Жаңалықтар
«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде 21.04.2026
Достық үйінде мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» идеологемасының принципін нығайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруға аясында «Халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты облыстық семинары өтеді. Талқылаудың басты тақырыбы 2025–2030 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясын қоғаммен серіктестікте енгізу болады.Іс-шараның мақсаты — қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастырудың тиімді механизмдерін әзірлеу және азаматтардың құқықтық иммунитетін нығайту. Қатысушылар жаңа қоғамдық қауіпсіздік стандарттарының халықтың мүддесін қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға қалай көмектесетінін талқылайды.Семинар спикерлері: Юлия Кучинская – ҚР Парламенті Мәжілісінің «AMANAT» фракциясынан депутат, Мәжіліс Парламентінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Астана қаласы.Ардақ Капышев - тарих ғылымдарының кандидаты, Ualikhanov University әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, Көкшетау қаласыАманжол Уразбаев – Заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің запастағы полковнигі, «Контртеррористік комитет» РҚБ төрағасы, Астана қаласы. Ерболат Хусаинов – полиция подполковнигі, Ақмола облысы Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орынбасары. Берген Беспалинов– «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Шынар Мусина - Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен, «Халық бухгалтері», «Таза парақ» акциялармен және басқа да жаңалықтармен таныстырды.Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1205696?lang=kk
Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту 21.04.2026
Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетіледі. Қызмет алушы мен мемлекеттік орган арасындағы өзара іс-қимыл электрондық форматта жүзеге асырылады. Қызмет көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап 4 (төрт) жұмыс күнін құрайды.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған). Бұл құжаттарды қарау жеделдігін және рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетілген дәлелді жауап болып табылады.Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет алушыдан ақы алынбайды.Қызметті алу үшін қолданыстағы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш беру қажет. Өтініш электрондық құжат түрінде рәсімделеді және қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Сондай-ақ электрондық жерге орналастыру жобасы ұсынылады.Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің анық еместігін анықтау, сондай-ақ қызмет алушының және (немесе) ұсынылған мәліметтердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан ала алады. Сонымен қатар, анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1205656?lang=kk
Әкімдік отырысы: соңғы 3 жылда 30-дан астам спорт нысаны салынды 21.04.2026
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында облыс әкімдігінің отырысы өтті.Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта бұқаралық спортпен айналысатын азаматтардың ең көп үлесі жастар мен ересектерге тиесілі. Облыста спорттың 18 түрімен 69,5 мың бала мен жасөспірім айналысады. Облыста жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны артып келеді. Соңғы 3 жылда 30-дан астам нысан салынды: 16 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 6 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат манежі және бассейн. Облыс орталығында триатлон паркі ауданында көпфункционалды стадион салынуда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы келісімге қол жеткізілді. «Астана» шағын ауданында Спорт сарайының құрылысы басталады. Арқалық қаласында жабық хоккей корты салынады, ал «Самұрық-Қазына» қоры көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызады. Соңғы 3 жылда облыста 80-нен астам спорт алаңы салынды.«Спорттық инфрақұрылым – бұл жай ғана нысандар емес. Бұл – қоғам денсаулығына және облысымыздың болашағына салынған инвестиция», – деді облыс әкімі.Облыстың 121 спортшысы қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының құрамына енген. Біздің спортшыларымыз халықаралық дәрежеде облысымыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп келеді. Облыстың бес спортшысы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты. Сонымен қатар, жерлестеріміз бокстан, велоспорттан және пара пауэрлифтингтен Азия чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.«Президент айтқандай: «Әрбір азаматтың жетістігі – бүкіл Қазақстанның жетістігі, әрбір спортшының абыройы – халқымыздың беделі». Егер біз айқын нәтижелерге қол жеткізіп, спортшыларымыздың спорттағы жоғары жетістіктері мен табысты өнер көрсетуін қаласақ, аудан мен қала деңгейінен бастап кешенді тәсіл мен жүйелі жұмыс қажет. Біз әр өңірдің спорттық дайындық деңгейін көтеру арқылы ғана болашақта облысымыз бен мемлекетіміздің беделін арттыра аламыз», – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1205660?lang=kk
Дощанов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі 21.04.2026
Құрметті тұрғындар!22–24 сәуір аралығында Дощанов көшесінде (Майлин көшесінен Мәуленов көшесіне дейін) жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.Жеке автокөліктер үшін қозғалыс уақытша тоқтатылады. Ал қоғамдық көліктер (автобустар) үшін қозғалыс сақталады.Қаланың жол сапасын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және алдын ала балама бағыттарды жоспарлауды ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1205667?lang=kk
Облыс әкімі спортшылармен кездесті 21.04.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов халықаралық жарыстарда аймағымыз бен еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылармен кездесті.2026 жылдың басы Қостанай спорты үшін нәтижелі болды. Біздің спортшыларымыз халықаралық деңгейде жоғары дайындық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсетіп, лайықты өнер көрсетуде. Атап айтқанда, 5 спортшымыз Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты. Жерлестеріміз бокс, дзюдо, велоспорт, пара пауэрлифтинг бойынша Азия және Еуропа чемпионаттарында жеңістерге қол жеткізді.Облыста кадрлық әлеует пен спорттық резервті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1 спортшы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 9 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 29 спортшы ҚР спорт шебері, сондай-ақ 3 спортшы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.Дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өңірде 64 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді, оның 16-сы соңғы 3 жылда салынған. Атқарылған жұмыстардың барлығы спортшыларымызға жоғары белестерді бағындырып, халықаралық ірі жарыстарда еліміздің намысын лайықты қорғауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1205644?lang=kk
Ақмола облысында гид-экскурсоводтарды даярлау күшейтілуде 21.04.2026
Ақмола облысында өңірлік туризм басқармасы ұйымдастырған гид-экскурсоводтарға арналған екі күндік оқыту семинары өтті. Іс-шара облыстың түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіріп, кәсіби біліктілікті арттыру мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.Семинар аясында қатысушылар экскурсия жүргізу техникасы, аудиториямен жұмыс істеу әдістері, Ақмола облысының өлкетануы, сөйлеу мәдениеті және экскурсияға қатысушылардың өзін-өзі ұстау ережелері сияқты негізгі кәсіби дағдыларды талқылады.Семинарды гидтер одағының президенті, Қазақстан бойынша 29 экскурсияның авторы Салтанат Абжанова жүргізді. Оқытуға Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын, Ақкөл аудандары мен Астана қаласынан 70-тен астам гид-экскурсовод қатысты.Айта кетейік, 2025 жылы Ақмола облысына келуші туристер саны 1,5 миллионнан асты, ал биылғы маусымда 1,8 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1205619?lang=kk
МОҢҒОЛИЯНЫҢ БАЯН-ӨЛГЕЙ АЙМАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕСІН АШУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ 21.04.2026
Қ.Тоқаев: Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де саладағы ықпалдастығымызды одан әрі арттыруға келістік. Атап айтқанда, біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік. Мұны, шын мәнінде, бауырлас әрі тарихы тамырлас елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік рухына сай келетін маңызды қадам деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ бұл моңғол елінің қазақ халқына деген ізгі ниеті мен шынайы достық көңілінің айқын көрінісі екені сөзсіз. Біз бұл шешімді жоғары бағалаймыз. Осы орайда, мен Президент Хурэлсух мырзаға зор алғысымды айтқым келеді. Жалпы, сапар барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Бүгін жасалған келісімдер екі елдің алыс-берісін жандандыра түсетіні сөзсіз. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 миллион доллар болып, 7,7 пайызға өсті. Елдеріміздің экономикалық әлеуетін ескерсек, бұл көрсеткішті арттыруға толық мүмкіндігіміз бар. Осы орайда алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз. Ол үшін, ең алдымен, сауда-саттықтағы тауар түрін кеңейтуіміз керек.Экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді барынша азайту қажет. Осыдан бір ай бұрын Қазақстанның сауда миссиясы Моңғолияға арнайы сапармен барды. Онда экономикалық байланыстарды әртараптандыруға қатысты маңызды ұсыныстар жасалды. Біз былтыр Еуразия экономикалық одағы мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификацияладық. Бұл құжат елдеріміз үшін көптеген тың мүмкіндікке жол ашады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«АСТАНА – ҰЛАН-БАТЫР» ЖӘНЕ «ӨСКЕМЕН – ӨЛГЕЙ» БАҒЫТЫНДА ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ АШЫЛАДЫ 21.04.2026
– Жол екі ел арасындағы өзара байланыс көзі, тығыз қарым-қатынас кепілі екені белгілі. Біз бұл мәселенің аса өзекті екенін жақсы түсініп отырмыз. Сондықтан Хурэлсух мырза екеуіміз Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол ашуға мүдделі екенімізді растадық. Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге қол жеткіздік. Бұл – әрине, жан-жақты сараптап, мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі мәселе. Десек те, ең бастысы, жол құрылысы бойынша мақсатымыз – бір. Сол себепті біз құрметті Президент мырзамен жасалған уағдаластыққа сәйкес алдымен бірлескен Үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы шешімге келдік. Аталған жұмыс тобы осы мәселе бойынша барлық түйткілді қарайды, көршілес елдермен келіссөздер жүргізеді және жалпы жобаның уақтылы орындалуын қадағалайды. Алдағы уақытта Қазақстан – Моңғолия автожолы елдеріміздің арасындағы сауда-саттықты арттыруға ерекше серпін беретіні анық. Бұл жолдың игілігін іргелес елдер де көретін болады. Баршаңызға мәлім, мен былтыр Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Саммитінде «Трансалтай сұхбат алаңын» құруды ұсындым.Алтайдың төрт жағын мекен еткен мемлекеттердің сауда, көлік-логистика, туризм, мәдениет саласындағы мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келуіне толық мүмкіндік бар. Осы ретте төрт елдің көлік-логистика әлеуетін бір арнаға тоғыстырып, бірлесе жұмыс істей аламыз. Бұл қадам алыс-берісті ғана емес, «Алтай» бірегей туристік кластерін дамытуға жол ашады. Сонымен бірге әуе қатынасын жандандыру маңызды. Қазір «Алматы – Ұлан-Батыр» бағытында тұрақты рейстер бар. Көп ұзамай «Астана – Ұлан-Батыр» әуе қатынасы қайта ашылады. Бұдан бөлек, біз осы сапар аясындағы келіссөздер нәтижесінде «Өскемен – Өлгей» бағыты бойынша әуе қатынасын орнату жөнінде нақты келісімге келдік. Бұл маңызды шешімнің арқасында ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, аймақаралық байланыстарымыз тың серпінмен дами түсері сөзсіз. Бұл тұста да Моңғолия елінің басшысы – құрметті Хурэлсух мырзаға және моңғол тарапынан осы мәселені шешуге атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын, – деді Қазақстан Президенті.
ПРЕЗИДЕНТ: ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯ АВТОЖОЛЫ САУДА-САТТЫҚТЫ АРТТЫРУҒА ЕРЕКШЕ СЕРПІН БЕРЕДІ 21.04.2026
Қазақстан мен Моңғолия президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.Мемлекет басшысы Моңғолияны аймақтағы маңызды серіктес әрі тату көрші ретінде атап, Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың елімізге сапарына айрықша мән беріп отырғанын айтты.– Біздің тарихымыз бен тамырымыз – ортақ. Екі ел де көшпенділер өркениеті мен «киіз үйлер» мәдениетінің мұрагері саналады. Қос халықтың болмысы мен рухани дүниесі, өмір салты мен әдет-ғұрпы – үндес. Сондықтан біз әрдайым бір-бірімізге тілектес болып, жетістіктерімізге шынайы қуанамыз. Соңғы жылдары Қазақстан мен Моңғолияның қарым-қатынасы тың қарқынмен дамып келе жатыр. Осыдан бір жарым жыл бұрын Моңғолияға мемлекеттік сапармен барғанымды білесіздер. Қадірлі Президент Ухнаагийн Хурэлсух мырзаның және барша моңғол халқының ықылас-ілтипатын әрдайым ризашылықпен еске аламын. Сол сапар барысында Cтратегиялық әріптестік туралы декларацияға қол қойдық. Бұл – мыңжылдық бауырластығымызды біржола бекіте түскен тарихи құжат. Қазіргі таңда екі елдің парламенттері мен құзырлы министрліктері тығыз байланыс орнатқан. Үкіметаралық комиссия және Іскерлік кеңес табысты жұмыс істеп келеді. Президент Хурэлсухтың бүгінгі сапары осы ынтымақтастықты нығайта түсері анық, – деді Қазақстан Президенті.Тараптар екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер жүргізген.– Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де саладағы ықпалдастығымызды одан әрі арттыруға келістік. Атап айтқанда, біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік. Мұны, шын мәнінде, бауырлас әрі тарихы тамырлас елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік рухына сай келетін маңызды қадам деп айтуға толық негіз бар. Сондай-ақ бұл моңғол елінің қазақ халқына деген ізгі ниеті мен шынайы достық көңілінің айқын көрінісі екені сөзсіз. Біз бұл шешімді жоғары бағалаймыз. Осы орайда, мен Президент Хурэлсух мырзаға зор алғысымды айтқым келеді. Жалпы, сапар барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Бүгін жасалған келісімдер екі елдің алыс-берісін жандандыра түсетіні сөзсіз. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 миллион доллар болып, 7,7 пайызға өсті. Елдеріміздің экономикалық әлеуетін ескерсек, бұл көрсеткішті арттыруға толық мүмкіндігіміз бар. Осы орайда алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз. Ол үшін, ең алдымен, сауда-саттықтағы тауар түрін кеңейтуіміз керек. Экономикалық ықпалдастықты тежейтін кедергілерді барынша азайту қажет. Осыдан бір ай бұрын Қазақстанның сауда миссиясы Моңғолияға арнайы сапармен барды. Онда экономикалық байланыстарды әртараптандыруға қатысты маңызды ұсыныстар жасалды. Біз былтыр Еуразия экономикалық одағы мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификацияладық. Бұл құжат елдеріміз үшін көптеген тың мүмкіндікке жол ашады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөз барысында көлік-тасымал саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілген.– Жол екі ел арасындағы өзара байланыс көзі, тығыз қарым-қатынас кепілі екені белгілі. Біз бұл мәселенің аса өзекті екенін жақсы түсініп отырмыз. Сондықтан Хурэлсух мырза екеуіміз Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол ашуға мүдделі екенімізді растадық. Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге қол жеткіздік. Бұл – әрине, жан-жақты сараптап, мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі мәселе. Десек те, ең бастысы, жол құрылысы бойынша мақсатымыз – бір. Сол себепті біз құрметті Президент мырзамен жасалған уағдаластыққа сәйкес алдымен бірлескен Үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы шешімге келдік. Аталған жұмыс тобы осы мәселе бойынша барлық түйткілді қарайды, көршілес елдермен келіссөздер жүргізеді және жалпы жобаның уақтылы орындалуын қадағалайды. Алдағы уақытта Қазақстан – Моңғолия автожолы елдеріміздің арасындағы сауда-саттықты арттыруға ерекше серпін беретіні анық. Бұл жолдың игілігін іргелес елдер де көретін болады. Баршаңызға мәлім, мен былтыр Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Саммитінде «Трансалтай сұхбат алаңын» құруды ұсындым. Алтайдың төрт жағын мекен еткен мемлекеттердің сауда, көлік-логистика, туризм, мәдениет саласындағы мәселелер бойынша ортақ мәмілеге келуіне толық мүмкіндік бар. Осы ретте төрт елдің көлік-логистика әлеуетін бір арнаға тоғыстырып, бірлесе жұмыс істей аламыз. Бұл қадам алыс-берісті ғана емес, «Алтай» бірегей туристік кластерін дамытуға жол ашады. Сонымен бірге әуе қатынасын жандандыру маңызды. Қазір «Алматы – Ұлан-Батыр» бағытында тұрақты рейстер бар. Көп ұзамай «Астана – Ұлан-Батыр» әуе қатынасы қайта ашылады. Бұдан бөлек, біз осы сапар аясындағы келіссөздер нәтижесінде «Өскемен – Өлгей» бағыты бойынша әуе қатынасын орнату жөнінде нақты келісімге келдік. Бұл маңызды шешімнің арқасында ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, аймақаралық байланыстарымыз тың серпінмен дами түсері сөзсіз. Бұл тұста да Моңғолия елінің басшысы – құрметті Хурэлсух мырзаға және моңғол тарапынан осы мәселені шешуге атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын, – деді Қазақстан Президенті.Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолиямен ықпалдастықтың перспективті бағыттарына тоқталды.– Екі ел де – табиғи байлығы мол мемлекеттер. Тау-кен саласында, соның ішінде геологиялық барлау және жер қойнауын игеру ісінде Қазақстанның тәжірибесі мол. Қос тарап осы бағытта бірлесе күш жұмылдыруға дайын. Елдеріміз ауыл шаруашылығына, әсіресе, мал шаруашылығына айрықша мән береді. Қазіргі заманда мал өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай әрі қауіпсіз болуы аса маңызды. Қазақстанда мал ауруына қарсы тиімді вакцина өндірісі жолға қойылған. Біз еліміздің вакциналарын Моңғолияға жеткізу, болашақта бірлескен өндіріс орындарын ашу мүмкіндігін қарастыруға мүдделіміз. Сондай-ақ Моңғолияның жерді ғарыштан бақылайтын жүйе құру бастамасына қолғабыс етуге дайынбыз. Осы салаға қажетті білікті мамандарды да даярлауға болады. Қазақстан цифрлық даму мәселесіне айрықша назар аударады. Бұл – еліміздің болашағын, жаһандық бәсекедегі орнын айқындайтын стратегиялық сала. Бүгін Хурэлсух мырза «Alem.AI» халықаралық орталығына және «Ақылды қаланы» басқару орталығына» барады. Жалпы цифрландыру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға екі тарап та мүдделі, – деді Мемлекет басшысы.Сонымен қатар Қазақстан мен Моңғолия президенттері мәдени-гуманитарлық байланысты талқылаған.– Былтыр Астанада өткен «Silk Way Star» халықаралық вокалдық конкурсында Моңғолияның Мишель атты әншісі бірінші орын алып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мұндай жобалар халықтарымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байланысын бекемдейтіні сөзсіз. Сондай-ақ елдеріміздің білім-ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға мол мүмкіндік бар, – деді Қазақстан Президенті.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жыл сайын моңғол азаматтарына білім гранттарын бөліп келе жатқанына назар аударды.– Біз грант санын көбейтіп, Моңғолияға қажетті мамандар дайындау ісіне атсалысуға әзірміз. Биыл Моңғолияда «Study in Kazakhstan» білім жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар біз Ұлан-Батыр қаласында Қазақстанның іргелі университетінің филиалын ашуды ұсындық. Бұған қоса, екі елдің қалалары арасындағы бауырластық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға келістік. Бұл шаралар елдеріміздің достығын бекемдеуге, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуге жол ашады. Осы жұмысты жалғастыра беру маңызды деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары өте нәтижелі өтіп жатқанын айтты.– Қазақстан мен Моңғолияның аймақтық және жаһандық деңгейдегі көптеген өзекті мәселе бойынша ұстанымдары – ұқсас. Ертең өтетін Экологиялық саммит – соның айқын көрінісі. Біз Моңғолиямен ынтымақтастықты дамытуға айрықша көңіл бөлеміз. Халықаралық ұйымдар аясында біз бір-бірімізге үнемі қолдау көрсетіп келеміз. Бұл елдеріміздің стратегиялық серіктестігі және өзара сенімінің нақты көрінісі екені анық. Мен мұны жоғары бағалаймын, – деді Қазақстан Президенті.Ухнаагийн Хурэлсух бүгінгі келіссөздерге жоғары баға берді.– Құрметті Президент, біз Сіздің Моңғолия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бүгінгі қол жеткізілген уағдаластықтар мен бірлескен іс-қимыл жоспары нәтижелі жүзеге асып, екі елдің игілігіне қызмет ететініне кәміл сенемін. Бауырлас халықтарымыздың достығы ұрпақтан ұрпаққа ұласып, стратегиялық әріптестігіміз бен ықпалдастығымыз мәңгі жасай берсін! – деді Моңғолия Президенті.Еске салсақ, Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 меморандум жасалды.
ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ШАҒЫН ҚҰРАМДА КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ 21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев:– Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз, көшпенді халықтардың ұрпағымыз. Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз. Бүгінде ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында дамуда. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығаюда. Құрметті Президент мырза, Сіз екіжақты қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосып келесіз. Мұны жоғары бағалаймыз. Қажырлы еңбегіңіздің арқасында Моңғолияда көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Былтыр еліңіздің экономикасы 6,8 пайызға өсті. Бұл Сіздің салиқалы басшылығыңыздың жемісі екені сөзсіз. Сіз халқыңыздың әл-ауқатын жақсарту үшін маңызды бастамаларды жүзеге асырдыңыз. Моңғолияда мемлекетті дамытуға арналған «Vision-2050» кешенді жоспары қолға алынғанын білеміз. Сондай-ақ Қарақорым атты жаңа қала салуды бастап кеттіңіздер. Бірегей жобалардың табысты болуына тілектеспіз. Сарабдал саясатыңыздың арқасында Моңғолияның халықаралық беделі арта түсті. Біз бауырлас елдің барлық жетістігіне қуанамыз, – деді Мемлекет басшысы.Ухнаагийн Хурэлсух:– Араға жиырма жыл салып Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніме қуаныштымын. Сіздің осыдан екі жыл бұрын біздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарыңыз моңғол-қазақ қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерді. Бұл уақиға екіжақты байланыстар тарихына алтын әріппен жазылатыны сөзсіз. Құрметті Президент мырза, Сіздің көреген, парасатты және жоғары кәсіби басшылығыңыздың арқасында Қазақстан экономикалық және әлеуметтік салаларды дамытуда айтарлықтай табысқа жетті. Моңғол халқы еліңіздің жетістіктерін жіті бақылап отыр. 2024 жылғы Моңғолияға сапарыңыз барысында оннан астам құжатқа қол қойылды. Бүгін де бірқатар маңызды құжаттар қабылданады, – деді Моңғолия Президенті.
ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУҒА НИЕТТІ 21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.Тараптар екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы достық пен өзара қолдау рухында дамып келе жатқанына назар аударды.Президент шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені және Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға ниет білдіргені үшін Моңғолия Президентіне алғыс айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы қазанда Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде көптеген уағдаластыққа қол жеткізілгенін, ал екіжақты қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін атап өтті.– Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз нығая түсуде. Бірқатар жетістіктер бар. Тауар айналымы жылдан жылға артып келеді. Өнеркәсіп саласына қатысты нақты жобаларды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бүгін елордамызда Қазақ-моңғол бизнес-форумы өтеді. Оған Моңғолиядан келген көптеген компаниялар қатыспақшы. Біз мұны толық құптаймыз. Сіздің де тарапыңыздан көрсетілген қолдауға ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.Былтыр Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсіп, 130 миллион доллардан асқан.Ухнаагийн Хурэлсух бұл сапар нәтижесінде қос халықтың достығы мен сан қырлы ынтымақтастығы нығая түсетініне сенім білдіріп, Қазақстанды Моңғолияның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесі деп атады.– Достық қатынастарды одан әрі күшейтуге, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге сыртқы саясатымызда ерекше басымдық береміз. Соңғы екі жылда көптеген ортақ міндеттерді қолға алып, өзара серіктестігімізді жаңа деңгейге көтердік. Екі ел арасындағы сенімді байланыстарды нығайтуда заң шығарушы органдар айрықша рөл атқарады. Өзара серіктестік әлеуеті зор. Сіздің 2024 жылғы елімізге сапарыңыз аясында Моңғолия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру бойынша 2025-2027 жылдарға арналған жол картасына қол қойылған еді. Ендігі міндет – өзара тауар айналымын 500 миллион долларға дейін жеткізу, – деді Моңғолия Президенті.Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстан Президентін жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, бұл тарихи уақиға Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, заң үстемдігіне негізделген қоғам құруға негіз болатынына сенім білдірді.Келіссөз барысында тараптар ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, цифрландыру, тау-кен, туризм, көлік-логистика, өңіраралық байланыс бағыттарындағы өзара тиімді серіктестік перспективасын талқылады.Мемлекеттер басшылары бұл ретте Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру, Астана – Ұлан-Батыр, Өскемен – Өлгей бағыттарындағы әуе рейстерін қайта ашу, екі ел арасында төте автокөлік жолын салу мәселесін пысықтау мақсатында Үкіметаралық жұмыс тобын құрудың маңызына мән берді.Қазақстан Президенті Баян-Өлгей аймағында Қазақстан консулдығын ашуға көрсеткен қолдауы үшін Моңғолия Президентіне алғыс айтты.Бұдан бөлек, кездесуде екі елдің білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастығын ілгерілету мәселесі қарастырылды.Еске салайық, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін Ақордада қарсы алды.Осыдан соң Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.
2026 жылдан бастап жер қойнауын пайдалану салығын бөлу тәртібіндегі өзгерістер: жергілікті бюджеттерге есепке алудың жаңа қағидалары 21.04.2026
2026 жылдан бастап жер қойнауын пайдалану салығын бөлу тәртібіндегі өзгерістер: жергілікті бюджеттерге есепке алудың жаңа қағидалары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес, жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша жалпы таралған пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар (бұдан әрі – ЖТПҚ, ЖС және ЕБ бойынша ПҚӨС) түсімдерін бюджет жүйесінің 3-деңгейі (аудандық, облыстық маңызы бар қала) және 4-деңгейі (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ) бюджеттеріне есепке алу көзделген.Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бақылау шоттары, бюджеттен тыс қорлар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы бюджет кірістерін деңгейлер бойынша бөлу кестесін бекіту туралы» 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТПҚ, ЖС және ЕБ бойынша ПҚӨС түсімдерін 105310 БСК (бюджеттік сыныптама коды) бойынша есепке алу көзделген.Сонымен қатар, 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 788 және 789-баптарына сәйкес, салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей есептелген салық сомасын орналасқан жері бойынша бюджетке төлеуге және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1205570?lang=kk
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың ЖК (жк) ашу мүмкіндігі: құқықтық шарттар мен тәртібі 21.04.2026
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың ЖК (ЖК) ашу мүмкіндігі: құқықтық шарттар мен тәртібіҚазақстан Республикасында кәмелетке толмаған азаматтар да кәсіпкерлік бастама көтеріп, жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркеле алады. Алайда бұл мүмкіндік заңнамамен қатаң реттеледі.Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік, Азаматтық және Салық кодекстеріне сәйкес, жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан, өз тәуекелімен және табыс табуға бағытталған дербес қызметі.ЖК тіркеу мемлекеттік кірістер органдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) немесе eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған тұлғалар үшін арнайы талаптар белгіленген.Кәмелетке толмаған азамат ЖК тіркей алады, егер:заңды өкілдерінің (ата-анасының немесе қамқоршыларының) екеуінің де келісімі болса.Келісім болмаған жағдайда толық әрекетке қабілеттілікті растайтын құжаттар қажет, оның ішінде қамқоршылық және қорғаншылық органының немесе соттың шешімі болуы мүмкін.Азаматтық кодекске сәйкес, толық әрекет қабілеттілік 18 жаста туындайды. Дегенмен заңнамада ерекше жағдайлар қарастырылған:16 жастан бастап кәмелетке толмаған тұлға еңбек шарты бойынша жұмыс істесе немесе ата-анасының келісімімен кәсіпкерлікпен айналысса, эмансипация арқылы толық әрекет қабілетті деп танылуы мүмкін;сондай-ақ заңда көзделген негіздер болған жағдайда некеге тұру арқылы да толық әрекет қабілеттілік беріледі.14 жасқа дейінгі тұлғалар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды. 14–18 жас аралығында шектеулі әрекет қабілеттілік қолданылады.Эмансипациядан өткен кәмелетке толмаған азамат толық азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болады және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге құқылы.Осылайша, Қазақстан заңнамасы кәмелетке толмаған азаматтардың кәсіпкерлік қызметке қатысу мүмкіндігін белгілі құқықтық шарттар сақталған жағдайда қарастырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1205561?lang=kk
Арман тұрғын үй массиві көшелерінде тегістеу жұмыстары жүргізілді 21.04.2026
«Атамекен ауылдық округіне қарасты Арман тұрғын үй массивінде көше жолдарын тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-atameken/press/news/details/1205448?lang=kk
Ғылым апталығы: студенттерге құқықтық жаңашылдықтар туралы айтылды 21.04.2026
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ «Ғылым апталығы» шеңберінде СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бас маманы әділет майоры Екатерина Говоркова мен оқытушы Оксана Шуттың қатысуымен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарих, экономика және құқық факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс студенттеріне ашық сабақ өткізілді.Кездесудің тақырыбы – «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бақылау жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар». Сабақ барысында қолданыстағы заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар, сондай-ақ аталған санаттағы тұлғаларға әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.Сонымен қатар, Қазақстандағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызы, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы мемлекеттік органдардың рөлі талқыланды.Студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Осындай іс-шаралар болашақ заңгерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1205455?lang=kk
Кітапхана кеші – 2026 21.04.2026
20 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында шығармашылық, музыкалық, интерактивті және өзара қарым-қатынас алаңына айналған кітапхана оқырмандарын біріктірген көлемді «Кітапхана кеші – 2026» өтті. Бұл күні кітапхана бүкіл отбасы үшін жарқын мәдени алаңға айналды.Қонақтарды тек жағымды эмоциялар ғана алатын тақырыптық аймақтарға саяхат күтіп тұрды. Фойеде естелік суреттерге арналған фото аймақ жұмыс істеді, сонымен қатар мерекелік көңіл-күй мен қарым-қатынасқа арналған алаңдар - «Жарқын Эмоциялар» және «Шаттық бөлмесі» кафелері болды. Шығармашылыққа жаны құштар жандар үшін арт-терапия, арман картасын жасау және «Дәстүрден тыс сурет салу» шеберлік сағаты ұсынылды. Тарих пен жұмбақтарды ұнатушылар «Өлке тылсымы» атты иммерсивті серуенге аттанды, онда кітапхана өзгеше әсер қалдырған кеңістік ретінде сипатталды.Екінші қабатта шығармашылық бағыт жалғасын тапты: киізбен жұмыс жасау, сөйлеу аппаратын дамыту және крафт ойындары бойынша шеберлік сағаттары өтті.«Сөз сәулесі» әдеби-музыкалық лабиринті көпшіліктің қызығушылығын тудырды, ал «Эмоции героев: магия распознавания» заманауи интерактивті жасанды интеллект технологиялары мен оқуды ерекше форматта біріктірді. Кітапхана жанындағы алаңда орналасқан киіз үйде қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен танысу үшін жастарға арналған «Бастаңғы» дәстүрлі жиыны ерекше атмосфера тудырды.Акция оқуды насихаттаудың, шығармашылық бастамаларды қолдаудың және қала тұрғындары үшін ашық мәдени ортаны қалыптастырудың жарқын үлгісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1205460?lang=kk
«TURGYNDAR AMANATY»: Тиімді жұмыс түйткілді мәселелердің түйінін тарқатады 21.04.2026
Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты форум өтті. Жиында көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік, тұрғындармен кері байланысты күшейту және МИБ пен ПИК жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек, облыстық Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік және коммуналдық сала өкілдері, сондай-ақ өңірдегі МИБ пен ПИК басшылары қатысты.Жиында «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев «TURGYNDAR AMANATY» жобасы көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты қордаланған мәселелердің оң шешімін табуға бағытталғанын айтты. Жоба аясында МИБ және ПИК төрағаларын оқыту, депутаттармен кері байланысты күшейту, әкімдіктермен бірлескен жұмысты жолға қою, аулаларды абаттандыру және «Халық қатысатын бюджет» тетігін кеңінен пайдалану көзделіп отыр. Бұған дейін ел аумағындағы жеті өңірде дәл осы бағыттағы жүйелі жұмыс жүргізілді. Мәселен, төрт айда Астанада ашылған жобалық фронт-офисте 114 өтініш қабылданып, 67 мәселе бойынша кеңес берілді. Енді осындай фронт-офисті Алматы облысында да ашу ұсынылды.«Бүгінде облыс аумағында екі мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде заңдастырылды. Бұл саладағы реформа әрбір қала тұрғынының тұрмысына тікелей әсер етеді. Тариф, абаттандыру, жарықтандыру, лифт, интернет пен қауіпсіздік мәселелері – тұрғындар үшін ерекше маңызға ие. Сондықтан көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін партия бастамасымен «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылды. Біздің ортақ мақсатымыз – Алматы облысының әрбір тұрғыны үшін қауіпсіз, қолайлы әрі сапалы өмір сүру ортасын қалыптастыру. Осы мақсатта мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтері төрағаларымен бірлескен жұмыстың басым бағыттары айқындалуда», – деді Ержан Жылқыбаев.Өз кезегінде, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы азаматтардың тұрмысымен қатар, әлеуметтік көңіл-күйге де тікелей әсер ететін атап өтті. Оның айтуынша, басты міндеттердің бірі – көпқабатты тұрғын үйлерді басқару ісіндегі ашықтықты күшейту, тұрғындардың сенімін арттыру және жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру.«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – стратегиялық маңызы бар сала. Бүгінгі форумның атауы айтып тұрғандай, біздің жұмысымыз «Жауапкершілік, сенім және нәтиже» атты үш негізгі ұстанымға негізделуге тиіс. Соңғы уақытта пайдалануға берілген 342 жаңа тұрғын үй кешені бізден мүлде жаңа тәсілдер мен заманауи басқару мәдениетін талап етеді. МИБ пен ПИК жұмысы тұрғындар үшін барынша ашық болуы керек. Қаржының қайда және қалай жұмсалып жатқаны түсінікті болса ғана сенім қалыптасады. Үй басқару – жай шаруашылық емес, бұл – кәсіби менеджмент», – деді Марат Сұлтанғазиев.Бұл ретте, Іле ауданы Өтеген батыр ауылында орналасқан «Спорт» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Зарина Абибова көпқабатты тұрғын үйлерді басқару саласындағы қордаланған мәселелерді көтерді.«Бүгінде ескі тұрғын үй қорындағы инженерлік желілердің тозуы, апаттық және жер қазу жұмыстарына қажетті арнайы техниканың жетіспеуі, тұрғындардың коммуналдық берешегі, қарызы бар пәтерлерді сату-сатып алу кезіндегі құқықтық түйткілдер және жатақханаларды АЛСЕКО есеп жүйесіне қосу мәселесі өзекті болып отыр. Сондықтан инженерлік желілерді кезең-кезеңімен жаңғырту, қызмет ұсынушы ұйымдарға әкімдік тарапынан қолдау көрсетуді күшейту, нотариустарға ортақ тәртіп енгізу, облыстық деңгейде басқарушы және қызмет көрсетуші ұйымдардың қауымдастығын құру, сондай-ақ тұрғындардың төлем тәртібі мен құқықтық сауатын арттыру маңызды. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы осындай мәселелерді ашық талқылап, оларды жүйелі түрде шешуге жол ашатын маңызды бастама», – деді Зарина Абибова.Сонымен қатар форум барысында «Әсем Қапшағай» кооперативінің төрайымы Надежда Алферова бірнеше ай бұрын ұйтқыған жел кезінде Қонаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге зиян келгенін айтты. Екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен дауылдан кейін қалада 30-ға жуық үйдің шатыры зақымдалып, 40 шақырымнан астам электр желісі бүлінді. Осындай жағдайда «Жастар Рухы» жастар қанатының 20-дан астам белсендісі тазалық жүргізу және қалпына келтіру жұмысына белсенді атсалысып, шатыр қалдықтарын жинауға, аулаларды ретке келтіруге және құлаған ағаштарды тазартуға көмектесті. Надежда Алферова сын сағатта жастар қанаты тұрғындарға нақты қолдау көрсеткенін айтып, ризашылығын білдірді. Форум жұмысы мобильді қоғамдық қабылдау алаңында жалғасын тапты. Бұл алаңда 200-ге жуық тұрғын өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жауапты мамандарға жеткізді. Қабылдауға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, салық органдары, «Алатау Жарық Компаниясы» өкілдері, сондай-ақ заңгерлер, адвокаттар мен прокуратура қызметкерлері қатысты. Қабылдау барысында көпқабатты тұрғын үйлерді басқару, коммуналдық төлемдер, қауіпсіздік, абаттандыру және құқықтық мәселелер бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, түйткілдерді шешу жолдары талқыланды. amanatpartiasy.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1205364?lang=kk
Жеке кәсіпкерді қалай жабуға болады? 21.04.2026
📌Жеке кәсіпкерді онлайн режимінде салық төлеушінің кеңсесі арқылы жабуға болады немесе eGov.kz 15 жұмыс күні ішінде.Процесс мыналарды қамтиды: қарыздарды өтеу, шотты жабу, 910.00 тарату ТНК тапсыру («тарату» белгісімен) және қызметті тоқтату туралы өтініш беру. Жеке кәсіпкерді жабуға арналған қадамдық нұсқаулық (жеңілдетілген)Дайындық:Барлық салықтар мен әлеуметтік қарыздарды төлеңіз. (ҚР ҚМ МКК немесе esalyq Business қосымшасында тексеру).Банк шоттарын жабыңыз.БКМ (кассалық аппарат) есебінен алыңыз.Тарату есептілігін беру (тно 910.00):ЭЦҚ көмегімен «салық төлеуші кабинетіне» кіріңіз.Салық есептілігі нысандары - > жаңа нысанды толтыру -> 910.00 таңдаңыз.«Жою» белгісін көрсетіңіз (5-тармаққа құсбелгі қойыңыз).Жартыжылдықтың басынан бастап жабылу күніне дейін толтырыңыз.Қол қойыңыз және жіберіңіз. Қызметті тоқтату туралы өтініш беру:Салық төлеушінің кабинетінде «салық өтініші» -> «қызметті тоқтату»бөліміне өтіңіз.Нысанды себебімен толтырыңыз (мысалы,»өз қалауыңыз бойынша»).Өтініш жіберіңіз. ФНО 910 және өтініштегі күндер сәйкес келуі керек.Жабуды тексеру:15 жұмыс күні ішінде жүйе құжаттарды өңдейді.Сайттағы күйді тексеріңіз kgd.gov.kz «салық төлеушіні іздеуде». 📎Маңызды нюанстарЖеңілдетілген тәртіп: егер сіз ҚҚС төлеуші болмасаңыз, бірлескен кәсіпкерлік болмасаңыз, қарыздар мен жоғары тәуекелдер болмаса қолданылады.Сонымен қатар eGov.kz «электрондық өтініштер» бөлімінде жабуға боладыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1205377?lang=kk
Серік Жұманғарин GP Günter Papenburg AG басшысымен Қазақстанда мыс өңдеуді дамыту мәселесін талқылады 21.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин GP Günter Papenburg AG неміс өнеркәсіптік холдингінің басшысы Карл Гюнтер Папенбургпен кездесті. Тараптар Қазақстанның мыс өнеркәсібін дамыту жоспары мен ықтимал ынтымақтастық бағытын талқылады.Кездесу елімізде жүзеге асырылып жатқан белсенді экономикалық өсу саясатының жалғасы. Оның шеңберінде Үкімет өңдеу өнеркәсібінің басым салаларын дамытуға қатысуды ұсына отырып, елімізге жетекші халықаралық компаниялар мен инвесторларды мақсатты түрде тартады. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап мыс саласын дамыту бойынша өз көзқарастарын білдіріп, нақты ынтымақтастық форматын қарауды ұсынды.Мыс өнеркәсібін дамыту және технологиялық жаңарту – Қазақстанның жаңа белсенді экономикалық саясатының негізгі бағытының бірі. Өсудің жаңа моделі шеңберінде ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие неғұрлым терең қайта бөлу өнімдерін шығаруға баса назар аударылатын басым салалар айқындалды.Қазақстанда 130-ға жуық мыс кен орны бар. Жыл сайын шамамен 170 млн тонна кен өндіріледі. Бұл – әлемдік көлемнің шамамен 4%-ы. Бұл ретте өнімнің 97%-ы катод, концентрат және кен түрінде экспортталады. Өндірілетін кеннің негізгі бөлігі жылына шамамен 750-800 мың тонна мыс-концентратқа (екінші қайта бөлу) дейін байытылады. Осы көлемнің шамамен 470 мың тоннасы катод өндірісіне кетеді (үшінші қайта бөлу). Концентраттың қалған бөлігі әрі қарай өңделмей экспортталады. Сым, фольга, кабель мен басқа да бұйым өндірісі секілді қайта бөлудің жоғары өнімі 5%-дан аз. Мыс саласындағы жалпы қосылған құнды молайтудың әлеуеті 20 еседен астам бағаланады. Осы барлық факторға байланысты мысты жоғары қайта өңдеуді дамыту ел ішінде қосылған құнды арттырудың негізгі бағыты ретінде қарастырылады.Неміс тарапы мәселені егжей-тегжейлі пысықтауға қызығушылық білдірді. Мыс концентратын Қазақстаннан Германияға жеткізу де қарастырылуы мүмкін. Алайда, ол логистиканы қосымша пысықтауды талап етеді. Бұдан басқа, компания Қазақстанда неғұрлым тереңдей қайта бөлу өндірісін құру мүмкіндігін зерделеуге дайын. Ол үшін неғұрлым тиімді өндірістерді шикізат көздеріне жақын орналастырған жөн.Тараптар «Бәйтерек» холдингінің қатысуымен және Германиядағы қазақстандық елшіліктің қолдауымен ықтимал ынтымақтастық форматтарын пысықтауға келісті.Анықтама: GP Günter Papenburg AG – 160 жылдан астам тарихы бар Германиядағы ең ірі жеке өнеркәсіп және құрылыс тобының бірі. Холдинг шикізат өндіру, құрылыс материалын өндіру, ғимарат салу, автомобиль және темір жол салу, техника саудасы, логистика мен қалдықты кәдеге жарату саласында жұмыс істейді.Топ бірыңғай өндірістік-логистикалық экожүйені құра отырып, 61 еншілес компанияны біріктіреді. Халықаралық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне ие. Қазақстанда Papenburg Астана – Бурабай автобанының құрылысына қатысқан. Бұл оның ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы құзыретін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1205307?lang=kk
Полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары, мектептер мен колледж директорларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті 21.04.2026
2026 жылғы 21 сәуірде полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары, мектептер мен колледж директорларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.Кеңес барысында кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және оларды сүйемелдеу мәселелері қаралды. Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық аурулардың өсуіне, оларды ерте анықтау және уақтылы көмек көрсету шараларына ерекше назар аударылды.Қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен денсаулығын қорғау жүйесін нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі.Кеңес қорытындысы бойынша әрбір резонанстық жағдайды, оның ішінде суицид әрекеттері мен фактілерін, құқық бұзушылықтарды, буллинг және өзге де оқиғаларды қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобының тұрақты кездесулерін өткізу туралы шешім қабылданды.Сондай-ақ, профильдік ведомстволар мен білім беру ұйымдарының басшыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1205271?lang=kk