Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ – ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІНЕ КӨТЕРІЛГЕН МЕГАПОЛИС 19.12.2025
Шымкент қаласы соңғы жылдары Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан туристік орталықтардың біріне айналып отыр. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалаға келген туристер саны 406 мыңнан асты. Оның басым бөлігін ішкі туристер құраса, 29 мыңнан астамы – шетелдік қонақтар. Бұл көрсеткіштер Шымкенттің туристік тартымдылығы жыл сайын артып келе жатқанын айқын аңғартады.Қаладағы орналастыру инфрақұрылымы да қарқынды дамуда. Бүгінде Шымкентте 159 қонақ үй мен өзге де орналастыру орындары жұмыс істейді. Бөлмелер қоры 4 мыңнан асып, төсек-орын саны 8 700-ден жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайыздан астам өсім көрсетіп отыр. Ал орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 10,3 млрд теңгеден асып, бір жылда 24,5 пайызға артқан.Туризм саласына салынған инвестиция көлемі де айтарлықтай. 2024–2025 жылдары аралығында қалада 12 жаңа қонақ үй ашу жоспарланып, оның 7-еуі пайдалануға берілді. Алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі «Hilton» қонақ үйінің құрылысы басталып, 2026 жылы іске қосылмақ. Сонымен қатар, Бадам су қоймасы аумағында «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы жүзеге асырылып, заманауи демалыс пен экотуризмді дамытуға серпін бермек.Шымкенттің туристік әлеуетін арттыруда сакралды және мәдени нысандарды жаңғыртуға да ерекше көңіл бөлінуде. «Ибрагим ата» мен «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағы абаттандырылып, туристерге қолайлы жағдай жасалды. Ал 2026 жылы Сайрам аумағындағы бірқатар тарихи нысандарды реконструкциялау жоспарланып отыр.Қалада бүгінде 17 туристік маршрут жұмыс істейді. Олардың ішінде халықаралық бағыттағы Түркістан – Ташкент – Ақсу-Жабағалы – Шымкент бағыты туристер арасында жоғары сұранысқа ие. Туристік қызмет көрсетумен 24 туроператор мен 120 туристік агенттік айналысады. Ал жаңа әуе терминалының іске қосылуы нәтижесінде Шымкенттен шетелдің 8 қаласына тікелей әуе рейстері ашылды.Сервис сапасын арттыру бағытында цифрлық шешімдер белсенді енгізілуде. «Visit Shymkent» туристік порталы, 3D-маршруттар, QR-кодтар, навигациялық тақталар мен туристік ақпараттық орталықтар қала қонақтарына қажетті мәліметтерді жедел алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы туристік полиция қызметкерлері мен «SOS» дабыл батырмалары орнатылған.Жалпы алғанда, Шымкент қаласында туризмді дамыту жүйелі әрі кешенді түрде жүргізілуде. Инфрақұрылым, сервис, қауіпсіздік және халықаралық қолжетімділік қатар дамып, қала өңірлік қана емес, халықаралық деңгейдегі туристік дестинацияға айналуға нық қадам жасап отыр.Толығырақ: https://www.youtube.com/live/7zaIifwsGPY?si=kWGOScWXx7xyPwh0  #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ МЕН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ДАМУДА 19.12.2025
Мемлекеттік бағдарламалар аясында Шымкент қаласында «2-10-20» және «5-10-20» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды жоспарлаған азаматтарға бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу мақсатында әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары ұсынылады. Ағымдағы жылы тұрғын үй сертификаттарына 500 млн теңге бөлінген, сертификат мөлшері 1 млн теңгеден аспайды. Барлығы 239 өтінім түскен, оның 120 өтінімі мақұлданып, 114,1 млн теңгеге сертификат берілген, ал 119 өтінімге бас тартылған. Игере алмаған 273 828 209 теңге жергілікті бюджетке қайтарылды.Жекешелендіру бағыты бойынша 974 азамат өтінім беріп, 911 азаматқа қызмет көрсетілген. Оның ішінде 412 азамат пәтерін қалдық құнын төлеу арқылы жекешелендіріп, бюджетке 893,9 млн теңге түскен. 428 азаматқа тұрғын үй құны өтеусіз берілген, 71 азаматқа пәтерді жекешелендіруден бас тартылған, ал 63 өтінім қаралуда.Тұрғын үй қорын сақтау және дамыту бағытында қала аумағында орталық және басты көшелерде 528 тұрғын үй анықталған. Әл-Фараби ауданында – 282, Тұран ауданында – 107, Қаратау ауданында – 97, Еңбекші ауданында – 42 тұрғын үй орналасқан. 59 көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық жай-күйі тексеріліп, оның ішінде 1 үй апат алдындағы жағдайда, 20 үй ағымдағы жөндеуге, 38 үй күрделі жөндеуге жататыны анықталды.Қаладағы көппәтерлі үйлердің бірыңғай сәулеттік келбетін қамтамасыз ету мақсатында заңға сәйкес өзгерістер енгізілді. Сәулет және қала құрылысы басқармасы қаладағы көппәтерлі үйлердің бірыңғай сәулет стилінің тұжырымдамасын әзірлеп бекітетін болады. Бекітілгеннен кейін меншік иелерінің келісілген жиналыс шешімі негізінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.Бұл бағыт тұрғын үй қорын жаңарту, әлеуметтік жеңілдіктерді кеңейту және қаланың сәулеттік үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.Толығырақ: https://www.youtube.com/live/7zaIifwsGPY?si=kWGOScWXx7xyPwh0  #РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
01.01.2026 жылдан бастап салық есептілігі 19.12.2025
Қазақстан Республикасының 18.07.2025 жылғы №214-VIII Салық кодексінің 114-бабының 1-тармағына сәйкес салық есептілігі салық төлеушінің салық салу объектілерітуралы, активтерменміндеттемелертуралы, салық органынаберілетінсалықміндеттемелеріменәлеуметтіктөлемдердіесептеу туралы ресмиқұжатыболып табылады.Салықесептілігісаласындағымемлекеттікқызметтерге мыналар кіреді: -Салықесептілігінқабылдау-Кеденодағышеңберіндесалықесептілігінқабылдау(328.00 СЕН)- Салық есептілігін кері қайтарып алу (2026 жылдан бастап жойылды)-Салықесептілігін ұсынуды тоқтата тұру (қайта бастау)- Салық есептілігін ұсынуды ұзарту (2026 жылдан бастап жойылды).Жоғарыда көрсетілген қызметтер 31.01.2020 жылғы№39/НҚБұйрығыменбекітілгенМемлекеттік қызмет көрсету тізілімінеенгізілген.Жаңа Салық кодексі шеңберінде «хабарлама бойынша қосымша» салық есептілігінің түрі «хабарлама бойынша» түріне өзгертілгеніне назар аударамыз.Салықесептілігі мемлекеттік кірістер органдарына (МКО) Салықкодексіндебелгіленгентәртіппен / мерзімдердежәнеҚРҚМ10.07.2020жылғы №665БұйрығыменбекітілгенМемлекеттікқызметкөрсетуқағидаларыныңтәртібінесәйкесұсынылады.Қызмет алушы салық есептілігін таңдауы бойынша МКО-ға тапсырады:- келу тәртібімен қағаз жеткізгіште (МКО орталықтары / Мемлекеттік корпорация орталықтары) немесе пошта арқылы;- СӘИЖ салық төлеушінің кабинеті, СЕӨЖ АЖ, eGovЭҮП, eGov mobile мобильдікқосымшалары,e-SalyqAzamat,e-SalyqBusiness,сондай-ақ екіншідеңгейлібанктердіңмобильдікқосымшаларыарқылыэлектрондықтәсілмен.Салық есептілігін өңдеу СӘИЖ-де жүргізіледі («МКО АЖО» жүйесінің «есеп беру» модулі).МКО жүйесіменсалықесептілігінқабылдаужәнеөңдеукезіндеформаттық-логикалықбақылау(ФЛБ) - МКОжүйесіменсалықесептілігінтолтырудыңтолықтығымендұрыстығын тексеру жүргізіледі.Сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы/ көрсетілетін қызметті ұсынушы (МКО) СӘИЖ техникалық қолдау қызметіне knpsd@ecc.kz жүгіне алады.2026жылдың1қаңтарынан бастап салық төлеушілер ұсынылған салықесептілігінқайтарыпала алмайды. Тек қана ЕАЭОшеңберіндегі328.00нысаны(тауарлардыәкелужәнежанамасалықтарды төлеу туралыөтініш) қарастырылмайды.Бұрын берілген СЕН - дағы түзетулер қосымша салық есептілігі немесе хабарлама бойынша есептілік арқылы ғана мүмкін болады.Егерсалық төлеуші СЕН уақытында тапсырмаса,жүйеавтоматты түрде солкезеңдегінөлдікесептіліктіқалыптастырады.Осыдан кейін, СЕН солкезеңдеберумүмкінемес, келесі жағдайлардықоспағанда:қосымша СЕН және СЕН белгіленгенмерзімдеқағазтасығышта ұсынылса.Егер салық төлеуші СЕН қағаз жеткізгіште тапсырса және ол «құжат қабылданды» мәртебесін алса, автоматты түрде қалыптасқан нөлдік СЕН жойылады. Бұл салық есептілігі пошта арқылы жіберілген жағдайда.ҚР Қаржы министрі 12.11.2025 ж. № 695 «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бекітілгені туралы қосымша хабарлаймыз.Көрсетілген бұйрықта:- салық есептілігінің нысандары және оларды жасау бойынша түсініктемелер;- салық есептілікті нысандарын ұсыну ережесі;- «салық есептілігін қабылдау», «салық есептілігін ұсынуын тоқтата тұру, қайта бастау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.Салық есептілігін кері қайтарып алуды, сондай-ақ оны ұсыну мерзімдерін ұзартуды көздейтін нормалар 01.01.2026 жылдан бастап күшіне енетінін және оның ішінде көрсетілген күнге дейін туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатынын қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1128506?lang=kk
Самар ауданында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кезекті отырыс өткізді 19.12.2025
Самар ауданында аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампеисов мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кезекті отырыс өткізді.Кездесу барысында жаңа жылдық корпоративтік іс-шаралар қарсаңында этикалық нормаларды және еңбек тәртібін сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ол мемлекеттік қызметшілердің алкогольдік ішімдіктерді тұтынуына жол берілмейтінін атап өтіп, дұрыс мінез-құлық таныту және қызметтік әдеп талаптарын бұзуға жол бермеу бойынша жеке жауапкершілікті еске салды.«Мемлекеттік қызметші кез келген жағдайда мінез-құлық нормаларын сақтауға міндетті. Алкоголь ішу және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол берілмейді», — деді Рауан Жампеисов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1128484?lang=kk
Салық төлеушілерді салықтық тіркеуге байланысты кейбір мәселелер туралы 19.12.2025
         Жаңа Салық кодексінің ережелерін іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 640 бұйрығымен «Салық төлеушілерді салықтық тіркеуге байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрық (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілді.         Бұйрықпен салықтық өтініштер мен хабарламалардың мынадай нысандары бекітілді:тіркеу есебіне қою туралы өтініш;резидент емес тұлғаны Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігі;тіркеу есебінен шығару туралы өтініш;жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебіне қою туралы хабарлама;          - жекелеген қызмет түрлерін (ойын бизнесі) жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама;          - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтініш;          - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама.          Сондай-ақ, Бұйрықта «Салық төлеушілерді тіркеу», «Жеке практикамен айналысатын тұлғаны тіркеу есебі», «Қосылған құн салығы төлеушілерін тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін көрсету тәртібі көзделген.          Сонымен қатар, бұйрықтың қорытынды ережелерінде салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату тәртібі, оны жүзеге асыру шарттары мен қарау мерзімдері регламенттелген.          Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 640 бұйрығы          Толығырақ сілтеме бойынша: http://10.61.42.188/rus/docs/V2500037257Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1128480?lang=kk
Жылысай ауылында жаңа Мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті 19.12.2025
Кеген ауданына қарасты Жылысай ауылында ауыл тұрғындарының рухани өмірін дамытуға және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа Мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Іс-шараға Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Кеген аудандық мәслихатының төрағасы Алмасбек Нұғман, қоғам қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы Бексырға Данышпанов, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысты.Салтанатты жиынға қоғамдық ұйымдардың төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еңбек ардагерлері мен мәдениет саласының майталмандары да арнайы шақырылды.Жаңа Мәдениет үйі ауылдың рухани-мәдени өмірінің заманауи орталығына айналып, мәдени іс-шараларды өткізуге, өнер мен шығармашылықты дамытуға, мәдениет саласындағы бастамаларды қолдауға және жас ұрпақтың талантын ашуға кең мүмкіндік береді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және ұлттық мәдени құндылықтарды сақтауға бағытталған.Ашылу салтанаты тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын, ортақ мақсаттарға ұмтылысын және аумақтың орнықты дамуына деген сенімін айқын көрсетті. Жылысай ауылы үшін бұл күн елді мекен тарихында маңызды белес болып, мәдени дамудың жаңа кезеңін бастады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1128454?lang=kk
Алматыда әскерге шақырылатын азаматтар үшін жаңа қалалық жинау пункті ашылды 19.12.2025
Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, әкімдік пен қоғам өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының қызметкерлері қатысты.Жаңа командаларды қалыптастыру пункті азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуге арналған. Бұл маңызды оқиға алдағы бір жыл Ұлттық ұлан құрамында қызмет ететін 45 жас сарбаздың Ақтау қаласына аттануымен тұспа-тұс келді.Бас штаб бастығы генерал-лейтенант С. Қамалетдинов қатысушыларды маңызды оқиғамен құттықтап, жастардың Отанына қызмет ету жолының дәл осы жинау пунктінен басталатынын атап өтті.– Жаңа инфрақұрылымдық жобаны іске қосу барлық шақыру рәсімдерін ашық, түсінікті және ең бастысы – азаматтарға ыңғайлы етуге бағытталған. Мұнда шақырылатын азаматтарға толық ақпарат алу, тиісті рәсімдерден өту үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жаңа нысан қоғам мен армия, мемлекет пен жастар, бүгін мен болашақ арасындағы маңызды байланыс буынына айналады деп сенемін, – деді Бас штаб бастығы.Жинау пункті сапалы, әрі ашық жұмыс істеу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда медициналық тексеру кабинеттері, психологиялық іріктеу бөлмелері, күту және ақпараттандыру аймақтары, акт залы, спорт залы мен асхана бар. Барлығы шақырылатын азаматтар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Жаңа жинау пунктінің ашылуы мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды арттырып, азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды әскери бөлімдерге жіберу процесін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.Ұйымдастыру және қызмет көрсету деңгейі бойынша үлгі болатын бұл пункт армияны толықтыру жүйесінің маңызды элементіне айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1128456?lang=kk
Португалияның өнеркәсіп, ғылым және технология саласындағы озық кәсіпорындары Қазақстан нарығын игеруге бағытталған 18.12.2025
Лиссабон, 16-17 желтоқсан 2025 жыл – экономикалық дипломатияны ілгерілету және орталықсыздандырылған ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Жан Ғалиев солтүстік өңірдің ірі индустриалды және инновациялық орталықтарының бірі болып саналатын Гимарайнш қаласына жұмыс сапармен барды. Бұл өңірде елдің ішкі жалпы өнімінің шамамен 70%-ын қамтамасыз ететін кәсіпорындар шоғырланған.Гимарайнш қалалық муниципалитетінің Президенті Рикарду Араужумен кездесуде өнеркәсіп, ғылыми-техникалық, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың ең перспективалық бағыттары қаралды. Мұндай бағыттар екі елдің өңірлері арасында ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестіктің негізін қалай алады.Келіссөздер мен пікір алмасу Португалияның солтүстік аймақтарындағы Қазақстанның Құрметті консулы Жил Виейра мен Гимарайнш қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген екі дөңгелек үстел барысында нақты жалғасты. Жиындар еліміз экономикасының басым бағыттарына арналды.Елші португалдық әріптестерін Қазақстан экономикасының қазіргі жай-күйі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ірі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде хабардар етті. Талқылау орталығында шетелдік инвесторларға ашылып отырған жаңа мүмкіндіктер, Еуропа мен Азияны байланыстыратын тиімді көлік-логистикалық бағыттар, цифрлық технологиялар саласындағы ілгерілеу және жасанды интеллектіні әртүрлі қызмет салаларына жүйелі енгізу мәселелері де болды. Сонымен қатар, Португалияның озық тәжірибесіне сүйене отырып, туризмді және туристік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.Қазақстандағы өндірістерді локализациялау үшін қажет бай ресурс қоры, әсіресе агроөнеркәсіп саласында, сондай-ақ экспорттық-импорттық жоғары әлеует динамикалық дамып келе жатқан нарықтағы бәсекелестік контексінде қонақтардың қызығушылығын тудырды.Сапардың маңызды бөлігі ретінде Португалия және Еуропа өнеркәсібінің флагман кәсіпорындары - Lamerinho (жоғары сапалы тоқыма өнімдері), Amtrol-Alfa (өнеркәсіптік газдарға арналған болат, полимер және композиттік баллондар), ICC Lavoro (жоғары қауіп-қатерлі салалардың қызметкерлеріне арналған аяқ киімді өндіріс технологиялары – мұнай-газ, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, өрт-құтқару, қоршаған ортаны қорғау, әскери және полиция қызметі) зауыттарына бару ұйымдастырылды. Кәсіпорын басшылары жақын арада Қазақстанға келіп, бірлескен қызметті бастау үшін келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірді.Елшінің жұмыс сапары Португалияның ірі жоғары оқу орындарының бірі – Universidade do Minho университетін және оның зертханаларын аралаумен қорытындыланды. Университеттің инновациялар мен халықаралық ынтымақтастық бойынша проректоры Рауль Фангейру академиялық алмасуды кеңейту қажеттігін атап өтіп, инженерлік мамандықтар бойынша қазақстандық студенттер мен докторанттарды Португалияда оқуға шақырды.Гимарайнштің тарихи орталығы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысаны болып табылады және жыл сайын онда әртүрлі елдерден ондаған мың турист келеді. «Ұлттың қарашаңыры» аталып жүрген бұл қала болашаққа бағдарланған және экология мен табиғи ресурстарды жауапкершілікпен басқаруға ерекше мән береді. Сол себепті 2026 жылы «Еуропаның Жасыл астанасы» мәртебесіне ие болды. Бұл салада қалалық билік Қазақстанмен белсенді ынтымақтастыққа дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1128405?lang=kk
Қазақстанның экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуеті Кувейтте таныстырылды 18.12.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі Кувейттің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін «Kazakhstan – a country of opportunities».Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев журналистерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы хабардар етті, онда тұрақты экономикалық өсудің, цифрлық трансформацияның, жасанды интеллектті енгізудің, сондай-ақ инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдірудің стратегиялық басымдықтары көрсетілген.БАҚ өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде Елші Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикасы бола отырып, инвесторларға тұрақты, ашық және болжамды іскерлік ортаны ұсынатынын атап өтті. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 291 млрд АҚШ долларын құрағанына, ал тәуелсіздік алғаннан бері тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 474 млрд АҚШ долларынан асты, бұл аймақтағы барлық ТШИ-дің жартысына жуығына тең екендігіне назар аударды.Брифинг барысында Қазақстанның туристік әлеуетіне ерекше назар аударылды. Елші еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасының бірегей үйлесімін, табиғи ландшафттардың алуан түрлілігін, сондай-ақ заманауи туристік инфрақұрылымның үдемелі дамуын атап өтті. Дипломат 2024 жылы Қазақстанға Кувейт Мемлекетінен 4 мыңға жуық турист келгенін хабардар етті. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден бес есе артық және Қазақстанға заманауи, жайлы және тартымды туристік бағыт ретінде қызығушылықтың тұрақты өсуін айқын көрсетеді.Брифинг аясында журналистерге Қазақстанның барлық өңірлерінің туристік және мәдени көрікті жерлерін көрсететін бейнематериалдар ұсынылды, олар іс-шараға қатысушылар тарапынан қызу қызығушылық тудырды.Іс-шара соңында Елші Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетімен экономика, инвестициялар және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1128407?lang=kk
Қазақстан Кувейтпен энергетика саласындағы диалогты нығайтуда 18.12.2025
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 18 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт мұнай корпорациясының бас атқарушы директоры шейх Науаф Сауд Ас-Сабахпен кездесу өткізді. Оның барысында энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды.Кездесу аясында Қазақстан Елшісі шейх Науаф Ас-Сабахқа Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің атынан Қазақстанға шақыру хат табыс етті. Сапар Қазақстан мен Кувейт арасындағы мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің ықтимал бағыттары бойынша келіссөздер жүргізуге бағытталған.Келіссөздер барысында тараптардың екіжақты диалогты кеңейтуге және энергетика секторында тәжірибе алмасу мен өзара тиімді жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін пысықтауға өзара мүдделілігі расталды.Кувейт мұнай корпорациясы – Кувейт Мемлекетінің мемлекеттік ұлттық мұнай компаниясы және әлемдік энергетикалық нарықтың негізгі қатысушыларының бірі. Корпорация елдің көмірсутек ресурстарын барлау, өндіру, өңдеу, тасымалдау және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Кувейтте мұнай өндірудің жылдық көлемі шамамен 147 млн тоннаны құрайды, бұл елдің жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1128411?lang=kk
Грузияның Әділет министрлігі Қазақстанның құзырлы органдарына жәрдем көрсетеді 18.12.2025
Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мурзалин Грузияның Әділет министрі Паата Салиямен кездесу өткізді.Тараптар қылмыстық істер бойынша қудаланатын Қазақстан Республикасының азаматтарын экстрадициялау мәселелері, сондай-ақ тергеу жүргізіліп жатқан ағымдағы қылмыстық істердің мәртебесі мен осы істердің алдағы іс-қимыл тәртібі жөнінде пікір алмасты.Елші сондай-ақ, Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынуына байланысты Грузия азаматтығын қабылдаған тұлғалардың ұлттық паспорттарын Елшілікке қайтару мәселесін көтерді.Грузияның Әділет министрі жазасын өтеу барысында және бостандыққа шыққаннан кейін сотталғандарды қоғамға бейімдеу тәжірибесімен бөлісті.Кездесу соңында тараптар өзара негізде барынша кең құқықтық көмек көрсетуге дайын екендіктерін растады.Кездесуге Грузия Әділет министрінің орынбасары Бека Дзамащвили, Грузияның Арнайы пенитенциарлық қызметінің басшысы Георгий Патаридзе және Елшіліктің Консулдық бөлімінің меңгерушісі Олжас Илюсизов қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1128396?lang=kk
Жауапты мемлекеттік қызмет: мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілерге арналған тағылым 18.12.2025
Жауапты мемлекеттік қызмет: мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілерге арналған тағылымБүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова мемлекеттік қызметке алғаш рет кіріскен мамандармен кездесу өткізді.Кездесу барысында мемлекеттік қызметшінің имиджі еңбек жолының алғашқы күнінен бастап қалыптасатыны және қоғам тарапынан сенімнің негізі болып табылатыны атап өтілді.Диалог алаңы аясында келесі мәселелер қаралды:✅ кәсібилік, қарапайымдылық және адалдық күнделікті қызметтің негізгі қағидаттары ретінде айқындалған мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің нормалары;✅ мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениеті мен қызметтік әдебінің маңызды элементі болып табылатын сыртқы келбетке және іскерлік стильге қойылатын талаптар;✅ мемлекеттік қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар, оның ішінде құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға қатаң тыйым салу;✅ мемлекеттік сатып алулар саласындағы жұмыстың негізгі қағидаттары, рәсімдердің ашықтығына және барлық кезеңдерде мүдделер қақтығысына жол бермеуге ерекше назар аудара отырып;✅ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі, әрбір өтініштің артында уақтылы әрі сапалы шешуді талап ететін нақты өмірлік жағдай тұрғанын еске сала отырып.Осындай кездесулер жас кадрлардың кәсіби ортаға тез бейімделуіне ықпал етіп, қызметтік жолдың бастапқы кезеңінде құқықтық және этикалық қателіктердің алдын алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1128360?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы тәрбиелік және оқыту шаралары 18.12.2025
Қоғамға қызмет ету — бұл жауапкершілік пен клиентке бағдарлану2025 жылғы 17 желтоқсанда Жақсы ауданы әкімінің аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ұжымымен диалог алаңы форматында кездесу өткізді.Аталған сала қызметкерлері ауданымыздың идеологиялық және мәдени ортасын қалыптастырып, азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысына тартуда маңызды рөл атқарады.Кездесудің негізгі басым бағыттары:🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп: мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер жан-жақты талқыланды. Заң баршаға ортақ, ал оның нормаларын білу — біздің басты қорғанымыз.🔹 Құмар ойындарға тыйым салу: мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына қатаң тыйым салынатынына ерекше тоқталды. Бұл — мемлекеттік қызметшінің имиджіне тікелей қатысты принципті мәселе.🔹 Басшылардың жауапкершілігі: бағынысты қызметкерлер тарапынан жасалған құқықбұзушылықтар үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі бар екені еске салынды.🔹 Әдеп кодексі: әрбір мемлекеттік қызметші үшін ішкі бағдар болуы тиіс мінез-құлық стандарттары тағы бір мәрте талқыланды.Біздің мақсатымыз — тек функционалдық міндеттерді орындау ғана емес, ауданда жоғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Азаматтардың сенімі адалдық пен ашықтықтан басталады.Кездесу қорытындысы бойынша ұжымға мемлекеттік қызмет қағидаттарын нығайтуға бағытталған ұсынымдар берілді. Әріптестер бұл ұсынымдарды күнделікті жұмысының негізі ретінде қабылдайды деп сенемін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1128363?lang=kk
Қазақстан БҰҰ БЖКБ-мен босқындарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады 18.12.2025
Астана, 2025 жылғы 18 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (БҰҰ БЖКБ) Орталық Азиядағы өкілінің міндетін атқарушы Думитру Липкануды миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.Тараптар Қазақстан мен БҰҰ БЖКБ арасындағы белсенді ынтымақтастығына назар аударып, босқындар мен баспана іздеушілердің құқықтарын еліміздің халықаралық міндеттемелеріне сәйкестендіру бойынша ҚР заңнамасын және институционалдық әлеуетін нығайтудағы айтарлықтай ілгерілеушілігін атап өтті.Азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін айқындау рәсімін жетілдіруге, балалардың ата-аналарының құқықтық мәртебесіне қарамастан тууын тіркеуді және туу туралы куәліктер беруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес босқын куәліктерін дайындауға бағытталған Қазақстан заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралар оң бағаланды.Кездесу соңында қазақ дипломаты БЖКБ өкіліне Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін алғыс білдіріп, ҚР Сыртқы істер министрінің құрмет грамотасын табыс етті.Д.Липкану қазақ тарапына сындарлы серіктестігі, ашық диалогы және БҰҰ БЖКБ бастамаларын үнемі қолдап келгені үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық күш-жігерге жауапты қатысушы ретіндегі рөлін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1129110?lang=kk
Бразилияда халықаралық футзал конгресі өтті 18.12.2025
Фос-ду-Игуасу қ., 2025 жылғы 17 желтоқсан - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилия футзал федерациясының шақыруымен “Futsal World Experience - 2025” ІІІ халықаралық футзал конгресінің ашылу салтанатына қатысты   (3ª edição do Mundo do Futsal Experience Penalty 2025).Іс-шара бағдарламасымен футзалдың болашағына, оны талқылау мен болжамдауға арналған аталған спортты дамытудың ауқымды бағдарламасы аясында менеджерлер, спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер, басшылар, БАҚ өкілдері мен брендтердің жаһандық кездесуі көзделген.Халықаралық конгресс аясында «Футзал әлемі» ұранымен гала-кеші өтіп, оның барысында қазақстандық «Қайрат» футзал клубының басшылығы футзалды дамытуға қосқан халықаралық үлесі үшін жүлделі сыйлықпен марапатталды. Бас жүлде клуб президенті әрі Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің мүшесіне Қайрат Оразбековке табысталды.Бұл оқиғаны отандық футзал үшін тарихи сәт деп санауға болады. Өйткені алғаш рет Қазақстанның өкілі халықаралық футзал федерациясының осындай беделді сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, Конгресстің екінші күні Қазақстандағы футзалдың дамуына арналған панельдік пікірталас барысында спорт директоры Густаво Парадеда «Қайрат» клубының таныстырылымын ұйымдастырды.         Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1128346?lang=kk
ЖАҢА ӘКІМ - ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫМЕН 18.12.2025
2025 жылғы 14 желтоқсан өткен сайлаудың қорытындысы негізінде, Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Басқұдық ауылдық округінің әкімі болып Орунбасаров Нұрбол Базарбайұлы сайланды.Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейімбет Сүлейменов жаңадан сайланған әкімге қызметтік куәлікті ресми түрде табыстады.Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов жаңадан сайланған әкімді құттықтап, жауапты қызметінде сәттілік тілеп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған нақты және жүйелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.Нұрбол Базарбайұлы 1987 жылы дүниеге келген. 2010 жылы Маңғыстау политехникалық колледжін «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы, 2013 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетін «Құрылыс» мамандығы, 2015 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.Алғаш еңбек жолын 2006 жылы «Газ Сервис ЛТД» ЖШС техник мамандығымен бастаған.2008-2013 жылдары Мұнайлы ауданына қарасты мекемелерде техникалық қызметкер, маман көмекшісі, нұсқаушы.2013- 2020 жылдары «Арман сыра қайнату зауыты» ЖШС-де менеджер, директордың орынбасары және директор.2020- 2021 жылдары Мұнайлы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы.19.05.2022 - 30.11.2022 жылдары Мұнайлы аудандық салық басқармасының «Салықтық бақылау бөлімінің» басшысы.2022- 2024 жылдары Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары.2024 жылдан бері Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-basqudyq/press/news/details/1128224?lang=kk
«Keden» ақпараттық жүйесінің «Тауарларға декларация» модулін тестілеу 18.12.2025
18.12.2025 жылы ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінде СЭҚ қатысушыларымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.  «Дөңгелек үстел» барысында, кеден бекеті қызметкерлері СЭҚ қатысушылармен бірлесіп, Keden ақпараттық жүйесінің «Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеуден өткізді.   Кедендік ресімдеуді оңтайландыру мен автоматтандыру, құжаттарды сандық форматқа көшіруді қарастырады. Сонымен қатар, декларантқа өтінім жіберу, талап қою, ТД-ға өзгеріс енгізу шешімін жолдау, түзету енгізу нысаны автоматтандырылды.Өтінім беру мен тестілеуден өткізу кестесі «Keden» ақпараттық жүйесінің порталында жарияланды. https://test-keden.kgd.gov.kz. Осы сайтта тестілеу тәртібі: видео сабақ, пайдаланушыға арналған нұсқаулық, жиі қойылатын сұраққа жауаптар, «Тауарларға арналған декларация» модулі бойынша  ескерту мен ұсыныстарды жолдау тәртібі де жарияланған.«Тауарларға арналған декларация» модулі 2026 жылдың екінші онкүндігінде іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар модульдің іске қосылуы ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып іске асады.Құрметті сыртқы экономикалық қатысушылар, Сіздерді, тестілеуге белсене қатысуға шақырамыз.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1128292?lang=kk
Қазақстан–Ұлыбритания қатынастарына жаңа серпін 18.12.2025
         2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорси ханымның арасында екіжақты кездесу өтті.         Аталған кездесу осы форматтағы тараптардың алғашқы ресми кездесуі болып, кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы өзекті мәселелер мен қазақстан-британ ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылауға арналды.         Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, кедендік рәсімдерді жаңғырту, цифрлық шешімдерді дамыту, тәуекелдерді басқару және институционалдық әлеуетті арттыруды қоса алғанда, басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.         Жандос Дүйсембиев британдық тарапты Комитеттің негізгі қызмет бағыттары, жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ халықаралық сауда мен инвестициялар үшін ашықтықты, тиімділікті және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.        Өз кезегінде, Салли Аксуорси ханым британдық тараптың одан әрі сындарлы диалог пен тәжірибе алмасуға дайын екенін растап, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.       Кездесу қорытындысы бойынша кедендік әкімшілендіруді жетілдіру туралы Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ тараптар тұрақты диалог пен практикалық ынтымақтастықты дамыту Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1128220?lang=kk
Салық есептілігін ұсыну тәртібіндегі негізгі өзгерістер туралы 18.12.2025
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасында салық есептілігін ұсыну бойынша рәсімдерді оңтайландыруға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған маңызды өзгерістер енгізілетінін хабарлайды.Салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыруЖаңалықтардың бірі – салық төлеуші салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, жүйе есептілікті автоматты түрде қалыптастырып, төлеуге жататын салық сомасын нөлге тең етіп көрсетуі.Бұл норма салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламалар жібермеуге, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер қолданбауға және ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 272-бабы шеңберінде әкімшілік жауаптылыққа тартпауға мүмкіндік береді, яғни бизнеске қатысты жазалау шараларын азайтады.Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан айналымдар анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қолданылады. Ал салық төлеуші мәлімделмеген кірістерді қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы дербес анықтаған кезде жауапкершілік шаралары қолданылмайды.Салық есептілігін автоматты түрде қалыптастыру салық төлеушінің Жеке кабинетінде (СӘИЖ СТК) ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осыған байланысты салық төлеушілерге дерекнамадағы мәліметтерді уақытылы өзектендіру ұсынылады.Салық есептілігін кері қайтарып алу қызметінің алынып тасталуыҚателерді азайту және салық есептілігін дұрыс ұсыну мақсатында «Салық есептілігін кері қайтарып алу» қызметі алынып тасталады.Салық есептілігі ұсынылғаннан кейін өзгерістер енгізу тек қосымша салық есептілігін беру арқылы ғана мүмкін болады. Осыған байланысты салық төлеушілер декларацияларды толтыру кезінде жауапкершілік танытып, оларды жібермес бұрын мәліметтердің дұрыстығын мұқият тексеруі қажет.Салық органының кодын автоматты түрде анықтауСалықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесінде (СӘИЖ) негізгі салық есептілігі нысандарын ұсыну кезінде салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша салық органының кодын автоматты түрде анықтау және тарту функционалы іске асырылды.Бұл шара есептілікті толтырудың дұрыстығын арттыруға және қателер санын азайтуға бағытталған. Сонымен бірге қажет болған жағдайда салық органының кодын дербес өзгерту мүмкіндігі сақталады.Салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзартудың алып тасталуыСалық есептілігін ұсыну мерзімдерін бұзуды болдырмау және салық тәртібін арттыру мақсатында салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзарту нормасы алынып тасталды.Бұл салық есептілігін тапсыру мерзімін кейінге қалдыру заңнамада енді көзделмегенін білдіреді. Осыған байланысты салық төлеушілерге салық есептілігін алдын ала жоспарлап, декларацияларды белгіленген мерзімде уақытылы тапсыру ұсынылады.Нормативтік негізҚазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 «Салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қабылданды. Аталған бұйрықта:– салық есептілігінің нысандары және оларды жасау бойынша түсініктемелер;– салық есептілігін ұсыну қағидалары;– «Салық есептілігін қабылдау», «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру, қайта бастау» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары қамтылған.Салық есептілігін кері қайтарып алуды және оны ұсыну мерзімдерін ұзартуды алып тастайтын нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және көрсетілген күнге дейін туындайтын құқықтық қатынастарға да қолданылады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1128899?lang=kk
Қазақстан мен Мысыр мамандар даярлау саласында ынтымақтастықты нығайтуда 18.12.2025
Каир, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Асқар Жеңіс Каирдегі Американдық университеттің ректоры Ахмед Даллалмен кездесіп, жоғары білім саласындағы ынтымақтастық және университеттер арасындағы байланыстарды жандандыру мәселелерін талқылады.Елші А.Жеңіс Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастыру және шетелдің белгілі жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы айтып берді. Сондай-ақ, екі елдің ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары аясында негізінен қазақстандық студенттер Әл-Азхар, Каир және Айн-Шамс университеттерінде білім алып жатқандықтары туралы атап өтті.Өз кезегінде А.Даллал қазіргі таңда өзі басқарып отырған университеттің тарихына шолу жасай отырып, 2024 жылғы 3 желтоқсанда Астанада Назарбаев университеті мен Каирдегі Американдық университеті арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғандықтарын хабарлады. Бұл құжат екі университет арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталғандығын атап өтті. Осы ретте, ендігі кезекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен байланыс орнатуға қызығушылықтарын білдіре отырып, өзінің әріптесін Каирде күтіп алуға дайындығын жеткізді.1919 жылы құрылған Каирдегі Американдық университет ағылшын тілінде білім береді және американдық жоғары білім беру жүйесі негізінде кадрлар даярлауды жүзеге асырады.Университеттің академиялық құрылымы төрт негізгі факультеттен тұрады. Бизнес (экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, менеджмент, маркетинг), Жаһандық істер және саясаттану (халықаралық қатынастар, саясаттану, мемлекеттік басқару, даму мәселелері), Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар (тілдер мен әдебиет, тарих, философия, саясаттану, журналистика, әлеуметтану) және Ғылымдар және инженерия (инженерлік бағыттар, ақпараттық технологиялар, математика, физика, химия, биология). Сондай-ақ, университет мысырлық көптеген мемлекеттік қызметкерлерді және қоғам қайраткерлерін даярлаған. Қазіргі уақытта университет түлектері арасында төмендегідей жоғары лауазымды қызметкерлер бар. Атап айтқанда, Хасан Абдалла Мысырдың Орталық банкі төрағасы, Рания әл‑Машат МАР жоспарлау, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастық министрі, Нагиб Савирис Мысырдағы ең ірі кәсіпкерлердің бірі, Orascom Investment Holding компаниясының негізін қалаушы, халықаралық бизнес-топтардың басшысы және т.б. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1128052?lang=kk