«AdiletGov» - өтініштерді беруді жеңілдету, цифрлық қосымшаның мүмкіндіктері
17.11.2025 10:00:43 131
«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 14 қарашасында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі халық арасында «AdiletGov» мобильді қосымшасы арқылы өтініштер жолдау мүмкіндіктері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Adilet.gov» қосымшасының арқасында азаматқа жеке сот орындаушысының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты өтінішті E-Otinish порталына өзі жолдаудың, палата немесе прокуратурадан аптадап жауап күтудің қажеттілігі болмайды.
Барлық процестер автоматтандырылған: өтініш жүйеде бірден тіркеліп, қажет болған жағдайда өңірлік ЖСО палатасына жолданады, ал жауап болмаған жағдайда - автоматты түрде Әділет департаментіне жіберіледі.
Осылайша, әрбір өтініш беруші артық бюрократиялық қиындықтарсыз ЖСО қызметін жедел әрі ашық бақылау мүмкіндігіне ие болады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1106234?lang=kk