Жаңалықтар
Аудан өмірін жақсартуға үлес қосып жүрген әйелдер 11.07.2026
Самар ауданында «Мемлекеттік отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру» жобасы аясында белсенді әйелдердің аудандық форумы өтті. Жоба «Антарес А» қоғамдық қоры тарапынан Самар ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.Форумға түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әйелдер қатысып, қоғамдағы әйелдердің рөлі, отбасы құндылықтарын нығайту және өңірдің дамуына қосып отырған үлестері туралы пікір алмасты. Іс-шара ашық диалог алаңына айналып, қатысушылар өз тәжірибелерімен, табысты бастамаларымен және ауданның өркендеуіне бағытталған жобаларымен бөлісті.Форум барысында қоғамдық өмірге белсене араласып, ауылдық округтердің дамуына елеулі үлес қосып жүрген әйелдердің еңбегі ерекше аталып өтті. Азаматтық белсенділігі, бастамашылдығы және туған өлкесінің дамуына қосқан үлесі үшін Самар ауданының ауылдық округтерінен келген бірқатар әйелдер Алғыс хаттармен марапатталды.Шараға қатысушылар бүгінде әйелдердің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, мемлекеттік қызмет және қоғамдық жұмыстар сияқты түрлі салаларда табысты еңбек етіп жүргенін атап өтті. Сонымен қатар олар отбасы институтын нығайтуға, жас ұрпақты тәрбиелеуге және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып келеді.Форум мемлекеттік отбасылық және гендерлік саясаттың негізгі бағыттарын насихаттауға, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға және олардың ауданның дамуына қосқан үлесін кеңінен танытуға мүмкіндік берді.Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта да қоғамдық бастамаларды қолдап, ауданның өркендеуі жолында бірлесіп еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1247571?lang=ru
Жеке пайдалануға арналған тауарларды айқындау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы 11.07.2026
2026 жылғы 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Өскемен» кеден бекетінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шара барысында жеке пайдалануға арналған тауарларды айқындау тәртібі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткізу нормалары қаралды.Қатысушыларға әуе, құрлық және халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы тауарларды әкелу кезінде қолданылатын құндық және салмақтық шектеулер, сондай-ақ оларды асырып жіберген жағдайда кедендік төлемдерді есептеу тәртібі түсіндірілді.Сондай-ақ тауарларды жеке немесе коммерциялық мақсатта пайдалануын айқындау кезінде олардың саны мен әкелу жиілігі сияқты критерийлердің маңыздылығы атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді және сұрақтарына жауаптар ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1247451?lang=ru
Сот жүйесі қызметкерлерінің еңбегі бағаланды 11.07.2026
«Өнер орталығында» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Судья және сот қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен сот қызметкерлері қатысты.Атаулы күні еліміздегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тікелей жауапты мамандардың күнделікті маңызды еңбегі дәріптеледі. Тәуелсіз, әділ және ашық жұмыс істейтін сот билігі – кез келген мемлекеттің тұрақтылығының, құқықтық негіздері мен әлеуметтік-экономикалық дамуының басты кепілі. Әділдік жолы тарихымыздағы хандар мен билерден бері қалыптасып, халқымыздың салтына етене араласып кетті. Сыр өңіріндегі сот жүйесі 1938 жылы Қызылорда облысының құрылуымен қатар қанат жайды.Аймақ басшысы сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, сот жүйесінің қоғамдағы орны мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.«Өздеріңізге белгілі, Президентіміздің бастамасымен, халықтың қолдауымен қабылданған жаңа Конституциямыз алдағы шілде айында күшіне енеді. Ата заңымызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленген. Конституциялық реформаның нәтижесінде билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылды, Конституциялық Сот қайта құрылды. Адам құқықтарын қорғау институттарының әлеуеті артты. Мұның барлығы – елімізді демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға бағытталған жүйелі қадамдар.Бүгінгі сот билігі – Конституция мен заңдардың қорғаны. Судьяның тәуелсіздігі – әділ сот төрелігінің кепілі. Азаматтардың сотқа деген сенімі – құқықтық мемлекеттің ең басты көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан қабылдаған шешімдеріңіз әрдайым әділ, ал заң үстемдігі мен адам құқығы кез келген істе ең басты бағдар болсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Жиында облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.Салтанатты шара барысында бірқатар сала қызметкерлеріне Премьер-министрдің бірінші орынбасарының Алғыс хаты, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты, ҚР Жоғарғы Сотының «Құрметті судья», «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгілері, «Сот жүйесінің ардагері» медалі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.Сонымен қатар ҚР Судьялар одағының «Үш би», «Судьялар одағының құрметті мүшесі», «Жеті жарғы», т.б. марапаттары берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1247432?lang=ru
Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі алаңында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтуге шақырды 11.07.2026
Женева, 2026 жылғы 24 маусым – Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің өтіп жатқан 62-сессиясы аясында әйелдер мен қыздарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны жою мәселесіне арналған панельдік пікірталас өтті.Панельдік пікірталастың негізгі спикерлерінің бірі ретінде Қазақстан Дағдарыс орталықтары одағының президенті, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зүлфия Байсақова сөз сөйледі. Ол Қазақстанның дағдарыс орталықтары жүйесін дамыту, зардап шеккендерге психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың қайталануының алдын алу бойынша ведомствоаралық тетіктерді енгізу жөніндегі практикалық тәжірибесін таныстырды.Өз сөзінде З.Байсақова Қазақстанда 50 дағдарыс орталығы жұмыс істейтінін, олардың ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту және әлеуметтендіру қызметтерін мемлекеттік қолдау аясында көрсетуге лицензиясы бар 37 орталық бар екенін атап өтті. Зардап шеккендерге кешенді көмек көрсетуге, зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды қорғауға, сондай-ақ агрессорлармен жұмыс істеуге бағытталған пилоттық бағдарламаларға ерекше назар аударылды.Іс-шара барысында Женевадағы Қазақстанның БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан бір топ мемлекет атынан бірлескен мәлімдеме жасады. Құжат БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің кең өңіраралық қолдауына ие болып, осы саладағы Қазақстан бастамаларына халықаралық қоғамдастықтың жоғары деңгейдегі назарын растады.Мәлімдемеде тұрмыстық зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздардың өмір сүру, қауіпсіздік, денсаулық, қадір-қасиет, теңдік және кемсітпеушілік құқықтарына нұқсан келтіретін адам құқықтарының елеулі бұзылуы болып қала беретіні атап өтілді. Мемлекеттер алдын алу, қорғау, сот төрелігіне қол жеткізу, кінәлілердің жауапкершілігін қамтамасыз ету және қолдау қызметтерін дамыту шараларын қамтитын кешенді, үйлестірілген әрі зардап шеккендерге бағдарланған тәсілді қолдануға шақырды.Қазақстан әйелдер мен қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғаудың тиімді ұлттық жүйелерін дамыту, озық тәжірибемен алмасу және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі жұмысын жалғастыруға дайын екенін растады.Талқылау қорытындысы бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мемлекеттерге арналған тиісті баяндама мен ұсынымдар әзірлейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1247379?lang=ru
Бразилияда «Орта дәліз» таныстырылды 11.07.2026
Бразилиа, 2026 ж. 24 маусым – «Apex Brasil» Бразилияның экспорт және инвестицияларды ілгерілету жөніндегі агенттігінде «Орта дәліз: Бразилияның Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиямен саудасы үшін Каспий көпірі» тақырыбында арналған дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты: Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ Middle Corridor) таныстыру және Бразилиядан Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказға және Оңтүстік Америкаға жүк ағынын арттыру үшін осы сауда бағытын бірлесіп пайдаланудағы ынтымақтастықты ілгерілету болды.Форумда Бразилияның «Apex Brasil» агенттігінің Президенті Лаудемир Мюллер, Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, Әзербайжанның Бразилиядағы Елшісі Рашaд Нoвруз, Бразилия Сыртқы істер министрлігінің экономикалық істер жөніндегі директоры София Хаушилд және «Бразилия-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Касиано Виана баяндама жасады.Қазақстан Елшісі өз сөзінде Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының 85% Қазақстан арқылы «Орта дәлізбен» өтетінін атап өтті. Соңғы жылдары осы бағыт бойынша жүк тасымалының көлемі бес есе, ал 2025 ж. контейнерлік тасымалдар тағы 36% артты.Сондай-ақ, қазақстандық дипломат бұл тақырып Бразилияның сыртқы істер министрі М.Виейраның ү.ж. 11 мамырда Астанаға ресми сапары кезіндегі келіссөздердің күн тәртібінде болғанын еске салды. Атап айтқанда, Бразилиядан Қазақстанға жүк тасымалын және Қазақстан мен Бразилия арасындағы өзара сауданы 1 млрд. долларға дейін арттыру үшін осы бағытты кеңінен пайдалану мүмкіндігі атап өтілді.Кездесуде Қазақстан мен Әзербайжанның Бразилиядағы елшіліктерінің қызметкерлері Транскаспий көлік дәлізінің интерактивті таныстырылынын өткізіп, үш ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынаста осы бағытты кеңінен пайдалану бойынша пікір алмасты.Іс-шара қорытындысы бойынша осы күзде Сан-Паулуда салалық қауымдастықтардың, трансұлттық ұйымдардың және «Орта дәліз» жобасына қатысатын барлық елдер компанияларының қатысуымен көлік және логистика форумын өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Анықтамалық: «ApexBrasil» - бразилиялық тауарлар мен қызметтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету және шетелдік инвестицияларды қолдау үшін құрылған ресми бразилиялық үкіметтік ұйым. 2026 ж. 11 мамырда Бразилияның Сыртқы істер министрі М.Вейраның Астанаға ресми сапары барысында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ мен бразилиялық «ApexBrasil» агенттігі арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1247382?lang=ru
Орталық Азия Женевадағы жаһандық диалогтың назарында 11.07.2026
Женева, 2026 жылғы 22 маусым - Женева қаласында «Central Asia in Transformation: A New Vision of National and Regional Development» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Орталық Азия елдеріндегі қазіргі трансформация үдерістеріне және өңірдің даму перспективаларына арналды.Іс-шараға Орталық Азия мемлекеттерінің елшілері мен тұрақты өкілдері, дипломатиялық корпус, БҰҰ жүйесі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, талдау орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ академиялық және сараптамалық қауымдастық өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшісі Қайрат Саржанов өз сөзінде Орталық Азия өңірі мемлекетаралық ынтымақтастықтың нығаюы, өзара сенімнің артуы және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылдың кеңеюі арқылы сипатталатын даму кезеңінен өтіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулерінің және C5+ форматының маңыздылығына тоқталды.Сондай-ақ елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және институционалдық реформалар туралы айтып, олардың мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.Пікірталас барысында қатысушылар өңірлік интеграция, экономикалық жаңғырту, көлік дәліздерін дамыту, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз), сондай-ақ инвестициялық және сауда ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстандағы конституциялық реформалар мемлекеттік институттарды нығайту мен демократиялық тетіктерді дамытудағы маңызды қадам ретінде ерекше аталды.Қатысушылар сондай-ақ су және өңірлік қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, инфрақұрылымдық даму және Ауғанстандағы жағдай мәселелерін қарастырды. Диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету өңірдің тұрақты дамуы үшін аса маңызды екені атап өтілді.Дөңгелек үстелді Bulan Institute for Peace Innovations Geneva School of Diplomacy ұйымымен бірлесіп, Geneva Centre for Security Policy қолдауымен ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1247310?lang=ru
ЗАМАНАУИ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ 11.07.2026
Мемлекеттік қызмет – еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуіне негіз болатын маңызды сала. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, оның тиімділігі мен ашықтығын арттыру – кез келген мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігі қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің басты кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту бағытында ауқымды реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, ашықтықты қамтамасыз ету, меритократия қағидаттарын нығайту, азаматтарға бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру – мемлекеттік қызмет саласындағы кадрлық саясаттың басым бағыттары.Осы тұрғыда мемлекеттік қызмет саласын реттейтін құқықтық базаны жаңарту ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 19 мамыр күні қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң осы бағыттағы реформалардың заңнамалық негізін нығайтып, мемлекеттік аппараттың сапалы дамуына оң серпінін бермек. Заңда қарастырылған өзгерістер Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет қағидаттарына, сондай-ақ кәсібилік, заңдылық, ашықтық, халыққа қызмет ету және меритократия принциптеріне негізделген.Жаңа заңның басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін заманауи талаптарға бейімдеу. Бұл ретте меритократия қағидатын күшейту, яғни мемлекеттік қызметке қабылдау мен қызметтік өсу барысында кәсіби біліктілік пен еңбек нәтижесін басты өлшем ретінде қарастыру көзделеді. Бұл ретте, басшылық емес төменгі лауазымдарды лауазымдық деңгейлерге бөлу арқылы, қызметшінің еңбек өтілін, кәсіби жетістіктері мен тәртібін, сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, бір лауазым ішінде горизонталды мансаптық өсуге және тиісінше лауазымдық еңбек ақысын ұлғайтуға мүмкіндік беріледі.Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметке дарынды және талантты жастарды тарту бағытында да оң өзгерістер күтілуде. Мысалы, жоғары оқу орындарын GPA көрсеткіштері 3,33 және одан жоғары үлгеріммен үздік аяқтаған түлектер үшін басшылық емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс орналасу мүмкіндігі берілді. Бұдан бөлек, болашақта кәсіби өмірін мемлекеттік қызметке арнаймын деген мектеп түлектері үшін де арнаулы мемлекеттік тапсырыс әзірлеу арқылы талапты жастарды мемлекет есебінен оқытып, артынша мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдану мүмкіндігі берілмек. Бүгінгі таңда, мемлекеттік қызметке ерте кәсіптік бағдарлау тетіктері заңмен бекітіліп мектеп жастарының бойында мемлекеттік қызмет туралы түсініктерді қалыптастыру мақсатында әр оқу жылы өткізілетін кең ауқымды түрлі шаралар кешені одан әрі күшейтілмек. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесі ретінде жақын болашақта мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын халықтың сұранысына толықтай сай келетін кәсіби біліктілігі мен тұлғалық құзіреттері барынша жоғары деңгейде дамыған мектеп жасынан бастап анықталған дарындардың қатарынан жасақтау көзделген.Өз кезегінде, заңда мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және әдеп нормаларын сақтау тетіктері күшейтілген. Бұл мемлекеттік аппараттағы тәртіп пен сенімділікті нығайтуға ықпал етеді. Цифрландыру үдерістерін енгізу де маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Цифрлық жүйелердің қолданылу аясын қадам-қадаммен кеңейту арқылы бюрократиялық кедергілерді азайтып азаматтарға қолайлы жағдай жасалуда.Аталған заңның қабылдануы азаматтар үшін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырып, олардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдардың жұмысы ашық әрі нәтижелі бола түсіп, халық пен билік арасындағы өзара сенім деңгейі артады. Сонымен қатар, мемлекеттік аппараттың кәсібилігі артып, басқарушылық шешімдердің сапасы жақсармақ. Бұл өз кезегінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.Қорытындылай келе, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде қолданысқа енгізілетін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың маңызды құралы болып табылады. Ол мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырып қана қоймай, заманауи, ашық және жауапты басқару моделін қалыптастыруға негіз болады.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңАбай облысы бойынша департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1247280?lang=ru
СҚО-да үздік жасақ бастығын таңдады 11.07.2026
Жыл сайын 14 маусымда атап өтілетін жасақ бастығы күні қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде «Үздік жасақ бастығы» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, қызметтік дағдыларын жетілдіру және оң тәжірибе алмасу болды.Байқауға облыстың бес мекемесінің өкілдері қатысты. Сайыс барысында қатысушылар өздерінің кәсіби жетістіктерін, дене және жауынгерлік даярлық деңгейін, нормативтік-құқықтық базаны білуін, сондай-ақ сотталғандармен тиімді қарым-қатынас орнату және аудиториямен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар өз қызметі туралы презентациялар ұсынып, тақырыптық бейнероликтер дайындап, жасақ бастығы жұмысының ерекшеліктерін көрсететін интерактивті іс-шаралар өткізді.Байқау комиссиясының мүшелері қатысушылардың теориялық дайындығы мен тәжірибелік дағдыларын ғана емес, сонымен қатар олардың бастамашылдығын, қызметтік міндеттерді орындаудағы шығармашылық көзқарасын, коммуникациялық қабілеттерін және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау шеберлігін бағалады.Байқау қорытындысы бойынша №52 мекеменің жасақ бастығы, әділет майоры Нұргүл Құсайынова барлық кезеңдерден жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды №50 мекеменің жасақ бастығы Данагүл Ахметова, ал үшінші орынды №51 мекеменің жасақ бастығы Диас Туяков иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1247252?lang=ru
Алматыда Тәжікстан өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді 11.07.2026
27-28 маусым күндері Алматының Алатау ауданында Тәжікстан Республикасының Хатлон облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.Сауда қатарлары Нұркент шағынауданындағы «Almaty Arena» көпфункционалды кешенінің алдындағы алаңда орналастырылады.40 фермер өнімін ұсынады. Олар Алматыға 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарын алып келеді.Қала тұрғындары мен қонақтарына маусымдық жеміс-жидектер мен көкөністердің, табиғи кептірілген жемістердің, шығыс тәттілерінің және басқа да өнімдердің түр-түрі тікелей өндірушілерден ұсынылады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға және тұтынушыларды сапалы өніммен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған.Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін. Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1247171?lang=ru
Назар аударыңыздар! «Халық бухгалтері» акциясының аяқталуына санаулы күндер қалды 11.07.2026
Назар аударыңыздар! «Халық бухгалтері» акциясының аяқталуына санаулы күндер қалды. Арнайы ұсынысты пайдаланып үлгеріңіз.Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін.Кеңес беру уақыты: аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі күндері) сағат 10:00–13:00 аралығында.Кеңестер келесі мекенжайларда өткізіледі:• Абай ауданы бойынша МКБ - Шымкент қ., Театр көшесі, 33;• Еңбекші ауданы бойынша МКБ - Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 68;• Қаратау ауданы бойынша МКБ - Шымкент қ., Арғынбеков көшесі, 89А.Кәсіпкерлер салық есептілігін тапсыру, төлемдерді есептеу, электрондық қызметтерді пайдалану және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша тегін консультация ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1247165?lang=ru
Брюссельде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Румынияның «Nuclearelectrica S.A.» ұлттық компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды 11.07.2026
Брюссель, 2026 жылғы 23 маусым – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге жасаған ресми сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Румынияның S.N. «Nuclearelectrica S.A.» ұлттық компаниясы және «Politehnica Bucharest» Ғылым және технологиялар ұлттық университеті арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.Қазақстан тарапынан Меморандумға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Румыния тарапынан «Nuclearelectrica S.A.» компаниясының бас атқарушы директоры Космин Гица және «Politehnica Bucharest» Ғылым және технологиялар ұлттық университетінің проректоры Иоан Штефан Сэкэлэ қол қойды.Меморандум ядролық сала мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сарапшылармен алмасу және ғылыми зерттеулер жүргізу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.Меморандум аясында азаматтық атом энергетикасы саласында тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды үйлестіру алаңы ретінде Қазақстан–Румыния атом өнеркәсібі жөніндегі жыл сайынғы диалогты құру жоспарланып отыр. https://www.kazatomprom.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1247137?lang=ru
Үздік қызметшілердің ата-аналарына алғыс! 11.07.2026
Үздік қызметшілердің ата-аналарына алғыс!Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында қалыптасқан жақсы дәстүрдің бірі - кәсіби жетістіктерімен көзге түсіп жүрген жас мемлекеттік қызметкершілердің ата-аналарына құрмет көрсету. Осы орайда бүгін Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасының бас маманы Теміртас Жаннаның әкесі Қалыбек Теміртасұлы анасы Бибігүл Қабекенқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен табыстау шарасы өтті.Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Тлеуғалиева Самал Қайратқызы аталған қызметкердің кәсіби шеберлігін, адами қасиеттерін атап өтіп, осындай азаматты тәрбиелеп өсірген анасы Бибігүл Қабекенқызына шынайы алғысын айтты.Өз кезегінде басқармаға Б.Қабекенқызы басқарма басшылығына, ұжымына ризашылықтарын білдіріп, табысты еңбек тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-economy/press/news/details/1247129?lang=ru
KazAID ҚР Сауда және интеграция министрлігі үшін ДРК саласы бойынша дәріс өткізді 11.07.2026
2026 жылғы 24 маусымда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің басқарушы және атқарушы деңгейдегі өкілдері үшін «Халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық саласындағы Қазақстанның рөлі» тақыбында дәріс өткізді.Таныстыру іс-шарасы аясында дамуға ресми көмек (ДРК), донор-елдер мен серіктес-елдер, қазақстандық ДРК жүйесі және осы саладағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тетігі туралы ақпарат берілді. Бұдан бөлек, KazAID өкілдері Агенттіктің басымдықтары мен қызметін таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1247108?lang=ru
KazAID пен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры ынтымақтастық перспективаларын талқылады 11.07.2026
2026 жылғы 24 маусым – KazAID Басқарма Төрағасының міндетін атқарушысы Ж.Асанов Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының (бұдан әрі – ЕТДҚ) Серіктестік департаментінің директоры Г.Васильевпен ЕТДҚ-ның Астанадағы штаб-пәтерінде кездесті. Кездесу барысында Г.Васильев Орталық Азия мен Кавказдағы EТДҚ қызметі мен бағдарламалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, ол осы ЕТДҚ Бас сарапшысы А.Морозкина мен ұйымның басқа да өкілдері дайындаған «Халықаралық дамуға жәрдемдесудегі Қазақстан Республикасының рөлі» тақырыбындағы талдау жұмысының нәтижелерімен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, халықаралық дамуда тәжірибе мен білім алмасу бойынша алдағы ынтымақтастықты талқылады. Анықтама үшін: Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры 2009 жылы Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан құрған аймақтық қаржы механизмі болып табылады. Қор дағдарыс салдарын жою, ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету және оған мүше мемлекеттердің экономикаларының интеграциясына жәрдемдесу үшін құрылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1247090?lang=ru
Бурабайда Burabay Redbus жаңа туристік жобасы іске қосылды 11.07.2026
Бурабай курорттық аймағында Burabay RedBus жаңа туристік жобасы — курорт қонақтарына өңірдің басты көрікті жерлерімен ыңғайлы форматта танысуға мүмкіндік беретін заманауи экскурсиялық маршрут жұмыс істей бастады.Burabay RedBus Бурабайдың ең көрнекті жерлеріне ашық автобуспен экскурсия ұсынады.Burabay Redbus бағыты курорттың негізгі туристік нүктелерін қамтиды:Бурабай тақтайшасы (жинау орны)* Бурабай Даму• "Би қайыңдары" тоғайы (Би қайыңдары) * Болектау Тауы * Көк шығанағы * Абылай хан алаңы * "Ракушка" алаңы (маршруттың бұрылыс пункті)Экскурсияның ұзақтығы-60-75 минут.Жобаның ерекшелігі Hop-On Hop-Off форматы болды, ол жолаушыларға аялдамаларда серуендеуге және көрікті жерлерге шығуға, содан кейін келесі рейсте маршрутты жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл формат әлемдегі ең танымал туристік шешімдердің бірі болып табылады және алғаш рет енгізілген Бурабай.Қонақтарға ыңғайлы болу үшін экскурсиялық сүйемелдеу аудиогид форматында үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.Burabay RedBus курортпен танысуды қазақстандық және шетелдік туристер үшін неғұрлым ыңғайлы, заманауи және қолжетімді ету үшін құрылған.Бурабай-өзінің көркем көлдерімен, Қарағайлы ормандарымен, таза ауасымен және ерекше табиғи ландшафттарымен танымал елдің ең танымал туристік бағыттарының бірі. Жаңа бағыт туристерге курорттың басты көрікті жерлерін бір сапарда көруге және Бурабайды жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді.Burabay Redbus іске қосылуы өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытудағы және Қазақстанның қазіргі заманғы туристік орталығы ретінде Бурабайдың тартымдылығын арттырудағы тағы бір қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1247018?lang=ru
«Халық бухгалтері» акциясының қорытындылары: 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 11 000-нан астам кеңес берілді 11.07.2026
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды «Халық бухгалтері» акциясының қорытындыларын шығарды. 2026 жылдың алғашқы 6 айында бұл жоба мемлекет, бизнес және сарапшылар арасындағы ашық диалогтың тиімді алаңына айналды.Бірінші жартыжылдықтың негізгі көрсеткіштері:• 11 000 кәсіпкер мен қала тұрғыны білікті көмек алды.• Алматы қаласының 8 кәсіби бухгалтерлер ұйымы күш біріктірді.• 22 жетекші сарапшы күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Акция қорытындыларының дәл бүгін – 23 маусымда, Мемлекеттік қызметші күні шығарылғаны ерекше мәнге ие!Осы мерекелі күні заманауи мемлекеттік қызмет пен бизнестің қоғам игілігі жолында бірлесіп жұмыс істейтін біртұтас команда екенін іс жүзінде дәлелдеген жандарға шынайы алғыс сөздері айтылды.«Акция ашық диалогтың қаншалықты сұранысқа ие екенін көрсетті. Бүгінде салықтық әкімшілендіру – бақылау ғана емес, ең алдымен сервис, серіктестік және өзара сенім», – деп атап өтті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары К. Сухамбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1247024?lang=ru
Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексінің талаптары туралы 11.07.2026
Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптары және Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексі, сондай-ақ бұзушылықтардың алдын алу мәселелері туралы бейнеролик.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1247016?lang=ru
📦🚛 ЕАЭО елдерінен импорт кезінде тауарға ілеспе жүкқұжатты (ТІЖ) ресімдеу қағидалары 11.07.2026
📑 Тауарға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу қағидалары, олардың құжат айналымы, сондай-ақ нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 179-бабының 3-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.🧾 ТІЖ салық салу мақсаттары үшін, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру үшін: тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған, оның ішінде салық төлеушіге тауарлардың жөнелтілуін растайтын тауарға ілеспе құжат; бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылады.💻 ТІЖ электрондық түрде «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» ресімделеді, тек Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында техникалық қателерге байланысты «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» ТІЖ ресімдеу мүмкін еместігі расталған жағдайларды қоспағанда, мұндай жағдайда ТІЖ қағаз жеткізгіште ресімделеді.📊 ТІЖ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импорт кезінде алушы тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37317 болып тіркелген, ТІЖ нысанын толтыру тәртібіне сәйкес, «Виртуалды қойма» модулі арқылы қазақ немесе орыс тілдерінде ресімделеді.📘 Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, қағаз жеткізгіште ресімделген жағдайларда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан импорт кезінде алушы тарап қағаз түріндегі тауарға ілеспе жүкқұжаттарды тіркеу және есепке алу журналын жүргізеді. Қағаз жеткізгіште ресімделген ТІЖ «ЭШФ ақпараттық жүйесіне» 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілуге тиіс.💱 Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды әкелу кезінде ТІЖ ұлттық валютамен немесе шот-фактурада (инвойста) көрсетілген валютамен толтырылады.✅ ТІЖ мынадай жағдайларда ресімделген болып есептеледі:⚖️ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келсе;📜 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келсе;🔢 электрондық түрде ресімделген ТІЖ-ға «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» тіркеу нөмірі берілсе;📘 қағаз жеткізгіште ресімделген ТІЖ журналда тіркелсе.🗂️ ТІЖ-ның түпнұсқасы (оригиналы) болып «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» сақталатын электрондық құжат, сондай-ақ қағаз жеткізгіште ресімделген ТІЖ танылады.🚗 ТІЖ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу кезінде (импорт) міндетті түрде ресімделеді, бірақ рұқсат етілген ең жоғары жүк көтерімділігі 2,5 тоннадан аспайтын жеңіл автокөлікпен әкелінетін жағдайларды қоспағанда.📦 Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасына жеке тұлғаларға автомобиль көлігімен тауарларды әкелу кезінде ТІЖ тасымалдаушы тарапынан (экспедиция, курьерлік жеткізу қызметін жүзеге асыратын тұлға) ресімделетінін атап өткен жөн.🚚 Автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде әрбір көлік құралына ТІЖ жеке-жеке ресімделеді.📊 Тауар бөлшектелген немесе құрастырылмаған түрде әкелінген жағдайда алушы тарап бастапқы ТІЖ-ны ресімдейді, онда құрамдас бөліктер (компоненттер) жол-жолымен көрсетіледі, ал жалпы құн шарт талаптарына сәйкес көрсетіліп, бірінші көрсетілген құрамдас бөлікке енгізіледі, ал басқа құрамдас бөліктер бойынша құн туралы мәліметтер көрсетілмейді.🛃 ТІЖ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу кезінде тауар мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін ұсынылады.✍️ Автомобиль немесе әуе көлігімен әкелу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері мемлекеттік шекарадан өту фактісін ТІЖ-да тиісті белгі қою арқылы растайды.⏳ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін, толық емес және (немесе) дұрыс емес деректер көрсетілген ТІЖ тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде түзетілуі немесе кері қайтарылуы тиіс. Алайда шекарадан өту фактісі расталған ТІЖ кері қайтарылуға жатпайды.✏️ Бұрын ресімделген ТІЖ-ға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, алушы тарап бұрынғы ТІЖ-ны жойып, түзетілген ТІЖ ресімдейді (түзетілген ТІЖ-да түзетілетін ТІЖ-ның тіркеу нөмірі көрсетіледі).📁 ТІЖ «ЭШФ ақпараттық жүйесінде» тіркелген күннен бастап талап қою мерзімі ішінде сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1246985?lang=ru
Мемлекеттік қызметшілер күніне: адамдарға көмектесу-мамандықта және өмірде 11.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1246978?lang=ru
🛡️ Бизнестің зияткерлік егемендігі: Қазақстандағы зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау. 11.07.2026
📢 Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың маңыздылығын еске салады.💡 Экономиканы цифрландыру жағдайында ІТ-өнімдер, брендтер, франшизалар және инновациялық әзірлемелер бизнестің негізгі активтеріне айналуда. Сонымен қатар тауар белгілерін заңсыз пайдалану және контрафактілік өнімдерді тарату тәуекелдері де артып келеді.⚖️ Құқық иеленушінің келісімінсіз тауар белгісін немесе онымен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгіні пайдалану құқық бұзушылық болып саналады.🚛 Егер кедендік бақылау барысында тиісті тізілімдерге енгізілген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылу белгілері анықталса, тауарларды шығаруға 10 жұмыс күніне дейін тыйым салынуы мүмкін.📄 Құқық иеленушінің өтініші бойынша және сотқа талап арыз берілген жағдайда, бұл мерзім қосымша 10 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.🏛️ Азаматтық іс қозғалған кезде тауарларды шығаруды тоқтата тұру және уақытша сақтау мерзімдері сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.❗ Өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген:👤 жеке тұлғаларға – 20 АЕК;🏢 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК;🏭 орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК;🏬 ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК.📦 Сонымен қатар құқық бұзушылық нысанасы болып табылатын тауарлар тәркіленеді.✅ Зияткерлік меншікті қорғау адал бәсекелестіктің дамуына, бизнестің нығаюына және Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1246969?lang=ru