Жаңалықтар
Тұран ауданында ауқымды сенбілік өтті 11.04.2026
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылуда. Осыған орай Тұран ауданында 6 аумақта тазалық жұмыстары жүргізілуде. Ең ауқымды жұмыстар Өтегенов және Алтынжол көшелерінде атқарылуда.Тазалық жұмыстарына 70-тен астам арнайы техника жұмылдырылып, 10 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараға жергілікті тұрғындар, еріктілер, студент жастар, ардагерлер және түрлі мекеме қызметкерлері белсенді атсалысты.Тазалық жұмыстары барысында аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтіріліп, қоқыс қалдықтары шығарылуда, сондай-ақ жасыл желектерге күтім жасалуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпықалалық сенбілік бір реттік акция емес, ол тұрақты түрде жүргізілетін экологиялық жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мұндай бастамалар қала экологиясын жақсартуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.#ТазаҚазақстан#ТазаОрта#ТазаШым#Шымкент2026
Шымкент жастары тазалық акциясына белсенді қатысты 11.04.2026
Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала жастары тазалық шарасына белсенді қатысты.Аталған іс-шара Еңбекші ауданы аумағында ұйымдастырылып, белсенді жастар мен еріктілер Шымкент мұнай өңдеу зауытының аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Белгіленген аумақ қоқыстан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді, қыс мезгілінен кейін қалған қалдықтар жиналып, аумақ абаттандырылды.Сенбілікке қатысқан жастар жоғары ұйымшылдық пен белсенділік танытты. Мұндай бастамалар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.Іс-шара барысында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Жансерік Жұман қатысушылармен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты. Оның айтуынша, қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың ортақ міндеті.«Бүгінгі жастардың белсенділігі ерекше қуантады. Осындай игі бастамалар арқылы біз өскелең ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Табиғатты қорғау – бір реттік шара емес, ол күнделікті өмір салтына айналуы тиіс», – деді Жансерік Жұман.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек санитарлық тазалық жұмыстарымен шектелмей, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік мәнге ие.Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасын тауып, қоғамның барлық топтарын ортақ іске тарту көзделуде.#ТазаҚазақстан#ТазаОрта#ТазаШым#Шымкент2026
Әл-Фараби ауданы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілікке қатысты 11.04.2026
Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жалпықалалық Тазалық күні ұйымдастырылды. Экологиялық шара Сәуле шағын ауданында өтті.Сенбілікке шамамен 500-ге жуық адам қатысты. Іс-шараға аудан тұрғындары, коммуналдық сала қызметкерлері, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мамандары және әскери бөлімнің жеке құрамы белсенді атсалысты. Жүзге жуық әскери қызметші қаланың жасыл белдеуін қоқыстан тазарту жұмыстарына қатысты.Тазалық жұмыстары барысында 50 гектардан астам аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар заңсыз қоқыс орындары жойылып, ұзақ уақыт жиналған тұрмыстық қалдықтар толық шығарылды. Бұл жұмыстарға 15 арнайы техника жұмылдырылды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.#ТазаҚазақстан#ТазаОрта#ТазаШым#Шымкент2026
Шымкент: Абай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті 11.04.2026
Бүгін Шымкент қаласының Абай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.Сенбілік аясында аудан аумағында кең көлемді абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «ШымСити» саябағында өткен шараға тұрғындар, еріктілер, жастар, коммуналдық сала қызметкерлері және түрлі ұйым өкілдері белсенді қатысты.Аудан аумағының ауқымдылығын ескере отырып, жұмыстар бес негізгі сектор бойынша ұйымдастырылды. Олардың қатарында «ШымСити» шағын ауданы, «Қызылжар», «Ақжайық» шағын аудандары, «Асар» тұрғын алабы және Есімхан көшесі бар.Абай ауданы бойынша сенбілікке 25 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында қала тұрғындары, еріктілер, жастар, коммуналдық сала қызметкерлері және коммерциялық ұйымдардың өкілдері бар. Сонымен қатар, аудан ардагерлері де жастармен бірге тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты.Абай ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі Орынша Тәжібаева аталған күннің маңыздылығын атап өтті:«Аға буын үшін «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысу — жай ғана физикалық еңбек емес, бұл маңызды тәрбиелік үдеріс. Ардагерлер жастарға туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеп, өз ауласы мен қаласының тазалығын сақтаудың маңыздылығын үлгі етуде. Сонымен қатар, қатысушылар тазалық жұмыстарымен қатар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әрбір тұрғынды қоғамдық тәртіпті тұрақты сақтауға шақыруда», - деді.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 146 тоннадан астам қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Тазалық шарасына 56 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.Сенбілік барысында қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинаумен қатар, шөп шабу, бұталар мен ағаштардың құрғақ бұтақтарын кесу, құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, қала инфрақұрылымының жекелеген элементтерін қалпына келтіру мақсатында дәнекерлеу және сырлау жұмыстары атқарылды.Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, мұндай іс-шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қала аумағын таза ұстауға бағытталған. «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.#ТазаҚазақстан#ТазаОрта#ТазаШым#Шымкент2026
Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасы өтті 11.04.2026
Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.Сенбілік барысында қала аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Барлық аудандарда аулалар, саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары атқарылды.Аталған іс-шара аясында Қаратау ауданында да тазалық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әсіресе, «Нұртас-1» шағын ауданында тұрғындар, еріктілер мен жастар және коммуналдық сала қызметкерлері белсенділік танытты.Сенбілікке 1000-ға жуық адам қатысты. Оның ішінде қала тұрғындары, жастар, еріктілер және коммуналдық сала қызметкерлері бар. Қатысушылар «Нұртас» тұрғын алабындағы «Каусар» каналы маңындағы сай-салаларды тазарту жұмыстарын жүргізді.Жалпы аудан бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері сенбілікке қатысып, аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау және тазалық мәдениетін қалыптастыру – тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.#ТазаҚазақстан#ТазаОрта#ТазаШым#Шымкент2026
Алматыда курсанттар даңқты қазақстандықтарды еске алды 11.04.2026
«Кеңсай» қорымында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары Қазақстанның көрнекті тұлғаларының зираттарын абаттандыруға арналған әскери-патриоттық акция өткізді.Іс-шара Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Талғат Сыздықовтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.Курсанттарға даңқты отандастардың ерлігі мен өмір жолы туралы баяндалып, бұл олардың ел тарихын тереңірек білуге және тарихи жадыны сақтауды түсінуіне ықпал етті.– Нағыз патриотизм нақты істерден – батырлардың рухына құрмет көрсетуден, олардың мәңгілік мекеніне қамқорлық жасаудан және өмір жолын зерделеуден басталады, – деді полковник Талғат Сыздықов.Болашақ офицерлер аумақты тазалап, қоршауларды жаңартып, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов және Қасым Қайсенов сынды батырлардың зираттары маңын ретке келтірді.Аталған іс-шара ұрпақтар сабақтастығының үзілмейтінін және тарихи жадыны сақтаудың маңыздылығын айқын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1198918?lang=kk
«Біз еріктіміз»: Науырзым ауданында тазалық акциясы өтті 11.04.2026
Науырзым ауданында «Біз еріктіміз» атты акция ұйымдастырылып, жастар игі іске өз үлестерін қосты. Іс-шара аясында ауданның белсенді еріктілері бас қосып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.Акция барысында еріктілер ескерткіш маңын қоқыстан тазалап, айналасын ретке келтірді. Мұндай шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, тарихи мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған.Айта кету керек, елімізде еріктілер қозғалысы белсенді дамып келеді. Түрлі әлеуметтік және экологиялық бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғам игілігі жолындағы нақты істерге жұмылдыруда.Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Біз еріктіміз» акциясы – бір реттік шара емес. Алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын тауып, аудан жастары қоғам өміріне белсенді араласа бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1198917?lang=kk
Қазақстандық стартап Венада өткен халықаралық байқаудың жүлдегері болып танылды 11.04.2026
Вена, 2026 жылғы 10 сәуір — Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) мен Аустрия Республикасының Федералдық еуропалық және халықаралық істер министрлігі бірлесіп ұйымдастырған Халықаралық Вена энергетика және климат форумы шеңберінде қазақстандық HydroTech Atm стартапы Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) халықаралық байқауының жүлдегері болып атанды.Аталған жетістіктің айрықша маңызы HydroTech Atm жобасының негізгі қалаушысы және жетекшісі Дана Қадырбек GCIP бағдарламасының ең жас әрі жалғыз 17 жастағы қатысушысы болып ерекшеленеді. Жас болуына қарамастан, Д. Қадырбек наноматериалдар негізінде атмосферадан таза ауыз су алуға арналған толықтай автономды құрылғыны әзірледі. Қазіргі уақытта аталған технология Қазақстанда пилоттық енгізу кезеңінен өтуде. Атап айтқанда, зертханалық сынақтар жүргізіліп, бейінді мемлекеттік органдармен және ғылыми ұйымдармен тиісті өзара іс-қимыл жолға қойылған.Сонымен қатар, форум аясында Д. Қадырбек «Жасыл көшуді қамтамасыз ету: орнықты технологиялар мен инфрақұрылым» тақырыбындағы пленарлық сессияға спикер ретінде қатысып, халықаралық аудиторияға өз жобасын және оның негізгі артықшылықтарын таныстырды.HydroTech Atm жобасының халықаралық деңгейде мойындалуы қазақстандық жас инноваторлардың жоғары әлеуетін айқын көрсетеді. Бұл жетістік Қазақстанның су қауіпсіздігі, экология және климат салаларындағы жаһандық сын-қатерлерге жауап бере алатын заманауи әрі сұранысқа ие технологиялық шешімдерді ұсыну бағытындағы әлеуетін де растайды.Анықтама: Қазақстан Республикасы Орталық Азия өңірінде GCIP бағдарламасына қосылған алғашқы мемлекет болып табылады. 2025 жылғы желтоқсанда GCIP-Kazakhstan бағдарламасы шеңберінде климаттық стартаптардың ұлттық байқауы өткізілді. Оның қорытындысы бойынша HydroTech Atm, SpaceLab және Forest Hero стартаптары жүлдегер танылып, Вена қаласында өткен Cleantech Days 2026 жаһандық финалына қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1198892?lang=kk
Ақтөбе облысы Қазақстанда жайылымдық жер көлемі бойынша бірінші орында 11.04.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдің шаруаларымен кездесті.Кездесуге кеңейтілген форматта онлайн байланыс арқылы аудандардағы шаруа қожалықтарының басшылары да қатысты. Облыс әкімі Асхат Шахаров өңір ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып қала беретінін атап өтті. Бұл ретте Әйтеке би, Қарғалы, Хромтау және Мәртөк аудандарында егін шаруашылығы да қарқынды дамып келеді.2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 412 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5%-ға өсті. 2026-2028 жылдары өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде жалпы сомасы 94,9 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде 4 жоба биыл іске қосылады. Олардың қатарында «Жаннұр» ШҚ мен «Agroproduct development» ЖШС-ның бордақылау алаңдарын салу және кеңейту, «Рамазан құс» ЖШС-ның құс фабрикасын іске қосу, сондай-ақ «АЙС» ЖШС-ның сүт-тауар фермасын ашу бар.2025 жылы өңірде 554 мың тонна дәнді дақыл және 72,4 мың тонна майлы дақыл жиналды. Сондай-ақ көкөністен, соның ішінде картоптан мол өнім алынды. Егіс алқаптарын әртараптандыру аясында майлы және мал азықтық дақылдардың көлемі ұлғайтылды.Кездесу барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қатысушыларды мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жаңа Кешенді жоспардың негізгі параметрлері туралы хабардар етті.Талқылау кезінде шаруалар бірқатар мәселе көтерді. Атап айтқанда, Қазақстан фермерлері қауымдастысының облыстық филиалының жетекшісі Құсайын Сәрсембай «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.Серік Жұманғарин қазіргі уақытта осы бағдарламалар бойынша «Даму» қоры арқылы кепілдіктер беру тетігі пысықталып жатқанын айтты. Бұл құралды енгізу жөніндегі алдын ала келісімге қол жеткізілген, алайда жекелеген шарттар мен техникалық параметрлер әлі де келісу сатысында.Сонымен қатар несие мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың қолжетімділігі мәселесі көтерілді. «Айс плюс» ЖШС директоры Қуаныш Ищанов бюджет қаражатының жоқтығына байланысты портал жұмысы тоқтатылғанын, сондықтан өтінім беру мүмкін еместігін мәлімдеді.Сондай-ақ өңірдегі «Степное» ЖШС, «Құмқұдық» ЖШС, «Пригородное» ЖШС және «Меңдібай-Қарағаш» ШҚ өкілдері де өз сұрақтарын қойды. Барлық көтерілген мәселе бойынша жиын барысында тиісті түсіндірмелер берілді.Кездесу қорытындысында вице-премьер Ақтөбе облысы 25,3 млн гектар жайылымдық жері бар еліміздегі ең ірі өңір екенін атап өтті. Мемлекет шаруаларға қолдау көрсетуді жалғастырады, сонымен қатар қарсы талаптар да күшейтілуде. Оның негізгісі – ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану. Осы бағытта жерді пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерін енгізу, сондай-ақ егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың мал шаруашылығын да қатар алып жүру мүмкіндіктері қарастырылуда.Сол күні Серік Жұманғарин бюджет мәселелері бойынша бөлек жиын өткізіп, онда қаржыландырудың негізгі параметрлері мен шығыстардың басым бағыттары қарастырды. Талқылау қорытындысы бойынша бюджет қаражатын тиімді пайдалану және оның игерілуіне бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.Жұмыс сапары аясында министр «KAZFELTEC» ЖШС-нің жүн өңдеу зауытының жұмысымен де танысты. Кәсіпорын италиялық технологияларды пайдаланып, табиғи қой жүнінен жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар өндіруге маманданған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1198893?lang=kk
Швейцариядағы «Наурызнама» науқаны Женева қаласында ресми түрде қорытындыланды 11.04.2026
2026 жылғы 10 сәуірде Женева қаласында Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі алаңында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған жиын Швейцария аумағында «Наурызнама» науқаны шеңберінде ұйымдастырылған мәдени-ағартушылық және насихаттық іс-шаралардың қорытынды кезеңі болды.Іс-шараға Азия, Африка, Таяу Шығыс және Еуропа мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, іскерлік және ғылыми қауымдастық өкілдері, сондай-ақ Швейцарияда тұратын қазақстандық азаматтар қатысты.Салтанатты жиынды ашқан Елші Ержан Қазыхан, Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Наурыз мейрамының тарихи-мәдени маңызына тоқталып, оның ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін атап өтті. Сонымен қатар, Президент Тоқаевтың сөзін негізге ала отырып, қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында Наурыздың жаңғыру, өзара түсіністік пен конструктивті диалогты дамытудағы маңызы ерекше екенін жеткізді.Мәдени бағдарлама аясында Қызылорда облысынан келген кәсіби шығармашылық ұжым ұлттық музыкалық және би өнерін жоғары деңгейде ұсынды. Концерт барысында «Сарыарқа», «Бақсы», «Бесік жыры» және «Наурыз» секілді туындылар орындалып, көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.Іс-шара соңында ұйымдастырылған ресми қабылдау барысында қонақтарға қазақ халқының дәстүрлі ұлттық тағамдары ұсынылды.Қатысушылар өнерпаздардың кәсіби шеберлігіне жоғары баға беріп, Женева қаласында Наурыз мейрамын атап өтудің мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілетудегі маңызын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1198897?lang=kk
Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді 11.04.2026
2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады. Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту. Фестивальға шетелден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), көрші өңірлерден (Алматы, Түркістан) келетін және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады. Фестиваль аясында көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында «Тараз – қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, «Менің әлемім: қиял мен шынайылық» атты жас қолөнершілер мен суретшілердің көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, сән мен дәстүрді тоғыстыратын «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығы, «Гиннес» рекордтар кітабына енген киіздің жанында «Dombyra Party» іс-шарасы, ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі және өнер жұлдыздарының гала-концерті ұйымдастырылады. Фестивальге қатысушы қонақтарға көрме бұйымдарын сатып алуға және Тараз қаласындағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасауына толық мүмкіндік қарастырылған. Бұл күндері Тараз ұлттық дәстүр мен шалқыма шабыттың тоғысқан ортақ мекеніне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1200520?lang=kk
«Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады 11.04.2026
2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады. Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту. Фестивальға шетелден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), көрші өңірлерден (Алматы, Түркістан) келетін және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады.Фестиваль аясында көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында «Тараз – қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, «Менің әлемім: қиял мен шынайылық» атты жас қолөнершілер мен суретшілердің көрмесі өтеді. Бұдан бөлек, сән мен дәстүрді тоғыстыратын «ASPARA FASHION WEEK» халықаралық сән апталығы, «Гиннес» рекордтар кітабына енген киіздің жанында «Dombyra Party» іс-шарасы, ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі және өнер жұлдыздарының гала-концерті ұйымдастырылады. Фестивальге қатысушы қонақтарға көрме бұйымдарын сатып алуға және Тараз қаласындағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасауына толық мүмкіндік қарастырылған.Бұл күндері Тараз ұлттық дәстүр мен шалқыма шабыттың тоғысқан ортақ мекеніне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1198879?lang=kk
Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды 10.04.2026
Астана, 2026 жылғы 10 сәуір – Астанада Қазақстан-Польша Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 10-шы отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту болды.ҮАК тең төрағалары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов және Польша Республикасы Экономикалық даму және технологиялар министрінің орынбасары Михал Барановский – салалық ведомстволар өкілдерімен бірге екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету шараларын талқылады.Тараптар серіктестікті дамытуға өзара мүдделілікті растады және агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік, фармацевтика және цифрлық технологиялар сияқты негізгі салалардағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.«Польша Орталық-Шығыс Еуропа мен Еуропалық Одақтағы Қазақстанның сенімді серіктесі болып табылады. Дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері Астана мен Варшава сындарлы саяси диалогты нығайтып, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтіп келеді», – деді А.Исетов, Польша компанияларының Қазақстандағы табысты қызметін атап өтіп.Өз кезегінде, поляк тарапы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономиканы әртараптандыру және инвестициялық тартымдылықты арттыру шараларына қызығушылық танытып, Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктес ретіндегі рөлін растады.Тараптар сондай-ақ бұған дейін өткен Қазақстан-Польша бизнес-форумының іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнатудағы тиімді алаң ретіндегі маңызын атап өтті.Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысының Хаттамасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1199542?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында экологиялық шаралар жоспары әзірленді 10.04.2026
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында арнайы жоспар әзірленді. Оған әртүрлі форматтағы 300 экологиялық іс-шара енгізілді. Онда 25-30 адамнан тұратын шағын көлемдегі іс-шаралармен қатар, кең ауқымды акциялар, ағаш отырғызу науқандары, сенбіліктер, экологиялық челлендждер, ақпараттық-түсіндіру кездесулері және танымдық тренингтер қамтылған, – деп хабарлайды Алматы облысының баспасөз қызметі. Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен жиында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспар бекітілді. Аймақ басшысы кемшіліктерді жойып, жұмыс қарқынын күшейту керегін айтты. Жыл басынан бері облыста экологиялық шараларға 120 мыңға жуық адам қатысқан. Нәтижесінде 1321 тонна қоқыс жиналып, 102 арнайы техника жұмылдырылды және 450 гектарға жуық аумақ тазартылды. Сонымен қатар Telegram-бот арқылы 1402 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 1132-сі орындалды, 259-ы кері қайтарылды, ал қалған 11-і – орындалу сатысында.Бүгінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу бойынша қаулы қабылданған. Соған сәйкес облыстың әрбір ауданы мен қаласын, елді мекенін, сондай-ақ 2000-ға жуық кәсіпорынды қамтитын санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар, жастар, бизнес өкілдері және қоғам белсенділерінің қатысуымен аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол үшін облыс бойынша 30 мың адам және 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылады. Биыл өңірде көгалдандыру бағытында 220 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Жыл басынан бері оның 22 мыңы егілді. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қонаев қаласында экопарк құру жұмыстары басталды. Жоба 10 гектар аумақты қамтиды.Экопарк аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Онда 5 мың ағаш (терек, акация, ива, қарағаш, катальпа, сумах) отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар «Көшпенділер қалашығы» маңында экопарк құру жұмыстары қолға алынған. Осы жылдың 18 сәуірінде алғашқы 500 түп ағаш отырғызылатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орман қорын ұлғайту тапсырмасына сәйкес 2021-2027 жылдар аралығында өңірде 23,8 мың гектар аумаққа 52,6 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Өткен 5 жыл ішінде бұл жоспар 83 пайызға орындалды.Биыл 2077 гектар аумаққа 4,6 млн түп ағаш егу көзделген. Облыста жалпы аумағы 129,9 гектар болатын 12 тұқымбақ бар. Орман қорын молайту бағытындағы жұмыстар үшін тұқымбақта өсірілетін көшеттер толығымен жеткілікті. «Мөлдір бұлақ» экоакциясы аясындағы шаралар да басты назарға алынған. Осы уақытқа дейін Түрген шатқалындағы Киелі, Шилібастау, Диірмен базы, Құртты, Әлмерек баба және Еңбек ауылы маңындағы бұлақтар тазартылып, 300 түп ағаш отырғызылды. Шараға еріктілер, ақсақалдар және түрлі ұйым өкілдерінен құралған 1500-ден астам адам қатысты. 21 техника жұмыс істеді. Бұдан бөлек, «Алматыоблсушар» кәсіпорнының өндірістік учаскелері және Үлкен Алматы каналы филиалы тарапынан 42 шақырым канал тазаланып, 80 тал егілді.Марат Елеусізұлы өңірдегі экологиялық шаралар жоспарға сай жүргізілуі үшін жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.- «Экологиялық шаралардан өңірдегі ешқандай елді мекен қалыс қалмауы керек. Тазалық сақтамаған жеке тұлғалар мен компанияларға тиісті шара қолданылуы қажет. Ол үшін бейнебақылау, жасырын мониторинг, рейд жүргізу шаралары күшейтілуі тиіс. Егілетін ағаш түрлері өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне бейім болуы шарт. Қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру маңызды. Ал тәртіпке бағынбаған жағдайда жауапқа тартылатынын түсінуі керек. Экологиялық акцияларға жастар мен еріктілер, кәсіпорындар мен үкіметтік емес ұйымдар, тұрғындар бір кісідей атсалысқанда ғана нақты нәтиже қол жеткіземіз», – деді облыс әкімі.Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы керегін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1198823?lang=kk
Біріктіретін көктем: Қазақстан Испания жүрегінде Наурызды атап өтті 10.04.2026
Мадрид, 2026 жылғы 9 сәуір – Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі Мадрид қаласында Наурыз мерекесін ұйымдастырды. Іс-шараға Испания министрліктері мен ведомстволарының өкілдері, іскерлік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық қауымдастық мүшелері, сондай-ақ қазақстандық диаспора қатысты.Құттықтау сөзінде Елші Данат Мұсаев Наурыздың жаңару, бірлік пен келісім мерекесі ретіндегі символдық мәнін атап өтіп, оның халықтар арасындағы мәдениаралық өзара түсіністік пен достықты нығайтудағы рөлін ерекше көрсетті.Концерт жарқын мәдени оқиғаға айналып, Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ испан аудиториясы арасында қазақтың ұлттық мәдени мұрасын насихаттауға елеулі үлес қосты.Кештің басты оқиғасы Түркістан облысынан келген «Алқоныр» ансамблінің өнер көрсетуі болды. Ұжым дәстүрлі музыка, халық әндері мен ұлттық орындаушылық өнер элементтерін қамтыған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды. Орындаудың жоғары деңгейі мен бағдарламаның шынайылығы қонақтардың ерекше ықыласын тудырып, Қазақстанның бірегей мәдениетімен тереңірек танысуға мүмкіндік берді.Іс-шара қонақтары концерттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, мұндай бастамалардың мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1198814?lang=kk
ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 10.04.2026
2026 жылғы 11 сәуір күні Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы «Таза қала» жалпықалалық сенбілігі өтеді.Аталған акция барысында қала аумағындағы 5 аудан бойынша тазалық жұмыстары жүргізіледі. Олар:Абай ауданы:• «Шымсити» саябағы (Алатау, Абылай хан, Әбілхайыр хан көшелерінің бойы);• Асар шағын ауданы (Жейхун көшесінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы);• Ақжайық шағын ауданы (Қ. Төлеметов және Көкшетау көшелерінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы).Әл-Фараби ауданы:• Сәуле шағын ауданы (Отырартөбе көшесі, Көксай-1, Көксай-2 және Көксай-3 көшелері).Еңбекші ауданы:• Қапал батыр көшесі (көпір маңы);• Қаратөбе тас жолы;• Қапал батыр көшесі (ШМӨЗ баратын жол).Қаратау ауданы:• Нұртас шағын ауданы (Д. Қонаев атындағы мектеп жанындағы автотұрақ).Тұран ауданы:• Самал-1 шағын ауданы (Өтегенов және Алтынжол көшелерінің қиылысы).Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғынның белсенді қатысуы туған қаламыздың көркеюіне үлес қосады.Бірге таза, көрікті Шымкентті қалыптастырайық!Тазалық – өзімізден басталады!#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #Шымкент #Сенбілік
Шымкентте «ShymSafe360» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды 10.04.2026
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында прокуратура, Полиция департаменті, «Қазақтелеком» АҚ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.⠀⠀Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік нысандардағы бейнебақылау камераларын полицияның Жедел басқару орталығына қосу мүмкіндігін қарастыратын «ShymSafe360» жобасын іске асыру тетіктерін талқылау болды.⠀⠀Кездесу барысында аталған жобаның негізгі бағыты – қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқиғаларға жедел әрекет ету тиімділігін арттыру екені атап өтілді. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесін интеграциялау бейнематериалдардың сақталуын қамтамасыз етіп, тәулік бойы жұмыс істейтін нысандардың қауіпсіздігін арттыруға және азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал ететіні айтылды.⠀⠀Мамандардың пікірінше, камераларды Жедел басқару орталығына қосу қылмыстарды анықтау мен олардың жолын кесуде тиімді құрал болып табылады. Бұл әсіресе «соқыр аймақтарды» азайтып, қалалық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.⠀⠀Кездесу барысында кәсіпкерлерге жүйенің техникалық мүмкіндіктері, қосылу тәртібі және цифрлық шешімдерді енгізудің артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді.⠀⠀Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, жобаны кезең-кезеңімен іске асыру және бейнебақылау жүйесінің қамту аясын кеңейту бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.⠀⠀Жалпы, «ShymSafe360» жобасы цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға және қоғамдық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге бағытталған.
«KEDEN» ақпараттық жүйесіндегі «Тауарларға арналған декларация» функционалын іске қосу туралы 10.04.2026
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!Техникалық жұмыстар және іске қосу кестесі2026 жылғы 10 сәуірде сағат 21:00-ден бастап – «АСТАНА-1» АЖ-да функционалды көшіру бойынша техникалық жұмыстар басталады. Жүйеге кіру шектеледі.2026 жылғы 11 сәуірде сағат 00:00-ден бастап – «KEDEN» АЖ-да «Тауарларға арналған декларация» функционалы штаттық режимде жұмысын бастайды.Алдын ала не істеу қажет«KEDEN» АЖ-да тіркелу және авторизациялау кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды болдырмау үшін сұраймыз:Тіркелуден өту: жаңа жүйеде алдын ала тіркеліңіз.Есептік жазбаларды тексеру: ұзақ уақыт бойы белсенділіктің болмауына байланысты аккаунтыңыздың бұғатталмағанына көз жеткізіңіз.ЭЦҚ мәртебесін тексеру: кедендік операциялар үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаларыңыздың қолданылу мерзімін бақылауды қамтамасыз етіңіз. Қажет болған жағдайда оларды уақтылы ұзартыңыз.Өтпелі кезеңдегі жұмыс қағидалары (2026 жылғы 11 сәуір сағат 00:00-ден бастап)Ескі жүйеде басталған тауарларға арналған декларациялар (ТД) бойынша операцияларды аяқтау тәртібіне назар аударамыз:ВТД аяқтау: «АСТАНА-1» АЖ-да «ВТД» декларациялау ерекшелігімен шығарылған ТД «АСТАНА-1» АЖ-да аяқталуға жатады («ПВД» ерекшелігімен ТД беру және шығару).ВДТ беру: Тауарларды шығару «АСТАНА-1» АЖ-да ТД бергенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішке (ТШӨ / ЗВТ) сәйкес жүзеге асырылған «ВДТ» декларациялау ерекшелігімен ТД беру «АСТАНА-1» АЖ-да жүзеге асырылады.Аяқталмаған бақылау: «KEDEN» АЖ іске қосылған кезде кедендік бақылауы аяқталмаған ТД бойынша тауарларды шығару «АСТАНА-1» АЖ-да жүзеге асырылады.ПТД шығару: «АСТАНА-1» АЖ-да тіркеліп қойған «ПТД» декларациялау ерекшелігімен ТД бойынша тауарларды шығару «АСТАНА-1» АЖ-да жүзеге асырылады.Досымша ақпарат өзектендірілуіне қарай Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ресурстарында орналастырылатын болады.Қолдау қызметі СЭҚ қатысушылары үшін «KEDEN» АЖ әдіснамалық және техникалық қолдау қызметі тәулік бойы жұмыс істейді:Email: keden_support@kgd.minfin.gov.kzTelegram-арна: (https://t.me/kedenkgdgovkz) Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1198790?lang=kk
Жыл сайынғы «Парыз 2026» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыру 10.04.2026
Жыл сайынғы «Парыз 2026» конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландыруАбай әуданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы облыстың жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің назарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі, жұмыс берушілердің Ұлттық палатасы, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлағанын жеткізеді. Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады.Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін.Байқау 4 номинация бойынша өткізіледі:1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекке ақы төлеуді және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың барынша көп санын жұмысқа орналастыру және т.б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.3) «Үздік ұжымдық шарт».Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.Сонымен қатар, Конкурста «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бекітіледі.Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.«Парыз 2026» конкурсына қатысу қағидалары мен тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1198748?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия сайлау және демократиялық институттар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 10.04.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 10 сәуір – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Республикасы Әділет министрлігінің Сайлау және демократия мәселелері жөніндегі департаментінің басшысы Никлас Вилхелмссонмен кездесті.Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті. Құжатта билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, парламенттік жүйені дамыту және азаматтардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуын кеңейтуге бағытталған өзгерістер көзделгені атап өтілді. Осы тұрғыда бір палаталы парламенттік модельге көшу, оның ішінде Финляндия секілді қалыптасқан демократиялық институттары бар елдердің тәжірибесін ескере отырып жүзеге асырылатыны айтылды.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және конституциялық реформалары аясында жүзеге асырылып жатқан бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, соның ішінде сайлау рәсімдері мен оларды өткізу тетіктерін дамытуға бағытталғаны ерекше атап өтілді.Фин тарапы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, бейінді мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ сайлау технологиялары мен құқықтық реттеу саласындағы озық тәжірибемен алмасу мәселелері қолдау тапты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1198766?lang=kk