Целиноград ауданының Раздольное ауылы өңірде алғаш болып талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды

Целиноград ауданының Раздольное ауылы өңірде алғаш болып талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды

12.07.2026 11:06:32 202

 

Жоғары жылдамдықты интернет ауыл тұрғындары үшін барған сайын қолжетімді бола түсуде. Бұл цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және халықты заманауи телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Целиноград ауданының Нұресіл ауылдық округіне қарасты Раздольное ауылы өңірдегі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары толық аяқталған алғашқы елді мекен атанды. Ауылда 322 тұрғын тұрады, 80 аула бар.
Бүгінде ауылда бір білім беру нысаны жұмыс істейді. Бұған дейін мектеп жоғары жылдамдықты Starlink спутниктік интернетіне қосылған болса, енді ұлттық жоба аясында білім беру мекемесіне талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, пайдалануға берілді.
Талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жобасы Инвестициялар туралы келісімнің арқасында жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Қазақтелеком» АҚ арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған инвестициялық келісімге сәйкес, 258 ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты интернетке талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы қосылады. Сонымен қатар, 23 ауылдық елді мекен спутниктік технологиялар арқылы интернетпен қамтылады.
Жоба аясындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып, 2027 жылға дейін Ақмола облысының өзге де ауылдық елді мекендерін қамтитын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1249090?lang=ru