Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Орталық кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған интеллектуалды ойын өтті 18.12.2025
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бүгін Үлкен Нарын ауданының орталық кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған интеллектуалды ойыны өтті.Атаулы іс-шараға ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер және аудандық өрт сөндіру бөлімі мамандары қатысып, заңнамада белгіленген білімдері мен тәжірибелерін ортаға салды.Ойын соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1127519?lang=kk
Үлкен Нарын ауданының Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының V пленумы өтті. 18.12.2025
Үлкен Нарын ауданының Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының V пленумы өтті. Іс-шара ашық диалог алаңы ретінде өтіп, ардагерлер қозғалысының жұмысын қорытындылап, алдағы уақыттағы басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.Пленум барысында аудандық ардагерлер кеңесінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттер белгіленді.   Сондай-ақ 2022 жылғы 2 шілдедегі «Аудандық ардагерлер кеңесінің құрамын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.Пленум соңында марапаттау рәсімі өтті. Азаматтық белсенділігі, қоғамдық жұмысы және ардагерлер қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, гүл шоқтары берілді. Олардың еңбегі — қоғамға жанашырлықтың, жауапкершілік пен адалдықтың жарқын үлгісі.Пленум өзара түсіністік, бірлік және сындарлы диалог жағдайында өтіп, ардагерлер ұйымдарының қоғамдық келісімді нығайту мен ұрпақтар сабақтастығындағы маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1127525?lang=kk
«Қазақша сөйлейік» 18.12.2025
«Үлкен Нарын ауданының Қоғамдық келісім орталығы – Достық үйі» КМҚК жанындағы «Қазақша сөйлейік» клубында қазақ тілін үйренудің жаңа бетін ашқан ерекше әрі шабыттандыратын сабақ өтті. Сабақ лексиканы кез келген уақытта ойын түрінде меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жаңартылған форматта ұйымдастырылды.Қатысушылар қызығушылықпен интерактивті үрдіске енді: тапсырмаларды орындап, жаңа сөздерді жаттап, оларды бірден күнделікті өмірлік жағдайларда қолдануға тырысты. Мұндай тәсіл сабақты пайдалы ғана емес, шын мәнінде тартымды етіп, мемлекеттік тілді әрі қарай үйренуге деген мотивацияны арттырды.Жаңа формат білім алудың жеңіл, заманауи және шабыттандыратын бола алатынын дәлелдеді, ал «Қазақша сөйлейік» клубы тілдік дағдыларды дамытуға және этномәдени келісімді нығайтуға қолайлы жағдай жасап, адамдарды біріктіруді жалғастыруда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/1127526?lang=kk
БЖЗҚ шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуын жалғастыруда 18.12.2025
      2025 жылғы 9–10 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мамандары Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Бюджеттен тыс зейнетақы қорының қызметкерлері үшін онлайн-семинар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанның зейнетақы жүйесімен және оның даму бағыттарымен таныстыру болды.Онлайн-семинар барысында БЖЗҚ өкілдері Қордың қызметі туралы жан-жақты ақпарат ұсынып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізудің алғышарттары мен оның қазіргі жағдайына, Қордың актуарлық қызметіне, зейнетақы қызметтерін көрсету форматтарына және зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мәселелеріне арналған презентациялар жасады. Сонымен қатар жеке зейнетақы шоттарын әкімшілендіру, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің түрлері, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбек мигранттарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Келісім аясындағы төлемдер, зейнетақы жинақтарын инвестициялау, негізгі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер, деректерді басқару тәсілдері мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі цифрлық қызметтерді енгізу мәселелері қарастырылды.Өзбекстандық мамандар өз еліндегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, соның ішінде процестерді цифрландыру жұмыстары мен аумақтық бөлімшелерді кезең-кезеңімен қысқарту жоспарлары туралы баяндап өтті. Сондай-ақ олар қазақстандық әріптестерінен алған білімнің практикалық маңыздылығын атап өтіп, бұл тәжірибе алдағы уақытта қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға ықпал ететінін және ұлттық зейнетақы моделін одан әрі жетілдіру барысында қолданылуы мүмкін екенін жеткізді.Тәжірибе алмасу әлеуметтік қорғау жүйесін анағұрлым тиімді әрі орнықты ету жолындағы маңызды қадам екені атап өтілді. Зейнетақы жүйесін реформалау саласындағы бірлескен жұмыстар екі елге де азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1132173?lang=kk
Құрлық әскерлерінің әскери институтында Бауыржан Момышұлы атындағы оқу сыныбы ашылды 18.12.2025
Қазақ халқының көрнекті перзенті, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы қарсаңында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында ғылыми-практикалық конференция өтті.Іс-шараға ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев қатысты. Ол болашақ офицерлерді тәрбиелеуде даңқты қолбасшы тұлғасының маңызын атап өтті.Конференция барысында әскери институттың оқытушылары мен курсанттары Бауыржан Момышұлының әскери өнері, көшбасшылық қасиеттері және тарихи мұрасы тақырыптарында баяндамалар жасады.– Мұндай конференцияға қатысу біз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бауыржан Момышұлының жауынгерлік жолын зерделей отырып, нағыз офицер қандай болуы керектігін тереңірек түсінеміз, – деді курсант Дидар Сәдуақасов.Атаулы датаға арналған іс-шаралар аясында институтта Бауыржан Момышұлы атындағы оқу сыныбының ашылуы да өтті.– Бұл сыныпта оқу курсанттарға Бауыржан Момышұлының тактикалық әскери өнерді дамытуға қосқан үлесін тереңірек танып-білуге, оның стратегиялық дарыны, ерлігі мен турашылдығы туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Ұрыс алаңында ұтымды шешімдер қабылдаған атақты қолбасшының бірегей тәжірибесі бүгінгі күні де өзекті. Осы аудиториядағы білім беру болашақ офицерлердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыратынына сенімдімін, – деді генерал-майор Мереке Көшекбаев.Жаңа сыныпта Б. Момышұлы қатысқан негізгі шайқастардың сызбалары, тактикалық материалдар мен тарихи құжаттар ұсынылған. Олардың ішінде «Момышұлы спиралі» деп аталатын қоршаудан шығудың авторлық стратегиясының көрсетілімі ерекше орын алады. Бұл тактикалық тәсіл бүгінгі таңда да өзекті болып, әлемнің түрлі елдеріндегі әскери академияларда оқытылады.Мұндай іс-шараларды өткізу жеке құрамды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1127542?lang=kk
Вьетнамның Хошимин қаласы Қазақстанмен ынтымақтастығын жандандыруға ниетті 18.12.2025
Қазақстанның Вьетнамдағы Елші Қ.Тумыш ү.ж. 15 желтоқсанда Хошимин қаласы Халық комитетінің төрағасы (Әкімі) Нгуен Ван Дыокпен кездесті.Сұхбаттасушылар, Хошимин қаласы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың барлық салаларында өзара тиімді іс-қимылдарды нығайтуға бейілділігін растап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Елші Қ.Тумыш, Қазақстан мен Вьетнам 2026 жылы екіжақты тауар айналымын 2 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздеуде екенін тілге тиек етті. Кейін әңгіме,  Хошимин қаласы (2025 ж. 1 шілдеден бастап Бинь Зыонг және Бариа–Вунгтау провинциялары Хошимнге қосылғаннан кейін) қазір Вьетнамның ЖІӨ-нің шамамен 30%-ын құрайтынын ескеріп, іскерлік серіктестікті нығайтуға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған Хошимин қаласы мен Қазақстанның бизнес қауымдастықтарының кездесуін ұйымдастырудың қажеттілігі төңірегінде өрбиді. Нгуен Ван Дыок, бұл қадамды дер кезінде жүзеге асыру керектігін атап өтті.Қазақ Елшісі таяуда Алматы қаласының мәслихатының қаланың көшесіне Вьтенам халықының көшбасшысы Хо Ши Миннің құрметіне атын беру туралы шешім қабылдағандығын хабарлады. Вьетнамдық тарап, бұл бастамаға өз қуаныш әрі қолдауын білдіріп, оны аса ризашылықпен қабылдады.Хошимин қ. Халық комитетінің төрағасы, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен байланыс орнатып, бауырластық қатынастар орнатуға ниетті екенін білдіріп, вьетнамдық тарап аталған әкімдіктердің басшылығын 2026 жылы Хошиминге сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде, келесі жылғы жазда Қазақстанға сапармен баруға дайындығын жеткізді.Төрағасы Нгуен Ван Дыок, Хошимин Халықаралық қаржы орталығы жақын арада ашылатынын мәлімдеді. Қала басшысы, Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Хошимин қаласына тәжірибе алмасудағы, оқытуды ұйымдастырудағы, кәсіби қолдау көрсетудегі және қаржы орталығын құру процесінде сүйемелдеудегі рөлін жоғары бағалап, АХҚО-дан алдағы уақытта да тығыз қолдауға мен өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміттенетінін білдірді.Елші Қ.Тумыш, Мемлекет басшысының тиісті шешіміне сәйкес, қазақ тарапы Хошимин қ. Бас консулдықты ашуды жоспарлауда екенін хабарлап, аталған мәселе бойынша Вьетнам тарапының жауабын мүмкіндігінше жақын арада алуға қолғабыс көрсетуді сұрады.Төрағасы Нгуен Ван Дыок бұл бастаманы қолдайтынын және тиісті қолғабыс көрсететінін жеткізді.Сонымен қатар тараптар, Алматы мен Хошимин арасында әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесіне тоқталды. Бұл екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм және мәдени ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға оң ықпал ететінін атап өтіп, осымәселе келесі жылдың соңына қарай оң шешімін табатынына сенім білдірді.Кездесудің соңында сұхбаттастар, екіжақты ынтымақтастықты жандандыру аясында барлық өзекті мәселе бойынша сындарлы диалогті жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1127545?lang=kk
Мерзімді әскери қызметші Ұлттық ұлан қатарында өзінің өмірлік жолын тапты 18.12.2025
Ұлттық ұлан қатарына Отан алдындағы борышын өтеуге келіп, өмірлік жолын әскери қызметпен байланыстыруды шешкен Балғын Айдынның тағдыры дәл осылай қалыптасты. Ол үшін мерзімді әскери қызмет бір жылдан ғана тұрмай, кәсіби және тұлғалық өсудің, саналы таңдаудың бастауы болды.Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындаумен қатар, жас мамандардың өз арман-мақсаттарын жүзеге асыруына нақты мүмкіндіктер жасап келеді.«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5513 әскери бөлімінде қызмет атқаратын ұландықтың өмір жолы – сөзіміздің айқын дәлелі.Әскерге Талдықорған қаласынан шақыртылған 25 жастағы Балғын Айдын Тараз қаласындағы 5513 әскери бөліміне бірден кәсіби дайындықпен келді. Себебі ол — Семей медициналық университетінде алған жеті жылдық білімі мен дәрігер-терапевт дипломы бар маман еді.Алғашқы алты айда Балғын Тараз қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, патрульдік қызмет атқарды. Дәл осы кезеңде әскери ортада өз білімінің қажет екенін түсініп, Балғын Айдын Ұлттық ұлан қатарында келісімшарт негізінде қызмет етуге шешім қабылдады.Әскери бөлім басшылығы жас маманның таңдауы мен кәсіби дайындығын ескеріп, оның жауапкершілігі мен ынтасын жоғары бағалады. Бүгінде Балғын Айдын әскери бөлімнің медициналық пунктінің бастығы лауазымын атқарады.Оның негізгі міндеті — жеке құрамның денсаулығын қадағалау, әскери қызметшілердің сауығып, қатарға тез оралуына жағдай жасау. Ол бұл міндеттерді дәрігерлік дәлдік пен әскери тәртіпті сақтай отырып, абыроймен орындап келеді.Жақын арада Балғын Айдын өзінің ең алғашқы офицерлік әскери шенін — лейтенант алады.Бұл оқиға — бір реттік мысал емес, ҚР ІІМ Ұлттық ұланында жолға қойылған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мұнда мерзімді әскери қызмет кәсіби дамудың бастауы болып, түрлі мамандықтар әскердің әлеуетін нығайтатын маңызды ресурсқа айналады.Ұлттық ұлан — білім мен тәжірибесі ұштасып, әскери қызметті келісім шарт бойынша жалғастыру саналы шешімге ұласатын орта. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1127609?lang=kk
Шымкент қаласында қауіпсіздік деңгейі жаңа белеске көтеріледі! 18.12.2025
Ағымдағы жылы қала аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында қосымша 4425 дана бейнебақылау камерасы орнатылды.Оның ішінде:🔸 Жалпы бейнебақылау – 3725 дана;🔸 Жылдамдық өлшегіш құрылғылары – 250 орынға;🔸 Жол қиылыстарында – 50 көше қиылысына.🌆 Бұл бастама — қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.Бейнебақылау камералары қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтардың алдын алады және жол-көлік оқиғаларының санын азайтып ғана қоймай, жүргізушілердің тәртібін жақсартады.Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдетіп, оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді және қала тұрғындарының өздерін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасайтынына сенімдіміз.🔹 Қауіпсіз қала — бәріміздің ортақ мақсатымыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-sandyk/press/news/details/1127610?lang=kk
Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы FPV дрондарды игеруде 18.12.2025
ҚР ІІМ Басқару академиясында Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлері екі апта бойы FPV дрондарды басқаруға арналған кешенді курстан өтті. Оқыту бағдарламасын «Ashyq Aspan Foundation» Ғылыми білім қоғамдық қорының мамандары ұйымдастырып, тыңдаушыларға теориялық және практикалық сабақтар өткізді.Курс үш негізгі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде жауынгерлер симуляторларда жаттығып, оқу-дрондарын басқаруды меңгерді. Екінші кезеңде қатысушылар дрондардың құрылымын зерттеп, ақауларын жөндеуді үйренді. Ал соңғы кезеңде арнайы дайындалған топ FPV дрондарын күрделі операцияларда қолдану әдістерін, маневр жасау тактикасын және антидрон жүйелерімен өзара әрекет ету тәсілдерін зерттеді.Оқуға қатысқан «Барыс» лақап атты жауынгер тәжірибенің маңызын ерекше атап өтті:— Біз бұл жолы шағын әрі аса жылдам FPV дрондарын қолдануды үйрендік. Мұндай ұшу аппараттары тапсырманы орындауға қолайлы. Әсіресе, нысан ішін барлау, тінту және тексеру кезінде таптырмас құрал, — деді ол.Арнайы курстың соңғы күндері қатысушылар арасында FPV tinywoop сайысы өткізілді. Осы арқылы олар оқып-үйренгендерін көрсетті. Үздік шыққандары мадақтамалармен марапатталды. Сондай-ақ барлық қатысушылар курстан өткені туралы сертификат иеленді.Алдағы уақытта курсты жалғастыру жоспарланып отыр. Келесі жолы жауынгерлер FPV дрондарды толығымен өздері құрастыруды және техникалық жөндеуді тереңірек меңгеретін болады.Айта кетейік, биылдан бастап ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде дрон операторларын даярлау курсы іске қосылды. Бұл сарбаздарға заманауи әскери-қолданбалы дағдыларды меңгеріп, сұранысқа ие мамандықты игеруге мүмкіндік береді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1127613?lang=kk
Батыр ауылдық округінің әкімі Сауыт Нұрғалиұлы сұхбат берді. 18.12.2025
Батыр ауылдық округінің әкімі Сауыт Нұрғалиұлауыл аумағында жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жұмыстар, соның ішінде жаяу жүргіншілер жолдарын салу және асфальт жабындысын төсеу мәселелері талқыланды.Ағымдағы жылы ауылда жалпы ұзындығы 17 шақырым жаяу жүргіншілер жолы мен 23,5 шақырым автомобиль жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-batyr/press/news/details/1127635?lang=kk
Дүкенге шағымды қалай дұрыс жазу керек 18.12.2025
Ең алдымен дүкенге арыз жазу керек, ең бастысы дұрыс жазу керек!Кейде дүкеннен тауар алған кезде оның сапасыз болып шыққанын үйге келген соң ғана байқаймыз. Мұндай жағдайда не істеу керек? Ең алдымен дүкенге арыз жазу керек, ең бастысы дұрыс жазу керек! Бұл мақалада біз сізге қалай дұрыс жазу керектігін және шағымға нені енгізу керектігін айтамыз. Шағым әрқашан кез келген нысанда жазылатынынан бастайық, бірақ соған қарамастан ол мынаны көрсетуі керек:сатып алу күні;өнім атауы;сериялық нөмірі;бренд;шағым жазылған күн және, әрине, стенограммамен сіздің қолыңыз.Шағымның өзінде сіз өзіңіздің өніміңіздің нақты ақаулығын көрсетіп, өз талаптарыңыз туралы жазуыңыз керек - өнімді айырбастағыңыз келе ме, әлде ол үшін төленген ақшаны қайтарасыз ба.Барлығын дұрыс жазғаныңызды тексергеннен кейін екінші көшірмені жазуды бастаңыз! Олардың біреуін өзіңізге қалдыратыныңызды және екіншісін дүкен әкімшісіне немесе уәкілетті қызметкерге беретініңізді ұмытпаңыз. Сіздің көшірмеңізде шағымның қабылданған күні және оны қабылдаған адамның қолы болуы керек екенін ескеріңіз!Егер дүкен сіздің шағымыңызды қабылдаудан бас тартса, сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз: жақын жердегі пошта бөлімшесіне хабарласыңыз және дүкенге түгендеумен бірге шағымның бір данасын хатпен жіберіңіз, пошта жөнелтімі мен пошта түбіртегін сақтаңыз. Өйткені, егер бірдеңе болса, бұл құжаттар белгіленген мерзімде дүкенге шағым түсіргеніңіздің дәлелі болады.Сапасы төмен өнім немесе қызмет алсаңыз, үндемей қалмаңыз, әрқашан ол туралы сөйлесіңіз. Өз құқығыңды қорға, заң сен жағында!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1127677?lang=kk
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖАПОНИЯҒА РЕСМИ САПАРМЕН БАРДЫ 18.12.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары аясында Токио қаласындағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасын аралап көрді. Мемлекет басшысы Жапонияның императорлық киелі орындарының бірі саналатын бұл кешенмен танысты.1920 жылы салынған Мейджи Джингу ғибадатханасы түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосқан император Мейджиге арналған. Кешен аумағында 120 мыңға жуық ағашы бар кең саябақ орналасқан.Ғибадатхананы аралап болған соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!» – деп жазды Мемлекет басшысы.Жапонияға алғашқы ресми сапар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен де кездесті. Мемлекет басшысы жылы қабылдауы мен көрсетілген қонақжайлық үшін Императорға алғысын білдірді.Кездесу барысында Президент Қазақстан халқы Жапонияның тәртібі мен табандылығын әрдайым үлгі тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ екі елді өзара құрметке және түрлі саладағы табысты ықпалдастыққа негізделген байырғы достық қарым-қатынастар біріктіретінін жеткізді.Өз кезегінде Император Нарухито Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Жапония мен Қазақстан арасындағы байланыстар тарихында елеулі оқиға ретінде қалатынын және екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге серпін беретінін айтты. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ 18.12.2025
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар саласындағы биыл он бір айда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары баяндалды. Іс-шара барысында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрияны дамыту басқармасы басшысының орынбасары Сұлтан Ысқақов қала туризмінің даму барысы, инвестициялық жобалар, сервистік қызметтер және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жұмыстар жөнінде мәлімет берді.Оның айтуынша, биыл тоғыз айда Шымкент қаласына келген туристер саны 406 386 адамды құраған. Оның 376 825-і ішкі туризм аясында келгендер болса, 29 561 адам шетелден келген туристер үлесінде. Қалада қазір 159 орналастыру орны жұмыс істейді. Жалпы бөлмелер саны 4 132-ге жетіп, бір жолғы сыйымдылығы 8 716 төсек-орынды құраған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 20,8 пайызға артқан. Орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі тоғыз айда 10,3 млрд теңгеден асып, былтырмен салыстырғанда 24,5 пайыздық өсім көрсеткен.Туристік инфрақұрылымды дамыту және инвестиция тарту бағытында қалада ауқымды жобалар іске асырылып келеді. 2024-2025 жылдар аралығында қалада 12 қонақ үйдің ашылуы жоспарланып, соның 7-еуі былтыр пайдалануға берілген. Былтыр екі қонақ үй ашылып, жыл соңына дейін тағы үш қонақ үйдің іске қосылуы көзделіп отырғаны құлағдар етілді. Сонымен қатар қалада халықаралық деңгейдегі “Hilton” қонақ үйінің құрылысы басталып, келер жылдың соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жобаның инвестициялық көлемі 35 млн АҚШ долларын құрап, 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деген болжам бар.Бадам су қоймасы аумағында Omir Shymkent глэмпинг жобасы қолға алынып, туристер мен қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс және мәдени-сауықтыру кеңістігі қалыптасып келеді. Жоба аясында глэмпинг және капсулалық үйлер, мейрамхана, SPA-бассейн, спорт алаңдары мен амфитеатр салу көзделген.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 17.12.2025
Ақордада өткен салтанатты жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтті.– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.Президент ресурстарды үнемдеп пайдаланудың маңыздылығына да тоқталып, азаматтарды осы мәселеге жауапкершілікпен қарауға шақырды.– Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Соның бәрін үнемдеп, ақылмен пайдаланған абзал. Бұл – тұтас экономикаға ортақ талап. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз «Үнемшілдік – ырыстың кілті» деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымызды қоғамда мүлдем жаңа мәдениетке айналдыруымыз керек. Сіздердің қажырлы қызметтеріңіз – еліміздің энергетикалық дербестігінің мызғымас кепілі. Әділетті, таза, қуатты Қазақстанда өздеріңіз сияқты еңбек адамдары ең жоғары сый-құрметке лайық, – деді Президент.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атом станциясының құрылысын бастау туралы стратегиялық шешімнің маңыздылығына назар аударды.– Балқаш атом электр станциясының құрылысы, одан кейінгі салынатын екінші АЭС Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Бұл ядролық энергетика саласында жаңа бағыттардың дамуына септігін тигізеді. Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді. Дүние жүзінде болып жатқан ауқымды өзгерістердің энергетика саласына ықпал ететіні сөзсіз. Әлемде қуат көздеріне қызу тартыс жүріп жатыр, бұған дайын болуымыз қажет. Мемлекет энергетика мамандарының жаңа буынын даярлап, саланың әлеуетін арттыра береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Мемлекет басшысы еліміздің экономикасын және инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріп, энергетика саласын түбегейлі жаңғырту қажеттігін атап көрсетті.– Біз заманауи өндіріс орындарын ашып, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды, жақында америкалық технология бойынша жасалған суперкомпьютер іске қосылды. Жаһандық үрдістерге сай жаңа «дата-орталықтар» салынып, «бұлтты» инфрақұрылым қалыптасады. Мұның барлығы энергетика саласы үшін үлкен сынақ болмақ. Сондықтан осы маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғырту қажет, – деді Президент.
Армения Республикасының Ішкі істер министрлігі делегациясымен жұмыс кездесудің қорытындылары туралы 17.12.2025
2025 жылғы 17 желтоқсанда Армения Республикасының Ішкі істер министрлігінің орынбасары Казарян Армен Микаеловичтің жетекшілігімен Ішкі істер министрлігінің делегациясы жұмыс сапары шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық статистикасы және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетіне келді.Кездесудің мақсаты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін цифрландыру мәселелерін талқылау болды.Өкізілген кездесу аясында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Сәбит Нұрлыбай қонақтарды Қазақстанның прокуратура органдарының құқық қорғау қызметін цифрландырудағы үйлестіруші рөлі туралы хабардар етті.Атап айтқанда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жинақталған құқықтық ақпарат негізінде қылмыстық және әкімшілік процестерде ақпараттық, оның ішінде жасанды интеллект элементтері бар жүйелерді енгізіп дамытуда, қазірдің өзінде олар оң нәтиже көрсетуде.Криминалистикалық зерттеулер мен сараптамаларды тағайындау және алу автоматтандырылды, адвокаттарды электрондық тағайындау көзделген.Азаматтарды қылмыстың жай-күйі және жол-көлік оқиғалары туралы ақпараттандыру мақсатында біздің ақпараттық жүйелер базасында «Геоақпараттық карталар» іске асырылды. Олар көшелерге дейін өзекті ақпаратты көрсетеді.Сонымен қатар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал ететін басқа да жүйелер мен қызметтер бар екендігі атап өтілді.Өз іссапарын қорытындылай келе, Армения Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы құқық қорғау қызметін цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтіп, қабылдағаны үшін алғысын және одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1127483?lang=kk
Тбилисиде Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастығының болашағы талқыланды 17.12.2025
Қазақстанның Тбилисидегі Елшілігінде Елші Мәлік Мырзалин АҚШ-ның Грузиядағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Алан Перселмен кездесті.Тараптар «Трамптың халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолындағы бағытын» (TRIPP) іске асыру барысы туралы пікір алмасты. Елші М. Мырзалин аталған бастамаға қатысуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті. Бұл жоба іске асыру жүк жөнелтушілер үшін тарифтік жүктемені төмендетуге және өңірлік логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыруға алып келуі мүмкін.АҚШ-ның УСӨ Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.Өз кезегінде, ҚР Елшісі 2026 жылы аталған логистикалық дәліздің жүк ағынын ұлғайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар Поти портында жаңа қазақстандық мультимодальдық терминал ашылғанын хабарлады.М.Мырзалин әріптесін Грузиядағы қазақстандық кәсіпорындардың, Батуми теңіз портындағы және Батуми мұнай терминалындағы, сондай-ақ Rompetrol және Halyk Bank компанияларының іс-әрекеті туралы хабарлады.Кездесу соңында дипломаттар байланыстарды жалғастыру және өзара ынтымақтастық туралы келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1127456?lang=kk
2025 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды 17.12.2025
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен 2025 жылғы қаңтар–қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және аудандық бюджеттің атқарылуы туралы мәжіліс өткізілді.Жиын барысында Үкімет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмаларына сәйкес, биылғы жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, бюджет кірістерінің және қаржы игерудің жай-күйі қаралды.Ауданымызда бұл мәселе бойынша биылғы жылдың 11 айындағы көрсеткіште оң динамика қалыптасып отыр. Аудан әкімі осыған сәйкес жыл қорытындысын табысты аяқтау үшін жұмыстарды тиімді жүргізіп, жоспарланған шараларды ұйымдастыру қажет екендігін тапсырды.Жиында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Абайқызы макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы және бюджеттің атқарылуы жөнінде баяндама жасап, орындалмау қаупі бар көрсеткіштерді де атап өтті. Осы бағытта аудан басшысы барлық бөлім мен кент, сондай-ақ ауылдық округ әкімдеріне жыл қорытындысымен барлық экономикалық көрсеткіштердің өсім динамикасын қамтамасыз етуді, бюджеттік қаржыларды 100 пайыз толығымен және мерзімінде игеруін қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.-Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы және бюджеттің атқарылуы бойынша ешқандай мәселелер болмауы тиіс. Жыл қорытындысымен бұл жұмыстың орындалуына жауапты бөлімдер нақты шаралар қабылдап, меженің орындалуын толық қамтамасыз ету керек,- деді Жандос Еркінбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1127457?lang=kk
SCAT Airlines Қазақстан мен Грузия арасында жаңа тікелей бағытты іске қосты 17.12.2025
Қазақстандық SCAT Airlines авиакомпаниясы «Шымкент - Тбилиси» жаңа халықаралық бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Грузия астанасының халықаралық әуежайына және кері қарай 166 жолаушы тасымалданды.Жаңа бағыт бойынша ұшулар дүйсенбі және жұма күндері қазіргі заманғы Boeing 737 Max 8 әуе кемелерінде жүзеге асырылады.Жаңа әуе қатынасын іске қосу Қазақстан мен Грузияның экономикалық және транзиттік-логистикалық серіктестігін дамытудың қисынды кезеңі болды.Тбилиси әуежайындағы бағыттың ашылу рәсіміне Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Хвтисиашвили, Тбилиси әуежайының директоры Теа Закарадзе, SCAT Airlines компаниясының меншікті сату директоры Екатерина Русова, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Елшілігінің өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1127464?lang=kk
🇰🇿 Қазақстанда ЭШФ рәсімдеу бойынша жаңа бақылау енгізіледі 🧾🔍 17.12.2025
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактураларға автоматтандырылған және салыстырмалы бақылау жүйесі іске қосылады. ⚙️ Автоматтандырылған бақылау (е-Тамға) ЭШФ тек расталған шығындар болған жағдайда ғана рәсімделеді. ҚҚС балансы «е-Тамға» сервисінде нақты уақыт режимінде автоматты түрде есептеледі. Балансты толықтыру — МКК қазынашылық шоты арқылы, алдын ала салықсыз. Пайдаланылмаған қаржыны өтініш беріп қайтаруға болады. Бақылау тек тәуекелді салық төлеушілерге қолданылады. Мерзімі — 12 ай, ал шарттар орындалса, 6 айдан кейін мерзімінен бұрын алып тастауға болады. 🔎 Салыстырмалы бақылау Жалған жеткізілімдерді анықтау үшін жүргізіледі. Тек жалған ЭШФ белгілері бар шағын топтағы салық төлеушілерге қатысты. Хабарлама келеді 📩 — орындау мерзімі 10 жұмыс күні:✔️ Келіссе → ЭШФ қайтарылады❌ Келіспесе → түсініктеме беру қажет Уақытылы жауап берілмесе → ЭШФ рәсімдеу бұғатталады және банк операцияларына шектеулер қойылады  💡 Жаңа Салық кодексі ашықтықты арттыруға, көлеңкелі экономикамен күресуге және әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1127412?lang=kk
Студенттермен ақпараттық кездесу 17.12.2025
12 желтоқсанда З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ-де «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері, қала әкімдігінің сәулет бөлімінің қызметкері Г. Ш. Тулюбаевамен студенттердің кездесуі өтті.Кездесу барысында спикер кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен «Адал азамат» жобасының негізгі бағыттары туралы айтты. Жеке тұлғаны дамыту, этикалық құндылықтарды нығайту және қызметтік міндеттерді адал атқару мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Іс-шара студенттер мен жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттандыруға ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1127380?lang=kk