Жаңалықтар
Ардагер аналарға айрықша құрмет 10.03.2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі түрлі салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.Тағылымды кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжебек Таңбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов барып, ізгі лебіздерін білдірді.Аудан басшысы алдымен тұтыну кооперативі саласының ардагері Катима Ормаханованың үйіне барып, ақжарма тілегін білдіріп, құрмет көрсетті.Мерекелік құттықтау әрі қарай жұмыспен қамту саласының ардагері Айнагүл Тойбаразованың шаңырағында жалғасып, ардагер анаға еңбегі үшін алғыс айтып, мерекелік тілегін жеткізді.Сондай-ақ көп жылдар бойы халық денсаулығын сақтау жолында еңбек еткен медицина саласының ардагері Үркия Тұрмағанбетова мен ұстаздық жолда ұзақ жылдар қызмет атқарған білім саласының ардагері Күнсұлу Науановаға да мерекелік лебіз білдіріліп, Алғыс хат табысталды.Мерекелік сапар барысында Жандос Еркінбек ардагер аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты.Ізгі ниетке толы кездесуде аяулы жандар көрсетілген құрметке өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177277?lang=kk
«Әйел - Ана. Әйел - Ару. Әйел - Гүл» 10.03.2026
Көктем – табиғаттың жаңарып, айналаға шуақ пен жылулық сыйлайтын ерекше мезгіл. Осы бір көркем маусыммен қатар келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де адамзат баласына мейірім мен ізгіліктің көрінісіне айналған мереке. Осыған орай бүгін Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әйел – Ана. Әйел – Ару. Әйел – Гүл» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.Салтанатты жиында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы сөз сөйлеп, барша азаматшаларды қауымын мерекемен құттықтап, ауданның дамуына қосып жүрген еңбегін ерекше атап өтті.«Қазақ – ел болып, халық болып қалыптасқаннан бері әйел азаматын ерекше қадірлеп, құрмет көрсетуді берік дәстүрге айналдырған ұлт. «Әйел – шаңырақтың берекесі» деген ұғым осы сөзіміздің дәлелі. Бүгінде нәзік жандылар тек отбасының берекесін келтіріп қана қоймай, ел дамуына да белсене атсалысып келеді. Сондай-ақ ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардақты аналардың өнегелі жолы – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Түрлі қызметте жауапкершілік жүгін көтеріп жүрген, өз кәсібін дөңгелетіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беріп жүрген арулардың еңбегі ерекше құрметке лайық»,- деп атап өтті.Сонымен қатар әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар нәзік жандыларға облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.Кемел келешегімізді нығайтып жүрген әйелдер қауымына арналған мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кеш барысында туған жердің талантты өнерпазы Нұржан Шөмекей ән шашуын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Сондай-ақ сахна төрінде аудан өнерпаздары әсем әндер шырқап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында көрермен қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың жүрек тебірентер «Ана туралы жыр» әнін бірге орындап, анаға деген ыстық ықыластарын да білдірді.Тағылымы мол мерекелік шарада нәзік жандылар өз ризашылықтарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177295?lang=kk
Ақ жаулықты аналарды ардақтау - ізгі дәстүр 10.03.2026
Ұрпақ тәрбиесінің ұйытқысы болып, қоғамның берекесін арттырып отырған ардақты аналарға деген құрмет – халқымыздың киелі дәстүрінің бір көрінісі. Осыған орай көктемнің шуағымен бірге келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымыздың ардақты аналары мен ақ жаулықты әжелеріне ерекше құрмет көрсетілді.Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары Шыңғыс Сыдықов, Самат Смағұлов және Диас Молдабаев ауданға қарасты барлық елді мекендерді аралап, ардагер аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.Тағылымды кездесу барысында аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, құрмет көрсетілді. Сондай-ақ саналы ғұмырын еңбекке арнап, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан аналардың өнегелі өмір жолы мен ел бірлігіне қосқан еңбегін де ерекше атап өтілді.Өз кезегінде ақ жаулықты аналар көрсетілген ілтипатқа ризашылықтарын білдіре отырып, ақ баталарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177313?lang=kk
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды 10.03.2026
2026 жылғы 10 наурыздан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Ілияс Абайұлы Шадибеков тағайындалды.Ілияс Шадибеков, 1991 жылы туған. Білімі жоғары, Халықаралық бизнес университетін экономика және бизнес, Алматы университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын Алматы облысының Полиция департаментінде қызметкер болып бастап, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1177315?lang=kk
💐Құрметті аналар, аяулы арулар, ардақты қыз-келіншектер! 10.03.2026
💐Құрметті аналар, аяулы арулар, ардақты қыз-келіншектер!🌷Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Әйел – отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен парасаттарыңыз, еңбектеріңіз бен төзімдеріңіз әрқашан құрметке лайық. Бүгінде ауылымыздың дамуына, елдің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып келе жатқан барша нәзік жандыларға шынайы алғысымды білдіремін.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын!Ізгі ниетпен,Баянды ауыл әкімі Қадырбек Құдайбайұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1177216?lang=kk
Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылының тұрғындарына алғыс білдірілді 10.03.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылдық округтеріне арнайы барып, жақында орын алған табиғи қолайсыздықтар кезінде ауызбіршілік танытқан тұрғындармен кездесті.– «Аймағымызда қыс маусымына дайындықты алдын-ала күшейтіліп, электр желілер мен бағаналар жаңғыртылып, материалдық-техникалық база нығайтылған болатын. Соның арқасында қыстың аязды күндерінде тұрғындарымыз жарықсыз, сусыз қалған жоқ. Дегенмен қыстың соңындағы табиғаттың тосын мінезі өңіріміз үшін үлкен сынақ болды. Ауа-райының күрт өзгеруі салдарынан кей елді мекендерде уақытша электр қуаты ажыратылды. Біздің өңірімізде мұндай табиғи құбылыс бұрын-соңды болмаған. Осындай күрделі сәтте ең бастысы – елдің сабырлығы мен бірлігі. Орын алған жағдайға сәйкес жедел штаб құрылып, мамандар тәулік бойы жұмыс істеді. Қысқа мерзім ішінде электр желілері толық қалпына келтірілуде. Бұл – ортақ еңбектің нәтижесі», – деп атап өтті аудан басшысы.Кездесу барысында аудан әкімі қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, қолдау білдірген ауыл тұрғындарына алғыс айтып, бұл жұмысқа белсенді атсалысқан азаматтарға арнайы Алғыс хаттар табыстады.Кездесу соңында Жандос Еркінбек қандай жағдай болмасын ел бірлігі мен ауызбіршілігінің арқасында барлық қиындықты еңсеруге болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177218?lang=kk
Автожол саласын дамыту және жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды 10.03.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті.Мәжілісте автожол саласын дамыту, жол сапасын арттыру мәселелері қаралды.Өткен жылы аудан көлемінде жол құрылысын дамытуға 3 млрд 503,6 млн теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 23 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді.Бұдан бөлек жауын-шашын салдарынан орын алған төтенше жағдайлар, электр энергиясы мен ауыз су жүйелеріндегі мәселелер қаралды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.Сонымен қатар аудандық бюджеттің орындалу барысы қаралып, кірістер жоспарын қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жолдардың жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177212?lang=kk
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 6 наурыз күні Әйет ауылының аудандық мәдениет үйінде «Көктем. Сұлулық. Әлем.» атты мерекелік концерт өтті. 10.03.2026
Мерекелік шарада аудан әкімі Қайсар Мұржақыпов ауданның барлық әйелдерін көктем мерекесімен құттықтап, аналарға, еңбекқор нәзік жандыларға қоғамның дамуына қосып жүрген үлестері, отбасы құндылықтарын сақтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді.Іс-шара барысында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен түрлі салада жетістікке жетіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген белсенді әйелдер марапатталды.Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт жалғасып, көрермендерге әсем әндер мен жарқын өнер көрсетіліп, көктемнің шуақты көңіл күйі сыйланды.Мерекелік бағдарлама әйелдердің даналығы мен мейірімі, еңбегі мен өмірге деген шабытын тағы бір мәрте дәріптеген тағылымды кеш болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1177213?lang=kk
«Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» 10.03.2026
Бүгін аудандық Жыраулар үйінде жыршы-жырау қыздардың көшін жалғастырушы, ел ардақтысы, белгілі жырау Шамшат Төлепованың құрметіне арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық жыр фестивалі өтті.Сыр елінің жыраулық дәстүрін жалғап, саф өнердің туын жықпай келе жатқан өнерпаздар бас қосқан рухани шарада аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ жыраулық өнердің ұрпақ сабақтастығы арқылы жалғасып келе жатқанын ерекше атап өтті.Сыр сүлейлерінің мұрагері, жыраулық өнердің жанашыры болған Шамшат Төлепова – қасиетті қара домбыраны серік етіп, 12 жасынан бастап өмірінің соңына дейін туған халқына жыр маржанын арнаған тұлға. Оның ізін жалғаған қатысушылар бүгінгі фестивальде дәстүрлі жыраулық өнердің өміршеңдігін көрсетті.Фестивальге әр елді мекеннен келген 10-ға жуық өнерпаз қатысып, сахна төрінде терме-толғауларымен көрерменнің жүрегіне жол тапты.Рухани кеш соңында білім саласының ардагері Еркін Атабаев ізгі лебізін білдіріп, жыр додасына қатысқан барлық қатысушыларға арнайы марапаттар табыстап, құрмет көрсетілді.Айта кетейік ағынды жырау Шамшат Төлепованың құрметіне арналған бұл фестиваль 2010 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177214?lang=kk
Ұландықтар Мәскеуде «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті 10.03.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Ән-би ансамблінің Ерлер хоры Мәскеу қаласында танымал тележүргізуші Андрей Малахов жүргізетін «Россия-1» телеарнасындағы кешкі музыкалық «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті.Қазақстандық өнерпаздар көрерменге кеңінен танымал «Когда мы были на войне» атты казак әнін орындады. Шығарма ерлер хорының өзіне тән қуатты әрі әсерлі мәнерінде шырқалды. Орындау барысында сахналық пластика мен би элементтері үйлесім тауып, номердің көркемдігін арттыра түсіп, ұжымның жоғары деңгейде екенін айқындады.Өнерпаздардың өнері студия қонақтары мен көрерменнің жылы ықыласына бөленді. Қазақстандық әртістердің шығармашылығын ресейлік әншілер мен бағдарлама қатысушылары жоғары бағалады. Олардың қатарында белгілі эстрада әншісі Дмитрий Маликов та болды.Музыкалық номерден бөлек, ұландықтар студияға Қазақстаннан арнайы сый-сияпаттар да ала келді. Бағдарламада қызықты жағдай да орын алды. Дастархандағы тұздалған қияр салынған банканы студия қонақтарының ешқайсысы аша алмады. Бұл міндетті студияда Ұлттық ұлан ерлер хорының солисі орындап, көрерменнің зор қошеметіне ие болды.Айта кету керек, биыл Ұлттық ұланның ерлер хоры құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде шығармашылық ұжым әскери мәдениеттің жарқын өкілдерінің біріне айналып, түрлі сахналарда қазақстандық өнерді лайықты деңгейде танытып келеді.Мерейтойға орай шығармашылық ұжым үздік шығармаларынан тұратын үлкен мерекелік концерт әзірлеуде.Бұған дейін Ұлттық ұланның ерлер хоры ресейлік «Ну-ка, все вместе!» вокалдық шоуында танымал болған еді. Өнерпаздар Linkin Park тобының әлемге әйгілі Numb әнін домбыраның сүйемелдеуімен ерекше интерпретацияда орындап, қазылар алқасы мен көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырған болатын. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1177192?lang=kk
2026 жылғы 4 наурызда Риддер қалалық референдум комиссиясының төрайымы Е.В. Агешкина және оқытуға жауапты комиссия мүшесі Р.В. Дюсебаева Риддер қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары үшін «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. 10.03.2026
2026 жылғы 4 наурызда Риддер қалалық референдум комиссиясының төрайымы Е.В. Агешкина және оқытуға жауапты комиссия мүшесі Р.В. Дюсебаева Риддер қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары үшін «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.Кеңес барысында референдумды дайындау мен өткізудің негізгі кезеңдері, учаскелік комиссиялардың жұмыс тәртібі, сайлау заңнамасын сақтау, дауыс беру процесінің ашықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Қатысушылар нормативтік құқықтық актілердегі өзекті өзгерістер бойынша әдістемелік ұсынымдар, түсіндірмелер, сондай-ақ, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1177193?lang=kk
Чилилік «Ceibo» компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 10.03.2026
Сантьяго, 2026 жылғы 9 наурыз – Чилиге жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «Ceibo» компаниясының Стратегиялық даму жөніндегі директоры Франсиско Жериямен кездесті.Кездесу барысында елші сұхбаттасушыны Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы және елдегі шетелдік инвесторларға үкіметтің қолдау шаралары туралы хабардар етті.Қазақстандағы тау-кен секторын дамытуға және осы саладағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты, Қазақстан үкіметінің алдағы үш жылда геологиялық барлауды кеңейту және қаржыландыру жоспарлары, сондай-ақ «Қазақмыс» компаниясымен ынтымақтастық орнату мүмкіндігі атап өтілді. Осы орайда, қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны 2026 ж. сәуірінде өтетін Халықаралық геологиялық форумға (GECA) қатысуға шақырды.Өз кезегінде Франсиско Жерия «Ceibo» компаниясының мүмкіндіктерімен таныстырып, тау-кен секторында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық таныттып, GECA форумына қатысу ниетін және Астанадағы тиісті қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға дайын екенін білдірді.Анықтамалық: «Ceibo Inc.» - 2007 жылы Сантьягода құрылған, озық тау-кен технологияларын әзірлейтін чилилік компания. Компания өнімділікті арттыруға, көміртегі ізін азайтуға және пайдалану шығындарын азайтуға бағытталған бастапқы және қайталама мыс сульфидтерін экологиялық таза шаймалау әдістеріне маманданған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1177173?lang=kk
Қазақстан мен Чили арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды 10.03.2026
Сантьяго қ., 2026 жылғы 9 наурыз – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы және Чилидегі қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов,Чилидегі Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Андрес Реболледо және «Қазақстан–Чили» достық қоғамының әрі Димаш Құдайбергеннің фан-клубының жетекшісі Кармен Сандовал мен кездесу өткізді.Елші әңгімелесу барысында Құрметті консул институтының Қазақстаннның мүдделерін ілгерілету, іскерлік байланыстарды нығайту және елдің халықаралық деңгейдегі оң имиджін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.Тараптар ағымдағы жағдай және алдағы қызметтің перспективаларын, шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Чили арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Чили аумағында тұратын Қазақстан азаматтарына консулдық қолдау көрсету мәселелеріне және чилилік серіктестермен ықпалдастықтың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.Құрметті консул сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және чилилік компанияларды қазақстандық серіктестермен ынтымақтастыққа тарту бағытындағы жұмысты жандандыруға әзірлігін растады.«Қазақстан–Чили» достық қоғамының жетекшісімен болған әңгіме барысында жүзеге асырылып жатқан және болашақта іске асырылатын жобалар, соның ішінде бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу мәселелері қаралды. Кармен Сандовал көрсетіліп отырған қолдау үшін елбасшылығына және Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігіне ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Чили мәдени ынтымақтастығын нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыру ниетін растады.Кездесу соңында Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 33 жыл толуына орай Болат Нүсіпов екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Андрес Реболледо мен Кармен Сандовалға Елшіліктің алғыс хаттарын табыстап, олардың кәсіби әрі жауапты қызметтері үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1177174?lang=kk
ЮНЕСКО-да Қазақстанның гендерлік теңдікті ілгерілетудегі тәжірибесі таныстырылды 10.03.2026
Париж, 2026 жылғы 9 наурыз – Гендерлік теңдік, адам құқықтары, әділеттілік және жауапкершілік – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың және жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды қағидаттары.Бұл Қазақстан делегациясының ЮНЕСКО мүше мемлекеттері мен хатшылығының қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі іс-шарада жасаған баяндамасында атап өтілді. Кездесу Халықаралық әйелдер күніне және Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясына арналды.ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани кездесуде сөз сөйлеп, Ұйымның білім беру, ғылым және мәдени саясат салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігеріне шролу жасады.Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов қатысушыларды гендерлік теңдікті ілгерілету және елдің әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі әйелдердің рөлін нығайту саласындағы Қазақстанның кешенді тәжірибесімен таныстырды.ЮНЕСКО мандаты аясында отандық дипломат цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуын ескере отырып, әйелдердің білім беру, ғылым және инновация салаларына қатысуын кеңейту бойынша қабылданып жатқан шараларға бөлек тоқталды.Осы орайда Қазақстандағы жоғары оқу орындары студенттерінің 52,5 %-ын қыздар құрайтындығы, шағын және орта кәсіпорындардың 48 %-дан астамы әйелдерге тиесілі екендігі және олардың мемлекеттік қызметтегі үлесі 55,8 % құрайтындығы атап өтілді. Сонымен қатар, елімізде ғылыми және техникалық салалардағы әйелдерді қолдау, цифрлық ортада және сот төрелігі саласында әйелдерге қатысты кемсітушіліктің алдын алу жобалары жүзеге асырылуда.«Қазақстан ЮНЕСКО-ның гендерлік теңдікке қатысты жаһандық басымдығын толығымен қолдайды. Өз кезегінде, Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы, сондай-ақ ЮНЕСКО Кеңсесінің жобалары осы маңызды саладағы өңірлік диалог пен ынтымақтастық үшін тиімді платформа қызметін атқарады», – деді отандық дипломат.Сөзінің соңында Тұрақты өкіл Қазақстанның бүкіл әлемде және қоғамдық өмірдің барлық салаларында гендерлік теңсіздікті жою бойынша халықаралық қауымдастықтың бірлескен күш-жігеріне беріктігін тағы да растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1177175?lang=kk
Қазақстан мен Швейцария атом энергетика және жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастығын нығайтуда 10.03.2026
Берн, 9 наурыз – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов Швейцарияның Федералдық энергетика басқармасының директоры Бенуа Ревамен кездесті.Тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, соның ішінде атом энергетикасын және жаңартылатын энергияны дамыту, энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ халықаралық алаңдарда ұстанымдарды үйлестіру мәселелерін талқылады. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы мен швейцариялық «Axpo Power» концерні арасындағы табысты серіктестік, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы мен швейцариялық NAGRA ұйымының радиоактивті қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастығы жоғары бағаланды.Елші Қазақстанның атом энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру туралы швейцариялық тарапты хабардар етті және Астананың атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылығын растады.Тараптар жаңартылатын энергия көздері саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін, соның ішінде гидроэнергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мүмкіндіктерін талқылады. Перспективалық бағыттар қатарында энергия тиімділігін арттыру, қалдықтарды өңдеудің заманауи технологияларын енгізу және циркулярлық экономика принциптерін дамыту атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом және «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастық әлеуетін толық іске асыру және озық тәжірибелермен алмасу мақсатында екі елдің салалық ұйымдары арасындағы байланыстарды белсендіру туралы келісімге келді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1177178?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН ЭСТРАДАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУ ҮШІН БІРІКТІ – «ХАЛЫҚТЫҢ АТА ЗАҢЫ» ХАЛЫҚ ӘНҰРАНЫ 09.03.2026
Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері еліміздің жаңа Конституциясына арналған «Халықтың Ата Заңы» атты бірлескен әнді жазды. Жоба өтіп жатқан саяси реформаларға қоғамдық қолдаудың жарқын көрінісінің және азаматтық бірліктің символына айналды.Жазбаға он бір танымал орындаушы қатысты: Қайрат Баекенов, Мәдина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Алишер Каримов, Сүндет Байғожин, Анна Уварова, Әділбек Байтанат және аты аңызға айналған Роза Рымбаева. Туындының соңғы бөлігі барлық қатысушылардың даусын бір хорға біріктіреді, әнге ерекше салтанат пен кең тыныс береді.Роликтің видеосы біздің еліміздің жетістіктерінің кең панорамасын қамтиды: қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы спорттық жеңістері, ғылымдағы, робототехникадағы, медицинадағы және білім берудегі табыстар, Қазақстанның сиқырлы табиғи көріністері, сондай-ақ қоғамдық және инфрақұрылымдық дамудың жарқын мысалдары көрініс тапқан.Визуалды бөлік әннің негізгі идеясы – ел бірлігін жарқын дамудың кепілі ретінде әспеттеп, қазіргі Қазақстанның болашаққа сенімді қарайтын тұтас бейнесін қалыптастырады.Мәдениет қайраткерлерінің бастамасы жаңа Конституция жобасын қолдаудың және қоғамды тұрақтылық, сабақтастық және Қазақстанның тұрақты прогрессі идеясы төңірегінде біріктірудің маңызды белгісі болды.Еске саламыз, жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.Бейнеролик сілтемесі: https://youtu.be/0S8nMLSvcPY?si=xh3drPvcGDjyBTwY
Қостанайда эскиздік жобалар байқауының қорытындысы шығарылды 09.03.2026
Қостанайда Қостанай құрылыс колледжінің 3–4 курс студенттері қатысқан эскиздік жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау сәулет, құрылыс және дизайн саласындағы болашақ мамандардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін қолдауға бағытталды.Қатысушыларға қаланың нақты қоғамдық кеңістіктері үшін концептуалдық шешімдер әзірлеу ұсынылды. Мұндай формат студенттерге оқу бағдарламасының шеңберінен шығып, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға, қалалық ортаны дамытуға арналған тың идеялар ұсынуға мүмкіндік берді.Байқау аясында бірнеше бағыт бойынша жобалар ұсынылды. Соның бірі — эко-квартал құру, яғни Абай даңғылы мен Баймағамбетов көшесінің қиылысындағы аумақты абаттандыру тұжырымдамасы. Студенттер бұл аумақты заманауи қоғамдық кеңістікке айналдыру, сквер қалыптастыру және экологиялық абаттандыру элементтерін енгізу бойынша түрлі ұсыныстар әзірледі.Сонымен қатар қатысушылар smart-урбанистика бағытында да жобаларын ұсынды. Жобаларда заманауи технологияларды қолдана отырып шағын сәулет нысандарын жасау, сондай-ақ қала кеңістігінде ыңғайлы бағдарлауға арналған навигациялық жүйелерді енгізу қарастырылды.Байқаудың тағы бір бағыты тұрғын үй кешендерін әлеуметтік нысандармен ықпалдастыру және қалалық инфрақұрылымға экологиялық шешімдерді енгізу бойынша концептуалдық идеяларға арналды.Ұсынылған жұмыстарды қала құрылысы мен сәулет саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Сарапшылар студенттердің дайындық деңгейінің жоғары екенін, идеялардың тың әрі жобалардың практикалық маңызға ие екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1177147?lang=kk
Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейі ашылды 08.03.2026
Алматы облысының елді мекендерінде мәдени инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік маңызы бар нысандарды пайдалануға беру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Осындай маңызды оқиғалардың бірі Балқаш ауданының тұрғындары үшін Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейінің ашылуы болды.Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар және жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен меценаттар қатысты.– Музей өткен мен бүгінді жалғап, тарихи жадымызды сақтауға қызмет ететін маңызды мәдени орталыққа айналады. Әрбір жәдігер, құжат пен фотосурет Балқаш ауданының бай мұрасын айшықтап, жастар, зерттеушілер мен туристер үшін ерекше құндылыққа ие болады, – деді облыс әкімі.Тарихи сабақтастық пен мәдени құндылықтарды сақтау қағидаты жаңа Конституцияда да көрініс тапқан. Онда азаматтардың тарихи және мәдени мұраларды қорғауға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті екендігі айқын көрсетілген.Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданы тұрғындарының әрдайым қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысатынын атап өтті. Оның айтуынша, алдағы референдумда да аудан тұрғындары өздерінің азаматтық жауапкершілігін танытады. Облыс әкімі ел бірлігі мен ортақ мақсаттардың арқасында Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құруға болатынына сенім білдірді.Бұған дейін музей бұрын дәріхана орналасқан ғимаратта жұмыс істеген, алайда ол қазіргі талаптарға сай келмейтін. Аумағы 363 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат жергілікті меценаттар Айгерім Исабаева мен Дархан Кәкетайдынның қолдауымен салынды. Музейде өңірдің флорасы мен фаунасына, аудан тарихына, сондай-ақ Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған үш экспозициялық зал бар.Музей бөлмелерінде жәдігерлерді сақтау үшін қажетті температуралық режим қамтамасыз етілген, ал интерьер экспозиция тақырыптарына сай безендірілген. Қорында екі мыңға жуық экспонат сақталған. Залдар заманауи цифрлық ақпараттық тақталармен, аудио және бейне құрылғылармен жабдықталған.Музей меңгерушісі Ахмет Басшыбайдың айтуынша, ең құнды жәдігерлердің бірі – 1713 жылы Сауд Арабиясындағы баспаханада басылып шыққан қасиетті Құран кітабы. Сондай-ақ оның өңірге қалай келгені туралы да қызықты дерек бар. 1890 жылы жергілікті байлардың бірі Ташкенттегі жәрмеңкеде осы кітапты көріп, оны алу үшін жүз жылқы беріп, үстіне алтынмен әшекейленген қамшысын қоса сыйлаған. Осылайша бұл бірегей жәдігер Балқаш ауданына жеткізілген.Ашылу салтанаты өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен және құрметті қонақтардың жылы лебіздерімен жалғасты. Дәстүр бойынша ақсақал бата берді. Меценат Айгерім Исабаева жаңа музей аудан тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды мәдени орталыққа айналатынына сенім білдірді. Салтанатты түрде лента қиылғаннан кейін алғашқы келушілер музей экспозициясымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1177074?lang=kk
Мамандандырылған кардиологиялық көмекттің шексіз жетістігі: Еңбекшіқазақ КОАА алғашқы стенттеу операциялары сәтті өткізілді 08.03.2026
Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде нағыз технологиялық серпіліс жасады.Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауруханада алдыңғы қатарлы ангиографиялық қондырғымен жарақтандырылған заманауи рентген интервенциялық бөлімшесі (катетеризациялық зертхана) ресми түрде ашылды.Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуова атап өткендей, осы қол жеткізген жетістік ауылдық медицинаның жаңа деңгейге қадам басқандығын білдіреді, яғни жоғары технологиялар ауданымыздың әрбір тұрғынына тікелей тұрғылықты мекен-жайы бойынша қолжетімді болады.Бөлімшеде атқарылған үздік тәжірибенің бастапқы қол жеткізген нәтижелері жобаның өмірлік маңыздылығын көрсетіп отыр: дәрігерлер алғашқы пациенттерге коронарографиялық зерттеулерді сәтті түрде жүзеге асырды. Диагностика жүргізілген бір жағдайда тамырлардың аса күрделі асқынғандығын анықтады, бұл дереу операциялық шара қолданылуын талап етті.Аудандық аурухана тарихында алғаш рет күрделі операция - коронарлық артерияларды стенттеу - аурухана базасында, пациентті облыс орталығына немесе Алматыға шұғыл тасымалдаудың қажеттілігінсіз орындалды.Жүректің ишемиялық ауруын диагностикалаудың «алтын сағаты» форматында көмек көрсету стандартын енгізу - дәрігерлерге қысқа мерзімде емдеу тактикасын анықтауға және адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтай отырып, төменинвазивті араласуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Енді бұрын ірі мегаполистерде ғана қолжетімді болған жоғары технологиялық эндоваскулярлық көмек ауыл тұрғындары үшін нағыз қолжетімді көмек түрі болып отыр. Бұл медицинаның қолжетімділігін арттырып қана қоймай, пациенттерді бағыттау бейінін түбегейлі өзгертіп, диагноз қоюдан бастап операция жасалғанға дейінгі мерзімнің жеделдетілгендігін, жоспарлы көмек көрсету кезіндегі тұрғындар шығыны да азайғандығын білдіреді. Бұл ауқымды жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің жүйелі қолдауының арқасында жүзеге асырылғандығын атап өту керек.Инфрақұрылымды жаңғырту және ангиографиялық қызметтің іске қосылуы аудан тұрғындары үшін сапалы және жедел денсаулық сақтау саласын дамытудағы жаңашылдық қадамы болып, Еңбекшіқазақ КОАА мамандандырылған кардиологиялық көмектің қуатты өңірлік хабына айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1177073?lang=kk
Денисов ауданында «Қарлы десант» акциясы өтті 08.03.2026
Денисов ауданында республикалық «Қарлы десант» акциясы аясында еріктілер жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсетіп, игі іс атқарды.Акцияның басты мақсаты – қарттарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен өзара көмектесу мәдениетін қалыптастыру. Бұл бастама аудан жастарының белсенділігін арттырып, үлкен буынға құрмет көрсету дәстүрін дәріптеуге бағытталған.Шара барысында ауданның белсенді жастары жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне барып, ауласы мен үй маңындағы аумақты қардан тазартты. Шамамен 10 ерікті бірлесе жұмыс істеп, 1,5 сағаттың ішінде аула ішін толықтай қардан аршып шықты.«Қарлы десант» акциясы қыс мезгілінде дәстүрлі түрде өткізіліп, жалғызбасты қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1177071?lang=kk