Жаңалықтар
«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады 23.04.2026
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардыңқандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді. Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:платформа қалай жұмыс істейді;зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні (10:00 (Webex), 12:00 (Webex), 14:00(Webex), 16:00 (Webex)онлайн-форматта өтеді.Іс-шараға қатысу үшін сілтеме (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m1a10db56ab87a4b71eb165820df2d85c)бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін (2514 666 1832)және event-кеңестің құпиясөзін (1234)енгізіңіз. «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1208171?lang=kk
Лисаков қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдады 23.04.2026
Қостанай облысының Лисаков қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды абаттандыру және көгалдандыру іс-шаралары өтті. Қала тұрғындары игі бастаманы белсенді қолдап, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.Қалалық саябақ аумағында ұйымдастырылған көгалдандыру акциясына 123 белсенді тұрғын қатысты. Бірлескен әрі үйлесімді еңбектің нәтижесінде 1150 көшет отырғызылып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және жасыл желекті көбейтуге нақты қадам жасалды. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұқаралық велошеру ұйымдастырылып, оған 50 адам қатысты. Аталған іс-шараға жастардың белсенді қатысуы ерекше атап өтерлік жайт. Жас буынның табиғатты аялауға бағытталған бастамаларға қызығушылық танытуы – экологиялық сананың қалыптасуының айқын көрінісі.Жалпы, өткізілген іс-шаралар «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттарын іске асыруға, атап айтқанда, елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірдің тұрақты дамуына өз үлесін қоса бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1206840?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс 23.04.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2026 жылғы 12 мамырдан бастап 2025 жылдың екінші жартыжылдығына Комитет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлауда.Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7172)71-71-80 телефон нөміріне хабарласу қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1206814?lang=kk
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі 23.04.2026
2026 жылғы 22 сәуірӨңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысының ашылуында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының директоры Ингер Андерсен, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан баяндама жасады.Өңірлік экологиялық саммиті БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылып отыр. Диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиында сөйлеген сөзімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1206821?lang=kk
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 23.04.2026
– Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында ауқымды спорттық іс-шара өтті 23.04.2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен облыстық деңгейдегі ауқымды спорттық іс-шара өтті.Іс-шараның мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер мен қызмет алушылардың спортқа қызығушылығын арттыру және ұлттық спорт түрлерін дамыту.Шараға басқарма басшысы Б.Т. Абуов, басқарма басшысының орынбасары Ж.К. Абдолов, бөлім басшысы З.М. Мусина, сондай-ақ орталық директорлары мен командалары қатысты.Қатысушылар қол күресі, ләңгі тебу, арқан тарту және қазақ күресі бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар, «БҚО АӘҚКО Барысы» командалық жарысы мен «ТҮЙЕ ПАЛУАН» жекелей белдесулері ерекше тартысты өтті.Бұл күн – тек жарыс емес, бірлік пен достықтың, жігер мен күштің нағыз мерекесіне айналды. Нәтижелер:Ұлттық спорт түрлері бойынша:1 орын – Казталов АӘҚКО 2 орын – Ақжайық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы 3 орын – Жалпақтал АӘҚКО «АӘҚКО Барысы» бойынша:1 орын – Жалпақтал АӘҚКО 2 орын – Орал АӘҚКО 3 орын – Ақжайық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы «ТҮЙЕ ПАЛУАН» атағын Орал АӘҚКО қызметкері Е. Малдыбаев иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1206771?lang=kk
Абай облысында әлеуметтік төлемдер 56 млрд теңгеден асты 23.04.2026
Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының хабарлауынша, 2026 жылдың басынан бері өңір тұрғындарына зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар түрінде 56,6 млрд теңгеден астам қаражат төленген. Әлеуметтік қолдауды 279 мыңнан астам адам алып отыр.Осылайша, мемлекеттік төлемдер өңір халқының едәуір бөлігін қамтып, әлеуметтік қолдаудың негізгі тетіктерінің бірі болып қала береді.Қаражаттың басым бөлігі зейнетақы төлемдеріне тиесілі – 50,5 млрд теңгеден астам, ал мемлекеттік жәрдемақыларға 6,1 млрд теңгеден астам қаражат бағытталған.Ай сайын төлемдерді қамтамасыз етуге шамамен 21,4 млрд теңге жұмсалады, бұл жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жүйелілігін көрсетеді.Жыл басынан бері облыстың ХҚКО-ларына зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 16 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл қызметтердің халық арасында жоғары сұранысқа ие екенін аңғартады.«Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жұмыстары штаттық режимде жүргізілуде. Қызметтер уақытылы әрі толық көлемде көрсетіледі», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Мурат Умирзахов.Айта кетейік, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беру мақсатында ХҚКО-ға жүгіну қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1206748?lang=kk
Өңірдің бизнес - қауымдастығы өкілдерімен кездесу 23.04.2026
2026 жылғы 21 сәуірде Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы Төрағасы Қанат Шарлапаевтың өңірдің бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті.Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов және Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысты.Кездесу барысында несиелерді субсидиялау, аграрлық ғылымды дамыту, аквакультура өнімдерін экспорттау, әлеуметтік кәсіпкерлік, өндірістік нысандарды тексеру талаптары және қос мақсаттағы тауарларды бақылау мәселелері талқыланды.Сондай-ақ салық тақырыбына ерекше назар аударылып, заңнамадағы өзгерістер, салық жүктемесін төмендету, салықтық әкімшілендіруді цифрландыру және бизнесті қолдау шаралары қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірленіп, олар мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп пысықталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1206726?lang=kk
Тіркеп-белгіленген активтер бойынша басқа да шегерімдер 23.04.2026
Өтеусіз беруді қоспағанда, I топ объектісі шығып қалған кезде салықтық кезеңнің соңындағы осындай объектінің құндық балансы мөлшеріндегі сома I топтың тіркеп-белгіленген активінің шығып қалуынан алынған нəтиже деп танылады жəне осы Кодекстің 340-бабының 2 жəне 6-тармақтарында белгіленген тəртіппен есепке алынады.Бұл жағдайда салықтық есепке алуда салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің құндық балансы нөлге дейін түзетіледі. Бұл ретте түзету сомасы шегерімге жатпайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1206679?lang=kk
Бүгін Жалағаш ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарымен көктемгі науқандық жұмыс жөнінде отырыс өтті. 23.04.2026
Бүгін Жалағаш ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарымен көктемгі науқандық жұмыс жөнінде отырыс өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/1206686?lang=kk
Сарбаз қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуы тиіс: Қазақстан Қарулы Күштерінде Кітап күні атап өтілуде 23.04.2026
Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа талап енгізілді: мерзімді қызмет кезеңінде әрбір әскери қызметші кемінде бес кітап оқуға міндетті. Бұл бастама жеке құрамның дамуына және 23 сәуірде елімізде атап өтілетін Кітап күні қарсаңында оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.Мереке халықаралық дәстүрге негізделген. Ол ЮНЕСКО-ның бастамасымен бекітіліп, бүкіл әлемде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде аталып өтеді. Қазақстанда бұл күн ел Президентінің тапсырмасымен енгізіліп, алғаш рет 2025 жылы оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған маңызды мәдени-ағартушылық дата ретінде атап өтілді.Қазақстан Қарулы Күштерінде оқу мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде әскери бөлімдер мен мекемелерде 322 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қорында 52 434 дана көркем әдебиет және 198 293 оқу басылымы бар.– Біздің кітапханамызда отандық авторлардың, әскерижазушылар мен әскери ғалымдардың көптеген еңбектері бар. Олар әскердің қалыптасуы мен дамуы туралы жазылған бірегей құнды еңбектер. Кітапхананың өзі 2020 жылдың желтоқсан айында ашылды. Кітапхана қорында 7000-нан астам кітап бар. Қор қайырымдылық акциялардан келіп түскен кітаптар негізінде жасақталды. Бізге Астана мен Алматы қалаларының кітапханалары кітаптар табыстады. Сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы да үлкен көмек көрсетті. Бізде сирек кездесетін кітап басылымдары өте көп, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-ғылыми кітапханасының меңгерушісі Оксана Әлжанова.Тек биылғы жылдың басынан бері әскери қызметшілер қолына 48 837 кітап берілді. Бұл жеке құрам арасында кітап оқуға деген тұрақты қызығушылықтың бар екенін және кітапхана қорына сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.Кітапхана қоры үнемі толықтырылып отырады. Кітаптар демеушілік көмек, баспалармен ынтымақтастық, сондай-ақ қайырымдылық акциялары аясында келіп түседі. Бұл шараларға әскери қызметшілердің өздері де белсенді қатысады – олардың көпшілігі жеке жинақтарындағы кітаптарды әкеліп, бөлім кітапханаларының қорына тапсырады.Міндетті оқу нормасын енгізу - жай сөз емес, тәрбиелік әрі білім беру жұмысының бір бөлігі. Кітап оқу көкжиекті кеңейтеді, сыни ойлауды дамытады және берік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. – Ұлттық-әскери патриоттық орталығында мерзімді әскери қызметті өткеріп жатқан музыкантпын. Мұндағы кітапханада қызықты тақырыптағы кітаптар көп. Қазіргі сәтте Мұхтар Шахановтың кітабын оқып жатырмын. Жалпы маған детектив жанры мен әскери тақырыптағы кітаптар ұнайды, – деді Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық взводының сарбазы Нұрдос Айтмұхаметов.Қазіргі қызмет жағдайында кітап өзін-өзі дамытуға сенімді құрал болып қала береді, ал оған деген қызығушылық әскери қызметшінің кәсіби және тұлғалық өсуінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1206659?lang=kk
Әскери борышын өтеген мыңнан аса қазақстандық грант иегері атанды 23.04.2026
Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда запасқа шыққан әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін сертификаттар табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Парламент Сенатының депутаттары, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, елордалық мектептер мен колледждердің оқушылары қатысты.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков запастағы әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарында білім алуға арналған сертификаттарды тапсырды. – Бұл сертификат – сендердің адал қызметтеріңнің лайықты жемісі. Осы мүмкіндікті алда сенімді өсіп-өркендеу үшін пайдалана біліңдер, – деді министрдің орынбасары грант иегерлеріне арнаған сөзінде.Салтанатты рәсім барысында әскери қызметшілерді Парламент Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев құттықтады.– Сендер армия мектебінде шыңдалып, жаңа бастамаларға жол аштыңдар. Бұл қадам үлкен жолдың құтты қадамы болсын, – деді ол.Әскери қызметшілердің бірінің туысы Гүлнар Жәкетова өз ойын білдірді:– Отбасымыз үшін үлкен қуаныш әрі көрсетілген қолдау. Мұндай бастамалар балаларымыздың болашағы үшін сенімділік тудырады, – деді. Грант иегерлерінің қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға жолдама алған алған кіші сержант Бейбарыс Хасен де бар. – Мен үшін бұл әскерде жеткен басты жетістігім. Командирлерім мен жақындарымның қолдауы үшін алғысымды айтамын, – деді ол.Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2023 жылы басталған «Сарбаз 2.0» жобасы заң жүзінде бекітілгенін айта кетейік. Бұл жоба әскерде борышын өткерген азаматтарға Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Жауынгерлік дайындық үздіктеріне сонымен бірге жатақханадан орын беріледі және стипендия төленеді.Мемлекеттік грантқа үміткерлерді іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылды.2023-2025 жылдар аралығында жүйеде барлығы 180 мыңнан астам әскери қызметші тіркеліп, оның ішінде «Көктем–2025» әскерге шақыру шеңберінде – 18 мыңнан астам адам грант алды. Іріктеу қорытындысы бойынша білім гранттары былайша бөлінді: Қорғаныс министрлігі – 492 орын, Ұлттық ұлан – 493 орын, ҰҚК Шекара қызметі – 112, Төтенше жағдайлар министрлігі – 28 орын, Мемлекеттік күзет қызметі – 29 орын.Қазіргі кезде «Сарбаз 2.0» жобасы әскери қызметшілерді қолдаудың тиімді құралына айналып, әскердегі қызмет жастарға білім беру, кәсіби өсу және сенімді болашақ үшін нақты мүмкіндіктер ашатынын дәлелдеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1206626?lang=kk
"Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымына тағайындалды. 23.04.2026
"Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымына тағайындалды.https://www.instagram.com/p/DXY7N3jjc1p/?igsh=eWIxNmk5b2wwcDhuАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1206627?lang=kk
Қазақстан Республикасының азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы 23.04.2026
Құрметті салық төлеушілер!Корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану туралы норма бөлігінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті Cалық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі Салық төлеушісінің кабинетінде (СӘИЖ СТК) жаңа функционалды іске қосты.Дербес төлеушілер деп танылған құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғалар құрылымдық бөлімшелерді дербес төлеушілер деп тану туралы шешімдерді міндетті түрде қалыптастыруы қажет. Қалыптастырылған шешімдер бойынша мәліметтер мемлекеттік кірістер органдарына берілетін болады және нөлдік СЕН автоматты қалыптастыру кезінде пайдаланылатын болады (Салық кодексінің 115-бабының 6-тармағы).Функционал салық төлеушілермен электрондық өзара іс-қимылды кеңейтуге және салық заңнамасының нормаларын іске асыруға бағытталған.Функционалмен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық Көмек– анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1206629?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады 23.04.2026
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді. Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге тиімді басқаруға болатын қаржы ресурсы. БЖЗҚ салымшыларының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 50%-ға дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалптастырылған жинақтарын 100%-ға дейін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бере отырып, оның кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы қаражатын табыс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валюталарға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.Бұл үдерістерді барынша түсінікті ету үшін жаңа инвестициялық портал іске қосылды. Портал салымшыларға инвестициялық қызмет туралы білімін арттырып, зейнетақы жинақтарын басқару үшін саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі.Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:платформа қалай жұмыс істейді;зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.Қазақ және орыс тілдеріндегі бірыңғай цифрлық кеңістікте пайдаланушыларға инвестициялар тақырыбындағы базалық ұғымдар мен түсіндірмелер, инвестициялық портфельдерді сенімгерлікпен басқарушылар туралы түйінді ақпарат, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), қаржылық көрсеткіштер және салымшыларға сенімгерлік басқарушының және оның инвестициялық қызметінің портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қолжетімді. Портал қолданушылары кірістерді, портфельдердің құрылымын және ИПБ мен ҚРҰБ басқару нәтижелерін қолжетімді форматта дербес салыстырып, көрсеткіштердің динамикасын қадағалап, осылайша зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін тереңірек түсіне алады. Мұндай құрал инвестициялау туралы құнды тәжірибе жинап, неғұрлым тиімді инвестициялық стратегияны таңдауға қатыса алатын және сәйкесінше зейнетақы жинақтарын басқаруға әсер ететін жас салымшылар үшін ерекше маңызды. Іс-шара интерактивті форматта өтеді, қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке консультациялар ала алады. Бұл формат әлемнің кез келген нүктесінен қосылуға және сарапшылардан тікелей өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Атап өткен жөн, «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылы Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 800 мыңға тарта адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 400 мыңдай өтініш өңделді.Алдағы "Ашық есік күні" осы жұмыстың жалғасы болып табылады және оның қатысушыларына зейнетақы жинақтарын түсініп, оларды басқару үшін практикалық құралдарды ұсынады. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болады деп үміттенеміз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз Event-совещание/Event- жиналыс/Event meeting:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:https://enpf.webex.com/weblink/register/r0cda11895a157fc6e053f764bb517a01https://enpf.webex.com/weblink/register/r923afe99b844791bf2f155e0f4c700b9https://enpf.webex.com/weblink/register/rd21ffe86b43a982317d5828ac80dbc64Дата и время/Күні мен уақыты/Date and time:10:00 - 11:00 вторник,28 апреля 2026 г. (UTC+05:00) Астана14:00 – 15:00 сейсенбі, 28 сәуір 2026 ж. (UTC+05:00) Астана15:30 – 17:30 вторник,28 апреля 2026 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:2513 932 24932514 533 04342511 277 0543Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:145324457322773976 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1206634?lang=kk
Аңдатпа-хабарландыру «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады 23.04.2026
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді. Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:платформа қалай жұмыс істейді;зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні 10:00, 14:00, 15:30. онлайн-форматта өтеді.Іс-шараға қатысу үшін сілтемеEvent-совещание/Event- жиналыс/Event meeting:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:https://enpf.webex.com/weblink/register/r0cda11895a157fc6e053f764bb517a01https://enpf.webex.com/weblink/register/r923afe99b844791bf2f155e0f4c700b9https://enpf.webex.com/weblink/register/rd21ffe86b43a982317d5828ac80dbc64Дата и время/Күні мен уақыты/Date and time:10:00 - 11:00 вторник,28 апреля 2026 г. (UTC+05:00) Астана14:00 – 15:00 сейсенбі, 28 сәуір 2026 ж. (UTC+05:00) Астана15:30 – 17:30 вторник,28 апреля 2026 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:2513 932 24932514 533 04342511 277 0543Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:145324457322773976«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1206619?lang=kk
«Кітап және болмыс» әдеби кездесу 23.04.2026
22 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап және болмыс» атты әдеби кездесу өтті. Шараға жас оқырмандар және заманауи әдебиетке қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты.Кештің құрметті қонағы - қазақтың белгілі жазушысы, драматург, әдебиеттанушы, алаштанушы, аудармашы, сыншы Әлібек Байбол. Кездесу ашық диалог форматында өтті: автор өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімеледі, дамуына не әсер еткенін айтып, шығармаларының астарында жатқан идеялар мен қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденциялары туралы ойымен бөлісті. Қатысушылар белсене қатысып, қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды. Кездесу барысында орнаған сенімді қарым-қатынас атмосферасы оқу мәдениетіне жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті.Электронды форматта оқуға мүмкіндік беретін QR-кодтары бар автордың кітаптарының макеттері жас оқырмандарды ерекше қызықтырды. Кездесу жастар арасында кітап оқуды насихаттауға, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, қазақ әдебиеті мен мәдени мұрасына қызығушылықты арттыруға бағытталған жарқын мәдени шараға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1206622?lang=kk
Испания Сенаты Қазақстандағы саяси реформалар бағытын қолдайтынын білдірді 23.04.2026
Мадрид, 2026 жылғы 22 сәуір – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испания Сенатының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Пилар Рохомен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар қазақ-испан қатынастарының өзекті мәселелері мен оларды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бұл ретте, парламентаралық байланыстардың оң серпіні, оның ішінде достық тобы аясындағы өзара іс-қимыл атап өтілді.Д. Мұсаев Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы хабардар етіп, республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды. Осы тұрғыда ол жаңартылған Негізгі заң бір палаталы парламенттік модельге көшуді және саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айқындайтынына назар аударды.Өз кезегінде, испан сенаторы жүргізіліп жатқан өзгерістерге оң баға беріп, олардың елдің орнықты дамуы мен мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырудағы маңызын ескертті.Сұхбаттасушылар парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1206578?lang=kk
Address by President of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev at the Regional Ecological Summit 2026 23.04.2026
Dear Heads of State and Government, Distinguished participants, Ladies and gentlemen! It is a great honour and privilege for me to welcome you all at the Regional Ecological Summit and to have here Heads of State of Central Asian countries and Caucasus.Thank you, my dear colleagues, your attendance at this Forum held in cooperation with the United Nations gives an added value to this extremely important event.Indeed, today, on Earth Day, we gather in Astana to reaffirm our shared responsibility to protect our planet.It means that the states of our region clearly understand the urgency and extreme significance of having shared vision for a resilient future.Ecology today is not limited to climate alone.It is the very foundation of human livelihood.It is about clean air and safe water, healthy soils and secure food systems.It is about stability of communities and dignity of future generations.It is also about clarity of thought, harmony of our societies and their happiness.In broad sense, ecology is a way of living responsibly on our shared planet.Therefore, our today’s Summit is timely and necessary.Once again, I sincerely thank the leaders of brotherly states: President of Uzbekistan Shavkat Mirziyoyev, President of Kyrgyz Republic Sadyr Japarov; President of Tajikistan Emomali Rahmon, President of Turkmenistan Serdar Berdimuhamedov; President of Mongolia Ukhnaagiin Khürelsükh, who is also paying a state visit to Kazakhstan; President of Armenia Vahagn Khachaturyan, who is celebrating his birthday today; President of Georgia Mikheil Kavelashvili and high representatives of Russia, Azerbaijan, Belarus, Serbia, Pakistan and many other countries for their participation in this Summit.I welcome the heads and representatives of the United Nations agencies, Environmental Conventions, financial institutions, NGOs, as well as our international partners, experts, scholars, academic community.I also extend my sincere gratitude to organizers, volunteers, technical and logistical team and all those who worked tirelessly behind the scenes to make this Summit happen. Dear Participants,We meet here at a time of growing uncertainties and unpredictabilities.Needless to elaborate how deeply and harmfully they affect global and regional stability and life’s quality of millions of people.They undermine development efforts and divert resources away from solving urgent environmental challenges.In this context, the role of the international community does really matter.The United Nations, created eighty years ago, remains indispensable as the only universal platform for dialogue.Yet, since then, the world has changed drastically and fundamentally.The artificial intelligence has gained the upper hand in the mindsets of people around the world and their daily lives.Many words are being said about the sanctity of the UN Charter, which remains a cornerstone of international law.However, the UN Charter is not of Haute Cuisine and cannot serve as a cherry-picking platform.Rather, UN Charter must be accepted and perceived as the single, comprehensive document and recognized as such with all its provisions.Therefore, there is a strong need to ensure that UN and other major international institutions fully comply with the realities of the current world, which has entered an era of transformation of such a nature and scale that make it totally unprecedented and therefore unpredictable.We should avoid selective applying of the principles of UN Charter to the international military conflicts.At the same time, our trust in multilateral institutions should be kept unwavering, although they unfortunately lack credibility in addressing major international issues.From my perspective, selective approaches cannot be tolerated either on ecological matters.In many cases, environmental agendas are drafted and shaped without considering to the full extent the development needs of different regions and countries, especially of emerging states that are still building up their economic capacities.Meanwhile, developed nations reached their current environmental standards through long periods of the industrialization.Therefore, the global transition to cleaner models must be fair, balanced and stimulating.Our common approach should be well-grounded, pragmatic, thoroughly considered to allow countries to move forward sustainably without compromising their opportunities for economic growth and progress.Environmental cooperation must serve as a reliable instrument of unity and should not divide us.It should be based on partnership, trust and shared responsibility – with no naming, no shaming and no blaming.As partners we must work pragmatically and responsibly in support of peace and sustainable development. Dear participants, Nature can exist without geopolitics, and the latter cannot exist without nature.Our countries share ecosystems.We share rivers, landscapes and climate risks.And most importantly, we share responsibility.Central Asia and neighbouring regions face common ecological challenges. Among them are as follows:water scarcity and its poor management;desertification;glacier retreat;air pollution;biodiversity’s vulnerability.I intentionally name all major problems and challenges and uncover their essence because I strongly believe that this precisely how we can collectively achieve positive results in addressing them.The time for indicating successes is over, the time for making solutions has come.Kazakhstan places special importance to ecological responsibility on the highest juridical level.Our new Constitution clearly reflects environmental protection as a fundamental priority of state policy and public responsibility.It confirms that ecological safety and prosperity are not a technical issue. It is a real value that must be embedded in our national DNA and our long-term vision of progress. To be clear, Kazakhstan is implementing policies aimed at:transitioning to cleaner energy;protecting biodiversity;restoring degraded lands;modernizing water management systems;launching water saving policy;and, definitely, strengthening regional environmental cooperation.We acknowledge that no country can succeed alone, major emphasis must be put on joint efforts on the regional and global levels.We are pursuing this agenda through practical action, new technologies and long-term investment in resilience.Central priority is just and fair energy transition.Renewables now provide over 7 percent of Kazakhstan’s electricity and are expected to exceed 15 percent by 2030.While maintaining strong oil and gas capacity, my country remains committed to sustainable energy objectives.As the world’s leading uranium exporter, providing about 40 percent of global supply, we also support carbon-free electricity generation.We are advancing our first nuclear power plant project, while modernizing coal-based power generation using clean coal technologies.Therefore, emissions from major energy facilities are expected to decline by nearly 35 percent.Water security is a matter of extreme importance for Kazakhstan as well as for the whole Central Asia. Our future depends on managing this vital resource wisely and fairly.The Aral Sea remains a stark reminder of the consequences of unsustainable policies, but also of what determined, science-based action can achieve.So far, we restored about 36 percent of the Northern Aral Sea, improving water quality, fish stocks and enhancing living conditions.This afternoon, together with my colleagues, at the high-level meeting of the International Fund for Saving the Aral Sea, Kazakhstan will conclude its three-year chairmanship in the Organization.Another pressing concern for my country is the Caspian Sea. Its protection is essential for ecological balance, biodiversity and regional sustainability.Kazakhstan has therefore initiated an Interstate program to prevent further degradation of the Caspian Sea and established Scientific Research Institute of the Caspian Sea to advance regional scientific cooperation.We call on all international stakeholders to support these efforts to safeguard this unique natural treasure.Therefore, any use of military arms in the Caspian region must be excluded and banned.Alongside our regional efforts, global water cooperation remains a key priority.Last December in Ashgabat city I proposed to establish International Water Organization as an agency of United Nations.This initiative is particularly timely, as the UN is currently reviewing thousands of mandates, offering an opportunity to strengthen coherence and effectiveness in global governance.I am pleased to note that this Summit will host the first round of international consultations on this proposal.Biodiversity conservation also remains a central pillar of our environmental policy.Sustained efforts have delivered tangible results: the saiga population has rebounded.Snow leopard numbers in Kazakhstan have more than doubled to around 190 animals.In collaboration with international partners, we are also reintroducing and restoring other rare species, including falcons, the Turan tiger and Przewalski’s horse.Large-scale reforestation is a core priority of Kazakhstan’s ecological agenda.Over the past five years, we have planted more than 1.5 billion trees across more than one million hectares, including saxaul trees planting alongside with Uzbek experts on the dried Aral Sea bed to slow down its desertification.Kazakhstan invites all partners to join the International Fund for Rare Species and Biodiversity Conservation – a platform for cross-border cooperation, research and effective ecosystem protection.Besides, we have launched the nationwide movement “Таза Қазақстан” or “Clean Kazakhstan,” a broad public campaign promoting environmental awareness and civic responsibility.This movement brings together nearly a million volunteers, who I would rather say, are true patriots of Kazakhstan, whose selfless service show how much they care about their country and its future.In this spirit, we welcome and fully support the UN’s designation of 2026 as the International Year of Volunteers for Sustainable Development.And in our new Constitution the Volunteer’s movement has gained appropriate status and now it is the duty of State to embrace volunteers.This year has been announced the Year of Digitalization and Artificial Intelligence.It is evident that handling successfully ecological matter is impossible without AI.Artificial intelligence will create new opportunities for protecting natural resources and improving environmental governance. Hence, we are ready to support the creation of a Regional Digital Ecosystem. Distinguished guests, This Summit reminds us that protecting our planet is a shared responsibility of all humanity.It is about a future of the humankind and of our younger generation.It is not only an environmental task, it is a highly moral duty.It is an economic necessity. And it is a strategic priority for peace and stability.In this spirit, our shared vision for a resilient future must include several key principles:RESPONSIBILITY toward our citizens and future generations.COOPERATION across borders and sectors.FAIRNESS in access to resources, technologies and opportunities.PRACTICAL STEPS that bring out visible improvements.And finally, SOLIDARITY between nations regardless of size or level of development.The adoption of the Astana Declaration on Ecological Solidarity in Central Asia and a number of substantive agreements reached on the margins of the Summit reflect our commitment to these principles and mark an important step toward stronger regional ecological partnership.I am confident that our deliberations today will produce meaningful results and lead to concrete joint initiatives, transforming our shared vision for a resilient future into practical action that benefits our peoples.I wish you all productive discussions.Thank you. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1206579?lang=kk
Словенияның бұрынғы Премьер министрі Миро Церар Қазақстан Халқын жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады 23.04.2026
Любляна, 2026 жылғы 22 сәуір – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словенияның экс‑Премьер‑министрі, Любляна университетінің профессоры және заң факультетінің деканы Миро Церармен кездесу өткізіп, қазақстан‑словениялық ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады.Кездесу барысында Елші Қазақстанда 15 наурызда өткен референдумның нәтижелері, жаңа Конституцияның қабылдануы және Президент Қасым‑Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси және конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысы туралы жан‑жақты ақпаратпен бөлісті. Ол жаңа конституциялық модельдің институттарды нығайтуға, әлеуметтік‑саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және заманауи құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.Миро Церар аталған өзгерістерге жоғары баға беріп, Қазақстан Халқын және Президентін жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады, сондай‑ақ референдум барысында көрініс тапқан кең қоғамдық қолдаудың елдің негізгі заңын қабылдаудағы тарихи маңызын атап өтті.Кездесуде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат биылғы жылдың Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жылы деп жарияланғанын, ал цифрландырудың ашықтықты арттыру мен бюрократияны қысқартудың негізгі құралына айналып отырғанын айтты. Өз кезегінде словениялық заңгер жасанды интеллектіні реттеуде этика, адам құқықтары және халықаралық қауіпсіздік аспектілерін ескере отырып, теңгерімді құқықтық тәсіл әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.Тараптар экология және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық перспективалары бойынша пікір алмасты. Елші Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммиттің негізгі күн тәртібі мен басымдықтары туралы ақпарат беріп, оның климаттық бастамалар, жасыл технологиялар және су ресурстары мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналатынын атап өтті.Кездесу соңында Миро Церар Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін растап, ҚР Конституциялық Сотымен және еліміздің жетекші құқықтық институттарымен кәсіби байланыстарды дамытуға мүдделілік білдірді. Тараптар құқықтық, академиялық, цифрлық және экологиялық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1206580?lang=kk