Жаңалықтар
Эфиопия СІМ-не екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін талқылады 29.03.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 19 наурыз – Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы және Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы), ҚР-ның Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия СІМ Консулдық қызмет департаментінің бас директоры Елші Сираж Решид Джундимен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар ҚР мен Эфиопия арасындағы, оның ішінде консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Қазақстан мен Эфиопия Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан босату, өзара туризмді дамыту, өзара сапарлар кезінде екі ел азаматтарының мүдделерін қорғау туралы келісімге қол қою мәселелері талқыланды.Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру үшін диалогты одан әрі қолдауға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/960837?lang=kk
Қостанай облысында ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салынады 29.03.2025
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы Шұхрат Ибрагимовпен кездесіп, Рудный қаласында ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіретін зауыт құрылысының мәселелерін талқылады.Бұл стратегиялық маңызды жоба өңірдегі қара металлургия саласын дамытудағы жаңа кезең болмақ. Ол 500 миллиард теңге инвестиция тартуға, 1100 жаңа жұмыс орнын ашуға және жылына 2 миллион тонна ЫБТ өндіруге мүмкіндік береді.Ыстық брикеттелген темір өндірісі шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз етіп, өнімнің қосылған құнын арттырады.Жобаның қазіргі жағдайыҚазіргі уақытта жоба алды дайындық жұмыстары жүргізілуде, заманауи «Midrex» технологиясы таңдалды. Алдағы уақытта жабдықтарды дайындау және жеткізу бойынша келісімшарттар жасалады. 2025 жылдың жазында су, газ, электрмен жабдықтау және жол құрылысы сияқты инженерлік инфрақұрылым салу жұмыстары басталады.ERG-дің өңірлік дамуға қосымша инвестицияларыКездесу барысында Қостанай облысы әкімдігі мен ERG арасында 2,7 миллиард теңгеге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл қаражат Рудный, Лисаковск қалалары мен Қашар және Октябрьский кенттеріндегі қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бұл жобаның өңірдегі өнеркәсіптің дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.Қостанай облысы ірі инвестицияларды тартып, жаңа жұмыс орындарын ашып, қара металлургия саласындағы орнын нығайта бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/960829?lang=kk
Креативті индустрияны дамыту мәселесі талқыланды 29.03.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде креативті индустрияны дамыту, мәдениет саласын цифрландыру мәселелері қаралды. Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына креативті индустрия субъектілерінің қатысуымен өткізілетін ірі шаралар, жаңа жобалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Креативті индустрия субъектілеріне талдау жүргізіп, олардың санын арттыру, аудандардағы «Руханият орталықтарында» креативті хаб бұрыштарының жұмысын күшейту керек. Мемлекеттік архивтер мен мемлекеттік мекемелердің «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі жұмысына ай сайын мониторинг жүргізіңіздер. Мекемелерге электрондық құжаттарды реттеп, архивке тапсыруға дайындау үшін әдістемелік, практикалық көмек көрсетіп, оқыту семинарларын өткізіңіздер», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ облыс әкімі жиында әскер қатарының толығуы еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығының кепілі екенін атап өтіп, әскерге шақырылушылардың шақыру пункттеріне уақытылы және толық келуін қамтамасыз етуді тапсырды. «Жоспардың орындалуы қатаң бақыланып, әскерге барудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру, заңға сәйкес тиісті шара қабылдау керек»,-деді Нұрлыбек Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/960826?lang=kk
"2025 жылға арналған тыңайтқыш сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидияланатын тыңайтқыш түрлерінің (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы"Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 29.03.2025
Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әкімдік қаулысының көрсетілген жобасын өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 64-тармағына сәйкес әзірледі. Жоба 2025 жылға арналған тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) және субсидиялар нормаларын бекітуді көздейді.Жобамен осы сілтеме бойынша "Ашық НҚА" порталында толығырақ танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15496095 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/960818?lang=kk
Ұлттық киім күні – дәстүр мен заманауилықтың үйлесімі 29.03.2025
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл күн ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, қазақы киім үлгісін заманауи стильде насихаттауға арналған. Қазақ халқының сәндік мәдениеті – ұрпақтар сабақтастығының символы, ұлттық рух пен бірегейліктің айнасы.Мемлекеттік қызметшілердің кеңсе стиліне ұлттық нақыш енгізуі – дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімді байланысын көрсетеді. Бұл қадам өткен мен бүгінді жалғап, ұлттық мәдениетімізді қазіргі заман талабына сай дәріптеуге ықпал етеді.Ұлттық киім – тек сән емес, халқымыздың мәдени коды. Бұл құндылықты сақтау мен дәріптеу – әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/960808?lang=kk
Үйлестіру кеңесінің отырысы 29.03.2025
2025 жылдың 19 наурызында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.О. Нажикановтың төрағалығымен Мемлекеттік органдардың заң қызметтері Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыста кеңес мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қарасты Заңнама және құқықтық ақпарат институты филиалының және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қостанай облыстық ақпараттық технологиялар орталығының өкілдері қатысты. Отырыста жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау сапасын қамтамасыз ету және оларды әділет органдарына уақтылы жолдау бойынша атқарған жұмыстарының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары талқыланды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/960767?lang=kk
2025 жылдың 13 наурызында «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы төлемдері тақырыбында дәстүрлі «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді 29.03.2025
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дәстүрге айналған Ашық есік күнінде өз қонақтарын жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы айтып, кез келген сұрақтарға жауап беру үшін қабылдады. Іс-шара күн тәртібіне көптеген қазақстандықтарды толғандыратын «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбы қойылып, егжей-тегжейлі талқыланды. БЖЗҚ мамандары оны виртуалды кеңістікте онлайн өткізді.Онлайн-кездесуде Қор мамандары зейнет жасына толуға байланысты, егер бірінші және екінші топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленсе, МЗЖ салымшысы болып есептелетін, пайдасына МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған тұлғаның қайтыс болуы, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, 55 жасқа толған, олар үшін зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына берілетін төлем түрлері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер қозғалды. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылды.Іс-шараға қатысқан салымшылар төлем тетігі туралы біліп қана қоймай, өздерінің болашақ зейнетақыларын зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеді. Олар шотты үнемі толтырып отырған жағдайда БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді едәуір ұлғайтуға болатындығына көз жеткізді.Ашық есік күні қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және белсенді пікірталас ретінде өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/960750?lang=kk
Шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі Комиссияның отырысын өткізу туралы 29.03.2025
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 2025 жылғы 28 тамызда ZOOM бейнекоференцбайланыс арқылы шетелдік жұмыс күшін тартуға ұсынылған құжаттарды қарау жөніндегі комиссияның отырысы өтетінін хабарлайды. Анықтама үшін телефон: 8 7232 20-51-17, электрондық пошта: r.taymuldina@akimvko.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1056225?lang=kk
Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара 29.03.2025
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Особенные Дети Сарань (@osobennye_deti_g_saran) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/960730?lang=kk
2025 жылғы 19 наурызда Рыбкино ауылында аудандық мәслихат депутаты И. Н. Ярошенко азаматтарды жеке қабылдау өткізді. 29.03.2025
2025 жылғы 19 наурызда Рыбкино ауылында аудандық мәслихат депутаты И. Н. Ярошенко азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.Тұрғындар абаттандыру, жол жөндеу, оқушыларды тасымалдау, электр тіректерін ауыстыру, жарықтандыру, қаңғыбас иттер мәселелері бойынша жүгінді.Жеке қабылдау барысында барлық мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер берілді, сондай-ақ құзыретті органдарға депутаттық сауалдар жіберілетін болады. Азаматтарды қабылдау туралы кент тұрғындары алдын ала хабардар етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/960718?lang=kk
ІІМ заңсыз қару мен оқ-дәрілерді тәркілеуді жалғастыруда 29.03.2025
Ішкі істер министрлігі заңсыз айналымнан қаруды, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты табу және тәркілеу бойынша жұмысты жалғастыруда.- Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркіледі.Жалпы қабылданған шаралардың арқасында соңғы үш жылда 8 541 түрлі қару, сондай-ақ 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында еліміздің әртүрлі өңірінде 2 316 қару сақталған 772 схрон табылды.Бүгінгі таңда 1 263 қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды.Тәркіленген қалған 7 278 қарудың тіркеу нөмірлерін қаскөйлер қасақана жойған. Осыған байланысты олар бойынша қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/960701?lang=kk
Жұмыс берушілер назарына! 29.03.2025
Жұмыс берушілер назарына!Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы 2025 жылдың 11 тамызында сағат 17:30-де Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжай бойынша орналасқан Басқарманың мәжіліс залында (3-ші қабат, 311-кабинет) өткізілетіні туралы хабардар етеді.Комиссияның әр отырысы барысында жұмыс берушілердің өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі.Жұмыс беруші немесе оның өкілі, олардың қалауы бойынша Комиссия отырысына қатыса алады.Барлық сұрақтар бойынша 8(7112)51-28-66 телефон немесе lu.zhadenova@bko.gov.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1047386?lang=kk
«Ұлыстың ұлы күні – ұлы той» 29.03.2025
Наурызнама аясында ШҚО музей-қорығында №35 орта мектеп оқушыларына арналған «Ұлыстың ұлы күні – ұлы той» атты іс-шара өтті. Балалар Наурыз мейрамының салт-дәстүрлері, «12 жылдық күнтізбе» – «12 жыл-мүшел» «Жыл қайыру», яғни 12 жыл бір айналым туралы мағлұмат алып, «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін тыңдады. Оқушыларға ұлттық ойындар, байқаулар мен викториналар өткізілді.«Шабыт» жастар театрының орындауында «Қыдыр ата» театрландырылған қойылымы және О. Бөкейдің «Мезгіл әуендері» шығармасы бойынша қойылым көрсетілді.Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының «Ақниет» ансамблі мен «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Қарлығашым» би ансамблі мерекенің қадірлі қонақтары болып, концерттік бағдарламаға қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/960680?lang=kk
Курсанттары «Жақсы істердің жаршысы бол!» акциясына қатысып 29.03.2025
110-оқу тобының курсанттары «Жақсы істердің жаршысы бол!» акциясына қатысып, Қайырымдылық күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Андреевич Шелудяковтың ауласын қардан тазалап, көмек көрсетті. Кездесу барысында Виктор Андреевич курсанттарға соғыс жылдарындағы өмірі, майдандағы күндері мен сол кезеңнің ауыр сынақтары туралы әңгімелеп, бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын айтты. Оның әңгімелері жастар үшін нағыз ерлік сабағы болып, бейбіт өмірдің қандай қиындықпен келгенін еске салды.Мұндай шаралар ардагерлерге көмектесіп қана қоймай, болашақ полиция қызметкерлерінің бойында тарихқа деген құрметті, аға буынға қамқорлықты және кез келген жағдайда көмекке келуге дайын болуды қалыптастырады.Жақсылық жасай отырып, әлемді мейірімді етеміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/960671?lang=kk
Қостанайдағы су тасқынына қарсы іс-шаралар 29.03.2025
Қостанайдағы жағдай тұрақты болып қалып отыр, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. 14 наурыздан бастап 90 өтініш келіп түсті, оның 83-і шұғыл түрде қаралды, 7 өтініш расталмады. Өтініштер қаланың көшелерінде судың жиналуы мен аулаларға жақындауы мәселесімен байланысты.Қала сыртындағы егіс алқаптарындағы қар қабаты 90% еріді, тек қана төмен жерлер мен орманды алаптарда қалды.Қалада тәулік бойы гидропосттар жұмыс істейді: «Костанай-2», «Дружба» тұрғын алабы, СО «Дорожник», «Текстильщик» және «Садовод» аймақтарында. Қалалық қызметтер күшейтілген режимде кезекшілікте тұр. Негізгі күш-жігер су басу қауіптерін болдырмауға және паводокқа қауіпті аймақтарды тұрақты бақылауға бағытталған.Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді қорғау үшін 1700-ден астам құм салынған қапшықтар төселді. 216 арнайы техника бірлігі тартылды, аулалар мен көшелерден еріген суды сорып алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 18 км болатын 3 су өткізгіш арналар мен 44 су өтетін құрылғы тазартылды — еріген су бөгетсіз, ешқандай тосқауылдарсыз өтуде. Су сондай-ақ 6 арық жүйесі бойымен қозғалып жатыр: «Костанай – Сай», «Абиль-Сай», «Таун-Сай», «Конай» тұрғын алабы, «Амангелды» және «Текстильщик» — ешқандай бөгеттер мен кедергілер жоқ. 100,6 км ливневтік жүйелер тазартылып, су еш кедергісіз өтуде.Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда — коммуналдық қызметкерлер, құтқарушылар, волонтерлер мен ІІМ Академиясының курсанттары аулалар мен үй маңындағы аумақтарды тазартуға көмектесуде. Барлығы 660 адам осы жұмыстарға тартылған.Паводоктың салдарын жою үшін 400-ден астам адам мен 396 бірлік техникадан құралған күштер мен құралдар топтамасы құрылды, оның ішінде 22 мотопомпа, 7 су сорғыш насос, 21 «андиджанец», 138 самосвал, 38 ассенизатор, 71 трактор, 58 тиегіш, 25 экскаватор, 14 кран және 31 автогрейдер бар.Қыс басталғалы бері 637,9 мың текше метр қар шығарылды (2024 жылы — 832,5 мың текше метр).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/960664?lang=kk
ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ 29.03.2025
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 - баптарына сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды: Сайлау комиссиясының атауы және нөміріСайлау комиссиясының орналасқан жеріКурчатов қаласының № 151 учаскелік сайлау комиссиясы Курчатов қаласы, Абай көшесі 12, «ҚР ІІД Абай облысы полиция департаменті Курчатов қаласы полиция бөлімі» ММ ғимаратыКурчатов қаласының № 154 учаскелік сайлау комиссиясы Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі 10, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ ғимаратыКурчатов қаласының № 157 учаскелік сайлау комиссиясы Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі 3, Абай облысы білім басқармасы Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ ғимаратыСайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2025 жылдың 20 наурызынан бастап 2025 жылдың 6 сәуіріне дейін қабылдайды.Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 26/163-VIII шешіміКурчатов қалалық мәслихатының төрайымыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/960662?lang=kk
Назар аударыңыз! АЯТ ӨЗЕНІНДЕ ЖАРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ҚҰРМЕТТІ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! 29.03.2025
Жарылыс жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес көпірлердегі, бөгеттердегі мұзды қопсыту және ауданның су объектілеріндегі кептелістерді жою бойынша 2025 жылғы 20 наурызда осы іс-шараларды Аят өзенінде өткізу жоспарланған.Осыған байланысты, Сіздерден дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз, бұл іс-шаралар кептеліс құбылыстарын азайту және тасқын суларды кедергісіз өткізу мақсатында жүргізіледі!Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында саяжай учаскелерінде және олардың маңында жарылыс жұмыстарын жүргізгеннен кейін мұзға шығуға тыйым салынады!Ата-аналардан балаларды және олардың орналасқан жерін бақылауды күшейтуді сұраймыз. Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзенге жібермеңіз, сондай-ақ оларды Западная көшесінде орналасқан логаға жақындатпауларыңызды сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/960643?lang=kk
«Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарына қатысты тергеу аяқталды 29.03.2025
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ Сервистік фабрикасы — филиалының лауазымды адамдарының өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.Бас директор мен филиал қызметкері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында Тараз қаласындағы акционерлік қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмендетілген құны бойынша мемлекетке 460 млн теңгеден астам сомаға залал келтіре отыра іске асырды деп күдіктенуде.Қабылданған шаралармен жылжымайтын мүлік объектісі мемлекеттік меншікке берілді.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/960639?lang=kk
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы 29.03.2025
2025 жылғы 28 наурызда сағат 16.00-де Қарабалық аудандық мәслихатының 8-ші шақырылымының 9 кезекті сессиясы өтедіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/960624?lang=kk
Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлімінің басшысы сотталды 29.03.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Қабылданған шаралар мен тетіктер кешені қойылған міндеттерді тиімді іске асыруға және заңдылықтың бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.Мәселен, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен «Елорда Құрылыс Компаниясы» ЖШС бөлім басшысы Б.Қ. Базарбекке қатысты үкім шығарды.Ол Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшылығы үшін мердігерлік ұйым директорының 103 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.Базарбек 10 жылға бас бостандығынан айырылдыҮкім заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/960603?lang=kk