«ҚР АШМ АӨК МИК Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» ММ мемлекеттік қызметтерді ұсынады!
29.03.2026 08:19:16 205
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ Заңына (1-бап 30-тармақ) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34637 болып тіркелді - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының аумағында карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін болдырмайтын өзгерістер күшіне енеді.
Түзетілгендей, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың себілетін және отырғызылатын материалына, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшелер, баданалар, түйнектер, жемістер), сондай-ақ карантиндік объектілерді тасымалдаушы болуы мүмкін басқа да өсімдіктен алынатын кез келген өнімге; карантиндiк объектiлердi тасымалдағыштар болуы мүмкiн ауыл шаруашылығы машиналарына және топырақ өңдеуге арналған құралдарға, көлiк құралдарына, ыдыстың барлық түріне, буып-түю материалдарына, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдарына, топырақ құймалары мен үлгiлерiне; почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдік салымдарына; өсімдіктен алынатын өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін, залалсыздандыратын және өткізетін ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының аумағына және үй-жайларына; ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа мақсатқа арналған жерлерге; ішкі сауда объектілеріне, теміржол вокзалдарына, автовокзалдарға, өзен порттарына, айлақтарға, почта операторларының өндірістік объектілеріне; жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауына және тағы басқасына қолданылады.
Сонымен қатар, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өзгерістер енгізілді:
- фитосанитариялық сертификат өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді;
- өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
Қызмет алушылар «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590бұйрықтағы басқа өзгерістерімен http://adilet.zan.kz сайтта көре алады.
Туындаған сұрақтар бойынша 2-40-68 телефон нөмірі немесе mendykara _p_rtu@minagri.gov.kz электронды поштасы арқылы немесе Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Боровской селосы, Летунов көшесі, 9 үй 2 қабат, мекенжайы бойынша орналасқан біздің мекемеге келіп кеңес алуға болады.
ҚР АШМ АӨК МИК Мендіқара ААИ. Бас маман - өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ғ.Мустафин
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1188231?lang=kk