26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Чемпион» жобасының қатысушыларымен бірге спорттық сайыс ұйымдастырылды
11.07.2026 21:56:32 130
Жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру және зиянды әдеттердің, нкшақорлықтың, құқықбұзушылықтың, лудомания мен буллингтің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған ісшара барысында ер балалар жерден көтерілу, белтемір және брусьяда, ал қыздар планка және отырып-тұру (приседание) бойынша өзара бақ сынасты.Ер балалар арасында: І орын – Серік Нұрбақыт; ІІ орын – Саргузин Асылбек; ІІІ орын – Жиенғалиев Нұрқожа; Қыздар арасында: І орын – Тәңірбергенова Әсемгүл; ІІ орын – Мәмбет Аиида;ІІІ орын – Қабешова Анаргүл. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1247693?lang=ru