Жаңалықтар
Алматыда «Қалқан» қысқы спартакиадасы жалауын көтерді 26.02.2026
Дүбірлі доданы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Армия орталық спорт клубы және «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы ұйымдастырып отыр.Дәстүрлі жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 17 команда құрамындағы 72 жас спортшы қатысып жатыр.Қысқы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жақсылық Айтбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары – Алматы қаласындағы оқу-жаттығу орталығының бастығы полковник Атахан Нуриддинов және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев қатысты.Жарыс бағдарламасына президенттік көпсайыс жаттығулары, атап айтқанда жасөсіпірімдер үшін белтемірге тартылу, қыздар үшін шалқалап жатып денені көтеру, сондай-ақ үш шақырымдық шаңғы жарысы және пневматикалық мылтықтан оқ ату кіреді. Командалық есепте жеңімпаздар спортшылардың жинаған ұпай саны бойынша анықталады.Жарысқа қатысушылар үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия, «Қалқан жалыны» кешкі алауы, патриоттық фильмдер көрсетілімі, жоғары әскери оқу орындарымен таныстыру секілді мәдени-демалыс бағдарламасы да қарастырылған.«Қалқан» қысқы спартакиадасы биыл бесінші рет өткізіліп отырғанын айта кету керек. 2022 жылғы сайыста Қостанай облысының командасы жеңімпаз атанса, 2024 жылы Ақмола облысының құрамасы топ жарды. Ал 2023 және 2025 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының командасы екі мәрте чемпион атанған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1170051?lang=kk
Науырзым ауданында "Қарлы десант" акциясы өтті 26.02.2026
Науырзым ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясы өтті. Іс-шара Еріктілер жылының ресми ашылуына арналды.Акция барысында 2026 жылдың Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы тарапынан Тұрақты даму мүддесіндегі Халықаралық еріктілер жылы (IVY 2026) болып жарияланғаны және аталған бастаманың авторы – Қазақстан екені ресми түрде хабарланды. Бұл шешім еріктілік қызметтің қоғамдағы рөлін арттыруға, азаматтық белсенділікті дамытуға және ел игілігі жолындағы игі бастамаларды қолдауға бағытталған.Еріктілер жылының ресми ашылуынан кейін жастар нақты іспен өз үлестерін қосты. Акция аясында жалғыз тұратын Добровольский отбасына және Жұмашева Ж. апайдың шаңырағына барып, әлеуметтік көмек көрсетті. Атап айтқанда, ауладағы қарды тазалады, отынға ағаш жарып берді, көмір кіргізіп, қысқы отынды реттеуге жәрдемдесті.«Қарлы десант» акциясы – бір күндік шара ғана емес. Бұл – аға буынға құрмет көрсетудің, жанашырлық пен жауапкершіліктің нақты көрінісі. Мұндай бастамалар қоғамда өзара қолдау мәдениетін қалыптастырып, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал етеді.Науырзым ауданының жастары алдағы уақытта да қайырымдылық және әлеуметтік бағыттағы іс-шараларды тұрақты түрде жалғастырып, қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етуді мақсат етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1170039?lang=kk
«Іскер аймақ» — өңірлер мен ауылдық жерлердегі микро, шағын бизнесті қолдау 26.02.2026
бағдарламасы. Кәсіпкерлер 200 млн теңгеге дейін несие алып, қарыз мөлшерлемесінің 40%-ына дейін субсидиялап, «Даму» Қорының 85%-ға дейінгі кепілдігін пайдалана алады. Сондай-ақ бағдарлама аясында тегін оқу, консультация, инфраструктураға жеңілдік те қарастырылған.📞 Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Қостанай облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, «СТИ Қостанай» бизнес орталығы, 2-қабат, 209-кабинет. Тел. 8 (7142) 990-305, 1408 қысқа нөмірі арқылы ала аласыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1170019?lang=kk
Алматыда «Чуньцзе» және «Шамдар» мерекелері аталып өтілді 26.02.2026
2026 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы ұйымдастырған Қытай Жаңа жылын - «Чуньцзе» көктем мерекесін мерекелеу аясында «Шамдар» мерекесіне орай мәдени іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достық пен кең ауқымды өзара іс-қимылға негізделген көпқырлы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сөз соңында Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, Қытай халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1170021?lang=kk
Семейдегі стоматологияда салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану фактісі анықталды 26.02.2026
Семей қаласындағы стоматологиялық клиникалардың бірінде Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Аталған бұзушылықтар медициналық қызмет көрсету кезінде міндетті талаптардың сақталуына жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша белгілі болды. Бақылау іс-шараларын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы прокуратура органдарымен бірлесіп жүргізілді. Тексеру нәтижесінде пациенттерді диагностикалау және емдеу кезінде белгіленген тәртіпте міндетті салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарының қолданылғаны анықталды. Салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдарын пайдалану Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын бұзуы болып табылады. Денсаулық сақтау саласында салыстырып тексеруден өткен өлшем құралдарын қолдану міндетті, өйткені олардың дәлдігі пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. «Медициналық практикада өлшеулердің дәлдігі пациенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Өлшем құралдары дәрілік препараттар мен анестезия дозаларын есептеу кезінде, пациенттің жағдайын бақылауда және медициналық жабдықтың жұмысын қамтамасыз етуде қолданылады. Салыстырып тексеруден өтпеген аспаптарды пайдалану дұрыс емес нәтижелерге әкеліп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін», – деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсету кезінде қолайсыз салдарлармен аяқталған жағдайлар, оның ішінде Астана қаласында да, тіркелген. Бұл аталған салада тексеру іс-шараларын жүргізуге және бақылауды күшейтуге негіз болды. Тексеру материалдарын қарау қорытындысы бойынша ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Субъектіге 696 325 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1169990?lang=kk
Тегеранда Қазақстандағы конституциялық реформалар мен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды 26.02.2026
Тегеран, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары – ИИР СІМ Саяси және халықаралық зерттеу орталығының басшысы Саеид Хатибзадемен кездесті.Кездесу барысында тараптар Иран Президенті Масуд Пезешкианның 2025 жылғы 10-11 желтоқсанда Астана қаласына жасаған ресми сапары аясында мемлекеттер басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады. Атап айтқанда, тарихи құжаттар мен қолжазбалар көрмесін ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.Қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 15 наурызға жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум белгілеу туралы шешімі жөнінде хабардар етті. Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері таныстырылып, конституциялық реформаның елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.Өз кезегінде Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары – ИИР СІМ Саяси және халықаралық зерттеу орталығының басшысы Саеид Хатибзаде Қазақстанда Президент Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен табысты жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени реформаларды елдің орнықты әрі серпінді дамуын қамтамасыз ететін маңызды үдеріс ретінде жоғары бағалайтынын атап өтті.Сонымен қатар, ол Қазақстан қоғамында жүргізіліп жатқан ауқымды әрі мазмұнды өзгерістердің екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және Қазақстан–Иран серіктестігін жаңа деңгейге көтеруге тың серпін беретініне сенім білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tehran/press/news/details/1169894?lang=kk
Аймақ басшысы «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасымен кездесті 26.02.2026
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті.Онда инвестиция тарту мен кәсіпкерлік саласындағы жұмыстар жайы талқыланды.«Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беріп, Үкімет қолдау көрсетуде. Бүгінде өңірімізде кәсіпкерліктің даму қарқыны белсенді, экономикадағы үлесі 20,5 пайыз.Өткен жылы өңір экономикасындағы бұл сектордың өнім шығару көлемі 30,5 пайызға артып, облыс өңірлер арасынан 3-орынды иеленді.Салық түсімдері алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе ұлғайды.Кәсіпкерліктің тұрақты дамуына жүйелі әрі тиімді мемлекеттік қолдау оң ықпал етті.Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында 2026-2029 жылдары 1 трлн. 900 млрд. теңгенің 48 инвестициялық жобасын жүзеге асырып, 10 308 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Биыл 100 млрд. теңгеге 21 жобаны іске қосу жоспарлануда.Атап өту қажет, Өзіңіздің тікелей көмегіңізбен испандық «Рока групп» компаниясымен жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық бұйым шығаратын жоғары технологиялық зауыт салу жөнінде инвестициялық келісімге қол қойылды. Биыл құрылысы басталады.Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға бюджеттен 22 млрд. 700 млн. теңге қарастырылды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл микро және шағын бизнес үшін «Іскер аймақ» бағдарламасы іске қосылды.Бүгінгі кездесу жаңа жобалар мен бастамаларға жол ашады деп сенеміз», - деді Н.Нәлібаев.Былтыр жеке кәсіпкерліктің 2 929 жобасы барлық қаржы көзі есебінен 61 млрд. 100 млн. теңгеге қаржыландырылды.Мемлекеттік қолдау шаралары өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа өндірістер ашуға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге 300 млрд. теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Түрік инвесторы жаңа жылу электр орталығын салды. Нан өнімдері кешені, кірпіш, айна шығару, күріш және ас тұзын өндіру зауыттары, шағын өнеркәсіптік аймақ және қуаттылығы 40 мегаваттық күн электр станциясы іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1169919?lang=kk
Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы мәдени-өнер саласындағы өзара ықпалдастық 26.02.2026
Манама, 2026 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасының Манама қаласындағы Бас консулы Б. Дәуренбек Бахрейн Корольдігінің Ұлттық өнер кеңесінің төрағасы Шейх Рашид Әл Халифамен кездесті.Кездесу барысында тараптар өнер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Бахрейн Корольдігі арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.Тараптар бірлескен көрме жобаларын ұйымдастыру, екі елдің шығармашылық қауымдастықтары арасында тәжірибе алмасу және мәдени байланыстарды нығайту мүмкіндіктеріне ерекше назар аудардыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-manama/press/news/details/1169933?lang=kk
Астана мен Прага ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады 26.02.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Чехия Республикасының Елшісі Павел Шепелякпен кездесу өткізді.Қазақ дипломаты чех әріптесін парламенттік сайлаудың табысты өтуімен және жаңа Министрлер кабинетінің жасақталуымен құттықтап, біздің елдердің қазақ-чех қатынастарын одан әрі нығайту мен дамыту мақсатында қарқынды және сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыра беретініне сенім білдірді.Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ортақ мүдделілік танытып, өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылады. «Астана энергетика, көлік, машина жасау, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда чех компанияларымен өзара іс-қимылды арттыруға мүдделі. Біздің мақсатымыз – осы салаларда өсу мен инновацияларды қамтамасыз ететін өзара тиімді серіктестікті қалыптастыру», – деп атап өтті А.Исетов. Осы тұрғыда ол 2025 жылғы сәуірде Қазатомөнеркәсіп пен чехиялық «ČEZ» компаниясы арасында Чехия атом электр станцияларына қазақстандық уран концентратын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғанын қанағаттанушылықпен атап өтті. Бұл екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың іс жүзіндегі маңызды қадамы болды.Тараптар өзара сауда мен инвестицияларды ұлғайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін де растады. Осыған байланысты Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-чех үкіметаралық комиссиясы жұмысының маңыздылығы атап өтіліп, оның 2025 жылы өткен 12-отырысының қорытындыларына оң баға берілді.Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар бірлескен бастамаларды іске асыру арқылы өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге жәрдемдесу туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1169938?lang=kk
Kia Qazaqstan зауытының ұжымы Жаңа Конституция жобасын қолдайды 26.02.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Kia Qazaqstan зауытының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңартылған Конституция жобасы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері талқыланды.Диалогқа сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сергей Карплюк пен Бибігүл Аққожина, Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов және «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов қатысты.Kia Qazaqstan зауыты Қостанайдың индустриялық аймағында орналасқан және өңірдегі автомобиль өндірісінің флагманына айналды. Шамамен 63 гектар аумақта жылына 70 000 автокөлік шығаруға мүмкіндік беретін заманауи өндіріс орны. Еңбек ұжымының едәуір бөлігін жас мамандар құрайды.Өңір басшысы Жаңа Конституция жобасын талқылау аясында еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, құжатта жұмысшылар үшін негізгі әлеуметтік кепілдіктер бекітілген.«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек етуге, ешқандай кемсітусіз еңбегі үшін сыйақы алуға, сондай-ақ заңға сәйкес әлеуметтік қорғауға құқық кепілдендірілген», – деді облыс әкімі.Кәсіпорынның жас маманы Амир Караев өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция жобасында жастардың рөліне ерекше мән берілген.«Жас буын өкілі ретінде мен үшін бұл құжаттың сапалы білім алуға, кәсіби өсуге және өзін-өзі жүзеге асыруға нақты жағдай жасайтыны маңызды. Жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуының маңыздылығы атап өтілгені – біздің пікіріміз ескерілетінін білдіреді», – деді ол.Отбасы институтына қатысты мәселелерге де ерекше назар аударылды. Некенің ер мен әйелдің одағы ретінде айқындалуы, мемлекеттің неке мен отбасын қорғауы, сондай-ақ ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.Бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын кәсіпорын қызметкері Фирдавс Аманмуратов білдірді.«Жаңа Конституция жобасында негізгі отбасылық құндылықтардың нақты бекітілуі мен үшін маңызды. Мемлекет неке мен отбасын қорғайды, ата-аналарды бала тәрбиесінде қолдайды», – деді ол.Кездесу барысында жұмысшылар әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер, өндірістік секторды қолдау және өңірді дамыту перспективалары жөнінде бірқатар сұрақтар қойды. Коалиция өкілдері жан-жақты жауап беріп, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша Kia Qazaqstan еңбек ұжымы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасын толық қолдайтынын және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды дамытуға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1169958?lang=kk
Лондонда Орталық Азия елдері СІМ басшыларының Ұлыбритания Парламенті депутаттарымен бірлескен кездесуі өтті 26.02.2026
Лондон, 2026 жылғы 25 ақпан – Лондонға сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев британ бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен дөңгелек үстелге қатысты. Британ тарапынан іс-шараға Бизнес және сауда жөніндегі министрінің міндетін атқарушы, Қазақстан-Ұлыбритания Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының британдық бөлігінің тең төрағасы Крис Брайант, Британ-қазақ қоғамдастығының төрағасы Руперт Гудман, сондай-ақ бірқатар британдық «Maritime House», «Weir Group», «Perry Engineering», «Car Park Transformer», «British Petroleum», «Standard Chartered Bank», «UK Export Finance», «London Stock Exchange Group», «Gleeds», «Better Earth», «Eutelsat OneWeb» компанияларының басшылығы мен «Coventry University» мен «Cardiff University» өкілдері қатысты.Қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылады. Маңызды минералдар мен сирек жер металдары саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.«Жүргізіліп жатқан институционалдық реформалар аясында Қазақстан инвесторларды қорғауды одан әрі нығайтып, нысаналы салықтық жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуды жалғастыруда. Біз бұрынғыдай инвестицияларыңыздың ұзақ мерзімді қайтарымын қамтамасыз етуге берік бейілдіміз. Бұған саяси тұрақтылық, қолайлы бизнес-орта және экономикамызда жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған тұрақты күш-жігеріміз жәрдемдеседі», – деп Е.Көшербаев өз сөзінде атап өтті.Қазақ дипломаты Ұлыбританияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерін Қазақстанның соңғы 25 жылдағы жетістіктері туралы хабардар етті.«Қазақстан айтарлықтай экономикалық өсімге қол жеткізді, оның орташа нақты жылдық көрсеткіші 5,7%-ды құрайды. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес еліміздің номиналды жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларынан асады, бұл бізді әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына қосады. Қазіргі уақытта Орталық Азияға тартылатын тікелей шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы Қазақстанға тиесілі, бұл еліміздің өңірдің экономикалық орталығы ретіндегі позициясын нығайтады», – деді Е.Кошербаев.Өз кезегінде К.Брайант Қазақстандағы британ инвесторларының жетістіктерін және екіжақты ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол жасыл экономика, сирек жер металдары, көлік және транзит, білім беру және жасанды интеллект салаларында бірлескен жұмысқа дайын екенін білдірді. Ол бұл жобалардың орнықты инвестициялық мүмкіндіктер қалыптастырып, ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтатынын және маңызды материалдардың халықаралық нарықтарға жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінін атап өтті.Форум қатысушылары экономикалық ынтымақтастықты күшейту өңірдің орнықты дамуына және жеткізілім тізбектерін әртараптандыруға ықпал ететінімен келісті. Сондай-ақ олар қазақ-британ серіктестігін диалог деңгейінен Қазақстан экономикасының жаңа басым бағыттарында нақты жобаларды іске асыру кезеңіне көшірудің маңыздылығын атап өтті.Іс-шара қорытындысы бойынша мыналарға қол қойылды:- 2027 жылға дейінгі Қазақстан-Ұлыбритания арасындағы маңызды минералдар саласындағы стратегиялық серіктестіктің жол картасы;- «Coventry University» мен «Coventry University Kazakhstan» арасындағы серіктестікті кеңейту және Алматы қаласында лицензиялық кампус ашу туралы меморандум.Бұдан бөлек, Қазақстандағы британдық білім беру мекемелерінің қатысуын кеңейту, оның ішінде Алматы қаласында «Charterhouse School» мектебін ашу, «Cardiff University» жасанды интеллект орталығын іске қосу, сондай-ақ Ақтөбе қаласында «Heriot-Watt University» жаңа кампусын ашу туралы жарияланды.Ұлыбритания Қазақстан экономикасындағы он ірі инвестордың қатарына кіреді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша британ инвестицияларының көлемі 723,7 млн АҚШ долл. құрады, ал 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 471,5 млн АҚШ долларына жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/1171587?lang=kk
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті! 26.02.2026
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармониясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев-тың 95 жылдық мерейтойына арналған «Тағы бір ақ таң, ақпанда» атты ән‑сазды концерт өткізілді.Кеш барысында ақынның танымал өлеңдері әуезді музыкалық сүйемелмен орындалды. Бағдарламада: «Саржайлау», «Мен нағыз махаббатты армандаймын», «Сенің көзің», «Мен деп ойла», «Құмған алған», «Қазағымай», және тағы басқа әңдер орындалды. Концертке мәдениет және өнер саласының өкілдері, ақынның құрметті жанашырлары және өнер сүйер қауым қатысты.Сахнада филармонияның талантты әншілері өнер көрсетті, ал кештің сәнін Жетісу би ансамблі өз билерімен келтірді.Шараның басты мақсаты – Мұқағали Мақатаев шығармашылығын дәріптеу, ұлттық әдеби мұраны насихаттау, жас ұрпақты поэзия мен өнерге тарту, сондай-ақ қазақ әдебиеті мен мәдени мұраны насихаттау болды.Концерт көрермендерге ерекше әсер қалдырды, ақынның өлеңдері әуезді музыкалық сүйемелмен орындалғандықтан, кештің мәдени және эстетикалық мәні айқын көрінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1169815?lang=kk
Жеке шот 26.02.2026
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің» Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін «Жеке шот» бөлімінде Жеке шоттар бойынша сальдо, Жеке шот және Жеке шоттан үзінді көшірмесі қарау және алу үшін қолжетімді екенін хабарлайды.«Қызметтер» бөлімінде Берешек туралы мәліметтерді ала аласыз.Көрсетілген қызметтердегі ақпарат СӘИЖ анықтамалық жеке шоттарынан автоматты түрде алынатынын ескеріңіз.СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.Сұрақтар туындаған жағдайда СӘИЖ қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына және FinQoldau_bot Telegram-ботына хабарласа аласыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1169735?lang=kk
Ұлттық ұлан сарбазы әскери қызметшілерге арналған цифрлық портал әзірледі 26.02.2026
Мемлекет басшысы айқындаған цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту бағыты аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланында заманауи технологиялық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде. Осы бағыттағы кезекті жоба 5573 әскери бөлімінде жүзеге асырылды. Мұнда мерзімді әскери қызметтің сарбазы Ким Хён У ақпараттық портал әзірледі.Жаңа цифрлық ресурс әскери бөлімнің қызметін оңтайландыруға бағытталған. Бүгінде ол бірқатар қызметтік үдерістерді автоматтандырып, уақыт шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.Жоба авторы – Алматы қаласының тумасы, қатардағы Ким Хён У. Ол «Ақпараттық технологиялар» мамандығын меңгеріп, алған білімін әскери қызмет барысында тиімді қолдануда. Алдағы уақытта «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында білім беру грантын иеленіп, кәсіби біліктілігін жетілдіруді жоспарлап отыр.Цифрлық шешімдерді енгізуге деген қызығушылығы оған әскери бөлімнің ішкі үдерістерін жетілдіру жұмысына белсенді араласуға мүмкіндік берді. Аға офицерлердің жетекшілігімен ұландық әскери бөлім қызметіне талдау жүргізіп, цифрлық шешімдерді қажет ететін бағыттарды айқындады. Зерттеу нәтижесінде ақпарат алмасу жүйесін дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі анықталды.Нәтижесінде бұған дейін негізінен саптық алаңда жеткізілетін маңызды мәліметтер енді портал арқылы жедел жарияланатын болды. Бұл құжат айналымын жеңілдетіп, бұйрықтардың уақтылы жаңартылуын және деректердің өзектендірілуін қамтамасыз етті.Психологиялық қызметтің жұмысына да ерекше көңіл бөлінді. Ким Хён У-дың қатысуымен мерзімді әскери қызметшілерді тестілеу нәтижелерін автоматты түрде өңдейтін алгоритм әзірленді. Әскери психологтардың айтуынша, енгізілген шешім жарты жылдың ішінде шамамен 500 жұмыс сағатын үнемдеуге мүмкіндік берген.– Әскер мен үшін нағыз шыңдалу мектебіне айналды. 5573 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілер үшін барлық жағдай жасалған. Тәртіп пен жоғары талаптардың арқасында өзін-өзі дамытуға көп мүмкіндіктер бар. Мерзімді әскери қызметтің бір жылын барынша тиімді пайдаланып, жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруді көздеп отырмын, – деді ұландық.Сарбаз Ким алдағы уақытта да бөлімнің жауынгерлік қызметін ұйымдастыру үдерістерін жеңілдетуге бағытталған жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр. Басты мақсат – қызметтің жеделдігін арттырып, әскери қызметшілер мен сарбаздарға қолайлы орта қалыптастыру. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1169765?lang=kk
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады 26.02.2026
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жалғасуда.Қазақстандықтар ағымдағы жылдың сәуірінен бастап жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатын болады. Бұған дейін қызмет тек қолданыстағы құжат болған жағдайда, сондай-ақ оны жоғалуы, ұрлануы немесе тегі, аты-жөнін өзгерткен кезде ғана онлайн форматта көрсетілетін. Енді ол құжат мерзімі өткен жағдайларды да қамтиды.Жаңашылдық жүргізуші куәлігінің барлық санаттарына қолданылады. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін куәлікті ауыстыру кезінде көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін міндетті түрде медициналық тексеруден өту қажет.Медициналық тексеруден өткен пайдаланушылардың мәліметтері өтінім беру сәтінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде жүктеледі. Ал егер пайдаланушы куәлікті мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала ауыстырса, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Қызмет көрсету мерзімі - 60 минут.eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:– порталға кіріп, «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;– «Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдау;– дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу);– қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу;– мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;– өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау.eGov Mobile қосымшасы арқылы қызметті алу үшін:– қосымшаға кіріп, «eGov Мемлекеттік қызметтер» - «Жүргізу және көлік» бөліміне өту;– «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;– фотоға қойылатын талаптармен танысып, файлды жүктеу;– қолтаңба үлгісін жүктеу немесе жазып, «Сақтау» батырмасын басу;– дайын құжатты алу үшін ХҚКО бөлімін таңдап, «Жалғастыру» батырмасын басу;– мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;– өтінімді қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою.Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарламалар» - «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан, жеке куәлікті ұсыну арқылы, алуға болады.«Жақын арада жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметін толықтай онлайн форматқа кезең-кезеңімен көшіру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап өтінімдерді электронды түрде беру тәсіліне басымдық беріледі, бұл ХҚКО-ға барудан бас тартып, ондағы кезектерді азайтуға мүмкіндік береді. Қызметтің онлайн форматта бұрыннан қолжетімді әрі сұранысқа ие екенін ескерсек, бұл қадам процесті цифрландырудың қисынды жалғасы болмақ», - деді Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Ростислав Коняшкин.Фотосуретті жүктеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау маңызды. Сурет форматы сапа параметрлеріне сәйкес болуы тиіс. Толық талаптар тізімімен eGov.kz порталындағы қызмет паспортынан танысуға болады.Сонымен қатар бұрын берілген жеке куәліктегі немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда сурет алынатын құжат үш жылдан аспайтын мерзімде берілген болуы тиіс. Егер мерзім үш жылдан асса, жүйе өзекті фотосуретті қолмен жүктеуді ұсынады.Өтінім беру барысында кейбір жағдайларда пайдаланушы құжатының деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде цифрландырылмаған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті хабарлама көрсетіледі және деректерді жаңарту үшін ХҚКО-ға жеке жүгіну қажет болуы ықтимал.Сондай-ақ жүйе берешектердің бар-жоғын автоматты түрде тексереді. Егер жүргізушінің 30 күннен астам уақыт бұрын салынған, төленбеген айыппұлы болса, ол толық өтелгенге дейін куәлікті ауыстыру мүмкін болмайды.Айта кету керек, жүргізуші куәлігін онлайн беру қызметі іске қосылған сәттен бастап оны 60 000-нан астам рет пайдаланған.Функционал ҚР Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1169272?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/1169615?lang=kk
Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды 26.02.2026
Бүгін Қармақшы ауданындағы ақпараттық жұмыстар аясында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов кітапхана қызметкерлерімен кездесті. Жиын еркін форматта өтіп, әркім өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алды.Кездесуде елдегі өзгерістер, Конституцияның рөлі және халықтың болашағына әсер ететін маңызды бастамалар сөз болды. Руслан Рүстемов жаңа кезеңде әділдік пен ашықтық басты орында тұруы тиіс екенін айтты. Оның айтуынша, әр азаматтың құқығы қорғалмайынша, елде шынайы даму болмайды.Ол Конституцияны жай құжат емес, халықтың мүддесін қорғайтын негізгі тірек деп атап өтті.«Әр адамның даусы естілетін, бәріне тең мүмкіндік берілетін қоғам құру – ортақ міндет. Біз әділ елді бірге қалыптастыруымыз керек», – деді ол.Кітапхана саласының мамандары да пікір білдіріп, мәдениет пен білімнің маңызын атап өтті. Олар рухани құндылықтарды сақтау, жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және мәдени ортаны дамыту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.Кездесуге аумақтық коалиция төрағасы Әділ Қошалақов, коалиция мүшелері Орынбасар Төлепов, Ерболат Ұзақбаев, Дәулет Қанатбай қатысып, Ата заң жобасындағы өзгерістерден хабардар етті. Сонымен қатар елдің болашағына кепіл болатын Конституциямызды бірауыздан қолдауға шақырды.Жалпы қатысушылар ортақ мақсат – әділетті әрі дамыған Қазақстан құру жолында бірлесе әрекет ету қажет деген ойға тоқтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1169621?lang=kk
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр - тарихи романы - ұлттық қасірет пен қайсарлықтың шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. 26.02.2026
Бастаушы ауылдық кітапханасында 24 ақпан күні «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр - тарихи романы - ұлттық қасірет пен қайсарлықтың шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс - шара барысында қатысушылар романның негізгі тақырыбы, кейіпкерлер тағдыры, автордың тарихи шындықты бейнелеудегі шеберлігі туралы Бастаушы ауылымыздың әжесі, ауылдық кітапхананың оқырманы Күлбағи Ержанова апамыз және Абай атындағы орта мектебінің қазақ-тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Қ. Рысбекова мен 5 сынып оқушылары пікір алмасты. Дөңгелек үстел оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1169632?lang=kk
Гвардейск гарнизонында сержанттар жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің заманауи әдістерін зерделеуде 26.02.2026
Негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Құрлық әскерлері бригадаларының (полктерінің, базаларының), сержанттарын командирлік даярлау жиыны өткізілуде.Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлері, Әскери полиция, Қару-жарақ және Тыл басқармаларының, сондай-ақ әскери-медициналық бөлімшелері сержанттар құрамының кәсіби біліктілігін арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша мамандандырылған практикалық сабақтар өтіп жатыр. Іс-шаралар жеке құрамды басқару қабілеті мен тәрбие жұмысының сапасын жетілдіруге бағытталған.Практикалық сабақтарда түрлі оқу жағдайында іс-қимыл алгоритмдері бойынша жаттығулар өткізілуде. Бағдарламаға шағын топтардың іс-қимыл тактикасы, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жеке-тәрбие жұмысы тақырыптары кірген. Мерзімді қызметтегі сарбаздарды оқытуда, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруде, сондай-ақ әскери ұжымның тәртіп пен ұйымшылдықты сақтауы үшін жауапкершілікте заманауи тәсілдерге ерекше назар аударылу үстінде. Жиынды ұйымдастырушылар сержанттар құрамы әскерлерді басқарудағы маңызды буын екенін атап өтті.Олардың кәсіби дайындық деңгейі бөлімшелердің жауынгерлік даярлығына және әскери ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға тікелей әсер етеді. Қарулы күштер Бас штабы Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы шебер сержант Темірбек Халықов сабақтар бригада және полк сержанттарымен командирлік даярлық жүйесі шеңберінде өткізіліп жатқанын айтты. Практикалық атыс барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі қолданылып, шағын топтардың құрамында атыс жүргізу жаттығулары пысықталуда. Атыс күндізгі және түнгі уақыттарда өткізіліп жатыр.Бұдан басқа жауынгерлік даярлық бойынша нормативтер жинағын жаңарту, атыс бағытын өзгерту, жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің қазіргі заманғы әдістеріне сәйкес басқа да өзгерістер енгізу жұмыстары жалғасын табады. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылардың дайындық деңгейін талдау нәтижелеріне қарай, қолбасшылық үздік сержанттарды анықтайды. Жиында жиналған тәжірибе әскери бөлімдерде практикада іске асырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1169649?lang=kk
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 26.02.2026
«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ бос әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы;«Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» ММ бас маманы;Хабарландырудың толық мәтіні eqyzmet.gov.kz жүйесінің ашық порталында жарияланды.Толық ақпарат алу үшін «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ, Семенова көшесі,19, 5 кабинетке жүгінуге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1170243?lang=kk
Қазақстан мен БҰҰ Туризм ынтымақтастықтың өршіл күн тәртібін айқындады 26.02.2026
Мадрид, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев БҰҰ Туризм Бас хатшысы Шейха Насер Әл Новаиспен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар 2026–2028 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін іске қосу мәселесін талқылады.Келіссөздер сындарлы әрі серпінді жағдайда өтті. Елші Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші туристік хабтардың бірі және тұрақты әрі инновациялық туризмді ілгерілетудегі сенімді серіктес ретіндегі позициясын нығайту ниетін растады.Сондай-ақ елімізді туризм саласындағы диалог, инвестициялар мен инновациялар үшін өңірлік платформаға айналдыруға, соның ішінде «жасыл» стандарттар мен смарт-шешімдерді ілгерілетуге ерекше назар аударылды.Тараптар өзара түсіністіктің жоғары деңгейін растады және бастамаларды нақты бірлескен жобаларға ұластыру мақсатында практикалық жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1169536?lang=kk