Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында сотталғандар арасында жазғы спартакиада өтті 08.10.2026
       Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде сотталған әйелдер арасында 70-тен астам адамды қамтыған жазғы спартакиада өтті. Спорттық мереке салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық рухты қалыптастыруға және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға бағытталған жарқын шараға айналды.Спартакиаданың салтанатты ашылуы жасақтар арасында волейболдан өткен турнирмен басталды. Ойындар тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, мақсатқа ұмтылысын және жеңіске деген жігерін көрсетті.Іс-шараның ерекше атмосферасын сотталған әйелдердің дайындаған спорттық билері мен флешмобы толықтырды. Жарқын қойылымдар мерекенің сәнін келтіріп, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.Спартакиада бағдарламасына үстел теннисі, шахмат, қол күресі және арқан тартудан жарыстар енгізілді. Әрбір спорт түрі қатысушылармен қатар жанкүйерлердің де үлкен қызығушылығын тудырды. Күні бойы спортшыларды ұйымшыл ұрандар мен қошемет қолдап, бірлік пен спорттық бәсекелестікке толы ерекше көңіл күй қалыптасты.Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар қатысушыларға бағалы жүлделер мен естелік сыйлықтар табысталды. Демеушілердің қолдауының арқасында тек спортшылар ғана емес, спорттық іс-шараны дайындауға және ұйымдастыруға үлес қосқан жандар да назардан тыс қалмай, ынталандырылды.– Спартакиада біз үшін өзімізді көрсетуге және жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар күнделікті күйбең тірліктен бір сәт алаңдап, бір-бірімізге қолдау көрсетуге және өз күшімізге сенуге көмектеседі. Жарысқа үлкен ықыласпен дайындалдық және оған қатысқанымызға қуаныштымыз, – деді сотталған әйелдердің бірі.– Спорттық іс-шаралар сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысында маңызды рөл атқарады. Спартакиада тек дене шынықтыруды дамытуға және денсаулықты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар командалық рухты, тәртіпті және алға қойылған мақсаттарға жетуге деген ұмтылысты қалыптастыруға бағытталған. Мұндай шаралар сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етіп, ұжымда жағымды ахуал қалыптастырады, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ақмарал Қайранова.Спартакиада сотталған әйелдердің қатысуымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Концерттік бағдарлама барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мазмұнды әрі спортқа толы күннің лайықты қорытындысына айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1305687?lang=ru
Салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету туралы 08.10.2026
Құрметті салық төлеушілер!ҚР Салық кодексінің 84–89-баптарына сәйкес, заңнамада көзделген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдары салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету шараларын қолданады.🔹 Негізгі шаралар:💰 Өсімпұл есептеу — салық міндеттемесі уақытында орындалмаған жағдайда есептеледі.🏦 Шығыс операцияларын тоқтата тұру — салық берешегі белгіленген шекті мөлшерден асқан кезде, сондай-ақ Кодексте белгіленген басқа да жағдайларда банк шоттары және (немесе) касса бойынша қолданылады.🏠 Мүлікке билік етуге шектеу қою — салық берешегі белгіленген шекті мөлшерден асқан кезде берешек сомасы шегінде, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда — шағым жасалған сома шегінде қолданылады.📄 Электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру — Салық кодексінің 88-бабында белгіленген жағдайларда, оның ішінде жекелеген хабарламалар орындалмаған кезде және ҚҚС бойынша салық есептілігіне қатысты көзделген жағдайларда қолданылады.🌐 Интернет-ресурстарға және (немесе) интернет-платформаға қолжетімділікті шектеу — Қазақстан аумағында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияларға белгіленген хабарламалар орындалмаған жағдайда қолданылады.⚠️ Аталған шаралардың қолданылуына жол бермеу үшін салық төлеушілерден салық міндеттемелерін уақтылы орындауды, белгіленген мерзімдерді сақтауды және Салық кодексінде көзделген жағдайларда мемлекеттік кірістер органдарының хабарламаларын орындауды сұраймыз.⚖️ Аталған шараларды қолдану, тоқтата тұру және олардың күшін жоюдың негіздері мен тәртібі ҚР Салық кодексінің 84–89-баптарында айқындалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1305697?lang=ru
«Теңіз порты» кеден бекеті Ақтау халықаралық контейнерлік хабына көшті 08.10.2026
«Теңіз порты» кеден бекетінің орналасқан жері өзгерді Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен азаматтарды «Теңіз порты» кеден бекетінің орналасқан жері өзгергені туралы хабардар етеді. Бұл шара мемлекеттік қызмет көрсетудің ыңғайлылығын арттыру және сапасын одан әрі жақсарту мақсатында қабылданды.Кеден бекеті жаңа мекенжай бойынша орналасқан: Ақтау қаласы, 7-өнеркәсіптік аймақ, 43-ғимарат, Ақтау халықаралық контейнерлік хабы, ӘТК ғимараты, 1-қабат.Байланыс телефоны: (7292) 52-59-11.Аталған нөмір бойынша кедендік ресімдеу және бекеттің қызметі жөнінде кеңес алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1305717?lang=ru
Қазақстан мен Сауд Арабиясы Іскерлік кеңес арқылы өзара іс-қимылды күшейтуде 08.10.2026
Рияд, 2026 жылғы 5 қазан – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ахмед Әл-Дахилмен кездесу өткізді.Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.Кездесу барысында Іскерлік кеңестің екі елдің бизнес өкілдері арасында тікелей байланыстар орнату, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу және өзара сауда көлемін ұлғайту үшін негізгі алаң ретіндегі қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше назар аударылды.Тараптар екіжақты әріптестікті дамыту үшін жоғары әлеует бар екенін атап өтіп, Іскерлік кеңестің қызметін жандандыру жөнінде уағдаласты.Сонымен қатар, сауд тарапына 2026 жылғы 22 қазанда Шымкент қаласында өтетін «KGIR-2026» Қазақстандық инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысуға шақыру табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1305741?lang=ru
Қазақстанның трансшекаралық хабтары сауда мен логистиканың жаңа орталықтарына айналуда 08.10.2026
Қазақстанда трансшекаралық сауда-логистикалық хабтарды құру жұмысы біртіндеп жобалау кезеңінен нақты нәтижелерге көшуде. Бүгінде әңгіме тек шекара маңындағы инфрақұрылымды қалыптастыру туралы емес, сонымен қатар өндірістік нысандар салу, инвестиция тарту, жаңа логистикалық қуаттарды іске қосу және алғашқы жүк ағындарын қалыптастыру туралы болып отыр. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Каспий өңірі елдерімен сауда байланыстарын нығайтуға тиіс бес негізгі хаб бойынша жұмыстынуда. Оларды дамыту бизнес үшін логистиканы жеңілдетіп, шикізаттық емес экспорт көлемін 30%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.Бұл бағыттағы динамика шығыс бағытында айқын көрінеді. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да жобалар саны 2022 жылдан бері 14-тен 69-ға дейін өсті, ал тартылған инвестициялар көлемі 340 млрд теңгеден 652,8 млрд теңгеге дейін артты. Қазіргі уақытта мұнда 75 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылып жатыр. Олар 864 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында инвестиция көлемі 9,3 млрд теңгені құрайтын және 230 жұмыс орнын ашатын тағы 9 жаңа қатысушы тіркелді. Осы кезеңде өндірілген өнім көлемі 12,7 млрд теңгеге жетіп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74%-ға артты.«Қорғас» инфрақұрылымының өзі де өзгеріп келеді. АЭА аумағында жылына 540 мың контейнер қабылдай алатын құрғақ порт және ауданы 25 мың шаршы метр болатын «А» санатындағы қойма кешені жұмыс істеп тұр. Тағы екі ірі логистикалық жоба жобалау кезеңінде. 2028 жылға дейін мұнда 577,7 млрд теңгеге 28 жобаны іске асырып, шамамен 2,8 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Ірі бастамалардың қатарында құны 330 млрд теңгені құрайтын «Қазақстан-Қытай халықаралық индустриялық қаласы» индустриялық паркі және құны 250 млрд теңге болатын халықаралық жүк-жолаушылар әуежайы бар.Қазақстанның оңтүстігінде де жобалар практикалық іске асыру кезеңіне өтуде. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында ауданы 100 гектар аумақты қоршау жұмыстары аяқталып, ішкі жолдар мен инженерлік инфрақұрылым салынуда. Сыртқы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қазір іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі инженерлік инфрақұрылымның 55%-ы дайын, жұмыстарды 2026 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар әкімдік сегіз өндірістік ғимараттың құрылысын толық аяқтады. Орталық аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалар пулы 89,4 млрд теңге көлемінде қалыптастырылды. Құны 75,3 млрд теңге болатын ірі жобалардың бірі – индустриялық парк бойынша құрылыс жұмыстары басталып кетті.Жамбыл облысында Индустриялық сауда-логистикалық кешен жобасы 2026 жылғы сәуірде арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие болды. Кешенді орналастыру үшін ауданы 165 гектар жер учаскесі белгіленіп, инженерлік желілерге қосу бағдарламасы әзірленді. Биыл бірінші кезектегі қосалқы станцияның құрылысы басталды. Осы мақсатқа қарастырылған 12 млрд теңгенің шамамен 4 млрд теңгесі 2026 жылы бөлінді, қалған қаражатты келесі жылы бағыттау жоспарланып отыр. Сонымен қатар кешеннің аумағы мен инфрақұрылымын дайындау жұмыстары жалғасуда.Батыс бағытында да белсенді даму жүріп жатыр. Батыс Қазақстан облысындағы «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы 281 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда газбен, электр желілерімен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қоса, сыртқы инженерлік инфрақұрылымның бір бөлігі тартылып болды. Индустриялық аймақта асфальтбетон өндіру, автомобиль шиналарын қайта өңдеу, газобетон бұйымдарын шығару және газтурбиналық электр станциясын салу жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар инвестиция тартуға және өндірісті оқшаулауға қосымша жағдай жасауға тиіс «Еуразия» АЭА-сын құру мәселесі пысықталуда.Каспий бағытында да өзіндік оң динамика қалыптасып отыр. Ақтау портында Ақтау халықаралық контейнерлік хабының практикалық жұмысы басталды: 2026 жылғы 14 шілдеде алғашқы контейнерлік пойыз қабылданды. Бүгінде 233 контейнер немесе 444 ДФЭ қабылданды. Жоба кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Перспективада бұл порттың контейнерлік жүктерді өткізу қуатын қазіргі 70 мың ДФЭ-ден жылына 240 мың ДФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді.Каспий көлік торабындағы тағы бір ірі нысан – ЕРСАЙ индустриялық портының контейнерлік терминалы. Оның құрылыс дайындығы шамамен 85%-ды құрайды. Ұзындығы 10 шақырым болатын портішілік теміржол жолдарының құрылысы аяқталды, қазір контейнерлік алаң мен кран асты жолдарын салу жұмыстары аяқталуға жақын. Терминалды 2026 жылғы 1 қазанда пайдалануға беру жоспарланған. Жоба толық қуатына шыққаннан кейін жылына 120 мың ДФЭ-ге дейін өңдеп, жыл сайын 300 кемеге дейін қабылдай алады. Жобаға тартылған жеке инвестициялар көлемі 15 млрд теңгеден асады.Осылайша, бес трансшекаралық хаб біртіндеп Қазақстан бизнесін көршілес елдердің ірі нарықтарымен байланыстыратын бірыңғай инфрақұрылымдық жүйені қалыптастырып келеді. Кейбір нысандарда өндірістік кәсіпорындар жұмыс істеп тұр, кей жерлерде алғашқы контейнерлік пойыздар қабылдануда, ал бірқатар аумақта инженерлік инфрақұрылымды аяқтап, жаңа нысандардың құрылысын бастау жұмыстары жүргізілуде. Келесі кезең – жобаларды толық қуатына шығару, инвесторлар пулын кеңейту және Қазақстан шекарасы арқылы өтетін сауда мен транзит көлемін одан әрі ұлғайту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1305756?lang=ru
Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржы саласының біртұтас цифрлы экожүйесін қалыптастырып жатыр 08.10.2026
ҚР Қаржы министрлігі кірісті қалыптастыру, бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және қазынашылық орындау процестерін бірыңғай цифрлы контурға біріктіруді көздейтін мемлекеттік қаржы жүйесінің цифрлы трансформациясын жалғастырып келеді.Қазір цифрландырудың нәтижесінде айтарлықтай экономикалық серпін байқалып отыр. Мәселен, бюджетке қосымша 410 млрд теңге түсіп, сондай-ақ бюджетті жоспарлау кезінде фискалды деректерді қолдану жыл сайын 200 млрд теңгеге дейін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Ал 2027-2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде шамамен 1,5 трлн теңгеге дейін орынсыз шығыстардың алдын алынды.Бұған қоса платформалық жұмыспен қамтуды дамыту жалғасып жатыр. Арнайы салық режіміне 38 цифрлы платформа қосылып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 804,8 мың адамға жетті. 600 мыңнан астам азамат ресми экономикалық айналымға жұмылдырылды.Сонымен бірге салық есебі мен есептеулерді автоматтандыруды көздейтін «сервис түріндегі салық» қағидасы іске асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты – «батырманы бір-ақ басу» негізіндегі есеп форматына көшу.ЖИ қолданыс аясын кеңейтуге ерекше мән берілген. Айталық, қосымша 672 тәуекел айқындалып, бұл бақылаудың дәлдігін арттырып, кәсібін адал түрде жүргізетін жандарға әкімшілік жүктемені азайтуға жол ашады.2029 жылға қарай ШОБ салық міндеттемелерінің кемінде 80% ЖИ көмегімен алдын ала толтыруды жолға қойып, салықты уақтылы әрі адал төлейтін азаматтарды тексеруді 50% азайту жоспарланған.Бұл ретте цифрлы трансформация мемлекеттік қаржы саласын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін нығайтып, әкімшілік жүктемені азайтуға, сондай-ақ бизнес пен азаматтарға арналған озық сервистерді дамытуға бағытталғанын айта кетейік.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1305770?lang=ru
Самарқандта түркі әлемі конституциялық бақылау органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды 08.10.2026
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Самарқандта өткен Түркі әлемінің конституциялық юрисдикциялары конференциясы ұйымының (TÜRK-AY) отырысына қатысты.Қатысушылар конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелері мен өңіраралық өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын, оның ішінде TÜRK-AY, Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығы (AACC) мен Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар бекіту мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1305812?lang=ru
Қазақстан мен Сауд Арабиясы дипломатиялық кадр даярлаудағы ынтымақтастықты күшейтеді 08.10.2026
Рияд, 2026 жылғы 5 қазан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Ханзада Сауд әл-Фейсал атындағы Дипломатиялық зерттеулер институтының Бас директоры доктор Мушабаб бен Айед әл-Кахтанимен кездесті.Кездесу барысында тараптар дипломатиялық кадрларды даярлау, ғылыми-талдау бағытындағы әріптестік және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің дипломатиялық институттары арасында жас мамандарға арналған тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен іс-шараларды өткізуді көздейтін екіжақты құжатқа қол қою мүмкіндігін қарастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1305825?lang=ru
Шетпе ауылында құқықтық-профилактикалық керуен өтті 08.10.2026
Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы мен «Адал қоғам» жобасы аясында құқықтық-профилактикалық керуен өтті. Кездесуді Маңғыстау облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Алаңға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Олардың қатарында Маңғыстау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері болды. Мамандар ауыл тұрғындарына салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін, есептілікті тапсыру мерзімдерін, бақылау-кассалық машиналарды қолдануды және салықты төлемеудің салдарын түсіндірді. Тұрғындар жеңілдіктер, берешек және салық органдарына жүгіну тәртібі туралы сұрақтар қойды. Мамандар орындарда жауап беріп, ресми консультация алу үшін қайда жүгіну керектігін айтты. Шетпедегі керуен тұрғындар салық, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тікелей сұрақ қоя алатын тағы бір кездесу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1305892?lang=ru
Алматы облысында ұстаздар күніне орай білім саласының үздіктері марапатталды 08.10.2026
6 қазан күні Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтіп, білім беру саласының үздік қызметкерлері марапатталды.Мерекелік шара барысында педагогтердің кәсіби жетістіктері аталып, білім беру саласында жоғары нәтиже көрсеткен мамандарға құрмет көрсетілді.Бүгінде Алматы облысында 34 767 педагог еңбек етеді. Оның 33 306-сы мемлекеттік, 1 461-і жекеменшік білім беру ұйымдарында қызмет атқарады. Биыл 7 292 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.Өңір педагогтерінің республикалық деңгейдегі жетістіктері де жоғары. 13 педагог «Үздік педагог» атағына ие болды. Ал жыл басынан бері облыстың 19 педагогі аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.Биыл республикалық педагогикалық хакатонға Алматы облысынан 6 жас маман қатысып, оның үшеуі жүлделі орын иеленді. Сонымен қатар «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» VIII республикалық байқауында Іле ауданының мұғалімі Табыс Шырақ I орын алды.Салтанатты жиында Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагог еңбегінің қоғамдағы маңызына тоқталды.«Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, олардың бойына адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіретін қадірлі мамандық иесі. Ұстаз еңбегінің нәтижесі – шәкіртінің жетістігі, елдің ертеңі мен қоғамның кемел келешегі», – деді Қайрат Жұманов.Мерекелік жиын барысында білім беру саласының мамандарына «Еңбек ардагері» медалі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалі, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі, сондай-ақ облыс әкімінің және білім басқармасы басшысының Құрмет грамоталары табысталды.Сонымен қатар «Үздік балабақша – 2026», «Үздік ауыл мектебі – 2026», «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы – 2026», «Үздік сынып жетекші – 2026» және «Жылдың үздік мұғалімі – 2026» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша халықаралық және республикалық деңгейдегі шығармашылық-зерттеу жұмыстары, олимпиадалар мен байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен аудандық және қалалық білім бөлімдері де жалпы командалық есепте жүлделі орындарға ие болды.Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын білім саласында еңбек етіп жүрген жандарға құрмет көрсетіп, олардың кәсіби жетістіктерін дәріптеуге арналды. Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1305964?lang=ru
Қысқы мал азығы 08.10.2026
Сарыбастау ауылдық округінде қысқы мал азығын дайындау науқаны сәтті аяқталды. Жергілікті шаруа қожалықтары мен тұрғындар алдағы қыс мезгіліне қажетті азық қорын межеленген жоспарға сәйкес дайындап алды.Науқан барысында өрт қауіпсіздігі ережелері толық сақталып, техникалар үздіксіз жұмыс атқарды. Жиналған шөп пен жем-шөп қоры қысқы кезеңде төрт түлік малды шығынсыз бағып шығуға толық мүмкіндік береді.Еңбектеріңіз берекелі болсын, ағайын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybastau/press/news/details/1305966?lang=ru
ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енді 08.10.2026
2026 жылғы 6 қазанда Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енді (бұдан әрі – Келісім).Анықтама ретінде: Келісімге 2025 жылы 27 маусымда Санкт-Петербург қаласында қол қойылды.Келісім Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 338-VIII ҚРЗ Заңыменратификацияланды.Келісімнің негізгі мақсаты – тауарноменклатурасының 85%-дан астамына қатысты импорттық кедендік баждарды өзара алып тастау және азайту, сондай-ақ тараптар арасындағы сауданы жеңілдету болып табылады.Әмірлік нарығының ашылуы қазақстандық экспорттаушыларға БАӘ-ге ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің мынандай санаттарын бажсыз жеткізуге мүмкіндік қамтамасыз етеді: қой еті, кептірілген бұршақ көкөністері, тауық еті, ІҚМ еті, басқа да азық-түлік өнімдері, қант қосылған минералды су, бидай ұны, кондитерлік өнімдер, өнеркәсіп тауарлары үшін: мұнай және мұнай өнімдері, тазартылған мыс, ыстықтай илектелген жалпақ прокат, суықтай илектелген жалпақ прокат, шыбықтар, крандар, клапандар, клапандар, МТС бөлшектері, сорғылар және т.б.Импорттық кедендік баждардың күшін жою мен төмендетуден басқа, Келісімде кедендік ынтымақтастық, сауданы қорғау шаралары, тауарлардың шығу тегін айқындау, СТҚ, СФС, зияткерлік меншік туралы ережелер, сондай-ақ құқықтық және институционалдық мәселелер бойынша тиісті тараулар және салалық ынтымақтастықты дамыту, шағын және орта бизнестің, электронды сауданың және т.б. салалардағы уағдаластықтар қарастырылған. Сауданың толық форматты преференциялық режимін қалыптастыру, келісім аясындағы мәселелердің кең ауқымын реттеу өзара сауданың әлеуетін іске асыруға және Қазақстанның БАӘ-мен сауда-экономикалық қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.Толығық мәтіні https://eec.eaeunion.org сайтында қолжетімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1306005?lang=ru
«Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі бағыттары, шарттары және қатысу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді Кеген ауданында ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және шаруашылығын дамытуына қолдау көрсететін «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі бағыттары, шарттары мен қатысу тәртібін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы төрағалық етті. Кездесуде «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, қаржыландыру тетіктері, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және ауыл тұрғындары үшін қарастырылған мүмкіндіктер кеңінен түсіндірілді. 2026 жылы Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығына бекітілген лимитке сәйкес, Кеген ауданына 21 жобаға 317 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Бөлінген қаржы бірнеше бағытты қамтиды: мал шаруашылығы – 10 жоба, оның ішінде 1 кооператив; өсімдік шаруашылығы – 4 жоба, оның ішінде 1 кооператив; қайта өңдеу – 3 кооператив; өзге де қызмет түрлері – 45 жоба. Қазіргі таңда мал шаруашылығы бағыты бойынша 9 жеке кәсіпкер мен 1 кооперативтің құжаттары «СПК Қонаев» АҚ-ға тапсырылған. Сонымен қатар 2026 жылдың басында 2024 жылы тапсырылған 40 құжат «СПК Қонаев» тарапынан кері қайтарылған. 08.10.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1306018?lang=ru
«Әйел мен ер – қоғамдағы тең мүмкіндік» атты дөңгелек үстел. 08.10.2026
2 қазан күні Бастаушы ауылдық клуб үйінде әйелдер мен ерлердің қоғамдағы тең мүмкіндіктерін насихаттау, гендерлік теңдік қағидаттарын түсіндіру және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қолдау мақсатында «Әйел мен ер – қоғамдағы тең мүмкіндік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қоғамдағы әйел мен ер адамның орны, олардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мен қоғамдағы өзара сыйластық, бір-біріне қолдау көрсету және тең мүмкіндік беру мәселелері кеңінен талқыланды.Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, әйелдер мен ерлердің қоғамның дамуына қосып отырған үлесі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, әр адамға жынысына қарамастан білім алуға, еңбек етуге, өз қабілетін дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға бірдей мүмкіндік берілуі маңызды екені айтылды.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдағы татулық пен теңдікті қалыптастыру әр азаматтың ортақ міндеті екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1306051?lang=ru
Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті 08.10.2026
Астана, 2026 жылғы 6 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Елшісі Сайлас Тангалмен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты қатынастардың тұрақты серпінін және саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылдың өсуін атап өтті.Нью-Делиде өткен XVIII БРИКС саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің жуырдағы кездесуінің қорытындылары жоғары бағаланды. Аталған кездесу екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін бергені атап өтілді. Тараптар энергетика, цифрландыру, жоғары технологиялар және креативті индустриялар салаларында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстан мен Үндістанның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде АӨСШК аясындағы өзара іс-қимылын нығайтуға ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Үндістан стратегиялық серіктестігін нығайту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1306079?lang=ru
2026 жылдың қазан айына арналған салық күнтізбесі 08.10.2026
Құрметті салық төлеушілер!Салық есептілігін тапсыру мерзімінің жақындағанын еске саламыз. Салық міндеттемелерін уақытылы орындап, қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, тапсыруды сұраймыз.📌 Маңызды күндер мен мерзімдер жоғарыдағы карусельде көрсетілгенАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1306082?lang=ru
Қызметті тоқтату туралы өтінішке бас тарту 08.10.2026
📣 Қызметті тоқтату туралы өтінішке бас тарту келген жағдайда не істеу керек?❌ Егер қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішке «Қабылданбады» мәртебесі берілсе, бас тарту себебін КНП ИСНА-дағы 📂 «Құжаттар» бөлімінен көруге болады.🔎 Бас тарту себебін анықтап, көрсетілген себептерді жою қажет.✅ Бас тартуға негіз болған себептер жойылғаннан кейін салық төлеуші қызметті тоқтату туралы өтінішті жалпы тәртіппен қайта беруге құқылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1306095?lang=ru
Аймақ басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады 08.10.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміздің ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады.Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру, әр балаға тең мүмкіндік жасау, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, педагогтерді қолдау мәселелерін айқындады.«Тек 2023 жылдан бері облыста 6 840 орынға арналған 10 жаңа мектеп және 15 балабақша салынды. Соның арқасында оқушы орындарының тапшылығы үш есеге қысқарды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100 пайызға, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 96,6 пайызға жетті», – деді аймақ басшысы.Жаңа зауыттар мен заманауи өндірістердің ашылуына, экономиканың өсіп келе жатқан сұранысына орай, соңғы жылдары облыс колледждерінде 25 жаңа мамандық ашылды. Айталық, бүгінде жаңа өндірістердегі жұмысшылардың 70%-ін 35 жасқа дейінгі жастар құрайды.Өңірде 22 мыңға жуық педагог және 159 мыңға жуық білім алушы бар. Биыл облысымыздың білім саласында жеткен жетістіктер аз емес. PISA-2025 халықаралық зерттеуінде облысымыз үш бағыт бойынша үздік үштікке енді: оқу сауаттылығы бойынша 2-орын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы және цифрлық мәселелерді шешу дағдылары бойынша 3-орын иеленді.Қостанай облысының барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, 156 ауыл мектебі Starlink спутниктік интернетін пайдаланады. 5 мыңнан астам мұғалім ChatGPT Edu жасанды интеллект көмекшісін пайдаланады. «Жасанды интеллект және Game Development» жобасына 666 оқушы, «Auyl Ertegi» республикалық жобасына 14 оқушы қатысты. Биыл алғаш рет өңірімізде «QOSTANAI TECH» отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.«Мемлекет басшысы тамыз конференциясында Қостанай облысы түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғары нәтижелерін ерекше атап өткен болатын. Осы жетістіктердің әрқайсысының артында ұстаздарымыздың еселі еңбегі, кәсіби шеберлігі мен үлкен жауапкершілігі тұр. Білім саласының ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздерге еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуана берулеріңізге тілектеспін. Ұстаздар күні құтты болсын!», – деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306180?lang=ru
Қостанайда экотакси паркі жұмысын бастады 08.10.2026
Мемлекет басшысы адамдардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру, заманауи шешімдерді енгізу және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыру міндетін қойып отыр.Қостанайда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында электромобильдерден тұратын жаңа экотакси өз жұмысын бастады. Бұл – заманауи, экологиялық таза әрі тұрғындар үшін қолайлы жолаушылар тасымалы қызметі.Салатанатты шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.Жоба аясында 65 JAC электромобилі сатып алынды. Инвестиция көлемі – 487,5 млн теңге. Жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Электромобильдер Қостанайдағы Allur зауытында өндірілген.Электромобильдер зиянды заттардың атмосфераға таралуын азайтып, қалаға түсетін экологиялық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Жоба аясында электр көліктеріне арналған қуаттау станцияларының желісі де дамып келеді. Олар қаланың әртүрлі нүктелерінде орналасады.«Соңғы бес жылда Қостанай қаласының халқы 20 мың адамға артты. Сондықтан біз заманауи технологияларды, экологиялық таза шешімдерді және адамдардың өмірін жайлы ететін бастамаларды одан әрі енгізе беруіміз қажет», – деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306181?lang=ru
Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге артты 08.10.2026
Биыл Науырзым ауданында тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 6,7 есеге, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 913%-ке артты. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына барған жұмыс сапары барысында Қараменді ауылында салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда аудан орталығында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналып 8 пәтерлі 4 үй салынып жатыр.Сапар аясында облыс әкімі аудан жұртшылығымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.Ауданда 276,9 мың га жерге егіс егілді, 231,2 тонна өнім жиналды. 75,5 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 131,5%-ке орындалды. Жыл басынан бері 70 ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығы сатып алынды.Агроөнеркәсіп кешенінде 470 млн теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.5 елді мекенде блок-модульді ветеринарлық пункт салынып жатыр.2026 жылы шағын және орта бизнес саласында 31 жеке кәсіпкерлік субъектісі ашылды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл 9 мың көшет егілді. 21 қараусыз қалған және апатты нысан сүрілді.Сапар барысында аймақ басшысы 2023 жылы ашылған заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1306184?lang=ru