Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

QR-код құтқарушылардың профилактика құралы ретінде 11.12.2024
Өңірлерде өрт қауіпсіздігі желісі бойынша үгіт-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Мерекелік күндер қарсаңында елордалық ТЖД қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Елорда қонақтары мен тұрғындарына мереке күдерін қауіпсіз өткізу керектігі туралы айтылуда. «Мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында адамдар көп жиналатын объектілерде елордалық Департамент әзірлеген жадынамалар орналастырылды. Жадынамаларда орналастырылған QR-кодтар Қазақстан ТЖМ «112KZ» ресми Telegram-каналына өтуге мүмкіндік береді және түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты іс-әрекетке оқытуға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Астана қаласы ТЖД МӨББ бастығының орынбасары Евгений Гутяр. Рейдтік іс-шаралар EXPO халықаралық көрме орталығында, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-да, «Барыс-Арена», «Алау» көпфункционалды мұз сарайында, «ASIA PARK» СОО-да, онкологиялық орталықта және теміржол вокзалында өткізілді. Мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары шұғыл қызмет телефондарын, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып, өрт туындаған жағдайда іс-қимыл алгоритмін егжей-тегжейлі талдап, мереке қайғылы жағдайға айналмас үшін шыршаны безендіру және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде сақталуы тиіс ережелер туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/900844
Кореяда 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолулар бойынша алғашқы жаһандық семинар өтті 11.12.2024
Инчхон қаласындағы семинарда шолуларды әзірлеу кезінде қабылдауға қажетті принциптер мен қадамдар, шолулардың ғылыми негізділігі, сондай-ақ Орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы прогресті көрсету үшін нақты деректердің шектелуі мәселелері талқыланды.Іс-шара барысында ҚР ҰЭМ Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды ұсыну бойынша Қазақстанның тәсілдерін таныстырып, сондай-ақ 2019, 2022 жылғы шолуларды ұсыну тәжірибесі туралы баяндады.Оның айтуынша, Қазақстан 2019 жылғы 16 шілдеде БҰҰ-ға мүше басқа 51 мемлекеттің қатарында жоғары деңгейдегі Саяси форум барысында алғашқы шолуды ұсынған еді. Негізгі назар 6 тақырыптық мақсатқа аударылды: «Сапалы білім беру», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», «Теңсіздікті азайту», «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес», «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар», «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік».Екінші шолу 2022 жылғы шілдеде ел үшін орнықты дамудың 5 басым мақсаты бойынша ұсынылды: «Кедейлікті жою», «Денсаулық пен әл-ауқат», «Сапалы білім», «Таза су және санитария», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу».Еске салсақ, Қазақстан 2025 жылғы Нью-Йорктегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда БҰҰ бекіткен, биылғы жылы қазанда Ерікті ұлттық шолуды ұсынатын елдер тізіміне енді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/901026
Министрлік қызметкерлеріне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. 11.12.2024
Негізгі баяндамашы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева болды.Лектор сыбайлас жемқорлық превенциясын жақсартуға бағытталған заңнамадағы негізгі өзгерістер туралы, оның ішінде озық халықаралық стандарттар негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу маңыздылығы жөнінде жасалып жатқан алғышарттарға тоқталды.Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылауға кеңес берді. Себебі тиісті органдар тарапынан аталған бөлік бойынша жіті тексерістер жасалатынын ескертті.Лектор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға енгізілген соңғы 4 пакет өзгерістердегі түзетулердің мәні мен мағынасын түсіндірді. Маман семинар соңында "Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмысты болдырмау — ол қызметкердің адал еңбекті таңдауымен қашанда байланысты" деп түйіндеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/900806
СҚО-да ғалымдар мен мамандар агрохакатонда ауыл шаруашылығының мәселелерін талқылады 11.12.2024
Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған Қазақстандағы бірінші ғылыми-технологиялық сессия өтті, оның жұмысына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүректов қатысты. Отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, шаруалар мен бизнес жетекшілері инновацияларды енгізуге және агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді бірлесіп іздеуге жиналды.Мемлекет басшысы аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын, бұл сессия қорытындысында көрініс тапты. Ғалымдар мен кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өнімділігін ұлғайтуға арналған идеяларын ортаға салды. Қатысушылар жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады. Агрохакатонда саладағы негізгі проблемалар айқындалып, жаңа шешімдердің бағыттары, зерттеулердің міндеттері айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/900719
Облыста тағы да бір медициналық нысан іске қосылды 11.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында БҚО, Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті халық игілігіне пайдалануға берілді.Ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылу салтанатымен құттықтады.“Президенттің бастамасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында осындай 50 нысан салынып, ел игілігіне берілмек. Бұл ауылдық елді-мекендерде тұратын азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттырып, сапалы медициналық көмек көрсету - басты мақсатымыз. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауда, алғашқы көмек көрсетуде фельдшерлік-акушерлік пункт маңызды рөл атқарады. Енді Ащысай ауылының тұрғындары да медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады”,-деді облыс әкімінің орынбасары.Жаңадан бой көтерген медициналық нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылады. Бұл ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жаңарту және сапалы медициналық көмек көрсету үлкен қолдау болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/900705
Астаналық жастар аязды күні көше тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай ұсынды 11.12.2024
Игі істер марафоны аясында елорда жастары «Байқоңыр» ауданымен қала тазалығы үшін еңбек етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ ұсынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде қала көшелерін қар мен мұздан тазарту жұмыстарын жалғастыруда. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қала тазалығы үшін еңбек етіп жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне елордалық жастар қолдау көрсетіп, ыстық шай мен бауырсақ таратты. Аязды күндері қаладағы қауіпсіз және кедергісіз қозғалысқа зор үлес қосып жүрген коммуналдық қызмет мамандарына жастар осылайша алғыс білдірді.Қала көшелерінің тазалығын сақтау үшін коммуналдық сала қызметкерлері ауысымдық режимде тәулік бойы қызмет етеді.Айта кетейік, 11 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.10-ынан 11 желтоқсанға қараған түнде елордадан 545 рейспен 7 мың текше метр қар жиналып, шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 75 703 рейспен 961 мың текше метр қар шығарылды.Естеріңізге сала кетейік, елордада игі істер марафоны жалғасып жатыр. Акцияның басты мақсаты – еріктілер мен тұрғындарға халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына, қарт адамдарға, мұқтаж зейнеткерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік беру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900706
Еліміздің өңірлерінде өрт профилактикасы күшейтілуде 11.12.2024
Елімізде 1 желтоқсанда басталған өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру. Республикалық өрт қауіпсіздігі айлығы аясында өңірлерде өрттің алдын алу бойынша ауқымды рейдтер ұйымдастырылды. Тұрғын үй секторын аралау барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына және зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлінді. Жетісу облысы ТЖД айлық аясында жылыту маусымында және алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кешенді алдын алу шараларын жүргізуде. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да құрылымдардың қызметкерлерінен мобильді топтар құрылды. Бұл топтар пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату орындарын, сондай-ақ жаңа жылдық алаңдарды қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру үшін рейдтер өткізуде. Халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударылуда. Жеке үйлерге он мыңдаған тексеру жүргізіліп, пештерді, электр жылытқыштарды пайдалану ережелері және балалардың қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне газ бен түтін концентрациясын анықтайтын датчиктер орнатылды, бұл қауіпті жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Жаңа жылдық іс-шараларға дайындық аясында мектеп, медицина мекемелерінің басшыларымен және халық көп жиналатын нысандар иелерімен кездесулер мен нұсқаулықтар өткізілді. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау және қызметкерлердің іс-әрекеттері тәжірибелік түрде пысықталуда. «Қабылданған шаралардың арқасында өрттер мен зардап шеккендер саны азайды. Тұрғын үйлердегі өрт саны қысқарды, бірақ шаруашылық құрылыстарда, шөп қораларда және моншаларда өрт санының өсуі байқалады. Өрттің негізгі себептері – электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу, қасақана өртеу және отты абайсыз пайдалану», - деп ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Огай түсіндірді. Ұлытау облысында әлеуметтік 365 әлеуметтік осал топқа жататын отбасы тұрады, оларға ерекше көңіл бөлінуде. ТЖД қызметкерлері облыс аумағында айлық аясында ауқымды «Қауіпсіздік әрбір үйге» атты акция өткізілді. Профилактикалық іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және «Бірлік» волонтерлік ұйымы, БАҚ өкілдері де қатысты. Профилактика барысында облыстағы пешпен жылытылатын үйлерді, әлеуметтік осал топтағы отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұздағы қауіпсіздік шараларын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы үйлерге иісті газды анықтайтын датчиктерді орнату кезең-кезеңімен жалғасады, бүгінгі күнге дейін 93 датчик орнатылған. 673 тұрғын үйді аралау мен 1349 адамға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Аталған іс-шара тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алуға, сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлар кезінде Ұлытау облысының тұрғындарының өрт кезіндегі білімдерін арттыруға бағытталған», - деп ТЖД бастығының орынбасары Ч.Самиев атап өтті. Атырау облысы ТЖД, ПД, «QazaqQazAimaq» АҚ қызметкерлерімен және волонтерлер бірлесіп қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Жеңіс саябағында авариялық және өрт сөндіру техникалары сапқа қойылды. Кейін құтқарушылардың бір тобы әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлерді аралауға, екінші тобы мұздағы қауіпсіздік ережелерін насихаттауға жұмылдырылды. Іс-шара барысында қала аумағындағы «Көктем» ықшам ауданының 20 астам тұрғын үйіне үйге түтін датчигі орнатылды. ТЖМ тұрғындарды жылыту маусымында және мереке күндері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Қырағылық пен жауапкершілік жазатайым оқиғалардың алдын алуға және өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/900578
КЕЗДЕСУ КҮНІ МЕН УАҚЫТЫНЫҢ АУЫСУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА! 11.12.2024
Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары! Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің 11 желтоқсан сағат 10:00-ге жоспарланған Жезқазған қаласының халқымен кездесуі тұрғындар өтініші бойынша 2024 жылғы 12 желтоқсан сағат 18:00-ге ауысқанын хабарлаймыз! Өтетін орны: С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ-музыкалық драма театры Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/900560
«Таза Қазақстан»: Астанада абаттандыру мәселелерін онлайн-платформа арқылы қалай шешеді 11.12.2024
Астанада тұрғындардан «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы өтінімдер қабылдануда, онда әркім қаланы абаттандыруға байланысты проблемамен жүгіне алады. Бүгінгі таңда жүйеде 1000-нан астам өтінім тіркелген, олардың 900-ге жуығы орындалған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Өтінімдердің негізгі санаттарына аумақтарды абаттандыру, жарықтандыру мәселелері, жолдарды жөндеу, көгалдандыру, рұқсат етілмеген полигондарды жою және кіреберістердің санитарлық жағдайын жақсарту кіреді, бұл осы мәселелерді шешуге жүйелі көзқарастың қажеттілігін көрсетеді.Нұра ауданы бойынша 1 маусым мен 8 желтоқсан аралығында «Таза Қазақстан» платформасы арқылы 221 өтініш түсті. Олардың барлығы пысықталды. Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша тұрғындар мемлекеттік органдардың жұмысын бағалай алады.Мысалы, аялдама павильонының санитарлық жағдайына шағым түсті. Мердігер ұйымдар павильонды ретке келтірді.«Аялдамаларды күнделікті тазалау бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Алайда егер өтінімдер iKomek кол-орталығы немесе «Таза Қазақстан» порталы арқылы келіп түссе, біз әрқашан жедел түзетулер енгіземіз. Портал жұмысының басынан аялдамаларды жинау мәселелері бойынша 221 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы уақтылы өңделеді және тұрғындардың кері байланысы мен бағалауының арқасында біз қала тұрғындарының атқарылған жұмыстарға қаншалықты қанағаттанғанын көреміз.Қыста өтініштер саны артады, өйткені қардың еруіне байланысты аялдамаларды жиі тазарту қажет. Бұдан басқа, аялдамалардағы жылумен жабдықтау жүйелерінің жұмысына байланысты өтінімдер келіп түседі. Барлық ескерту уақтылы өңделеді, бұл тұрғындарға қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік береді.«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы - тұрғындармен жылдам әрі ашық кері байланыс», - деді Нұра ауданы әкімдігінің инфрақұрылым бөлімінің бас маманы Салавди Арықбеков.Бүгінгі таңда тұрғындармен белсенді байланыс орнатылуда, олардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/899606
Smart Astana: қала тұрғындарының жайлы өмір сүру үшін қандай қызмет түрлері қолжетімді 11.12.2024
Smart Astana тегін мобильді қосымшасында елордалықтардың жайлы өмір сүруіне қажетті қызмет түрлері толық қамтылған. Қосымшадағы 70-тен астам онлайн қызмет арқылы денсаулық пен білім, коммуналдық және қалалық қызметтер бойынша маңызды ақпараттарға бірден қол жеткізуге мүмкіндік жасалған, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мәліметінше, Smart Astana мобильді қосымшасындағы функционалдығы жоғары әрі өте пайдалы сервистердің бірі ретінде жүргізушілердің күнделікті әрекетін ыңғайлы етуге арналған «Көлік» бөлімін мысалға алуға болады. Мұнда автокөлік құралын техникалық байқаудан өткізу және жолдағы трафик жүктемесі туралы өзекті ақпарат жарияланады.Ал «Радио» қолданбасы арқылы автокөлік иелері әр күнін көтеріңкі көңіл күйде бастап, жол үстінде сергек отырады. Көліктегі жолаушылар да әлемдегі және еліміздегі маңызды жаңалықтардан құлағдар болып, әсем әуеннің ырғағымен жол қысқартады.Ал «Көлікті техникалық байқау» бөлімінде автокөлік құралының техникалық тексеру күйі туралы ақпаратты шұғыл түрде алуға болады. Ол үшін көлік құралының мемлекеттік нөмірін енгізу жеткілікті. Техникалық байқау мерзімі қашан аяқталатыны да осы жерде көрсетілген. Сонымен қатар жақын маңдағы көлікті тексеру пунктерін тез табуға мүмкіндік бар.Ақылы тұрақ картасы бөлімінде қала бойынша ақылы автотұрақтардың орналасуы, тұрақ нөмірі мен жалпы орындар саны көрсетіледі, бұл уақыт үнемдеуге және оңтайлы орынды таңдауға көмектеседі.Трафик жүктемесі туралы ақпарат бөлімі де жүргізушілер үшін аса тиімді. Жолдағы кептеліс туралы өзекті ақпарат автокөлік иесіне бағытын алдын ала жоспарлауға және жолдағы жағдаймен нақты уақыт режимінде танысуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар,аталған бөлімде жол жабындары туралы хабарламалар үнемі жаңартылып отырады, ал бұл қаланың жол жағдайындағы кез келген өзгерістер туралы білуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/899777
Елордада «Барлығына арналған қоғам» халықаралық инклюзивті форумы өтіп жатыр 11.12.2024
Халықаралық Адам құқықтары күні қарсаңында «Ерекше мерекелер» қоғамдық қоры, QORGAU заңгерлері мен медиаторларының зияткерлік клубы Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігімен бірлесіп Астанада «Барлығына арналған қоғам» инклюзивті форумын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Форумның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі саладағы бағдарламалармен танысу.Талқылауға мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, психологтар, заңгерлер мен медиаторлар қатысты.Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы реформаларға ерекше назар аударылды. Қатысушылар Балалардың құқықтарын қорғауды және волонтерлік инклюзивті бағдарламаларды дамытуды қарастырады, мүгедектерді қоғамдық өмірге интеграциялауға бағытталған мәдениет пен спорт саласындағы өзгерістер, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тұрғын үйге қолжетімділік, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаны жақсарту және тұрғын үйге кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасау талқыланды.«Біз екінші жыл инклюзивті қоғам форумын өткізіп келеміз. Қоғам оның ерекшеліктеріне қарамастан барлығына ашық және қолжетімді болуы керек. Мемлекеттік бағдарламалардың адамдарға нақты жетуі маңызды. Мұндай іс-шаралар тәжірибеде не болып жатқанын көруге көмектеседі», - деді «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорының президенті Ботагөз Игенбаева.Ұйымдастырушылар «Барлығына арналған қоғам» форумы инклюзивті тәсілдерді дамытудағы маңызды қадам болғанын атап өтті. Бұл іс-шара мемлекет пен қоғам арасындағы диалог пен мүгедектерді өмірдің әртүрлі салаларына біріктіру үшін шешімдер іздеудің маңызды платформасы ретінде қызмет етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900384
Astana Invest фронт-кеңсесі қандай жобаларға қолдау көрсетеді 11.12.2024
Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов пен ведомстволық ұйымдардың өкілдері: Astana Invest және Астананы дамыту орталығының басшылығы Astana Invest фронт-кеңсесінде кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесуде ағымдағы жобалар мен келер жылдың жоспарлары талқыланды.«Елімізде инвесторлар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Өткен жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Инвестициялық штаб құрылып, өңірлік Инвестициялық штабтың тұрақты отырыстары өтуде. Жергілікті және атқарушы органдар, сондай-ақ коммуналдық қызметтер елорда аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов.Astana Invest фронт-кеңсесі жыл басынан бері жұмыс істеп келеді. Қалада инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан жергілікті және шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеді.Ә.Мәмбетов көшесіндегі «Аффари» бизнес орталығында орналасқан кеңсенің жұмысы «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған, бұл инвесторларды тарту мен сүйемелдеу үдерісін және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жеңілдетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900439
Заң және тәртіп: Елордалық маман құмар ойындарынан қалай арылуға болатынан айтты 11.12.2024
Астанада құмар ойынға құнығудың алдын алуға бағытталған күрес кешенді түрде жүргізіледі. Бүгінгі таңда лудоманиямен күрес мақсатында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен Jarqyn bolashaq жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Jarqyn bolashaq жобасы жасөспірімдер мен жастарға құмар ойындарға пайдалы балама табуға және алаяқтардан қорғануға көмектеседі. Жоба аясында психологтар мен аддиктологтар дәріс оқиды.«Кездесуде құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу жолдары тақырыбы қаузалады. Өмірлік құндылықтар жайлы да айтамыз. Құндылықтар жеке тұлғаның белсенді позициясын дамытуға, өзін-өзі тануға, өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болады. Мұндай дәрістер жастардың құқықтық сауатын арттырады», - деді аддиктолог Азамат Жаманқараев.Оның сөзінше, көп жағдайда баланың жағымсыз әдетінің пайда болуына бірден-бір себеп – жаман орта. Құмар ойындарға тәуелділік қалтаны жұқартумен қоса, ата-анасы мен жақындарына да қиындық алып келеді.«Бала өзіне жауапкершілік алмайды, яғни ойнауды жалғастырады. Ал қарызды ата-анасының мойнына іле береді. Тіпті қарызы барын жасыруы да мүмкін. Тығырықтан шығу үшін несиеге қолма-қол ақша алады. Бір сөзбен айтқанда, қарызға белшесінен батқанын білмей қалады. Оның түбі есірткіге апарады. Бүгінгі таңда 16-17 жастағы балалар құмар ойындарға тәуелді болып жатыр. Егер адам өзінің іс-әрекетін бақылай алса, онда ол ойынды тоқтатады. Ал бақылау жасай алмайтындар – тәуелді адам. Егер ол күніне 2-3 сағат компьютерлік ойындар ойнап, сабағына үлгеріп, достарымен араласып, қоғаммен байланыста болса, онда оны тәуелді адам деп айта алмаймыз», - деді маман.Аддиктолог жастар арасындағы құмар ойындарға тәуелділікпен қалай күресу керектігін де айтты. Оның айтуынша, адам өзіне толық жауапкершілік алу керек, барлығын ата-ананың мойнына асып қоймаған жөн. Тапқан ақшасын дұрыс мақсатта жұмсап, жоспарлай алуы қажет. Күнделікті уақытының бір бөлігін спортқа арнауды ұмытпағаны дұрыс. Бастысы араласатын ортасын дұрыс таңдауы тиіс.Жылдам байып кету бағытындағы мотивациялық үгіт-насихаттар мен букмекерлік компаниялар жарнамасының көп болуы да адамға әсер ететінін тілге тиек етті.«Баланың құмар ойындарға тәуелділігін мынандай белгілерден білуге болады. Біріншіден, ол ойын ойнау уақытын бақылай алмайды. Мысалы, ата-анасы жарты сағат ойын ойнауға рұқсат берсе, ал бала екі сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалады. Екіншіден, оның көңіл-күйі құбылмалы болады. Тіпті агрессия танытуы мүмкін. Үшіншіден, баланың виртуалды достары пайда болуы. Төртіншіден, баланың күн тәртібі бұзылады», - деді ол.Азамат Жаманқараев ата-ана баласының ойынға тәуелділігін байқаған кезде арнайы мамандарға жүгінуге кеңес береді. Жалпы, аддиктолог маман астаналық оқушыларға тренингтер өткізіп, лудоманияның зияны туралы түсіндіреді.«Құмар ойындарға тәуелділікті жеңуге болады. Ол үшін соңына дейін күресу керек. Ал егер күреспесе, оның соңы аурухана, түрме, өліммен аяқталады. Әсіресе өзге емес, өзі үшін құмар ойындарға тәуелділікпен күрескісі келетін жандар қалыпты ортаға тез оралады. Егер ойыншының қарызы болса, онда оны жасырмай, ата-анасына болмаса жақынына айтып, түсіндіру керек. Ешқашан өтірік айтпау қажет. Тәуелділіктің түрлері көп қой. Мәселен, әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетін болса, онда алғашқы кезеңде бақылау қойғаны жөн. Салауатты өмір салтын ұстану қажет. Жоспармен жүрген адам өмірде өз орнын табады. Күнделікті кешкілік дастархан басында ата-ана баласымен тілдесіп, күні бойы немен айналысқанын сұрап отыру қажет. Сондай-ақ мұнда олар бір-бірімен алдағы жоспарларын бөліседі. Бір қарасаңыз, бұл көп уақытты қажет етпейді, бірақ ол баланың дұрыс бағытта болуы үшін маңызды рөл ойнайды. Одан бөлек, ата-ана баласымен табиғат аясында серуендеп, бірге уақыт өткізуі тиімді. Бір сөзбен айтқанда, «мұғалім-оқушы-ата-ана» үштік одағы мықты болуы тиіс», - деді Азамат Жаманқараев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900442
Таза Қазақстан: Астанада «Жасыл балабақшалар» бағыты іске қосылды 11.12.2024
Астана қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Жасыл балабақша» бағыты іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бұл бағдарлама тек ауланы көгалдандырып, бау-бақша егіп, ондағы өнімдерімен қамтамасыз ету ғана емес, ең алдымен балаларға экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді.Бағдарламаны қаламызда алғашқылардың бірі болып енгізген №84 «Кәусар» балабақшасы бүгінде бірқатар бастаманы іске асырған. Атап айтқанда, балабақша аумағынан «Арайлы Астана» саябағын ашып, 70 қарағай, «Тәрбие бағы» саябағына 21 аққайың, 21 алма ағашы отырғызылған.Осы жылдың қараша айында төрт топтың бүлдіршіндерінің қатысуымен декаративтік орамжапырақ пен мультифлора гүлінің қалай өсірілетінін эксперименттік алаңда зерттеп, алдағы уақытта метео алаңын ашып, жүзден астам күнбағыс пен әртүрлі гүлдер өсіру жоспарланған.Осы жұмыстарды қарқынды жүргізу мақсатында ата-аналар арасында «Мен жасыл балабақшаның ландшафтық дизайнерімін» деген конкурстың бірінші кезеңінде «Картиналар галлерясы» ашылды. Балабақша әкімшілігі Экология министрлігімен келісілген меморандум бойынша «Таза Қазақстан» аясында тыныс алу жолдарын нығайту үшін «Денсаулық жолдары» бойында 300-ге тарта ұсақ жапырақты қарағаш отырғызбақ.«Жасыл балабақша» бағыты бойынша қаламызда бұдан бөлек, №24, №60, №77, №84, №92 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары да іске асырып, балалардың барлығын ұқыптылыққа, үнемділікке, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға тәрбиелеу бойынша жұмыс атқарып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900448
Күндізгі ауысымда елордада қар тазалауға 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты 11.12.2024
Күн сайын коммуналдық қызметтер Астанадан жүздеген ауыр жүк көлігімен мыңдаған текше метр қар шығарады. Бұл жұмыс тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізілуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.11 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы және мыңнан астам арнайы техника жұмыс жүргізеді.10-ынан 11 желтоқсанға қараған түнде елордадан 545 рейспен 7 мың текше метр қар жиналып, шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 75 703 рейспен 961 мың текше метр қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, онда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900495
Сегіз жасар астаналық оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды 11.12.2024
Астана қаласындағы 86 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Тайландта өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Сегіз жасар чемпион Әбдіқайым бұған дейін шахмат ойынынан өткен «Akbulak Open-2023» халықаралық турнирінде бақ сынап, үш мәрте күміс жүлдегер атанған, әлем чемпионаттарына да қатысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900512
Жаңа жыл қарсаңында елордалық өрт сөндірушілер Астанада өрт қауіпсіздігі айын өткізіп жатыр 11.12.2024
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Астанада «Өрт қауіпсіздігі айы» республикалық акциясы басталды. Елордалық ТЖД қызметкерлері СОО-да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мереке күндері қауіпсіздікті еске салды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Акция азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде хабардарлығын арттыруға бағытталған.Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлағандай, акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады және профилактикалық іс-шаралар кешенін қамтиды. Негізгі міндеттердің қатарына ақпараттық кездесулер өткізу, өрт қауіпсіздігі бойынша жаңалықтар мен кеңестер күн сайын жарияланатын мамандандырылған Telegram арнаға кіру үшін QR-кодтары бар жадынамалар тарату жатады.Қазіргі уақытта елорданың 20-ға жуық сауда орталығы жұмылдырылған. Мұнда ТЖД қызметкерлері келушілерді белсенді түрде хабардар етеді, қауіпсіздік нормалары мен ережелерін түсіндіреді, сондай-ақ өртке қарсы жүйелерді тексереді.«Нысандардың техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылады: өрт дабылы, өрт сөндіру және түтін шығарудың автоматты жүйелері. Сауда «аралдарын» бұғаттау жағдайларын болдырмау үшін эвакуация жолдары да тексеріледі. Бұзушылықтарды жою мерзімі екі айды құрайды, бірақ ерекше жағдайларда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін. Айта кету керек, көп жағдайда сауда орталықтарының әкімшілігі біздің ескертулерімізге жедел жауап береді», - деп атап өтті Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Евгений Гутяр.Мереке жақындаған сайын пиротехника сатушыларының белсенділігі артып келеді. Отшашулар жүзеге асыру құқық қорғау органдарының бақылауында. 25-31 желтоқсан аралығында ТЖД полициямен бірлесіп өнімдерді, оның ішінде сертификатталмаған бұйымдарды заңсыз сатуды болдырмау үшін рейдтер жүргізеді.«Пиротехникалық бұйымдарды өткізу тек санкцияланған нүктелерде жүзеге асырылуы тиіс. Сатып алушылар үшін қауіпті болдырмау үшін сәйкестік сертификаттарына назар аудару маңызды», - деді Евгений Гутяр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900686
Елордалық боксшы Санжар Ташкенбай Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды 11.12.2024
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ел құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының былғары қолғап шебері Санжар Ташкенбай 48 кг дейінгі салмақтағы финалдық жекпе-жекте өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевпен тартысты кездесу өткізді. Өкінішке қарай, төрешілердің шешімі бойынша (1:4) Санжар жеңіліс тауып, күміс жүлдені қанағат тұтты.21 жастағы Санжар Ташкенбай осымен Азия чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанып отыр. Ол бұған дейін, 2022 жылы Иорданияның Амман қаласында өткен чемпионатта алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/900684
Ақмола облысында алғаш рет зейнеткерлерге тегін жол жүру үшін қаражат қарастырылды 11.12.2024
Көкшетау қаласында 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасын бекіту мақсатында облыстық мәслихаттың сессиясы өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов депутаттарға облыс бюджетіндегі негізгі бағыттарды таныстырды.Келесі жылы облыста алғаш рет Көкшетау қаласының зейнеткерлеріне қоғамдық көлікте тегін жол жүру үшін қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емдеу үшін қаражат бөлу жоспарланған. Осы шараларды іске асыруға шамамен 3 млрд теңге бөлінбек.Тағы бір маңызды жоба – Көкшетау қаласында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы. Бұл орталық зейнеткерлердің белсенді және дені сау өмір салтын сақтауға арналған орын болады.Марат Ахметжанов атап өткеніндей, бұл шаралар өңірлерге таралып, облыс тұрғындарының мүмкіндігінше көп бөлігін қамтуы тиіс.Айта кетейік, жалпы зейнеткерлерді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға 17 млрд теңге бөлінеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/900593
Келесі жылдан бастап Ақмола облысындағы мектептерде тамақтану құны өседі 11.12.2024
Ақмола облысындағы оқушылардың тамақтану сапасын жақсарту үшін 2025 жылға 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов бюджетті бекітуге арналған облыстық мәслихат сессиясында мәлімдеді.Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта өңір бір оқушының тамақтану құны бойынша елде төртінші орында тұр. Келесі жылы бұл көрсеткішті 715 теңгеден 808 теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тамақтану сапасына бақылау күшейтілді.Сонымен қатар, өңірде заманауи технологиялар қарқынды енгізілуде. Барлық мектептер STARLINK спутниктік жүйесі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. «Бақытты аймақ» жобасы аясында Целиноград ауданында 500 мұғалім біліктілігін арттырды.Білім беру ұйымдарындағы жағдайды жақсарту үшін, оның ішінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына шамамен 9 млрд теңге қарастырылған. 2023 жылы өңірде алты жаңа, заманауи және жайлы мектеп пайдалануға берілді, тағы үш мектептің құрылысы аяқталу сатысында.Марат Ахметжанов бұл шаралар Ақмола облысы жастарының зияткерлік және кәсіби дамуының берік негізіне айналатын жайлы, технологиялық және тиімді білім беру ортасын құруға бағытталғанын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/900608