Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Діндер диалогы – бейбітшілік пен өзара түсіністік жолы 13.10.2025
2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан астанасында «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі өз жұмысын бастады.Съездің пленарлық отырысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ашты.Мемлекет басшысы өз сөзінде жаһандық тұрақтылықты, өзара құрмет пен сенімді, бейбітшілікті нығайтудың маңызды құралы ретінде конфессияаралық диалогтың маңыздылығына ерекше тоқталды. Қазақстан Президентінің айтуынша, барлық негізгі діни дәстүрлер бейбітсүйгіш қасиет, әділдік, жақыныңа жанашырлық және мейірімділік секілді жалпы гуманистік құндылықтарды дәріптейді. Қазақстан бұл құндылықтарға адалдығын растайды және зорлық-зомбылықты, экстремизмді және өшпенділікті ақтап алу үшін дінді пайдалануға бағытталған кез келген әрекетті үзілді-кесілді қабылдамайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты нығайтудың перспективалық бағыттары жөніндегі көзқарасын ұсынды.VIII Съезге құттықтау хатын Рим Папасы XIV Лев жолдады.Қасиетті Әке әртүрлі дәстүрлердің діндарлары бірлесе әрекет еткенде, бұл сенімнің адамдарды бөлуден гөрі біріктіретін қуатты күш екенін көрсететінін атап өтті. Жоғары Понтифик дін көшбасшыларын жаһандық сын-қатерлерге қарсы бірігіп, бір дауыспен сөйлеуге шақырды. Сондай-ақ ол синергия – бұл бір-бірімен ғана емес, Құдаймен де ынтымақтастық екенін айтып, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара тәуелділіктің терең түсінігін білдіретінін атап өтті.Съезге қатысу үшін Астана қаласына Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының Префектісі кардинал Джордж Джейкоб Кувакад бастаған Қасиетті Тақтың делегациясы келді.Биылғы Съезд 100-ден астам рухани көшбасшыны, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың және ғылыми қауымдастықтың өкілдерін, танымал қоғам қайраткерлерін, беделді дінтанушы сарапшыларды біріктірді.18 қыркүйекте Съезд өз жұмысын жалғастырды. VIII Съезд бағдарламасы аясында секциялық отырыстар мен сараптамалық дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар, БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірлесіп ұйымдастырылған Діни нысандарды қорғауға арналған Арнайы сессия және Жас діни көшбасшылардың II Форумы өтті.Геосаяси тұрақсыздық пен қақтығыстар, қарулы жанжалдар, климаттың өзгеруі секілді заманауи жаһандық сын-қатерлер аясында Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі өркениетаралық және дінаралық сындарлы диалог үшін бірегей алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1069918?lang=kk
АҢДАТПА! Instagram желісіндегі @press_kyzmet_kgd парақшасында «Криптоиндустрияға арналған жаңа салық кодексіне түзетулер енгізу» тақырыбында тікелей эфир өтеді. 13.10.2025
АҢДАТПА!Instagram желісіндегі @press_kyzmet_kgd парақшасында «Криптоиндустрияға арналған жаңа салық кодексіне түзетулер енгізу» тақырыбында тікелей эфир өтеді.Күні: 18 қыркүйек 2025 жыл.Уақыты: 16:00.Баяндамашы: Талғат Әділов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Цифрлық активтерді әкімшілендіру департаментінің басшысы.Модератор: Гүлжан Қалменова, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1069932?lang=kk
Су беру уақытша тоқтатылады 13.10.2025
«Қостанай-Су» МКК хабарлайды: Тәуелсіздік көшесі, 42 мекенжайында орналасқан жаңа нысанды су құбыры желісіне қосуға байланысты 2025 жылғы 19 қыркүйекте сағат 09:00-ден 00:00-ге дейін төмендегі мекенжайлар бойынша ауыз су беру уақытша тоқтатылады:•Жеке тұрғын үйлер: Тәуелсіздік к., 26; Қайырбеков к., 77; Сьянов к., 71•Әлеуметтік нысандар: ХҚКО – Тәуелсіздік к., 46; Әділет департаменті – Тәуелсіздік к., 38, 40; Қалалық полиция бөлімі – Тәуелсіздік к., 36•Кәсіпкерлік нысандары: «Оливка» мейрамханасы – Тәуелсіздік к., 34; «Домовенок» дүкені – Тәуелсіздік к., 32; «Продукты» дүкені – Тәуелсіздік к., 26; Автобөлшектер дүкені – Қайырбеков к., 86; «Сапсан» автожуғышы – Тәуелсіздік к., 18; Автосервис – Тәуелсіздік к., 18/1; «RUSSO» мейрамханасы – Сьянов к., 71/1; «Ванда» гүл салоны – Сьянов к., 71/1.«Қостанай-Су» МКК келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1069941?lang=kk
Қазақстан Елшісінің Литва Елшісімен кездесуі туралы 13.10.2025
Қазақстан Тбилиси қаласындағы Елшілігінде Елші Мәлік Мырзалин Литва Республикасының Грузиядағы Елшісі Дарюс Виткаускас мырзамен кездесті.Әңгімелесу барысында дипломаттар Қазақстан мен Литва арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың бүкіл спектрі бойынша қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен сындарлы сипатын атап өтті.Сұхбаттасушылар өз елдері мен аккредиттелген мемлекет арасындағы қарым-қатынастар, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер туралы пікір алмасты.Елші М. Мырзалин әріптесін Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.Кездесу соңында дипломаттар байланыстарды жалғастыру және өзара ынтымақтастық туралы келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1069968?lang=kk
Астанада француз «HydroPlus» компаниясымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды 13.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров француз «HydroPlus» компаниясының президенті Франк Дель Реймен кездесу өткізді.Кездесу барысында гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңарту, сондай-ақ Қазақстанның су шаруашылығында заманауи инженерлік және экологиялық тұрғыдан орнықты шешімдерді енгізу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.Ә.Қуантыров Қазақстанның инновацияларға және «жасыл» тұрақтылыққа негізделген серіктестікке мүдделі екенін атап өтті және «HydroPlus» компаниясымен бірлескен жобалар су ресурстарын басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттырып, экологиялық бағытталған дамуға үлес қосатынына сенім білдірді.Өз кезегінде Франк Дель Рей француз компаниясының халықаралық жобаларда қолданылған дәлелденген техникалық шешімдер негізінде ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ мен «HydroPlus» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар бірлесіп инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін өңірлер мен бағыттарды айқындауды көздейді.«HydroPlus» – VINCI Construction Grands Projets құрамына кіретін инженерлік компания, бөгеттер мен су қоймаларын жаңғырту технологияларын қоса су шаруашылығы саласында инновациялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге маманданған. 1991 жылы құрылған компания бүгінгі таңда әлемнің 30-дан астам елінде жобаларды жүзеге асырып, экологиялық тұрақты және экономикалық тиімді шешімдер ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1070666?lang=kk
Қазақстан СІМ-де фармацевтика саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылды 13.10.2025
Астана, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов қытайлық «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Шу-хэмен кездесу өткізді.Инвестор Қазақстанда техникалық қарасораны өсіру және қайта өңдеу жобасын іске асыруға ниет білдірді. Өсімдік құрамындағы тетрагидроканнабинолдың рұқсат етілген мөлшері (0,3%-дан аспайды) халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және оның психоактивті қасиеттерін жоққа шығарады. Алынатын шикізат медициналық препараттар, биологиялық белсенді қоспалар және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын болады. Бұдан бөлек, инвестор ет өңдеу саласындағы жобаны жүзеге асыруға да қызығушылық танытты.Ғ.Оспанқұлов фармацевтика және ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу саласындағы жобаларды дамыту Қазақстан инвестициялық саясатының басымдықтарына сәйкес келетінін атап өтті. Ол мемлекет қажетті қолдау көрсетіп, тиісті ведомстволармен үйлестіруді қоса алғанда, толық сүйемелдеу шараларын қамтамасыз етуге дайын екенін ерекше айтты.Өз кезегінде Ли Шу-хэ Қазақстан ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласында жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайға ие екенін атап өтті. Ол компанияның Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаның параметрлерін талқылауды жалғастыруға және Қазақстан аумағында практикалық іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1069988?lang=kk
Индустриялық парк ел игілігіне жарап тұр 13.10.2025
Биыл Астана қаласы инвестиция тарту бойынша елімізде көш бастады. Елордада өндіруші кәсіпорындарды көбейту мақсатында алғашкы 7 айда 1,2 млрд теңге қаржы кұйылған. Осы орайда қалада индустриялық парк жұмыс істейді. Онда 140-ка жуық өнеркәсіп жобасы орналастырылған. Казір оның 82-сы жұмыс істеп, салықпен халық қазынасын толтырып отыр. Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DOqMe18jEty/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1069992?lang=kk
Астана аумағындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан «Modex Astana» зауыты 13.10.2025
Астана аумағындағы №1 Индустриялық паркте орналасқан «Modex Astana» зауыты темірбетонды құрастырмалы блок-модульдер шығарады.Мұнда көпқабатты тұрғын үйлердің әр бөлігі – қабырғасы, төбесі, едені мен балконына дейін құрастырылады.Бүгінде зауытта 500-ге жуық адам еңбектенеді. Жылына 200 мың шаршы метрге жуық тұрғын үйге қажетті модульдер әзірленіп, 5 жыл ішінде 27 ірі жоба іске асырылды. Италиялық технологиямен жабдықталған заманауи өндірістің құрылыс барысымен таныс болыңыздар. Дереккөз:   https://www.instagram.com/p/DOqkXb2jFxf/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1069994?lang=kk
Astana Tourism Бейжіңде өткен ITB – MICE Meeting Point 2025 Халықаралық туристік көрмесі мен конференциясына қатысты 13.10.2025
11-12 қыркүйек күндері Astana Tourism Бейжіңде өткен ITB – MICE Meeting Point 2025 Халықаралық туристік көрмесі мен конференциясына қатысты. ITB (Internationale Tourismus-Börse) командасы ұйымдастырған іскерлік туризм индустриясындағы бұл маңызды іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам сала мамандары қатысты.Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының (ICCA) мүшесі ретінде Астана QazExpoCongress және Air Astana компаниясымен бірлесіп өз стендін ұсынды. Делегация Қазақстан астанасының туристік инфрақұрылымы мен MICE әлеуетін көрсете отырып, 50-ге тарта маманмен іскерлік кездесу өткізді. Ұлттық брендті ілгерілетуге Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығы қолдау көрсетті.ITB ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында Астанаға ерекше назар аударылды, онда Astana Tourism өкілдері ірі қытайлық бизнес қауымдастықтары мен Singapore Tourism Board, Hong Kong Tourism Board, Thailand Convention and Exhibition Bureau сияқты Халықаралық туристік кеңселерінің алдында сөз сөйледі.Бұл іс-шара іскерлік байланыстарды нығайтуға және Астананың перспективалық MICE дестинациясы ретінде танымалдығын арттыруға мүмкіндік берді. Дереккөз: https://www.instagram.com/p/DOqpA90iGX1/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1069995?lang=kk
Ардагерлерге құрмет: Жаңаөзенде бильярдтан жолдастық кездесу өтті 13.10.2025
Ардагерлерге құрмет: Жаңаөзенде бильярдтан жолдастық кездесу өттіЖаңаөзен қаласында Қарттар күні аясында ардагерлер арасында өткен бильярдтан жолдастық кездесудің марапаттау рәсімі Ардагерлер үйінде ұйымдастырылды.Шара AMANAT партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының бастамасымен, мәслихат депутаттарының қолдауымен өтті. Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов, қалалық мәслихат төрағасы Ғалым Байжанов және AMANAT партиясы ЖҚФ хатшысы Темір Мусаев қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.Жарыс қорытындысы бойынша:🥇 1-орын – Базарбаев Амантай🥈 2-орын – Досжанов Түркменбай🥉 3-орын – Нұрмағанбетов ЖақсылықЖеңімпаздар алдағы уақытта қаладағы мұнайшы ардагерлермен өтетін жолдастық кездесуге қатысатын болады.Жиын соңында ардагерлер кеңесінің барлық мүшелері бас қосып, әңгіме-дүкен құрды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1069997?lang=kk
Жаңаөзенде кезекті аппараттық кеңес өтті 13.10.2025
Бүгін, 9 қыркүйек күні Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.Күн тәртібінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының МОФ Жаңаөзен қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен АвтоХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 8 айдағы қорытындысы тыңдалды. Бұл туралы орталық директоры Гүлзада Юсупова баяндама жасады.Қала әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық жиналыстарда берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу жай-күйі қаралды. Бұл мәселе бойынша аппараттың ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы Гаухар Ешбаева есеп берді.Жиын барысында қала әкімі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, халықты цифрлық жүйеге көбірек көшіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты тиісті бөлімдерге жол қауіпсіздігін күшейту жөнінде тапсырмалар берді.Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуы хаттамаға енгізілді.Жаңаөзен қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1069998?lang=kk
🏡 «Үлгілі аула» байқауы жарияланды 13.10.2025
Жаңаөзен қаласында көпқабатты тұрғын үйлер мен аулалардың тазалығы мен абаттандырылуын арттыру мақсатында «Үлгілі аула» конкурсы өтеді.📌 Байқау келесі номинациялар бойынша ұйымдастырылады:• «Үздік кондоминиум басқару органы»• «Үлгілі үй»• «Үздік аула күтуші»🔎 Үміткерлердің жұмыстары тазалық, жасыл желектердің жағдайы, ойын және спорт алаңдарының сақталуы, жарықтандыру мен қасбеттердің күйі секілді бірқатар критерийлер бойынша бағаланады.📅 Өтінімдер 2025 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.📍 Өтінім қабылдау мекенжайы:Жаңаөзен қаласы, мемлекеттік мекемелер ғимараты, 3 қабат,"Жаңаөзен қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ.✉️ Электрондық пошта: zh.i18@mail.ruЖеңімпаздар қала әкімінің «Алғыс хатымен» және сыйлықтарымен марапатталады.✨ Таза әрі әдемі қала – әрбір тұрғынның ортақ еңбегі!Құрметті жаңаөзендіктер, белсене қатысуға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1069999?lang=kk
Астана мен Брюссель парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда 13.10.2025
Брюссель, 2025 жылғы 17 қыркүйек – Брюссель қаласындағы Ұлттар сарайы ғимаратында Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Роман Василенко Бельгия Федералдық Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрайымы, сенатор Стефани Д’Озбен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, парламентаралық байланыстардың екі ел арасындағы саяси диалогты нығайтудың тиімді құралы екенін атап өтті.Елші Р.Василенко бельгиялық тарапты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Ерекше назар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, экономиканы одан әрі цифрландыруға, жасанды интеллектіні дамытуға, «жасыл» энергетикаға көшу мен төмен көміртекті дамуды жеделдетуге, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, маңызды және сирек жер металдарын терең өңдеуге, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру мен көлік-транзиттік әлеуетті дамытуға қатысты шараларға аударылды.Стефани Д’Оз Қазақстан Президенті айқындаған басымдықтарды жоғары бағалап, бельгиялық тараптың цифрландыру, орнықты даму, «жасыл» экономика және стратегиялық маңызды шикізат жеткізу тізбектерінің сенімділігін қамтамасыз ету салаларында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.Әңгімелесуші ерекше ықыласпен (2025 ж. 2-6 қыркүйекте) оның басшылығымен Қазақстанға жасалған бельгиялық делегацияның жуырдағы сапарының нәтижелерін атап өтті. Бұл сапар парламентаралық әрекеттесуді жандандыруға ықпал етті. Ол еліміздің қол жеткізген прогресін және Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды ерекше атап өтті.Тараптар бейінді комитеттер мен достық топтарының арасындағы байланыстарды кеңейтуге, заң шығару және парламенттік бақылау салаларында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ 2025-2026 жылдарға арналған келісілген іс-шаралар күнтізбесін қалыптастыруға, оған өзара сапарлар, тақырыптық дөңгелек үстелдер мен практикалық семинарларды енгізуге дайын екендіктерін растады.Кездесу қорытындысында екіжақты күн тәртібін нақты мазмұнмен толықтыруға және екі елдің мүдделеріне жауап беретін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өзара бағыт расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1070009?lang=kk
Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымымен тиімді ынтымақтастыққа мүдделі 13.10.2025
Париж, 2025 ж. 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Париждегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (ДЖДҰ) штаб-пәтерінде болып, оның Бас хатшысы Эммануэль Субейранмен кездесті.Достық сипатта өткен әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен ДЖДҰ арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін атап өтіп, алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарларын талқылады. Бұл тұрғыда Э. Субейран қазақ тарапына ДЖДҰ-ның Астанадағы Орталық Азия бойынша субөңірлік өкілдігіне ұдайы қолдауы үшін алғысын білдіре отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің осы жұмыстағы белсенді рөлін атап өтті және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.Өз кезегінде А. Абдрахманов сұхбаттасын Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзекті бағыттары туралы хабардар етті. Отандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру туралы бастамасына бөлек тоқталып, осы саладағы мемлекеттердің көпжақты ынтымақтастығындағы ДЖДҰ-ның маңызды рөлін атап өтті.Елші сондай-ақ ДЖДҰ Бас директорын Мемлекет басшысының жуырдағы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының мал шаруашылығы саласына қатысты тұстарымен таныстырды.Атап айтқанда, ол агроғылымының сапалы дамуы, халықаралық ветеринариялық стандарттарды жүйелі қолдану және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды осы саланың экспорттық әлеуетін күшейту мақсатында мал шаруашылығымен айналысатын отандық агробизнесті тиімді қолдау жоспарларын жүзеге асыру үшін Қазақстан мен ДЖДҰ арасындағы тиімді ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті.1924 жылы құрылған Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (ДЖДҰ, бұрын Халықаралық эпизоотиялық бюро деп аталған) – 183 мүше мемлекет қатысатын және штаб-пәтері Парижде орналасқан үкіметаралық ұйым, оның миссиясы жануарлар аурулары туралы сенімді ақпаратты жинау және тарату, адамдар мен жануарлар әлемі үшін салауатты және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бойынша тиімді шараларды қабылдау болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1070012?lang=kk
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Республика күніне орай 600 шақырым жүгіруге ниетті 13.10.2025
Астанадағы аумақтық қорғаныс бригадасы бөлімшесінің командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша ара қашықтығы 600 шақырым болатын бірегей спорттық сынаққа – супермарафонға дайындалуда. Бұл бастамасын ол ұлттық мереке — Республика күніне арнап, жүгіруді 25 қыркүйекте бастауды жоспарлап отыр. Әскери қызметші осы мақсаты арқылы қазақстандық ультрамарафондардың барлық алдыңғы рекордтарын жаңартпақ.Рауан Әбілхановтың бастамасы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен Астана қаласы әкімдігінің әскери қызметшілері тарапынан қолдау тапты.Сержант Әбілхановтың жүгіруде рекорд жасаудан тәжірибесі бар. 2022 жылы ол Алматы облысындағы «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Шелек ауылы бағыты бойынша 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүргіріп өтіп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.42 жастағы спортшы 15 жылдан астам жеңіл атлетикамен айналысады. Алматыда және әскери қызметшілер арасында марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Алдағы марафоннан өзге оның жоспарында 10 күнде 1000 шақырым жүгіру – жаңа жобасы да бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1070014?lang=kk
Жетісулықтарға жаңа Салық кодексінің артықшылықтары түсіндірілді 13.10.2025
Талдықорған қаласында жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен өңірдің кәсіпкерлері мен тұрғындарына арналған көшпелі семинар өткізілді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған заңға 2025 жылдың 18 шілдесінде қол қойған еді. Кодекс салық жүйесін түбегейлі өзгертуге, ашықтық қағидаттарын енгізіп, қазіргі экономикалық жағдайға бейімделуге бағытталған. Президент айтқандай, реформаның басты мақсаты – нормаларды өзгерту емес, салық төлеушілердің жаңа менталитетін қалыптастыру.Жетісуда ауыл шаруашылығы, туризм және кәсіпкерлік сынды салалар жолға қойылғандықтан жаң заң облыстың экономикасын алға сүйрейтін маңызды тетікке айналады деді ведомство өкілдері. Оның көмегімен көлеңкелі экономика азайып, құзырлы органдармен жұмыс жеңілдеп, салықтық әкімшілендірудің тиімділігі артады деп көзделген.Негізгі өзгерістер:Салық жүктемесін дифференциациялау. Медицина және білім беру сияқты әлеуметтік маңызы бар салаларға 2026 жылы 5% мөлшеріндегі төмендетілген корпоративті салық қарастырылған. Бұған қоса жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіліп, ол салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған. Айталық, 8500 АЕК-ке дейінгі кірістер үшін 10% (шамамен 33,5 млн теңге) және одан жоғары кірістер үшін 15% көзделген.Салық режімдерін жеңілдету. Үш негізгі режім қалып отыр. Арнайы салық режімдерін үшке дейін азайту жергілікті кәсіпкерлерге жүйені жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл жеңілдетілген декларация негізінде қызмет ететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, әсіресе өңірдің экономикасындағы басымдыққа ие сектор – аграрлық салада жұмыс істейтіндерге тиімді болады.Бизнесті бөлшектеуге қарсы күрес. ҚҚС мөлшерлемесі 16% дейін көтеріліп, тіркеу шегі төмендейді. Бұл ірі кәсіпорындарды көлеңкеден шығарып, әділ бәсекелестікке жол ашады.Сән-салтанат салығы. Акциздер жалпы құны 450 млн теңгеден асатын қымбат автокөліктерге, яхталарға, ұшақтарға және жылжымайтын мүлікке енгізіледі, бұл норма ауқатты азаматтарды қамтып, осы арқылы өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларды іске асыруға қосымша қаражат тартуға оң әсер береді.Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған келесі семинар 18 қыркүйекте Қонаев қаласында өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1069963?lang=kk
"StarLine"тауар белгісімен контрафактілік өнім жойылды 13.10.2025
2025 жылдың 17 қыркүйегінде Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімімен бірлесіп жалпы саны 123 000 теңге сомасына 8 бірлік "StarLine"тауар белгісімен контрафактілік өнімді жойды.Контрафактілік өнім "StarLine"компаниясы өкілінің өтініші бойынша тексеру іс-шараларының нәтижесінде алынды. Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулыларымен үш кәсіпкер ҚР ӘҚБтК 158-бабы бойынша бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әрқайсысынан 30 АЕК мөлшерінде айыппұл өндіріп алынды.Контрафактілік өнімдер жойылуға жатады, өйткені құқық иесінің рұқсатынсыз өндірілген, жалған және сапа стандарттарына сәйкес келмейді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1070031?lang=kk
Қазақстан мен Ватикан арасындағы медицина саласындағы серіктестік жаңа деңгейге көтерілуде 13.10.2025
2025 жылғы 16 қыркүйекте Астанада «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қорының алаңында Ватикандық «Bambino Gesù» педиатриялық госпиталінің басшысы Тициано Онести бастаған делегацияның кездесуі өтті.Ватикандық «Bambino Gesù» педиатриялық госпиталі Еуропадағы ең ірі балалар стационары және ғылыми‑зерттеу орталығы болып табылады. Аурухананың қызметі педиатрияның барлық бағыттарын қамтиды. «Bambino Gesù» сирек кездесетін ауруларға арналған халықаралық дерекқорды жинақтаған итальяндық «Orphanet» орталығы болып саналады.«Bambino Gesù» делегациясы UMC басшылығының шақыруымен ғана емес, сондай-ақ 17‑18 қыркүйекте Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысу мақсатымен Қазақстанға келген.UMC мен «Bambino Gesù» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум 2022 жылы қол қойылған келісім шеңберінде жүзеге асырылады.Делегация балалар бөлімдерін, трансплантологияны, онкологияны, неврологияны, хирургияны, анестезиология мен реанимацияны, сондай‑ақ «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми‑медициналық орталығы мен жаңа сирек аурулар Орталығын аралап көрді.«University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Юрий Пямен кездесуде екіжақты тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен жобалар мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мәселелері бойынша жан‑жақты және нақты пікір алмасу болды.Кездесу нәтижесінде балалар неврологиясы мен эпилепсия саласындағы ынтымақтастықты, сондай‑ақ UMC базасында Қазақстанда эпилепсия бойынша Референстік орталық құруды қарастыратын 2022 жылғы Меморандумға қосымша келісімге қол қойылды.«Bambino Gesù» делегациясының сапары Қазақстан мен Ватикан арасындағы медициналық саладағы ынтымақтастықтың жаңа парағын ашып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1069670?lang=kk
2025 жылғы 29 тамыздағы Әділет министрінің бұйрығымен заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегіне қатысу қағидаларына өзгерістер енгізілді. 13.10.2025
Соған сәйкес, мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру түрінде көрсету заң консультантымен тікелей жеке тұлға жүгінген сәтте немесе заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.Мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру түрінде көрсетпестен бұрын заң консультанты құқықтық кеңеске жүгінген тұлғаға құқықтық мәселелер бойынша автоматтандырылған көмекшіні пайдалануды ұсынады.Жеке тұлғаға тікелей жүгінгеннен кейін бірден заң көмегін көрсету мүмкін болмаған жағдайда, ол үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуге тиіс. Заң консультанты жеке тұлғаны қабылдау күні мен уақыты туралы қолжетімді түрде хабардар етеді.Құқықтық кеңес беру ауыр науқасқа, жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтағы мүгедектікке немесе өзге де мән-жайларға байланысты заң консультанты белгілеген қабылдау орнына келе алмайтын жағдайда, жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша өткізіледі.Бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдік берген заң көмегін бір рет ала алады.Құқықтық кеңес беру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдау өтініш берушінің (жеке тұлғаның) құқығы болып табылады.Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген заң көмегін құқықтық кеңес беру, қорғау және өкілдік ету түрінде көрсету мынадай жағдайларда көрсетілмейді:• өтініш беруші (жеке тұлға) Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санатына жатпайды;• өтініш берушінің өтініші құқықтық сипатқа ие емес.‼️Бұйрық 2025 жылғы 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1069671?lang=kk
Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағы нарығына шығу үшін ICA-мен әріптестікті дамытуда 13.10.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр Ерлан Сағнаевтың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Халықаралық кооператив альянсының басшысы Баласубраманиан Айермен мемлекеттік органдар, ұлттық институттар мен салалық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен кездесуі өткізілді.Кездесуді ашқан Ерлан Сағнаев кооперативтің экономикада ерекше рөл атқаратынын атап өтті: азаматтарды кәсіпкерлік қызметке тартып, жұмыс орнын құрады, шағын және орта бизнесті қолдап, сондай-ақ қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді.Айтылған негізгі мәселенің бірі өнімді сертификаттау жүйесін дамыту. Қазақстанда халықаралық талапқа сай аккредиттелген зертханалар жұмыс істейді. Олардың қызметін Азия-Тынық мұхиты елдерінің стандартына сәйкес келтіру жөніндегі бірлескен жұмыс отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.Кооперативтік жобалар негізінде Қазақстанда халықаралық компаниялардың өндірісін жергіліктендіру перспективасы жеке талқыланды. Бұл тәсіл озық технологияға қол жеткізуге мүмкіндік беріп, жаһандық қосылған құн тізбегіне интеграциялаудың жаңа мүмкіндігін жасайды.Вице-министр сондай-ақ Қазақстан үшін кооперацияны дамытудың негізгі факторы көлік байланысы екенін атап өтті. "Достық - Мойынты" учаскесінде 800 шақырымнан астам темір жол құрылысының аяқталуы тауарлардың шетелдік нарыққа неғұрлым тиімді түрде шығуын қамтамасыз ете отырып, елдің логистикалық әлеуетін едәуір арттырды.Ынтымақтастықтың перспективалық бағытының ішінде қатысушылар қаржыландырудың икемді шарттарымен, яғни төмен пайызбен немесе өнім түрінде қайтарумен кредиттік одақтарды дамытуды атап өтті. Қазақстан осы тәжірибені енгізу мүмкіндігін зерделеуге ниетті.Өз кезегінде Баласубраманиан Айер БҰҰ Бас Ассамблеясы 2025 жылды "Кооперативтер жақсы әлем құрады" ұранымен Халықаралық кооперативтер жылы деп жариялағанын еске салды. Ол кооперативтердің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік дамуға айтарлықтай әсер ететінін атап өтті. Бүгінде оған миллиардтан астам адам немесе планета халқының шамамен 12% - ы мүше. Баласубраманиан Айер Халықаралық кооператив альянсының Орталық Азияда белсенді жұмыс істеуге, жаңа өткізу нарықтарын іздеуге және өнімді ілгерілетуге жәрдемдесуге дайындығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанға ICA қатарына қосылуды ұсынды.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс тобын құру, сараптамалық кездесулер өткізу және өңірлік форумдарға, көрмелерге және электрондық сауда алаңдарына қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.Анықтама: Халықаралық кооператив альянсы (ICA) — әлемнің 110 елінен 310-нан астам мүше ұйымды біріктіретін жаһандық федерация. 1895 жылы негізі қаланған ICA үкіметтік емес сектордың ең көне және ең ірі бірлестігінің бірі және тұрақты дамудың кооперативтік моделін белсенді түрде насихаттайтын БҰҰ серіктесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1069684?lang=kk