Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

15 қараша-Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні 17.11.2025
Құрметті Қазақстандықтар!15 қараша – Қазақстан үшін ерекше маңызы бар күн. Бұл күні егемен еліміздің тәуелсіздігінің айрықша белгісі – ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілді. Тарихи жаңалық Қазақстанның экономикалық кеңістігін қалыптастырып, қаржы рыногындағы даму негізін қалады. Халықаралық аренада біздің еліміздің танылуына ерекше әсер етті.Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі тегін емес. Олар ұлттық валютамызбен тікелей жұмыс істеп, оның айналымын ұдайы қадағалап отырады.Ұлттық валюта күнінде қаржы саласының мамандарына, сондай-ақ барлық жерлестерге зор денсаулық, ертеңгі күнге сенімділік, қаржылық амандық пен тұрақтылық тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1106410?lang=kk
Қазақстан Гонконгта өткен «Asia+ Фестиваліне» қатысты 17.11.2025
Гонконг, 2025 жылғы 16 қараша – Гонконгта Азиядағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі «Asia+ халықаралық фестивалі» өтті. Шараға ондаған мемлекет қатысып, өздерінің бай мәдени мұрасын ұсынды. Фестивальге қазақстандық студенттер мен Қазақстанның Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулдығы қатысты.Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің Мәдениет департаменті ұйымдастырған «Asia+ фестивалі» - 30 азиялық елдің өкілдері мен 30 000-нан астам қонақтарды біріктіріп, өңірдің бай мәдени алуантүрлілігін таныстыратын маңызды алаң.Бас консулдық іс-шараға қатысушыларды Қазақстанның бай көшпелі мұрасы, көркемдік дәстүрлері мен заманауи мәдениет саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, ұлттық аспаптар мен бишілердің өнері қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.Қонақтар Қазақстанның қойылымдарының орындау шеберлігі мен көрсетілген дәстүрлердің бірегейлігіне ерекше назар аударып, жоғары бағалады. «Asia+ фестивалі» Қазақстанның Азия аймағындағы танымалдығын арттыруға және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1106294?lang=kk
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және уақытша сақтау орындарының иелерімен кездесу өтті 17.11.2025
экономикалық қызметке қатысушылар, кеден өкілдері және уақытша сақтау орындарының иелерімен кездесу өтті.Кездесуде анықталған ұсыныстарды тіркей отырып, «Кеден»  ақпараттық жүйесінде өзгертілген «Тауарлар декларациясы» модулін сынақтан өткізуге қатысты мәселелер, уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау және көлік құралдары мен тіркемелерді салыстыру құжатын дұрыс толтыру, мемлекеттік кірістер органдарына есеп беру және басқа да мәселелер талқыланды.  Шара барысында «Кеден» ақпараттық жүйеде жұмыс көрсетіліп, кәсіпкерлердің қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1106299?lang=kk
15 қараша - Ұлттық валюта күні 17.11.2025
Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі мен Ұлттық валюта күні қарсаңында облыс орталығында өткен салтанатты жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов сала қызметкерлерін құттықтап, мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттарды табыстады.«Қаржы саласының үздік қызметкері» төсбелгісі Бибігүл Узақова мен Ерлан Шатановқа табысталды. ҚР Қаржы министрлігінің Алғыс хаттарын алты қызметкер иеленді. Жыл қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен тағы осынша қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамоталары тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karzhy/press/news/details/1106243?lang=kk
Самар ауданының тұрғыны «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды 17.11.2025
Екінші Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында жерлесіміз, Самар ауданының «Ахмадиұлы» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Ахмадиевич Рапеков еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек даңқы» орденінің III дәрежесімен марапатталды. Марапатты оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды.Бауыржан Ахмадиевич ауыл шаруашылығында 33 жыл еңбек етіп келеді, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын табысты дамытты. Ол шаруашылықтың материалдық-техникалық базасын және инфрақұрылымын нығайтуға зор үлес қосып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын белсенді қолдауда.Кәсіби қызметінен бөлек, Бауыржан Ахмадиевич дәстүр бойынша спортшыларды қолдап, жас мамандарға өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа буын кәсіби мамандарды тәрбиелеуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1106249?lang=kk
«AdiletGov» - өтініштерді беруді жеңілдету, цифрлық қосымшаның мүмкіндіктері 17.11.2025
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 14 қарашасында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі халық арасында «AdiletGov» мобильді қосымшасы арқылы өтініштер жолдау мүмкіндіктері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.«Adilet.gov» қосымшасының арқасында азаматқа жеке сот орындаушысының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты өтінішті E-Otinish порталына өзі жолдаудың, палата немесе прокуратурадан аптадап жауап күтудің қажеттілігі болмайды.Барлық процестер автоматтандырылған: өтініш жүйеде бірден тіркеліп, қажет болған жағдайда өңірлік ЖСО палатасына жолданады, ал жауап болмаған жағдайда - автоматты түрде Әділет департаментіне жіберіледі.Осылайша, әрбір өтініш беруші артық бюрократиялық қиындықтарсыз ЖСО қызметін жедел әрі ашық бақылау мүмкіндігіне ие болады. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1106234?lang=kk
Қорқыт ата рухына тағзым 17.11.2025
Бүгін киелі Қармақшы топырағына «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Кеңесінің төрағасы Ұзақбай Карабалин бастаған делегация Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне арнайы барып, бабаның рухына тағзым етті.Құрметті қонақтарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Сыдықов күтіп алып, тарихи-мәдени нысанды бірге аралады.Бұл сапар «Шахмардан Есенов және оның Қазақстан ғылымы мен мұнай-газ саласын дамытудағы рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылған.Қасиетті Қорқыт Ата кешені бүгінде ел руханияты мен туризмнің маңызды орталығына айналып, жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін көптеген туристерді қабылдап отыр. Мемориалдық кешен арқылы ауданымыздың мәдени және рухани туризм саласы жаңа серпін алып келеді.Кездесу соңында Ұзақбай Қарабалин қасиетті Қорқыт Ата жері ел бірлігінің көрінісі екенін атап өтіп, аудан халқының қонақжайлылығына ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1106206?lang=kk
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті 17.11.2025
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Комиссия жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері, Байқоңыр қалалық прокуратурасы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер және әйелдер кеңесінің төрағалары, білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық аурухананың ана мен бала денсаулығы жөніндегі орынбасары Парида Сарыбаева кәмелетке толмағандар арасында алкоголь, есірткі және нашақорлықтың алдын алу бағытында жан-жақты баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайы бойынша атап өтті.Балаларды интернет кеңістігіндегі зиянды ақпараттан қорғау қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Осы бағытта аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Досбол Дүйсенбеков талдау жасап, интернет алаяқтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы мен жүргізіліп жатқан іс-шараларды баяндады.Жиын барысында Диас Молдабаев айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынып, тиісті мерзімдер белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1106207?lang=kk
Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын 17.11.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 88-бабы 1-тармағына сәйкес, жекелеген қызмет түрлерін (бұдан әрі – ЖҚТ) жүзеге асыратын тұлғалар салық төлеуші ретінде міндетті түрде тіркелуге тиіс, бұл қызмет түрлерінің тізбесі аталған тармақта белгіленгенін хабарлайды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 88-бабы 6-тармағына сәйкес, салық органы салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ретінде тіркеуге қоюды үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады:хабарламаны тапсырған күннен бастап;лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап.Жеке қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламалар https://www.elicense.kz сайты арқылы ұсынылады.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген «Хабарламалардың нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» қаулысының 1-қосымшасына сәйкес, хабарлама электрондық немесе қағаз түрінде жолданады.Бұрын ҚР-сы БАСЖ ақпараттық жүйесінде «elicense.kz» жүйесімен толыққанды интеграция болмаған.  Қазіргі уақытта СӘИЖ ақпараттық жүйесінде «elicense.kz» жүйесімен деректер алмасуды автоматтандырылған түрде қамтамасыз ететін интеграция жүзеге асырылған. Аталған функционал осы жылдың сәуір айында, соның ішінде мекенжай тіркелімі кодының көмегімен енгізіледі.(Анықтама үшін: 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖМ-ның ЖҚТ есебінде 3495 салық төлеуші тіркелген, ал 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша – 4816 салық төлеуші тіркелген, өсім 1321 салық төлеушіні құрады). Мәлімет ретінде хабарлаймыз:Егер ИС АР анықтамалығында мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) жоқ болса, жылжымайтын мүлік иесі өтініш беруші ретінде объектінің мекенжай коды берілуі үшін сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне жүгінуі тиіс немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы мына сілтемеде өтініш бере алады: https://egov.kz/cms/ru/services/buy_sale/passP2203_mps.Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында өтініш берушіге мына сілтеме бойынша мекенжайды нақтылау туралы анықтама (беру/жою) беріледі: https://egov.kz/cms/ru/services/pass668_mir.Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын беру/жою | Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметіЖылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын беру/жоюЖылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын беру/жою | Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметіЖылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын беру/жоюАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1106209?lang=kk
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында Qaztest жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті 17.11.2025
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдама аясында әскери қызметшілер үшін Qaztest жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды.Тестілеудің негізгі мақсаты – жеке құрамның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, сондай-ақ тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған жүйелі жұмысты күшейту. Бұл өз кезегінде әскери қызметшілердің кәсіби коммуникация сапасын арттыруға, ресми құжат айналымында және күнделікті қызметте мемлекеттік тілді кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.Ақпараттық сағат форматында өткен тестілеуге Бас қолбасшылықтың елуге жуық офицері мен келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілері қатысты.Тілдік білімді бағалау тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым сынды үш бағыт бойынша жүргізілді. Барлығы 150 тапсырмадан тұратын тесттің нәтижелері әрбір қатысушының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін айқындауға негіз болады.Айта кетсек, Qaztest – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған ұлттық бағалау жүйесі, оның нәтижелері мемлекеттік органдар мен әскери құрылымдарда біліктілікті көтеру және тілдік даярлықты жетілдіру үшін кеңінен қолданылады.Ұлттық ұланда тіл саясатын сапалы жүзеге асыру – кәсіби әскери дайындықпен қатар, мемлекеттік қызметтің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1106216?lang=kk
Қазақстан Конституциялық Соты Аппаратының қызметкерлері Корея Республикасының Конституциялық Соты кітапханасының жұмысымен танысты 17.11.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Қазақстан Конституциялық Соты Аппаратының қызметкерлері Корея Республикасының Конституциялық Сотының кітапханасына барды. Бұл – елдегі жария құқыққа маманданған жалғыз кітапхана. Ол заңгерлік және жалпы кітапханалардан тұрады.Заңгерлік кітапханада конституциялық сот ісін тиімді қолдауға және зерттеу қызметін жүргізуге арналған түрлі елдердің құқықтық материалдары сақталған.Жалпы кітапханада гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, мәдениет сияқты әртүрлі пәндік салаларға қатысты материалдар жинақталған. Ол көпшілікке еркін қол жетімді.Кітапхана қоры 200 мыңнан астам материалды қамтиды.Кітапхана келушілерге ашық және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті қолайлы инфрақұрылыммен жабдықталған.Қазіргі уақытта кітап материалдарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Болашақта кітапхана сайтында парақтарды әртүрлі тілге автоматты түрде аудару үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарлануда.Қазақстан Конституциялық Сотында да қазіргі таңда жеке кітапхана жұмыс істейді. Соңғы үш жылға жуық уақыт ішінде оның қоры екі мыңға жуық материалмен толықты. Олардың қатарында конституциялық бақылау органы шешімдерінің жинақтары мен жаршылары, конституциялық құқық бойынша ғылыми әдебиеттер, қазақтың ұлы ойшылдары мен жазушыларының шығармалар жинақтары, сондай-ақ отандық және шетелдік мерзімді басылымдар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1106201?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау және оны алдын алу» тақырыбына дәріс өткізілді. 17.11.2025
2025 ж. 13.11. Солтүстік-Қазақстан облысы Әділет департаменті Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Р.К. Сулейменова Солтүстік Қазақстан облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау және оны алдын алу» тақырыбына дәріс оқыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1106173?lang=kk
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - еліміздің болашағына төнетін қауіпті жою 17.11.2025
Сыбайлас жемқорлық-қоғамның дамуына төнетін аса қауіпті қатерлердің бірі. Бұл азаматтардың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді, құқықтық жүйе мен моральдық нормаларды бұзады, экономика мен әлеуметтік дамуға деструктивті әсер етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өз азаматтары үшін тұрақты және гүлденген болашақты қамтамасыз етуге ұмтылатын көптеген елдердің күш-жігерінің ажырамас бөлігіне айналуда.Сыбайлас жемқорлық пара беру және пара беру сияқты күнделікті көріністерден бастап, мемлекеттік органдар мен бизнестегі ірі сыбайлас жемқорлық схемаларына дейінгі қоғамның әртүрлі салаларын қамтиды. Бұл экономика мен әлеуметтік әділеттіліктің қалыпты жұмысына қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық жағдайында ресурстар тиімді пайдаланылмайды, бұл теңсіздік пен кедейлікке әкеледі.Сыбайлас жемқорлық азаматтардың Үкімет пен билік институттарына деген сенімін бұзады. Адамдар ақша мен биліктің жеке пайда табу үшін пайдаланылғанын көргенде, олар жүйенің әділдігі мен адалдығына деген сенімін жоғалтады. Бұл саяси тұрақсыздыққа, тіпті әлеуметтік қақтығыстарға әкелуі мүмкін.Сыбайлас жемқорлық экономикаға елеулі әсер етеді. Бұл кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіреді, инвесторларды қорқытады және елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық өркендеген кезде ресурстар экономиканың өсуіне ықпал ететін жобаларға емес, жемқор шенеуніктер мен кәсіпкерлердің мүдделерін қанағаттандыруға бағытталады.Сыбайлас жемқорлық құқықтық жүйені бұзады, өйткені ол жемқор шенеуніктер мен кәсіпкерлерге өз әрекеттері үшін жазадан аулақ болуға мүмкіндік береді. Бұл жазасыздыққа алып келеді және жауапсыздық мәдениетін нығайтады, бұл сыбайлас жемқорлықты одан әрі күшейтеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің тұрақты және гүлденген болашағын қамтамасыз етудің маңызды шарты. Сыбайлас жемқорлық құқық тәртібіне, экономикаға және жалпы қоғамға қауіп төндіреді. Сондықтан әр азамат барлығына адал және әділ болашақты қамтамасыз ету үшін осы күреске белсенді қатысуы керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1106174?lang=kk
МКК «АСТАНА-1» (Keden АЖ) жүйесінде жаңа модульді тестілеуді бастайды 17.11.2025
2026 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігінде «Декларация тапсыруға дейін тауарларды шығаруға өтініш» (ТШӨ) атты жаңа модуль іске қосу жоспарлануда.Не өзгереді?🔹 Қағаз түріндегі процестер цифрлық форматқа көшіріледі🔹 Кеден мен декларанттар арасындағы автоматтандырылған сұрау-жауап алмасу🔹 ТШӨ-тен кейін декларация тапсыру мерзімдерін автоматты түрде есептеу🔹«Файлды импорттау» арқылы тауарлардың үлкен тізімдерін жүктеу мүмкіндігі2025 жылдың 17 қарашасынан бастап ТШӨ модулінің онлайн-тестілеуі басталады.Оған кез келген адам қосыла алады. 📌 Тест порталында қолжетімді:– тестілеу кестесі– бейне-сабақтар– пайдаланушы нұсқаулығы– байланыс деректері👉 test-keden.kgd.gov.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті СЭҚ қатысушыларын белсенді түрде тестілеуге қатысуға шақырады!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1106158?lang=kk
“Ұлттық теңге-ұлт мақтанышы" тақырыбында тәрбие сағаты. 17.11.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасында 15 қараша ұлттық валюта күніне орай Абай атындағы орта мектеп оқушыларымен “Ұлттық теңге-ұлт мақтанышы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында кітапханашы теңгенің тарихымен таныстырды және оқушыларға сұрақтар қойылып жауаптарды айтты.Кітарханада стенд қойылды және оқушылар стентке байланысты шолу жасады.Тәрбие сағатының мақсаты: төл теңгеміздің маңыздылығын дәріптеу Теңге ұлттық символ ретінде елдің егемендігі мен бірегейлігін білдіретініні өскелен ұрпаққа ұғындыру және оқушыларға ұлттық валютаның тарихын таныстыру, отансүйгіштік сезімін арттыру және елінің экономикалық тәуелсіздігіне деген құрметті қалыптастыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1106154?lang=kk
Астанада 200-ден астам сарбаз Отанға адал болуға ант берді 17.11.2025
«Отан қорғаушылар» алаңында астаналық 68665 әскери бөлімі жас сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі өтті.Салтанатты сәтке куә болу және сарбаздарды қолдау үшін Құрлық әскерлерінің басшылығы, құрметті қонақтар, Қарулы күштердің ардагерлері, астаналық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері және жас сарбаздардың туған-туыстары келді.Дәстүр бойынша «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылып, қатысушылар қазақ сарбаздарының ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алды.Салтанатты шарада әскер қатарына енді қосылған жас өрендерді Құрлық әскерлері бас штабының бастығы – бас қолбасшының бірінші орынбасары генерал-майор Қуанышбек Үштаев құттықтады.– Бүгінгі күн сендер үшін де, бүкіл мемлекет үшін ерекше күн. Сендер Отан алдында ант беріп, халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға үлкен қадам жасадыңдар. Ант – жай сөз емес, бұл әрбір ер азаматтың өмірлік принципі, абыройы мен қадір-қасиеті. Қызмет сендерге берік тәрбие және болашақ жетістіктердің бастауы болады деп сенемін, – деді ол.Айта кетейік, жас сарбаздар астаналық бригадаға еліміздің әртүрлі өңірінен келген. Солардың бірі – Түркістан облысынан келген Ернұр Досымхан – әскерге өз еркімен шақырылғанын айтты.– Мен көпбалалы отбасында өскенмін. Он үш бауырым бар. Әрине, оларды сағындым, дегенмен әскери тәжірибе менің болашақ өмірімде қажет болады деп білемін. Мен үлкен отбасыма тірек болуым керек. Біз ант қабылдауға барынша дайындалдық. Жас жауынгер курсында көп нәрсе үйрендім және әскердің тыныс-тіршілігіне етім үйреніп қалды, – деді ол.Сонымен қатар салтанатты шарада 68665 әскери бөлімнің екі офицеріне – капитан Сұңғат Қабдыровқа және аға лейтенант Ернар Кенжебайға Қарулы күштердің ардагері генерал-майор Әлихан Жарболов мерейтойлы медалін тапсырды.Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар алаң арқылы салтанатты марш жасап өтті. Содан кейін олар әскери-патриоттық әндерді орындады. Іс-шара қоян-қолтық ұрыс элементтерінің көрсетілімі және құрмет қарауыл ротасының әскери дефиле көрсетуімен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1106145?lang=kk
Қазақстандық бишілер Скопьедегі "Macedonia Open 2025" беделді байқауында қола жүлдеге ие болды 17.11.2025
Қазақстан бишілерін Скопьедегі «Macedonia Оpen 2025» халықаралық жарысында спорттық би бойынша қола медаль жеңіп алуымен құттықтаймыз!Әлемнің түрлі елдерінен кәсіпқой 20 жұп қатысқан қызу бәсекелестік күресте Аян Жұматаев пен Эмилия Джелебова дуэті ең жоғарғы деңгейді көрсетіп, төрешілер алқасының жоғары бағасына ие болды.Біздің спортшылардың өнер көрсетуі үлкен қолдауға ие болды. Құрметті қонақтардың қатарындағы Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов, Елшілік қызметкерлері және  Скопьедегі отандастар бишілерді жылы қарсы алды.Турнир аяқталғаннан кейін оның қатысушылары мен қонақтары естелік фотосуреттер түсірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1106122?lang=kk
Құрметті ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің еңбеккерлері мен ардагерлері! 16.11.2025
Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығы саласы әрқашан мемлекеттің назарында екенін атап өтті. Ол осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беретінін атап өтті.Ел Президенті барлық ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бұл нағыз еңбек адамдарын құрметтейтін күн екенін атап өтті.Өз тарапымнан баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!Сіздердің еңбектеріңіз - елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі және өңір экономикасының дамуына маңызды үлес болып табылады. Сіздердің адалдықтарыңыздың арқасында агроөнеркәсіптік кешен тұрақты дамып келеді, ал облысымыздың өнімдері тек аймақ ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие.Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, картоп пен көкөністердің лайықты өнімі жиналды. Астықтың жалпы өнімі 7 миллион тоннаға жетті - бұл соңғы онжылдықтағы ең жақсы нәтиже. Мал шаруашылығы дамып келеді: мал мен құс саны артып, ет, сүт және жұмыртқа өндірісі өсуде.Өңірімізде жаңа инвестициялық жобалар іске асырылуда, шаруашылықтар жаңғыртылуда, тауарлы сүт фермалар салынуда және дамуда, қайта өңдеу қуаттары кеңейтілуде. Бұл бастамалар жұмыс орындарын ашып, аграрлық сектордың өсуіне ықпал етеді.Барлық дала мен фермалардың қызметкерлеріне, шаруа қожалықтарының мамандары мен басшыларына, тамақ өнеркәсібінің ғалымдары мен қызметкерлеріне еңбегі, кәсібилігі және туған жеріне адалдығы үшін алғыс айтамын.Сіздерге денсаулық, амандық, күш-қуат және болашаққа деген сенімділік тілеймін. Еңбектеріңіз облыс ауылдарына қуаныш, ырыс-береке әкелсін! Мерекелеріңізбен!Қостанай облысының әкімі  Қ. АқсақаловАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1106098?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан Әділет министрліктері арасында ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды 16.11.2025
2025 жылдың 14–15 қарашадағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында ҚР Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.Аталған бағдарлама зияткерлік меншік саласында өзара әрекеттесуді, сот сараптамасын цифрландыру саласындағы зерттеу және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ нотариат саласындағы цифрландыру мәселелерін және өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықты қамтиды.Осы екіжақты құжатқа қол қоюдан бұрын қалыптасқан ынтымақтастық негіздерін одан әрі нығайтуға және екі ведомство арасындағы әріптестікті кеңейтуге ықпал ететін маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1106092?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Алматы – Қонаев» тасжолы бойында сенбілік өтті 15.11.2025
Жыл басынан бері облыс бойынша акцияға 800 мыңға жуық адам, 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 4 мыңға жуық техника жұмыс істеген. 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Сондай-ақ 109,8 мың ағаш егіліп, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 1090 тарихи-мәдени ескерткіш және 1055 әлеуметтік нысан тазартылған.– "«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда. Онлайн-платформа арқылы да жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Telegram-ботқа 1123 өтініш келіп түсті, оның 880-і орындалды, 233-і кері қайтарылды, ал 10-ы орындалу үстінде. Бүгін осы жылғы соңғы сенбілікті өткіздік. Ауа райының қолайсыздығына бойланысты акция аясындағы жұмыстарды келесі жылы жалғастыратын боламыз", – деді облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының көгалдандыру және абаттандыру бөлімі басшысы Бекзат Кәрімов.– "Бүгін әріптестерімізбен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында өткізіліп жатқан сенбілікке қатыстық. Мұндай шаралардан қалыс қалған емеспіз. Еліміздің таза болуына әрбір азамат үлесін қосуы керек", – деді шараға қатысқан Ермек Ибрагимов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1106078?lang=kk