Жаңалықтар
Қарағандыда салынып жатқан рұқсат құжаттары бар тұрғын үй кешендерінің тізімі 01.02.2025
Бүгінгі таңда Қарағандыда 57 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның ішінде 48 – барлық рұқсат құжаттары бар, 4 КТҮК-де құжаттардың толық пакеті бар, бірақ құрылыс жұмыстары тоқтатылды, 3-еуінде рұқсаты жоқ және 2-еуінде ұзақ құрылыс.Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін барлық рұқсат құжаттары бар салынып жатқан үйлердің тізімі.Алайда салынып жатқан КТҮ тізбесінде пайдалануға берілген, әкімдік беретін үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендері жоқ.Сонымен қатар, үлескерлердің қаражатын тарту үшін тұрғын үй-құрылыс кооперативтері (ТҮҚК) құрылады, бұл заңмен тыйым салынбаған, бірақ КТҮ құрылысының аяқталу мерзімдері туралы 100% кепілдік бермейді. Мұндай «Жилой фонд» ТҮҚК (барлық нысандар) және «Comfortniy Gorod» («Новый Город-2» ТК, «Новый Город-3» ТК, «Британский Комфортный Квартал» ТК) құрылыс компанияларында құрылған.Құрметті қарағандылықтар жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын өте мұқият болыңыз. Үлестік құрылыс туралы қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер жарамсыз болып табылады. Оларға алдын ала брондау шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын беру шарты жатады.Барлық толық ақпаратты Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан, сондай-ақ Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінен (42-11-76, 42-12-65) білуге болады.Құрылыс салушылардың назарына – Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасында тиісті рұқсатсыз үлескерлердің қаражатын тартуға тыйым салынады, бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928674
Балқашта техникалық селеннің бірінші партиясы жөнелтілді 01.02.2025
Балқашта «Қазақмыс прогресс» кәсіпорны СТ-1 маркалы техникалық селен шығарды. Бірінші партия – 100 тонна өнім жөнелтілді. Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.Қазақстанда алғаш рет өнеркәсіптік мақсатта вакуумдық дистилляцияның бірегей әдісі қолданылды. Технологияны Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Металлургия және байыту институтының ғалымдары әзірледі. Бірегей қондырғы әлемдік түсті металдар нарығының талаптарына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Әдіс реагенттерді пайдаланбай селенді тазартудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді, бұл процесті экологиялық қауіпсіз етеді."Бүгінгі таңда селен күн батареялары, көшіру аппараттары, шыны, керамика өндірісінде, сондай-ақ медицина мен химия өнеркәсібінде қолданылады. Балқашта жаңа өндірісті іске қосу Қазақстан мен Қазақмыстың әлемдік түсті металдар нарығындағы экономикалық позицияларын нығайту үшін жаңа көкжиектер ашады", – делінген хабарламада.Балқаш өнеркәсіптік алаңында 2020 жылы бағалы металдарды өндіру кезінде ілеспе өнім ретінде шығарылатын қара селенді тазарту жобасын іске асыру басталды. 2022 жылы жаңа өндірістік учаске іске қосылды, ал 2023 жылы ол өнеркәсіптік тұрғыда пайдаланыла бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928680
Маңғыстау студенттері Жоғарғы Агротехникалық Колледж Шағалалы ауылында сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруде 01.02.2025
1968 жылдан бастау алған, Жоғарғы Агротехникалық Колледжі мемлекетіміздегі мамандарылған кәсіби жоғарғы оқу орны болып табылады. Қазіргі таңда, «Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысынан 150-ге жуық студент Ақмола облысының колледждерінде тегін білім алуда. Бұл жоба сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, сапалы білім алуға ұмтылатын жастар үшін маңызды қолдау болды.Бағдарлама 10 жұмысшы мамандықты қамтиды, олардың ішінде агрономия, механика, ақпараттық жүйелер, жерге орналастыру және электрмен жабдықтау бар. Студенттер тек тегін білім алып қана қоймай, жатақхана, үш мезгіл тамақтану және жергілікті білім беру мемлекеттік тапсырысы аясында қосымша стипендиямен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап жоғарғы агротехникалық колледж халықаралық WorldSkills байқауының қатысушысы. Білім алушылар облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері атануда. Халықаралық WorldSkills Lyon байқауында «Электрмонтаж жүйесі» бойынша қатысып, республикалық жарыс «Өнеркәсіптік автоматтандыру» байқауында жүлделі ІІІ орын алды.Бағдарламаның қатысушысы, бірінші курс студенті Асадбек Голбаев, Ақтаудан Шагалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжінде бағдарламалау мамандығын оқуға келген. Ол бағдарламалауға ерте жастан қызығып, болашақта «ҚазМұнайГаз» компаниясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.«Мен жатақханада тегін тұрып, тамақтанумен қамтамасыз етілдім. Бұл бағдарлама – үлкен мүмкіндік», – дейді Асадбек Голбаев.Колледж директоры Арман Оспановтың айтуынша, 2024 жылы оқу орнына «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 48 студент қабылданған. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен қаржыландырылып, 12-22 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Сонымен қатар, өз Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет кадрлық әлеуетті жүйелі түрде арттыруы керек», — деп атап өтті. Білікті кадрларды тек жоғары оқу орындарында ғана емес, сондай-ақ еліміздегі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында да дайындау қажет. Бұл колледж түлектеріне өздерінің жоғары нәтижелерін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органдарда жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау деген сөз. Жоғары агротехникалық колледж студенттері халықаралық, республикалық және облыстық байқауларға белсенді қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады. Бұл біздің оқушыларымыздың жоғары деңгейде дайындалғанын және кәсібилігін көрсетеді. Қазіргі мақсатымыз, өңірдің ауыл шаруашылығы саласы үшін кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі жоғары, үздіксіз жетілдіруге дайын, заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге және дамытуға қабілетті, ғылымды қажетсінетін экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/928864
Әкім азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 01.02.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды кезекті мәрте қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Қабылдауда жерлестеріміз тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық және материалдық қолдау туралы өтініштерін жеткізді.Қабылдауға жазылғандардың арасында тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұраушыларға лайықты жауап қайтарылды. Облыс әкімі тұрғын үйді бөлу процесі белгіленген мемлекеттік нормаларға сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Баспана кезегінде тұрғандар кезекке сәйкес қана пәтерге ие болатындығы айтылды.«Әлеуметтік мәселелерді шешу - біздің міндетіміз. Облыстың әрбір тұрғыны мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қолдау шараларын кеңейту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді өңір басшысы.Жеке қабылдау соңында облыс әкімі жауапты ведомство басшыларына азаматтардың өтініштеріне мұқият мән беріп, оларды тезірек шешу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Көтерілген әр сұрақ бақылауға алынатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/928678
Биыл отандық әуе компаниялар 24 әлеуметтік маңызы бар бағытты орындайды 01.02.2025
Ел ішіндегі қалалар арасында әуе қатынасын одан әрі дамытып, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2025 жылы субсидияланатын әуе рейстерін орындайтын әуе компаниялар конкурс нәтижесіне сәйкес айқындалды. Субсидияланатын маршруттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі әуе нарығының дамуын қамтамасыз етпек.Билеттерді әуе компаниялардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/928568
Алматы облысы Лавар ауылының маңында стационарлық автоматтандырылған өлшеу құрылғысы орнатылады 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшысы Алтай Әлі мен Бас көлік прокурорының орынбасары Руслан Исаевтың төрағалығымен Алматы қаласында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді, сондай-ақ жел генераторларының құрамдас жабдықтарын тасымалдау мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске аумақтық инспекциялардың басшылары, жұмыс тобының қатысушылары, «Атамекен» ҰКП өңірлік палаталары, қауымдастықтар мен тасымалдаушылар қатысты.Жиын барысында кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған бірқатар мәселелер талқыланды. Мысалы, арнайы рұқсат алған жағдайда«Нұр-Жолы» кеден бекеті аймағындағы 1,5 шақырымдық автожол учаскесінің бағытын келісу процесі алынып тасталады.Сондай-ақ, жолдардың мерзімінен бұрын тозуын және көлікке тиелген жүктің белгіленген нормадан аспауы үшін Алматы облысындағы Лавар ауылының маңында стационарлық автоматтандырылған өлшеу құрылғысын орнату жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/928819
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тексеру нәтижелері бойынша 1500-ден астам баланың құқығы қалпына келтірілді 01.02.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2024 жылы өткізген тексерістің қорытындысын шығарды. Барлығы 18 өңірде 342 ұйым тексерілді, оның ішінде 120-сы жергілікті жерде және 58-і жоспардан тыс бақылау аясында тексерілді. Тексерулер орта білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерін, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелерді қамтыды. Анықталған заң бұзушылықтар нәтижесінде 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, 133 ұйғарым шығарылып, оларды жою бойынша 164 ұсыным жолданды. Бұдан бөлек, 78 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Тексерулер жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтардың бар екенін көрсетті. Бұл заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтудің және олардың білім алуы мен тәрбиеленуі үшін қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын айғақтайды. Жүйенің барлық қатысушылары балалардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін жауапты, ал олардың басты міндеті – әрбір баланы қорғау, қолдау және оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі 1500-ден астам баланың келесі құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз етті:• Тұрғын үй құқығы – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тұрғын үйге меншік немесе пайдалану құқығын сақтау.• Мүліктік құқықтар – кәмелетке толмағандардың активтері мен заңды мүдделерін қорғау.• Отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы – балалардың мүдделерін шектейтін заңсыз шешімдердің алдын алу.• Білім алу құқығы – тиісті деңгейдегі білімге, соның ішінде қосымша білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету.• Психологиялық-педагогикалық қолдау – балалардың үйлесімді дамуына ықпал ететін білім беру ортасында сүйемелдеу.• Психологиялық әл-ауқат – білім алушылардың эмоционалдық және менталдық денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралар. Қосымша түрде балалардың денсаулығына ықтимал қауіптердің алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілді. Бұл нәтижелер балалардың құқықтарын қорғау және бақылау тетіктерін күшейту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/928603
Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзендегі жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты 01.02.2025
Бүгін, 30 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласында салынып жатқан сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыттың құрылысымен танысты.Аумағы 12 гектарды құрайтын аталмыш жоба 2024 жылы өңір басшысының бастамасымен қаладағы №1 өндірістік аймақта іргетасы қаланған болатын.Зауыт құрылысын «Қаскор Инжиниринг» ЖШС жүргізуде. Бұл кәсіпорын мұнай-газ саласы мен химиялық өндіріс үшін қажетті жабдықтарды шығаратын өңірдегі жетекші машина жасау компанияларының бірі.Құрылыс алаңында қазіргі таңда металл конструкцияларды монтаждау 75%-ға аяқталған. Учаске бастығы Жеңіс Тұқаевтың айтуынша, нысанның шатыры мен қасбеті жабылып, құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, қазандық пен қосалқы станцияның құрылысы қатар жүріп жатыр.Қазіргі таңда құрылыс алаңына 126 адам жұмылдырылған. Жабдықтарды орнату 20 ақпанда басталып, наурыз айының соңына дейін ғимараттың контуры толығымен жабылмақ.Облыс әкімі құрылыс жұмыстарына қажетті барлық шараларды қабылдап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Айта кетейік, Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын өндіретін зауыт салу жұмыссыздық мәселесін шешуге және қаладағы өндіріске қажетті жабдықтарды жергілікті жерде өндіру тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзенге сапары барысында шаруа қожалығы иелерімен кездесіп ауылшаруашылығы саласындағы және жалпы елдік мәселелерді талқылады.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/928721
Маңғыстау облысының әкімі мәслихаттың кезектен тыс сессиясында маңызды ұсыныстар айтты 01.02.2025
30 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Жиында облыс басшысы бірқатар маңызды мәселелерді көтерді, оның ішінде Түркияға 100 студентті тегін тағылымдамадан өткізу, медицина қызметкерлерін шетелде біліктілігін арттыру курстарына жіберу және коммуналдық қызметтерді бәсекелестік ортадан шығарып, жергілікті әкімдіктер теңгеріміне беру ұсыныстарын айтты.Сессия барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыста 280 дәрігер жетіспейді. Кадр тапшылығының негізгі себептері – шақырылған мамандарға ұсынылатын әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі, білікті дәрігерлердің аздығы.- Қазіргі уақытта «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында мамандарға 100 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы мен бюджеттік несие ұсынылады. 2024 жылы облыстық грант бойынша 198 орын бөлінді. Сондай-ақ өңірге 24 білікті дәрігер шақыртылып, облыстағы 33 маманға пәтер немесе жатақхана жалдануда. Ақтау қаласына келген дәрігерлерге 3 миллион теңге, Жаңаөзен қаласына келген дәрігерлерге 5 миллион теңге және аудандарға келген дәрігерлерге 8,5 миллион теңге қолдау көрсету ретінде ұсынылып отыр, – деді Бекболат Ізбасаров.Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің дамуына бағытталған бірқатар бастамаларды атап өтті.- Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Президент Маңғыстау өңірінде инфрақұрылымды дамыту мен туризмді ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз.Сонымен қатар, Түркияда туризм бағыты бойынша 100 студентті тегін тағылымдамадан өткізуді және дәрігерлердің біліктілігін арттыруды жоспарлап отырмыз. Қаладағы коммуналдық қызметтерді, атап айтқанда көше тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын бәсекелестік ортадан алып, Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміне беру қарастырылуда.Өңірге білікті медицина мамандарын тарту үшін сіздер ұсынған қаржыландыруды ұлғайту керек шығар, баспана салып беру мәселесін де қарауымыз керек.Атқарылатын жұмыстар көп, алда үлкен жобалар күтіп тұр. Осы жауапты істе өздеріңізбен бірге ынтымақ бірлікте жұмыс атқарамыз деп ойлаймын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/928725
Білім беру саласындағы жасанды интеллект: қазақстандық жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды енгізу 01.02.2025
Білім беру саласындағы жасанды интеллект: қазақстандық жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды енгізуSatbayev University-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізуге арналған семинар өтті.Іс-шараға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарын цифрландыру жөніндегі проректорлары, ЖИ саласындағы сарапшылары және мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Іс-шараның модераторы ҚР ҒЖБМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов елдің цифрлық егемендігін қамтамасыз ету үшін үлкен тілдік модельдер сияқты цифрлық құралдарды енгізудің маңыздылығын атап өтті:– Біз қатысушыларға жасанды интеллект университеттің қызметін академиялық бөлімнен басқарушылық бөлімге қалай өзгерте алатынын жеткізгіміз келеді. Бұл бізге болашақта еліміздің цифрлық егемендігін қамтамасыз етуге көмектеседі, – деді ол.Жасанды интеллект жұмысының принциптері және студенттер мен оқытушылардың жаңа шындықтағы өзара іс-қимылы туралы түсіндірмелерден басқа шеберлік сабағында қазақ тіліндегі KazLLM үлкен тілдік моделі және қазіргі уақытта «Электрондық үкімет» порталы үшін чат-боттар әзірленіп жатқан Ұлттық мемлекеттік интеллект платформасы сияқты қазақстандық әзірлемелер ұсынылды.Семинар қатысушыларының назарына мәтіндерді өңдеу, талдау және генерациялау үшін әзірленген KazLLM үлкен тілдік моделін ұсынған Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) бас директоры Атакан Хусейнның таныстырылымы өткізілді. Модель қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдеріндегі 150 миллиард токендердің негізінде жасалған және интернетте https://oylan.nu.edu.kz/ мекенжайы бойынша қолжетімді.Сондай-ақ семинарда «AI-Sana» жасанды интеллект жөніндегі инновациялық бағдарламасы ұсынылды, ол білікті кадрларды даярлау және елдің ғылыми-технологиялық прогресіне жаңа серпін бере отырып, ЖИ технологияларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.Семинар «SIMKON» компаниясының директоры Олег Мециктің басқаруымен ЖИ білім беру үдерістеріне интеграциялау стратегияларын әзірлеуге бағытталған форсайт-сессиямен аяқталды. Қатысушылар іс жүзінде өз ЖОО-да жасанды интеллектіні енгізу жоспарларын құрды және Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беру сапасы мен басқару тиімділігін арттыру үшін цифрлық құралдарды пайдалану перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/928714
Астанада 2 600-ден астам жол жұмысшы мен 1 800 арнайы техника қар тазалауға шықты 01.02.2025
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бір тәулік ішінде олар қаладан мыңдаған жүк көлігімен қар шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.31 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 633 жол жұмысшысы мен 1 862 арнайы техника шықты.31 қаңтарға қараған түні елорданың қар полигондарына 50 мың текше метрден астам қар 3 735 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 353 998 рейспен 4,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928639
Лудоманиямен қалай күресуге болады: еріктілер Астана көшелерінде акция өткізді 01.02.2025
Елордалық еріктілер қала көшелерінде іс-шара өткізіп, өтіп бара жатқан адамдарға құмар ойындарға тәуелділіктің қаупі мен қолжетімді көмек туралы парақшалар таратты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Астана Жастары» еріктілері іс-шараны халық көп жүретін «Астаналық» базарында өткізді. Мақсаты – елорда тұрғындарын лудомания проблемалары, оның салдары және көмек алудың қолжетімді жолдары туралы ақпараттандыру.Өтіп бара жатқандарға құмар ойындарға тәуелділіктің белгілері туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды.Патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктің түрлері және оның негізгі белгілері туралы айтылады. Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсыныстар берілген. Парақшада құмар ойынға тәуелділердің ең көп бөлігі 18 бен 30 жас аралығындағылар екені атап өтілген.Ең маңызды бөлімдердің бірі лудоманияға тәуелділіктен көмек алу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Астаналықтарға қалалық психикалық денсаулық орталығына немесе республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының mentalcenter.kz сайтына хабарласу ұсынылады.Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл шараның қоғамды ақпараттандыруға, қайдан көмек алуға болатынын және тәуелділіктен қалай құтылуға болатынын білетін қоғам құруға бағытталған.«Бүгін біз адам көп жиналатын орындарда ақпараттық брошюралар тараттық. Акция барысында еріктілер ойынға тәуелділік, оның салдары және көмек алудың қолжетімді жолдары туралы 500 буклет таратты. Биыл құмар ойындарға тәуелділікпен күресу бойынша алғашқы акциямызды өткіздік, бұған дейін де «Жарқын болашақ» жобасы аясында осындай акцияларды өткізген болатынбыз, – дейді «Астана жастары» маманы Олжас Амангелді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/928653
Қазақстан мен Татарстан аграрлық сектордағы ынтымақтастықты күшейтеді 01.02.2025
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаровпен кездесті.Кездесуге келген делегация құрамына Татарстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бас ветеринария басқармасының, «Красный Восток» МК», «Эдельвейс Групп», «Казанские деликатесы» компанияларының, Татарстан шаруашылықтарының өкілдері кірген. Олар Қазақстанға етті мал шаруашылығындағы, агроқұрылымдағы және жалпы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы тәжірибені зерделеу үшін келді.Вице-министр аграрлық сектордағы өзара іс-қимыл елдер арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша АӨК өнімінің Татарстанмен тауар айналымы 61,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға артық. Сонымен қатар, тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтуға мүдделілігін атап өтті.Аманғали Бердалин етті мал шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары және агро саланы сақтандыру туралы хабардар етті.«Жемшөп дайындаудан бастап дайын өнімді сатуға дейінгі толық циклді ет кластерлері құрылуда. Австралиялық тәжірибе бойынша алдағы 2 жылда қуаттылығы 98 мың бас ІҚМ 6 бордақылау алаңын, 50 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау кешенін, сондай-ақ бірінші мамандандырылған мал биржасын салу жоспарлануда. Министрлік әрбір жобаны толық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу біз үшін басым бағыт болып табылады. Біз ҚР аумағында бірлескен өндірістер құруға мүдделіміз», - деді вице-министр.Өз кезегінде Марат Зяббаров барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты күшейтуге дайын екенін атап өтті.Жұмыс бағдарламасы аясында делегация мүшелері Қазақстанның Ет одағының қызметімен танысты, Абай облысындағы мал шаруашылығы нысандарына барды, сондай-ақ Ақмола облысының шаруашылықтарына бару жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/928371
Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады 01.02.2025
Career Enbek сайтында жұмыссыз азаматтардан кәсіптік біліктілігін тану үшін ваучерлер алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бұл бастама жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, азаматтардың кәсіби дамуын қолдауға және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.Өтінімдерді өңдеуді және консультациялық қолдауды барлық кезеңдерде еңбек мобильділігі орталықтары жүргізетін болады.Бір реттік ваучер кәсіби біліктілікті тану рәсімінен өтуге және азаматтың тиісті дағдылары мен тәжірибесінің болуын растауға мүмкіндік береді, бұл жұмысқа орналасуды жеңілдетуге көмектеседі.Ваучерлерді кәсіптік біліктілікті тану орталықтары қабылдайды, бұл жұмыссыз тұлғаларға рәсімнен тегін өтуге мүмкіндік береді.Ваучер алу үшін азаматтың ресми «Жұмыссыз» мәртебесі болуы, Career Enbek платформасында тіркелуі және жеке кабинет арқылы онлайн өтініш беруі қажет.Өтінімдер осы жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/928144
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды 01.02.2025
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды.Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады. Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса алғанда, Ұлттық қордан қаражат аударылып келеді.«Біз азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартып, балаларымызға кемел келешекті құрудың негізін қалап жатырмыз»,- Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.«Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты миссиясы – келер ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру арқылы қаржы ресурстарын үнемдеу жолымен әр балаға ұлттық байлықтан тиесілі үлесті беруді көздейді.2024 жылы аталған бағдарламаға 6 919 131 адам қатысып (2006-2023 ж.ж. туған балаларды қоса алғанда), олардың әрбірінің шотына 100,52 доллар жіберілді. Аударылған ақшаның жалпы сомасы – 695,5 млн доллар. Тұтастай алғанда, осы бағдарламамен қамтылғандардың жалпы санынан 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға жалпы сомасы 30,6 млн доллар аударылды.2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылды.Бағдарламаға екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың (инвестициялық кірісті қоса алғанда) жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды.«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша аударымдар туралы ақпарат eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында 2025 ж. 1 ақпанда көрсетіледі.Төлем тетігі барынша қарапайым. Баланың бағдарламаға қатысуы мен есептелген ақша туралы ақпаратты баланың ЖСН енгізе отырып, арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан көруге болады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар, сол секілді өзекті сұрақтардың жауаптарын ала аласыз. Бұдан бөлек балаға арналған аударымдар туралы деректерді eGov.kz порталындағы жеке кабинетке кіріп, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk қосымшалары арқылы да көруге болады.Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі – білім мен баспана алуға баршаға тең мүмкіндік беру. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы жас қазақстандықтар үшін айтарлықтай қолдауға айналды.Жинақталған соманы кез келген жас азамат 18 жасқа толғанда пайдалана алады. Жинақтар БЖЗҚ-дағы шоттарға аударылады және жобаның ресонденттері уәкілетті операторлардың (Отбасы банкі және Халық банкі) қосымшасы арқылы өтініш бере отырып, тиісті соманы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға жұмсай алады.2025 жылдың 1 қаңтарында бұл мақсатқа 66 571 өтінім беріліп, оның ішінде жалпы сомасы 5 316,7 мың долларға 53 001 өтінім орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 34 388 өтінім берілді, оның ішінде 29 542-сі орындалып, 2 964 мың доллары төленді. Білім беру бойынша 32 183 өтінім жолданып, оның ішінде 23 459 өтінім қанағаттандырылып, 2 352,7 мың доллар төленді.Биыл бағдарламаға 6 921 035 бала қатысып жатыр (2007 жылдан 2024 жылға дейін туған балалар). Олардың ішінде 324 430 азамат 2025 жылы 18 жасқа толады.Ұлттық қордың қаражатын жас отандастарымызды қолдау мақсатында пайдалану – еліміздің орнықты дамуына бағытталған стратегиялық шешім. Аталған бастама өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етіп, кейінгі ұрпаққа болашаққа зор сеніммен қарауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/928482
«eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы «eOtinish»-ке қалай өтініш беруге болады 01.02.2025
eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы «eOtinish»-ке қалай дұрыс өтініш беруге болады«eOtinish» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өтінішіңізді сәтті жасау және жолдау үшін «eGov Mobile» қосымшасына кіру қажет.Әрі қарай, «Қызметтер» бөлімінде «eOtinish» бөліміне басу керек. Басқаннан кейін Сіз «eOtinish» ақпараттық жүйесінің басты бетіне өтесіз.Содан кейін «Өтініш беру» бөліміне басып, пайда болған терезеде электрондық форманы толтыру қажет.Тиісті бағандарды сәтті толтырғаннан кейін Сізге бар болғаны «Қол қою және жіберу» батырмасын басу ғана қалады.Бұл әрекет Сіздің өтінішіңіз мемлекеттік органға тіркеу үшін және одан әрі қарауға жіберілгенін білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/928495
Алматыдағы сауда желілері отандық өнімге басымдық береді 01.02.2025
Бүгінде Алматыдағы ірі сауда желілерінде көкөніс қоры жеткілікті мөлшерде ұсынылған. Себебі өнімді қазақстандық фермерлерден тікелей сатып алып отыр. Қаланың бір сауда желісінің қоймасында 500 тоннадан астам көкөніс сақталса, ал осы желінің бір дүкенінде 7,5 тонна өнім бар.Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қаладағы ірі сауда желілерін аралап, сауда субъектілерінің өкілдерімен кездесті. Дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесін арттыру мәселесі талқыланды. Министр Алматыдағы сауда желілерінің жалпы ассортиментінің елеулі бөлігін қазақстандық өнімдер құрайтынын атап өтті. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар, әсіресе сүт өнімдері, жоғары үлеске ие. Мысалы, Алматы дүкендеріндегі сүт өнімдерінің 97%-ы Қазақстанда өндірілген.«Біз қазақстандық фермерлермен және өндірушілермен тығыз жұмыс істейміз, олардың өнімдерін сауда желілерімізге жеткізуге күш салып жатырмыз. Ірі сауда желілеріндегі көкөністердің барлығы қазақстандық фермерлердің өнімі. Сондай-ақ, құс еті мен өсімдік майы сияқты басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдердің үлесін арттыру маңызды қадам болып табылады», – деді министр.Отандық өндірушілерді одан әрі қолдау мақсатында министр бірқатар бекітілген міндеттемелер туралы айтты. Атап айтқанда, «Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгілердің болуы міндеттелген. Сонымен қатар, ішкі сауданы қолдау функциясының заңнамалық түрде Сауда министрлігіне берілуі отандық өндірушілерге үлкен мүмкіндік болып отыр. Бұл шара мемлекеттік қолдау алған сауда объектілеріне сөре кеңістігін 20%-ға арттыруды міндеттейді. Енді дүкен сөрелерінің кемінде 50%-ы қазақстандық азық-түлік өнімдерімен, ал кемінде 20%-ы тұрмыстық тауарлармен толтырылуы тиіс. Бұл тауарлар тұтынушылар үшін көрнекі әрі қолжетімді жерлерге орналастырылуы керек.«Тұтынушыларды алдауға жол бермеу үшін біз тауарлардың сапасы мен орналасуына қойылатын талаптарды күшейттік. Мысалы, тауарлар дұрыс көршілестік қағидаты бойынша орналастырылуы тиіс: сүт өнімдері сүт сусындарымен, ал май – майдың балама түрімен қатар тұрмауы қажет», – деп қосты Арман Шаққалиев.Министр, сондай-ақ, Алматыдағы сауда орталықтарында отандық өндірушілердің тауар көрмелерін ұйымдастыруды ұсынды. Бұл шара тұтынушылардың сапалы әрі қолжетімді қазақстандық өнімдерге деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматыда 11 ірі сауда желісі және 3500-ден астам шағын дүкен жұмыс істейді. Осы бастамалар жергілікті өндірушілердің өнімдерінің дүкен сөрелерінде кеңінен ұсынылуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/928141
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады 01.02.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасын аяқтады. Нысан 2022 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Алайда, пандемия мен қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап қалған болатын.Министрлік құрылғаннан кейін Қызылорда су торабының құрылысы қайта жанданды. Нысанның сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында гидравликалық тораптың бұзылған бөлшектері қайта жөнделіп, басқа да ақаулары дұрысталды.Айта кету керек, су торабы Сырдария өзенінің сол және оң жағалауындағы 120 мың гектарға жуық жерді суаруға және шамамен 2 млн гектарға жуық шөлді аймақты ылғалдандыруға арналған.«Құрылысы тоқтап қалған немесе созылып кеткен жобаларды аяқтау мәселесі министрліктің жіті бақылауында. Мәселен, Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Бүгінгі таңда Есқұла, Талап, Пресновский және Соколовский таптық су құбырларының құрылысын аяқтау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Бұл жобалар халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сол себепті аталған жобаларды іске асырып, межесіне жеткізу өте маңызды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/928272
Туризм және спорт министрі Sport Qory-ның отандық кәсіпқой спорт клубтарының басшыларымен жиналыс өткізді 01.02.2025
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» (Sport Qory) корпоративтік қорының және отандық кәсіпқой спорт клубтарының басшыларымен жиналыс өткізді. Атап айтқанда, жиынға Sport Qory-ның, «Астана» футбол клубының, «Барыс» хоккей клубының, «Астана» баскетбол клубының, Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас директорлары қатысты.Отырыста кәсіпқой клубтардың былтырғы есебі тыңдалып, спорт клубтарын дамытуға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жиын барысында Министр клубтардың негізгі жұмыс бағыттарын айқындап, командалардың қызметін тиімді ету және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.Атап айтқанда, кәсіпқой клубтарға нақты көрсеткіштер арқылы 2025-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын әзірлеу, бюджетті оңтайландыру және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес легионерлерге жалақыны бюджет есебінен емес, демеушілерді тарта отырып төлеу туралы нақты тапсырмалар жүктелді.Клубтар алдындағы тағы бір маңызды міндет – негізгі және жасөспірімдер құрамасына іріктеу жүйесін біріздендіру. Сондықтан кәсіпқой клубтар республикалық федерациялармен және аймақтық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға тиіс. Бұл халықаралық турнирлерде өнер көрсететін ұжымдардың сапында отандық спортшылардың санын арттыруға мүмкіндік береді.«Министрлік отандық спортты дамыту, жас таланттарды қолдау және қазақстандық спортшылардың халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды одан әрі жалғастырады. Әсіресе, жасөспірімдер командаларын дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөлу қажет», – деді Министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928298
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: ҚР Туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2024 жылғы қызметі мен 2025 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген Алқа мәжілісі 01.02.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928340