Жаңалықтар
Шымкентте оқушыларға арналған оқу-дала жиыны өтуде 22.04.2026
Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушыларына арналған ауқымды оқу-дала жиыны ұйымдастырылуда. Бес күнге жоспарланған іс-шара қаладағы барлық бес ауданнан келген қатысушыларды қамтып, Ақтас оқу-жаттығу базасында өтуде.БАҚ өкілдері оқу процесімен танысу мақсатында арнайы барып, жиын барысын бақылап қайтты. Әскери тәртіпке бейімделіп, сап түзеген оқушылардың жинақылығы мен жауапкершілігі олардың болашақта ел қорғайтын азамат ретінде қалыптасуына негіз бар екенін көрсетеді. Қатысушылар қысқа уақыт ішінде әскери ортаға бейімделіп, белгіленген күн тәртібі бойынша қатаң режимде дайындықтан өтуде.Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдерді әскери қызметке баулу, олардың бойында патриоттық сана, жауапкершілік пен тәртіп дағдыларын қалыптастыру. Бағдарлама аясында оқушылар таңғы жаттығудан бастап кешкі тексеріске дейін әскери бөлім тәртібіне барынша жақындатылған режимде білім алып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда.Оқу-жаттығу жиынының екінші күніне Әл-Фараби ауданының оқушылары қатысты. Қатысушылардың бірі, Тұрар Рысқұлов атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Рүстембек Бәйдібектің айтуынша, жиын бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, оқ ату дайындығы барысында АК-74 автоматының құрылымы таныстырылып, оны бөлшектеу-жинау және нысана көздеу жаттығулары жүргізіледі. Сонымен қатар, тактикалық дайындық аясында ұрыс жүргізу тәсілдері, бүркемелену және жергілікті жерде бағдарлау әдістері үйретілуде.Бұдан бөлек, саптық дайындық, пәрмендерді орындау және физикалық төзімділікті арттыруға ерекше назар аударылған. Оқушыларға радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс құралдарын пайдалану жолдары да түсіндірілуде.Жиын барысында қатысушылар әскери машықтарды меңгерумен қатар, командалық рухты, өзара қолдауды және ұйымшылдықты нығайтады. Тапсырмаларды бірлесе орындау арқылы олар тәртіп пен төзімділіктің маңызын тәжірибе жүзінде түсінуде.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, оқу-дала жиыны алдағы күндері қаланың өзге аудандарындағы мектеп оқушыларын кезең-кезеңімен қамтитын болады. Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мен жетекшілер марапатталады.Аталған бастама жас буынның әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ Отан қорғаушыларды жүйелі түрде даярлауға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.
БҮГІН АСТАНАДА ӨҢІРЛІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САММИТ ӨТІП ЖАТЫР 22.04.2026
Саммитке қатысушы делегация басшылары ЕХРО көрме орталығына келді.Мәртебелі меймандарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңының мақсаты – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру әрі бірлесе пайдалану бойынша кешенді саясат пен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтау.Саммиттің пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының директоры Ингер Андерсон, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.#RES2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды 22.04.2026
Қазақстан астанасында «Орнықты болашаққа ортақ көзқарас» тақырыбымен Өңірлік экологиялық саммит 2026 (бұдан әрі – ӨЭС) өз жұмысын бастайды. Іс-шара Орталық Азия елдеріндегі экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғау, қалпына келтіру және ортақ пайдалану, сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі кешенді саясат пен құралдарды қалыптастыруға бағытталған.ӨЭС Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымымен және бірқатар халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылып отыр және экологиялық сын-қатерлерді еңсеруге өңірлік тәсілді көрсететін бірлескен шешімдерді әзірлеуге бағытталған алғашқы ауқымды іс-шара болып табылады.Аталған сын-қатерлер үкіметтер, халықаралық және қаржы ұйымдары, сондай-ақ ғылыми және бизнес қауымдастықтар арасында ынтымақтастықты жолға қоюды талап етеді.Саммитке Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары, Армения, Грузия және Моңғолия президенттері, Әзербайжанның премьер-министрі, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерінің (БҰҰДБ, ФАО, БҰҰ ЕЭК, ЮНЕП, ДДСҰ, ДМҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және т.б.), жетекші халықаралық ұйымдардың (ЕҚЫҰ, ЭЫҰ, ЭЫДҰ, ТМҰ, ШЫҰ, ЕЭК, ИСЕСКО, АӨСШК және т.б.) және қаржы институттарының (АДБ, ЕҚҚДБ, Дүниежүзілік банк, Ислам даму банкі) басшылары қатысатынын растады.Жалпы, 15 елден ресми делегациялардың келуі күтілуде. Олардың қатарында Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Италия, Германия, Грузия, Камбоджа, Қытай, Моңғолия, Ресей, Сербия, Словакия, Хорватия және Жапония бар. Бұл ӨЭС алаңын түрлі мәселелер бойынша екіжақты келіссөздер сериясын өткізу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.ӨЭС жұмысы мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық отырыстан басталады.Саммиттің мазмұндық бөлігі сегіз басым бағыттың төңірегінде құрылған:1.Климаттық көшуді қолдау;2.Экологиялық және табиғи тәуекелдерге бейімделу және экономикалық орнықтылық;3.Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экожүйесі;Устойчивое управление природными ресурсами;4.Табиғи ресурстарды орнықты басқару;5.Атмосфералық ауаның ластануымен күрес және қалдықтарды басқару;6.Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері;7.Әділ және инклюзивті көшу;8.Экологиялық және цифрлық құзыреттер.ӨЭС бағдарламасына 58 іс-шара кіреді, оның ішінде 17-сі жоғары деңгейдегі, 4-еуі Орталық Азия елдік сессиялары және 37-сі дөңгелек үстелдер, конференциялар мен семинарлар форматындағы тақырыптық кездесулер. ӨЭС бағдарламасында БҰҰ құрылымындағы Халықаралық су ұйымын құру мәселесі бойынша консультациялар да жоспарланған. Оған БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің су ведомстволарының басшылары, БҰҰ-ның су мандатын іске асыратын агенттіктер және зерттеу институттары қатысады деп күтілуде.Қорытынды құжаттардың қатарында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» атты бірлескен декларациясын ерекше атап өткен жөн. Бұл құжат экологиялық орнықты даму саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген саяси ерікті көрсетеді. Сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған БҰҰ агенттіктерімен бірлескен Өңірлік іс-қимыл бағдарламасы ұсынылады.Жалпы, ӨЭС аясында 51 құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Олардың ішінде 13 меморандум, 16 бірлескен мәлімдеме, келісімдер мен декларациялар, 16 өңірлік және елдік бастама, сондай-ақ 6 инвестициялық жоба бар.Саммиттің маңызды практикалық толықтыруы ретінде Орталық Азия елдерінің және бақылаушы ел ретінде Әзербайжанның ұлттық павильондары ұсынылатын ӨЭС 2026 EXPO халықаралық «жасыл» технологиялар көрмесі өтеді.Қазақстанның ұлттық павильонында биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы жетістіктер, оның ішінде Пржевальский жылқысы, киік және Тұран жолбарысы популяцияларын сақтау, Солтүстік Аралды қалпына келтіру жобалары, сондай-ақ су және ғылыми шешімдер мен «Таза Қазақстан» бағдарламасының нәтижелері таныстырылады.Қазақстан экспозициясында ресурстарды басқарудың зияткерлік жүйелерін және «ақылды» экологиялық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылған. RES 2026 EXPO 2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында өтеді және 30 елден шамамен 300 компанияны біріктіреді. Осы кезеңде көрмеге 20 000-ға жуық адам келеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1209747?lang=kk
Мамандандырылған курстар өткізді 22.04.2026
2026 жылғы 8–18 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Жетісу облысы бойынша МКД «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің базасында мамандандырылған курстар өткізді. 2026 жылғы 8–10 сәуір аралығында «Теміржол», «Нұр-Жолы», «Алтынкөл-жол», «Қорғас» ХШЫО, «Алакөл», «Қалжат» және «Кеген» кеден бекеттерінің қызметкерлеріне арналған «Идентификация, профилирлеу және тексеру әдістері» курсы өткізілді. Курстың мақсаты – кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді анықтау және профилирлеу әдістерін тиімді қолдану саласында қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Оқыту барысында күдікті белгілерді анықтау, мінез-құлық факторларын талдау және тексеру жүргізу кезінде негізделген шешім қабылдау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар курс бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге, кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау сапасын арттыруға, сондай-ақ бақылау іс-шараларын жүргізуде бірыңғай және стандартталған тәсілді қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл кедендік шекарадағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және мемлекеттік кірістер органдары жұмысының тиімділігін күшейтуге ықпал етеді. 2026 жылғы 13–15 сәуір аралығында «Теміржол», «Нұр-Жолы», «Алтынкөл-жол», «Қорғас» ХШЫО, «Алакөл», «Қалжат», «Кеген» кеден бекеттерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлеріне арналған «Инспекциялық-тексеру кешендері операторларын даярлау бойынша арнайы курстарды жаңарту және өткізу» курсы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – көлік құралдарын, тауарларды және жеке тұлғаларды тексеруді жүзеге асыратын қызметкерлердің, сондай-ақ инспекциялық-тексеру кешендері (ИТК) операторларының кәсіби деңгейін арттыру. Бағдарлама аясында ИТК арқылы алынатын рентгендік бейнелерді дұрыс интерпретациялау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар рентгенология негіздерін, бейнелерді талдау әдістерін меңгеріп, «Rapiscan» және «Smiths Heimann» жүйелерімен жұмыс істеу бойынша практикалық тәжірибе алды. Сабақтар теориялық және практикалық форматта, тікелей қолданыстағы өткізу пункттерінде өткізілді.Курс барысында тыңдаушылар Moodle білім беру платформасында алдын ала және қорытынды тестілеуден өтіп, оның нәтижелері бойынша оқу материалын меңгеру деңгейі бағаланды. Оқу нәтижесінде қатысушылар контрабандалық тауарлар мен заттарды анықтау және сәйкестендірудің заманауи әдістерін меңгеріп, көлік құралдары мен тауарларды тиімді тексеруді қамтамасыз ететін техникалық шешімдер, жасырын тасымалдау тәсілдерін анықтау және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы білім алды. 2026 жылғы 16–18 сәуір аралығында Теміржол, Нұр-Жолы, Алтынкөл-жол, «Қорғас» ХШЫО, «Алакөл», «Қалжат», «Кеген» кеден бекеттерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне арналған «Сканерлеу жабдықтарымен жұмыс істеу және рентгендік құрылғылардың бейнелерін талдау» курсы өткізілді.Курстың негізгі мақсаты – өткізу пункттерінде бақылау сапасын арттыру, оның ішінде техника мен персоналдың кешенді жүйесін қамтамасыз ету, РТҚ операторларының сканерленген бейнелерді білікті талдау және ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді бақылау дағдыларын қалыптастыру. Курс бағдарламасына «Rapiscan», «Rapiscan DV», «Smiths Heimann» және «Heimann Container» рентген-телевизиялық қондырғыларымен жұмыс істеу, қауіпті заттарды әртүрлі бұрыштардан тануға арналған көру жаттығулары, профайлинг әдістері, сондай-ақ жасырын тасымалданатын қаруды, жарылғыш заттарды және өзге де тыйым салынған заттарды анықтау мәселелері енгізілді. Оқыту барысында «Simfox» бағдарламалық симуляторы қолданылып, ол қару-жарақты, жарылғыш заттарды және есірткі құралдарын анықтау дағдыларын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Білімді бекіту мақсатында есірткі және жарылғыш заттардың, тыйым салынған бұйымдардың, әртүрлі елдердің валютасының және зергерлік бұйымдардың (алтынның әртүрлі сынамалары, күміс) муляждары қолданылған практикалық сабақтар өткізілді. Практикалық бөлім «Rapiscan» жабдығы арқылы рентгендік бейнелерді егжей-тегжейлі талдаумен қатар жүргізілді. Оқыту бағдарламасы ОӘО басшысының орынбасары Касымкулова Л.Т., ОӘО ЦжҚО бөлімінің басшысы Қасымбеков А.П. және БАжКД бөлімінің бас маманы Кобекеева И.А. белсенді қатысуымен әзірленіп, іске асырылды, олар тренер-нұсқаушы ретінде қызмет атқарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1205934?lang=kk
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің «ҚҚС бойынша тіркеу есебі» тақырыбына тікелей эфирі 22.04.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 22 сәүірде сағат 15:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «ҚҚС бойынша тіркеу есебі» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикер: жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерсин Сейфоллаұлы Харифоллин сөз сөйлейді.Модератор – түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Толеген Білялұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1205960?lang=kk
Жеке практикамен айналысатын тұлғаларға заңнамадағы өзгерістер 22.04.2026
01.01.2025 жылдан бастап жеке практикамен айналысатын адамдар үшін (бұдан әрі-ЛЗЧП) (адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну бойынша талаптар жойылды (240.00-нысан).Енді жеке практикадан алынған кірістер бойынша аталған санат ағымдағы жылы 2024 жылға кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) жыл сайын есеп беруге міндетті.Бұдан басқа, ағымдағы жылы активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы кіріс декларациясын (250.00-нысан) бір мезгілде ұсыну және егер ол бұрын ұсынылмаған болса, өзінің активтері мен міндеттемелерін 31.12.2024 жылғы күнге бекіту қажет.Декларациялар тұрғылықты (болған) жері бойынша 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін, жеке практикадан түскен кірістер және ЛЗЧП орналасқан жері бойынша жеке табыс салығы бойынша ұсынылуға тиіс.Жеке тұлғалардың декларацияларын электрондық сервистер арқылы ұсынуға болады: салық төлеушінің кабинеті (cabinet.kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) сондай-ақ «Е-Salyk Azamat», «е-Gov mobile» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1205963?lang=kk
БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ ҰЛЫҚТАҒАН «ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ – 2026» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 22.04.2026
🔹 Шымкент қаласында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Шаңырақ шаттығы – 2026» атты мерекелік фестиваль өтті.🔹Фестивальдің негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулықты дәріптеу және отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау.🔹Іс-шара барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев және Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшы орынбасары Тоқтар Әмірқұлов құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.🔹«Қоғамдық келісім мен этносаралық татулық – еліміздің тұрақты дамуының басты негізі. Осындай мазмұнды іс-шаралар ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді», – деді Орынбай Рахманбердиев.🔹Фестиваль аясында «Алтын шаңырақ отбасы» номинациясының иегері Үсентаев Рахымның отбасы марапатталып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табысталды.🔹Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, этномәдени бірлестіктердің өкілдері өнер көрсетті. Сонымен қатар, қонақтарға мерекелік дастархан ұсынылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.🔹Аталған фестивальге мемлекеттік мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері, қоғамдық ұйымдар, өнерпаздар, қолөнер шеберлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Бостандық аудандық әкімдігінде тұрғындарды апта сайынғы қабылдау өтті 22.04.2026
2026 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі А. Қалдыбеков азаматтарды кезекті қабылдау өткізді. Кездесу барысында аудан тұрғындары абаттандыру, аула аумақтарын жөндеу, санитарлық жағдай, қауіпсіздік және әлеуметтік қолдау мәселелерін тікелей көтеріп, өз ұсыныстарын білдірді.Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлімдерге қабылданған шешімдердің белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Абаттандыру, қауіпсіздік, санитарлық жағдай және әлеуметтік қолдау мәселелері әкімдік бақылауында қала береді.Бостандық ауданы әкімдігі тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, кері байланысты нығайту, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету және қалалық ортаны жүйелі түрде дамыту бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1205906?lang=kk
Бостандық ауданында санитарлық тазалау және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстау жұмыстары жалғасуда 22.04.2026
Алматы қаласының Бостандық ауданында көшелерді, жол желісін, жасыл аймақтарды және қоғамдық инфрақұрылым нысандарын санитарлық тазалау мен күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстар күн сайын жүргізілуде. Аталған шаралар бекітілген кестеге сәйкес мердігер ұйымдар тарапынан атқарылуда.Бүгінгі таңда КГП «Алматы Тазалық» мердігер ұйымының күшімен 6 көлік айрығында және 12 магистральдық көшеде жол жабынын тазалау жұмыстары орындалуда. Сонымен қатар ұзындығы 1500 метр болатын қоршауларды сырлау және шамамен 60 түп жасыл желекке санитарлық кесу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа 130 жол жұмысшысы және 33 арнайы техника жұмылдырылған.Сонымен қатар «Жасыл-Жер Алматы» ЖШС күшімен көшелер мен жаяу жүргінші өткелдерінде жол жабынын тазалау, тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары жүргізілуде. Қосымша ретінде жалпы ұзындығы 3000 метр болатын арық желілерін санитарлық тазалау жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарға 60 жол жұмысшысы және 20 арнайы техника тартылған.Ал «Stamp Service» ЖШС тарапынан саябақтар, скверлер, бөлгіш жолақтар, қоғамдық орындар, сондай-ақ Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын тазалау және күтіп ұстау жұмыстары орындалуда. Аталған жұмыстарға 130 жол жұмысшысы мен 33 арнайы техника жұмылдырылған.7 жерүсті және 12 жерасты жаяу жүргінші өткелін күтіп ұстау жұмыстары «ЕвразияКазИнвест» ЖШС күшімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта өткелдерде сырлау, жуу-тазалау жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ гранит қаптамалары мен металл конструкцияларының зақымданған элементтеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалуда.Сонымен қатар «Qamqor Amanat» МҚҰ қоғамдық бірлестігі Бостандық ауданы аумағындағы 7 санитарлық-гигиеналық торапты күнделікті негізде тазалау және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде. Нысандар тәулігіне 52 ретке дейін тазаланады.Бостандық ауданы әкімі аппараты санитарлық тазалау, абаттандыру және қалалық инфрақұрылым нысандарын тиісті жағдайда ұстау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқанын және тұрақты бақылауда екенін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1205924?lang=kk
Қазақстан және БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша ынтымақтастықты нығайтуда 22.04.2026
Астана, 2026 жылғы 21 cәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ли Цзюньхуамен Қазақстан мен БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы ынтымақтастығын талқылау бойынша кездесу өткізді. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстанның БҰҰ Жарғысы қағидаттарына және көпжақты дипломатияны нығайтуға бұлжымас бейілділігін растады. Министр Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке (ӨЭС) қатысатын БҰҰ делегациясының жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, саммитті ұйымдастыру аясындағы жемісті ынтымақтастығы үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке алғысын білдірді.Өз кезегінде, Ли Цзюньхуа Қазақстанның БҰҰ реформасына жан-жақты қолдауын, оның ішінде өңір елдерінің мүдделері мен қажеттіліктерін ескеретін және ұйымның жергілікті деңгейдегі тиімділігін арттыруға бағытталған елдік бастамаларын жоғары бағалады.Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарына, оның ішінде Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін орнықты даму жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығын іске қосу бағытындағы бірлескен жұмысқа жеке тоқталды.Е.Көшербаев су дипломатиясын дамытуға және осы мәселеде мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрылымындағы Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ілгерілету бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпараттандырды. Осы ретте сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ли Цзюньхуаны аталған тақырыпта ӨЭС аясында өтетін алғашқы консультацияларға қатысуға шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы стратегиялық диалогты нығайту бойынша жұмысты жалғастыру ниетін өзара растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1206129?lang=kk
Женевада Қазақстанның орнықты даму саласындағы жетістіктері мен бастамалары ұсынылды 22.04.2026
2026 жылғы 22 сәуір, Женева қ. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Әлімбаев бастаған делегация 2026 жылғы 21-22 сәуір аралығында Женева қаласында өтіп жатқан БҰҰ Еуропа үшін экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) Орнықты даму жөніндегі өңірлік форумына қатысты. Жоғары деңгейдегі пленарлық сессия барысында Қазақстан делегациясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласында БҰҰ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын қалыптастыру, БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру, сондай-ақ 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялау туралы бастамаларына, сондай-ақ ОДМ-ға қол жеткізу жолында мемлекеттік органдардың атқарып жатқан кешенді жұмысына назар аударды. Сонымен қатар, энергетика саласын дамытудағы жастар белсенділерінің рөліне арналған қосымша іс-шара барысында Астана қаласында өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит және БҰҰ-ның Орталық Азияның экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастық атап өтілді.Елші Е.Әлімбаев және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова форум аясында БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, оның орынбасары Дмитрий Марьясин, бірқатар БҰҰ ЕЭК-ға мүше мемлекеттердің делегация басшыларымен жұмыс кездесулерін өткізіп, екіжақты ынтымақтастық және БҰҰ шеңберіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Оған қоса, Е.Әлімбаев БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің өкілдерімен ү.ж. қыркүйек және қазанға жоспарланған бала құқықтарын қорғау мен әйелдерге қарсы кемсітушілікті жою салаларындағы Қазақстанның кезекті шолуларына дайындық барысын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1205762?lang=kk
Скопьеде Іскерлік кеңес құру туралы келісімге қол қойылды 22.04.2026
Скопье, 2026 жылдың 20 сәуірі – Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Солтүстік Македониямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Скопьеге жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында қазақстандық делегацияны Президент Гордана Силяновска-Давкова қабылдады. Тараптар екіжақты қатынастардың бірқалыпты дамуын атап өтіп, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ниет білдірді.Г.Силяновска-Давкова 2025 жылғы мамырда Астанаға жасаған сапарын жылы еске ала отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ізгі тілектерін жеткізді.Сапар бағдарламасының маңызды бөлігі А.Шаққалиев министрінің сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен келіссөздер жүргізуі болды. Тараптар екіжақты сауданың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын нақты талқылады. Арнайы назар тауар айналымының тұрақты өсуін қамтамасыз ету шарттарын жасауға аударылды..Бизнеc-форум нәтижесі бойынша, оған 100-ден астам Македондық және бірнеше Қазақстандық компаниялар (оның ішінде «QazTrade», «KazakhInvest») қатысты, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Солтүстік Мацедонияның Экономикалық палатасы арасында Іскерлік кеңес құру туралы Келісімге қол қойылды; «QazTrade» Сауда саясатының даму орталығы АҚ және Солтүстік Македония инвестиция тарту және экспортты ілгерілету агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, бұл бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыруға арналған.Визит барысында Министр А.Шаққалиев сондай-ақ TIDZ «Bunardzik» технологиялық және өнеркәсіптік дамудың еркін экономикалық аймағын да аралады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1205766?lang=kk
Қазақстандық боксшылар Бразилияға келді 22.04.2026
Фос-ду-Игуасу қ., 21.04.2026 ж. - 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында әлемнің танымал боксшыларын жинаған бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтуде.Алғашқы жекпе-жек қорытындысы бойынша үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (54 кг дейін), Фарух Тоқтасынов (70 кг дейін), Диас Молжігітов (80 кг дейін) жеңіске жетті. Фос-ду-Игуасуға қазақстандық спортшыларды қолдау және жанкүйер болу үшін Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері, Парана штатындағы ҚР Құрметті консулдығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның достары келді.Анықтама: 2026 жылы бокстан Әлем кубогы World Boxing ұйымының қолдауымен өткізіледі. Кубок бірнеше кезеңнен тұрады: Бразилия — сәуір (бірінші кезең), Қытай — маусым, Өзбекстан — финалдық кезең (қараша). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1205770?lang=kk
Венадағы ЕҚЫҰ конференциясында адам саудасына қарсы күрес саласындағы Қазақстанның тәжірибесі ұсынылды 22.04.2026
2026 жылғы 20-21 сәуір, Вена. Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко бастаған Қазақстан делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі альянсының 26-шы конференциясына қатысты.Қазақстан делегациясының басшысы конференцияның негізгі сессиясында ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоглу, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның директоры Мария Телалиан, ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі және үйлестірушісі Кэри Джонстон және Швейцарияның Әділет және полиция федералдық департаменті басшысының федералдық кеңесшісі Бит Янспен қатар сөз сөйледі.С.Василенко өз сөзінде бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, Альянстың адам саудасына қарсы күрес және адам құқықтарын қорғау бойынша ұлттық және халықаралық күш-жігерді үйлестіруге айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті. Оның айтуынша, адам саудасы адам құқықтарының ең ауыр бұзылуының бірі болып қала береді және көбінесе жасырын қылмыс болып қалуда. Осыған байланысты ол бұл мәселені тиімді шешу үшін ынтымақтастық, қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеу, сондай-ақ жәбірленушілерді қорғау және қолдау секілді кешенді тәсілді қабылдаудың қажеттігін атап өтті.Конференцияға қатысушыларға Қазақстанның адам саудасына қарсы күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралары туралы ақпарат берілді. Қазақстан 60-тан астам көпжақты халықаралық адам құқықтары туралы шарттардың, соның ішінде қазіргі заманғы құлдық түрлеріне қарсы күреске тікелей қатысты 13 құжаттың қатысушысы болып табылатыны атап өтілді.Қазақстан өкілі елдің 2003 жылы қабылданған ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарына қосылғанын және оны іске асырудың міндеттемелерін еске салды. Қазіргі уақытта Қазақстан 2027-2029 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын жаңарту үстінде.«Аман қалуды қылмыстық жауапкершілікке тарту: адам саудасының жасырын аспектілерін ашық талқылау» атты жеке тақырыптық сессия барысында адам саудасының құрбаны болған қазақстандық сарапшы Сәкен Қабиболла Мьянмадағы тәжірибесімен бөлісіп, әлеуетті жәбірленушілерге мұндай жағдайларды алдын алу мақсатында өз ұсынымдарын ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1205771?lang=kk
Қазақстан Нью-Йорктегі Kazakhstan Finance Day алаңында АҚШ-пен инвестициялық диалогты нығайтуда 22.04.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 20 сәуір – Әлемнің жетекші қаржы орталықтарының бірі саналатын Citigroup штаб-пәтерінің алаңында Қазақстан мен АҚШ арасындағы қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға арналған жыл сайынғы Kazakhstan Finance Day іс-шарасы өтті.Іс-шараға ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы Тимур Сулейменов, ҚР-ның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов, Қазақстан қор биржасының (KASE), «Самұрық-Қазына» АҚ, «Бәйтерек» инвестициялық холдингі, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Alatau City өкілдері, сондай-ақ Blackstone, Cerberus, JPMorgan және басқа да компанияларды қоса алғанда, екі елдің бизнес өкілдері қатысты.Қатысушылардың назарында екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының басым салаларына америкалық инвестицияларды тарту мәселелері болды.Іс-шараны аша отырып, ҚР-ның АҚШ-тағы Елшісі конституциялық реформалар мен барлық деңгейдегі институттардың кезең-кезеңімен жаңғыртылуы инвесторлардың сенімін арттырып, халықаралық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын түбегейлі жаңа институционалдық ортаны қалыптастыратынын атап өтті.Ұлттық Банк Төрағасы өз сөзінде өзекті макроэкономикалық күн тәртібін ұсынып, қаржы саясатының негізгі басымдықтарын айқындады.Siguler Guff компаниясының Бас инвестициялық директоры Дрю Гафф, өз кезегінде: «Қазақстан бүгінде қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, ол ауқымды өңірдегі экономикалық және саяси тұрақтылықтың орталығына айналды. Қазақстанның кез келген нүктесінен бес сағаттық ұшу радиусында шамамен екі миллиард адам тұрады. Саяси-құқықтық база қалыптастырылып, кеңейтілді, бұл көптеген перспективалы салаларға ауқымды инвестициялар тартуға жол ашады», – деп атап өтті.Панельдік сессия барысында қатысушылар инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оның ішінде ұлттық компаниялардың IPO/SPO бағдарламаларын, цифрлық экожүйелерді және smart-инфрақұрылымды талқылады.Сонымен қатар, smart City және цифрлық экономика элементтерін біріктіретін Alatau City қоса алғанда, жаңа буын жобаларын іске асыру перспективалары ұсынылды.Қатысушылар Қазақстан макроэкономикалық тұрақтылықты, реформалық күн тәртібін және стратегиялық географиялық орналасуды ұштастыра отырып, өңірдегі сенімді инвестициялық бағыт мәртебесін нығайтып отырғанын атап өтті.Іс-шара аясында нақты инвестициялық жобалар мен іскерлік серіктестіктерді дамытуға бағытталған екіжақты кездесулер де өтті.***Сапар аясында Қазақстанның іскерлік қоғамдастығының өкілдері 1904 жылы құрылған ең көне және беделді халықаралық ұйымдардың бірі – Нью- Йорктегі the Explorers Club іс-шараларына қатысты.Клуб әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілерді, ғалымдарды және саяхатшыларды біріктіріп, ғылым, тәжірибе және халықаралық ынтымақтастық тоғысындағы бірегей алаң қалыптастырады.Клубтың негізгі мақсаты – әлемді тереңірек түсінуге және тұрақты дамуға ықпал ететін зерттеулерді қолдау. Оның мүшелері қатарында Нил Армстронг, Баз Олдрин, Стивен Спилберг, Роберт Пири, Джейн Гудолл, Эдмунд Хиллари және басқалар бар.Қазақстандық тарап тақырыптық кездесулерге, сараптамалық пікірталастарға және Клубтың негізгі жыл сайынғы іс-шараларына қатысып, археология, зерттеу және экспедициялық қызмет, сондай-ақ ғылыми-білім беру алмасуы мен тұрақты даму салаларындағы бірлескен бастамаларды талқылады.Осы тұрғыда Қазақстанда The Explorers Club филиалын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс ерекше маңызға ие. Бұл Клубпен ынтымақтастықты институционализациялауға, Қазақстанның халықаралық зерттеушілер қауымдастығындағы қатысуын кеңейтуге және пәнаралық диалогты дамытуға жаңа платформа құруға бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылады.***Сапар барысында делегацияның қатысуымен ҚР-дың Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылуы да өтті.Салтанатты рәсімге ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі офисінің басшысы, сондай-ақ іскерлік орта мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.ҚР шет елдердегі мекемесінің жаңа кеңсесін ашу Қазақстан мен АҚШ азаматтары үшін, сондай-ақ Қазақстанмен өзара іс-қимыл жасайтын бизнес өкілдері үшін консулдық қызметтер көрсету жағдайларын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1205769?lang=kk
Бүгін – әскери полиция қызметшілерінің кәсіби мерекесі 22.04.2026
1997 жылғы 22 сәуірде елдегі құқық қорғау жүйесін реформалау аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери полициясы құрылды.Әскери полиция қызметі әскердің күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, оның қызметшілері халықаралық және мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды әскердің қатысуымен өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысады.Әскери полиция органдарына құқықбұзушылықтардың алдын алу, әскери техниканы алып жүру, гарнизондарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери қызметшілерді іздестіру, сондай-ақ қылмыстардың жолын кесу және ашу сияқты кең ауқымды міндеттер жүктелген. Құқықтық тәртіпті, жол қозғалысы қауіпсіздігін және әскери тәртіпті қамтамасыз етуге әскери автомобиль полициясы мен патрульдік-бекеттік қызмет елеулі үлес қосып келеді.Құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында әскери полиция 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» ҚР Заңын әзірлеуге қатысты. Заңды іске асыру аясында әскери бөлімдерде тәртіптің жай-күйіне тұрақты бақылау ұйымдастырылып, бұзушылықтарды мониторингтеу мен оларға жедел әрекет етудің заманауи тәсілдері енгізілді. Жалпы, алдын алу жұмысы әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған жүйелі әрі үздіксіз үдеріс ретінде қалыптасқан.Материалдық-техникалық базаны дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Бөлімшелер заманауи қару-жарақпен, техникамен және арнайы құралдармен жабдықталып, бұл өз кезегінде уақыт талабына сай тиімді әрекет етуге және қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Әскери полиция құрылымында кинологиялық қызметтің құрылуы – маңызды қадамдардың бірі. Қызметтік иттер тыйым салынған және жарылғыш заттарды анықтауда, сондай-ақ күдіктілерді іздестіру мен ұстау операцияларында кеңінен қолданылады.Дегенмен, әскери полицияның басты күші – қызметті ар-намыс пен жоғары жауапкершілік деп түсінетін адамдар. Олардың кәсібилігі, принципшілдігі және борышқа адалдығы қызметтің жоғары беделін қалыптастырады. Көптеген қызметшілер заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған.Елдің әскери қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде бұл заманауи, ұтқыр әрі кәсіби құрылым бүгінде армиядағы заң мен тәртіптің сенімді қалқанына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1205786?lang=kk
«Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі 22.04.2026
2026 жылғы 20 сәуірде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі өтті.Іс-шара Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған.Биыл турнир 9-шы рет өткізіліп, 10 бағытты қамтыды. Жыл сайын жобалар мен қатысушылар саны артып келеді. Биыл 83 өтінім беріліп, оған 13 мектеп пен 19 колледжден 128 адам қатысты. Оның ішінде 38-і — командалық жұмыстар, 45-і — жеке жобалар.Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды, ал жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.Гранд-турнир кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, идеялармен алмасуға және білімді, бастамашылдықты, креативті тәсілді көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды.Барлық қатысушыларға алдағы уақытта нәтижелі жұмыс, жарқын идеялар және жоспарланған бастамалардың сәтті жүзеге асуын тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1205808?lang=kk
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің мереке күндері жұмысы туралы 22.04.2026
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 6 шілдедегі Астана күні мерекесіне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1252506?lang=ru
Инклюзивті саясатты іске асыру шаралары талқыланды 22.04.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті жиын өткізілді.Күн тәртібінде инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралып, азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.Аудан басшысы бұл жұмыстардың маңыздылығына тоқталып: «Инклюзивті саясатты іске асыру - ауданымыз үшін де, жалпы қоғам үшін де маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Өйткені әрбір азамат – қоғамымыздың толыққанды мүшесі және олардың құқықтары сақталып, қажеттіліктері қамтамасыз етілуі тиіс. Біздің міндетіміз - ауданымыздағы ерекшелігі бар азаматтарға қолдау көрсетіп, кедергісіз орта қалыптастыру»,– деді.Ерекше азаматтарға көрсетілетін «Инватакси» қызметінің сапасы әрдайым назарда. Биыл аудан бойынша бұл қызметке жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қаралып, қазіргі таңда 7 арнайы көлік қызмет көрсетуде. Аудан басшысы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына ешқандай кемшіліктер орын алмауын және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу тапсырылды.Күн тәртібіндегі келесі мәселе - санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары. Жандос Еркінбек саланың тұрақты бақылауда екенін атап өтіп: «Тазалық жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуына барша аудан азаматтарының атсалысуы өте маңызды»,- деп бұл жұмысты сапалы ұйымдастыруын жеткізді. Сондай-ақ Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары да қаралып, мәселе жан-жақты талқыланды.Жиында көтерілген барлық салалар бойынша жауапты бөлімдерге бірқатар тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1205818?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрі ШЫҰ Бас хатшысымен кездесті 21.04.2026
Астана, 2026 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Шанхай ұйымының ағымдағы қызметі, сондай-ақ Бишкекте 2026 жылы жоспарланған Мемлекет басшыларының саммитіне дайындықпен биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіру және Ұйымның тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның ШЫҰ қызметіне қолдау білдіре отырып, Ұйым Еуразиялық өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің пәрменді факторы ретінде танылып, өзінің 25 жылдығына тұрақты және беделді көпсалалы бірлестік ретінде жақындап келе жатқанын атап өтті.Өз кезегінде Бас хатшы Ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1205750?lang=kk