Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Ирактың Әділет министрлігінде Қазақстан азаматтарының мүдделерін қорғау және құқықтық ынтымақтастық мәселелері талқыланды 11.07.2026
Бағдад, 2026 жылғы 22 маусым – Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі және Ирак Республикасында Елші қызметін қоса атқарушы Талғат Шалданбай Ирактың Әділет министрі Халид Шуванимен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту және екі елдің салалық мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерімен бірге құқықтық саладағы Қазақстан-Ирак ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.Құқықтық ынтымақтастық саласында пысықталудағы екіжақты құжаттарға, оның ішінде сотталған адамдарды беру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, қазақ тарапы өзара мүдделілік тудыратын консулдық-құқықтық сипаттағы белгілі бір мәселелерді көтеріп, екі мемлекеттің құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келешекте құқықтық саладағы Қазақстан-Ирак ынтымақтастығын әрі қарай кеңейтуге және екіжақты шарттық базаны дамытуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/1245606?lang=ru
Грекия Әділет министрлігінде Қазақстанның конституциялық реформаларының тәжірибесі таныстырылды 11.07.2026
Афина, 2026 жылғы 22 маусым – Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грек Республикасы Әділет министрлігінің Тұрақты хатшысы Василики Гиавимен кездесу өткізді.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі грек тарапын Қазақстан Республикасында елдің қоғамдық-саяси жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды саяси және конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Жаңа Конституцияның ережелерін іске асыруға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, қоғамдық-саяси институттарды дамытуға, сондай-ақ алдағы Құрылтай сайлауына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Грек тарапы Қазақстанда жаңа Конституцияны іске асыру аясында заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайту, сот жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді.Осыған байланысты тараптар екі мемлекеттің құқықтық жүйелерін дамыту, заңнаманы жетілдіру, әкімшілік әділетті дамыту, заң қызметтерін цифрландыру және сот төрелігінің қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазақстан мен Грекияның бейінді мемлекеттік органдары, сондай-ақ екі елдің сарапшылық және ғылыми ортасы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін жоғары әлеует бар екені атап өтілді.Келіссөздер барысында бейінді ведомстволар желісі бойынша сарапшылық алмасулар мен жұмыс сапарларын ұйымдастыруды қоса алғанда, екіжақты байланыстарды одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ортақ мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1245580?lang=ru
Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі Өзбекстан Елшісімен кездесу өткізді 11.07.2026
Аддис-Абеба, 2026 ж. 22 маусым – Қазақстан Республикасының Елшілігінде Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР-дың Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаевтың Өзбекстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі және қоса атқарушы бойынша Эфиопиядағы Елшісі Ашраф Ходжаевпен кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Сұхбат соңында дипломаттар өңірдегі сыртқы саяси мүдделерді тиімді ілгерілету үшін жұмыс байланыстарын қолдауға өзара дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1245506?lang=ru
KazAID пен DevelopmentAid ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады 11.07.2026
Астана, 2026 жылғы 22 маусым – «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асанов пен DevelopmentAid ұйымының Стратегиялық серіктестіктер және донорлармен қарым-қатынас департаментінің директоры М. Узунның кездесуі өтті.Кездесу барысында DevelopmentAid платформасының таныстырылымы жасалды. Сонымен қатар, тараптар аталған онлайн алаң аясындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1245501?lang=ru
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру 11.07.2026
Қызметті онлайн режимінде алу1.Порталда авторизацияданөтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз (қызметті алу үшін сіз e-qazyna.kz сайтында тіркелуіңіз керек).2.Өтінімді e-qazyna.kzсайтында толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Тіркелу кезінде көрсетілген электронды поштада көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінішіңізді қарау туралы хабарламаны оқыңыз.Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):1.Өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш.2.Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (қажет болуына қарай ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда).3.Жалдау шарты не тұрғынжай ордері.4.Көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі ұсынады.5.Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады.6.Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады.7.Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.8.Тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат.9.Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжаттың көшірмесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1245487?lang=ru
Вьетнам Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 11.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Нгуен Тхань Леден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.Кездесу барысында тараптар алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар мен өзара сапарлар кестесіне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады.Ә.Қуантыров Қазақстанның Вьетнаммен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Тараптар көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды, ең алдымен БҰҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Кездесу соңында министрдің орынбасары вьетнамдық дипломатқа Қазақстандағы жұмысына табыс пен сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1245628?lang=ru
Астана қаласы бойынша МКД-да мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өткізілді 11.07.2026
 Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Нурлыбеков ай сайынғы оқыту іс-шараларының жоспары аясында Аудит басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту шаралары қарастырылды. Салықтық тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызмет жүйесінде адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1245490?lang=ru
KazAID: статистикада мобильді деректерді пайдалану бойынша өңірлік семинар 11.07.2026
Алматыдағы БҰҰ алаңында ресми статистика үшін мобильді позициялау деректерін пайдалану бойынша үш күндік аймақтық семинар басталды. Іс-шараны Қазақстан халықаралық даму агенттігі “KazAID” Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TİKA), Біріккен Ұлттар Ұйымының халықты орналастыру қорымен (UNFPA) және Азия даму банкімен бірлесіп ұйымдастырды.             Семинар Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның және Әзірбайжанның, сондай-ақ ресми статистика үшін мобильді деректерді пайдалану саласындағы жетекші статистикалық ведомстволардың бірі Индонезияның ұлттық статистикалық қызметтерінің өкілдерінің басын қосты.             KazAID Басқарма төрағасының орынбасары О.Сыздықов семинар қатысушыларын қарсы алу сөздерін жеткізе отырып, KazAID статистикалық жобаларды қолдауды өңірдің тұрақты дамуына қосқан үлесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Бұл іс-шара Агенттіктің Ұлттық статистика бюросымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан өңірлік ынтымақтастықты дамыту және өңірдегі ресми статистиканың сапасын арттыру үшін заманауи деректер көздерін пайдалануды кеңейту бойынша бірлескен бастамаларының жалғасы болып табылады.             Семинарда Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының және Индонезияның Орталық статистика бюросының мамандары спикер ретінде серіктес елдердің өкілдерімен ұлттық статистикалық жүйелерге инновациялық деректер көздерін енгізудегі табысты тәжірибелерімен бөліседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1245476?lang=ru
БЖЗҚ-ның Ашық есік күні: цифрлық сервистер, қаржылық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау 10.07.2026
2026 жылғы 26 маусымда «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында кезекті Ашық есік күніне қатысуға шақырады.Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады. Кездесуде Сіз:БЖЗҚ-ның қандай цифрлық сервистері салымшыларға/алушыларға қолжетімді екенін және оларды қалай пайдалану керектігін;жеке кабинетте және мобильді қосымшада зейнетақы қызметтерін қалай алуды, зейнетақы жинақтарының жай-күйін бақылауды, берілген өтініштердің мәртебесін қадағалауды және т. б.;болашақ зейнетақы төлемдерін бағалауға және зейнетақымен қамсыздандыруды жоспарлауға көмектесетін «Зейнетақы калькуляторы» және «Дербес зейнетақы жоспары» сервистері қалай жұмыс істейтінін;БЖЗҚ-ның ресми сайты, Telegram-бот және Қормен өзара іс-қимыл жасаудың басқа да цифрлық арналары қандай мүмкіндіктер беретінін;алаяқтар ең көп таралған алаяқтық схемаларының қандай түрлерін қолданатынын және алдау әрекеттерін қалай тануға болатынын;дербес деректеріңізді, зейнетақы жинақтарыңызды және банктік ақпаратыңызды алаяқтар мен жалған делдалдардан қалай қорғауға болатынын біле аласыз. Бұдан басқа, БЖЗҚ мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша жеке кеңес береді.Барлық ниет білдірушілерді Ашық есік күніне қатысуға, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтері туралы өзекті және шынайы ақпарат алуға, сондай-ақ дербес деректеріңіз бен зейнетақы жинақтарыңызды алаяқтардан қалай қорғау керектігін білуге шақырамыз.«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1247570?lang=ru
Дебиторлық берешек туралы 10.07.2026
 Егер салық төлеуші (салық агенті) мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғаннан кейін өзінің банктік шоттарындағы қаражат есебінен шекті мөлшерден асатын салық берешегін өтемесе, берешекті өндіріп алу оның дебиторларының банктік шоттарындағы ақшаға қолданылуы мүмкін. Дебитор – салық төлеушінің (салық агентінің) алдында берешегі бар жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент. Дебиторларды анықтау үшін салық органы ақпараттық жүйелердің деректерін пайдаланады, сондай-ақ салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды растау мақсатында салықтық тексерулер жүргізуге құқылы.Дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін дебитор өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін немесе берешек сомасын растайтын өзге де құжаттарды ұсынуы тиіс.Хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, салық органы дебиторға қатысты салықтық тексеру жүргізіп, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығаруға құқылы.Дебиторлық берешек салыстырып тексеру актісімен, салықтық тексеру актісімен немесе заңды күшіне енген сот шешімімен расталған жағдайда, салық органы дебитордың банктік шоттарына инкассолық өкімдер шығарады. Өндіріп алу расталған дебиторлық берешек пен салық берешегі сомасы шегінде жүзеге асырылады.Салық берешегі өтелгеннен кейін инкассолық өкімдер кері қайтарылады. Егер дебитордың шоттарынан артық қаражат есептен шығарылса, артық сома өтінішсіз-ақ сол шотқа қайтарылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1245453?lang=ru
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 10.07.2026
⠀Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысуда.⠀Съездің пленарлық отырысы басталар алдында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оның алаңындакүн тәртібіндегі мәселелер мен партия қызметінің негізгі бағыт-бағдары талқыланды.⠀III Съезд делегаттары Сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды Қаулы қабылдайды.⠀10 шілдеге дейін партия ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрды және басшылық органдарын жасақтады. Өңірлік Саяси кеңестердің құрамына 808 адам, Бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім беру және ғылым, үкіметтік емес сектор мен кәсіподақтар, мәдениет және спорт, өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика, құқықтану, IT және креативті индустрия салаларының өкілдері бар.⠀«Әділет» партиясы түрлі кәсіби қоғамдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілі саналатын қазақстандықтардың бастамасымен құрылды. 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында партияның құрылтай съезі өтті. 2026 жылғы 1 маусымда заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН БЕКІТТІ 10.07.2026
 Ұйымдастырушылық мәселелер қаралғаннан кейін «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің делегаттары Сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын талқылап, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті.Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мазмұны мен басты басымдықтары жаңартылған партияның Сайлауалды бағдарламасын бекіту болды. Құжат сегіз негізгі бағыттан тұрады. Оларды партияның Саяси кеңес мүшелері жан-жақты таныстырды. Бағдат Мусин цифрлық мемлекетті дамытуға арналған бастамаларды ұсынды. Замира Кузиева өңірлерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Ренат Бектұров әділетті экономиканы қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды. Динара Зәкиева әлеуметтік саясат бағытын ұсынды. Лаура Қарабасова адами капиталды дамыту мәселелеріне тоқталды. Қарлығаш Жаманқұлова мәдениет саласына қатысты бастамаларды таныстырса, Ирина Тен экологиялық күн тәртібіне арналған ұсыныстарын ортаға салды. Талқылауды қорытындылаған партия Төрағасы Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының Сайлауалды бағдарламасы ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. «Бүгін бекітілген партияның сайлауалды бағдарламасы кабинетте отырып жазылған жоқ. Оның негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегиялық бастамалары, әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы, «Әділет» партиясы өткізген көптеген стратегиялық талқылаудың нәтижесі, сондай-ақ азаматтардың ұсыныс-пікірі мен жетекші сарапшылардың ұсыныстары арқау болды», - деді Айбек Дәдебай. Оның айтуынша, құжат алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап қана қоймай, бүгінде қоғам үшін ең өзекті мәселелерді шешетін нақты тәсілдерін де көрсетеді. «Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде. Бағдарламаның әрбір бөлімінің өзегінде нақты адам, оның тұрмыс-тіршілігі, мүддесі, үміті мен қажеттілігі тұр», - деді партия Төрағасы. Сөзін қорытындылаған Айбек Дәдебай Сайлауалды бағдарлама бекітілгеннен кейін партия сайлау науқанына дайындықтың келесі кезеңіне кірісетінін айтты. Ендігі негізгі назар өңірлердегі азаматтармен жұмысқа және бағдарламаның негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге бағытталады. «Жаңа Конституция Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді маңыздысы – сол мүмкіндіктерді қалай пайдалана алатынымыз. Елді өзгертетін – адамдар: олардың идеялары, жауапкершілігі, адал еңбегі және халқына қызмет етуге деген даярлығы. Бүгін біз алдағы сайлауда «Әділет» партиясының атынан түсетін, осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын кандидаттар тобын бекіттік. Сіздермен бірге ел игілігі жолында еңбек етуге дайын пікірлес азаматтардың біртұтас командасын жасақтадық. Олар уәде берумен ғана шектелмейді. Кінәліні іздемейді. Өткенмен өмір сүрмейді. Болашақты бірге құрады», – деп түйіндеді Айбек Дәдебай. Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Съезд ұсынылған кандидаттарды қолдап, олар алдағы реформалардың ел ішіндегі негізгі жаршылары болады деген сенім білдірді. «Әділет» партиясы 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді ұсынды. Оның құрамына ғылым, білім, бизнес, өнеркәсіп, цифрлық сала, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам өкілдері енді.Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі: 1. Авершин Константин Викторович 2. Адаев Ербол Дәненұлы 3. Адамбаева Әлия Райымқұлқызы 4. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы 5. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы 6. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы 7. Аймағанова Айжан Талғатқызы 8. Алтай Абай 9. Амантайұлы Жарқынбек 10. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы 11. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы 12. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы 13. Ахметов Съезбек Рақышұлы 14. Ахметов Сәбит Мейрамұлы 15. Ашимова Ульяна 16. Әбдікешов Алмат Жанболатұлы 17. Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы 18. Әбілева Айымгүл Ақылбайқызы 19. Әбілов Алпамыс 20. Әлімқұлов Бекжан Мұхидинұлы 21. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы 22. Әскеров Эмин Халилұлы 23. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы 24. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы 25. Базенов Айрат Базенұлы 26. Байбеков Шалкар 27. Байсақова Зүлфия 28. Байтұрсынов Ғиззат Сейдахметұлы 29. Бақытбекұлы Нұркен 30. Балтабаев Әділ Серікұлы 31. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы 32. Басин Вадим Борисов 33. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы 34. Батырхан Жолдас Нұрланұлы 35. Башимов Марат Советұлы 36. Баялиев Рустам Ахатханұлы 37. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы 38. Бежецкий Сергей Владимирович 39. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы 40. Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы 41. Беркімбаев Берік Серікұлы 42. Беспалинов Берген Маратұлы 43. Бәденова Әсел Жанболатқызы 44. Битеміров Дәурен Мұхтарұлы 45. Бірмағамбетов Наурызбек 46. Больгерт Евгений Андреевич 47. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы 48. Газдиева Белла Асланбековна 49. Годунова Наталья Николаевна 50. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы 51. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы 52. Данилов Александр Сергеевич 53. Дәдебай Айбек Арқабайұлы 54. Дәуіталиев Қазыбек Нұрсейітұлы 55. Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы 56. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы 57. Егамбердиева Динара Асылқызы 58. Елеусізова Бота Серікқызы 59. Ералиев Бегалы Ералыұлы 60. Ералиев Мағжан Абзалұлы 61. Ерғарин Дәурен Тілекұлы 62. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы 63. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы 64. Ерниязова Айсұлу Әлімжанқызы 65. Есімханов Сұнғат Қуатұлы 66. Есматов Серік Аманжолұлы 67. Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы 68. Жамалов Бауыржан Салдарұлы 69. Жаманқұлова Карлығаш Қалибекқызы 70. Жансеңгіров Арман Серікұлы 71. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы 72. Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы 73. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы 74. Зенченко Геннадий Геннадьевич 75. Зәкиева Динара Болатқызы 76. Ильясов Еркебұлан Сайдоллаұлы 77. Имашева Снежанна Валерьевна 78. Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы 79. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы 80. Кенжеханұлы Рауан 81. Керімбаева Наргиза Абайдоллақызы 82. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы 83. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы 84. Кузиева Замира Закировна 85. Кучинская Юлия Владимировна 86. Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы 87. Қайдарова Диляра Радикқызы 88. Қайыпов Дәурен Айтасұлы 89. Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы 90. Қалықов Арман Қобыландыұлы 91. Қамзабекұлы Дихан 92. Қарабасова Лаура Чапайқызы 93. Қариева Шолпан Қайратқызы 94. Қарин Ерлан Тынымбайұлы 95. Қаринова Шолпан Таңатқызы 96. Қисықова Ақтоты Жанаралқызы 97. Қожаев Марат Шәдетханұлы 98. Қожаниязов Серік Салауатұлы 99. Қожахметова Ләззат Таймырқызы 100. Құйқабаев Асқар Нұртуғанұлы 101. Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы 102. Лаврентьев Андрей Сергеевич 103. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы 104. Матжани Нұрбек Сейілханұлы 105. Медеуова Дана Теміртайқызы 106. Мекеева Жанат Жұмағазықызы 107. Мусин Бағдат Батырбекұлы 108. Мүтәліп Шахмұрат 109. Мүтиев Абылай Құрметұлы 110. Мұсылманбек Ерқанат 111. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы 112. Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы 113. Мұхтарова Назгүл Батыржанқызы 114. Мырзағараев Мади Жомартұлы 115. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы 116. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы 117. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы 118. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы 119. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы 120. Нұрмухамедов Бөріхан Жолбарысұлы 121. Осин Кирилл Владимирович 122. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы 123. Оспанов Шота Сәбитбекұлы 124. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы 125. Павленко Дмитрий Иванович 126. Парсегова Анжелика Борисовна 127. Перепечина Ольга Валентиновна 128. Петров Константин Викторович 129. Пономарев Сергей Михайлович 130. Пулатов Шерзод Аббозович 131. Разбекова Ләззат Мұратқызы 132. Рамазанова Наталья Сергеевна 133. Рахметова Айзада Нұрланқызы 134. Рожин Максим Николаевич 135. Рымжанов Мәди Рысбекұлы 136. Савельева Татьяна Михайловна 137. Сағымбаева Жұлдыз Әбдіполатқызы 138. Сағынов Замир Садықұлы 139. Саиров Ерлан Бияхметұлы 140. Сайланбаев Әлібек Айдосұлы 141. Сапарова Эльмира Карифоллақызы 142. Сартбаева Әсем Бахытқызы 143. Сарым Айдос Әміроллаұлы 144. Себасов Марат Бақбергенұлы 145. Семидоцких Елена Александровна 146. Сәбитова Айнұр Әлімханқызы 147. Сәдуақасова Динара Тайбасарқызы 148. Сқакова Айжан Амангелдіқызы 149. Смышляева Екатерина Васильевна 150. Соловьёва Ирина Анатольевна 151. Солтабаева Эльзира Әуесханқызы 152. Сулаймонова Русана Русланқызы 153. Сүгірбай Аят Исатайұлы 154. Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы 155. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы 156. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы 157. Талғатбекова Нұргүл Ахатқызы 158. Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы 159. Тауан Мұхамедқали 160. Темербаева Айжан Маратқызы 161. Тен Ирина Сергеевна 162. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы 163. Теренченко Илья Сергеевич 164. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы 165. Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы 166. Тоқтамұрат Армангүл 167. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы 168. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы 169. Төлегенов Асылжан Қанатұлы 170. Төлеушин Қаныш Аманбайұлы 171. Төренова Қалия Батталқызы 172. Усанова Руфина Касымовна 173. Фазылжан Анар Мұратқызы 174. Хаирова Әсел Әнуарқызы 175. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы 176. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы 177. Хамза Еділ 178. Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы 179. Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы 180. Шапақ Үнзила 181. Шаталов Никита Сергеевич 182. Шермағанбет Мейрамбек 183. Шибұтов Марат Мақсұмұлы 184. Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы 185. Щербаков Станислав Александрович 186. Юлдашев Мамирхан Муталибович.Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралғаннан кейін делегаттар кезектен тыс III Съездің Қаулысын қабылдап, күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша қабылданған шешімдерді бекітті.
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 10.07.2026
Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 1000-нан астам делегат, облыстық филиалдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысуда.Съездің пленарлық отырысы басталар алдында партия Саяси кеңесінің отырысы өтіп, оның алаңында күн тәртібіндегі мәселелер мен партия қызметінің негізгі бағыт-бағдары талқыланды.III Съезд делегаттары Сайлауалды бағдарламаны, кандидаттардың партиялық тізімін бекітіп, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, мүшелік жарналардың мөлшерін айқындайды, сондай-ақ қорытынды Қаулы қабылдайды.10 шілдеге дейін партия ұйымдық құрылымын толық қалыптастырып, өңірлік желісін құрды және басшылық органдарын жасақтады. Өңірлік Саяси кеңестердің құрамына 808 адам, Бақылау-тексеру комиссияларының құрамына 100 адам енді. Олардың қатарында шағын және орта бизнес, білім беру және ғылым, үкіметтік емес сектор мен кәсіподақтар, мәдениет және спорт, өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, бұқаралық ақпарат құралдары, экономика, құқықтану, IT және креативті индустрия салаларының өкілдері бар.«Әділет» партиясы түрлі кәсіби қоғамдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілі саналатын қазақстандықтардың бастамасымен құрылды. 2026 жылғы 7 мамырда Астана қаласында партияның құрылтай съезі өтті. 2026 жылғы 1 маусымда заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді.Қазір «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын жалғастыруда.Кезектен тыс III Съезд жұмысы «Әділет» партиясының ресми YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі:https://www.youtube.com/@AdiletPartiyasy
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ӨМІР САПАСЫН ОҢ БАҒАЛАЙДЫ – САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ 10.07.2026
DATAmetrics компаниясы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін сипаттайтын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл деректер азаматтардың өмір сапасына берген бағасын, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістер мен болашаққа деген деген сенім деңгейін қамтыған. Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесінде анықталды.Бетпе-бет сұхбат («face-to-face») әдісімен жүргізілген сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты.Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі адамдардың өз өміріне, материалдық жағдайына және болашаққа деген сенім деңгейіне қандай баға беретіні арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері осы көрсеткіштердің барлығы бойынша респонденттердің жауаптарында оң көзқарас басым екенін көрсетті.Ең жоғары көрсеткіш өмірге ризалық деңгейі бойынша тіркелген. Сауалнамаға қатысушылардың 63,3%-ы өз өміріне толық риза екенін айтса, тағы 31,9%-ы көп жағдайда қанағат білдіреді. Осылайша, респонденттердің 95,2%-ы өз өміріне оң баға береді. Ал 3,4%-ы өз өміріне онша риза еместігін, 1,1%-ы мүлде риза еместігін мәлімдеді.Өз өміріне берілген оң баға отбасының материалдық жағдайын қабылдау деңгейінен де көрініс табады. Зерттеуге қатысушылардың үштен екісінен көбі (67,6%) отбасыларының материалдық жағдайы соңғы жылда жақсарғанын айтқан. Оның ішінде 29,8%-ы жағдайы айтарлықтай жақсарғанын, ал 37,8%-ы белгілі бір деңгейде жақсарғанын атап өтті.Респонденттердің 25,5%-ы отбасының материалдық жағдайы өзгермегенін айтса, 6,6%-ы нашарлай түсті деп санайды.Азаматтардың бүгінгі күнге берген бағасы болашаққа деген үміт деңгейіне әсер етеді. Зерттеудің қорытындылары бойынша, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі өз отбасының келешегіне сеніммен қарайды. Мысалы, он респонденттің шамамен сегізі (78,6%) бір жылдан кейін бүгінгі күннен жақсырақ өмір сүретініне сенеді. Оның ішінде 45,0%-ы өз жағдайы айтарлықтай жақсарады деп үміттенсе, тағы 33,6%-ы белгілі бір деңгейде жақсаратынына үмітті.Сондай-ақ 15,9%-ы өз отбасының тұрмыс деңгейі өзгеріссіз қалады деп есептейді. Ал, респонденттердің 3,4%-ы өз жағдайы нашарлауы мүмкін деп санайтынын айтқан.Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің негізгі көрсеткіштері бойынша оң бағалаудың басым екенін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі өз өміріне риза, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістерді оң бағалайды және алдағы уақытта тұрмыс жағдайының жақсаратынына сенім білдіреді.Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.DATAmetrics компаниясы бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі № ОСК-11-07/ЗТ-К-29 хабарламасы негізінде жариялап отыр.
KazAID ДРК саласы туралы хабардарлықты арттыруда 10.07.2026
2026 жылғы 22 маусымда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері үшін «Халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық саласындағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында дәріс өткізді.Таныстыру іс-шарасы аясында дамуға ресми көмек (ДРК), донор елдер мен серіктес елдер, қазақстандық ДРК жүйесі, сондай-ақ KazAID-тің басымдықтары мен қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Бұдан бөлек, Агенттік өкілдері осы саладағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тетігі туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1245414?lang=ru
Қостанай облысында ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамуда 10.07.2026
Ауылдық аумақтарды дамыту Қостанай облысындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл ретте тұрғын үй салуға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және ауыл тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлінуде.Соңғы жылдары өңірде ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста 517,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5,4 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 63,7 мың шаршы метр тұрғын үй ауылдық елді мекендерге тиесілі, бұл жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 12,3 пайызын құрайды.Тұрғын үй құрылысы ауыл тұрғындарының баспана жағдайын жақсартып қана қоймай, ауылдардың жас мамандар мен жас отбасылар үшін тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді. Қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы мен кадрлық әлеуетін сақтаудың маңызды факторы болып табылады.Тұрғын үй құрылысымен қатар өңірде инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Маңызды бағыттардың бірі – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бүгінде облыстағы барлық ауылдық елді мекендер орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Ендігі міндет – суды әрбір үйге жеткізу.Соңғы үш жылда ауылдық жерлерде орталықтандырылған су жүйесіне қосылған үй шаруашылықтарының саны 48,3 мыңнан 63 мыңға дейін өсті. Жалпы Қостанай облысының ауылдық елді мекендерінде 80,6 мың аула бар.Сондай-ақ ауылдық елді мекендердің көлік қолжетімділігін арттыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023–2025 жылдары 185 ауылға кіреберіс жолдар мен мыңнан астам ауыл көшесі жөнделді. Бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалуына мүмкіндік беріп, логистиканы жақсартады және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін береді.Ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған кешенді шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, заманауи өмір сүру жағдайларын қалыптастыруға және Қостанай облысы ауылдарының әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1245228?lang=ru
Осы жазда қайда баруға болады: Алматы облысының іс-шаралар күнтізбесі 10.07.2026
Осы жазда Алматы облысы еліміздегі ірі мәдени, спорттық және ойын-сауық шаралары өтетін басты алаңдардың біріне** айналады. Үш ай бойы өңірде халықаралық фестивальдер, спорттық турнирлер, этномәдени мерекелер, танымал өнерпаздардың концерттері және ауқымды open-air жобалар ұйымдастырылады.Іс-шаралардың басым бөлігі облыстың танымал туристік орындарында — Қапшағай су қоймасының жағалауында, таулы аймақтарда және өңірдің өзге де көрікті жерлерінде өтеді. Бұл қонақтарға жарқын шараларға қатысумен қатар саяхат жасап, өлкенің табиғи және мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. МАУСЫМ27 маусым – Қымызмұрындық-2026 және Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығы27 маусым күні Кеген ауданында Алматы облысындағы ең ірі этномәдени мерекелердің бірі – Қымызмұрындық-2026 өтеді. Іс-шара Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығына арналады.Бағдарламада «Бие байлау» дәстүрлі рәсімі, Қарқара жәрмеңкесі, қолөнер шеберлері мен суретшілер көрмесі, шеберлік сағаттары, қымыздан дәм тату және ұлттық ойындар ұйымдастырылады.Қонақтар ұлттық ат спорты түрлерінен «Қыз қуу», «Теңге ілу», аламан бәйге, топ бәйге және құнан бәйге жарыстарын тамашалай алады. Мереке «МузАРТ», «Меломен», «Алашұлы» топтары мен әнші Диана Исмаилдың қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады.📍 Қарқара жайлауы, Кеген ауданы🕙 Басталуы: 10:00🎟 Кіру: тегін 27 маусым – SATISFACTION Festival27 маусым күні Алматы облысындағы «Тортуга» демалыс аймағында Орталық Азиядағы ең ірі open-air музыкалық фестивальдердің бірі — SATISFACTION Festival өтеді.Бір сахнада Fedde Le Grand, Matisse & Sadko, Sam Martin, Burak Yeter, Dannic, Aura Dione және Akcent сияқты әлемдік жұлдыздар өнер көрсетеді.Концерттік бағдарламамен қатар қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, жағажай демалысы, chill-out алаңдары және ашық аспан астындағы ауқымды шоу күтеді.📍 «Тортуга», Первомай тоғандары, Іле ауданы🕐 Басталуы: 13:00🎟 Билет бағасы: 25 000 теңгеден бастап 27 маусым – OCTAGON 8827 маусым күні Қонаев қаласында OCTAGON 88 халықаралық аралас жекпе-жек турнирі өтеді.Турнир аясында Қазақстан мен шетелдің үздік спортшылары октагонға шығып, көрермендер тартысты жекпе-жектер мен әсерлі шоу-бағдарламаны тамашалайды. Кештің арнайы қонағы — танымал орындаушы Andro.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🕗 Басталуы: 20:00🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап ШІЛДЕ 4 шілде – Oceanman Kazakhstan 20264 шілде күні Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында Oceanman Kazakhstan 2026 халықаралық ашық суда жүзу турнирі өтеді.Дәстүрлі түрде жарысқа түрлі елдерден кәсіби спортшылар мен жүзу әуесқойлары қатысып, жағалауды үлкен спорт мерекесінің алаңына айналдырады.📍 Қапшағай су қоймасының жағалауы, Қонаев қаласы🎟 Көрермендер үшін кіру тегін🎟 Қатысушылар үшін тіркелу OCEANMAN және RockTheSport ресми сайттарында 4–5 шілде – OYU FEST4–5 шілде күндері «Первомай тоғандары» аумағында OYU Fest 2026 мерейтойлық фестивалі өтеді.Екі күн бойы қонақтарды танымал әртістердің жанды орындаулары, арт-кеңістіктер, фудкорттар, көше маркеттері, шеберлік сабақтары және интерактивті алаңдар күтеді.4 шілдеде Berkut & Aisha, Sadraddin, Alpha, Kunzharyq, AYAU, M’Dee, Rusha, Yenlik, ARO және Almas өнер көрсетеді.5 шілденің хедлайнері — Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева. Сонымен қатар Dequine, Rin’Go тобы, Orynkhan, Ken Dala, Zere, Dudeontheguitar, Samrattama және abdr сахнаға шығады.📍 «Первомай тоғандары», Іле ауданы🎟 Билеттер: фестивальдің ресми ресурстарында және Ticketon платформасында 10 шілде – Райымбек ауданының 90 жылдығы10 шілде күні Нарынқол ауылында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.Мерекенің басты оқиғасы Еркеш Хасен, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрсұлтан Нұрбердиев және BAYANSULU қатысатын үлкен концерт болады.📍 Нарынқол ауылы, Орталық алаң🕔 Басталуы: 17:00🎟 Кіру: тегін 10–12 шілде – Nomad Spirit Fest 2026Көшпенділер мәдениеті, этникалық музыка және белсенді демалыс фестивалі.Қонақтарды этноауыл, қолөнер жәрмеңкелері, гастрономиялық алаңдар және мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.📍 Көшпенділер қаласы, Қонаев қаласы🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап 11 шілде – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі11 шілде күні көркем Шалкөде жайлауында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған басты мерекелік іс-шара – «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі өтеді.Бағдарламада бәйге, аударыспақ, түйе палуан сайыстары, суретшілер мен халық шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.Мерекелік концертте Диана Исмаил, Ғазизхан Шекербек, Nurbullin және Мөлдір Әуелбекова өнер көрсетеді.📍 Шалкөде жайлауы, Райымбек ауданы🕙 Басталуы: 10:00🎟 Кіру: тегін 16–18 шілде – Central Asia Drift Show16–18 шілде аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Central Asia Drift Show халықаралық сериясының үшінші кезеңі өтеді.Жарысқа Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің үздік пилоттары қатысып, жеке және жұптық сайыстарда автокөлікті басқару шеберліктерін көрсетеді.Спорттық бағдарламадан бөлек, қонақтарды автокөлік көрмесі, дрифт-такси, автограф-сессиялар және түрлі ойын-сауық шаралары күтеді.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🕛 Басталуы: 12:00🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап 24–26 шілде – Drive Forum Great Orda 202624–26 шілде аралығында Қонаев қаласында Drive Forum Great Orda 2026 ірі автомобиль форумы өтеді.Форум автокөлік әуесқойларын, саяхатшыларды және туризм саласының өкілдерін біріктіреді. Бағдарлама аясында автокөлік көрмесі, туристік маршруттардың таныстырылымы, саяхатшылар мен сарапшылармен кездесулер, сондай-ақ түрлі ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.Форум тәжірибе алмасуға, автосаяхаттарға арналған жаңа бағыттармен танысуға және ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді.📍 Арна шағын ауданы, Қонаев қаласы🎟 Ересектер билеті: 27 000 теңгеден бастап🎟 Балалар билеті: 8 000 теңгеден бастап 25 шілде – TOYLA Music Festival25 шілде күні Первомай тоғандары аумағында TOYLA Music Festival 2026 өтеді.Бұл – жыл сайын мыңдаған көрермен мен заманауи музыканың жанкүйерлерін жинайтын Қазақстандағы ең ірі тәуелсіз open-air музыкалық фестивальдердің бірі.Биыл фестиваль сахнасында Ұлыбританияның Hurts тобы, Ресейдің «Аигел» тобы, канадалық әнші Alice Glass, сондай-ақ қазақстандық орындаушылар Dudeontheguitar, DJ AKI және Meow Dammit өнер көрсетеді.Қонақтарды арт-кеңістіктер, гастрономиялық аймақтар, фестивальдік маркет және ашық аспан астындағы мазмұнды ойын-сауық бағдарламасы күтеді.📍 Первомай тоғандары, Іле ауданы🕒 Уақыты: 15:00–23:00🎟 Билет бағасы: 21 000 теңгеден бастап ТАМЫЗ 15 тамыз – SUAQ аудиоэкспедициясы15 тамыз күні Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында SUAQ аудиоэкспедициясы өтеді.Бұл музыка, заманауи өнер мен табиғи ландшафттарды біріктіретін ерекше мәдени жоба.Қатысушылар Қазақстанның ең танымал табиғи орындарының бірін дыбыс, атмосфера және көркем бейнелер арқылы жаңаша танып-білу мүмкіндігіне ие болады.Жоба аудиоспектакль, экскурсия және иммерсивті өнер элементтерін біріктіріп, табиғат пен мәдени кеңістікпен өзара әрекеттесудің ерекше тәжірибесін ұсынады.📍 Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі🎟 Билет бағасы: 10 000 теңгеден бастап⸻ 16 тамыз – «Байсерке аспаны – 2026» әуе шоуы16 тамыз күні Талғар ауданындағы Байсерке әуеайлағында «Байсерке аспаны – 2026» әуе шоуы өтеді.Бұл өңірдегі ең ірі авиациялық іс-шаралардың бірі саналады.Бағдарламада авиациялық техниканың көрсетілім ұшулары, жоғары пилотаж элементтері, парашютпен секірулер, күмбезді акробатика, авиамодельдер шоуы, ұшақтар мен тікұшақтардың статикалық көрмесі, сондай-ақ ашық аспан астындағы авиация мұражайы ұсынылады.Қонақтар үшін концерттік бағдарлама, балалар аймақтары, шеберлік сабақтары, интерактивті алаңдар, фотозоналар және фудкорттар ұйымдастырылады.📍 Байсерке әуеайлағы, Талғар ауданы🕙 Басталуы: 10:00✈️ Ашық аспан астындағы авиациялық шоу және отбасылық фестиваль🎟 Билет бағасы: 8 000 теңгеден бастап⸻ 21–23 тамыз – Park Live Kazakhstan 202621–23 тамыз аралығында Первомай тоғандары аумағында Park Live Almaty 2026 халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.Жыл сайын бұл шара Қазақстаннан және шетелден келген ондаған мың көрерменді жинайды.Үш күн бойы сахнада АҚШ, Ұлыбритания және Үндістаннан келген рок, альтернативті музыка, панк-рок, хип-хоп, метал және электронды музыка бағытындағы әртістер өнер көрсетеді.Фестивальдің хедлайнерлері — америкалық рок-музыкант Jack White, британдық виртуалды жоба Gorillaz және АҚШ-тың аңызға айналған панк-рок тобы The Offspring.Сонымен қатар бағдарламада The Kills дуэті, CeeLo Green, De La Soul, үнділік Bloodywood металл тобы және америкалық Glassjaw пост-хардкор тобының өнер көрсетуі жоспарланған.Фестиваль дәстүрлі түрде өңірдегі ең ірі музыкалық оқиғалардың бірі болып саналады және Орталық Азияның түкпір-түкпірінен заманауи музыка жанкүйерлерін жинайды.📍 «Первомай тоғандары», Іле ауданы🎟 Билеттер: фестивальдің ресми сайтында және Ticketon платформасында⸻ 28–30 тамыз – Family Rock Festival 202628–30 тамыз аралығында Қонаев қаласындағы ASP Arena аумағында Family Rock Festival 2026 өтеді.Бұл жаз маусымындағы ең ірі музыкалық фестивальдердің бірі.Үш күн бойы сахнада «Комната Культуры» және Женя Трофимов, КняZz, Нейромонах Феофан, «Танцы Минус», «Мураками» және The Hatters топтары өнер көрсетеді.Концерттік бағдарламадан бөлек, қонақтарды демалыс аймақтары, гастрономиялық алаңдар және ашық аспан астындағы ерекше фестиваль атмосферасы күтеді.Фестиваль Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және шетелден келетін жанды музыка сүйер қауымды жинайды деп күтілуде.📍 ASP Arena, Қонаев қаласы🎟 Үш күндік билет бағасы: 56 000 теңге  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1245248?lang=ru
Бурабайда «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны жалауын көтерді 10.07.2026
 Ақмола облысында «Айбын» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз жұмысын бастады. Биылғы ауқымды іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 1000-ға жуық жас патриот қатысып жатыр.53 команда бақ сынап жатқан жарыстар Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің «Амандық» оқу полигоны базасында ұйымдастырылуда. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Жарысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков «Айбын» жиынының маңыздылығына тоқталды.– Халықаралық «Айбын» жиыны – әртүрлі мемлекеттердің жастары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтатын, отансүйгіштік рухты қалыптастыратын, көшбасшылық қабілеттерді дамытып, әскери дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелейтін бірегей алаң. Бұл жиын әрбір қатысушы үшін жаңа тәжірибе, жаңа таныстықтар мен үлкен жетістіктерге бастайтын маңызды қадам болады деп сенемін, – деді ол.Ашылу күні қонақтар мен жас қатысушылар заманауи әскери техника және атыс қаруларының үлгілерімен танысып, олардың техникалық және жауынгерлік мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.Сонымен қатар ұйымдастырушылар «Жас сарбаз – Конституция қорғаушысы» атты зияткерлік ойынын өткізді. Аталған шара барысында әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Конституциясы, құқықтық мемлекеттің қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін көрсетті.Зияткерлік сайыс жастардың елдің басты заңына деген құрметін арттырып, мемлекеттік құрылым негіздері мен азаматтық жауапкершілік ұғымдарын терең түсінуге мүмкіндік берді.Жарыстар шетелдік командалар, өңірлердің әскери-патриоттық клубтары, күштік құрылымдар және әскери оқу орындарының командалары арасында төрт бағыт бойынша өтетінін айта кету керек.Бүгінгі сайыс бағдарламасында қатысушылар дене дайындығы бойынша өз мүмкіндіктерін сынайды. Ұлдар белтемірге тартылу жаттығуын орындаса, қыздар шалқасынан жатқан қалыпта денені көтеру нормативін тапсырады. Сондай-ақ «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны мен Smart Sarbaz робототехника жарыстары ұйымдастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1245261?lang=ru
Аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырыстары өткізілді. 10.07.2026
Аудан әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырыстары өткізілді.Отырыстар барысында аудан аумағындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1245280?lang=ru
18 маусым күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қажым Жұмалиев атындағы Мектеп-гимназияда өткен салтанатты аттестат табыстау рәсіміне қатысты. Мерекелік шара барысында аудан басшысы мектеп түлектерін өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, оларға ақ жол тіледі. 10.07.2026
18 маусым күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қажым Жұмалиев атындағы Мектеп-гимназияда өткен салтанатты аттестат табыстау рәсіміне қатысты.Мерекелік шара барысында аудан басшысы мектеп түлектерін өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, оларға ақ жол тіледі.Салтанатты жиында Аудан әкімі «Алтын белгі» иегерлері мен үздік аттестат алған түлектерді марапаттап, оларға арнайы сыйлықтар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1245294?lang=ru