Жаңалықтар
Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды 22.04.2026
Ұлттық күнтізбеге сәйкес вакцинациялау - халық денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі. Қазақстанда міндетті екпелер мемлекет тарапынан тегін жүргізіліп, әрбір баланың туған сәтінен бастап белгілі бір мерзімдерге сай салынады. Бұл жайында Алматы облысы саитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Капсаламова мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева айтты.Тегін жүргізілетін екпелердің қатарына туберкулез, «А» және «В» вирустық гепатиттері, дифтерия, көкжөтел, сіріспе, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, b типіндегі гемофилді инфекция, пневмококк инфекциясы және адам папилломавирусына қарсы вакциналар жатады. Бұл екпелер қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған.Вакцинация тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де маңызды. Белгілі бір жас кезеңдерінде ревакцинация жүргізіліп, ағзаның қорғаныш қабілеті сақталады. Сонымен қатар медицина қызметкерлері мен қауіп тобына жататын адамдар да міндетті түрде екпе алады.Екпе алу алдында дәрігердің тексеруі, пациенттің келісімі және екпеден кейінгі бақылау — қауіпсіздіктің негізгі талаптары. Бұл шаралар жағымсыз әсерлердің алдын алуға мүмкіндік береді.«Жыл сайын сәуір айының соңында өтетін Иммундаудың дүниежүзілік апталығы вакцинацияның маңызын еске салады. Вакциналар соңғы 50 жылда миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды. Соған қарамастан, әлемде әлі де екпе алмаған балалар саны көп, ал жалған ақпарат вакцинаға деген сенімге кері әсер етуде»,-деп атап өтті Сәулет Капсаламова.Бүгінде өңірде 6–11 айлық балаларды қосымша иммундау жұмыстары басталды. Жалпы 11 480 бала екпе алуы тиіс болса, оның 8 390-ы вакцина алып үлгерді. Сонымен қатар қайта иммундау аясында 18 жасқа дейінгі 3003 бала қызылшаға қарсы екпе алды.«Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес облыста 318 егу пункті мен 76 жылжымалы бригада жұмыс істейді. Сондай-ақ 36 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымының 33-інде вакцинация жүргізілуде»,-деп қорытты Лейла Серікбаева.Жалпы, қоғамда вакцинацияға сенімді арттыру және әр адамды жауапкершілікке шақыру — бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Вакцинация арқылы біз өзімізді ғана емес, болашақ ұрпақты да қорғаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1206162?lang=kk
Мемлекеттік қызметтің құндылықтарын ілгерілету және оқушылар арасында ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында Қостанай облысының әкімдігінде Қостанай қаласы мектептерінің оқушыларымен іс-шара өткізілді. 22.04.2026
Іс-шара аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған тұлғалар, табысты жас мемлекеттік қызметшілер, тиісті салаларда жұмыс істейтін Өңірлік кадр резервінің мүшелері, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі, сондай-ақ Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі шақырылды.Іс-шара оқушылардың мемлекеттік органдардың жұмысы туралы хабардарлығын арттыру, мемлекеттік қызмет туралы неғұрлым толық түсінік қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1206170?lang=kk
2 апреля 2026 года в управлении финансов города Шымкент состоялся семинар под председательством Уполномоченного по этике М. Акишева. 22.04.2026
2026 жылдың 2 сәуірінде Шымкент қаласының қаржы басқармасында Әдеп жөніндегі уәкіл М.Акишевтің төрағалығымен семинар өтті.Семинарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы талқыланып, семинар спикерлері қоғам белсендісі, заңгер А.Кесебаева мен Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ сарапшысы, теолог И.Айтаев мемлекеттік қызметшілерді әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа және лудоманияға қарсы күрес жүргізуге, діни бірлестіктердің қызметіне қатыспауға шақырды.Семинар соңында, сұрақ-жауап барысында қаржы басқармасының қызметкерлеріне толық түсініктеме берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karzhy/press/news/details/1206209?lang=kk
ҚАЖ қызметкері қырағылық танытып, адасып қалған балаға көмек көрсетті 22.04.2026
Петропавл қаласында СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің №52 мекемесінің қызметкері азаматтық жауапкершілік танытып, қауіпті жағдайға тап болған баланың тағдырына бейжай қарамады.Демалыс күні қызметтен тыс уақытта әділет лейтенанты Руслан Тимиров Тоқсан би және Алматы көшелерінің қиылысында жолдың жүріс бөлігінде жалғыз тұрған кішкентай қызды байқап қалған.Жағдайды бағалап, балаға қауіп төнуі мүмкін екенін түсінген қызметкер дереу шара қабылдады. Қыз өзінің адасып қалғанын, тұрғылықты мекенжайын немесе ата-анасы туралы мәліметтерді есіне түсіре алмайтынын айтқан.Бейжай қалмаған Руслан Тимиров баланы қалалық полиция бөліміне жеткізіп, бірлескен күш-жігермен оның жеке басын анықтау және ата-анасын іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.— «Менің өзімнің де шамамен осындай жастағы ұлым бар. Мұндай жағдайда бейжай қалу мүмкін емес. Ең бастысы — алдымен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оны ата-анасына мүмкіндігінше тез қайтару болды», — деп атап өтті Руслан Тимиров.Баланың жеке басы анықталып, ата-анасына табысталғаннан кейін ғана қызметкер өз істерін жалғастырды.Аталған жағдай қызметкерлердің тек қызметтік міндеттерін атқару барысында ғана емес, күнделікті өмірде де қырағылық пен жауапкершілік танытатынын тағы бір мәрте дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1206230?lang=kk
Өскеменде инклюзивті білім беру бойынша республикалық семинар басталды 22.04.2026
2026 жылғы 22-23 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеудің кешенді тәсілі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» атты республикалық семинардың бірінші күнін өткізді. Семинардың бірінші күні 22 сәуір пленарлық бөлім С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында ұйымдастырылды.Семинар облыс әкімінің орынбасары Нургалиев Ербол Жолдаспекұлының, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Ногайбаева Гульбаршин Аскеновнаның қатысуымен өтті.Республикалық семинарға еліміздің барлық облыстарынан 300-ден астам білім басқармаларының арнайы және инклюзивті білім беру бойынша мамандары мен әдіскерлері, ПМПК және аутизм орталықтарының басшылары, жалпы білім беру ұйымдарының директорлары мен арнайы педагогтер мен салалық сарапшылар, сондай-ақ жергілікті жердің білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының жетекші мамандары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.Семинар аясында ұйымдастырылған арнайы көрме қатысушылар мен қонақтардың жоғары қызығушылығын тудырды. Экспозицияда инклюзивті ортаны дамытудың практикалық нәтижелері таныстырылды.Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Козыбаева Булбул Жомартовна өңірдегі инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайына талдау жасап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесінің тиімділігі мен алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді белгіледі.Сондай-ақ семинарда Астана қаласының «Асыл Мирас» аутизм орталығының басшысы Нурова Нурия Гайнулловна аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған «Асыл Мирас» орталықтарының халықаралық озық әдістемелерге негізделген әлеуметтік жобасы туралы айтып өтсе, Атырау облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының «Инклюзивті және арнайы білім беру» бөлімінің басшысы Кубиева Гульжанар Мендыгериевна баршаға арналған қолжетімді және сапалы білім бере отырып инклюзивті орта қалыптастыру жайында сөз сөйледі.Пленарлық отырыста білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының жетекші мамандары мен ата-аналар қауымдастығының өкілдерімен мамандардың біліктілігін арттыру, ерте диагностикалау және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті ортаға сапалы интеграциялаудың кешенді жүйесін құру туралы өзекті мәселелер қамтылды.Күннің екінші жартысында семинар бағдарламасы практикалық бағытта жалғасты. Қатысушылар мамандандырылған білім беру ұйымдары мен орталықтардың жұмыс барысымен танысып, бірнеше тәжірибелік алаңдарға қатысты. Олар: Өскемен қаласы білім бөлімінің «№14 арнайы мектеп-балабақша», «Ақ ниет» мектеп-интернаты», С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы», «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы», «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті», «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы».Республикалық семинардың алғашқы күні нәтижелі тәжірибе алмасу алаңына айналды. Қатысушылар инклюзивті білім берудің тиімді модельдерін талқылап, саланы дамытудағы өзекті мәселелер мен оларды шешудің нақты жолдарын айқындады.Семинар ертең өз жұмысын жалғастырып, инклюзия саласын дамытудың жаңа перспективалары мен ведомствоаралық іс-қимылды нығайтудың нақты тетіктерін қарастыратын болады. Екінші күннің бағдарламасында сала мамандары үшін практикалық шеберлік сыныптары мен стратегиялық сессиялар жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1206250?lang=kk
Алматы облысы Ресеймен ынтымақтастықты нығайтуда 22.04.2026
Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Дмитрий Тураевпен кездесті. Облыс әкімдігінде өткен жүздесуде қос тарап екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы бағытта әлеуетті арттыруға ниет білдірді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жиында Марат Сұлтанғазиев облыстың экономикалық дамуы және инвестициялық мүмкіндіктері, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, туризм, баламалы энергетика мен өнеркәсіп бағыттары жайлы қысқаша баяндады. Сонымен қатар инвесторлар тарту мен кәсіпкерлікті дамытуға заң аясында жасалып отырған қолдауларға, қолға алынып жатқан іргелі жобаларға да тоқталды. Өз кезегінде аймақ басшысы көрші ел делегациясына Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын, Алматы облысымен де өңіраралық байланыстардың нығайып келе жатқанын баяндады. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 16 пайызға артқан.– Бүгінде Алматы облысында Ресей капиталының және бірлескен капиталдың қатысуымен 216 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – екіжақты іскерлік ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің айғағы. Бүгінде өңірде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Өзара ынтымақтастықты нығайтуға өңірлердің мүмкіндігі зор. Әсіресе ауыл шаруашылығы, көлік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық айтарлықтай әлеуетке ие. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен инновациялық Алатау қаласы құрылды. Біз құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру саласы бойынша Ресей инвесторларын осы жобаға қатысуға шақырамыз, – деді Марат Сұлтанғазиев.Өз кезегінде Дмитрий Тураев екіжақты байланысты нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар шетелдік делегация өкілдері ауыл шаруашылығы, агроинженерия саласындағы тәжірибелерін ортаға салып, өз өнімдерін Қазақстан нарығына саудалауға ниетті екендіктерін айтты.Кездесуде өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Жүздесуде туризмді дамыту мен өзге де ортақ тарихи және мәдени құндылықтарға да ерекше назар аударылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1206256?lang=kk
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тұрақты болашақ – ортақ көзқарас» Өңірлік экологиялық саммитінде сөйлеген сөзі 22.04.2026
Құрметті мемлекеттер басшылары, үкімет жетекшілері!Қадірлі қатысушылар!Ханымдар мен мырзалар! Сіздерді Өңірлік экологиялық саммит төрінде қарсы алу мен үшін зор мәртебе. Осы жиында Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттерінің басшыларын көргеніме қуаныштымын.Құрметті әріптестер, Сіздерге зор алғыс айтамынБҰҰ-мен ынтымақтастық аясында өтіп жатқан форумға Сіздердің қатысуларыңыз іс-шараның мән-маңызын арттыра түседі.Шын мәнінде, бүгін – Жер күні. Осы орайда планетамызды қорғауға жауапкершілікпен қарайтынымызды тағы да бір мәлімдеу үшін бас қосып отырмыз. Орнықты даму үшін ортақ көзқарас қалыптастыру – өзекті әрі аса маңызды. Мұны өңір елдері терең түсінеді.Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негізі. Яғни әңгіме таза ауа мен сапалы суға, бүлінбеген топырақ пен сенімді азық-түлік жүйесіне, қоғамның тұрақтылығына және ұрпақтың келешегіне қатысты болып отыр. Жалпы ақыл-ойдың тұнықтығы, қоғамдағы үйлесім мен адами бақыт та осыған саяды.Ал экология дегеніміз – Жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарайтын саналы өмір салты.Сондықтан бүгінгі саммит дер кезінде ұйымдастырылып отыр.Бауырлас елдердің көшбасшыларына – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке, елімізге мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухке, бүгін туған күнін атап өтіп жатқан Армения Президенті Ваагн Хачатурянға, Грузия Президенті Михаил Кавелашвилиге, сонымен қатар Ресейден, Әзербайжаннан, Беларусьтен, Сербиядан, Пәкістаннан және басқа да көптеген мемлекеттен келген жоғары мәртебелі меймандарға форумға қатысқаны үшін алғыс айтамын.Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттіктерінің, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конвенцияның, қаржы мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдерін және өзге де халықаралық серіктестерімізді, сарапшыларды, ғалымдарды, академиялық қауымды осы алаңда көргеніме қуаныштымын.Сондай-ақ ұйымдастырушыларға, еріктілерге, техникалық және логистикалық топқа, саммиттің өтуіне аянбай атсалысқан барша азаматқа ризашылық білдіремін. Құрметті қатысушылар! Біз беталысы беймәлім аумалы-төкпелі кезеңде жүздесіп отырмыз.Мұның зардабы өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа, миллиондаған адамның тұрмыс сапасына қаншалықты ауыр тиіп жатқанын егжей-тегжейлі айтудың қажеті жоқ.Соның салдарынан даму жолындағы күш-жігер, күрмеуі қиын экологиялық проблемаларға жұмсалуға тиіс ресурстар зая кетіп жатыр.Бұл ретте халықаралық қоғамдастық ерекше рөл атқарады.Сексен жыл бұрын құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы әлі күнге баламасы жоқ, әмбебап диалог алаңы екені сөзсіз. Алайда одан бері әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жасанды интеллект бүкіл адамзат санасын жаулап, күнделікті өмірге дендеп енді.Халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысының бұлжымас беріктігі туралы жиі айтылады. Әйтсе де, ол –қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес.Керісінше, БҰҰ Жарғысын біртұтас, жан-жақты құжат ретінде қабылдау керек. Оның ережелері дәл сол қалпында танылып, мүлтіксіз сақталуға тиіс.Сол себепті БҰҰ және басқа да ірі халықаралық ұйымдар ауқымы мен сипаты жағынан бұрын-соңды болмаған әрі болжауы қиын өзгерістер дәуіріне қадам басқан қазіргі әлемнің ақиқатын қаперге алғаны жөн. Біз БҰҰ Жарғысындағы қағидаттарды халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты өз ыңғайымызға қарай қолданудан аулақ болуымыз қажет. Сонымен қатар көпжақты институттарға деген сенімге селкеу түспеуі керек. Дегенмен маңызды халықаралық мәселелерді шешуге олардың абырой-беделі жетпей жатқаны өкінішті.Менің ойымша, экология мәселесінде таңдаулыларға басымдық беру әбестік.Көп жағдайда экологиялық күн тәртібін әзірлеу немесе қалыптастыру барысында түрлі аймақтар мен елдердің, әсіресе, экономикалық әлеуетін нығайтуға ден қойған дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері мүлдем ескерілмейді.Алайда дамыған елдер қазіргі экологиялық стандарттарға индустрияландырудың ұзаққа созылған үдерісінің нәтижесінде жеткенін естен шығармайық. Сондықтан жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс.Баршамыз ақылға қонымды, мұқият ойластырылған прагматикалық тәсілге жүгінуіміз керек. Сонда ғана мемлекеттер орнықты даму қағидаттарына сай алға жылжып, өзінің экономикалық өсімі мен прогресіне қауіп төндірмейді.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бізді бөлмей, керісінше бір мақсатқа біріктіруге тиіс. Ол серіктестікке, өзара сенім мен жауапкершілікке негізделуі керек. Ешкім бір-бірін жария түрде айыптамауы, өзгеден мін іздемеуі қажет.Бейбітшілік пен орнықты дамуға мүдделі серіктестер ретінде жауапкершілікті сезініп, нақты әрекет еткеніміз дұрыс. Құрметті қатысушылар! Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң.Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз.Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Атап айтқанда:– су тапшылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару;– шөлейттену;– мұздықтардың еруі;– ауаның ластануы;– биоалуантүрліліктің жойылу қаупі.Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін.Жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын заман өтті, шешім қабылдайтын уақыт келді.Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді.Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды.Яғни, біз үшін экологиялық қауіпсіздік пен өсіп-өркендеу жай ғана мәселе емес. Ол ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі және ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы ретінде қарастырылады.Қазақстан:– экологиялық таза энергия өндірісіне көшу;– биоалуантүрлілікті қорғау;– тозған жерлерді қалпына келтіру;– су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру;– су үнемдеу саясатын енгізу;– қоршаған ортаны қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту бағыттарындағы шараларды қолға алды.Әлбетте, ешбір ел жалғыз жортып, табысқа жете алмайды. Сондықтан аймақтық және жаһандық деңгейде күш жұмылдыруға баса мән береміз.Біз аталған міндетті нақты іс, жаңа технологияларды игеру және тұрақты дамуға ұзақмерзімді инвестиция салу арқылы орындаймыз.Әділ және теңқұқылы энергетикалық модельге көшу негізгі басымдық саналады.Қазіргі уақытта Қазақстанда электр қуатының 7 пайыздан астамы жаңартылатын энергия көздерінен алынады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайыздан асыруды жоспарлап отырмыз.Біз мұнай-газ қоры мол мемлекеттердің қатарына кіреміз. Соған қарамастан, еліміз орнықты энергетика мақсаттарынан айнымайды.Әлемдік уран экспортының шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететін Қазақстан көміртексіз электр энергетикасын дамытуды құптайды.Бүгінде алғашқы атом электр станциясының жобасын пысықтап жатырмыз. Сонымен қатар «таза көмір» технологиясы негізінде жылу электр станцияларын жаңғыртуды қолға алдық.Осылайша, ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтамыз.Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе. Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды әрі әділ пайдалана алатынымызға байланысты.Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Сондай-ақ ол батыл әрі ғылыми негізі бар жүйелі шаралардың арқасында қандай нәтижеге жетуге болатынын көрсетеді.Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың 36 пайызға жуығы қайта қалпына келтірілді. Судың сапасы жақсарып, балық қоры молайды, маңайдағы елді мекендердің тұрмыс-тіршілігіне қан жүгірді.Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының жоғары деңгейдегі кезекті отырысын өткіземіз. Жиын барысында әріптестерімізбен бірге Қазақстанның осы ұйымға үш жылдық төрағалығын қорытындылаймыз.Сонымен қатар еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды.Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз.Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс.Өңірлік деңгейдегі бастамалардан бөлек, біз су ресурстары саласында жаһандық ықпалдастықты кеңейтуге басымдық береміз.Былтыр желтоқсан айында Ашхабадта БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасадым.Аталған бастама өте өзекті. Өйткені қазіргі кезде БҰҰ жаһандық басқарудың бірізділігі мен тиімділігін арттыру үшін мыңдаған мандатты қайта саралап жатыр.Бүгінгі саммит аясында бұл ұсынысқа қатысты халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетініне қуаныштымын.Биоалуантүрлілікті сақтау – экологиялық саясатымыздың негізгі бағыттарының бірі. Табанды еңбек нәтиже берді. Жойылу қаупі төнген ақбөкендер қайта көбейді. Қазақстандағы қар барысының саны екі есе ұлғайып, 190-ға жетті.Халықаралық серіктестермен бірлесіп, басқа да сирек кездесетін жан-жануарлардың, атап айтқанда, сұңқарлардың, Тұран жолбарысының және Пржевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіруге кірістік.Орман алқаптарын ұлғайту Қазақстанның экологиялық күн тәртібіндегі басым міндеттерінің біріне айналды. Соңғы бес жылда бір миллион гектардан аса аумаққа 1,5 миллиардтан астам ағаш ектік. Соның ішінде шөлейттену үдерісін бәсеңдету мақсатында өзбек мамандарымен бірге Арал теңізінің табанына сексеуіл отырғыза бастадық.Қазақстан барлық серіктестерін Сирек кездесетін жан-жануарлар түрлері мен биоалуантүрлілікті сақтау халықаралық қорына мүше болуға шақырады. Мемлекетаралық ынтымақтастық алаңында ғылыми зерттеулер жүргізіліп, экожүйелерді қорғаудың тиімді шешімдері әзірленеді.Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру.Қозғалысқа миллиондаған ерікті қосылды. Менің ойымша, олар – Қазақстанның нағыз патриоттары. Өйткені дәл осылай еңбек етіп, ортақ мүддеге үлес қосу – елінің келешегін ойлайтын азаматтардың ғана қолынан келетін ізгі іс.Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен биыл Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. Тұрақты даму мүддесіне сай келетін бұл бастаманы толық қолдаймыз.Еліміздің жаңа Ата заңында волонтерлік қызметке айрықша мән беріліп, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні нақты жазылған.Биыл – Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы.Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес екені анық. Аталған технология табиғи ресурстарды қорғау, экологиялық басқаруды жетілдіру ісінде мол мүмкіндікке жол ашады. Сондықтан біз Аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдауға әзірміз.Құрметті қонақтар! Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді.Таразы басында адамзаттың, ең алдымен, өскелең ұрпақтың болашағы тұр.Бұл – жай ғана экологиялық мақсат емес, керісінше, адами парыз, экономикалық қажеттілік, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатындағы стратегиялық басымдық.Осы орайда орнықты келешек қалыптастыруда мынадай негізгі қағидаттарға арқа сүйеген жөн:– халқымыз бен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік;– шекара мен шектеуге бөлінбейтін ынтымақтастық;– ресурстарға, технологиялар мен мүмкіндіктерге теңдей қол жеткізетін әділеттілік;– нәтижесі көзге көрінетін нақты шаралар;– ауқымы мен даму деңгейіне қарамастан елдер арасындағы бірлік.Саммит барысында Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық жөніндегі Астана декларациясы және бірқатар маңызды келісім қабылданады. Бұл біздің аталған қағидаттарды берік ұстанатынымызды және аймақтық экологиялық серіктестікті нығайтуға қадам басқанымызды дәлелдейді.Бүгінгі талқылаулардың мазмұнды әрі бірлескен нақты бастамаларға негіз болатынына сенімдімін. Осылайша, халықтарымыздың игілігіне қызмет ететін баянды болашақтың іргесін қалаймыз.Жиын жұмысына табыс тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1209759?lang=kk
2026 жылы 22 сәуірде депутат Б.Қ. Ыбырайдың төрағалық етуімен құқықтық тәртіп пен аграрлық мәселелер, шағын және орта бизнесті, өндірісті дамыту, бюджет пен жоспарлау, ауданның әлеуметтік -экономикалық даму мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. 22.04.2026
Отырыста депутаттар Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Н.О. Бажировтың «2025 жыл бойынша Меңдіқара ауданы бюджетінің орындалуы туралы» сұрағы және Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі басшысының м.а. А.К. Ахметбекованың «2025 жыл бойынша Меңдіқара ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің бюджетінің орындалуы туралы» есептері тыңдады.Депутаттар белгіледі, аудан бюджетінің кіріс бөлігі 2025 жыл бойынша 102,8% пайызға орындалған, жоспарда 7 913 100,0 мың теңге, түсімдер 8 133 000,0 мың теңгені (артық орындау 219,9 миллион теңге).Жергілікті бюджетке кірістердің түсімдерінің жоспары салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсімдер 106,8 % орындалған, жоспарда 1 миллиард 859,1 миллион. теңге, нақты түрде 1 миллиард 984,7 миллион. теңге түсті, бұл 125,6 миллион теңгеге жоспарланған деңгейден көп. (аса артық орындау, сонымен қатар: 101111 заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы 55,5 миллион немесе 127,1%; 101201 кірістерден жтс 42,3 миллион немесе 105,1%; 103101 әлеуметтік салық - 19,8 миллион. теңге немесе 103,3 %).ЖӨБ бюджеттерінің кіріс бөлігі 2025 жыл бойынша 103,4% орындалған, жоспарда 1 миллиард 357,6 миллион теңге, түсімдер 1 миллиард 403,3 миллион теңгені құрады (артық орындау 45,7 миллион теңге сонымен қатар: Михайлов а/о 2,7 миллион теңге, Краснопреснен а/о 0,6 миллион теңге, Алешин а/о 5,4 миллион теңге, Ломоносов а/о 1,0 миллион теңге, Боровское ауылы 15,6 миллион теңге, Введен а/о 4,5 миллион теңге, Первомай а/о 9,0 миллион теңге, Теңіз ауылы 4,0 миллион теңге, Буденный а/о 0,7 миллион теңге, Соснов а/о 0,4 миллион теңге, Қарақоға а/о 1,8 мың теңге), сонымен қатар нысаналы ағымдағы трансферттер 778,0 млн. теңге және субвенциялар 200,5 миллион теңге, шығындарды өтемақылауға 17,9 миллион теңге..ЖӨБ бюджетке кірістердің түсімдерінің жоспары салықтық, салықтық емес және негізгі капиталды сатудан түсімдер 108,8 % орындалған, жоспарда 358,9 миллион тенге, нақты түрде 390,5 миллион теңге түсті, бұл 31,6 миллион теңгеге жоспарланған деңгейден көп.Сонымен бірге комиссия аудандық бюджет, ауылдар мен ауданның ауылдық округтерінің бюджеті өмірлік белсенділіктің барлық аса маңызы саласын қамтыған және тиімді орындалған деп есептейді.Қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия сәйкес қаулылар қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1206300?lang=kk
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 22.04.2026
Қазақстан Республикасының «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін қолдану бойынша өтініштер eGov.kz порталы арқылы электрондық түрде қабылданады.Сот арқылы және соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыздарды өңдеу, оның ішінде енгізілген деректердің сәйкестігін тексеру – тіркеуші органдардың, банктер мен кредиттік бюролардың электрондық деректер базалары арқылы «QOLDAU» бизнес пен азаматтарға арналған цифрлық платформасының «TAZALAU» сервисінде автоматты түрде жүзеге асырылады.Өтініш белгіленген тәртіпке сәйкес толтырылып, қажетті құжаттармен бірге ұсынылуы тиіс.Ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы өтініш берушінің жауапкершілігінде болады. Өтініш уәкілетті органмен қаралып, нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1206348?lang=kk
RES EXPO – 2026: Алматы облысының өнімдері халықаралық көрмеге қойылды 22.04.2026
Бүгін Орта Азиядағы ең ірі экологиялық көрмеде Алматы облысында өндірілген тауарлар әлем назарына ұсынылды. Игі шарада өңір сапалы өнімдері мен заманауи туристік жобалары арқылы бәсекеге қабілетті аймақ екенін көрсетіп, туризм бағытындағы тың жобаларымен таңқалдырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Бастама Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммит аясында өтіп жатыр. Шараның пленарлық отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения, Моңғолия, Грузия, Әзербайжан сынды мемлекеттердің басшылары және БҰҰ өкілдері қатысты. Онда мемлекетаралық маңызды экологиялық мәселелер талқыланды.Шара барысында ұлттық павильондар, B2B кездесулер, панельдік сессиялар мен стартап байқаулар ұйымдастырылып, инвестициялық келісімдер жасалды. Шамамен 1500-ге жуық ресми делегат – мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, инвесторлар, бизнес өкілдері және ғылыми сарапшылар өзара тәжірибе алмасты.Халықаралық көрмеде 30 елден келген 300-ден аса компания жасыл энергетиканы дамыту, су ресурстарын тиімді қолдану, қалдықтарды сұрыптап, терең өңдеу, ақылды қалаларды қалыптастыру бойынша инновациялық жобаларын ұсынды.Алматы облысының павильонында өңірде өндірілген экологиялық таза әрі табиғи өнімдер таныстырылды. Олардың қатарында «Frutto», «Sydyk» және «Аrba wine» сияқты көшбасшы кәсіпорындар бар. Сонымен қатар Алматы облысының көрнекі туристік нысандары насихатталып, саммит қатысушыларына ерекше әсер қалдырды. Атап айтқанда, «Ой Қарағай» тау курорты мен «Aikan Resort» кешені заманауи инфрақұрылымы және қызмет көрсетудегі жаңашылдығы жайлы қатысушыларға кеңінен ақпарат беріп, табиғаттың сұлу көрінісін тамашалауға шақырды.Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, «RES EXPO – 2026» көрмесі өңірді халықаралық деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік беруде.«Алматы облысы табиғат ластануының алдын алып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған инновациялық жобаларды таныстыруда. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және табиғи өнім өндіру бағыттарына ерекше көңіл бөлінді. Туризм саласы да назардан тыс қалған жоқ. Себебі өңірдің бұл бағыттағы әлеуеті өте жоғары», – деді ол.Айта кетейік, экологиялық саммит Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Қазақстанда алғаш рет өткізілуде. Шара үш күн бойы жалғасады. Оған 20 000-нан астам қатысушы келеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1206350?lang=kk
Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы 22.04.2026
Омарғали Байғабылов төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыста қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.Депутаттар бірқатар өзекті бастамаларды талқылап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды қолдады. Сонымен қатар, қалалық инфрақұрылымды дамыту және жергілікті басқару тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сессия қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер қаланың тұрақты дамуына және негізгі басым бағыттарды іске асыруға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1206391?lang=kk
«Халықтық бухгалтер» бизнеске жаңа Салық кодексін меңгеруге көмектеседі 22.04.2026
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ербол Утеевпен сұхбат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бастамашы болған республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда. Акция жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне жаңа Салық кодексінің нормаларын қолдану, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу мәселелері бойынша тегін кеңес беру қызметін ұсынады.Акцияның мақсаттары, Ақтаудағы нәтижелері және алдағы айлардағы жоспарлар туралы біз Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ербол Тынымбайұлы Утеевпен әңгімелестік. — Ербол Тынымбайұлы, «Халықтық бухгалтер» акциясы не болып табылады және ол неге дәл қазір басталды? Акция 2026 жылдың 5 қаңтарында іске қосылды және 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. Бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Кәсіби бухгалтерлер ұйымдарының бірлескен жобасы. Негізгі мақсат — жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейінгі өтпелі кезеңде кәсіпкерлерге қолдау көрсету.Біз жұмыстың негізінен бақылау моделінен салық төлеушілерді сервистік сүйемелдеуге көшудеміз. «Халықтық бухгалтер» — осы бағыттағы алғашқы практикалық қадам. Кәсіпкерлер, әсіресе жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдері, оңтайлы салық режимін таңдау, өтпелі кезең, электрондық шот-фактуралар, ҚҚС шегі, есепке қою және басқа да көптеген нюанстар бойынша жиі сұрақтарға тап болады. Біздің міндетіміз — түсінікті, практикалық түсіндірмелер беру, осылайша бизнес есепті дұрыс жүргізіп, қателіктерден аулақ болады. — Акция Ақтауда қалай ұйымдастырылған? Кәсіпкерлер қайда және қашан тегін кеңес ала алады? Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында кеңестер аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Біз «Халықтық бухгалтер» деген тақтайшамен белгіленген арнайы орын бөлдік. Кәсіпкерлерге басқарма қызметкерлері мен кәсіби бухгалтерлік ұйымдардың тартылған сарапшылары сияқты білікті мамандар шығады.Формат негізінен оффлайн, адамдар келіп, сұрақтарын жеке қойып, «саусақпен көрсетіп» түсіндірме алуы үшін. Бұл цифрлық жүйелермен онша сенімді жұмыс істей алмайтындар үшін өте маңызды. — Ақтауда қанша өтініш түсті және ең жиі қойылатын сұрақтар қандай? Жыл басынан бері қызығушылық айтарлықтай. Республика бойынша акцияның алғашқы айларында ондаған мың адам кеңес алды, Маңғыстау да қалыспайды. Біздің басқармада кәсіпкерлер ең жиі сұрайтын сұрақтар:- арнайы салық режимін таңдау және ауыстыру туралы;- салық жеңілдіктері мен шегерімдер туралы;- электрондық шот-фактуралармен жұмыс істеу туралы;- ҚҚС шегі және есепке қою/алу ерекшеліктері туралы;- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері туралы.Көпшілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріндегі практикалық аспектілерге қызығады. Біз акция салық сауаттылығын арттыруға және бизнес пен мемлекет арасындағы диалогты орнатуға нақты көмектесетінін көріп отырмыз. — Акцияның өңір үшін әсерін қалай бағалайсыз? Ол Ақтаудағы бизнесдің дамуына көмектесе ме? Әрине, көмектеседі. Ақтау — қызмет көрсету, сауда және мұнай сервисі салаларында белсенді шағын және орта бизнесі бар серпінді дамып келе жатқан қала. Кәсіпкерлер салық заңнамасын жақсы түсінген кезде қателіктерді аз жібереді, айыппұлдарға сирек тап болады және өз істерін дамытуға көбірек көңіл бөле алады.Акция салық заңнамасын ерікті түрде сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бюджетті толтыру және барлығы үшін әділетті жағдайлар жасау үшін маңызды. Біз оң кері байланысты көріп отырмыз: адамдар қолжетімді формат пен пайдалы кеңестер үшін алғыс білдіреді. — Тегін кеңес алу мүмкіндігін әлі пайдаланбаған кәсіпкерлерге не кеңес берер едіңіз? Кейінге қалдырмаңыздар! 2026 жылдың 30 маусымына дейін сіздерде кәсіби көмекті мүлдем тегін алуға тамаша мүмкіндік бар. Мына мекенжайға келіңіздер: Ақтау қаласы, 31Б шағын ауданы, 35-ші ғимарат. Кеңестер сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.Егер жаңа Салық кодексі бойынша нақты сұрақтарыңыз болса — дайындалыңыз, өзіңізбен құжаттарыңызды алыңыз, мамандар мүмкіндігінше дәл жауап бере алады. Сондай-ақ басқарма басшылығының қабылдау кестесі Маңғыстау облысы бойынша МКД сайтында қолжетімді екенін еске саламын. — Сұхбат үшін рахмет, Ербол Тынымбайұлы. Қосымша айтқыңыз келетін нәрсе бар ма? Мен мынаны атап өткім келеді: мемлекеттік кірістер органдары бүгін тек бақылау ғана емес, сонымен қатар сервис. Біз диалогқа ашықпыз және бизнеске көмектесуге дайынбыз. «Халықтық бухгалтер» — осындай қолдаудың бір құралы. Біздің кәсіпкерлер неғұрлым сауатты болса, өңірдің және бүкіл елдің экономикасы соғұрлым күшті болады.Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын шақырамыз! Ербол Тынымбайұлы Утеев — салық органдарында көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі басшы (1995 жылдан бастап). 1965 жылы Маңғыстау облысының Құрық кентінде (Ералиево) туған. 2025 жылдың сәуірінен бастап Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасын басқарады. Бұрын Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары қызметін атқарған, аудит, камералдық бақылау және берешекті өндіріп алу мәселелерін үйлестірген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1206396?lang=kk
Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді 22.04.2026
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті.Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қарастырды.Мемлекет басшысы Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтіп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін растады.Президенттер ынтымақтастықтың қарқын алғанына мән беріп, сауда-экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін айтты.Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, іскер ортаның аясын кеңейту, сондай-ақ екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері пысықталды.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили жаһандық және өңірлік күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1206403?lang=kk
Әлеуметтік төлемдер Абай облысында 56 млрд теңгеден асты 22.04.2026
Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері өңір тұрғындарына зейнетақы және мемлекеттік жәрдемақылар түрінде 56,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Әлеуметтік қолдауды 279 мыңнан астам адам алып отыр.Осылайша, мемлекеттік төлемдер өңір халқының едәуір бөлігін қамтып, әлеуметтік қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.Қаражаттың басым бөлігі зейнетақы төлемдеріне бағытталған – 50,5 млрд теңгеден астам, ал мемлекеттік жәрдемақыларға 6,1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.Ай сайын төлемдерді қамтамасыз етуге шамамен 21,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың тұрақтылығы мен жүйелілігін көрсетеді.Жыл басынан бері облыстың ХҚКО-ларына зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша 16 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл аталған қызметтердің халық арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.«Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау жұмыстары штаттық режимде жүргізілуде. Қызметтер уақытылы және толық көлемде көрсетілуде», – деді Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Өмірзахов.Айта кетейік, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беру үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1206454?lang=kk
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Абай ауданы прокуратурасы еңбек инспекциясымен бірлесіп, құрылыс нысандарында жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 22.04.2026
🔹 «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Абай ауданы прокуратурасы еңбек инспекциясымен бірлесіп, құрылыс нысандарында жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесуде еңбек құқықтары, жалақының уақытылы төленуі, еңбек шарттарының сақталуы және қауіпсіз еңбек жағдайлары түсіндірілді.Жұмысшылар сұрақтарына жауап алып, іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыруға және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.Шымкент қаласының прокуратурасы
Мемлекеттер басшылары Өңірлік экологиялық саммиттің көрме павильондарын аралады 22.04.2026
Президенттер мен шетелдік делегациялардың басшылары RES 2026 EXPO жасыл және орнықты технологиялар халықаралық көрмесіне барды.Қазақстан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және басқа да мәртебелі меймандарға Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның павильондары таныстырылды. Мұнда жасыл энергетика мен табиғи ресурстарды басқару салаларындағы ұлттық басымдықтарға ден қойылған.Экспозициялар орнықты экожүйені сақтауға, қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық орнатуға, экологиялық мәселелерді шешудің тың тәсілдерін қарастыруға, Арал маңын қайта қалпына келтіруге үндейді.Мемлекеттер басшыларына аймақ елдеріндегі бизнестің экожобалары көрсетілді. Аталған бастамалар аясында компаниялар жасыл энергетика, экологиялық орта қалыптастыру және қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарында өндірістік шешімдер ұсынады.Көрме әлемнің 30 елінен келген 240-тан астам қатысушы мен халықаралық серіктестердің басын қосты. 120-дан аса павильонда орнықты даму саласындағы озық бастамалар көпшілік назарына ұсынылды. Мемлекет пен бизнес арасындағы диалог алаңына айналған инвестициялық форум ерекше маңызға ие.Экспозицияда орнықты даму мен экологияның өзекті мәселелері талқыланатын халықаралық кездесулер, сарапшылар арасындағы пікірталастар өтіп жатыр. Сондай-ақ инновациялық жобалар мен жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Жасыл» стартаптардың байқауы ұйымдастырылды. Меймандар аймақ елдері дизайнерлерінің туындылары мен экологиялық кино фестивалін тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1209769?lang=kk
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНА МИЛЛИОНДАҒАН ЕРІКТІ ҚОСЫЛДЫ» 22.04.2026
«Бұдан бөлек, біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру.Қозғалысқа миллиондаған ерікті қосылды. Менің ойымша, олар – Қазақстанның нағыз патриоттары. Өйткені дәл осылай еңбек етіп, ортақ мүддеге үлес қосу – елінің келешегін ойлайтын азаматтардың ғана қолынан келетін ізгі іс.Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен биыл Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. Тұрақты даму мүддесіне сай келетін бұл бастаманы толық қолдаймыз.Еліміздің жаңа Ата заңында волонтерлік қызметке айрықша мән беріліп, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні нақты жазылған.Биыл – Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес екені анық. Аталған технология табиғи ресурстарды қорғау, экологиялық басқаруды жетілдіру ісінде мол мүмкіндікке жол ашады. Сондықтан біз Аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдауға әзірміз».
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МҮДДЕЛІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАПТАРДЫ КАСПИЙ ТЕҢІЗІН САҚТАУ ЖОЛЫНДА КҮШ-ЖІГЕР БІРІКТІРУГЕ ШАҚЫРДЫ 22.04.2026
Президент: «Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады»«Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе.Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды әрі әділ пайдалана алатынымызға байланысты.Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Сондай-ақ ол батыл әрі ғылыми негізі бар жүйелі шаралардың арқасында қандай нәтижеге жетуге болатынын көрсетеді.Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың 36 пайызға жуығы қайта қалпына келтірілді. Судың сапасы жақсарып, балық қоры молайды, маңайдағы елді мекендердің тұрмыс-тіршілігіне қан жүгірді.Бүгін Халықаралық Аралды құтқару қорының жоғары деңгейдегі кезекті отырысын өткіземіз. Жиын барысында әріптестерімізбен бірге Қазақстанның осы ұйымға үш жылдық төрағалығын қорытындылаймыз».«Сонымен қатар еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды.Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды.Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз.Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс».
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АЙРЫҚША МӘН БЕРЕДІ» 22.04.2026
«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды.Яғни, біз үшін экологиялық қауіпсіздік пен өсіп-өркендеу жай ғана мәселе емес. Ол ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі және ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы ретінде қарастырылады.Қазақстан:- экологиялық таза энергия өндірісіне көшу;- биоалуантүрлілікті қорғау;- тозған жерлерді қалпына келтіру;- су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру;- су үнемдеу саясатын енгізу;қоршаған ортаны қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту бағыттарындағы шараларды қолға алды.Әлбетте, ешбір ел жалғыз жортып, табысқа жете алмайды. Сондықтан аймақтық және жаһандық деңгейде күш жұмылдыруға баса мән береміз.Біз аталған міндетті нақты іс, жаңа технологияларды игеру және тұрақты дамуға ұзақмерзімді инвестиция салу арқылы орындаймыз».Қазақстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15 пайыздан асыруды және ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтуды жоспарлап отыр«Әділ және теңқұқылы энергетикалық модельге көшу негізгі басымдық саналады.Қазіргі уақытта Қазақстанда электр қуатының 7 пайыздан астамы жаңартылатын энергия көздерінен алынады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайыздан асыруды жоспарлап отырмыз.Біз мұнай-газ қоры мол мемлекеттердің қатарына кіреміз. Соған қарамастан, еліміз орнықты энергетика мақсаттарынан айнымайды.Әлемдік уран экспортының шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететін Қазақстан көміртексіз электр энергетикасын дамытуды құптайды.Бүгінде алғашқы атом электр станциясының жобасын пысықтап жатырмыз. Сонымен қатар «таза көмір» технологиясы негізінде жылу электр станцияларын жаңғыртуды қолға алдық.Осылайша, ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтамыз».
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨҢІРЛІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САММИТТІҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ 22.04.2026
Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды:– Шын мәнінде, бүгін – Жер күні. Осы орайда планетамызды қорғауға жауапкершілікпен қарайтынымызды тағы да бір мәлімдеу үшін бас қосып отырмыз.Орнықты даму үшін ортақ көзқарас қалыптастыру – өзекті әрі аса маңызды. Мұны өңір елдері терең түсінеді.Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негізі.Яғни әңгіме таза ауа мен сапалы суға, бүлінбеген топырақ пен сенімді азық-түлік жүйесіне, қоғамның тұрақтылығына және ұрпақтың келешегіне қатысты болып отыр. Жалпы ақыл-ойдың тұнықтығы, қоғамдағы үйлесім мен адами бақыт та осыған саяды.Ал экология дегеніміз – Жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарайтын саналы өмір салты. Сондықтан бүгінгі саммит дер кезінде ұйымдастырылып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы: «Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс».«Менің ойымша, экология мәселесінде таңдаулыларға басымдық беру әбестік.Көп жағдайда экологиялық күн тәртібін әзірлеу немесе қалыптастыру барысында түрлі аймақтар мен елдердің, әсіресе, экономикалық әлеуетін нығайтуға ден қойған дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері мүлдем ескерілмейді.Алайда дамыған елдер қазіргі экологиялық стандарттарға индустрияландырудың ұзаққа созылған үдерісінің нәтижесінде жеткенін естен шығармайық.Сондықтан жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс.Баршамыз ақылға қонымды, мұқият ойластырылған прагматикалық тәсілге жүгінуіміз керек. Сонда ғана мемлекеттер орнықты даму қағидаттарына сай алға жылжып, өзінің экономикалық өсімі мен прогресіне қауіп төндірмейді.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бізді бөлмей, керісінше бір мақсатқа біріктіруге тиіс.Ешкім бір-бірін жария түрде айыптамауы, өзгеден мін іздемеуі қажет.Бейбітшілік пен орнықты дамуға мүдделі серіктестер ретінде жауапкершілікті сезініп, нақты әрекет еткеніміз дұрыс».