Жаңалықтар
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК! 02.10.2026
«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты атанған Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектеп 4 000 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды!Бұл — мектеп ұжымының тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі. Мектеп ұжымын осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1302579?lang=ru
Дүниежүзілік күнтізбеде 1 қазан - Халықаралық қарттар күні ретінде белгіленген. 02.10.2026
Еліміз әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі болғандықтан аталған датаны назардан қалдырмай игі дәстүрге сай атап өтіп жүр.Ұрпақ сабақтастығы мәселесінде оның маңыздылығы тіптен ерекше.«Көп білгеннен емес, көпті көргеннен сұра», деген тәмсілді ескерсек, мұның буын алмасу мәселесінде пайдасы зор.Қартты қадірлеген ел - қатардан қалмайды. Көнекөз қарияларымызды ғұмыр ғибратымен сүйіншілесін!ҚР Қаржы министрлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1302563?lang=ru
Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері! Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 02.10.2026
Әрқайсыңыздың жүріп өткен іздеріңізде - талай жылғы маңдай тер, қамқорлық, маңызды шешімдер мен өмір сынақтары тұр. Сіздер туған өлкені өркендетіп, дамытып, бала тәрбиелеп, отбасын құрып, өз еңбектеріңізбен ауданымыздың және еліміздің дамуына елеулі үлес қостыңыздар. Мұның барлығы ортақ тарихымыздың ажырамас бөлігіне айналып, бүгінде болашақты қалыптастыруға негіз болып отыр.Аға буынның айрықша құндылығы - жинақтаған мол тәжірибесі мен өмірлік даналығында. Сіздер отбасылық және еңбек дәстүрлерін сақтап, жас ұрпаққа білім мен өмірлік бағдар беріп келесіздер. Ұрпақтар сабақтастығының осындай берік арқауы жақсы құндылықтарды сақтап, болашаққа нық сеніммен қадам басуға мүмкіндік береді.Бүгінде аға буынға қатысты мемлекеттік саясат тек әлеуметтік қолдаумен шектелмейді. Оның маңызды бағыттарының бірі - егде жастағы азаматтардың белсенді әрі лайықты ұзақ өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Аға буын өкілдерінің белсенділігін сақтап, қоғаммен араласуына, сүйікті ісімен айналысуына, денсаулығына көңіл бөлуіне және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік болуы маңызды.Құрметті аға буын өкілдері!Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жан жылуы мен ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін! Жандарыңызда әрдайым жақындарыңыз, балаларыңыз бен немерелеріңіз болып, олардың жетістіктері сіздерді қуанышқа бөлей берсін. Әрбір жаңа күн сіздерге тыныштық, жақсы кездесулер мен ертеңгі күнге деген сенім сыйласын!Аудан әкімі Қ. МыржақыповАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1302553?lang=ru
Қазақстанның Бас консулы Шанхай қаласының жаңа мэрін сайлануымен құттықтады 02.10.2026
Шанхай, 2026 жылғы 30 қыркүйек 2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров Шанхай қаласының Халық үкіметінің шақыруымен Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.Іс-шарада Қытай Коммунистік партиясы Шанхай қалалық комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай қаласының мэрі Чжу Чжунмин құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелеріне тоқталып, Шанхайдың халықаралық экономикалық, қаржылық, сауда, көлік және ғылыми-технологиялық орталық ретіндегі позициясын нығайтуды қоса алғанда, қаланы одан әрі дамытудың басым бағыттарын атап өтті.Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Бас консулы Н.Аққошқаров Чжу Чжунминді Шанхай қаласының мэрі болып сайлануымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Чжу Чжунмин 2026 жылғы 30 қыркүйекте Шанхай қаласының 16-шақырылымдағы Халық өкілдері жиналысының бесінші сессиясында Шанхай қаласының мэрі болып сайланды.Тараптар сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Шанхай қаласын, сондай-ақ Цзянсу, Чжэцзян және Аньхой провинцияларының бүкіл аумағын қамтитын Янцзы өзені атырауы өңірі арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіліктерін растады.Салтанатты қабылдауға Шанхай қаласы басшылығының, дипломатиялық корпустың, іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-shanghai/press/news/details/1302515?lang=ru
Салықтық зерттеп-қарау актісі. 02.10.2026
Салықтық зерттеп-қарау – салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын іс-шара.Салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.Салықтық зерттеп-қарауды жүргізуге қатысу үшін куәгерлер тартылады.Салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша болмау фактісі анықталған кезде салықтық зерттеп-қарау актісі жасалады.Салықтық зерттеп-қарау актісіне оны жасаған салық органының лауазымды адамы, сондай-ақ куәгерлер қол қояды.Әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейнежазбалар немесе басқа да материалдар актіге қоса тігілуі мүмкін.Салықтық зерттеп-қарау актісінің көшірмесі салық төлеушіге (салық агентіне) оның сұрау салуы бойынша веб-қосымша арқылы ұсынылады.Слық органы салықтық зерттеп-қарау актісі жасалған күннен кейінгі күннен кешіктірмей:уәкілетті органның интернет-ресурсында салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын және әкесінің атын немесе атауын, салықтық зерттеп-қарауды жүргізу күнін көрсете отырып орналастырады;салық төлеушінің тұрған жерін (болмауын) растау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.Салық төлеуші (салық агенті) хабарламаны салық органына өзі келу тәртібімен:салықтық зерттеп-қарау кезінде болмау себептері туралы түсінікті;жылжымайтын мүлікке құқықтылығына қарай салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жерін растайтын құжатты:жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын (кемінде бір жыл мерзімге) құжаттың көшірмесін;пайдалану құқығын растайтын (бір жылдан аз мерзімге) құжаттың көшірмесін, ұсынғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын салыстырып тексеру үшін көрсетілген құжаттың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып; Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1302497?lang=ru
Жапонияның билеуші партиясы «Әділет» партиясымен ынтымақтастық орнатуға дайындығын растады 02.10.2026
Токио, 2026 жылғы 1 қазан – Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Либералды-демократиялық партиясының (ЛДП) Бас хатшысы Шюничи Судзукимен кездесу өткізді.Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны бір палаталы Құрылтай қызметінің негізгі басымдықтарымен, соның ішінде заңнамалық үдерісті жетілдіру және атқарушы билікке парламенттік бақылауды күшейту шараларымен таныстырды. Жапон саясаткері сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы күн тәртібі және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы ақпарат алды.Өз тарапынан Ш.Судзуки «Әділет» партиясының басшысы, ҚР Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебайдың атына партияның ағымдағы жылғы 23 тамызда өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтау хатын табыс етті. Жолдауда жапон тарапы Құрылтай сайлауындағы сайлаушылардың жоғары белсенділігі елде жүріп жатқан институционалдық өзгерістерге деген үлкен қызығушылықты айғақтайтынын және қазақстандық қоғамның жоғары үмітін көрсететінін атап өтті.Ш.Судзуки Жапонияда Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды мұқият қадағалап отырғанын мәлімдеп, «Әділет» партиясы мен Жапонияның жетекші саяси күші ретіндегі Либералды-демократиялық партия арасында партиялық диалогты жолға қоюға дайын екенін растады. Оның айтуынша, Токио әлемдегі сақталып отырған экономикалық турбуленттілік жағдайында Қазақстанды энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маңызды серіктес ретінде қарастырады.Анықтама: Премьер-министр Санаэ Такаичи төрағалық ететін Жапонияның Либералды-демократиялық партиясы елдің екі палаталы Парламентінде 400-ден астам орынға ие. ЛДП иерархиясында Бас хатшы партиядағы екінші тұлға және оның ішкі ұйымдастыруын, қаржысын және партиялық тәртібін басқаратын негізгі қайраткер болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1302500?lang=ru
Тауарлардың жекелеген түрлеріне бағаның ең төменгі деңгейі белгіленді 2026 жылғы төртінші тоқсанға 01.10.2026
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 518-бабының 2-тармағына сәйкес бағалардың ең төменгі деңгейін айқындау тәртібіне сәйкес бағалардың ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша уәкілетті орган айқындайды. Оларға қатысты бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағаның ең төменгі деңгейін айқындау тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітеді. Ең төменгі бағалардың деңгейі тоқсан сайын айқындалады. 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уәкілетті орган болып табылады. Комитет 2026 жылғы 01 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстан аумағында өндірілетін импортталатын тауарларға ең төменгі бағаларды белгіледі.Тізімге 76 өнім түрі енді, оның ішінде:Қатты бидай, өзгелері - бір кг үшін 88 теңге;Жұмсақ және спельтті бидайдан пісірілген бидай ұны - бір кг үшін 160 теңге;Бастапқы орамадағы өзге де күнбағыс майлары немесе олардың фракциялары таза көлемі 10 литр немесе одан кем - кг үшін 650 теңге;Құрғақ немесе паста тәрізді, шикі, еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе қаннан жасалған шұжықтар - 2 203 кг үшін;Макарон өнімдері, басқа да кептірілген өнімдер - бір кг үшін 444 теңге;Спирт концентрациясы 45,4 % немесе одан аз арақ, сыйымдылығы 2 литр немесе одан аз ыдыстарда - литріне 1201. Қазақстанда өндірілмейтін (импортталатын) тауарлардың тізбесі 13 позицияны қамтиды, оның ішінде:Жаңа піскен плантайндарды қоса алғанда банан - бір кг үшін 538 теңге;Тәтті, жаңа піскен апельсин - бір кг үшін 431 теңге;Жаңа піскен және кептірілген мандариндер - кг үшін 457 теңге;Жаңа піскен құрма - кг үшін 350 теңге.Салық кодексінің 518-бабының 1-тармағында тауарлардың салық салынатын импортының мөлшері оларды сатып алу құны негізінде айқындалады деп көзделген. Оларға қатысты бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген импортталатын тауар бойынша құн белгіленген бағаның ең төменгі деңгейінен төмен мәлімделген кезде салық төлеуші осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша көрсетілген сомалардың айырмасын ескере отырып, осы Кодекстің 530-бабында көзделген мерзімде салық төлеуге міндетті. Салық органы салық төлеушінің осы тармақтың алтыншы бөлігінде белгіленген талапты сақтамауын анықтаған кезде бағаның ең төменгі деңгейі мен бағаның ең төменгі деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесіне енгізілген импортталған тауардың мәлімделген құнының сомасы арасындағы айырма сомасы дербес шотты жүргізу тәртібіне сәйкес дербес шотқа есептеледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1302474?lang=ru
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге 01.10.2026
2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?» атты панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда өмірді сақтандыруды дамыту, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және азаматтардың болашақ табысын қамтамасыз етудегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды. Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы, Centras Group негізін қалаушы Елдар Абдразаков жүргізді. Талқылауға «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова, Bank CenterCredit вице-президенті Анастасия Овсянникова, «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева және AJR Finance Ltd исламдық қаржытех-компаниясының негізін қалаушы Мұрат Қылышбай қатысты. Пікірталас барысында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру құралдарының бірі ретінде зейнетақы аннуитетін дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттың келешегі туралы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтып берді. Ол Қазақстанның сақтандыру нарығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын және оның одан әрі өсу әлеуеті зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның пікірінше, сақтандыру индустриясының ауқымы әзірге экономиканың даму қарқынына толық сәйкес келе бермейді. «Өмірді сақтандыруды дамытуға ықпал ететін бағыттардың бірі – зейнетақы аннуитеті нарығы. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитетін сатып алуға пайдалану мүмкіндігі зейнетақы жүйесіне бастапқыдан-ақ азаматты зейнет жасындағы табыспен қамтамасыз етудің бір нұсқасы ретінде енгізілген. Бүгінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қазақстандықтардың оларды алудың әртүрлі тәсілдерін таңдауға мүмкіндігі бар: БЖЗҚ-дан қаражат толық таусылғанға дейін белгіленген кесте бойынша төлемдер алу, сақтандыру компаниясы арқылы өмір бойы төлемдер алу немесе осы екі нұсқаны үйлестіру. Өмірді сақтандыру нарығы инвестициялық нарықпен тығыз байланысты. Классикалық өнімдермен (шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттері) қатар инвестициялық құрамдас бөлікке байланысты жаңа мүмкіндіктер де пайда болуда. Бұл – заңды құбылыс, өйткені бүкіл әлемде өмірді сақтандыру инвестициялық нарықпен тығыз байланысты, ал сақтандыру компаниялары ірі институционалдық инвесторлар ретінде әрекет етеді.Сондықтан зейнетақы аннуитетін «сатып алдым, ұмыттым» деген қағидатпен қабылдамаған маңызды. Азаматтар бұл қаржы құралының қандай қосымша артықшылықтар беретінін, оның ішінде ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және инвестициялық құрамдас бөлік тұрғысынан түсінуі қажет. Нарықтың одан әрі дамуы сақтандыру қорғанысын, тұрақты дивидендтер мен инвестициялық мүмкіндіктерді ұштастыратын жаңа, оның ішінде гибридті өнімдердің пайда болуына алып келуі мүмкін», – деп түсіндірді Жанат Құрманов.Жанат Құрманов халық арасында ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін одан әрі қалыптастыру қажеттілігін де атап өтті. Пікірталас барысында айтылғандай, бұл мәселе әсіресе қысқамерзімді қаржылық мақсаттарға басымдық беруге бейім жастар үшін өзекті. Қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің қандай түрлері қолжетімді Еске сала кетейік, зейнетақы аннуитеті – азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасында жасалатын шарт. Оған сәйкес сақтандыру компаниясы өмір бойы немесе шартта белгіленген белгілі бір жасқа дейін ай сайын зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің бірнеше түрі ұсынылады. Шұғыл зейнетақы аннуитеті шарт жасалғаннан кейін оның талаптарына сәйкес төлемдердің басталуын көздейді.Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті төлемдердің шартта белгіленген белгілі бір кезең өткеннен кейін басталуын көздейді. Кейінге қалдырылған кезеңде қаражат шарт талаптарына сәйкес инвестициялануы мүмкін, бұл болашақ төлемдердің мөлшеріне оң әсер етеді.Бірлескен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеті екі адамның зейнетақы жинақтарын біріктіріп, шарт талаптарына сәйкес өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың бірі қайтыс болғаннан кейін төлемдер екінші қатысушының пайдасына жалғаса береді.Осылайша, зейнетақы аннуитеті нарығының дамуы азаматтардың ұзақмерзімді зейнетақы табысын қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қосымша нұсқаларын ұсынады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан алу немесе зейнетақы аннуитетін сатып алу арасындағы таңдау – азаматтың өмірлік жағдайына, жинақтарының мөлшеріне және зейнетақыны жоспарлау мақсаттарына байланысты жеке қаржылық шешім. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1302464?lang=ru
«АРДАГЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» 01.10.2026
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерді ардақтайық» акциясы аясында игі іс ұйымдастырылды.Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары қарт ананың ауласын тазалап, жинау жұмыстарын жүргізді.Қариясын қадірлеген елдің қазынасы мол. Үлкенге құрмет көрсету, әрбіріміздің азаматтық парызымыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1302433?lang=ru
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – САНАЛЫ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ 01.10.2026
Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің жастарымен салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында кездесу өтті.Кездесуге денсаулық сақтау саласының мамандары қатысып, жастармен өзекті тақырыптар аясында ақпарат бөлісті.🔹 Тимур Тайбекович – ШЖҚ «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталық» МКК педагогі.🔹 Бағдәулет Батыржанұлы – Ақтөбе қаласы Жастар медицина орталығының уролог дәрігері.🔹 Бекболат Нұраханұлы – ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МҚК жедел жәрдем фельдшері.🔹 Орынбек Бақытұлы – ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МҚК жедел жәрдем фельдшері.Кездесуге Облыстық жастар ресурстық орталығының жастар бастамаларын жүзеге асыру және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Үмітжан Мақсатқызы модераторлық етті. Кездесу барысында ол Жастар ресурстық орталығының қызметі туралы ақпарат беріп, жастарға арналған мүмкіндіктер, қолдау бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан бастамалар жөнінде айтып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1302414?lang=ru
Әскери қызметшілер аға буын өкілдерін Қарттар күнімен құттықтады 01.10.2026
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Халықаралық қарттар күнінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік мекемелерде тұратын қарт адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруды әдетке айналдырған.Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінің жеке құрамы «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарт кісілермен кездесті.Әскери қызметшілер еңбек ардагерлері мен қарияларды мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады.– Қарттар күнінде аға буынға деген құрметімізді білдіріп, олардың еңбегі мен еліміздің дамуына қосқан үлесіне алғысымызды білдіреміз. Үлкендердің батасын алып, ақыл-кеңесін тыңдау – біз үшін үлкен мәртебе, – деді 27943 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Самат Айдарбаев.Әскерилермен болған жүздесу орталық тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әскери қызметшілер аға буынға, олардың өмірлік тәжірибесі мен біліміне құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын және қоғамның адамгершілік құндылықтарын сақтаудың маңызды бөлігі екенін атап өтті.Өз кезегінде қарттар елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілерге қызметтеріне табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.Абай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде де өңір ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Департамент бастығы полковник Руслан Омаров ардагерлерге алғыс хаттар табыстап, ұзақ ғұмыр тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1302407?lang=ru
Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге 01.10.2026
2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?» атты панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда өмірді сақтандыруды дамыту, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және азаматтардың болашақ табысын қамтамасыз етудегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды. Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы, Centras Group негізін қалаушы Елдар Абдразаков жүргізді. Талқылауға «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова, Bank CenterCredit вице-президенті Анастасия Овсянникова, «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева және AJR Finance Ltd исламдық қаржытех-компаниясының негізін қалаушы Мұрат Қылышбай қатысты. Пікірталас барысында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру құралдарының бірі ретінде зейнетақы аннуитетін дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттың келешегі туралы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтып берді. Ол Қазақстанның сақтандыру нарығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын және оның одан әрі өсу әлеуеті зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның пікірінше, сақтандыру индустриясының ауқымы әзірге экономиканың даму қарқынына толық сәйкес келе бермейді. «Өмірді сақтандыруды дамытуға ықпал ететін бағыттардың бірі – зейнетақы аннуитеті нарығы. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитетін сатып алуға пайдалану мүмкіндігі зейнетақы жүйесіне бастапқыдан-ақ азаматты зейнет жасындағы табыспен қамтамасыз етудің бір нұсқасы ретінде енгізілген. Бүгінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қазақстандықтардың оларды алудың әртүрлі тәсілдерін таңдауға мүмкіндігі бар: БЖЗҚ-дан қаражат толық таусылғанға дейін белгіленген кесте бойынша төлемдер алу, сақтандыру компаниясы арқылы өмір бойы төлемдер алу немесе осы екі нұсқаны үйлестіру. Өмірді сақтандыру нарығы инвестициялық нарықпен тығыз байланысты. Классикалық өнімдермен (шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттері) қатар инвестициялық құрамдас бөлікке байланысты жаңа мүмкіндіктер де пайда болуда. Бұл – заңды құбылыс, өйткені бүкіл әлемде өмірді сақтандыру инвестициялық нарықпен тығыз байланысты, ал сақтандыру компаниялары ірі институционалдық инвесторлар ретінде әрекет етеді.Сондықтан зейнетақы аннуитетін «сатып алдым, ұмыттым» деген қағидатпен қабылдамаған маңызды. Азаматтар бұл қаржы құралының қандай қосымша артықшылықтар беретінін, оның ішінде ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және инвестициялық құрамдас бөлік тұрғысынан түсінуі қажет. Нарықтың одан әрі дамуы сақтандыру қорғанысын, тұрақты дивидендтер мен инвестициялық мүмкіндіктерді ұштастыратын жаңа, оның ішінде гибридті өнімдердің пайда болуына алып келуі мүмкін», – деп түсіндірді Жанат Құрманов. Жанат Құрманов халық арасында ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін одан әрі қалыптастыру қажеттілігін де атап өтті. Пікірталас барысында айтылғандай, бұл мәселе әсіресе қысқамерзімді қаржылық мақсаттарға басымдық беруге бейім жастар үшін өзекті. Қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің қандай түрлері қолжетімді Еске сала кетейік, зейнетақы аннуитеті – азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасында жасалатын шарт. Оған сәйкес сақтандыру компаниясы өмір бойы немесе шартта белгіленген белгілі бір жасқа дейін ай сайын зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің бірнеше түрі ұсынылады. Шұғыл зейнетақы аннуитеті шарт жасалғаннан кейін оның талаптарына сәйкес төлемдердің басталуын көздейді.Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті төлемдердің шартта белгіленген белгілі бір кезең өткеннен кейін басталуын көздейді. Кейінге қалдырылған кезеңде қаражат шарт талаптарына сәйкес инвестициялануы мүмкін, бұл болашақ төлемдердің мөлшеріне оң әсер етеді.Бірлескен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеті екі адамның зейнетақы жинақтарын біріктіріп, шарт талаптарына сәйкес өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың бірі қайтыс болғаннан кейін төлемдер екінші қатысушының пайдасына жалғаса береді.Осылайша, зейнетақы аннуитеті нарығының дамуы азаматтардың ұзақмерзімді зейнетақы табысын қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қосымша нұсқаларын ұсынады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан алу немесе зейнетақы аннуитетін сатып алу арасындағы таңдау – азаматтың өмірлік жағдайына, жинақтарының мөлшеріне және зейнетақыны жоспарлау мақсаттарына байланысты жеке қаржылық шешім. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1305373?lang=ru
Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан теміржол бағытын дамытуға ниетті 01.10.2026
Қазақстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан (CASA) бағыты бойынша Пәкістанның теңіз порттарына шығатын жаңа теміржол бағытының жобасын бірлесіп пысықтауды көздеп отыр.CASA теміржол жобасы аясындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі және Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрлігі қол қойды.CASA жобасы Орталық және Оңтүстік Азияның көлік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа теміржол бағытын қалыптастыруды, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды, сауда, логистика және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашуды көздейді. Меморандум аясында тараптар техникалық, экономикалық зерттеулер мен талдау жұмыстарын жүргізуді, қажетті теміржол инфрақұрылымын және онымен байланысты нысандарды дамытудың орындылығын зерделеуді көздейді.Қазақстан мен Өзбекстанның дамыған теміржол инфрақұрылымы және айтарлықтай транзиттік әлеуеті бар. Біріккен Араб Әмірліктері көлік инфрақұрылымы, логистика және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру саласында халықаралық тәжірибеге ие. Осылайша тараптардың ынтымақтастығы CASA жобасын жан-жақты пысықтауға және оны іске асырудың оңтайлы тетіктерін айқындауға мүмкіндік береді.Тараптар одан әрі атқарылатын қадамдар мен бірлескен жұмыстың нақты бағыттарын да талқылады. Атап айтқанда, жобаның техникалық, экономикалық және қаржылық мәселелерін кешенді түрде пысықтау үшін Жұмыс тобын құру мүмкіндігі қарастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1302349?lang=ru
ALT University-дің 95 жылдығы: көлік қауіпсіздігі мен цифрландыруға арналған VII Еуразиялық форум өтті 01.10.2026
2026 жылғы 1 қазанда Алматы қаласындағы М.Тынышбаев атындағы ALT University-де көліктегі қауіпсіздік және цифрландыру жөніндегі VII Еуразиялық форум өтті. Халықаралық ауқымдағы іс-шара көлік инфрақұрылымын дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және жаңа буын инженер кадрларын даярлау мәселелерін талқылау мақсатында мемлекеттік органдардың, теміржол және көлік компанияларының, ғылыми қауымдастықтың, бизнес пен технологиялық ұйымдардың өкілдерін бір алаңға жинады. Форумға көлік саласының өкілдері, бейінді ұйымдар, IT-компаниялар, қауіпсіздік жүйелерін өндірушілер, сондай-ақ Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және 1520 мм теміржол табанын пайдаланатын басқа да елдердің теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. ALT University-дің 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған форум көлік саласының болашағына қатысты кәсіби пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шараның жоғары білім беру жүйесі үшін де маңызы зор. Себебі инженер кадрларын даярлау мәселесі Қазақстанның көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту міндеттері аясында қарастырылды. Бүгінде көлік саласына іргелі білімі бар инженерлермен қатар, цифрлық жүйелерді, жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды меңгерген мамандар қажет.Форумның маңызды оқиғаларының бірі — ALT University базасында болашақ мамандарды тәжірибеге бағыттап даярлауға арналған жаңа оқу зертханаларының ашылуы болды.Университет тарихында алғаш рет «Теміржол инфрақұрылымы» атты оқу полигоны пайдалануға берілді. Ол студенттерге теміржол инфрақұрылымының құрылысын зерделеп, өндірістік ортаға барынша жақын жағдайда кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.Форумда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Арапбекұлы Шәкенов құттықтау сөз сөйлеп, баяндама жасады. Сондай-ақ ол оқу полигонының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.Сонымен қатар теміржол саласының құрметті ардагері, теміржолшылар арасында алғаш рет «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған, еліміздің теміржол саласының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан Қалтай Самбетов атындағы микропроцессорлық орталықтандыру жүйелері зертханасы ашылды.Тағы бір маңызды нысан — қазақстандық ардагер теміржолшы, саланың құрметті қайраткері, Орталық Азия логистика, көлік және сауда қауымдастығының (CALTA) Бас хатшысы Болатбек Дүйсемалиев атындағы зертхана.Зертхана RAILWAGONLOCATION, ASUP, SOLVO және «Магистраль» атты төрт заманауи бағдарламалық жүйемен жабдықталған. Бұл бағдарламалар вагондар мен контейнерлердің орналасқан жерін бақылауға, тасымалдауды басқару үдерістерін автоматтандыруға, терминалдардың жұмысын үйлестіруге және теміржол тарифтерін есептеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында студенттер тасымалдауды басқарудың цифрлық құралдарын тәжірибе жүзінде меңгеріп, көлік логистикасының заманауи технологияларымен таныса алады.ALT University ректоры Меруерт Жармағамбетова форумның ашылуында университеттің теміржол саласы үшін білікті кадрлар даярлаудағы стратегиялық рөліне тоқталып, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен тығыз ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.Оның айтуынша, университет 95 жыл ішінде көлік саласына бірнеше буын маман даярлады. Бүгінде олардың көпшілігі салада басшылық қызметтер атқарып жүр. Теміржол инфрақұрылымы қарқынды дамып жатқан қазіргі кезеңде цифрлық технологияларды, автоматтандыру және басқару жүйелерін меңгерген инженерлерді даярлаудың маңызы артып келеді.Ректор жаңа оқу нысандарының, атап айтқанда, теміржол полигонының, цифрландыру кеңістігі мен автоматтандыру орталығының ашылуына ерекше тоқталды. Оның сөзінше, заманауи білім беру инфрақұрылымын құру «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қолдауының арқасында жүзеге асып, болашақ мамандардың тәжірибелік даярлығының сапасын арттыруға бағытталған.«Білімге салынған инвестиция — саланың қауіпсіздігі мен болашағына салынған инвестиция», — деп атап өтті Меруерт Жармағамбетова.Форум аясындағы тағы бір маңызды оқиға — KTZ–ALT Innovation хакатоны болды. Оған теміржол және IT мамандықтарының студенттері қатысты. 24 сағат ішінде қатысушылар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның нақты өндірістік кейстері негізінде цифрлық шешімдер әзірледі. Командалардың жұмысына 30-дан астам сарапшы мен тәлімгер тартылды. Хакатонға 46 командаға дейін, жалпы саны 170-ке жуық студент қатысты. Жүлде қоры 2,5 млн теңгені құрады.Хакатонның мақсаты — цифрлық инновацияларды дамыту, жастарды көлік саласындағы өзекті мәселелерді шешуге тарту және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның кадрлық резервін қалыптастыру. Мұндай формат студенттерге теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, сарапшылардың қолдауына ие болуға және өздерінің технологиялық жобаларын ұсынуға мүмкіндік береді.Форум аясында көлік-логистика саласындағы инновациялық шешімдер көрмесі де ұйымдастырылды. Қатысушылар көлік жүйесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи технологиялар мен әзірлемелермен танысты.ALT University-дің 95 жылдық мерейтойы аясында өткен форум университеттің Қазақстандағы инженерлік білім беруді дамытудағы тарихи рөлін айқындай түсті. Бүгінде университет салалық серіктестермен ынтымақтастығын кеңейтіп, іргелі білімді цифрлық технологиялармен және практикалық тәжірибемен ұштастыратын заманауи білім беру ортасын қалыптастыруда.
Мұнай-химиядан Орта дәлізге дейін: Қазақстан мен Katoen Natie жаңа жобаларды талқылады 01.10.2026
Антверпен, 2026 жылғы 29 қыркүйек – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко бельгиялық Katoen Natie компаниясының штаб-пәтеріне жұмыс сапарымен барып, өнімнің әртүрлі түрлерін сақтау, қаптау, өңдеу және дистрибуциялауды, сондай-ақ автоматтандырылған қойма және тарату кешендерін құруды қамтитын логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі қызметімен танысты.Сапар аясында Р.Василенко компанияның төрағасы және бас директоры Фернан Хатспен, сондай-ақ компания басшылығының өкілдерімен кездесті. Тараптар логистика, қойма инфрақұрылымын дамыту және мультимодальды тасымалдар салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды.Тараптар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту және Katoen Natie компаниясының логистикалық хабтар, мультимодальды терминалдар мен заманауи қойма кешендерін құрудағы құзыреттерін пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.Анықтама: Katoen Natie – мұнай-химия және өнеркәсіптік логистикаға, қойма және терминалдық операцияларға, мультимодальды тасымалдарға, автоматтандыруға және жеткізу тізбектерінің инжинирингіне маманданған Бельгияның ірі жеке отбасылық өнеркәсіптік-логистикалық топтарының бірі. Компания 30 елде жұмыс істейді, 18 мыңнан астам қызметкері бар, жылдық айналымы шамамен 3,2 млрд еуроны құрайды. Топтың иесі әрі басшысы Фернан Хатс Бельгияның ең ауқатты кәсіпкерлерінің қатарына кіреді: Forbes бағалауы бойынша, ол бельгиялық миллиардерлер арасында 3-орында, оның дәулеті шамамен 5,1 млрд АҚШ долларына бағаланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1302332?lang=ru
Прагалық хайуанаттар бағы өзінің мерейтойын және «Жабайы жылқыларды қайта жерсіндіру» жобасының 15 жылдығын атап өтті 01.10.2026
Прага, 2026 жылғы 28 қыркүйек - Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі Прага хайуанаттар бағының құрылғанына 95 жыл толуына және Қазақстан мен Моңғолия далаларында жүзеге асырылып жатқан «Жабайы жылқыларды қайта жерсіндіру» халықаралық жобасының 15 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Ұйымдастырушылар бұл атаулы күндерді Чехияның Ұлттық мемлекеттілік күніне орай атап өтуді ұйғарды. Іс-шара хайуанаттар бағының аумағында көптеген келушілердің, Чехия жұртшылығы мен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен өтті.Пржевальский жылқысын оның тарихи мекендеу ортасына қайта жерсіндіру барысына арналған презентация барысында сөз сөйлеген Прага хайуанаттар бағының басшылығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Абдрахманов пен Моңғолияның Елшісі Болормаа Батсайхан өз елдерінде экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті сақтау бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл ретте табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану жекелеген мемлекеттердің ғана емес, халықаралық қоғамдастықтың да ортақ міндеті екені атап өтілді.Қазақстанда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватында жоба аясында Пржевальский жылқысының табиғи мекендеу ортасындағы популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, онда алғашқы төлдері де дүниеге келді. Чехияның жетекшілігімен көптеген елдердің мамандарының бірлескен күш-жігері ғалымдар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, әскери-әуе күштері және көлік ұйымдары арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылдың практикалық маңызын көрсетіп, оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.Қазақстан тарапы Прага хайуанаттар бағының директоры Ленка Поляковаға және Пржевальский жылқысын Ұлы дала еліне қайта жерсіндіру жөніндегі жалғасып жатқан жобаға қатысушылардың барлығына қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан практикалық үлесі үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1302321?lang=ru
Казахстан и Maersk обсудили расширение экспортных маршрутов через Средний коридор 01.10.2026
Алматы қ., 2026 ж. 30 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі және Дания Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов «Қазақстанның экспорттық әлеуеті: контейнерлендіру – жаһандық нарықтарға жол» атты дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «KTZ Express» АҚ-ның ұйымдастыруымен және әлемдегі ірі көлік-логистикалық компаниялардың бірі «A.P.Moller – Maersk» (Дания) компаниясының қатысуымен өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ә.Жанасова, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі А.Әбілдабеков, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері, қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылар қатысты. Maersk делегациясын Шығыс Жерорта теңізі өңірі бойынша Басқарушы директоры Седеф Айхан басқарды.Дөңгелек үстелді аша отырып, Ә.Жанасова отандық өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, олардың жаңа халықаралық нарықтарға шығуы және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Осы орайда қазақстандық экспорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциялау үшін мемлекет, ұлттық компаниялар және халықаралық бизнес арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.Өз сөзінде О.Сүлейменов екіжақты қатынастардың жандануына және Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лекке Расмуссеннің Қазақстанға алдағы ресми сапарына орай дат бизнесінің Қазақстанға қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, контейнерлендіру қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтарға неғұрлым тиімді әрі бәсекеге қабілетті шығуына мүмкіндік береді, ал Maersk секілді жаһандық компания қазақстандық экспорттаушыларды әлемдік жеткізу тізбектерімен байланыстыратын стратегиялық әріптес бола алады.Талқылау барысында қатысушылар қазақстандық экспорттық жүктерді контейнерлендіруді кеңейтудің практикалық аспектілерін, жеткізудің перспективалы бағыттары мен маршруттарын, сондай-ақ отандық өнімді шетелдік нарықтарға шығару үшін Орта дәлізді неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қазақстандық экспорттаушылар, ұлттық компаниялар және Maersk арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға, сондай-ақ контейнерлік тасымалдарды кеңейтуге және отандық өндірушілерді халықаралық жеткізу тізбектеріне интеграциялауға бағытталған практикалық логистикалық шешімдерді әзірлеуге мүдделілік танытты.Анықтама: 2022 ж. сәуірде Maersk ірі жаһандық операторлардың арасында алғашқылардың бірі болып Сиань – Қазақстан – Каспий теңізі – Әзербайжан – Грузия – Қара теңіз – Румыния бағыты бойынша Орта дәліз арқылы тұрақты мультимодальды сервисті іске қосты. Одан әрі жүктер ЕО-ның басқа елдеріне жеткізіледі. Бұл қадам аталған бағыттың коммерциялық әлеуетін нарыққа іс жүзінде көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1302316?lang=ru
МОЛОДЕЖЬ ОЗНАКОМИЛАСЬ С РАБОТОЙ ПРОИЗВОДСТВА ТРАНСФОРМАТОРОВ 01.10.2026
В ТОО «ЭлектроЗаводСервис», расположенном в индустриальной зоне «Тассай», состоялась экскурсия для молодежи, организованная Молодежным ресурсным центром Управления молодежной политики города Шымкент. В ней приняли участие около 60 активных студентов Университета дружбы народов имени академика А. Куатбекова, которые ознакомились с рабочим процессом производства трансформаторов.Цель экскурсии – расширить представление молодежи о производственных предприятиях, повысить интерес к техническим специальностям и ознакомить с возможностями на рынке труда.По словам заместителя руководителя Молодежного ресурсного центра Куаныша Серикбаева, в целях профилактики молодежной безработицы экскурсии на производственные объекты организуются на регулярной основе. В ходе таких встреч молодежь знакомится с работой предприятий, напрямую общается со специалистами и получает ответы на интересующие вопросы.Во время встречи студенты увидели производственный процесс предприятия и ознакомились с основными этапами изготовления трансформаторов. Специалисты рассказали об используемых на производстве современных технологиях, требованиях техники безопасности и особенностях работы.По словам директора по производству компании «Newton Energy» Нуржана Казыбекова, предприятие ежегодно выпускает около 1000 трансформаторов различных моделей в зависимости от их мощности. Продукция поставляется в другие города страны, а также экспортируется в Кыргызстан, Армению и Узбекистан. В настоящее время на производстве трудятся около 150 человек. По словам специалистов, на предприятии применяются современные технологии, а трансформаторы изготавливаются в соответствии с требованиями безопасности.Студент специальности «Электроэнергетика» Диорбек Рахимжанов, принявший участие в экскурсии, отметил, что знакомство с рабочим процессом предприятия было для него очень полезным.– В университете мы получаем теоретические знания. А сегодня пришли на производство и увидели, как эти знания применяются на практике. В будущем я хочу работать по специальности, – сказал он.В завершение экскурсии студенты задали вопросы специалистам и обменялись мнениями об условиях труда на предприятии и требованиях, предъявляемых к кадрам.
ЖАСТАР ТРАНСФОРМАТОР ӨНДІРІСІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 01.10.2026
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық» орталығының» ұйымдастыруымен «Тассай» индустриялық аймағындағы «ЭлектроЗаводСервис» ЖШС-де жастарға арналған экскурсия іс-шарасы өтті. Оған академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің белсенді 60-қа жуық студенті қатысып, трансформатор өндірісінің жұмыс барысымен танысты.Экскурсияның мақсаты – жастардың өндірістік кәсіпорындар туралы түсінігін кеңейтіп, техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстыру. «Жастар ресурстық орталығы» басшысының орынбасары Қуаныш Серікбайдың айтуынша, жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу үшін өндіріс орындарына экскурсиялар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мұндай кездесулер барысында жастар кәсіпорындардың жұмысымен танысып, мамандармен тікелей тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алады.Кездесу кезінде студенттер кәсіпорынның өндірістік үдерісін көріп, трансформаторларды дайындаудың негізгі кезеңдерімен танысты. Мамандар өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар, еңбек қауіпсіздігі талаптары және жұмыс ерекшеліктері жөнінде ақпарат берді.“Newton Energy” компаниясының өндіріс бойынша директоры Нұржан Қазыбековтың айтуынша, кәсіпорын жылына қуаттылығына қарай түрлі үлгідегі 1000-ға жуық трансформатор өндіреді. Өнімдер еліміздің өзге қалаларына жөнелтіліп, Қырғызстан, Армения және Өзбекстанға экспортталады. Қазіргі таңда өндіріс орнында 150-ге жуық адам еңбек етеді. Мамандардың айтуынша, кәсіпорында заманауи технологиялар қолданылып, трансформаторлар қауіпсіздік талаптарына сай өндіріледі.Экскурсияға қатысқан электр энергетикасы мамандығының студенті Диорбек Рахымжанов өндіріс орнындағы жұмыс барысымен танысу өзіне пайдалы болғанын айтты.– Біз университетте теориялық білім аламыз. Ал, бүгін өндіріс орнына келіп, сол білімнің іс жүзінде қалай қолданылатынын көрдік. Болашақта мамандығым бойынша жұмыс істегім келеді. Электрика саласына қызығатындықтан, осы мамандықты таңдадым, – дейді ол.Экскурсия соңында студенттер өндіріс мамандарына сұрақтарын қойып, кәсіпорындағы еңбек жағдайы мен мамандарға қойылатын талаптар туралы пікір алмасты.
Қазақстанның Бас консулы Самарқандтағы ZARMED университетінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысты. 01.10.2026
2026 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Самарқандтағы Бас консулы Талғат Шәріпов «ZARMED University» жекеменшік университетінің жаңа оқу ғимаратының ашылу салтанатына қатысты.Бас консул құттықтау сөзінде Өзбекстанның жоғары білім беру жүйесінің қарқынды дамуын атап өтіп, жекеменшік академиялық бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Дипломат Орталық Азия аймағы үшін білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын, соның ішінде университет белсенді түрде дамытып жатқан медициналық, инженерлік, экономикалық және гуманитарлық салаларда мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.Сапар барысында «ZARMED University» университетінің басшылығы қонақты жаңа оқу ғимаратының оқу және өндірістік базаларымен, инновациялық оқыту әдістерімен таныстырды және тату көршілік академиялық байланыстарды нығайту үшін Қазақстаннан талапкерлер мен профессорларды тарту перспективаларын талқылады.Бұл оқиға аймақтың білім беру инфрақұрылымын дамытудағы және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып, екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа көкжиектерді ашады, соның ішінде екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы бірлескен зерттеу платформалары мен академиялық алмасу бағдарламаларының перспективаларын ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/1302257?lang=ru