Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Мұнайлы ауданында Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. 29.03.2026
Бүгін Мұнайлы ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Ұлттық құндылықтар дәріптелген мерекелік шарада Батыр ауылы өздерінің киіз үйін тігіп, белсенді түрде қатысып, мерекенің сәнін келтірді.Салтанатты жиынға облыс әкімі қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.Наурыз – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы.Баршаңызды Ұлыс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен шаттық әкелсін! #DigitalNauryz #Наурыз2026Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1188724?lang=kk
Шәкәрім Құдайбердіұлы мұрасын ұлықтауға арналған IV облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті 29.03.2026
Жетісу өңірінде қазақтың кемеңгер ойшылы, сыршыл ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы мұрасын ұлықтауға арналған IV облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті. Тағылымды шараны Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырған шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.Байқауға облыстың әр аудан, қалаларынан келген 5–8 сынып аралығындағы оқушылардан  11 қатысушы қатысып, өздерінің білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың өнер додасы екі кезең бойынша өрбіді.Алғашқы кезең «Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын» деп аталып, оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Бұл кезеңде қатысушылардың сөз саптауы, дауыс ырғағы, сахна мәдениеті мен көркем оқу шеберлігі ерекше бағаланды.Екінші кезең «Білімдіден білімді озар жарысқанда» тақырыбында өтіп, бірінші кезеңнен іріктелген үздік оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл бөлімде олардың білім деңгейі ғана емес, ойлау қабілеті, зеректігі мен әдебиетке деген шынайы қызығушылығы айқын көрінді.Әділқазылар алқасы әр кезең бойынша қатысушылардың орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне және білім деңгейіне айрықша мән беріп, әділ бағаларын ұсынды.Байқау қорытындысы бойынша:Қаратал ауданының оқушысы Жасбатыр Жанәділ Сәрсенұлы І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды.ІІ орынды Панфилов ауданы, Көктал ауылының оқушысы Махмуд Марлан Тулытемірханұлы иеленсе, ІІІ орын Ақсу ауданының оқушысы Қызыр Жанеркеге бұйырды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Сонымен қатар, ерекше көзге түскен қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталып, белсенділік танытқан оқушылар мен олардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.Аталған байқау жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығына деген қызығушылықты арттыра түсті. Қатысушылар өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1188729?lang=kk
«Ұлттық құндылықтар - ұлт болашағының негізі» кездесу 29.03.2026
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Ұлттық құндылықтар - ұлт болашағының негізі» атты мәдени шара өтті. Шара барысында қазаққа қастерлі қырандар патшасы - бүркіттің тума табиғаттағы және адам қолындағы таңғажайыпқа толы тіршілік, ежелден келе жатқан саяткерліктің шынайылығы, оны ұстау, үйрету, түлету, баптау, аңға салу әдіс - айласын бапкер Хамитжанов Архат Қиялбекұлы сыр шертіп айтып берді.Қайта жаңғырған баба дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды садақты насихаттап жүрген, дала мергені атанған, Шығыстағы садақ федерациясының президенті Ажар Рахметқызы Төлеуханова қатысып, садақ атудың қыр - сырына тоқталды.Көмеймен ән айтуды өз бетінше үйреніп жүрген 10 сынып оқушысы Аман Темірбек бірнеше ән орындап, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Оның орындауындағы әрбір туынды ұлттық өнердің тереңдігін сездіріп, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Жас өнерпаздың талпынысы мен табиғи дарыны жиналған көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады.Кітапхана қорындағы кітаптардан «Қыран мен тазы: тарих және тағылым» атты кітап көрме қойылды, онда қыран құс бүркіт, тазы мен төбеттің әртүрлі тұқымдары, қазақтың аңшылық өнері жайлы және қазақ ойындары бойынша шыққан әдебиеттер, салт -дәстүр мен әдет - ғұрыптарға арналған кітаптар қойылып, таныстырылды.Бұл шара жас ұрпаққа ата-бабамыздың қастерлі дәстүрлерін таныстыруға, табиғатты сүюге, ұлттық мәдени мұрамызға деген сезімін арттыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-cultura-arhiv/press/news/details/1188750?lang=kk
ҰТЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 29.03.2026
Алматы қаласына арналған құнды сыйлықтар ұтысы өз мәресіне жетті!Өткен мерзімі: 25 желтоқсан 2025 — 22 наурыз 2026Ұтыс нәтижелері:— Қатысушылар саны: 9 689— Сканерленген чектер саны: 155 0842 сәуір | 12:00Тікелей эфир @amianapp және @mkdalmaty_dgdalmaty парақшаларында өтедіЖеңімпаздар кездейсоқ түрде анықталадыБарлығы әділ және ашық түрде тікелей эфирде өтеді — қосылып, өзіңіз көріңіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1188776?lang=kk
Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 13,6 миллионнан астам қызмет көрсетті 29.03.2026
БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта олардың төлемдерін қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинақтап қана қоймай, олардың болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ өз қызметінде отандастарымызға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады.01.01.2026 ж. мен 28.02.2026 ж. аралығында Қор халыққа 13,6 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 5,0 млн-ы электрондық форматта, 7,8 млн-ы – автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,9%-ын құрады. Салымшыларға 144,8 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 140,0 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылды.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде жеке зейнетақы жарналарының (МЗЖ) барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ), сондай-ақ жұмыс беруші өз қаражаты есебінен аударған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) есепке алу үшін шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) және нысаналы жинақтаушы шоттардың ("Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есепке алу және төлеу үшін НЖШ) жалпы саны 533 898 бірлікті құрады. Атап айтқанда, жалпы саннан 31 522 – МЗЖ бойынша, 9 749 – МКЗЖ бойынша, 130 133 – ЖМЗЖ бойынша, 5 881 – ЕЗЖ бойынша. 356 613 НЖШ "Ұлттық қор-балалар" бағдарламасының қатысушыларына ашылды.Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан, сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері барлық шот түрлері бойынша 5,4 млн үзінді көшірме берілді. Оның 4,6 млн-ы – электрондық, ал 737,4 мың үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Мәселен, өткен ай ішінде салымшылардан жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы 17,2 мың өтініш қабылданып, оның көп бөлігі электрондық нұсқада іске асырылған.   2026 жылдың ақпан айында деректемелерді өзгертуге 20,1 мың өтініш қабылданды. Оның 18,6 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 10,1 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 212,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 7,8 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардың кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша түскен өтініштерінің саны – 81,5 мың.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1200236?lang=kk
ГРЕКО Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылу барысын қарады 29.03.2026
Страсбург, 2026 жылғы 23-27 наурыз – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай бастаған ведомствоаралық делегация Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 102-ші пленарлық отырысына қатысты. Жұмыс тобының құрамына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Қаржы министрлігінің және Әділет министрлігінің өкілдері кірді.Іс-шара барысында ГРЕКО бағалауының бірінші және екінші раундтарының іске асырылуы жөніндегі есеп жобасы қаралды.Пленарлық отырыста сөз сөйлеген қазақстандық делегация басшысы қатысушыларды ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені нығайтуға бағытталған кешенді шараларды іске асырудың жалғасып жатқандығы туралы, оның ішінде ГРЕКО ұсынымдарын ескере отырып жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті.Агенттік төрағасы Д.Жазықбай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңартылған моделін кезең-кезеңімен енгізу туралы баяндап, оның алдын алу құралдарына бағдарлануын, «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруды және адалдық стандарттарын ілгерілетуді атап өтті.Сапар аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары және құқық үстемдігі жөніндегі Бас директоры Джанлука Эспозитомен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен бастамаларды ілгерілету, оның ішінде Қазақстанның Еуропа Кеңесінің бейінді тетіктеріне қатысуын кеңейту мәселелері бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.ГРЕКО Бюросының мүшесі, Кипр делегациясының басшысы Алексия Калисперамен өткен келіссөздер барысында сараптамалық өзара іс-қимылды жандандыру және ГРЕКО ұсынымдарын іске асыру саласында озық тәжірибелермен алмасу жөнінде келісімге қол жеткізілді.Агенттік Төрағасының Страсбург қаласындағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі өтті. Кездесу барысында ол мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктер туралы айтып, «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыруда зияткер әрі білімді ұрпақтың маңыздылығын атап өтті.ГРЕКО пленарлық отырысы аясында қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің Экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдерімен, Қаржыны жылыстатуға қарсы шараларды бағалау жөніндегі сарапшылар комитетінің (МАНИВЭЛ) және Қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы еуропалық конвенцияларды қолдану жөніндегі сарапшылар комитетінің (РС-ОС) басшыларымен жұмыс кездесулерін өткізді.Тараптар Қазақстанның Еуропа Кеңесімен екіжақты ынтымақтастығы шеңберінде нақты бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1188894?lang=kk
Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады 29.03.2026
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіппен ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бұрын 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу туралы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінбеген зейнеткерлік жасқа толған тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тағайындау тәртібі енгізілді.ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің өтінішсіз тәртібі (олар болған жағдайда) келесіні көздейді:• ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ тарапынан автоматты түрде тағайындау Мемлекеттік корпорацияға белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттен зейнетақы және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (рлік жасына жетуіне байланысты төлемдер алуға өтінішпен жүгінген кезде;• проактивті қызмет шеңберінде ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру  Мемлекеттік корпорациямен жыл сайынғы салыстырып тексеру нәтижелері бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болған кезде.Өтінішсіз тәртіп зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне бірыңғай тәсілді белгілеу мақсатында қабылданды. Жаңашылдық ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін оңтайландырады және жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына жеткен, бұрын БЖЗҚ-ға 50 жасқа толуына немесе мүгедектігіне байланысты оларды төлеу үшін жүгінбеген адамдардың ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының талап етілмеу тәуекелін жояды.Егер ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828588 теңге (12*69049)), бір реттік төлем ретінде жасалады немесе ай сайынғы кесте бойынша таусылғанға дейін жарналардың міндетті түрлерімен бірге жүзеге асырылады. Алайда алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлем шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіне алады.Естеріңізге сала кетейік, 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында, сондай-ақ Қор кеңсесінде ЕЗЖ есебінен төлемдер алуға БЖЗҚ-ға өтініш бере алады.ЕЗЖ есебінен төлемдер алу тәртібі туралы толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында "қызметтер"/"ЕЗЖ есебінен төлемдер" бөлімінде танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1200234?lang=kk
Робот техникасы бойынша «Robotek Grand Tournamment» жарысының қорытындысы 29.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда Қарағанды қаласында «Robotek Grand Tournament» робототехника жарысы өтті. Аталған додаға Осакаров ауданынан 7 команда қатысты.Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз келесідей орындарды иеленді:I орын – «Мерген» санаты: «Ертемір» командасы. Құрамы: Семей Айбота, Делегат Таңжарық («Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: Б. Болат);I орын – «Жеткізуші робот» санаты: «BitRobotics» командасы. Құрамы: Виталий Паромов, Владислав Исаков («№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: Ю.В. Федоров);I орын – «Роботек» санаты: «FALCON» командасы. Құрамы: Жандарбек Жаңабай, Алғыс Қизаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай);I орын – «РобоБаскетбол» санаты: «DRAGON» командасы. Құрамы: Диас Кенжебаев, Аслан Сансызбаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай).II орын – «Сұрыптаушы робот» санаты: Мирхат Ибраев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушысы, жетекшісі: С.Т. Темірбай).Қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды:«Туды жеткізу» санаты: «FALCON» командасы. Құрамы: Айдын Әбілов, Мирас Кенжебаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай);«Инверстік сызық бойымен жарыс» санаты: «Жебе» командасы. Құрамы: Ақтілек Заханай, Заңғар Сапар («№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: А.В. Пак).Жеңімпаздарды құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1188898?lang=kk
Осакаров ауданының мектептеріне 1 сыныпқа қабылдау туралы білуіңіз керек барлық нәрсе 29.03.2026
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2023 жылғы 07 тамыздағы №248 бұйрығына сәйкес 2026-2027 оқу жылында 1-сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, 31 тамызға дейін жалғасады.1-сыныпқа 6 жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.Осакаров ауданының мектептерінде 1 сыныпқа қабылдау «egov.kz» «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.Осы жылы баланы бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар (заңды өкілдер) 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында «egov.kz» порталына кіріп, өтініш беруі керек.Өтінім кез келген компьютерден, гаджеттен болашақ бірінші сынып оқушысының ата-анасының (заңды өкілінің) электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып беріледі.Өтінім үшін қажетті құжаттар:1.) Баланың 3х4 см сандық фотосуреті.2.) «Бала денсаулығы паспорты» 052-2/у анықтамасының электрондық көшірмесі;3.) «Профилактикалық егу картасы» 065/у анықтамасының электрондық көшірмесі.4) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның (ПМПК) қорытындысы (қажет болған жағдайда).Егер осы мемлекеттік қызметті алу кезінде сұрақтар туындаса, онда ата-аналар (заңды өкілдер) тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына жүгіне алады, сондай-ақ «egov.kz» «электрондық үкіметтің» 1414 нөмірі бойынша call-орталығына жүгіне алады.Ата-аналар (заңды өкілдер) тізбеге және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда мектеп өтінішті қабылдаудан бас тартады.Ата-аналарға (заңды өкілдерге) 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат Facebook, Instagram, Telegram парақшаларында жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1188903?lang=kk
Қалалық көлік қатынасын жақсарту аясындағы №24 маршруттың жаңартылуы 29.03.2026
Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында №24 қалалық автобус бағытының қозғалыс схемасына өзгерістер енгізілді. Жаңартылған бағыт тұрғындардың сұранысын ескере отырып әзірленді және қаланың негізгі аудандары мен әлеуметтік нысандарға қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.Енгізілген түзетулер жол жүру уақытын қысқартуға және қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1188906?lang=kk
Мысыр Араб Республикасы баруға ұсынылмайтын елдер тізімінен шығарылды 29.03.2026
Астана, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мысыр Араб Республикасының баруға ұсынылмайтын мемлекеттер тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Бұл шешім аталған елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылымның, оның ішінде халықаралық әуежайлар мен туристік аймақтардың жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып қабылданды.Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы ахуалдың әлі де шиеленісті болып қалуына, сондай-ақ өңірдің бірқатар мемлекеттерінде әуе кеңістігінің мезгіл-мезгіл жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі келесі елдерге жағдайдың толық тұрақтануына дейін сапарлардан бас тарту жөніндегі ұсынымдарын сақтайды: Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Оман және Сирия.Өңірде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту, ықтимал қауіпті аймақтарға барудан бас тарту, жергілікті билік органдарының нұсқауларын қатаң сақтау, соның ішінде зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу баспаналарға (қорғаныс орындарына) бару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу қажеттігі тағы да еске салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1188910?lang=kk
Есіл ауылындағы «Мектеп-интернат колледжі» КММ кәсіби сынақтарға қатысу 29.03.2026
Қарағанды облысы білім басқармасының кәсіптік сынақтар кестесіне сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданының білім бөліміне қарасты № 12, № 6, № 31 және № 17 орта мектептерінің 9-сынып оқушылары Есіл ауылындағы мектеп-интернат-колледжінде кәсіби сынақтарға қатыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1188921?lang=kk
Болгариядағы Құрметті консулдар институты дамуда 29.03.2026
Монтана, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның солтүстік-батысындағы маңызды әкімшілік және өнеркәсіптік өңірі – Монтана қаласына ресми сапармен барды.Сапар аясындағы негізгі іс-шара – Қазақстанның Құрметті консулдығын салтанатты түрде ашу рәсімі болды. Құрметті консул болып аймақтағы ірі инвестициялық-құрылыс компанияларының қатарына кіретін «Idea Home» компаниясының басшысы Ивайло Митев тағайындалды.Іс-шараға қалалық муниципалитет басшылығы, бизнес қауымдастық, ғылыми және мәдени топтар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.Елші В.Темірбаев екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, Болгарияның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы Қазақстанның ірі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін айтты. Салтанатты ашылу барысында құттықтау сөз сөйлеген Монтана қаласы мэрінің орынбасары Тихомир Антонов Қазақстанның жоғары экономикалық және инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ еліміздің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.Құрметті консул И.Митев көрсетілген жоғары сенім үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен өзіне бекітілген өңірлер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға дайын екенін жеткізді.Бұдан бұрын қалалық муниципалитет басшылығымен өткен кездесуде Елші В.Темірбаев болгар тарапын Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістермен таныстырып, 2026 жылғы 15 наурызда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытындыларына арнайы тоқталды. Бұл ретте, жаңартылған Ата заңның адамға бағдарланған сипатқа ие екендігін, қазіргі қоғамдық құндылықтар мен мемлекеттік қағидаттарды бейнелейтінін, сондай-ақ ҚР-дың саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталғанын ерекше атап өтті.   Сонымен қатар әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты және өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Қазақ дипломаты қатысушыларды Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен және шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларымен, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар аясындағы преференциялармен таныстырды.   Болгар тарапына іскерлік қауымдастық өкілдері арасында тарату үшін еліміздің инвестициялық әлеуеті мен перспективалы тауашалы жобалар туралы ақпараттық-презентациялық материалдар ұсынылды. Монтана – Дунай өзені арқылы өтетін «Жаңа Еуропа» көпірімен байланысқан, №4 пан-еуропалық дәлізінде орналасқан Болгарияның маңызды логистикалық торабы. Қала ауыл шаруашылығы дамыған және Орталық Еуропа нарықтарына шығу мүмкіндігі бар жоғары өнеркәсіптік әлеуетке ие. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-sofia/press/news/details/1188924?lang=kk
Қазақстан Елшісі Словакияның Баснска-Быстрица өлкесіне барды 29.03.2026
Банска-Быстрица, 2026 жылғы 25 наурыз – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Банска-Быстрица қаласына барып, қаланың азат етілуінің 81 жылдығына арналған еске алу іс-шарасына қатысты.Рәсімге Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегрини, Ұлттық Кеңес депутаттары, қала басшылығы мен тұрғындары, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Іс-шара Қызыл Армияның қаза тапқан сарбаздарына арналған монументке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.Іссапар аясында Банска-Быстрица өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы Марина Спировамен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Словакия өңірлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Елші словакиялық әріптестерге ұлттық іскерлік ұйымдармен тікелей жұмыс байланыстарын орнатуды ұсынды. Ынтымақтастықтың нақты бағыттары ретінде өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қою, бірлескен бизнес-форумдар ұйымдастыру, сондай-ақ іскерлік делегациялармен алмасу атап өтілді. М.Спирова қазақстандық тараптың ұсыныстарын қолдай отырып, өңірлік сауда-өнеркәсіп палаталарының бірімен ынтымақтастық туралы меморандумға бастамашылық жасауға және Қазақстан Республикасынан келетін кәсіпкерлер делегациясын қабылдауға дайын екенін білдірді.ҚР Елшісі Банош маңындағы орта кәсіптік мектепке барды. Аталған оқу орнында Қазақстан Республикасынан 32 оқушы білім алуда. 70 жылдық тарихы бар бұл бірегей оқу орны ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және ауылдық қызмет көрсету салалары үшін мамандар даярлауға бағытталған. Дипломат қазақстандық оқушылармен кездесіп, оқу үдерісімен және олардың тұрмыс жағдайларымен танысты, сондай-ақ оқу орны басшылығымен алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Матея Бела университетінің ректоры Владимир Хиадловскиймен кездесу барысында қазақстандық жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыстар орнату перспективалары қарастырылды. Ректор оқу орнының қызметі мен жетістіктері туралы ақпарат беріп, қазіргі таңда университетте Қазақстан Республикасынан келген 61 студент білім алып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытушылар мен студенттер алмасуы жүзеге асырылатын халықаралық байланыстар жөнінде мәлімет берді. В.Хиадловский Қазақстанға сапар жасап, отандық жоғары оқу орындарының әлеуетімен танысуға және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.Сапар аясында Елшілік қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Банска-Быстрица шабуыл операциясы барысында (1945 жылғы 10-30 наурыз) қаза тапқан Қызыл Армия жауынгерлерін еске алып, Зволен қаласындағы әскери-мемориалдық зиратқа гүл шоқтарын қойды.Анықтама: Зволен қаласындағы Орталық әскери-мемориалдық зиратта 320 жеке және 18 бауырластар зиратында Қызыл Армияның 17 280 сарбазы мен офицері жерленген. Аталған зират 1946 жылы ашылып, мемлекет қорғауына алынған мәдени ескерткіш болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1188963?lang=kk
Алматыда өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Үндістанның фармацевтика саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды 29.03.2026
Алматы, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «Kazakhstan–India Pharma Business Meeting» бизнес-форумына қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету.Аталған форумға жетекші фармацевтикалық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері, соның ішінде «Acies Pharmaceutical Pvt. Ltd.», «Abaris Healthcare Pvt. Ltd.», «Akriti Pharmaceuticals Pvt Ltd.», «AMTEC Health Care Pvt Ltd.» қатысты. Бұл екі елдің бизнес қауымдастықтарының Қазақстан мен Үндістан арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.«Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мыңнан астам үндістандық студент білім алуда, олардың көпшілігі медициналық университеттерде оқиды. Бұл қазақстандық білім беру жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді және денсаулық сақтау мен медициналық зерттеулер саласындағы болашақ байланыстар үшін берік негіз қалайды. Мұның айқын мысалы – жақында үнділік MSN Group-тың Алматы облысында толық циклді фармацевтикалық зауыт салу бойынша инвестициялық жобасы», –  Ә. Қуантыров деп атап өтті.Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды фармацевтика саласының даму қарқынына, атап айтқанда, қалада заманауи салалық кластерлердің қалыптасуына, ғылыми орталықтардың ашылуына және дәрілік заттарды өндіру жобаларының іске қосылуына қанағаттанушылық білдірді.Қазақстандағы Үндістан Елшісі Я.К. Сайлас Тангал бизнес-форумды өткізудің маңыздылығын және екі ел арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық қатынастарды дамыту мүмкіндіктерін атап өтті.Іс-шара аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тарапынан Қазақстанның инвестициялық және фармацевтикалық әлеуеті таныстырылды. Таныстырылым барысында үндістандық кәсіпкерлерге еліміздің аумағында дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар өндірісін жерсіндіруге белсенді қатысу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1189554?lang=kk
Яундеде ДСҰ-ның 14-ші Министрлік конференциясы басталды 29.03.2026
Яунде, 2026 жылғы 26 наурыз – Камерун Республикасының астанасында 2026 жылғы 26–29 наурыз аралығында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 14-ші Министрлік конференциясының (МК-14) ресми ашылу рәсімі өтті.Ашылу рәсімі МК-14 төрағасы болып табылатын Камерунның Сауда министрі Л. М. Мбарга Атанганың төрағалығымен өтті. Құттықтау сөздерімен Камерун Республикасының Премьер-министрі, ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала және қабылдаушы тараптың өкілдері сөз сөйледі.Іс-шараға сауда, экономика және даму министрлері, сондай-ақ ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің делегация басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Конференция жұмысына ДСҰ-ға мүше мемлекеттер мен бақылаушыларды қоса алғанда, шамамен 166 елдің делегациялары қатысуда.Қазақстан Республикасының делегациясын ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкіл Қайрат Төребаев басқарады.Ашылу барысында Конференцияның жаһандық сауда үшін елеулі сын-қатерлер жағдайында өтіп жатқаны атап өтілді, олардың қатарында геосаяси шиеленістер мен жаһандық экономиканың фрагментациясының күшеюі бар. ДСҰ Бас директоры мүше елдерді көпжақты сауда жүйесін нығайту және оны жаңғырту бойынша практикалық шешімдер әзірлеу үшін белсенді жұмыс істеуге шақырды.МК-14 аясындағы талқылаулардың негізгі бағыты қазіргі сауда күн тәртібінің өзекті мәселелерін қамтиды, оның ішінде ДСҰ-ны реформалау және оның тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, балық аулау субсидиялары бойынша келіссөздер, электрондық коммерция және оған қатысты қағидалар, инвестицияларды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ дамушы елдерді, оның ішінде ең аз дамыған елдер мен теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерді қолдау мәселелері бар.Конференция қорытындысы бойынша ашық, инклюзивті және ережелерге негізделген көпжақты сауда жүйесін нығайтуға, сондай-ақ ДСҰ-ны қазіргі жаһандық экономикалық жағдайларға бейімдеуге бағытталған шешімдер қабылданады деп күтілуде.Қазақстан делегациясы Конференция жұмысына белсенді қатысуда, оның ішінде пленарлық отырыстарға, тақырыптық талқылауларға және екіжақты кездесулерге қатысуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1188969?lang=kk
Қазақстан мен Финляндия экономика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда 29.03.2026
Хельсинки, 2026 жылғы 27 наурыз - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның экономика Министрі Сакари Пуистомен кездесті.А.Әбдіраимов Министрге Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жақында өткен республикалық Референдумның қорытындылары туралы хабардар етіп, бұл қадамның елдің одан әрі саяси және экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.Қазақ дипломаты Қазақстанның Финляндиямен ынтымақтастықты нығайтуға айрықша мән беретінін және туризм мен экономика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді түрде жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Ол екіжақты өзара іс-қимылдың әлеуеті қазіргі деңгейден әлдеқайда жоғары екенін айтып, жаңа бастамалар серіктестікті дамытуға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.Келіссөздердің негізгі өзегі туризм саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды. Тараптар фин азаматтарының Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасына деген қызығушылығы артып отырғанын, сондай-ақ екі ел арасындағы туристік ағынды ұлғайту үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Тікелей бағыттарды кеңейту, бірлескен туристік өнімдерді ілгерілету және заманауи туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды. Министр С.Пуисто Финляндияның тұрақты туризм саласындағы серіктестікті тереңдетуге және инновациялық шешімдерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті.Туризмнен бөлек, тараптар экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын да талқылады. Инвестициялық өзара іс-қимыл, инновацияларды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, «жасыл» экономика және жоғары технологиялық салалардағы технологиялармен алмасу мәселелері сөз болды.Тараптар белсенді диалогты жалғастыру және Қазақстан мен Финляндия арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды ілгерілету жөнінде нақты қадамдар әзірлеу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1188970?lang=kk
Будапештте Түркі мемлекеттер ұйымы аясындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды 29.03.2026
Будапешт, 2026 жылғы 27 наурыз - Мажар тарапының бастамасымен Будапешт қаласында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелеріне жауапты жоғары лауазымды тұлғаларының басқосуы өтті.Қазақстан тарапынан жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ернар Лазар қатысты.Кездесу барысында жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу орын алды. Әсіресе, жаһандық жеткізу тізбектерінің орнықтылығы тұрғысынан көлік-транзит саласындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңыздылығы атап өтілді.Осы орайда қазақ тарапы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) өңірлік экономикалық ықпалдастықты ілгерілетудегі рөлін жоғары бағалады. Сауда, инвестиция, энергетика және көлік-логистика бағыттарындағы байланыстарды тереңдете түсудің өзектілігіне назар аударылып, бұған дейін осы мәселелер бойынша жоғарғы деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру маңызына ерекше тоқталды.Е.Лазар Қазақстанның ТМҰ-ға мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 13 миллиард долларға жеткенін айтып, мұны экономикалық ынтымақтастықтың сапалық тұрғыдан жаңа белеске көтерілгенінің айғағы екеніне наза аударды.Басқосу аясында өңірлік өзара ынтымақтастықты күшейтудің басты тетіктерінің бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі шеңберіндегі ынтымақтастыққа ерекше мән берілді. Бұл стратегиялық бағыт сауда ағындарын ұлғайтып, инвестиция тартуға жол ашатын маңызды фактор болып табылатыны баса айтылды.Е.Лазар алдағы кезеңде түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында ТМҰ бейресми саммиті өтетінін хабарлап, оның жасанды интеллект пен цифрлық даму тақырыптарына арналатынын жеткізді.Сонымен қатар іс-шара шеңберінде Қазақстан мен Мажарстан делегациялары арасында екіжақты келіссөздер өтті.Тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы және Мажарстан Президенті Тамаш Шуйоктың 2025 жылғы өзара сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы мен нәтижелерін талқылады.Кездесу соңында Е.Лазар Мажарстан Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі Марцел Бироны Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1188986?lang=kk
Қазақстан мен Кения тау-кен өндіру және теңіз порттарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті 29.03.2026
Найроби, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Тау-кен өнеркәсібі, көгілдір экономика және теңіз істері министрі Хассан Джохомен кездесіп, минералдық ресурстарды барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен Кения теңіз порттарын пайдалану мәселелерін талқылады.Х.Джохо Кенияның минералдық ресурстарының үлкен қоры және Қазақстанмен ынтымақтастық үшін зор әлеует бар екенін атап, Найробидің минералдық ресурстарды өндіру және Кенияның инфрақұрылымын, соның ішінде теңіз порттарын дамыту саласындағы Астанамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібіндегі, транзиттік және көліктік бағыттарды дамытудағы, оның ішінде Кения порттарын пайдаланудағы ынтымақтастықты жандандыру және екі елдің сарапшыларының қатысуымен кездесулер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1188987?lang=kk
Қазақстан CERAWeek конференциясында мұнай саласын дамытудың басым бағыттарымен таныстырды 29.03.2026
Хьюстон, 2026 жылғы 25 наурыз – CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов «Мұнай нарығының жаһандық болжамы: іргелі факторлар және геосаяси турбуленттілік» атты сессияға қатысты.Өз сөзінде министр Қазақстанның мұнай саласының қазіргі жағдайын таныстырды. Елдің әлемдік нарыққа сенімді энергия ресурстарын жеткізуші ретіндегі жайғасымын сақтап отырғаны атап өтілді.Министр сала алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді, соның ішінде энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, атап айтқанда Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортталатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін белгіледі. Бұл бағыттың ұлттық экономика үшін аса маңызды екені және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігі ерекше атап өтілді.Сондай-ақ, баяндамада мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр салықтық жеңілдіктерді көздейтін және геологиялық барлау мен көмірсутектер өндіруге жаңа инвестициялар тартуға бағытталған Жетілдірілген үлгілік келісімшарттың қолданыста екенін атап өтті.Сонымен қатар, мұнай-газ химиясын дамыту бойынша стратегиялық жоспарлар да айтылды. Қазақстан мұнай өңдеу қуаттарын екі есеге арттыруды көздейді, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азия өңіріндегі мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі елдің жайғасымын нығайтуға мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, CERAWeek конференциясы аясында Энергетика министрі Е.Ақкенженов АҚШ Энергетика министрі К.Райтпен және америкалық ірі мұнай-газ компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1188988?lang=kk