Жаңалықтар
«Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосу туралы 29.03.2026
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы) «Экспорттаушылар витринасы» (https://export.bgov.kz ) платформасын іске қосты.Жаңа ресурс отандық өнімдер мен қызметтерді жаһандық нарыққа жаппай шығару мақсатында әзірленіп, шетелдік сатып алушылар назарын аудару үшін әзірленді. Платформа «Made in Kazakhstan» өнімдерінің кеңейтілген каталогын ұсынады. Мұнда негізгі назар нақты тауарларға, олардың сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттеріне аударылған.Экспорттаушылар витринасының басты ерекшелігі — оның айқын экспорттық бағыттылығы. Платформадағы тауарлар бес негізгі сала бойынша жіктелген: жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік және химия өнеркәсібі, АӨК өнімдері, металлургия, машина жасау және құрылыс саласы.Іздеу жүйесі әлеуетті сатып алушыларға қажетті өнімдерді кілт сөздер арқылы оңай табуға мүмкіндік береді. Мәселен, белгілі бір сұраныс енгізілген жағдайда жүйе осы санат бойынша қазақстандық өндірушілер ұсынатын барлық қолжетімді ұсыныстарды көрсетеді. Әрбір тауар карточкасында өнімнің толық сипаттамасы мен негізгі техникалық параметрлері берілген. Сонымен қатар пайдаланушы нақты өнім бетінен сол өнімді өндіруші компанияның профиліне бірден өту мүмкіндігіне ие.«Аталған платформада тек агенттік тарапынан тексеруден өткен, верификацияланған өндірушілер ғана ұсынылған. «ЭКА тексерген» мәртебесі сенімділіктің кепілі ретінде қызмет атқарып, тәуекелдерді азайтады және қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимыл барысында сенімді нығайтады», – деп атап өтті Мадина Ержанова, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары.«Экспорттаушылар витринасы» жобасы қазақстандық бизнес пен халықаралық нарықтар арасындағы цифрлық көпірге айналуды көздейді. Платформа жеткізушілерді іздеу үдерісін жеңілдетіп, отандық брендтердің шетелдегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Бастама «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі жүзеге асырып отырған шикізаттық емес экспортты қолдау және сыртқы экономикалық қызметті цифрландыру стратегиясы аясында іске асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1188176?lang=kk
Ұландық сарбаздар асхана тағамын электронды жүйе арқылы бағалай алады 29.03.2026
Ұлттық ұланда сарбаздарды сапалы тамақтандыру жүйесін жетілдіру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында құқықтық тәртіп әскерінде қолға алынған жаңа пилоттық жоба таныстырылды. Бұл жоба сарбаздардың күнделікті тамақтану сапасын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге, асхана жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге және адам факторынан туындайтын тәуекелдерді азайтуға бағытталған.Дөңгелек үстелге арнайы қатысқан ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков әскери қызметшілерді сапалы тамақтандыру Ұлттық ұлан қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол жиын барысында әскердегі азық-түлікпен қамту жағдайы, асханаларды тексеру нәтижелері және өзекті мәселелер талқыланатынын айтты.Аппараттық-бағдарламалық кешен қазіргі уақытта пилоттық режимде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде іске қосылған. Жобаның басты ерекшелігі – сарбаздарға асханадағы тағам сапасын электронды жүйе арқылы жедел бағалауға мүмкіндік беруі. Арнайы панель арқылы берілген бағалар бірден азық-түлік жеткізуші мен басшылыққа ұсынылады.Биылғы тамыз айына дейін жүйенің тиімділігі сараланып, оның нәтижесіне қарай өзге бөлімдерге енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.«Бұл жүйе бізге өз пікірімізді еркін айтуға мүмкіндік береді. Қандай тағам ұнады, қайсысы ұнамады – бәрін бірден бағалай аламыз. Соның арқасында асханадағы тамақ сапасы да жақсарып келеді», – деді 5573 әскери бөлімінің сарбазы кіші сержант Нұралы Жазит.Жиында сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, санитарлық талаптарды күшейту, азық-түлік жеткізушілер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері қаралды.Айта кетейік, бүгінде 7 мыңнан астам ұландық еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Сондай-ақ 2 мыңнан аса сарбаз мемлекеттік маңызы бар нысандар мен ҚАЖ мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1188216?lang=kk
Қазақстан мен Вьетнам су ресурстары және тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 29.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның Метеорология, гидрология, қоршаған орта және теңіз ғылымдары институтының (Institute of Meteorology, Hydrology, Environment and Marine Sciences, IMHEMS) директоры Фам Тхи Тхань Нга ханыммен (Pham Thi Thanh Nga) кездесті.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі бағыттары мен ғылыми және экологиялық салалардағы бірлескен жұмыс перспективалары талқыланды.Тараптар 2025 жылы дипломатиялық қатынастардың 33 жылдығын атап өту аясында Қазақстан мен Вьетнам стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін, бұл гидрология, су қауіпсіздігі, климатқа бейімделу және экологиялық даму салаларында ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Қазақстан Елшісі вьетнамдық тарапты су саласындағы еліміздің басымдықтары, соның ішінде халықаралық су ұйымын құру бойынша Қазақстан Президентінің бастамасы туралы хабарлады. Бұл бастама жаһандық су мандатын біріктіруге және халықаралық су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын тілге тиек етті. Вьетнам тарапы 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитке қатысуға мүдделілік білдіріп, тәжірибе алмасуға және ғылыми ынтымақтастыққа дайындығын танытты.Кездесу барысында жаһандық су мәселелеріне, оның ішінде халықаралық сын-қатерлерге, оның ішінде трансшекаралық ресурстар мен климат өзгерісі салдарына тиімді жауап беру тұрғысынан БҰҰ басқару құрылымын реформалау қажеттілігіне, саясат үйлесімділігін жақсартуға және су мандатын біріктіруге қатысты мәселелер қаралды.Институт директоры Фам Тхи Тхань Нга ханым IMHEMS қызметі таныстырылып, Вьетнамның ЮНЕСКО бағдарламаларына, соның ішінде Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасына белсенді қатысатынын айтты. Бағдарлама ғылыми ынтымақтастық, су ресурстарын бақылау, сел мен құрғақшылық тәуекелін басқару және кадрлық әлеуетті арттыруға бағытталғанын жеткізді.2025 жылғы қазан айында Вьетнам төрағалығымен өткен Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша ЮНЕСКО Үкіметаралық гидрологиялық бағдарламасының 32-сессиясына және 2026 жылғы қыркүйекте Қытайда өтетін 33-сессияға назар аударылды. Институт директоры Қазақстан тарапын Вьетнам төрағалығымен өтетін халықаралық іс-шараларға, соның ішінде 2026 жылғы 15 мамырда өтетін Метеорология, гидрология, қоршаған орта және теңіз ғылымдарында жаңа технологиялар мен инновацияларды қолдану: үкімет-академиялық-өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту бойынша халықаралық семинарға қатысуды қарастыруға шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға, ғылыми алмасуды кеңейтуге және су қауіпсіздігі, гидрология және тұрақты даму бойынша бірлескен жобаларды әзірлеуге қызығушылық танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1188223?lang=kk
«ҚР АШМ АӨК МИК Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» ММ мемлекеттік қызметтерді ұсынады! 29.03.2026
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ Заңына (1-бап 30-тармақ) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34637 болып тіркелді - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін болдырмайтын өзгерістер күшіне енеді.Түзетілгендей, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың себілетін және отырғызылатын материалына, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшелер, баданалар, түйнектер, жемістер), сондай-ақ карантиндік объектілерді тасымалдаушы болуы мүмкін басқа да өсімдіктен алынатын кез келген өнімге; карантиндiк объектiлердi тасымалдағыштар болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы машиналарына және топырақ өңдеуге арналған құралдарға, көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түріне, буып-түю материалдарына, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдарына, топырақ құймалары мен үлгiлерiне; почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдік салымдарына; өсімдіктен алынатын өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін, залалсыздандыратын және өткізетін ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының аумағына және үй-жайларына; ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа мақсатқа арналған жерлерге; ішкі сауда объектілеріне, теміржол вокзалдарына, автовокзалдарға, өзен порттарына, айлақтарға, почта операторларының өндірістік объектілеріне; жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауына және тағы басқасына қолданылады.Сонымен қатар, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өзгерістер енгізілді: - фитосанитариялық сертификат өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді; - өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді; Қызмет алушылар «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590бұйрықтағы басқа өзгерістерімен http://adilet.zan.kz сайтта көре алады.Туындаған сұрақтар бойынша 2-40-68 телефон нөмірі немесе mendykara _p_rtu@minagri.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 9 үй 2 қабат, мекенжайы бойынша орналасқан біздің мекемеге келіп кеңес алуға болады. ҚР АШМ АӨК МИК Мендіқара ААИ. Бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ғ.МустафинАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1188231?lang=kk
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовтың төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті. 29.03.2026
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімовтың төрағалығымен азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды қарау жөніндегі комиссия отырысы өтті.Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, делдалдық тізбектерді қысқарту және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.Сондай-ақ жауапты мекемелерге баға мониторингін күшейту және тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1188301?lang=kk
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. 29.03.2026
Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы.Әр оюы мен әр өрнегінде ата-бабамыздың рухы, салт-дәстүрі мен терең мағынасы жатыр.Ұлттық киім кию – тек сән үшін емес, ол өз тамырымызды ұмытпай, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің белгісі. Бүгін біз ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеп, ұлттық киімнің әсемдігін көрсетуді мақсат еттік.Ұлттық киім – ұлттың мақтанышы, рухтың белгісі. 🇰🇿Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1188314?lang=kk
Шымкент қаласында “DIGITAL QAZAQSTAN” халықаралық форумы өз жұмысын бастайды. 29.03.2026
Шымкент қаласында “DIGITAL QAZAQSTAN” халықаралық форумы өз жұмысын бастайды.Ауқымды іс-шара цифрлық технологиялар, инновациялар және IT саласындағы соңғы жетістіктерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналмақ. Форумға отандық және шетелдік сарапшылар, инвесторлар мен сала көшбасшылары қатысып, тәжірибе алмасады.Күн тәртібінде — цифрландырудың жаңа бағыттары, жасанды интеллект, стартап жобалар және цифрлық экономиканы дамыту мәселелері.“DIGITAL QAZAQSTAN” форумы — жаңа идеялар мен серіктестіктерге жол ашатын маңызды мүмкіндік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1188318?lang=kk
Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті 29.03.2026
Астана, 2026 ж. 26 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Сұхбат барысында Е.Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады.Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-gorgan/press/news/details/1188401?lang=kk
Қазақстан мен Қасиетті Тақ дінаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдету бағытын растады 29.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда Ватиканда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының префектісі кардинал Джордж Кувакадпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қасиетті Тақ арасындағы достық әрі сенімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, олардың дәйекті дамып келе жатқанын және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық бар екенін жеткізді.Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі аясындағы өзара іс-қимылға айрықша назар аударылды. Ватикан тарапы 2026 жылғы қазанда Астана қаласында өтетін Съез Хатшылығының кезекті отырысына өз делегациясының қатысатынын растады.Сондай-ақ тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, дінаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілету, бейбітшілікті нығайту және тұрақты дамуға жәрдемдесу мәселелерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1188051?lang=kk
Алатау қаласы ерекше мәртебеге ие болады 29.03.2026
Парламент «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Енді Алатау дербес басқарушылық, қаржылық және институционалдық ерекше режимі бар қалаға айналмақ. Басқару моделі қазіргі әкімшілік басқару мен стратегиялық дамуды бөлуге негізделген. Бұл үдерісте негізгі рөлді Alatau City Authority атқарады. Ол Үкімет құрамына кірмейтін, бірақ Премьер-Министр төрағалық ететін Кеңеске есеп беретін мемлекеттік қор нысанындағы орталық мемлекеттік орган. Сонымен қатар мәслихат пен әкімдік қаланың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі өз функцияларын сақтайды.Заң «Digital by default» («Автоматты цифрлық») қағидатын енгізуді және Алатауды жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолданатын толыққанды Smart City ретінде дамытуға мүмкіндік береді.Бір блок толығымен қаланың дербес қаржылық-салықтық моделін қалыптастыруға бағытталған. Қала аумағында арнайы салық нормалары қолданылады, сондай-ақ 2050 жылға дейін немесе қаржылық өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жеткенге дейін оның бюджетінен республикалық және өзге де бюджеттерге қаражат алуға тыйым салынады.Инвестициялық саясатты іске асырудың негізгі құралы Алатаудың жер қоры болады. Жер учаскелері резиденттерге нақты инвестициялық жобаларға байланысты лицензиялар немесе шарттар негізінде беріледі.Қаланы дамыту ұзақ мерзімді жоспар бойынша жүргізіледі. Ол жоспарға стратегия, 30 жылдық тұжырымдамалық жоспар және 15 жылдық қала құрылысы жоспары кіреді. 15 жылдық жоспар белгілі бір уақыт өткеннен кейін қайта қаралады, яғни оны жаңартып, қажет болса түзетеді. Заң инвестицияларды қорғайды және оларға әділ әрі тең жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар қандай сот жүйесін қолданатынын өзі таңдай алады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1188492?lang=kk
Көктемгі әскерге шақыру: SARBAZ+ жобасы өтінімді онлайн қабылдайды 29.03.2026
Әскерге шақыру науқаны кезінде жастарға myarmy.kz платформасы арқылы мерзімді қызметке онлайн өтінім тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр.Бұл бастама бүгінде шақырылушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып отырған SARBAZ+ жобасы аясында жүзеге асырлылмақ.Өтінім беру үшін сайтқа кіріп, қызмет шарттарымен танысып, тиісті форманы толтыру жеткілікті. Одан кейін жүйе үміткерді барлық кезең бойынша автоматты түрде бағыттайды.Алдымен қабылданған өтінім мұқият тексеріледі. Содан соң әскери комиссариатқа медициналық тексеруден өту үшін шақыру келеді. Кейін әскери бөлім өкілдерімен әңгімелесу өткізіледі. Соның нәтижесінде үміткерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Барлық кезең түсінікті әрі ашық, ал қажетті құжаттар тізімі сайтта көрсетілген.SARBAZ+ жобасының басты ерекшелігі – жастарға заманауи дағдыларды үйрету. Қызмет барысында сарбаздар тек оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап қана қоймай, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп шығады. Жоба өзекті бағыттар бойынша маман даярлауға барынша басымдық береді.Rtel оқу сыныптарында әскери қызметшілер радиобайланысты меңгеріп, Ashik Aspan бағдарламасы арқылы дрондарды басқаруды үйренеді. Бұдан бөлек Eltex заманауи технологиялық жүйелерімен жұмыс істеуге бейімделеді. Сонымен бірге олар киберқауіпсіздік және деректерді қорғау негіздерін оқиды, жасанды интеллект элементтерімен танысып, цифрлық платформалар арқылы ағылшын тілін жетілдіреді.Әскери бөлімде қызмет етуге қолайлы жағдай жасалған. Спорт алаңдары, жаттығу залдары, белсенді демалыс аймақтары және электронды тир жұмыс істейді. Сондай-ақ бейнеаналитика жүйесі, «Ай-сұлу» боты және ARMIA.KZ платформасы сияқты қолдау сервистері жұмыс істейді.Аталған жобаға қызығушылық жоғары. Қазіргі таңда 268 өтінім берілген. Оның 90-ға жуығы іріктелді. Бір орынға шамамен үш адамнан келеді. Орын саны шектеулі болғандықтан, үміткерлердің бәрі бірдей қабылданбайды.SARBAZ+ жобасы мерзімді әскери қызметтің тек міндет қана емес, болашақ мамандыққа қажетті дағдыларды игерудің нақты мүмкіндігі екенін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта жобаны кеңейтіп, басқа әскери бөлімдерге енгізу жоспарлануда. Қазіргі әскерге шақыру кезеңінде мерзімді қызметтен өту үшін ең қолжетімді әрі ыңғайлы тәсілдердің бірі – онлайн өтінім беру жеткілікті болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1188516?lang=kk
2026 жылғы сәуір айына арналған негізгі салық есептіліктері мен міндетті төлемдер 29.03.2026
2026 жылғы сәуір айында салық төлеушілер бірқатар есептіліктерді тапсырып, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауы тиіс. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық міндеттемелерді, оның ішінде көлік салығын уақытылы орындау қажеттігін еске салады. САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ:15 сәуір:00 нысаны – 2026 жылғы ақпан айына арналған акциз бойынша декларация.20 сәуір:02 нысаны – 2026 жылдың 2–4 тоқсандарына арналған КТС бойынша аванстық төлемдердің есебі;00 нысаны – наурыз айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдердің есебі;870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша декларация. ТӨЛЕМДЕР:1 сәуір:Жеке тұлғалардың 2025 жылға арналған көлік құралдары салығы.6 сәуір:Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы наурыз айы үшін ЖТС.10 сәуір:КТС – 2025 жылға арналған декларация бойынша түпкілікті есеп;ЖТС – төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша түпкілікті есеп;Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары (оның ішінде үстеме пайда салығы, баламалы салық және т.б.);Жер салығы, мүлік салығы – 2025 жылға арналған түпкілікті есептер;2025 жылға арналған декларация бойынша және 2025 жылғы 1 шілдеден кейін туындаған міндеттемелер бойынша көлік құралдары салығы.15 сәуір:Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін (платформалар арқылы) 2026 жылғы наурыз айына арналған ЖТС.20 сәуір:2026 жылғы наурыз айы үшін ЕАЭО шеңберіндегі ҚҚС;Акциздер, оның ішінде ЕАЭО елдерінен импорт;Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем.27 сәуір:КТС – сәуір айына арналған аванстық төлемдер;Төлем көзінен ұсталған КТС және ЖТС (наурыз айы үшін);Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер;Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем (сәуір айы үшін);Наурыз айына бірыңғай төлем;Әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МЗЖК, МЗЖР, ӘА, МӘМС, МӘМСЖ) – наурыз айы үшін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1188549?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 13,6 миллионнан астам қызмет көрсетті 29.03.2026
БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта олардың төлемдерін қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинақтап қана қоймай, олардың болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ өз қызметінде отандастарымызға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады.01.01.2026 ж. мен 28.02.2026 ж. аралығында Қор халыққа 13,6 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 5,0 млн-ы электрондық форматта, 7,8 млн-ы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,9%-ын құрады. Салымшыларға 144,8 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 140,0 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде жеке зейнетақы жарналарының (МЗЖ) барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ), сондай-ақ жұмыс беруші өз қаражаты есебінен аударған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) есепке алу үшін шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) және нысаналы жинақтаушы шоттардың ("Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есепке алу және төлеу үшін НЖШ) жалпы саны 533 898 бірлікті құрады. Атап айтқанда, жалпы саннан 31 522 – МЗЖ бойынша, 9 749 – МКЗЖ бойынша, 130 133 – ЖМЗЖ бойынша, 5 881 – ЕЗЖ бойынша. 356 613 НЖШ "Ұлттық қор-балалар" бағдарламасының қатысушыларына ашылды.Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан, сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері барлық шот түрлері бойынша 5,4 млн үзінді көшірме берілді. Оның 4,6 млн-ы – электрондық, ал 737,4 мың үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, өткен ай ішінде салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 17,2 мың өтініш қабылданып, оның көп бөлігі электрондық нұсқада іске асырылған. 2026 жылдың ақпан айында деректемелерді өзгертуге 20,1 мың өтініш қабылданды. Оның 18,6 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 10,1 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 212,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 7,8 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 81,5 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1188575?lang=kk
Қазақстан мен Тәжікстан салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 29.03.2026
2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Астана қаласында Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Салық комитеті делегациясының Қазақстан Республикасына сапары өтті. Сапардың мақсаты – салықтық әкімшілендіруді жаңғырту бойынша қазақстандық тәсілдерді, оның ішінде процестерді цифрландыру мен бизнеспен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бағыттарын зерделеу және тәжірибе алмасу болды. Сапар бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен екіжақты кездесулер өтті. ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ынтымақтастықты дамыту озық тәжірибелерді енгізуге және салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазақстан тарапы салық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын таныстырып, әкімшілендірудің сервистік моделіне және цифрлық шешімдерге басымдық берді. Талқылау барысында мына мәселелер қаралды:салық заңнамасындағы өзгерістер;кәсіпкерлерді әкімшілендіру тәсілдері;жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу және трансферттік баға белгілеу;ірі салық төлеушілерді мониторингтеу;салықтық аудит;цифрландыру және ақпараттық жүйелерді дамыту. Цифрлық трансформация мәселелеріне ерекше назар аударылды. Делегация Digital Silk Road базасында МКК-нің IT-шешімдерімен танысып, процестерді автоматтандыруға, әкімшілік жүктемені азайтуға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған құралдар көрсетілді. Кездесулер ашық диалог форматында өтті, бұл тараптарға практикалық кейстерді, туындайтын мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік берді. Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға, заманауи шешімдерді енгізуге және екі елдің салық жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1188592?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМ Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады 29.03.2026
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіппен ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бұрын 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу туралы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінбеген зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тәртібі (олар болған жағдайда) келесіні көздейді:• ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ тарапынан автоматты түрде тағайындау Мемлекеттік корпорацияға белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты төлемдер алуға өтінішпен жүгінген кезде;• проактивті қызмет шеңберінде ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру Мемлекеттік корпорациямен жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болған кезде.Өтінішсіз тәртіп зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында қабылданды. Жаңашылдық ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін оңтайландырады және жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына жеткен, бұрын БЖЗҚ-ға 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу үшін жүгінбеген адамдардың ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының талап етілмеу тәуекелін жояды.Егер ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828588 теңге (12*69049)), бір реттік төлем ретінде жасалады немесе ай сайынғы кесте бойынша таусылғанға дейін жарналардың міндетті түрлерімен бірге жүзеге асырылады. Алайда алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлем шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіне алады.Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында, сондай-ақ Қор кеңсесінде ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға БЖЗҚ-ға өтініш бере алады.ЕЗЖ есебінен төлемдер алу тәртібі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында "қызметтер"/"ЕЗЖ есебінен төлемдер" бөлімінде танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1188602?lang=kk
ШҚО бойынша МКД командасы Өскемен қаласы Әкімінің кубогына арналған футбол турнирінде жүлделі орынға ие болды 29.03.2026
Өскемен қаласында «Наурыз мейрамы» мерекесіне орай қала Әкімі кубогына арналған футбол турнирі өтті.Сайыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінен құралған команда жүлделі екінші орынды иеленді. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдығын және мықты командалық рухын көрсетті.Сонымен қатар, команда мүшелері жеке номинациялар бойынша да марапатталды. Департаменттің Экспорттық бақылау бөлімінің маманы Ерболат Асқаров «Үздік қорғаушы» атағын алса, ШҚО бойынша МКД, Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Карпович «Үздік қақпашы» номинациясына ие болды.Турнир қатысушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған көрнекті спорттық шараға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1188613?lang=kk
«KEDEN» ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларация» функционалын іске қосу туралы 29.03.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) «KEDEN» кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Келесі кезең ретінде «Тауарларға арналған декларация» (ТД) функционалын іске қосу жоспарлануда.Осыған байланысты, 2025 жылғы қараша айынан бастап Комитет жүйе пайдаланушыларымен бірлесіп ТД функционалын тестілеуді жүргізуде.Қазіргі уақытта «KEDEN» ақпараттық жүйесінің өндірістік ортасында 5 737 пайдаланушы тіркелген, 3 200-ден астам ТД бойынша тауарларды декларациялау процесі тестіленді.Бірлескен тестілеу кезеңінде офлайн және онлайн форматта 1 500-ден астам кеден өкілдері мен декларациялаушылар оқытылды.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 500-ден астам ескерту жойылып, 69 ұсыныс қабылданды.2026 жылғы 28 наурыздан бастап «Тауарларға арналған декларация» (ТД) функционалын кезең-кезеңімен іске қосу жоспарлануда. Бұл ретте «KEDEN» ақпараттық жүйесінде ТД қолдану арқылы кедендік декларациялаудың толық циклі 2026 жылғы 10 сәуірден бастап жүзеге асырылатын болады.ТД беру және шығару рәсімдерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушыларға алдын ала «KEDEN» ақпараттық жүйесінің өндірістік нұсқасында (https://keden.kgd.gov.kz/) тіркеліп, тиісті функционалдың жұмысымен танысу ұсынылады.Қажетті барлық ақпарат (пайдаланушы нұсқаулығы, ТД толтыру бойынша бейнесабақтар) «KEDEN» порталында (https://keden.kgd.gov.kz/, «Көмек» бөлімі) орналастырылған.ТД функционалы толық іске қосылғанға дейін өндірістік ортада тестілеу жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1188673?lang=kk
ШҚО этнографиялық музейі өкілдерінің Барнаул қаласындағы Халықаралық ғылыми конференцияға қатысуы 29.03.2026
Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің делегациясы құрамында тарих ғылымдарының кандидаты Е. Рахматулина, магистрлер Г. Кашаку және А. Карчалова «Қазіргі әлемдегі түркітану: даму үрдістері мен трендтері» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған конференция 24–25 наурыз күндері Алтай мемлекеттік университеті жанындағы «Үлкен Алтай» ғылыми-білім беру орталығында өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 100-ге жуық қатысушы жиналды.Конференция барысында түркітанудың даму мәселелері, мәдени мұраны сақтау және пәнаралық зерттеулердің өзекті бағыттары қарастырылды. Іс-шара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болды. Конференция қорытындысы бойынша РҒДИ-да индекстелетін «Шығыстану зерттеулері» сериясында ғылыми мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.Конференцияға қатысу кәсіби байланыстарды кеңейтуге және музей қызметін дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1188696?lang=kk
2027 жылға әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру үшін ҮЕҰ-дан және қоғам өкілдерінен ұсыныстар жинақтауды бастағанын хабарлаймыз 29.03.2026
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2027 жылға әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру үшін ҮЕҰ-дан және қоғам өкілдерінен ұсыныстар жинақтауды бастағанын хабарлайды. Ұсыныстарды (жобаның толық сипаттамасы, сметасын) «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі» ММ-не, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі 7 мекенжайына жіберуге болады (хатта «ҮЕҰ-ның әлеуметтік жобаларының бағыттары бойынша ұсыныс» жазбасын көрсетуіңізді сұраймыз). Ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың 3 сәуірге дейін жүзеге асырылады. Қосымша ақпаратты мына нөмір арқылы алуға болады: + 7 (7212) 95-55-83Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-social-karagandy/press/news/details/1188704?lang=kk
Автокөлік теңізге батып кетті — бұл тек форс-мажор емес, сонымен қатар артық салықтар! 29.03.2026
Мынадай жағдайды елестетіп көріңіз: Каспий деңгейі күтпеген жерден күрт көтеріліп, сіздің автокөлігіңізді теңізге алып кетті, немесе басқа да табиғи апат орын алды. Көлік қалпына келтіруге келмейді, бірақ сіз белгі бермейінше Мемлекеттік кірістер органдары мұны «көрмейтінін» білесіз бе? Неліктен салық есептеле береді? Көлік салығы автокөлік ІІМ дерекқорында сіздің атыңызда тіркеуде тұрған уақытқа дейін есептеледі. Көлік темір үйіндісіне айналса да, ол салық салу объектісі болып саналады. Іс-қимыл алгоритмі:Бірден полицияны немесе ТЖ қызметін шақырыңыз. Сізге мүліктің жойылғанын немесе зақымдалғанын растайтын ресми құжат қажет болады.Көлікті есептен шығаруды «кейінге» қалдырмаңыз. Салық есептеу тек тіркеуден шығарылған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.e-Salyq Azamat қосымшасында немесе egov.kz порталында көліктің мәртебесі «Есептен шығарылды» деп өзгергеніне көз жеткізіңіз.Есіңізде болсын: Тізілімдегі бір артық ай — бұл бюджетке төленуі тиіс салық. Жылдам әрекет етіңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1188715?lang=kk