроры Марат Әбішев бизнестің нақты проблемаларын шешу мақсатында, «Атамекен» өңірлік кəсіпкерлер палатасының салалық кеңес төрағаларымен кездесті.«Бүгінгі таңда бизнесті қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау прокуратура органдарының басым бағыттары болып табылады. Бұл міндеттерді еліміздің Президенті мен Бас Прокурор жүктеді, және біз оларды тиімді жүзеге асыруға міндеттіміз.Кәсіпкерлер кездесетін нақты, жүйелі проблемаларды көрсететін бизнес-қоғамдастықтың кері байланысы қажет - бұл әкімшілік кедергілер, заңсыз тексерулер, рұқсаттардың күрделілігі немесе басқа да кедергілер.» - деді сөзінде облыс прокуроры Марат Әбішев.Кездесу барысында салалық кеңестердің төрағалары бар проблемалық мәселелерді, оның ішінде электр энергиясы тарифтерін көтеру мүмкіндігін, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, мемлекеттік сатып алу мәселелеріне және т.б. сұрақтарды көтерді. Қатысушылармен бірге шешу жолдары талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша барлық айтылған мәселелер облыстық прокуратураның қарауына қабылданды.Кездесу қорытындысы бойынша, облыс прокуроры мен Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасы Асхат Айтжанов бизнесті құқықтық қорғауды қамтамасыз ету үшін ашық диалог пен ынтымақтастықтың маңыздылығын, өңіріміздің экономикасының дамуына ықпал етеді, жұмыссыздықты төмендетуге және соның салдарынан криминогендік жағдайға әсер ету. Ақтөбе облысында кәсіпкерлер мен инвесторлардың мәселелерін анықтау және жедел шешу үшін «бір терезе қағидаты бойынша» фронт-офис және байланыс орталығы жұмыс істейді (тел: 90-14-48, 8 701 700 55 20, электрондық пошта мекен жайы 7040402@pokuror.gov.kz)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/961921?lang=kk
Қазақстанның "жасыл" энергетикалық трансформация бағытындағы күш-жігері энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогында жоғары бағаланды 29.03.2025
Берлин, 2025 ж. 18-19 наурыз - Энергетикалық ауысу бойынша 11-ші Берлин диалогы шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс спикер ретінде "Жасыл сутегі-инфрақұрылымды дамыту" панельдік сессиясына қатысып, Қазақстан Үкіметінің сутегі энергетикасын дамыту, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және ел экономикасының маңызды секторларын декарбонизациялау бойынша қолға алып жатқан тәжірибелік іс-шаралар туралы айтты."Қазіргі таңда сутегі энергетикасы стратегиялық бағыт ретінде қарастырылуда. Қазақстан жасыл сутектен энергетикалық ауысу, экономиканы әртараптандыру және шығарындыларды азайту мүмкіндігін көреді. Қазақстан ел ішінде сутекті пайдалануды және оның экспортын теңестіруге ұмтылады, өйткені болашақта ол қазба отындарын алмастырып, экономикалық өсуді қолдай алады", - деп вице-министр атап өтті.Вице-министрдің Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігінің Бас директоры Берхольд Гекемен екіжақты келіссөздері барысында энергетикалық қауіпсіздіктің, NDC шеңберіндегі Климаттық міндеттемелердің өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан энергетика министрлігінің Астанадағы сутегі дипломатиясы Офисімен, DENA Неміс энергетикалық агенттігімен, GIZ дамыту жөніндегі Неміс қоғамымен және сутегі саясатын ілгерілету саласындағы ГФР бірқатар ірі компаниялармен тығыз кооперациясына жоғары баға берілді.Қазақстандық делегация Германия әріптестерін 2026 жылы Астанада өтетін Өңірлік Климаттық Саммит шеңберінде ағымдағы климаттық, экологиялық және су проблемаларын шешуге белсенді қатысуға шақырды. “Табысты Орталық Азия – Табысты Қазақстан" формуласын нық ұстана отырып, Green Central Asia Германияның бастамасы шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ұмтылады.Берхольд Геке Қазақстанның "жасыл" трансформация бағытындағы тәжірибелік қадамдарын позитивті түрде атап өтті, бұл іске асырылып жатқан ауқымды жасыл жобаларға қатысудың тартымдылығына байланысты. Неміс дипломаты Германия Париж келісімінің Климаттық міндеттемелерін және Орталық Азия аймағының игілігі үшін Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған ұжымдық күш-жігерге үлес қосуға дайын деп сендірді. Неміс әріптестерінің пікірінше, Қазақстанның климаттық клубқа және оның Global Matchmaking платформасына қатысуы елдің жаһандық ауқымдағы ұстанымын нығайтуға және энергетика саласы мен қарқынды шығарындыларды декарбонизациялау үшін жетекші қаржылық және техникалық шешімдерді айқындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, сапар аясында Германияның DENA энергетикалық агенттігі, H2diplo, GIZ, сондай-ақ Siemens Energy компаниясы басшылығының өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.Қазақстан делегациясы Германияның ұлттық сутегі саясатын ілгерілету үшін Федералдық үкімет құрған H2-Leitstelle үйлестіру офисіне барды.Іс-шаралар қорытындысы бойынша Қазақстан Энергетика министрлігі Астанадағы GIZ сутегі дипломатиясы офисімен бірлесіп қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі болашақ жоспарларды белгіледі.Анықтама ретінде: энергетикалық ауысу бойынша Берлин диалогы (Berlin Energy Transition Dialogue) - 50-ден астам министрлер мен мемлекеттік хатшыларды қоса алғанда, әлемнің түкпір-түкпірінен энергетикалық қоғамдастық өкілдерін, сондай-ақ әлемнің 130 елінен 17000 қатысушыларын жинайтын жаһандық энергетикалық қозғалыстың ірі халықаралық платформасы болып табылады. Биыл BETD механизміне - 11 жыл толды.Аталған платформа аясында халықаралық өзара іс-қимыл, тәжірибе алмасу, байланыс орнату, технологиялық және энергетикалық шешімдерді қолдану жүзеге асырылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/961918?lang=kk
Профильдеуді анықтау және тексеру әдістері 29.03.2025
2025 жылғы 18-19 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Экономика және Қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл аясында «Профильдеуді анықтау» және «Тексеру әдістері» өзекті тақырыптары бойынша онлайн дәрістері өткізілді. Семинарға Өзбекстан Республикасы Кеден институтының курсанттары мен Қазақстан Республикасының өңірлік мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты - тексеру рәсімдері контексінде сәйкестендіру және профилдеу негізгі қағидаттары мен әдістерін ашу, әлеуетті қауіптерді анықтаудың заманауи тәсілдерін зерделеу. Семинарға қатысқан дәріскерлер: – Касымбеков Ануар – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының бас маманы; – Файзуллаева Хуршида – ӨР ЭҚМ КК Кеден институтының қайта даярлау және біліктілікті арттыру факультетінің психолог-сарапшысы. Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар сарапшыларға сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Дәріс тыңдаушылары стандартты емес жағдайларға жедел әрекет етуге, қауіптердің алдын алуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектесетін құнды білім алды. Бұл әсіресе жаһандық қауіп-қатерлердің артуы және шекараларда, әуежайларда, стратегиялық маңызды нысандарда бақылаудың күшеюі жағдайында аса маңызды. Ұйымдастырушылар кеден саласында білім және практикалық тәжірибе алмасу бағытындағы нәтижелі әрі белсенді ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/961911?lang=kk
Қазақстан, Финляндия және Гана ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сараптамалық бағалармен бөлісті 29.03.2025
Астана, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) Шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші сессиясының төрағасы ретінде «Arms Control Today» басылымы (АҚШ-тағы «Arms Control Association» талдау орталығы шығаратын) үшін ұйымдастырылған сараптамалық сұхбатқа қатысты.Талқылауға ЯҚТШ Дайындық комитетінің бірінші (Финляндия) және үшінші (Гана) сессияларының төрағалары да қатысты. Үш мемлекеттің өкілдері 2026 жылы жоспарланған ЯҚТШ Шолу конференциясының перспективалары туралы пікір алмасты.Қазақстан өкілі өз сөзінде ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы ЯҚТШ-ның негізгі рөлін атап өтті. Күрделі халықаралық жағдайға қарамастан, Шартқа мүше мемлекеттер ЯҚТШ-ның үш негізгі бағыты – қарусыздану, ядролық энергияны таратпау және бейбіт мақсатта пайдалану бойынша нақты жұмысқа ниеттеніп отыр. Қазақстан өзінің халықаралық беделін ескере отырып, Шарттың шолу циклін сәтті аяқтау және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін бар күшін салуға дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961906?lang=kk
Қостанай облысында су тасқыны жағдайы бойынша жедел штаб отырысы өтті 29.03.2025
Қостанай облысында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, онда өзекті мәселелер қаралып, қажетті шешімдер қабылданды.Қазіргі уақытта өңірде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде: суды тәулік бойы сору жұмыстары жалғасуда, соңғы тәулікте 20 мың текше метр су сорылды. Елді мекендерді қорғау мақсатында 12 мың қап құм төселді, 8,7 км арық пен канал тазартылды, жағалауларды нығайту және айналасын қазу жұмыстары жүргізілуде.Облыстық автожолдарда төрт судың тасуы және екі жол жиегінің шайылу оқиғасы тіркелді. Көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде атқарылуда. Ерекше назар судың деңгейі жоғары учаскелерге, соның ішінде Новоселовка ауылындағы Құндызды өзеніне аударылуда. Мұнда жағдай тұрақты бақылауда, ал қажет болған жағдайда эвакуациялық шаралар қабылданатын болады.Облыс әкімі барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, келесі негізгі міндеттерді белгіледі:• Елді мекендердегі өзендер мен еріген қар сулары деңгейін бақылау;• Жолдарды су шайып кеткен жағдайларда көлік қатынасын жедел қалпына келтіру;• Малдың қауіпсіз жерлерге айдалуын ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру;• Су ағатын арналар мен су өткізу құбырларын қар мен қоқыстан тазарту, аулаларды ретке келтіру;• Жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттардың қорын қамтамасыз ету.Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментіне су тасқыны жағдайлары орын алған кезде жедел әрекет ету, суды сору жұмыстарын жалғастыру және халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Полиция департаментіне су басқан жол учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру және тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету міндеттелді.Құмар Ақсақалов барлық қажетті шаралардың уақтылы қабылданып жатқанын, жағдайдың бақылауда екенін және басты мақсат – су тасқынының салдарын барынша азайтып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Жұмыстар тәулік бойы жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/961905?lang=kk
ҚР СІМ Алматы қ. Өкілдігінде Қытайдың Бас консулымен кездесу 29.03.2025
2026 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының Алматы қ. Бас консулы Су Фанцюмен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін қоса алғанда, консулдық мәселелерге ерекше назар аударылды. Дипломаттар болашақта екіжакты форматта өзара іс-қимылды белсенді колдауға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1267957?lang=ru
Алматылықтарды атақты адамдар мен спортшылар қатысатын «Almaty Clean&Green» сенбілігі күтеді 29.03.2025
2025 жылы 23 наурызда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Алматы – ортақ үйіміз» науқаны аясында «Almaty Clean&Green» қаланы тазарту бойынша ауқымды жалпықалалық акция өтеді. Бұл іс-шара Наурызнама мерекесі аясында атап өтілетін Тазару күніне орайластырылған.Акция бүкіл қала аумағында ұйымдастырылып, қоғамдық кеңістіктерді, демалыс аймақтарын, саябақтар мен скверлерді, сондай-ақ аулаларды қамтиды. Негізгі іс-шараның бірі – қала тұрғындарының қатысуымен өтетін ағаш отырғызу науқаны болады.Алматы әкімдігі акция қатысушыларына көшет, қолғап, қап, күрек, тырма сынды тазалау және отырғызу құралдарын ұсынып, қажетті қолдау көрсетеді. Жиналған барлық қоқыс қайта өңдеу үшін полигонға шығарылады.Акция 23 наурыз сағат 09:00-де басталып, қаланың бірнеше орнында өтеді:Алмалы ауданы – Дүйсенов көшесі (Розыбакиевтен батыс бағытта)Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Абай-Байтұрсынов даңғылынан сенбілік өтетін негізгі орындарға дейін арнайы автобус қатынайды.Акция аясында шағын концерт, экология және стрит-арт бойынша шеберлік дәрістері, экологиялық тақырыптағы викториналар мен жүлделі байқаулар сынды түрлі танымдық және қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Арқан тартыс пен тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар да өтеді.Сондай-ақ, сенбілікке қатысушылар қауіпсіздік техникасы мен ағаш отырғызу ережесі бойынша қысқаша нұсқаулық алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/961823?lang=kk
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған 29.03.2025
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанКөлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жаза көзделген.Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беруі өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Мас жүргізуші өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіпті екенін ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/961805?lang=kk
«Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде Ұлттық спорт түрлері күні атап өтілді» 29.03.2025
2025 жылдың 20 наурызында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде Наурыз мейрамы мен ұлттық спорт түрлері күнін мерекелеуге арналған мерекелік іс-шаралар өтті.Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің балаларына арналған қазақ мәдениетін насихаттауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған дәстүрлі ойындар ұйымдастырылды.Қызметкерлердің балалары жоғары спорттық рух пен командада жұмыс істей білуін көрсете отырып ұлттық ойындарға соның ішінде асық ату, бес тас, тоғызқұмалаққа белсенді қатысты. Ойындар өтетін жерде мерекелік атмосфера құрылды, ұлттық элементтер мен ою-өрнектермен безендірілген киіз үй орнатылды, қатысушылар үшін ұлттық тағамдар дайындалды, бұл оларды қазақ дәстүрлерінің атмосферасына батыруға мүмкіндік берді.Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов ұлттық дәстүрлерді жас ұрпаққа берудің маңыздылығын атап өтіп, құттықтау сөз сөйледі. Ол мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігін нығайтуға ықпал ететінін және өскелең ұрпақты елдің мәдени мұрасына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелейтінін атап өтті.Мереке соңында ойын қатысушыларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде мұндай іс-шараларды өткізу жақсы дәстүрге айналатынына және жастар арасында ұлттық спорт түрлерін танымал етуге ықпал ететініне сенімді. #ЗАҢ_МЕН_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/961774?lang=kk
Жапониядағы тағылымдама: JICA-ның жобаларды басқарудағы тәжірибесін KazAID зерттеді 29.03.2025
Жапониядағы тағылымдама: JICA-ның жобаларды басқарудағы тәжірибесін KazAID зерттеді1-16 наурызда KazAID өкілдері Жапонияның жобалық басқару, даму мақсатында бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау жөніндегі тәжірибесін зерделеу мақсатында Токио қаласында Жапонияның Халықаралық даму агенттігінің (JICA) штаб-пәтерінде тағылымдамадан өтті. ЭЫДҰ стандарттары бойынша жобаларды құрылымдауға көмектесетін PDCA (plan-do-Check-Act) цикліне ерекше назар аударылды.Жеке секторды дамыту маңызды тақырып болды. KazAID Қазақстан мен Орталық Азиядағы шағын бизнес пен экспортты қолдау үшін OVOP ("One Village One Product") бағдарламасын бейімдеуді қарастырады.Сонымен қатар, тағылымдама шеңберінде Нагаока қаласында табиғи апаттар қаупін азайту (Disaster Risk Reduction) бойынша жұмыс саласындағы орталықтың тәжірибесі зерделенді.Негізгі кездесулер JICA Шығыс, Орталық Азия және Кавказ департаментімен, жеке сектормен жұмыс департаментімен, UNDP аймақтық бюросымен, сондай-ақ JICA Вице-президенттері С.Имото және К. Мацумотомен және Жапония СІМ Халықаралық даму өкілдерімен өтті.JICA тәжірибесі KazAID-ке жобалардың тиімділігін және халықаралық әріптестікті нығайтуға көмектеседі. JICA-ға тиімді ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/961766?lang=kk
ӘМШ рәсімі аясында Қазақстан қабылдаған ұсыныстар Сыртқы істер министрлігінде талқыланды 29.03.2025
Астана, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Адам өлшемі жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы (бұдан әрі – «АӨДА» ККО) кіші тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Төртінші мерзімдік Ұлттық баяндамасын Әмбебап мерзімдік шолу (бұдан әрі – ӘМШ) аясында қорғау қорытындысы бойынша алынған ұсынымдарды талқылауға арналды.«АӨДА» ККО отырысында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова тең төрағалық етті. Кездесу барысында 294 ұсыныс таныстырылды, оның 56-сы алғаш рет БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүше мемлекеттері тарапынан ұсынылды. Бұл ұсыныстар, атап айтқанда, отбасылық зорлық-зомбылық пен азаптауларға қарсы күресті жалғастыру, инклюзивтікті қамтамасыз ету, құқық қорғау институттарын және Ұлттық алдын алу механизмін нығайту, халықты, әсіресе осал топтарды әлеуметтік қорғау шараларын қамтиды.Қабылданған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін төрт жылдық мерзімге арналған Ведомствоаралық жоспар әзірлеу жоспарлануда. Бұл жоспар қабылданған міндеттемелердің орындалу барысын қадағалауға және олардың іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Жиынға қатысушылар ӘМШ ұсыныстарын келесі бағыттар бойынша құрылымдау туралы келісті: халықаралық конвенциялар мен келісімдерді ратификациялау; құқық қорғау тетіктерін күшейту және БҰҰ-мен ынтымақтастық; азаптаулар мен қатыгездікке қарсы күрес; гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді қорғау; балалар құқықтары; сөз бостандығы, БАҚ және азаматтық қоғам; ЛГБТИ+ құқықтары және кемсітушілікке қарсы күрес; мигранттар, босқындар және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары; экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар; білім беру мен денсаулық сақтауға қолжетімділік; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму; мүгедектігі бар адамдардың құқықтары; сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес және сот реформасы; этникалық және діни азшылықтардың құқықтары.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер ашық және сындарлы форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері адам құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды.Қазақстан бойынша ӘМШ Жұмыс тобының баяндамасы мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ұсыныстары 2025 жылдың маусымында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 59-шы сессиясында бекітіледі.Анықтама: 2025 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімдік шолу жөніндегі Жұмыс тобының 48-ші сессиясында Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы міндеттемелерді орындауы және алдыңғы шолу бойынша ұсыныстарды жүзеге асыруы туралы кезекті баяндамасы ұсынылды. Бұл шолуға 100-ден астам мемлекеттің делегациялары қатысты. Олар жүргізіліп жатқан демократиялық реформаларға жан-жақты қолдау білдіріп, Қазақстанда іргелі құқықтар мен бостандықтарды нығайтуға бағытталған нақты қадамдарды қабылдауды құптады.«АӨДА» ККО 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен құрылған. Бұл алаң үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты дамытуға арналған тиімді құрал ретінде жұмыс істейді. Мұнда адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдерінің (БҰҰ ДБ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылар ретінде қатысуымен талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961746?lang=kk
Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі! 29.03.2025
Наурыз мерекесінің басталуын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері көңілді әндермен, шығыс билерімен және қазақтың халықтық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетумен қарсы алды.Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жаң бітіретін Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам, жаңғырту мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Наурыз – ағайынды баурмалдыққа, көрші-қоланды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі - деді құттықтау сөзінде Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрмолдин. Бүгінгі күні мерекенің негізгі қағидалары өзгерсіз - бұл адамдардың әл-ауқаты мен бірлгі, гуманизм мен ыңтымақтастық құңдылықтарын бекіту, бейбітшілік пен келісімді сақтау.Ұлыстың күні құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1186419?lang=kk
Наурыз құтты болсын! 29.03.2025
Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулық пен бірліктің, ізгілік пен молшылықтың символы. Бұл күн – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қадам басатын ерекше мереке.Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық пен өркендеу тілейміз!Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен қуаныш әкелсін!Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!Наурыз құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1186209?lang=kk
Әскери оркестрдің үнімен: әуежайда шетелдіктерді Наурыз мерекесімен құттықтады 29.03.2025
Көктемгі күн мен түннің теңелу күніне орай ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда әуежайында өнер көрсетті.Дирижер капитан Нұрлан Кучкаровтың жетекшілігімен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың музыкалық ұжымы халықтық, классикалық әуендерді, танымал хиттер мен әскери марштарды орындады.Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» шығармасы мен «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарындағы әндер көрерменді ерекше таң қалдырды.– Маған әскери оркестрдің қойылымы өте ұнады. Мен өз Отанымда мұндай концертті ешқашан көрген емеспін. Әдемі пішін және әйгілі хиттердің керемет орындалуы керемет, – деді АҚШ-тың Калифорния штатынан келген оқытушы Робин Пирс.Жолаушылар мен шығарып салушылар музыканттармен қосылып ән айтып, оларды суретке түсіріп алып жатты. Ұлттық киімдегі ақ жаулықтылар шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді.– Мен Омбыға ұшып барамын. Әскери музыканттардың өнеріне тәнті болдым. Абайдың шығармалары әлемге танымал. Маған «Көзімнің қарасы» әні қатты әсер етті, - деді Светлана Сафонова.Әскери музыканттардың қойылымын құрмет қарауыл ротасы сарбаздарының дефилесі толықтырды. Сымдай түзелген жігіттер де саптық қимылдарымен көрермендерді бірден баурап алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/961616?lang=kk
«Шаштараз өнері» мамандығы бойынша студенттер арасында «Golden hand» постижер бұйымдарының кәсіби шеберлігінің қашықтықтан өңіраралық конкурсы 29.03.2025
2025 жылғы 19 наурызда Өскемен технология және сервис колледжінің базасында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша студенттер арасында «Golden hand» постижер бұйымдарының кәсіби шеберлігінің қашықтықтан өңіраралық конкурсы өткізілді.Мақсаты - білім алушылардың шығармашылық қызметін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа білім беру технологияларын тарату, білім алушылардың кәсіптік шеберлігін арттыру.Конкурсқа Астана, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Ақтау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарынан 36 студент қатысты.Конкурс «Сәукеле сәні», «Шеберлік тәждері» номинациялары бойынша өткізілді.Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері және номинанттары анықталды.Жүлдегерлердің тізімі http://ctipo.kz/kz/ сайтында орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/961589?lang=kk
Батырларды еске алу - парыз: Жеңіс күніне 50 күн қалды 29.03.2025
29 қаңтардан бастап құқықтық тәртіп әскерлерінде өткенді еске алуға және патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған «Жеңіске 100 күн қалғанда» ауқымды акциясы өтуде. 20 наурызда, жарты жол еңсерілді - 9 мамырға дейін 50 күн қалды, ұландықтар белсенді жұмысты жалғастырып, оған оқушыларды, ардагерлер мен азаматтық қоғамды тартуда.Ұлттық ұланның әскери қызметшілері оқушылармен кездесулер өткізіп, батырлардың ерлігі мен әскери қызметтің маңыздылығы туралы баяндады. Мысалы, 37-ші мектепте олар оқушылармен кездесіп, батырларымыздың ерлік үлгілері туралы әңгімелерімен бөлісті және балалардың сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесулер өскелең ұрпаққа патриотизм мен әскери борыштың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.Ардагерлерге ерекше көңіл бөлінді. Ұландықтар майдангерлерге үнемі барып, оларға көмек көрсетті, олардың ерлігі мен батырлығы үшін алғыс білдірді. Бұдан бөлек республика бойынша салтанатты гүл қою рәсімдері, естелік акциялар және батырлармен жеке кездесулер өтуде. Атап айтқанда, әскери қызметшілердің Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған «Әлия» театрландырылған спектакліне қатысуы жарқын оқиға болды.Сонымен қатар, Жеңіс шеруіне белсенді дайындық жүріп жатыр. Әскери қызметшілер Ұлттық ұланды жылдың басты оқиғаларының бірінде лайықты көрсету үшін саптық машықтарын жетілдіруде. Сондай-ақ, ҚР күш құрылымдарының құрама оркестрі құрамындағы әскери қызметшілер Астанадағы Жеңіс шеруін музыкалық сүйемелдейтін болады.Бұдан басқа әскери-патриоттық акция азаматтық қоғамды да қамтиды. Қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында концерттер, көрмелер мен интерактивті іс-шаралар өтіп жатыр, азаматтар тарихтан сусындап, қазақстандықтардың батырлығы мен халық бірлігінің күші туралы көбірек біле алады.«Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясының әрбір күні бізді ұлы күнге жақындатып, тарихи ерлікті еске түсіреді. Ұландықтар осы маңызды міндетті жалғастырып, жастарға және қоғамға батырларды еске алуға мүмкіндік сыйлайды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/961584?lang=kk