Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Словенияның порты «Лука Копер» - Азия мен Еуропа арасындағы Орта дәліз мен транзиттің әлеуетті серіктесі 19.12.2025
Любляна, 2025 жылғы 17 желтоқсан - Қазақстан мен Словения мемлекеттерінің басшылары арасында 2025 жылғы наурызда қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағыты – Еуропаның ірі теңіз порттарының бірі «Лука Копер» орта дәлізін үйлестірудің негізгі қағидаттарын практикалық талқылау мақсатында Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев порттың функционалдық қызметімен танысып, Басқарма төрайымы Невенка Кржанмен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Сұхбат барысында көлік, транзит және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті. Елші словен тарапына Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі негізгі транзиттік мемлекеттердің бірі ретіндегі әлеуетін, сондай-ақ халықаралық маңызы бар теміржол және мультимодальды маршруттарды қоса алғанда, қазіргі заманғы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша ҚР Үкіметінің қабылдап жатқан шаралары туралы таныстырды.Орта дәлізді дамытудың әлеуеті мен мүмкіндіктеріне, көлік бағыттарын әртараптандыру, жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттыру және еуропа мемлекеттері үшін логистикалық мүмкіндіктерді кеңейту міндеттеріне ерекше назар аударылды. Порт басқарма төрайымы «Лука Копердің» ағымдағы қызметі, оның инфрақұрылымдық мүмкіндіктері, терминалдардың мамандануы, сондай-ақ порт қуаттарын одан әрі дамыту және жаңғырту жоспарлары туралы ақпаратты ұсынды. Сындарлы диалогты жалғастыруға және практикалық өзара іс-қимылды дамытуға, оның ішінде ҚТЖ Экспресс және екі елдің басқа да бейінді құрылымдарымен және іскер топтарымен ынтымақтастықты кеңейту бөлігінде өзара мүдделілік расталды. Анықтама: Словенияның Лука Копер порты жылына 24/7, 365 күн жұмыс істейді, іс жүзінде ауа-райына ұшырамайды, Словенияның Адриатикалық жағалауында 283 га жерде орналасқан, порт ашық теңізге тікелей қол жеткізе алмайтын барлық ЕО елдері үшін шешуші рөл атқарады (Австрияға жалпы импорттың 1/3 бөлігі, Венгрияға импорттың 45%). Порт персоналы - Словенияның 2,5 мың жоғары білікті азаматы, жүк айналымының жыл сайынғы көлемі-23 млн. тонна немесе 1,5-1,8 млн контейнер, тауарлар мен жүктердің барлық түрлерін (мұнай мен газды қоспағанда), атап айтқанда, әлемдік брендтердің 1,1 млн жаңа автомобильдерін қабылдайды және жөнелтеді. Қазіргі уақытта Қытайдың шығыс жағалауынан және АТМ аймағынан Словенияның Лука Копер портына дейін теңіз арқылы жүктерді жеткізу ұзақтығы 43-46 күнді құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1128813?lang=kk
Қазақстан мен Алжир цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты талқылады 19.12.2025
АЛЖИР, 2025 ж. 18 желтоқсан – ҚР Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Білім экономикасы, стартаптар және микрокәсіпорындар министрі Нуреддин Уадамен келіссөздер жүргізді.Тараптар цифрландыру және білім экономикасы саласындағы бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттарын, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік ұйымдар және жеке компаниялар арасындағы әлеуетті жобаларды егжей-тегжейлі талқылады.Ә.Ахметов алжирлік министрді Мемлекет басшысының Қазақстанда цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі бастамаларымен таныстырды, сондай-ақ оған Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен «Цифрлық көпір-2025» форумында сөйлеген сөзінің мәтіндерін берді.Н.Уада еліміздің ұлттық цифрлық экожүйені дамытудағы, суперкомпьютерлерді тиімді пайдаланудағы және жасанды интеллектті кеңінен қолданудағы табыстарын жоғары бағалады. Ол ел Президенті деңгейінде экономикалық дамудың цифрлық векторын саяси қолдау табысқа жетудің басты факторы екенін атап өтті.Алжирлік министр осы инновациялық секторды жүйелі дамыту және келешегі бар инфрақұрылымды қалыптастыруда Еуразиялық аймақтағы басты цифрлық хаб ретінде Қазақстанның тәжірибесін зерделеуге және енгізуге қызығушылығын танытты.Кездесу барысында алжирлік министрге ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен дайындаған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жобасын ұсынылды.Тұтастай алғанда, әңгімелесушілер осы салада нақты, өзара тиімді нәтижелерге жылдам қол жеткізу үшін сарапшылық делегациялардың сапарларымен алмасуды қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-algeria/press/news/details/1128797?lang=kk
Қазақстан мен Словения инвестициялық әріптестікті нығайтуда: фармацевтика, логистика және жасанды интеллектке басымдық 19.12.2025
Любляна, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету жөніндегі SPIRIT Slovenia агенттігінің директоры Тамара Зайц Балажичпен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2026 жылғы наурыз айында Словения Президентінің Қазақстанға жасаған ресми сапарының және оның аясында өткен қазақ-словен бизнес-форумының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың нақты тетіктері талқыланды.Тараптар бірқатар басым әрі келешегі зор бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, фармацевтика саласы, жасанды интеллект пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Копер порты мен Орта дәлізді қамтитын көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ гидроэнергетика, жылыжай технологиялары және заманауи ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл, инновациялық және орнықты шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.Халықаралық нарықтарда қазақстандық шикізаттық емес экспортты «Made in Qazaqstan» брендімен ілгерілету аясында Словенияның ұлттық брендтерді қалыптастыру және ілгерілету саласындағы табысты тәжірибесіне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, «I feel Slovenia» және «Slovenia: Green. Creative. Smart.» брендтері еуропалық және жаһандық деңгейде «Made in Slovenia» ұлттық экспортын, инвестициялық және туристік тартымдылықты ілгерілетудің айқын визиттік картасына айналғаны атап өтілді.«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның серіктесі ретінде SPIRIT Slovenia агенттігі экспортты қолдаудың ұлттық институты QazTrade ұйымымен жүйелі өзара іс-қимыл орнатуға, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның V отырысын Люблянада бірлесіп ұйымдастыруға, сондай-ақ 2026 жылдың екінші жартысында Словенияның Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыруға ерекше қызығушылық танытты. Аталған бастамалар жаңа бірлескен инвестициялық және кооперациялық жобаларды іске қосудың маңызды қадамы ретінде қарастырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1128793?lang=kk
Жаңа Салық кодексіндегі қосылған құн салығына қатысты өзгерістер мен жаңалықтар 19.12.2025
Жаңа Салық кодексіндегі қосылған құн салығына қатысты өзгерістер мен жаңалықтарҚазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексі шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін қосылған құн салығы (ҚҚС) саласындағы негізгі өзгерістер туралы хабарлайды. Жаңартулар салықтық әкімшілендіруді ашық етуге, адал кәсіпкерлікті қолдауға және ҚҚС қолдану қағидаларын оңайлатуға бағытталған.Жаңа кодекс ҚҚС салығын салуға жатпайтын айналым санаттарын нақтылайды. Оларға мыналар жатады:ҚҚС-тан босатылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өткізу;өткізу орны Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан айналымдар;Кодекстің 474-бабында көзделген тізбедегі жекелеген тауар санаттарын өткізу;ойын бизнесі саласындағы қызмет;арнайы салық режимі қолданылатын операциялар;лотерея қызметіне байланысты айналымдар.Құрылыс компаниясының тұрғын үй ғимаратын немесе пәтерді өткізуі2026 жылғы 1 қаңтардан бұрын құрылысы басталған және (немесе) пайдалануға қабылданған тұрғын үй ғимаратын (пәтерді) өткізу.Тұрғын үй ғимаратын немесе пәтерді жалға беру2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға беру шарты бойынша тұрғын үй ғимаратын немесе пәтерді жалға беру.ҚҚС-сыз сатып алынған тұрғын үй ғимаратын (пәтерді) өткізу кезінде айналым мөлшері өткізілетін нысанның құны мен бухгалтерлік есепте көрсетілген (қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмағанда) баланстық құнының оң айырмасы ретінде айқындалады.Бұл өзгерістер құрылыс саласының жаңа талаптарға біртіндеп көшуін қамтамасыз етеді.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қайта өңдеушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ҚҚС-тың есепке жатқызылатын қосымша сомасының мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС жаңартылған қағидалар бойынша есепке жатқызылады:тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша — оларды факті бойынша алған күні;үшінші елдерден импорт бойынша — тауарларды шығарған күні;ЕАЭО елдерінен импорт бойынша — ҚҚС төленген күні;резидент емес тұлғалардың жұмыстар мен қызметтері бойынша — электрондық шот-фактура жазылған күні.Бұл нормалар есепке жатқызу сәтін айқындаудың бірыңғай әрі түсінікті тәртібін енгізеді.2026 жылдан бастап келесі салық мөлшерлемелері белгіленеді:16% — ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі.Төмендетілген мөлшерлемелер:2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% — дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға және лицензияланған денсаулық сақтау субъектілерінің көрсететін қызметтеріне;10% — отандық мерзімді баспа басылымдарын өткізуге.0% мөлшерлеме қолданылады:тауарлар экспортына;халықаралық тасымалдарға;шетелдік әуе компанияларына жанар-жағармай материалдарын жеткізуге;арнайы экономикалық аймақтар аумағына өткізілетін тауарларға;аффинирленген алтынды өткізуге.300.00 нысаны есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен ерте емес және одан кейінгі екінші айдың 15-інен кеш емес мерзімде тапсырылады.Шот-фактуралар бойынша кейінге қалдырылған ҚҚС сомасын есепке жатқызуҚҚС сомасын есепке жатқызу үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу күніне қолданыста болған Салық кодексінің нормалары қолданылады.Егер тауарлар, жұмыстар, қызметтер 2025 жылғы желтоқсанда сатып алынған болса, онда есепке жатқызу кезеңі 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Салық кодексінің 401-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалады.Осылайша, есепке жатқызылатын ҚҚС мына күндердің ең кешіне сәйкес келетін салық кезеңінде ескеріледі:тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алу күні;Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын шот-фактураның немесе өзге де құжаттың жазып берілген күні.Осыған байланысты, 2025 жылдың 4-тоқсанында сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша, егер оларды алу күні 2025 жылдың 4-тоқсанына келсе, ал жеткізуші шот-фактураны 2026 жылдың 1-тоқсанында жазып берсе, ҚҚС ең кеш күнге сәйкес 2026 жылдың 1-тоқсанында есепке жатқызылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1131355?lang=kk
АХҚО краудфандинг платформаларынан түскен кірістерді декларациялау тәртібі жеңілдетілді 19.12.2025
       Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабының 15 тармағына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары қарыздық краудфандингтік платформаны басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда, краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.     Аталған жаңашылдық кірістер мен мүлік туралы декларацияны толтыру тәртібін жеңілдету мақсатында енгізілген, өйткені тиісті мәліметтер жеке тұлғалар тарапынан салықтық есептілікте дербес түрде көрсетілмейді.      Мәліметтер есепті жылдан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей, жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 697 бұйрығымен бекітілген нысан мен тәртіпке сәйкес ұсынылады.      Осылайша, аталған жаңашылдықтың мақсаты –декларанттардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда жоғарыда көрсетілген мәліметтерді көрсету міндетінен босату, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының камеральдық бақылауды уақтылы жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1128791?lang=kk
Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерді бақылау-касса машиналарын (БКМ) пайдалану бойынша жаңа талаптар және жұмыс істеуге арналған қолжетімді тегін құралдар туралы хабардар етеді 19.12.2025
       Шағын бизнесті қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктер тарапынан БКМ-мен біріктірілген POS-терминалдарды тегін ұсыну мәселесі шешілді. Бұл стационарлық POS-терминалдар немесе телефонға орнатылатын мобильді POS-қосымшалар болуы мүмкін.Кәсіпкерлер үшін қазірдің өзінде не қолжетімді?Kaspi Bank пен Қазақстан Халық Банкінің POS-терминалдары толыққанды БКМ ретінде жұмыс істейді және штрих-кодтарды сканерлеу функциясымен жабдықталған.Жақын арада осындай функциялар Freedom Bank Kazakhstan және Банк ЦентрКредиттің POS-терминалдарында да іске қосылады.Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторларымен (ФДО), банктермен және кассалық техника өндірушілерімен бірлесіп, сауда үшін ыңғайлы және автоматтандырылған шешімдерді қалыптастыруда.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №626 бұйрығының жаңартылған талаптары күшіне енеді.ФДО міндеттеріне мыналар жатады:Ел аумағы бойынша ФДО қызметтерін көрсету.Есеп айырысулар туралы деректерді МКК-ге жедел түрде беру.Ұлттық тауарлар каталогын (ҰТК) пайдалану бойынша сервистерді өз порталдарында орналастыру.БКМ геолокациялық деректерін МКК беру.БКМ-ден келіп түсетін деректерге күн сайын мониторинг жүргізу.БКМ өндірушілерінің міндеттеріне мыналар жатады:Чек форматын жаңарту: енді чекте ҰТК сәйкес тауарлар мен қызметтердің атаулары міндетті түрде көрсетілуі тиіс.Чекті жою функциясын алып тастау - барлық түзетулер тек қайтару чегін ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.Аталған өзгерістер тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, бизнестің ашықтығын арттыруға, адал бәсекелестікті дамытуға және көлеңкелі айналымды қысқартуға бағытталған.Кәсіпкерлерден талап етіледі:БКМ-ді жаңартуБарлық бағдарламалық кассалар 2.0.3 хаттамасына автоматты түрде жаңартылған.    •    Стационарлық БКМ-нің (Меркурий, Миника, Порт) иелеріне жаңарту үшін техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.Чекте тауар атауларын көрсету тәртібі?Ол үшін штрих-код сканерін пайдалану қажет:POS-терминалға кіріктірілген сканер;мобильді БКМ пайдаланылған жағдайда телефон камерасы;стационарлық кассаға арналған жеке сканер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1128778?lang=kk
ПРЕЗИДЕНТ ТОКИОНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП КӨРДІ 19.12.2025
Бұл азаматтық қорғаныс пен қаладағы қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі жүйесі саналады.Орталықтың басты міндеті – қаладағы ахуалға ұдайы мониторинг жүргізу, төтенше жағдай кезінде билік органдарының іс-әрекетін үйлестіру, ықтимал қатер мен орын алған апаттар (жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар, лаңкестік актілер) туралы ақпараттарды талдау.БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимылға баса көңіл бөлінеді. Бұл жұмыспен тәулік бойы мониторинг жүргізетін арнайы бөлімше шұғылданады.Ал күнделікті өмірде кешен дағдарыс жағдайларын басқару жүйелерін жоспарлау және жетілдіру, азаматтық қорғаныстың өңірлік жоспарын әзірлеу, оқу-жаттығу жиындарын дайындау және өткізу, халықты құлақтандыруға, апаттардың салдарын жоюға арналған ақпараттық жүйелерді дамыту ісімен айналысады.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТОКИО ГУБЕРНАТОРЫ ЮРИКО КОИКЭМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ 19.12.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыладыСонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды.Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды.Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.
Қазақстан-Жапония: ДРК алушысынан серіктестік пен бірлескен жобаларға 19.12.2025
Қазақстан-Жапония: ДРК алушысынан серіктестік пен бірлескен жобаларғаКөптеген жылдар бойы Жапония Қазақстанға дамуға ресми көмек (ДРК) шеңберінде қолдау көрсетіп, тұрақты дамуға және озық білімді беруге үлес қосты.Бүгін біздің ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтерілді.2022 жылдың желтоқсанында қазақстандық «KazAID» халықаралық даму агенттігі мен жапондық «JICA» халықаралық ынтымақтастық агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл "донор-алушы" моделінен үшінші елдер үшін тең құқылы әріптестікке және жобаларды бірлесіп іске асыруға маңызды қадам болды.KazAID және JICA жыл сайын Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін, оның ішінде келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асырады: жер сілкінісіне төзімділік және табиғи апаттар қаупін азайту;жапондық Кайдзен философиясын қолдана отырып кәсіпкерлікті дамыту;ауыл шаруашылығы саласындағы цифрлық трансформация;кедендік тәуекелдерді басқару әлеуетін күшейту.Ынтымақтастықтың бұл форматы Қазақстанның ДРК доноры ретіндегі эволюциясын және оның жетекші халықаралық әріптестермен бірлесіп өңірлік дамуға қосқан үлесін көрсетеді.Анықтама: JICA Жапония Үкіметінің дамуына ресми көмек көрсететін Атқарушы агенттік болып табылады және 1974 жылы құрылған. Справочно: JICA является исполнительным агентством официальной помощи развитию Правительства Японии и создано в 1974 году.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1128735?lang=kk
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрінің м.а «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетудін кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №527 бұйрығы 19.12.2025
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрінің м.а «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетудін кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 5 желтоқсандағы №527 бұйрығымен ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар, өзгелер» кодын және шыққан елі Қазақстан Республикасы болып табылатын ЕАЭО СЭҚ ТН 4401310000 «Ағаш түйіршектері» кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) 2025 жылдың 12 желтоқсаннан бастап алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкетуге тыйым салу енгізілгенін хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1128700?lang=kk
Мемлекеттік қызметтің нормалары түсіндірілді: Рауан Жампеисов жаңа қызметкерлермен кездесу өткізді 19.12.2025
2025 жылғы 19 желтоқсанда Самар ауданында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампейсов мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған ТҮКШ бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында Рауан Жампейсов қызметтік әдеп талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді еске салды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қатысты шектеулер мен мүлікті сенімгерлік басқаруға беру міндеттемелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1128652?lang=kk
ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ САБАҚТАРЫ Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйі жанындағы Жәмет жырау атындағы “Домбыра” үйірмесінің кезекті сабақтары. Жетекшісі: Б.Жібекәлі 19.12.2025
ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ САБАҚТАРЫ                                                            Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйі жанындағы Жәмет жырау атындағы “Домбыра” үйірмесінің кезекті сабақтары. Жетекшісі: Б.ЖібекәліАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-maidakol/press/news/details/1128659?lang=kk
Төретам кентінде үшемді дүниеге әкелген анаға құрмет көрсетілді 19.12.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Төретам кентінде үшемді дүниеге әкелген ананың шаңырағына арнайы барып, қуанышты сәтімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.Құттықтау барысында аудан әкімі дүниге келген сәбилердің амандығын тілеп, олардың болашағы жарқын, дені сау болып өсуіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ берекелі отбасыға зор денсаулық, шаңырағына бақыт тілеп, аудан әкімінің Алғыс хатын және естелік сыйлығын табыстады.Еліміздің болашағы – дені сау ұрпақ пен аналардың амандығында. Осы бағытта аудан әкімі ана мен балаға көрсетілетін әлеуметтік қолдауларды күшейтіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра беретінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1128626?lang=kk
Төретамда тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалды 19.12.2025
Бүгін Төретам кентінде аудан әкімі Жандос Еркінбек құқық қорғау органдары және Мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен қабылдауға жалпы 70-ке жуық тұрғын қатысып, өздерінің әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін қозғады.Қабылдау барысында елді мекендерден де келген тұрғындар ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үй мен жұмысқа орналасумен қатар, жол салу, балалар ойын алаңдарын орнату, көше жарығын жақсарту бағытында ұсыныс-пікірлерін білдірді.Аудан әкімі әрбір өтініштерді мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Сонымен қатар құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік кірістер басқармасының құзыретіне кіретін сауалдарын да көтерді. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті күшейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, міндетті медициналық сақтандыру төлемдері секілді мәселелер қозғалды.Жауапты басшылар азаматтарға заң аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты жауаптар берді.Жандос Еркінбек алдағы уақытта да тұрғындармен тұрақты түрде кездесу өткізіп, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдау арқылы ашық диалог орнату жұмыстарын жүзеге асыруды жалғастыра беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1128628?lang=kk
"Заң және тәртіп" акциясы Парыгино ауылының тұрғындарымен кездесу. 19.12.2025
2025 жылғы 18 желтоқсанда "Заң және тәртіп" акциясы аясында Парыгино ауылының Мәдениет үйінде Алтай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Е.С. Канафин, Алтай ауданы полиция бастығының орынбасары Д.К. Даиров, Алтай ауданының Қоғамдық қауіпсіздік бастығы А.Б. Жылкайдаровпен халыққа әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету алкоголь өнімдерін сату кезіндегі заңнама талаптары, аумақты абаттандыру ережелері тақырыбында және басқа да өзекті мәселелер брйынша халықпен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында қолданыстағы нормалар, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары бойынша түсініктемелер, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ұсыныстар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-parygin/press/news/details/1128574?lang=kk
Gemini енді қазақ тілінде қолжетімді 19.12.2025
ҚР Тәуелсіздік күніне орай Google жасанды интеллектінің Gemini моделін қазақ тілінде іске қосқанын жариялады. Бұл - ең озық саналатын ЖИ-моделінің тілдік қолдауын кеңейтуге бағытталған жаһандық бастаманың бір бөлігі. Қазақ тілі Gemini 3 буынын іске қосу аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Бұл Қазақстандағы пайдаланушыларға Gemini мүмкіндіктерін әлемдегі ең ірі тілдермен тең дәрежеде, өз ана тілінде қолдануға мүмкіндік береді.Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі қазірдің өзінде веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін пайдаланушылар Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдауы қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларды қолдау, сондай-ақ Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр.Gemini-дің қазақ тіліндегі нұсқасының іске қосылуы Google компаниясының Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған кең ауқымды жұмысының бір бөлігі. Бұл жұмыс кадрларды даярлауға инвестиция салуды, цифрлық дағдыларды дамытуды және әзірлеушілерді қолдауды қамтиды. Компанияның бағалауынша, жасанды интеллектіні мемлекеттік секторға енгізу экономикалық жағынан да тиімді. Себебі ол мемлекеттік басқару өнімділігінің артуы және бюджет жүйесінде тұрақтылықтың күшеюіне септігін тигізеді, әрі елдің экономикалық өсіміне қосымша үлес қосады.ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде жаһандық ЖИ шешімдерінің қазақ тілінде қолжетімді болуы цифрлық мемлекетті дамыту, азаматтар үшін технологиялардың қолжетімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті AI-экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.Министрлік жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық өнімдерді локализациялау және жаңа буын мамандарын даярлау бағытында халықаралық технологиялық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі жалғастырады.Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1128580?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/1129035?lang=kk
Алматы облысында әлеуметтік орталыққа бизнес пен биліктің бірлескен қолдауымен 20 млн тг бөлінді 19.12.2025
KT&G корпорациясы Алматы облысындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына 20 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсеттіАлматы облысында бизнес пен мемлекеттік орган өкілдері бірнеше жылдан бері әлеуметтік және қоғамдық ұйымдарды қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мұндай серіктестік өңірде әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашып, қоғам үшін нақты нәтиже беріп отыр.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаманың әлеуметтік маңыздылығына тоқталып, компанияға алғыс білдірді.«Отбасындағы зорлық-зомбылық – қоғам үшін ең күрделі әрі сезімтал мәселелердің бірі. Әлеуметтік осал топтарды қолдау, әсіресе зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету және үміт сыйлау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. KT&G корпорациясының бұл қолдауы орталық жұмысының тиімділігін арттырып, көмек алушылардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Біз жергілікті атқарушы орган ретінде әлеуметтік серіктестікке әрдайым ашықпыз және осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз», – деді өңір басшысы.Сонымен қатар, KT&G компаниясының Қазақстандағы қызметі 2023 жылы сату компаниясы ретінде басталып, 2025 жылы өндірістік зауыттың іске қосылуымен жаңа кезеңге өтті. Аталған жоба нәтижесінде ел экономикасына оң әсер етіліп, шамамен 300 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, компания Қазақстандағы әлеуметтік мәселелерді шешуге өз үлесін қосып келеді. Атап айтқанда, білім беру мен шәкіртақы бағдарламаларын қолдау, ағаш егу бастамалары, сондай-ақ қызметкерлердің еріктілік қызметі арқылы қоғам алдындағы корпоративтік азаматтық жауапкершілікті жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Іс-шара соңында «KT&G Global Kazakhstan» ЖШС Бас директоры – Сеу Джи Чуль Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарына алғысын білдіріп, компания өңірлік билік жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобаларды алдағы уақытта да қолдай беретінін атап өтті.«Бүгінгі шара бұл жай ғана қайырымдылық көмегін табыстау рәсімі емес, қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. KT&G үшін жергілікті қауымдастықтармен бірге дамып, бірге өсу – басты құндылықтардың бірі. Қазақстан біз үшін тек бизнес жүргізу алаңы ғана емес, сенімді әрі стратегиялық серіктес», – деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1128607?lang=kk
Өнеркәсіп министрлігі өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлемек 19.12.2025
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша болжам және 2026 жылы экономикалық өсуді қолдаудың тәсілдері қаралды.Өңдеу өнеркәсібінде 11 айғы қорытынды бойынша НКИ 105,9%. Өсу жыл қорытындысы бойынша 6% деңгейінде болуы мүмкін. 2025 жылғы қорытынды бойынша негізгі өңдеу салалары динамикасы болжамы:металлургия (өңдеу құрылымында 40%) – өсу 1,1%,машина жасау (17,5%) – өсу 12%,тамақ өнеркәсібі (13,1%) – өсу 9%,құрылыс материалын өндіру (5,6%) – өсу 6%,химия өнеркәсібі (5,4%) – өсу 6%,жеңіл өнеркәсіп (0,7%) – өсу 5%.Штаб отырысында негізгі экономикалық өсу драйверінің бірі ретінде өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту болжамына ерекше назар аударылды. Түсті және қара металлургияны дамыту перспективасы, «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша қаржыландырылатын жобаларды іске асыру, өңірлердегі инфрақұрылымның жай-күйі және сала өсімінің тұрақтылығына әсер ететін басқа да факторлар қаралды.Өңірлердің ресурстық және инфрақұрылымдық әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану қажеттілігін ескере отырып, вице-премьер экономикалық өсу үшін аса маңызды, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалын өндіруді қолдау шараларына назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын дайындауды тапсырды.Сауда-саттықта НКИ 11 айда 8,8% өскен кезде жыл қорытындысы бойынша 8,9% болуы мүмкін. Сауданың өсуіне жинақталған үлестің шамамен 72%-ын бес аймақ қамтамасыз етеді:Алматы – 24,6 трлн теңге (автомобильдер, машиналар мен жабдықтар саудасы, фармацевтикалық өнімдер, шоколад);Астана – 10,9 трлн теңге (табиғи газ, дизель отыны, авиациялық бензин мен керосин, ет және сүт өнімдерін сату);Атырау облысы – 6,7 трлн теңге (мұнай өнімдері, машиналар мен жабдықтар);Қарағанды облысы – 4,5 трлн теңге (фармацевтикалық тауарлар, машиналар мен жабдықтар, косметикалық өнімдер);Шымкент – 3,6 трлн теңге (фармацевтикалық өнім, ЖЖМ, АӨК өнімі).760 мыңға жуық бизнес субъектісі бар бөлшек сауда құрылымында жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы 10%-ға өсіп, 8,2 трлн теңгеге жетті. Жедел деректер бойынша, 11 айдағы онлайн сату көлемі 3,3 трлн теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,4%-ға артық.Ауыл шаруашылығы барлық бағыт бойынша тұрақты өсуді көрсетеді. 11 айғы қорытынды бойынша НКИ 106,1%. Өсу жыл қорытындысы бойынша 5% деңгейінде. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 3%-ға артық.Орташа республикалық деңгейден жоғары өсу Ақмола (115,7%), Қостанай (115,4%), Солтүстік Қазақстан (110,5%), Павлодар (108,2%), Атырау облыстарында (107,4%) тіркелді.Дәстүрлі дақылдардың тұрақты жоғары өнімділігі аясында биыл жоғары маржиналды майлы және бұршақ дақылы айтарлықтай өсуге әсер етті. Бұршақ дақылынан 1,1 млн-нан асатын рекордтық өнім алынды. Алғаш рет майлы дақыл өндірісі көлемі 4,7 млн тоннаға жетті. Мақта жинау – 428 мың тонна. Оның өнімділігі 29,6 ц/га. Бұл – соңғы 18 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1128561?lang=kk
Салық есептілігі мәселелері бойынша негізгі өзгерістер 2026 жылдан бастап салық есептілігі мәселелері бойынша негізгі өзгерістер 19.12.2025
1.Егер салық төлеуші салық есептілігін ұсынбаса, онда жүйе оны ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады.Осынорманыенгізусалықесептілігінұсынбағаны үшін хабарламаларды, банкшоттары бойынша шығысоперацияларынтоқтата тұру туралыөкімдерді ұсынбауға, «Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы»ҚРКодексінің272-бабышеңберіндеәкімшілікжауаптылыққатартуға,яғнибизнесүшінжазалаушараларыназайтуғамүмкіндік береді.Мемлекеттіккірістероргандарытарапынанайналымдаранықталғанкездеәкімшілікжауапкершілікнормаларықолданылады, салық төлеуші қосымшасалықесептілігінұсынужолыменмәлімделмегенкірістердідербес анықтаған кезде шараларқолданылмайды.Бұл ретте, осы есептілікті автоматты түрде қалыптастыру Салық төлеушінің жеке кабинетіндегі (СӘИЖ СТК) деректерінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары (СЕН) алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады. Егер құжаттамадағы нысандар анықталмаса – жүйе салық төлеуші үшін есептілікті қалыптастыра алмайды.2.Салық есептілігін кері қайтарып алудың күшін жою.01.01.2026 жылдан бастап салық есептілігін кері қайтарып алу жойылды.Өзгерістер енгізу қосымшасалықесептілігінтапсыруарқылығанамүмкін болады.Салық төлеушілер декларациялардытолтыруғажәне тапсыруға алдын ала жәнежауапкершілікпенқарауға, олардыжолдамасбұрынмәліметтердіңдұрыстығынмұқияттексерулерітиіс.Салықесептілігініңнегізгінысандарын табыс ету кезіндесалықорганыныңкодынтаңдаукезінде салық төлеушілердіңқателіктерінболдырмаумақсатындасалықтықәкімшілендірудіңжаңаақпараттықжүйесінде(СӘИЖ) салық төлеушініңтіркеуесебініңорны бойынша салықорганыныңкодынавтоматты түрде анықтаужәнетартуфункционалдықмүмкіндігі іске асырылды.Бұрынсалықорганыныңкодындұрыстаңдамағанкезде салық төлеуші салықесептілігінкері қайтарып алу функциясынпайдаланғанынескере отырып,аталғаншараесептіліктітолтырудыңдұрыстығынарттыруғажәнесалықорганынтаңдаукезіндеқателіктердіазайтуғабағытталған.Сонымен қатар, икемділікті қамтамасыз ету үшін салық төлеушінің қажет болған жағдайда салық органының кодын дербес редакциялау мүмкіндігі көзделген.3.Салық есептілігін ұсынуды ұзартудың күшін жою01.01.2026ж. бастап СЕН ұсынумерзімдерінұзартужөніндегінорма алынып тасталды.Бұл СЕН ұсынумерзімін кейінге қалдыруендізаңнамадакөзделмегенінбілдіреді.4.Салық есептілігі нысандарын 30% - ға қысқарту. Жаңа Салық Кодексі шеңберінде бүгінгі күні бекітілген 39 СЕН-нан 28 нысанға дейін қысқартылды.01.01.2026 ж. бастап мынадай нысандар алынып тасталды:101.01-нысан (автоматтандыру)180.00-нысан(КТСбойыншадекларация 100.00-нысандағы қосымшаболады)240.00 нысаны (кірістерменмүліктуралыдекларация 270.00 нысанында болады)421.00-нысан (400.00-нысандағы қосымшаАкциздербойыншадекларация)540.00-нысан (150.00-нысандағы қосымшаКТСжәнеүстеме пайда салығыбойыншадекларация)560.00-нысан (590.00-нысандағы қосымша ПҚ өндіру салығы бойынша декларация)570.00-нысан (590.00-нысандағы қосымша ПҚ өндіру салығы бойынша декларация)701.00 нысаны (автоматтандыру)871.00-нысан (СЕН-нан алынып тасталады, есептілікнысаныретіндеқалады)911.00, 912.00, 913.00 нысандары (патент АСР, тіркелген шегерімнің, бөлшек салықтың) жойылуына байланысты алынып тасталады.5.Жеңілдетілгендекларациянегізінде АСР қолданатын СТ үшін(кезеңділігі–жартыжылдық)910.00нысаныныңоңайлатылғандекларациясысақталады,біраққазіргіқолданылып жүрген бөлшексалық АСР белгілерінқамтитынболады.6.3 АСР режимі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР (СЕН ұсынусыз), оңайлатылған декларация негізінде АСР (910.00-нысан), шаруа немесе фермер қожалықтары үшін АСР (салық есептілігінің 920.00-нысаны).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1128569?lang=kk
Елші Бейбіт Атамқұлов ӨР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Бахромжон Аълоевтің кездесті 19.12.2025
2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Бахромжон Аълоевтің кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар өткен жылдағы бірлескен жұмыстың қорытындыларын шығарып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша қол жеткізілген нәтижелерді талқылады.Елші Б. Атамқұлов 2025 жылы Өзбекстанның халықаралық күн тәртібінің белсенді болғанын атап өтіп, ірі халықаралық іс-шаралардың өткізілуі елдің және тұтастай алғанда өңірдің халықаралық беделін нығайта түсетінін айтты.Өз кезегінде Б. Аълоев екі ел арасындағы саяси диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі күшейтудің маңыздылығына назар аударды. Өзбекстандық дипломат екіжақты байланыстардың жоғары динамикасын және екіжақты әрі өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша әрекеттердің үйлесімділігін жоғары бағалады.Кездесу соңында тараптар келесі жылға арналған халықаралық іс-шаралардың шамамен кестесін талқылап, халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде тараптардың кандидатураларын өзара қолдауға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1128570?lang=kk