Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ 10.03.2026
Жаңа Конституция жобасында жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамытуға ерекше назар аударылған. Құжатта бұл жүйенің рөлін күшейту арқылы өңірлердегі басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау көзделеді.Конституциялық өзгерістерге сәйкес, жергілікті органдарға өңірлік маңызы бар мәселелерді дербес шешу өкілеттігі беріледі. Бұл өз кезегінде жергілікті деңгейдегі проблемаларды жедел әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай тәсіл басқару жүйесін халыққа жақындатып, азаматтардың жергілікті бастамаларға қатысу аясын кеңейтеді.Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту – демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Сондықтан аталған норма билікті орталықсыздандыру қағидатын нығайтып қана қоймай, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Нәтижесінде қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім артып, жергілікті қауымдастықтардың жауапкершілігі күшейе түседі.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТАДА ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫ 10.03.2026
Жаңа Конституция жобасында экологиялық қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударылған. Құжатта әрбір азаматтың қолайлы әрі қауіпсіз қоршаған ортада өмір сүру құқығы нақты бекітіліп, табиғатты қорғау мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ әрі тікелей міндеті ретінде айқындалған.Конституциялық нормаларға сәйкес, табиғатқа зиян келтірудің алдын алу, табиғи ресурстарды ұтымды әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын сақтау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Бұл талаптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы жауапкершілікті күшейтіп, табиғи байлықтарды болашақ ұрпаққа сақтап жеткізуге негіз қалайды.Осылайша, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың қолайлы ортада өмір сүру құқығын қорғау конституциялық деңгейде бекітілуі – қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті сақтауға бағытталған маңызды қадам.
МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІ 10.03.2026
Жаңа Конституция жобасында мәдени мұраны қорғау мәселесіне ерекше мән берілген. Негізгі заңның жаңартылған мәтінінде мәдени мұраның қоғам өміріндегі маңызы айрықша атап көрсетіліп, оны сақтау, қорғау және дамыту мемлекет міндеттерінің бірі ретінде белгіленген.Құжатта мәдениет ұлттық бірегейліктің өзегі ретінде танылып, халықтың тарихи-рухани құндылықтарын сақтауға басымдық берілетіні көрсетілген. Сонымен қатар, өнер мен мәдени жобалардың дамуына қолдау көрсету, мәдениетті өркендетуге бағытталған бастамаларды ілгерілету конституциялық деңгейде қарастырылған.Бұл қағидаттар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи мұраны келер ұрпаққа аман жеткізуге және қоғамның рухани дамуына серпін береді. Мәдени мұраны қорғау мен дамытуға бағытталған мұндай нормалар елдің рухани әлеуетін арттырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға қызмет етеді.
ОТБАСЫ ИНСТИТУТТАРЫН ҚОЛДАУ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ 10.03.2026
Жаңа Конституция жобасында отбасы институтын қолдау мәселесіне ерекше назар аударылған. Негізгі заңда отбасы қоғамның іргелі негізі әрі әлеуметтік тұрақтылықтың басты тірегі ретінде танылып, оны қорғау мен қолдау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындалған.Конституциялық нормаларға сәйкес, мемлекет ана мен әкенің мәртебесін құрметтеуге, сондай-ақ баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Бұл қағидаттар отбасындағы жауапкершілікті арттырып, ата-ана мен бала арасындағы өзара құрмет пен қамқорлықты нығайтуға негіз болады.Отбасы институтын қолдауға бағытталған мұндай саясат отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және қоғамдағы әлеуметтік үйлесімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл қадам қоғамның тұрақты дамуы мен берік әлеуметтік негіздің қалыптасуына қызмет етеді.
Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаева арналған көрме ұйымдастырылды 10.03.2026
Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығына арналған «Ұлт руханиятындағы әйел бейнесі» атты көрме ұйымдастырылды.Аталған көрмені «Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы №10, М. Горький атындағы №4 және №2 орта мектептердің оқушылары тамашалады.Экскурсия барысында оқушыларға Зылиха Тамшыбаеваның өмір жолы мен елеулі еңбегі туралы кеңінен мәлімет беріліп, оның өзі пайдаланған жеке заттары, фотосуреттері мен тарихи құжаттары таныстырылды.Көрме жас ұрпаққа елге еңбегі сіңген тұлғалардың өмірі мен қызметін насихаттап, олардың өнегелі жолын танытуға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1177261?lang=kk
Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді 10.03.2026
Бүгін аудандық Оқушылар үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды.Тағылымды шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, білім саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ұстаздарды мерекемен құттықтады.Шара барысында аудан әкімі ардагер ұстаздардың қоғамдағы орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегіне ерекше тоқталды.-Қармақшы – білім мен тәрбиені ту еткен қасиетті мекен. Осы ауданнан қаншама дарынды жастар түлеп ұшты. Сол жетістіктің негізінде сіздердің маңдай терлеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз, қажырлы қызметтеріңіз бар. Әр жетістікке жеткен шәкірт – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Ұрпақ тәрбиесі жолындағы адал қызметтеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.Кездесу барысында шәкірттердің бойына әрдайым асыл қасиеттерді үйретер бірқатар ардагер ұстаздарға аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, құрмет көрсетілді.Сондай-ақ жиында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінің ардагер ұстазы Феруза Базарбаева, Омар Шораяқұлы атындағы №30 мектептің ардагер ұстазы Кенішкүл Қазақбаева сөз сөйлеп, ұстаздық жолдағы естеліктерімен бөлісіп, ақжарма тілектерін жеткізді.Мерекелік кеште аудандық өнер мектебінің ұстаздары өнер көрсетіп, әндер шырқалды.Шара соңында саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздар мазмұнды кездесуге өз ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177263?lang=kk
Анаға құрмет – қоғамға құрмет 10.03.2026
Бүгін «Руханият» орталығының мәжіліс залында аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне үлесін қосып, әр салада қызмет атқарып жүрген нәзік жанды азаматшаларға арналған тағылымды кездесу өтті.Кездесу барысында аудан басшысы:-Сіздер әр түрлі салаларда ерекше қабілетімен танылып, жемісті еңбек етіп келесіздер. Өздеріңіз ауданымыздың тыныс-тіршілігінің басы-қасында жүріп, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, киелі мекеніміздің дамуына үлес қосудасыздар. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне атсалысып жүргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз!Біздің ауданымыз – берекесі орнаған, тату-тәтті өмір сүріп отырған қасиетті мекен. Елдігіміздің ең басты құндылығы да – татулық пен тұрақтылық. Сондықтан бірлігі жарасқан, ынтымақты ел болып отыруымыз сіздердің даналықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі, - деп ел дамуына қосып жүрген үлестеріне тоқталды.Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар нәзік жандыларға аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, марапат иелеріне құрмет көрсетілді.Жиында құттықтау сөз сөйлегендер қатарында аудандық соттың бас маманы Рахия Бисенова мен Сүлеймен Есқараев атындағы №27 орта мектептің директоры Құндызай Аймаханова аналардың қоғамдағы рөлі мен тәрбиелік маңызы туралы айтып, мерекелік тілектерін жеткізді.Мерекелік кездесуде өнерпаздар халық әндерін орындап, жиынға жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177266?lang=kk
Ардагер аналарға айрықша құрмет 10.03.2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі түрлі салада ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.Тағылымды кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжебек Таңбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов барып, ізгі лебіздерін білдірді.Аудан басшысы алдымен тұтыну кооперативі саласының ардагері Катима Ормаханованың үйіне барып, ақжарма тілегін білдіріп, құрмет көрсетті.Мерекелік құттықтау әрі қарай жұмыспен қамту саласының ардагері Айнагүл Тойбаразованың шаңырағында жалғасып, ардагер анаға еңбегі үшін алғыс айтып, мерекелік тілегін жеткізді.Сондай-ақ көп жылдар бойы халық денсаулығын сақтау жолында еңбек еткен медицина саласының ардагері Үркия Тұрмағанбетова мен ұстаздық жолда ұзақ жылдар қызмет атқарған білім саласының ардагері Күнсұлу Науановаға да мерекелік лебіз білдіріліп, Алғыс хат табысталды.Мерекелік сапар барысында Жандос Еркінбек ардагер аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты.Ізгі ниетке толы кездесуде аяулы жандар көрсетілген құрметке өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177277?lang=kk
«Әйел - Ана. Әйел - Ару. Әйел - Гүл» 10.03.2026
Көктем – табиғаттың жаңарып, айналаға шуақ пен жылулық сыйлайтын ерекше мезгіл. Осы бір көркем маусыммен қатар келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні де адамзат баласына мейірім мен ізгіліктің көрінісіне айналған мереке. Осыған орай бүгін Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әйел – Ана. Әйел – Ару. Әйел – Гүл» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.Салтанатты жиында аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы сөз сөйлеп, барша азаматшаларды қауымын мерекемен құттықтап, ауданның дамуына қосып жүрген еңбегін ерекше атап өтті.«Қазақ – ел болып, халық болып қалыптасқаннан бері әйел азаматын ерекше қадірлеп, құрмет көрсетуді берік дәстүрге айналдырған ұлт. «Әйел – шаңырақтың берекесі» деген ұғым осы сөзіміздің дәлелі. Бүгінде нәзік жандылар тек отбасының берекесін келтіріп қана қоймай, ел дамуына да белсене атсалысып келеді. Сондай-ақ ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардақты аналардың өнегелі жолы – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Түрлі қызметте жауапкершілік жүгін көтеріп жүрген, өз кәсібін дөңгелетіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беріп жүрген арулардың еңбегі ерекше құрметке лайық»,- деп атап өтті.Сонымен қатар әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар нәзік жандыларға облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.Кемел келешегімізді нығайтып жүрген әйелдер қауымына арналған мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кеш барысында туған жердің талантты өнерпазы Нұржан Шөмекей ән шашуын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Сондай-ақ сахна төрінде аудан өнерпаздары әсем әндер шырқап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш барысында көрермен қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың жүрек тебірентер «Ана туралы жыр» әнін бірге орындап, анаға деген ыстық ықыластарын да білдірді.Тағылымы мол мерекелік шарада нәзік жандылар өз ризашылықтарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177295?lang=kk
Ақ жаулықты аналарды ардақтау - ізгі дәстүр 10.03.2026
Ұрпақ тәрбиесінің ұйытқысы болып, қоғамның берекесін арттырып отырған ардақты аналарға деген құрмет – халқымыздың киелі дәстүрінің бір көрінісі. Осыған орай көктемнің шуағымен бірге келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданымыздың ардақты аналары мен ақ жаулықты әжелеріне ерекше құрмет көрсетілді.Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары Шыңғыс Сыдықов, Самат Смағұлов және Диас Молдабаев ауданға қарасты барлық елді мекендерді аралап, ардагер аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.Тағылымды кездесу барысында аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталып, құрмет көрсетілді. Сондай-ақ саналы ғұмырын еңбекке арнап, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан аналардың өнегелі өмір жолы мен ел бірлігіне қосқан еңбегін де ерекше атап өтілді.Өз кезегінде ақ жаулықты аналар көрсетілген ілтипатқа ризашылықтарын білдіре отырып, ақ баталарын берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177313?lang=kk
Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды 10.03.2026
2026 жылғы 10 наурыздан бастап облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Ілияс Абайұлы Шадибеков тағайындалды.Ілияс Шадибеков, 1991 жылы туған. Білімі жоғары, Халықаралық бизнес университетін экономика және бизнес, Алматы университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын Алматы облысының Полиция департаментінде қызметкер болып бастап, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1177315?lang=kk
💐Құрметті аналар, аяулы арулар, ардақты қыз-келіншектер! 10.03.2026
💐Құрметті аналар, аяулы арулар, ардақты қыз-келіншектер!🌷Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Әйел – отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен парасаттарыңыз, еңбектеріңіз бен төзімдеріңіз әрқашан құрметке лайық. Бүгінде ауылымыздың дамуына, елдің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып келе жатқан барша нәзік жандыларға шынайы алғысымды білдіремін.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын!Ізгі ниетпен,Баянды ауыл әкімі Қадырбек Құдайбайұлы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1177216?lang=kk
Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылының тұрғындарына алғыс білдірілді 10.03.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылдық округтеріне арнайы барып, жақында орын алған табиғи қолайсыздықтар кезінде ауызбіршілік танытқан тұрғындармен кездесті.– «Аймағымызда қыс маусымына дайындықты алдын-ала күшейтіліп, электр желілер мен бағаналар жаңғыртылып, материалдық-техникалық база нығайтылған болатын. Соның арқасында қыстың аязды күндерінде тұрғындарымыз жарықсыз, сусыз қалған жоқ. Дегенмен қыстың соңындағы табиғаттың тосын мінезі өңіріміз үшін үлкен сынақ болды. Ауа-райының күрт өзгеруі салдарынан кей елді мекендерде уақытша электр қуаты ажыратылды. Біздің өңірімізде мұндай табиғи құбылыс бұрын-соңды болмаған. Осындай күрделі сәтте ең бастысы – елдің сабырлығы мен бірлігі. Орын алған жағдайға сәйкес жедел штаб құрылып, мамандар тәулік бойы жұмыс істеді. Қысқа мерзім ішінде электр желілері толық қалпына келтірілуде. Бұл – ортақ еңбектің нәтижесі», – деп атап өтті аудан басшысы.Кездесу барысында аудан әкімі қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, қолдау білдірген ауыл тұрғындарына алғыс айтып, бұл жұмысқа белсенді атсалысқан азаматтарға арнайы Алғыс хаттар табыстады.Кездесу соңында Жандос Еркінбек қандай жағдай болмасын ел бірлігі мен ауызбіршілігінің арқасында барлық қиындықты еңсеруге болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177218?lang=kk
Автожол саласын дамыту және жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды 10.03.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өтті.Мәжілісте автожол саласын дамыту, жол сапасын арттыру мәселелері қаралды.Өткен жылы аудан көлемінде жол құрылысын дамытуға 3 млрд 503,6 млн теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 23 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөндеуден өткізілді.Бұдан бөлек жауын-шашын салдарынан орын алған төтенше жағдайлар, электр энергиясы мен ауыз су жүйелеріндегі мәселелер қаралды. Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.Сонымен қатар аудандық бюджеттің орындалу барысы қаралып, кірістер жоспарын қамтамасыз ету бағытында бірқатар тапсырмалар берілді.Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жолдардың жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177212?lang=kk
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, 6 наурыз күні Әйет ауылының аудандық мәдениет үйінде «Көктем. Сұлулық. Әлем.» атты мерекелік концерт өтті. 10.03.2026
Мерекелік шарада аудан әкімі Қайсар Мұржақыпов ауданның барлық әйелдерін көктем мерекесімен құттықтап, аналарға, еңбекқор нәзік жандыларға қоғамның дамуына қосып жүрген үлестері, отбасы құндылықтарын сақтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектері үшін шынайы алғысын білдірді.Іс-шара барысында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен түрлі салада жетістікке жетіп, ауданның дамуына үлес қосып жүрген белсенді әйелдер марапатталды.Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт жалғасып, көрермендерге әсем әндер мен жарқын өнер көрсетіліп, көктемнің шуақты көңіл күйі сыйланды.Мерекелік бағдарлама әйелдердің даналығы мен мейірімі, еңбегі мен өмірге деген шабытын тағы бір мәрте дәріптеген тағылымды кеш болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1177213?lang=kk
«Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» 10.03.2026
Бүгін аудандық Жыраулар үйінде жыршы-жырау қыздардың көшін жалғастырушы, ел ардақтысы, белгілі жырау Шамшат Төлепованың құрметіне арналған «Домбырасын моншақтаған жыр жауһарлары» атты облыстық жыр фестивалі өтті.Сыр елінің жыраулық дәстүрін жалғап, саф өнердің туын жықпай келе жатқан өнерпаздар бас қосқан рухани шарада аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ жыраулық өнердің ұрпақ сабақтастығы арқылы жалғасып келе жатқанын ерекше атап өтті.Сыр сүлейлерінің мұрагері, жыраулық өнердің жанашыры болған Шамшат Төлепова – қасиетті қара домбыраны серік етіп, 12 жасынан бастап өмірінің соңына дейін туған халқына жыр маржанын арнаған тұлға. Оның ізін жалғаған қатысушылар бүгінгі фестивальде дәстүрлі жыраулық өнердің өміршеңдігін көрсетті.Фестивальге әр елді мекеннен келген 10-ға жуық өнерпаз қатысып, сахна төрінде терме-толғауларымен көрерменнің жүрегіне жол тапты.Рухани кеш соңында білім саласының ардагері Еркін Атабаев ізгі лебізін білдіріп, жыр додасына қатысқан барлық қатысушыларға арнайы марапаттар табыстап, құрмет көрсетілді.Айта кетейік ағынды жырау Шамшат Төлепованың құрметіне арналған бұл фестиваль 2010 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1177214?lang=kk
Ұландықтар Мәскеуде «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті 10.03.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Ән-би ансамблінің Ерлер хоры Мәскеу қаласында танымал тележүргізуші Андрей Малахов жүргізетін «Россия-1» телеарнасындағы кешкі музыкалық «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті.Қазақстандық өнерпаздар көрерменге кеңінен танымал «Когда мы были на войне» атты казак әнін орындады. Шығарма ерлер хорының өзіне тән қуатты әрі әсерлі мәнерінде шырқалды. Орындау барысында сахналық пластика мен би элементтері үйлесім тауып, номердің көркемдігін арттыра түсіп, ұжымның жоғары деңгейде екенін айқындады.Өнерпаздардың өнері студия қонақтары мен көрерменнің жылы ықыласына бөленді. Қазақстандық әртістердің шығармашылығын ресейлік әншілер мен бағдарлама қатысушылары жоғары бағалады. Олардың қатарында белгілі эстрада әншісі Дмитрий Маликов та болды.Музыкалық номерден бөлек, ұландықтар студияға Қазақстаннан арнайы сый-сияпаттар да ала келді. Бағдарламада қызықты жағдай да орын алды. Дастархандағы тұздалған қияр салынған банканы студия қонақтарының ешқайсысы аша алмады. Бұл міндетті студияда Ұлттық ұлан ерлер хорының солисі орындап, көрерменнің зор қошеметіне ие болды.Айта кету керек, биыл Ұлттық ұланның ерлер хоры құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде шығармашылық ұжым әскери мәдениеттің жарқын өкілдерінің біріне айналып, түрлі сахналарда қазақстандық өнерді лайықты деңгейде танытып келеді.Мерейтойға орай шығармашылық ұжым үздік шығармаларынан тұратын үлкен мерекелік концерт әзірлеуде.Бұған дейін Ұлттық ұланның ерлер хоры ресейлік «Ну-ка, все вместе!» вокалдық шоуында танымал болған еді. Өнерпаздар Linkin Park тобының әлемге әйгілі Numb әнін домбыраның сүйемелдеуімен ерекше интерпретацияда орындап, қазылар алқасы мен көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырған болатын. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1177192?lang=kk
2026 жылғы 4 наурызда Риддер қалалық референдум комиссиясының төрайымы Е.В. Агешкина және оқытуға жауапты комиссия мүшесі Р.В. Дюсебаева Риддер қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары үшін «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. 10.03.2026
2026 жылғы 4 наурызда Риддер қалалық референдум комиссиясының төрайымы Е.В. Агешкина және оқытуға жауапты комиссия мүшесі Р.В. Дюсебаева Риддер қаласының учаскелік референдум комиссияларының төрағалары мен хатшылары үшін «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.Кеңес барысында референдумды дайындау мен өткізудің негізгі кезеңдері, учаскелік комиссиялардың жұмыс тәртібі, сайлау заңнамасын сақтау, дауыс беру процесінің ашықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.Қатысушылар нормативтік құқықтық актілердегі өзекті өзгерістер бойынша әдістемелік ұсынымдар, түсіндірмелер, сондай-ақ, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1177193?lang=kk
Чилилік «Ceibo» компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 10.03.2026
Сантьяго, 2026 жылғы 9 наурыз – Чилиге жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «Ceibo» компаниясының Стратегиялық даму жөніндегі директоры Франсиско Жериямен кездесті.Кездесу барысында елші сұхбаттасушыны Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы және елдегі шетелдік инвесторларға үкіметтің қолдау шаралары туралы хабардар етті.Қазақстандағы тау-кен секторын дамытуға және осы саладағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты, Қазақстан үкіметінің алдағы үш жылда геологиялық барлауды кеңейту және қаржыландыру жоспарлары, сондай-ақ «Қазақмыс» компаниясымен ынтымақтастық орнату мүмкіндігі атап өтілді. Осы орайда, қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны 2026 ж. сәуірінде өтетін Халықаралық геологиялық форумға (GECA) қатысуға шақырды.Өз кезегінде Франсиско Жерия «Ceibo» компаниясының мүмкіндіктерімен таныстырып, тау-кен секторында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық таныттып, GECA форумына қатысу ниетін және Астанадағы тиісті қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға дайын екенін білдірді.Анықтамалық: «Ceibo Inc.» - 2007 жылы Сантьягода құрылған, озық тау-кен технологияларын әзірлейтін чилилік компания. Компания өнімділікті арттыруға, көміртегі ізін азайтуға және пайдалану шығындарын азайтуға бағытталған бастапқы және қайталама мыс сульфидтерін экологиялық таза шаймалау әдістеріне маманданған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1177173?lang=kk
Қазақстан мен Чили арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды 10.03.2026
Сантьяго қ., 2026 жылғы 9 наурыз – Қазақстан Республикасының Бразилиядағы және Чилидегі қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов,Чилидегі Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Андрес Реболледо және «Қазақстан–Чили» достық қоғамының әрі Димаш Құдайбергеннің фан-клубының жетекшісі Кармен Сандовал мен кездесу өткізді.Елші әңгімелесу барысында Құрметті консул институтының Қазақстаннның мүдделерін ілгерілету, іскерлік байланыстарды нығайту және елдің халықаралық деңгейдегі оң имиджін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.Тараптар ағымдағы жағдай және алдағы қызметтің перспективаларын, шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Чили арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.Чили аумағында тұратын Қазақстан азаматтарына консулдық қолдау көрсету мәселелеріне және чилилік серіктестермен ықпалдастықтың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.Құрметті консул сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және чилилік компанияларды қазақстандық серіктестермен ынтымақтастыққа тарту бағытындағы жұмысты жандандыруға әзірлігін растады.«Қазақстан–Чили» достық қоғамының жетекшісімен болған әңгіме барысында жүзеге асырылып жатқан және болашақта іске асырылатын жобалар, соның ішінде бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу мәселелері қаралды. Кармен Сандовал көрсетіліп отырған қолдау үшін елбасшылығына және Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігіне ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Чили мәдени ынтымақтастығын нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыру ниетін растады.Кездесу соңында Қазақстан мен Чили арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 33 жыл толуына орай Болат Нүсіпов екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Андрес Реболледо мен Кармен Сандовалға Елшіліктің алғыс хаттарын табыстап, олардың кәсіби әрі жауапты қызметтері үшін ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1177174?lang=kk