Жаңалықтар
Аймақ басшысы Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті 01.10.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті.Онда елді мекендердің инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларын дамыту,халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.Ауылдық округтерде көшелерге асфальт төселген, аяқсумен қамтылған және жарықтандырылған. Тұрғындар мал ұстайды, кәсіпкерлікпен айналысады.Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Аймақ басшысы Бәйгеқұм ауылындағы учаскелік полицияның жаңа пунктінің жұмысымен танысты. Нысанды демеушілік қаражат есебінен 22 млн теңгеге «Сәт-Сервис» серіктестігі салып, қыркүйек айында пайдалануға берілген.Бұл ауылда 2330 тұрғын бар. Учаскелік полиция пунктінің ашылуы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтың алдын алуға және полиция қызметкерлерінің халықпен тікелей байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.Одан кейін облыс әкімі «Гежуба Шиелі Цемент» серіктестігінің қаржыландыруы есебінен 1,2 млрд теңгеге салынып жатқан 4,3 шақырым «Самара-Шымкент-Еңбекші» автомобиль жолының құрылысын көрді. Бас мердігер «Орда АвтоДор» ЖШС қолға алған құрылысты авторлық қадағалауға «Димаш-Сервис», техникалық қадағалауға «Опора Строя» серіктестіктері жауапты. Қайта жаңғыртудан өткен жол Еңбекші ауылы тұрғындарының көлік қатынасын жайлы етеді.Шиелі кентіндегі жол жөндеу жұмыстары, мамандандырылған балалар-жасөсіпірімдер мектебі де назардан тыс қалмады. Биыл Қожа Ахмет Яссауи, Бәкіров және Есабыз көшелерін, сондай-ақ Байтұрсынов көшесінен канал көпіріне дейінгі автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 544,6 млн теңге, аудандық бюджеттен 350 млн теңге бөлінді. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.№9 Шиелі аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі күрделі жөндеуден өткен. Жалпы 249,9 млн теңге бөлінген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мектеп ғимараты жаңартылып, спортшылар мен жаттықтырушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.Айта кету керек, Шиелі ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 325,9 шақырым болса, оның 80 шақырымы республикалық, 100,5 шақырымы облыстық және 145,4 шақырымы аудандық маңыздағы жолдар санатында.Аудандық маңызы бар 145,4 шақырым жолдың 138,1 шақырымы (94,9 пайыз) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал облыстық және республикалық маңызы бар жолдар 100 пайыз асфальтталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1302249?lang=ru
Қазақстан мен Ауғанстан екіжақты, өңірлік және көпжақты өзара іс-қимылды дамытуды талқылады 01.10.2026
Қабыл қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовтың Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхаммед Найммен және Ауғанстан Әйел кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасының (AWCCI) өкілдерімен кездесулері өтті.М. Найммен өткен кездесу барысында тараптар қазақстандық делегацияның Гератқа сапарының қорытындылары бойынша пікір алмастырып, жылы қабылдау мен өткен келіссөздердің сындарлы сипатын атап өтті. Е. Тұқымов Гератқа сапары ү.ж 20-21 маусымында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Ауғанстанға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болғанын атап өтті.Қазақстандық тарап транзиттік дәліздерді салу, сондай-ақ Оңтүстік Азия елдерімен сауда жасау бойынша Орталық Азия мемлекеттерімен серіктестікте Ауғанстанмен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.Ауғанстандық тарап БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің сөз сөлеуінде халықаралық алаңның орталық рөлін сақтай отырып, Ауғанстанмен кезең-кезеңімен халықаралық өзара іс-қимылды қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының қызметіне қатысуға мүдделілігін атап өтті. Екі ел арасындағы тікелей авиациялық қатынастардың перспективалары да бөлек талқыланды.Сапар аясында Ауғанстан Әйел кәсіпкерлер және өнеркәсіп палатасының өкілдерімен де кездесу өтті. Қатысушылар екі елдің әйел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ білім беру, кәсіби даму, медицина және әлеуметтік жобалар салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады.Палата өкілдері қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді. Е. Тұқымов тікелей іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен бастамаларды пысықтау үшін Палата өкілдерін Қазақстанға шақырды.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар тікелей диалогты жалғастыруға және өңірлік және көпжақты ынтымақтастық форматтарын тарта отырып, бірлескен бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1302227?lang=ru
Рейдовое мероприятие «Қамқор» 01.10.2026
2026 жылғы 25 қыркүйекте Осакаров ауданының білім бөлімінің құқық бұзушылықтардың алдын алу және қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мәселелері жөніндегі әдіскерлері, Психологиялық қолдау орталығының басшысы және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар бірлесіп «Қамқор» рейдтік іс-шарасын өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты әлеуметтік осал жағдайдағы және ерекше назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандардың тұру және тәрбиелену жағдайларын зерделеу, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бағалау болды.Рейдтік іс-шара барысында профилактикалық есептің әртүрлі түрлерінде тұрған отбасыларға бару жүргізілді. Мамандар тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға зерттеу жүргізіп, ата-аналармен (заңды өкілдермен) әңгімелесті, балаларды тәрбиелеу, күтіп-бағу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналардың жауапкершілігіне қатысты заңнама талаптарын түсіндірді.Балалардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындауы мәселелеріне ерекше назар аударылдыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1302232?lang=ru
Шиеліде күн-электр станциясы іске қосылды 01.10.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Vigor Holding» компаниясының Шиелі ауданындағы қуаттылығы 20 МВт күн-электр станциясын іске қосу рәсімі өтті. Оған облыс прокуроры-инвестициялық омбудсмен Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аталған компанияның және жобаға қаржылай қолдау көрсеткен «Қазақстанның Даму Банкінің» өкілдері арнайы қатысты.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, оның ішінде индустрия, энергетика және құрылыс салаларында заманауи өндірістер ашуды тапсырған болатын.Жаңа жобаларды іске асыруға, өнеркәсіпті дамыту үшін жеке капитал тартуға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасап келеді.Осының айқын көрінісі ретінде, бүгін отандық инвестордың қатысуымен жүзеге асқан жоба – «Vigor Holding» компаниясының күн-электр станциясын іске қосу рәсіміне жиналдық.Біз отандық және шетелдік инвесторлармен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс жасауға әрдайым дайынбыз! Жаһандық бәсеке күшейіп тұрған қазіргі заманда бұл – өте маңызды бастама. Өндірістер ашуға, жаңа технологияларды дамытуға салынған инвестицияның міндетті түрде қайтарымы болады. Осы ретте, ұтымды әлеуетімізді және мүмкіндіктерді тиімді пайдалануымыз қажет. Жаңа станцияның жұмысы табысты болсын!», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және жобаның нәтижелі жүзеге асуына атсалысқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ризабек Кәрімұлы, «Vigor Holding» компаниясының бас директоры Айтуған Ахметұлы құттықтау сөз сөйлеп, ардагер Өркен Әзімханұлы ақ батасын берді.Бүгінде өңірде жалпы қуаттылығы 151 мегаватт болатын 11 күн-электр станциясы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта қуаттылығы 225 мегаваттан асатын тағы 7 күн-электр станциясын іске қосу жоспарланған.Қазір Арал және Жаңақорған аудандарында 30 мегаваттық станциялар құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында 15 мегаваттық, ал Шиелі ауданында әрқайсысының қуаттылығы 60 мегаватт болатын екі күн-электр станциясының жобасы әзірленуде. «ҚызылордаЭнерджиГаз» мекемесінің 10 мегаваттық станциясының құрылысы алдағы айда басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1302233?lang=ru
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес 01.10.2026
2026 жылғы 28 қыркүйекте Осакаров ауданының білім бөлімінің әдіскері Касумова В.Н. білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарларымен онлайн-кеңес өткізді.Кеңес барысында қатысушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмысты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді.Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алу, ерекше назар аударуды талап ететін балалармен (ЕНТ) жеке профилактикалық жұмыс жүргізу, қауіп факторларын уақтылы анықтау, сондай-ақ білім беру ұйымдарының полиция органдарымен және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар профилактикалық жұмысты құжаттамалық сүйемелдеу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды.Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру және педагог қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1302224?lang=ru
Мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 2 күн қалды! 01.10.2026
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жылғы мүлік салығын 2026 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттігін еске салады. Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге жіберілді, соның негізінде олардың пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында, әрбір объект бойынша сомалардың толық жіктелуі көрсетілген PUSH-хабарламалар келді. Салықты ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады: - екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы; - банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен; - банкоматтар мен төлем терминалдарында банк картасы арқылы. Назарларыңызға салынады: 2026 жылдың 2 қазанынан бастап берешегі жойылмаған меншік иелеріне тиісті хабарламалар жіберіледі. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады; ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаса, іс жеке сот орындаушыларына беріледі. Департамент осы рәсімнен аулақ болу үшін салықты уақытылы төлеуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1302211?lang=ru
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 1-3 қазанда жұмыс істемейді 01.10.2026
ҚХР-дың құрылған күні мерекесіне байланысты 1, 2 және 3 қазанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.Өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Шекарадан өтуді жоспарлаған азаматтар мен тасымалдаушылардан маршруттарын алдын ала жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді сұраймыз.📌 Толығырақ карусельде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1302183?lang=ru
Алматы облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы өтті 01.10.2026
Алматы облысында ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы өттіАлматы облысында ауыл мектептерінің оқушылары арасында республикалық олимпиаданың І (мектепшілік) кезеңі ұйымдастырылды. 28–30 қыркүйек аралығында өткен білім додасы онлайн форматта smart.daryn.kz платформасында өткізілді.Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептерінде білім алатын оқушылардың пәндік білім деңгейін саралау, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, сондай-ақ олардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беру.Атап айтқанда, облыс бойынша білім додасына 17 633 оқушы қатысты. Оқушылар онлайн форматта өз білімдерін сынап, пәндер бойынша берілген тапсырмаларды орындады.Бұдан бөлек, олимпиада ауыл мектептеріндегі білім алушылардың өз қабілетін танытып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар келесі кезеңдерге жолдама алады.Республикалық олимпиада – ауыл мектептері оқушыларының білімін шыңдап, олардың қабілетін кеңінен танытуға мүмкіндік беретін маңызды білім додаларының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1302159?lang=ru
ШЫМКЕНТТЕ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 01.10.2026
Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аға буын өкілдерінің шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады. Қала әкімі Рахматулла Мәуленов, Өркен Әбдіреев, Шәки Күлмажитов және Сәбит Рүстемовтің үйлерінде болды.Кездесу барысында қариялар өздерінің естеліктерін бөлісіп, еңбек жолдары мен отбасылық дәстүрлері туралы әңгімеледі. Қала әкімі ардагерлердің көп жылғы еңбегі мен Шымкенттің дамуына қосқан үлесіне алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады, сондай-ақ, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке және жан тыныштығын тіледі.Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 105 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оларға арнап өмір сүру сапасын арттыруға, денсаулығын нығайтуға және белсенді өмір салтын ұстануға бағытталған түрлі әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.Халықаралық қарттар күніне орай Шымкентте жасы 70-тен асқан 29 841 тұрғынға 3 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек көрсетілді. Сондай-ақ, 80 жастан асқан жалғызбасты 101 қарияға ай сайын 2 АЕК көлемінде әлеуметтік төлем беріледі.Биыл санаторий-курорттық жолдамамен 8 735 адамды қамту жоспарланып, соның ішінде 5 090 адам қамтамасыз етілді. «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының төрт бөлімшесінде күн сайын 800-ден астам зейнеткер түрлі іс-шараларға қатысады. Олар үшін спорттық, шығармашылық және сауықтыру бағытындағы сабақтар ұйымдастырылған.70 жастан асқан тұрғындар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Сонымен қатар қарияларға театрларға, музейлерге, хайуанаттар бағына және дендросаябаққа тегін бару қарастырылған.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті 01.10.2026
Қаладағы Арбат алаңында «Халық заңгері» акциясы аясында тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді. Акцияға қалалық басқармалардың, әкімдіктердің мамандары, заңгер-консультанттар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен прокурорларды қоса алғанда, 40-қа жуық маман қатысты. Олар тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша тегін кеңес берді.– Шымкент тұрғындары түрлі мәселелер бойынша жүгінеді. Алайда ең көп қойылатын сұрақтар тұрғын үй және жылжымайтын мүлік құжаттарын рәсімдеуге қатысты. Сондай-ақ, кибералаяқтық, алаяқтық және дропперлік мәселелері де жиі көтеріледі. Өйткені қазір бұл өте өзекті тақырыптар және адамдар мұндай жағдайларға жиі тап болады. Бұдан бөлек, алимент өндіруге көмек сұрап жүгінетіндер бар.Кейбір азаматтарға барлық құжаттарымен аудан прокуратурасына келуді ұсынамыз. Сол жерде туындаған мәселелерді нақты әрі жан-жақты қарастыруға мүмкіндік бар. Бір күннің өзінде аудан прокуратурасына түрлі мәселелер бойынша шамамен 30 адам жүгінеді, – дейді Әл-Фараби ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Мерей Айжанова.Акцияға қатысушылар қала тұрғындарына оларды қызықтырған барлық мәселелер бойынша түсініктеме берді. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.Қала тұрғындары адвокаттардан, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандарынан кеңес алды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін түсіндірді.Ал, тұрғындар тарапынан ең көп қойылған сұрақтардың бірі – көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары мен үйлерге жақын аумақта кәсіпкерлік нысандарын салуды жоспарлаған коммерсанттар арасындағы жер дауларын шешуге қатысты болды.«Халық заңгері» акциясы бірнеше жылдан бері қазақстандықтарға заңгерлік қызметтерді толығымен тегін көрсетіп келеді. Оның басты артықшылықтарының бірі – азаматтарға көптеген мекеменің табалдырығын тоздырып, бір кабинеттен екіншісіне барудың қажеті жоқ.
Сарыбастау ауылдық округінде халықпен кездесу өтті 01.10.2026
Сарыбастау ауылдық округінде халықпен кездесу өттіСарыбастау ауылдық округіне қарасты елді мекендерде ауыл округі әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті. Жиын барысында округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, атқарылған жұмыстар қорытындыланды.Кездесуде инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу, тазалық пен абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету және жайылымдық жерлер мәселесі кеңінен талқыланды.Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Округ әкімі қойылған әрбір сұраққа заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешілу барысын жеке бақылауына алатынын жеткізді.Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтып, ауылдың дамуына оң ықпалын тигізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-sarybastau/press/news/details/1302084?lang=ru
Ақпараттық қауіпсіздік саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша семинар кеңес ұйымдастырылды. 01.10.2026
Ақпараттық қауіпсіздік саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша семинар кеңес ұйымдастырылды.Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Киберқауіпсіздік» саласындағы заңнамалық өзгерістер, Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша кеңес өтті. Аталған кеңесте аудандық полиция бөлімінің қатысуымен дербес бөлім және округ мамандарына алаяқтық фактілерінің алдын алу профилактикасы бойынша мәселелер қаралды. Сонымен қатар, Қазақстандағы Кибермәдениет айлығы аясында «Киберқауіпсіздік» саласындағы заңнамалық өзгерістер талқыланып, мекемелердегі Ақпараттық қауіпсіздік саясатын жетілдіру бойынша және ұйымдастыру бойынша мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1302092?lang=ru
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша онлайн семинар өтті 01.10.2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша онлайн семинар өттіАғымдағы жылдың қыркүйек айында Теректі ауданы әкімі аппаратының бастамасымен ауылдық округтер мен дербес бөлім мамандарының қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша онлайн семинар кеңес өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңдылықтарды сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1302039?lang=ru
Үкімет 2026 жылғы бидайдың сатып алу бағасын анықтады 01.10.2026
Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. 3-сыныпты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде хабарлады.«Нарық конъюнктурасын, сондай-ақ нарыққа қатысушылардың ұсынысын ескере келіп, Үкімет 2026 жылғы астықтың сатып алу бағасын айқындады. Атап айтқанда, 3-сыныпты бидай бағасын сапалық көрсеткішіне байланысты 92-ден 115 мың теңгеге дейін белгілеу жоспарлануда. Осылайша, баға өткен жылғы деңгейде қалады», — деді Серік Жұманғарин.Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы нарық үшін эталон ретінде қызмет етеді. Шаруаларды қаржылық қолдау астықты форвардтық және тікелей сатып алу тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өндірістік шығындарды жабуға және келесі маусымға дайындалуға мүмкіндік береді.Тағы бір қолдау шарасы – астық трейдерлеріне ҚҚС-ты қайтару. Тиісті шешім Салық Кодексін енгізу бойынша жобалық кеңсе отырыстарының бірінде қабылданды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін қадағалауға мүмкіндік беретін «пирамида әдісі» деп аталатын тәсілді қолдана отырып, салықтық тексерумен расталатын болады. Тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтарып ала алады.Серік Жұманғарин сондай-ақ астық экспорттаушыларға мемлекеттік шығындарды өтеу бағдарламасы 2026-2027 маркетингтік жылға ұзартылатынын хабарлады.Өткен жылдары астық жөнелтушілердің көлік шығындарын субсидиялау қазақстандық астықты жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Дәстүрлі нарықтардан басқа қазақстандық бидайды алғаш рет Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания, сондай-ақ Марокко, Алжир және Мысыр сынды Солтүстік Африка елдері сатып алды. Азық-түлік корпорациясы сонымен қатар Қытай арқылы мультимодальды маршрут бойынша Вьетнамға астық жеткізуді сынап көрді.Бұл шараларды жүзеге асыру астық бағасын тұрақтандыруға және демпинг тәуекелдерін төмендетуге ықпал етті. Логистика, қайта өңдеу, машина жасау және сервистік қызметтер сынды сабақтас салаларға да қосымша әсер берді.Кездесудің тағы бір тақырыбы мал шаруашылығын дамытуға арналды. Қостанай облысының үш оңтүстік өңірі – Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандарында бүгінде 1 132 фермерлік шаруашылық жұмыс істейді. Жалпы егіс алқабы 581,1 мың гектар. Оның ішінде дәнді дақыл 501,4 мың гектар, майлы дақыл 65,9 мың гектар. Соңғы үш жылда майлы дақыл алқабы 1,3 есеге ұлғайды. Негізгі дақыл – мақсары: ол 51,2 мың гектарға немесе облыстағы осы дақылдың барлық ауданының 47%-ына егілді.Фермерлер кезінде Қостанай облысы бастамашы болған «Жайлау» бағдарламасын қайта жүзеге асыру мәселесін көтерді. Атап айтқанда, жайылымдарды міндетті түрде суландыру және мал шаруашылығы базаларын салу жөніндегі талаптар туралы сөз болды. Оңтүстік аудандардың шаруашылықтары негізінен табиғи су көздері бар өзендер мен көлдердің жайылмаларында орналасқан, көптеген фермерлерде мал шаруашылығына қажетті инфрақұрылым бар. Осыған байланысты бағдарлама талаптарын орындау кезінде бұрыннан бар объектілерді есепке алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Сондай-ақ, мал өсірушілер асыл тұқымды ірі қара малдың шекті құнын оны сатып алуды жеңілдетілген несиелеу кезінде қайта қарауды ұсынды. Өйткені олардың бағалауы бойынша бағдарламада белгіленген баға нарықтық бағадан төмен.Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне қолданыстағы құжаттарға қажетті өзгерістерді пысықтауды, сондай-ақ асыл тұқымды мал құнының анықтамалығын әзірлеуді тапсырды.«Zengi Group» ЖШС директоры Жәнібек Кенжебаев Арқалықта эмбриондар өндіру бойынша генетикалық орталық құру жоспарын ұсынды. Жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тартылды.«Бұл жоба – асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін Қазақстанда асыл тұқымды мал басын көбейту мүмкіндігі. Эмбриондарды қолдану арқылы біз асыл тұқымды мал ала аламыз. Сонымен қатар Арқалықта мал тасымалдау бойынша логистикалық хаб құру бойынша жұмыс істейміз. Біз асыл тұқымды малды өндіру мен сатуды кәсіби деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті Жәнібек Кенжебаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1301951?lang=ru
Қазақстан Ауғанстанға $21 млн-ға бидай мен күнбағыс майын жеткізеді 01.10.2026
Герат қаласында Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Қазақстандық бизнес-делегацияны ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов басқарды. Форумға Ауғанстан нарығына шығуға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі 12-ге жуық қазақстандық компания қатысты. Форум барысында екі елдің кәсіпкерлері B2B форматында кездесіп, өзара сауданы кеңейту, қазақстандық өнім экспортын арттыру және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Кездесулердің қорытындысы бойынша қазақстандық WAYSTAR және Kim Rail International компаниялары ауғандық OSMAN KHALID компаниясымен бидай жеткізуге қатысты жалпы құны $11 млн болатын екі келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар Қазақстанның Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының қатысуымен құны шамамен $10 млн болатын күнбағыс майын жеткізу туралы келісім жасалды. Сапар аясында «Хаф–Герат» теміржолының үшінші учаскесінің ашылу рәсімі де өтті. Оның құрылысына қазақстандық «Integra Construction KZ» ЖШС қатысты.Тараптар өзара сауданың басқа да бағыттарындағы ынтымақтастықты жалғастыруға және екі елдің бизнес өкілдері арасындағы тікелей байланысты одан әрі дамытуға келісті. Қазақстандық делегация Герат провинциясындағы индустриялық аймақтың өндірістік әлеуетімен де танысты. Ірі кәсіпорындардың өкілдері мәрмәр өндіру және өңдеу, металл прокатын шығару, фармацевтика және алкогольсіз сусындар өндірісіндегі кәсіпорындардың жұмысымен таныстырды. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда көлемі де өсіп келеді. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында екі ел арасындағы тауар айналымы $581,1 млн болды. Бұл 2025 жылдың бүкіл қорытындысындағы $541,6 млн көрсеткіштен жоғары. Қазақстанның Ауғанстанға экспортында ұн, бидай, күнбағыс майы, металл өнімдері және минералды тыңайтқыштар негізгі орын алады. Сауда көлемінің өсуіне екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей іскерлік байланыстың нығаюы да ықпал етіп отыр.Қазақстан екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту үшін тұрақты түрде сауда-экономикалық миссиялар, бизнес-форумдар және B2B кездесулер өткізеді. Ал Кабул мен Гераттағы Қазақстанның Сауда үйлері отандық өнімдерді Ауғанстан нарығында ілгерілетуге және қазақстандық кәсіпкерлердің ауғандық серіктестермен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік береді.Гераттағы бизнес-форум нәтижесінде жасалған келісімдер Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауданы кеңейтіп, қазақстандық өнім экспортын арттыруға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1302522?lang=ru
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті 01.10.2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.01.01.2026ж. мен 31.08.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 36,2 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,0 млн-ы электрондық форматта, 11,4 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6%-ын құрады. Цифрландырудың жоғары деңгейіне қарамастан, өңірлік бөлімшелердегі Қор мамандары азаматтарға жүзбе-жүз қызмет көрсетуін әлі де жалғастыруда. Десек те, мобильдік қызметтер мен веб-ресурстардың ыңғайлылығы аясында кеңселерге өзі барып қызмет алу үлесі ең аз көрсеткішке ие боп қала береді. Мәселен, күндізгі форматта 516,7 мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде 504,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылған.Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,3 млн бірлікке жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 25,0 млн үзінді көшірме берілді. Оның 22,4 млн-ы – электрондық, ал 2,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 88,8 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 39,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 783,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 27,5 мың материал жарияланды.Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 283,0 мың өтініш түсті.Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/1306779?lang=ru
Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер 01.10.2026
Аванстық төлемдерді төлеушілер болып корпоративтік табыс салығын төлеушілер табылады, төмендегі тұлғаларды қоспағанда:Салық кезеңінен бұрынғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін түзетулер ескерілген жиынтық жылдық табысы алдыңғы қаржы жылындағы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 600 000 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеушілер;Жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер — тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркеу жүргізілген салық кезеңі ішінде, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңі ішінде;Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай қызметін жүзеге асыратын, салық органдарында жаңадан тіркелген заңды тұлға — бейрезиденттер — салық органдарында тіркелген салық кезеңі ішінде, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңі ішінде;Салық кодексінің 329-бабының 1-тармағы мен 330-бабының ережелерін қолданатын коммерциялық емес ұйымдар;«Астана Хаб» қатысушылары;Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым;Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес Орталықтың органдары және АХҚО органының ұйымдары.2026 жылы аванстық төлемдер бойынша не өзгерді?Есепті жылдың 1-тоқсаны үшін аванстық төлемдерді салық органы әр айға есепті жылдың алдындағы жылы есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының он екіден бір бөлігі мөлшерінде есептейді (есепке қояды).Есепті жылдың 1-тоқсаны үшін аванстық төлемдерді алдыңғы жылы аванстық төлемдерді төлеуші болған тұлғалар төлейді.Декларациядан кейін есепті жылдың екінші, үшінші және төртінші тоқсандарының әр айы үшін аванстық төлемдердің сомалары мынадай тәртіппен есептеледі:Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағына және 689-бабына сәйкес алдыңғы жыл үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының он екіден бір бөлігі мөлшерінде;Ағымдағы салық кезеңі үшін болжамды корпоративтік табыс салығының сомасы негізінде, егер:Салық кодексінің 345-бабының 1-тармағына және 689-бабына сәйкес алдыңғы жыл үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болса.Аванстық төлемдерді төлеушілер аванстық төлемдер бойынша декларациядан кейінгі есепті салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей жасайды және ұсынады.Әр ай үшін аванстық төлемдер бюджетке әр айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1301909?lang=ru
Жастармен диалог: Қазақстан Елшісі President University студенттері алдында сөз сөйледі 01.10.2026
Джакарта, 2026 жылғы 30 қыркүйек – Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов President University студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында «Өзгеретін әлемдегі Қазақстан: ішкі реформалар, сыртқы саясат және Индонезиямен қатынастар» тақырыбында дәріс оқыды.Дипломат Қазақстандағы қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, 2026 жылы қабылданған Конституция аясында жаңа мемлекеттік архитектураның қалыптасуы туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер және Индонезиямен екіжақты ынтымақтастық бойынша еліміздің ұстанымдарын жеткізді. Екі ел арасындағы академиялық және туристік алмасудың айтарлықтай өскені атап өтілді.Кездесу аясында Қазақстанның әсем туристік орындары туралы фильм көрсетіліп, сұрақ-жауап сессиясы өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-jakarta/press/news/details/1301902?lang=ru
Білім саласындағы өзекті сұрақтарға жауап 01.10.2026
Білім саласындағы өзекті сұрақтарға жауапАлматы облысының білім басқармасы азаматтардан келіп түсетін өтініштер мен сұрақтарға тұрақты түрде талдау жүргізіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда.Талдау нәтижесінде азаматтарды педагогтерді жұмысқа қабылдау тәртібі, бос лауазымдарға орналасу, біліктілік санатын беру және растау, сынақ мерзімін белгілеу, еңбек қатынастары, жас мамандарды қолдау, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер жиі қызықтыратыны анықталды.Педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Бос педагогикалық лауазымдарға конкурс жарияланып, тиісті ақпарат ресми интернет-ресурстарда және уәкілетті ақпараттық жүйелерде орналастырылады. Үміткерлер қажетті құжаттарын ұсынып, конкурстық іріктеуден өтеді. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпазбен еңбек шарты жасалып, лауазымға тағайындау туралы тиісті бұйрық шығарылады.Сонымен қатар педагогтердің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Біліктілік санатын беру немесе растау аттестаттау рәсімі арқылы жүргізіледі. Жас мамандар үшін кәсіби бейімделу, тәлімгерлік және біліктілікті арттыру мүмкіндіктері қарастырылған. Ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан педагогтерге қолданыстағы заңнама аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуі мүмкін.Мектепке дейінгі білім беру саласында да азаматтар тарапынан бірқатар сұрақтар жиі көтеріледі. Олардың қатарында мемлекеттік білім беру тапсырысын алу тәртібі, балабақшалардағы орын тапшылығы, кадрмен қамтамасыз ету, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қабылдау және ата-аналардан заңсыз қаражат жинауға жол бермеу мәселелері бар.Мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту мақсатында жаңа орындар ашу, қолданыстағы ұйымдардың қуатын арттыру, жекеменшік балабақшаларды мемлекеттік білім беру тапсырысына тарту және бос орындарды автоматтандырылған жүйе арқылы бөлу тетіктері қарастырылған.Білім беру ұйымдарында еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкес жүргізілуі, педагогтердің құқықтарының сақталуы, көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігі маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Алматы облысының білім басқармасы азаматтардың білім беру саласына қатысты сұрақтарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және қажетті ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуді жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-bilim/press/news/details/1301873?lang=ru
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар 01.10.2026
1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.Қазақстандық ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1302247?lang=ru