Жаңалықтар
АДАМ ҚАДІРІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЫЗҒЫМАС НЕГІЗІ 18.02.2026
Жаңа Конституция жобасында адам ар-намысы мен қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. 20-баптың 1-тармағында адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайтыны және олардың заңмен қорғалатыны нақты бекітілген. Бұл норма әрбір азаматтың жеке абыройы мен тұлғалық тұтастығын мемлекет деңгейінде қорғауға бағытталған.Адам қадірі – тек моральдық ұғым емес, ол құқықтық кепілдікке ие құндылық. Яғни, ешбір тұлға, ешбір орган адамның намысына тиіп, оның абыройын түсіруге құқылы емес. Заң бұл құқықты бұзуға жол бермейді және оны қорғаудың нақты тетіктерін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік көрсетуге немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын жаза қолдануға болмайды. Бұл қағида мемлекеттің адамға деген құрметін, әділеттілік пен заң үстемдігін ұстанатынын білдіреді.Аталған нормалар қоғамдағы өзара сыйластықты нығайтып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді. Адамның ар-намысын қорғау – өркениетті, құқықтық мемлекеттің басты белгісі және әділетті қоғам қалыптастырудың негізі.
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ 18.02.2026
Жаңа Конституция жобасындағы бұл норма адамның құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде орнықтырады. Мұнда басты ой айқын: мемлекет ең алдымен адам үшін қызмет етуі тиіс.Құқықтар мен бостандықтар әркімге тумысынан тиесілі және олардан ешкім айыра алмайды. Бұл – құқықтар биліктің сыйы емес, адамның табиғи болмысына тән құндылық екенін білдіреді. Сондықтан заңдар мен мемлекеттік шешімдердің барлығы осы қағидаға сай қабылдануға тиіс.Азаматтық белгілі бір құқықтармен қатар міндеттерді де жүктейді. Азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланыс өзара жауапкершілікке негізделеді. Сонымен бірге, заңда көзделген жағдайларда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да құқықтары қорғалады. Бұл – құқықтық теңдік пен әділдіктің көрінісі.Маңызды қағидаттардың бірі – әр адамның өз құқықтарын жүзеге асыруы басқа біреудің құқықтарына зиян келтірмеуі керек. Еркіндік жауапкершілікпен қатар жүреді. Қоғамдық тәртіпті, адамгершілік құндылықтарды және конституциялық негіздерді сақтау – баршаға ортақ міндет.Егер мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға заңсыз әрекет жасап, азаматқа зиян келтірсе, ол зиянды мемлекет өтейді. Бұл норма биліктің жауапкершілігін нақтылай түседі және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттырады.Жалпы алғанда, аталған ережелер құқық үстемдігі қағидатын нығайтып, адам мен мемлекеттің өзара қатынасын әділдік пен заңдылық негізінде құруға бағытталған.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛҒАН? 18.02.2026
Қоғамның тұрақты дамуы мен ұлт болашағы ең алдымен отбасы институтының беріктігіне байланысты. Сондықтан жаңа конституциялық өзгерістерде неке, отбасы, ана, әке және бала мәселесіне ерекше мән беріліп, оларды мемлекеттік қорғаудың нақты құқықтық тетіктері айқындалды.Ата Заңның 30-бабының 1-тармағында «Неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет қорғауында болады» деп нақты көрсетілген. Бұл норма отбасы құндылықтарын қорғауды мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде бекітеді.Конституцияға сәйкес, неке – еркек пен әйелдің заңға сәйкес тіркелген ерікті әрі тең құқықты одағы. Мұндай құқықтық айқындау қоғамдағы дәстүрлі отбасы моделін сақтауға және отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.Мемлекеттік қорғау нақты тетіктер арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:– әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер;– ана мен баланы қолдау бағдарламалары;– білім беру және денсаулық сақтау саласындағы кепілдіктер.Осылайша, мемлекет отбасының әл-ауқатын арттыруды тек әлеуметтік міндет ретінде емес, ұлттық қауіпсіздік пен демографиялық саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырады.Сонымен қатар, Конституция ата-аналардың балаға қамқорлық жасау және оны тәрбиелеу құқығын ғана емес, міндетін де нақтылайды. Бұл қағида баланың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға бағытталған.Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау міндетінің бекітілуі – отбасы ішіндегі өзара жауапкершілік пен сыйластықты құқықтық тұрғыда нығайтудың көрінісі.Қорытындылай келе, жаңа Конституциядағы отбасыға қатысты нормалар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға және берік қоғам қалыптастыруға бағытталған жүйелі саясаттың айқын дәлелі болып табылады.
Қазақ тілін үйрету бойынша онлайн-курс 18.02.2026
Құрметті отандастар! «Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі. Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон. Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады. Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау: – Барлық сабақтарды толық өту; – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру: – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет; Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі. Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар. Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі. Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽 Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз. Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1: https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2 https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81 Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6 WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың наурыз айынан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1164146?lang=kk
Тазалық жұмыстары. 18.02.2026
Тазалық жұмыстарыАуыл аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару жұмыстары жүргізілуде.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1164005?lang=kk
«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды 18.02.2026
Құрметті отандастар!«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау: – Барлық сабақтарды толық өту; – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру: – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет; Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз. Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1: https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2 https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81 Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6 WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың наурыз айынан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1169722?lang=kk
Онлайн қазақ тілі курсы 18.02.2026
Құрметті отандастар!«Отандастар қоры» КеАҚ қазақ тілін насихаттауды жалғастыра отырып, 2026 жылдың наурыз айынан бастап қазақ тілін үйрету бойынша тегін онлайн курстардың жаңа легін бастайды!Тіл – ұлттың айнасы ғана емес, сіздің өз тарихыңызды терең түсінуге мүмкіндік береді. Бұл курс сіздің мәдени және тілдік деңгейіңізді кеңейтуге көмектеседі.Курсқа қатысушыларға қойылатын талаптары:– Шетелдегі этникалық қазақтар, бұрынғы отандастар, шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт;– Жас ерекшелігі маңызды емес;– Қазақ тілін үйренуге және дамытуға қызығушылығы болуы;– Онлайн сабақтарға тұрақты түрде қатысуы;– Негізгі құрал-жабдықтар: интернетке қосылған компьютер немесе смартфон.Курстың артықшылықтарыТілді меңгеру мүмкіндігі:– Қазақ тілінде еркін сөйлеу, жазу және түсіну дағдыларын дамыту;– Тілді меңгеру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: мемлекеттік қызмет, бизнес, мәдени шараларға қатысу.Тілдік орта қалыптастыру:– Онлайн курстарда тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары кешенді түрде дамиды.Мәдениетпен танысу:– Тек тілді ғана емес, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін де үйренуге мүмкіндік береді. Өз-өзіне сенімділік:– Тілді меңгерген сайын, жаңа ортада өз ойын еркін жеткізе алатын деңгейге жетеді, бұл өзіне деген сенімділікті арттырады.Сертификат алу мүмкіндігі. Ол үшін төмендегі шарттарды орындау қажет.Курсты толық аяқтау: – Барлық сабақтарды толық өту; – Әр сабақтың тапсырмаларын орындап, тесттерден өту.Қорытынды тест немесе емтихан тапсыру: – Курсты қорытындылау үшін жалпы білім деңгейін тексеретін емтихан немесе тест тапсыру қажет; Белсенділік:– Сабақтарға тұрақты қатысып, белсенділік танытқан қатысушыларға беріледі.Неге дәл осы курс?– Сізге арналған интерактивті сабақтар;– Қызықты бейнематериалдар мен әдеби шығармалар.Курсқа қалай тіркелуге болады?Онлайн қазақ тілі курсы түрік және орыстілді аудиторияларда А1, А2, В1, В2 деңгейлерінде үйретіледі.Курсқа тіркелу және қатысу үшін деңгейіңізді анықтайтын тесттен өтіңіз 🔽Орыс тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeHSwC1Bh7oodrUEqaCIVwPXmIlR4yGaMOZa2JjlKkVrwQG6Q/viewform?usp=dialog Түрік тіліндегі тестhttps://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScoCUYTiYCmNHLKhoGF12NZ00La_c_xHs51ZX8LP31pJrjjSQ/viewform?usp=dialog Түрік және орыстілді аудитория үшін:– 25 ұпайға дейін жинағандар - А1 тобы– 50 ұпай аралығында жинағандар - А2 тобы– 75 ұпай аралығында жинағандар - B1 тобы– 75 ұпайдан көп жинағандар - В2 тобына қосылуыңызды сұраймыз.Түрік тілді аудитория үшін Whatsapp группалар:A1: https://chat.whatsapp.com/LjaLJXMkz8d4G9MuMF3uUy A2: https://chat.whatsapp.com/Eo9wP7FYd7YLqnBEPDEw4nB1 https://chat.whatsapp.com/JlVlOJjHNZhLsZK2gaeX4HВ2 https://chat.whatsapp.com/JOkqN6WOmRxCnWg96G5X81Орыс тілді аудитория үшін Telegram группалар:А1: https://t.me/+TmqhiKZHeVJiOWEy А2: https://t.me/+erC61FUMki00YTAy В1: https://t.me/+tbNy0C7bOoNlNDA6 В2: https://t.me/+A3V_axFsPp40ZmM6 WhatsApp және Telegram группаға қосылғаннан кейін оқытушының нұсқаулық беруін күтуіңізді сұраймыз. Оқытушы сабақ кестесін барлық қатысушылар тесттен өтіп болғаннан кейін жолдайды. Сабақ кестесі бойынша онлайн қазақ тілі курсы 2026 жылдың наурыз айынан басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1163922?lang=kk
Конституциялық реформа бойынша халықпен кездесу өтті 18.02.2026
Бүгін Ақай ауылдық клуб үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелері «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» тақырыбында халықпен кездесу өткізді.Жиынға облыс әкімінің орынбасары Қ.Нұртай, аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары Ш.Сыдықов, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, мекеме және кәсіпорын басшылары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – ел көлемінде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның мән-маңызы мен мазмұнын кеңінен түсіндіру, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және алдағы республикалық референдумға қатысты ақпарат беру болды. Кездесу барысында Сенат комитетінің мүшелері жаңа Конституция жобасының басты бағыттарына, оның ішінде бір палаталы Парламент құру, адам құқықтарын қорғауды күшейту, цифрлық кеңістіктегі құқықтарды қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелеріне тоқталды.Сондай-ақ, реформаның «Әділетті Қазақстан» қағидатын орнықтыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Қатысушыларға жаңа Конституция жобасының жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде әзірленгені, азаматтардың ұсыныстары ескерілгені туралы айтылды.Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ашық форматта өткен жиын пікір алмасуға мүмкіндік беріп, қоғам мен билік арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға ықпал етті.Ұйымдастырушылар мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Конституциялық реформа – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам екені ерекше айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1163926?lang=kk
Исламабадта Қ.А. Ясауи атындағы орталық алаңында алғашқы іс-шара өтті 18.02.2026
Исламабад, 2026 жылғы 17 ақпан - Белгілі болғандай, а.ж. 3–4 ақпанда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Орталық Азиядағы Қ.А. Ясауи атындағы Ислам ойы, мәдениеті және өркениеті орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Қ.А. Ясауи атындағы ғылыми-академиялық орталықтың қызметін жандандыру мақсатында а.ж. 17 ақпанда «Орталық Азиядағы сопылық институттарының тарихи шолуы» тақырыбында кеңейтілген ғылыми дәріс өткізілді.Іс-шараға Исламабадтағы Халықаралық ислам университетінің Ислам зерттеулері институтының, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері, сондай-ақ Пәкістанның ғылыми қауымдастығының басқа да өкілдері қатысты.Дәрісті профессор, доктор Александр Папас – Осман зерттеулері орталығының директоры және Франция Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының (CNRS, Париж) ғылыми жетекшісі оқыды.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары және академиялық алмасу салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1163931?lang=kk
Тікелей эфир 18.02.2026
Баянды ауылы әкімі аппаратының бас маманы Нұрболат Балерке Лауединқызының қатысуымен салық және салық түсімдері бойынша тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз.🗓️Күні:27.03.2026ж⏱️Сағат: 10:00🎥Тікелей эфир: @munaily_baiandy_ ресми паракшасында өтеді.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1188177?lang=kk
2026 жылғы 15–22 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде 18.02.2026
2026 жылғы 15–22 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық жанжалдардың жолын кесу, құқық бұзушылықтарға бейім тұлғаларды анықтап, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тексеріп, қорғау нұсқамаларының сақталуын бақылауда, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуде.Өткізіліп жатқан акциялар мен іс-шаралар қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кез келген қудалау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
ҰЭМ ведомстволық бағынысты ұйымдарда алты айдан аса бос тұрған штат бірліктерін қысқарту ережесін енгізді 18.02.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр ресурстарын басқаруды оңтайландыруға арналған бұйрықты бекітті.Құжат бір мезгілде еңбекақы төлеу қорын түзете отырып, алты айдан артық бос тұрған штат бірліктерін қысқартуды көздейді.Бұл ретте нормалар бірінші басшылардың, маусымдық қызметкерлердің, ядролық физика, жоғары технологиялық жабдықтар бойынша немесе сирек кездесетін инженерлік маман сияқты, онсыз ұйымның жұмыс істеуі мүмкін емес бірегей өндірістік және жоғары мамандандырылған қызметкерлердің лауазымдарына, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын сақтау жағдайында қолданылмайды.Өзгерістер кезінде ұйымдардың даму жоспарына түзетулер енгізудің тәртібі белгіленді. Ұзақ уақыттан бері жарияланған бос жұмыс орны анықталған кезде, атқарушы орган бос жұмыс орнын қысқарту мен еңбекақы төлеу қоры туралы мәліметті қосқанда, ұсынылған өзгерісті негіздей отырып, нақтыланған даму жоспарын ұсынуға міндетті. Нақтыланған жоспарды қарау мен бекіту белгіленген мерзімде, ағымдағы жылғы 25 маусым мен 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жүзеге асырылады.Сондай-ақ есеп беруге қойылатын талап та нақтыланды: ұйымдар персонал мен еңбекақы төлеу қоры туралы мәліметті, соның ішінде бос штат бірлігін қысқарту туралы деректі көрсетеді.Қабылданып отырған бұл шаралар кадр процестерінің ашықтығын арттыруға, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға және мемлекеттік ұйымдардағы адами ресурсты басқару тәртібін күшейтуге арналған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1163920?lang=kk
«DAUYS» Қоғамдық бақылаушылар коалициясының МӘЛІМДЕМЕСІ 18.02.2026
«DAUYS» қоғамдық бақылаушылар коалициясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға тәуелсіз бақылаушылар ретінде қатысу ниетін мәлімдейді. Конституция - үкіметтің қалай құрылымдалатынын, жеке тұлғалар қандай кепілдіктер алатынын және еліміздің қандай қағидаттар бойынша дамитынын анықтайтын негізгі құжат. Мұндай ауқымды шешімдер толық ашық және әділ дауыс беру процесінде қабылдануы тиіс. Біз бұл референдумға айқын мақсатпен кіріп отырмыз: дауыс беру процесінің әрбір кезеңінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Біздің жұмысымыз жүйелі және бүкіл ел бойынша болады. Біздің бақылаушыларымыз сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап нәтижелер саналғанға дейін қатысады. Олар мұқият, кәсіби және бірізді болады. Сенім мәлімдемелерден туындамайды; ол іс-әрекеттер, ережелерді сақтау, дәлдік және ашықтық арқылы қалыптасады. Сондықтан тәуелсіз бақылау әсіресе маңызды, бұл процесті ашық, түсінікті және болжамды етеді. «DAUYS» – осы тарихи шешімнің куәсі болу жауапкершілігін өз мойнына алған адамдар. Әрбір қазақстандықтың өз дауысының саналатынына сенімді болуы маңызды. Біз осы үшін жұмыс істеп жатырмыз. «DAUYS» қоғамдық бақылаушылар коалициясы.
«ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясының МӘЛІМДЕМЕСІ 18.02.2026
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өткізілетін жалпыхалықтық референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысатынын ресми түрде мәлімдейді.Конституция – мемлекеттік биліктің құрылымын айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін белгілейтін және ел дамуының негізгі қағидаттарын бекітетін аса маңызды құжат. Сондықтан мұндай тарихи шешімдер дауыс беру үдерісінің толық ашықтығы, заңдылығы және әділдігі жағдайында қабылдануы тиіс.Біздің басты мақсатымыз – референдумның барлық кезеңінде қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Коалиция жұмысы жүйелі түрде және республика көлемінде ұйымдастырылады. Байқаушыларымыз дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап қорытындылар шығарылғанға дейін өз міндеттерін кәсіби, мұқият әрі жауапкершілікпен атқарады.Қоғамдық сенім сөзбен емес, нақты әрекетпен, заң талаптарын сақтау арқылы қалыптасады. Тәуелсіз бақылау – сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ететін маңызды тетік.«ДАУЫС» коалициясы – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың бірлестігі. Әрбір қазақстандықтың дауысы ескеріліп, еркі әділ түрде көрініс табуы – біздің ортақ міндетіміз. Біз осы мақсат жолында еңбек етеміз.«ДАУЫС» қоғамдық бақылаушылар коалициясы.
Ауған соғысының ардагерімен кездесу. 18.02.2026
13 ақпан күні Бастаушы ауылдық клуб үйінде Ауған соғысының ардагерімен тағылымды кездесу өтті.Кездесу барысында ардагер әскери қызметтегі естеліктерімен бөлісіп, жастарға патриоттық тәрбиеге бағытталған өнегелі әңгіме айтты.Кітапханашы Маулханова Ж.Т. "Ауған жүрегімдегі жара" атты кітап көрмесіне шолу жасады.Іс- шара соңында ардагерге алғыс білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1163863?lang=kk
ҚР ҚМ микро және шағын бизнес субъектілеріне салық берешегінің негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға мүмкіндік беретін Қағидаларды бекітті 18.02.2026
Құжат 2026 жылғы 13 ақпанда Әділет министрлігінде тіркелді (№37975).Бұл шара кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін азайту және қарыздарын қосымша санкцияларсыз реттеуге мүмкіндік беру мақсатында қабылданды.Егер кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салық берешегінің (негізгі қарыздың) толық сомасын 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында өтесе, онда:- толық өтеген күнге дейін есептелген өсімпұлды қоса алғанда, барлық өсімпұл есептен шығарылады;- берешегі өтелген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салынған айыппұлдар есептен шығарылады;- сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ҚҚС бойынша есепке тұрмау кезеңінде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмаған жағдайда) есептен шығарылуы мүмкін.Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін негізгі қарыз сомасын 2026 жылғы 31 наурызға дейін толық төлеу қажет.Одан кейін есептен шығару мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялардың дербес шоттарды тексеруі нәтижесінде жүзеге асырылады.Қабылданған Қағидалар кәсіпкерлерге бұрынғы берешектерін қосымша қаржылық шығындарсыз жабуға, қарыз жүктемесін азайтуға және алдағы уақытта санкциялар есептелу қаупінсіз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.Бұл бизнеске берешекті реттеп, жиналған өсімпұлдар мен айыппұлдарсыз қызметін жалғастыруға берілген мүмкіндік.Толық мәліметпен сілтеме арқылы танысуға болады https://zan.gov.kz/client/#!/doc/222079/kaz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1163865?lang=kk
Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 18.02.2026
Братислава, 2026 ж. 12-13 ақпан – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Жилина өлкесінің Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен, атап айтқанда директор Павол Витекпен және басқарма мүшесі Ян Мишурамен, сондай-ақ «AZC Group» компаниясының иесі Ян Саболмен бірқатар кездесулер өткізді.Кездесулер барысында Қазақстан мен Словакия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Елші Қазақстан Республикасының экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат беріп, словакиялық іскер топ өкілдерін қазақстандық нарықтың мүмкіндіктерімен таныстырды.Тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар, туризм және білім беру салаларында бірлескен жобалар мен кооперацияны дамыту зор әлеуетке ие екенін атап өтті.Өңірлік сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен өткен кездесуде өңіраралық іскерлік, мәдени-білім беру және туристік байланыстарды дамытуға басымдық берілген ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды. Палата өкілдері қазақстандық серіктестермен өзара байланыстар орнатуға қызығушылық білдіріп, Қазақстан Республикасынан келетін бизнес-миссияны қабылдауға дайын екендерін растады.Анықтама: Жилина өңірінің сауда-өнеркәсіп палатасы Словакия Республикасындағы ең ірі өңірлік палаталардың қатарына жатады. Жилина өңірі индустрияландыру деңгейі жоғары, экономикалық тұрғыдан дамыған аймақтардың бірі болып табылады, мұнда машина жасау саласы экономиканың негізгі тірек салаларының бірі саналады.Ян Саболмен өткен кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасу жүзеге асырылып, өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.Анықтама: «AZC Group» компаниялар тобының портфеліне Орталық Еуропадағы ондаған компания кіреді. Соңғы жылдары топ Үндістан, Бразилия және Азия нарықтарында өз ұстанымын нығайтуға ұмтылуда. 2024 жылы компания тобының айналымы шамамен 4 миллиард еуроны құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1163803?lang=kk
Қазақстан мен Сауд Арабиясы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бейілділігін растады 18.02.2026
Эр-Рияд, 2026 жылғы 17 ақпан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен барды.Делегация құрамына «Самрұқ-Қазына» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сондай-ақ меморгандар мен квазимемлекеттік мекемелердің өкілдері енді.Сапардың басты оқиғасы корольдіктің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Аль Саудпен келіссөздер болды. Тараптар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге басымдық бере отырып, қазақ-сауд серіктестігінің ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты қарастырды.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өзара сыйластық, сенім және стратегиялық бірін-бірі толықтыру қағидаттарына негізделген екіжақты қатынастардың қарқынды серпінін атап өтті. Басты назардың шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге және ынтымақтастықты нақты өзара тиімді жобалармен толықтыруға бағытталғандығы расталды.Өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, сондай-ақ ОПЕК+форматын қоса алғанда, халықаралық құрылымдар шеңберіндегі күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы аталып өтті. Ведомствоаралық тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру және негізгі халықаралық мәселелер бойынша тәсілдерді келісу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.«Қазақстан Сауд Арабиясын Таяу Шығыс пен араб әлеміндегі жақын және сенімді серіктес ретінде қарастырады. Біздің елдеріміз мазмұнды саяси диалогты, сенімнің биік деңгейін және жаһандық және өңірлік сын – қатерлердің кең ауқымы бойынша ұстанымдардың жақындығын біріктіреді», - деп атап өтті Ермек Көшербаев.Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға ерекше назар аударылды. Қазақ тарапы энергетика, инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және «жасыл» экономиканы қоса алғанда, басым секторларда сауд капиталының қатысуын кеңейтуге мүдделілік білдірді.Өз кезегінде ханзада Фейсал бен Фархан Корольдіктің іскерлік байланыстарды одан әрі жандандыруға және өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша іс жүзіндегі кооперацияны тереңдетуге дайындығын растады.Сапар аясында Қазақстан СІМ басшысы бірқатар екіжақты кездесулер, оның ішінде Корольдіктің Энергетика министрі ханзада Абделазиз бен Салман Аль Саудпен, Инвестициялар министрі Фахад Әл-Саифпен, сондай-ақ ACWA Power компаниясының Басқарма Төрағасы Мұхаммед Абунаянмен кездесу өткізді.Келіссөздер дәстүрлі генерация, жаңартылатын энергия көздері және «жасыл» көшу саласындағы жобаларды қоса алғанда, энергетикадағы салалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ Сауд Арабиясының инвестициялары мен технологиялық шешімдерін Қазақстан экономикасына тарту мәселелеріне бағытталды.Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы және Үйлестіру кеңесін құру туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1165242?lang=kk
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы Солтүстік Македония Парламентінде таныстырылды 18.02.2026
Скопье, 2026 жылғы 16 ақпан – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Парламенттік тобының төрағасымен Никола Коняновски бастаған ҚР-мен ынтымақтастық жөніндегі мүшелерімен кездесуде Қазақстанның жаңа Конституциясы туралы презентация жасады.Елші С.Бұршақов депутаттарды а.ж. 15 наурызында Қазақстанда саяси жүйені одан әрі демократияландыру мен жаңғыртуды, Президенттен Парламентке бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуді және жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуді көздейтін жаңа конституция жобасын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы хабардар етті.Қазақстандық дипломат ұсынылған Конституциялық новеллалар ықпалды парламенті бар супер президенттік модельден президенттік республикаға көшудің соңғы кезеңін белгілейтініне назар аударды. Елші жаңа Конституция «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді айқындау арқылы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін жетілдіруге арналғанын атап өтті.С.Бұршақов Негізгі Заңды жаңартудың негізгі мақсаты мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформация мен жаһандық тұрақсыздықты қоса алғанда, қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне бейімдеу болып табылатынын атап өтті. Реформаның өзегінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, жеке өмірге қол сұқпаушылық пен дербес деректер қауіпсіздігіне кепілдіктерді бекіту, сондай-ақ ресурстық даму моделінен адами капиталға, ғылым мен инновацияларға негізделген экономикаға көшу мәселелері тұр.Кездесу барысында тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады және өзара қызығушылық тудыратын халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония парламентшілеріне Қазақстан Республикасының Құрылтайшы Мемлекет ретінде Бейбітшілік Кеңесінің құрамына кіру және Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешімі туралы жан-жақты ақпарат берді.Кездесу соңында Елші С.Бұршақов Қазақстанның саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға жоғары қызығушылық танытқан депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Солтүстік Македония парламентшілері биліктің заң шығарушы тармағының өкілеттіктерін кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған конституциялық реформаның қазақстандық тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1163812?lang=kk
Қазақстан Елшісі Молдова Республикасы Парламенті Төрағасының орынбасарымен кездесті 18.02.2026
Кишинёв, 2026 жылғы 17 ақпан. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасы Парламенті Төрағасының орынбасары Дойна Германмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың дәйекті дамуын растады және парламентаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтуға ниетті екенін атап өтті.Қазақстандық дипломат елде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Аталған реформалар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасымен қолға алынған. Осы тұрғыда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі, жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері, сондай-ақ ү.ж.15 наурызына жоспарланған Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум туралы мәлімет ұсыныды.А.Айдарбеков сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дипломатия саласындағы жетістіктері мен 2025 жылдың қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.Өз кезегінде Вице-спикер Молдованың негізгі басымдықтарын атап өтті. Олардың қатарында еуропалық интеграция және сыртқы саясат, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді ынталандыру, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және климаттық күн тәртібін ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және диаспорамен өзара іс-қимылды дамыту бар.Д.Герман молдава тарапының екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіріп, Кишинёвтың өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Молдова ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растап, тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1163843?lang=kk