Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Төрағасы Акмалхужа Мавлоновтың екіжақты кездесуі 09.09.2025
2025 жылғы 8 қыркүйекте Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің кеден әкімшіліктері басшыларының 11-ші отырысы өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің Төрағасы Акмалхужа Мавлоновтың екіжақты кездесуі ұйымдастырылды. Келіссөздер барысында тараптар кеден саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуын, сондай-ақ әріптестікті тереңдетудің алдағы қадамдарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет арасында Кеден зертханаларының ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға, сараптамалық әлеуетті дамытуға және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ тараптар Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерін қайта жаңғырту және жаңарту мәселелерін, шекарадан өту рәсімдерін жеңілдету мен кедендік әкімшілендіруді цифрландыру шараларын талқылады. Бұдан бөлек, шетелдік рұқсат бланкілерімен паритеттік алмасу және «Біртұтас транзит» пилоттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Қол қойылған келісім мен қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, сондай-ақ стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға екіжақты мүдделілікті айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1064710?lang=kk
31 тамыздан бастап азаматтардың банкроттығы туралы заңына өзгерістер күшіне енді 09.09.2025
2025 жылғы 30 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Бұл заңның шеңберінде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) түзетулер енгізілді. Негізгі түзетулер 2025 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енді және келесілерді қамтиды: 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттар бойынша борышты реттеуді жүргізу туралы талап (Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы және 6-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы) алып тасталды;Борышкерге себебін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығы берілді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы);Уәкілетті орган бұрын тоқтатқаннан кейін соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға қайта жүгіну үшін 6 айлық мерзім белгіленді (Заңның 18-бабының жаңа 4-тармағы);Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген кредиторлар алдындағы, оның ішінде кепілдік етушілерден, кепілгерлерден және (немесе) кепіл берушілерден басқа кредиттік бюролардың дерекқорларында көрсетілмеген барлық міндеттемелері тоқтатылуға жататыны айқындалды (Заңның 19-бабының 2-тармағы);Қаржы басқарушысының сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін жүргізу кезіндегі өкілеттіктері нақтыланды (Заңның 23-бабының жаңа 1-1-тармағы);Уәкілетті органның функциялары қаржы басқарушысына бюджет қаражаты есебінен сыйақы төлеу қағидаларын және сот арқылы банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпарат нысандарын бекітумен толықтырылды (Заңның 44-бабының 2-тармағы және 23-бабының жаңа 1-1-тармағының 8) тармақшасы). Павлодар облысы бойынша МКДдәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1064718?lang=kk
Кіріс туралы декларацияны ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 6 күн қалды! 09.09.2025
Құрметті павлодарлықтар! Кірістер туралы декларацияны (250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларация және 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларация) ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін 6 күн қалды! Декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті", "Электрондық үкімет" порталы, сондай-ақ "e-Salyq Azamat", "eGov mobile" мобильді қосымшалары, moldir.qoldau.kz, "Halyk Bank", "Kaspi Bank", "ЦентрКредит" банктерінің қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Декларация тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.Декларацияны тапсыру мерзімі – 15 қыркүйек. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемесін уақтылы орындамау үшін декларацияны тапсыруды кейінге қалдырмауды сұрайды! Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1064728?lang=kk
Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс» 09.09.2025
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады.«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс.Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық.Сол себепті, менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар. Мұны барлық аймаққа тарату қажет. Көптеген кәсіпкер дәл осы мәселе бойынша көмек көрсетуге әзір екенін білдіріп жатыр. Әкімдер осындай жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлерді белсенді түрде жұмылдыруы керек».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1067009?lang=kk
Халықаралық көрме 09.09.2025
ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ БАСТЫ ОҚИҒАСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ2025 жылғы 21–23 қазан аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында энергетика саласының екі ірі шарасы өтеді:23-ші Қазақстан халықаралық «Энергетика, Электртехника және Энергетикалық машина жасау» — Powerexpo Almaty 2025 көрмесі8-ші Қазақстан халықаралық «Атом энергетикасы және өнеркәсіп» — Kazatomexpo 2025 көрмесіКөрмелер дәстүрлі түрде жабдық өндірушілерді, технология жеткізушілерді, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын біріктіріп, инновациялық шешімдерді таныстыруға және саланы дамытудағы стратегиялық міндеттерді талқылауға арналған бірегей алаң ұсынады.2025 жылғы экспоненттер қатарында Австрия, Алжир, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Словакия, Түркия, Өзбекстан және Чехиядан келген 14 елдің 190-нан астам компаниясы бар.Көрмелер аясында мемлекеттік органдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығын тоғыстыратын мазмұнды іскерлік бағдарлама өтеді.21 қазан күні Энергетиктер форумы пленарлық сессиямен ашылады. Онда Қазақстанның электроэнергетикасын жаңғырту, жабдықтардың тозуы, қуат тапшылығы, тарифтік саясат және инвестициялық климат мәселелері талқыланады. Одан кейін тарифтік қалыптастыру реформасы және жаһандық энергетикалық желінің келешегі бойынша стратегиялық панельдер өтеді.22 қазан атом энергетикасының болашағына арналады. АЭС құрылысы, халықаралық ынтымақтастық және технологиялық қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Сол күні энергетикалық жүйелердің тұрақтылығы туралы сессия және қорытынды жасалатын Expert Talks форматы ұйымдастырылады.23 қазан күні «КазЭнергоӨТП-2025» форумы өтеді. Ол өндірісті жергіліктендіруге, отандық өндірушілерді қолдауға, экспорттық әлеуетті дамытуға және бірлескен кәсіпорындар құруға арналады.Осылайша, бағдарлама энергетика саласындағы барлық өзекті мәселелерді қамтиды — желілерді жаңғыртудан және тарифтік реформадан бастап, атом энергетикасын дамыту мен ұлттық өнеркәсіптік базаны қолдауға дейін.Көрмеге және іскерлік бағдарламаға қатысу үшін powerexpo.kz сайтында PWR2025EOT промокодымен тіркеліңіз. САНДАР МЕН ДЕРЕКТЕРӨткізу мерзімі: 2025 жылғы 21–23 қазан Өткізу орны: Алматы қ., КЦДС «Атакент» Көрме алғаш өткізілген жыл: 2001 Сайт: powerexpo.kz КӨРМЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ:Электртехникалық жабдықтарКабельдік-өткізгіш өнімдерЕсепке алу, бақылау және өлшеу құралдарыӨнеркәсіптік автоматтандыру және диспетчерлеуАЭС жобалау және салуЖасыл энергетикаЭнергия тиімділігі және энергия үнемдеуӨнеркәсіптік, қалалық, көлік жарықтандыруыЭлектромонтаждық бұйымдар мен құралдарАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/op-saran/press/news/details/1064700?lang=kk
КЕРІ БАЙЛАНЫС 09.09.2025
Кедендік мәселелер бойынша кері байланысҚұрметті салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!Егер сізде кеден заңнамасына қатысты сұрақтар туындаса, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары әрқашан көмектесуге дайын.Кеңес алу үшін келесі телефондарға хабарласа аласыз:53-74-0953-63-48Сонымен қатар 1414 Байланыс орталығы арқылы да қолдау көрсетіледі.Біз әрқашан кері байланысқа ашықпыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1064701?lang=kk
Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 09.09.2025
Анкара, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Елші Еркебұлан Сәпиев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің басшысы («TIKA») Абдулла Еренмен кездесті.Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту бойынша нақты қадамдар белгіленді.А.Ерен «TIKA»-ның атқарып жатқан қызметтері, оның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, «TIKA»-ның «KazAid» халықаралық даму агенттігімен ортақ жобалар жүзеге асыруға ниетін білдірді.Өз кезегінде, Елші Е.Сәпиев «TIKA»-ның еліміздегі белсенді қызметін атап өтіп, ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия үшінші елдерде бірлескен жұмыстарды жүргізу мүмкіндіктеріне назар аударды.Тараптар талқыланған бағыттар бойынша ортақтасқан жұмысты жүйелі негізде жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1064622?lang=kk
ҚР жаңа Салық кодексі 09.09.2025
9 қыркүйек 2025 жылы Риддер қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Клейн И.Г. кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған семинар өткізді. Іс-шара Риддер қаласы кәсіпкерлер палатасының «ATAMEKEN» алаңында «Қазақстан Республикасының 2026 жылғы жаңа Салық кодексі» тақырыбында ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша қойылған әрбір сұраққа түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1064566?lang=kk
«Мен – болашақ сайлаушымын: менің құқықтарым мен міндеттерім» 09.09.2025
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Абай облысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, қаламыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің жас сайлаушылары үшін «Мен – болашақ сайлаушымын: менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында дәріс өткізді.Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру және сайлау процесіне саналы қатысу маңыздылығын түсіндіру.Дәріс барысында оқушылар Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің негіздерімен, Конституцияның рөлімен және азаматтардың сайлау құқығымен танысты. Сонымен қатар, жас буынның ел болашағын қалыптастырудағы маңыздылығы мен сайлауға қатысудың жауапкершілігі туралы мәселелер қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1064539?lang=kk
Автомобильдерді сынау кезінде заң бұзған зертханаға 1,5 миллион теңге айыппұл салынды. 09.09.2025
Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «PLANK» ЖШС-не 1 533 480 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, сот шешімімен зертхананы аккредиттеу аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарын бұза отырып, көлік құралдарына сынақтар жүргізу бойынша жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері негіз болды. Атап айтқанда, сынақтарды жүргізудегі бұзушылықтар. Зертхана шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларына нақты сынақ жүргізген жоқ. Сондай-ақ, белгілі бір көлік құралын сынау үшін қолданылмайтын тежегіш стендті қолдану дәлелденді. Зертхана Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде әрекет етуге және оның сәйкестігіне аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға міндетті. Оның қызметі белгіленген аккредиттеу саласымен қатаң шектелуі керек. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша ҚР СжИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Департаменті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғап, сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берді. Бүгінгі күні зертхана аталған нұсқамаларды толық көлемде орындады, заңбұзушылықпен берілген көлік құралының конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердің күші жойылды, қызметкерлерге заңнаманы сақтау бойынша техникалық оқу өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1064486?lang=kk
2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі 09.09.2025
2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі.🔹15 қыркүйек Салық есептілігі:- 400.00 нысаны – Акциз бойынша декларация + СЕН 421.00 Құрылымдық бөлімше үшін акциз есебі;- 250.00 нысаны – Активтер мен міндеттемелер туралы декларация;- 270.00 нысаны – Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы екларация. 🔹22 қыркүйек - 328.00 – Тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш🔹Төлемдер: 5 қыркүйек - Жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаның ЖТС (ИПН);🔹22 қыркүйек - Акциз + құрылымдық бөлімше үшін акциз;- ЕАЭО аясында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомасы;🔹25 қыркүйек- Төлем көзінен ұсталған ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары;- КТС (КПН) бойынша аванстық төлемдер;- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға төлем;- Төлем көзінен ұсталған КТС (КПН);- Арнайы салық режимі аясында мобильді қосымшаны қолдану арқылы ЖТС және әлеуметтік төлемдер;- Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;- Еңбекақыдан ұсталатын бірыңғай салық төлем;- ОПВР – Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1064487?lang=kk
Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 16,51 млн АҚШ долларын нысаналы мақсатқа пайдаланды 09.09.2025
2025 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 16,51 млн АҚШ долларына 126 468 өтініш орындап, өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 10,56 млн АҚШ долларына 78 862 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 5,95 млн АҚШ долларына 47 606 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (10,32 млн АҚШ долларына 76 954 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 77,82 мың АҚШ долларына 619 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 57,02 мың АҚШ долларына 478 өтініш. Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (5,29 млн АҚШ долларына 41 870 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (475,14 мың АҚШ долларына 4 163 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (151,67 мың АҚШ долларына 1 284 өтініш орындалды). Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Нысаналы жинақтар төлемін алу үшін алушыға не оның заңды өкіліне БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасаған уәкілетті операторға жүгіну қажет. Өтінішті "Отбасы банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның бірінің интернет-ресурсы немесе мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Айта кетейік, 01.08.2025ж. бастап аталған тізім "Банк ЦентрКредит"АҚ жаңа уәкілетті операторымен толықтырылды.Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1064503?lang=kk
Салық төлеушілерге арналған жаңа Салық кодексі бойынша семинар 09.09.2025
Бүгін Қостанай облысы бойынша «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында салық төлеушілерге арналған түсіндіру семинары өтті.Спикер – Жұмабай Шынар, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы – қатысушыларға енгізілетін өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп берді.Қымбат мүлікті салық салу («байлық салығы» деп аталатын өзгерістер)Жаңа Кодексте жеке «байлық салығы» енгізілмейді. Дегенмен, мүлік салығы мен көлік салығы аясында қосымша мөлшерлемелер қарастырылған:белгілі бір шектен жоғары кадастрлық құны бар тұрғын үйлер, пәтерлер және өзге де жылжымайтын мүлік;үлкен қозғалтқыш көлемі бар және құны белгіленген деңгейден асатын жеңіл автокөліктер.Яғни, «байлық салығы» деп аталатын түсінік – бұл қолданыстағы салықтар құрамындағы қосымша элементтер, салықтық жүктемені әділ бөлуге бағытталған.Мүлік салығыСтавкалар кадастрлық құнға байланысты нақтыланды. Мүлік құны қаншалықты жоғары болса, салық мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады. Әлеуметтік осал топтарға жеңілдіктер қарастырылған.Жер салығыЖердің кадастрлық бағалауының рөлі күшейтілді. Ставкалар жер телімінің нысаналы мақсаты мен пайдалануына байланысты айқындалады. Пайдаланылмай жатқан жер учаскелеріне – оларды айналымға енгізуді ынталандыратын жоғарылатылған коэффициенттер қолданылады.Көлік салығыҚозғалтқыш көлемі үлкен әрі құны жоғары автокөліктер үшін салық мөлшерлемелері арттырылды. Сонымен қатар, экологиялық таза көліктерге (электромобильдер мен гибридтерге) жеңілдіктер көзделген.Семинар ашық диалог форматында өтті: салық төлеушілер сұрақтарын қойып, жаңа ережелерге дайындық бойынша нақты ұсыныстар алды.Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа Салық кодексінің нормалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1064444?lang=kk
Босқындардың құқықтарын қолдау Алматыда талқыланды 09.09.2025
2025 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Орталық Азиядағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы субөңірлік кеңсесінің басшысы (БҰҰ ЖКББ) Думитру Липканумен жұмыс кездесуін өткізді.Тараптар босқындар мен азаматтығы жоқ адамдарды қолдаудағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Алматы қ. Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттар жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығының жұмысының келешегін талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты форматтарда өзара іс-қимылды белсенді қолдауға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1064479?lang=kk
Қазақстан активтерді қайтару тәжірибесін Вена алаңында таныстырды 09.09.2025
Вена, 2025 жылғы 1-5 қыркүйек – Венадағы БҰҰ бөлімшесінде БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын іске асыру барысын шолу тобының он алтыншы сессиясының екінші отырысы өтті. Іс-шараға мүше мемлекеттердің делегациялары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сарапшылар қатысты.Конвенцияның іске асырылуына шолу жасау барысы, халықаралық ынтымақтастық жағдайы, активтерді қайтару шаралары және озық тәжірибемен алмасу мәселелері сессия жұмысының басты назарында болды.Сессия аясында активтерді қайтару жөніндегі ашық құрамдағы Үкіметаралық жұмыс тобының 19-отырысы өтіп, онда Қазақстан делегациясы атынан ҚР Бас прокуратурасының Еуропадағы ресми өкілі Бауржан Құрманов панелист ретінде сөз сөйледі.Өз баяндамасында ол Қазақстанның активтерді қайтару тәжірибесін жан-жақты таныстырып, қаржылық тергеулерді жүргізудің табысты мысалдары, заңсыз алынған және шетелге шығарылған қаражат пен мүлікті тәркілеу тәжірибесі, сондай-ақ оларды одан әрі пайдалану кезінде ашықтықты қамтамасыз ету тетіктері туралы баяндап шықты.Қазақстанның қайтарылған активтерді әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, соның ішінде ел бойынша жүздеген мектептер мен ауруханаларды салу және оларды жетілдіруге жұмсау тәжірибесі сессия қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1064437?lang=kk
Полицейге шабуыл жасаған ер адам 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды 09.09.2025
Полицейге шабуыл жасаған ер адам 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.Шығыс Қазақстан облысында полицейге шабуыл жасаған ер адам екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ол түрмеге отырмай, пробация қызметінің есебіне алынды.Оқиға құжаттарды тексеру кезінде болған. Полиция қызметкерлері ішінде екі ер адам отырған көлікті тоқтатқан. Олардың бірі есірткіге мас күйде құжаттарын көрсетуден бас тартып, агрессивті әрекеттер жасаған.Жағдай тез ушығып, жанжалға ұласқан. Ер адам полицейлердің біріне дене жарақатын салып, кейін қызметкердің басы мен қолдарына тас лақтыра бастаған.Сот шешімімен, ер адам екі бап бойынша кінәлі деп танылды: есірткі құралдарын тұтыну және билік өкілдеріне қатысты күш қолдану. Алайда, сот істің мән-жайын ескеріп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындады.Енді құқық бұзушы пробация қызметіне үнемі келіп тұруға міндетті. Оған құқықтары мен міндеттері, соның ішінде есірткі тұтынуға және құқық бұзушылықтар жасауға тыйым салынғандығы түсіндірілді. Белгіленген ережелерді бұзған жағдайда, бас бостандығын шектеу жазасы нақты түрме мерзіміне ауыстырылуы мүмкін.«Біздің міндетіміз – адамды қамау емес, оған қоғамның пайдалы мүшесі болуға көмектесу. Біз оның қайта қылмыс жасауына жол бермеу үшін әр қадамын бақылайтын боламыз. Бұл сот төрелігі жүйесі тек жазалап қана қоймай, екінші мүмкіндік те беретінінің айқын мысалы», — деп түсіндірді ШҚО ҚАЖД Шемонаиха ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінің бастығы Гүлмира Бөлекбаева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-vko/press/news/details/1064420?lang=kk
Астанада құрылыс материалдары саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары талқыланды 09.09.2025
Астана, 2025 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп құрылыс материалдары саласына қосымша инвестициялар тартуға кедергі келтіретін жүйелі проблемалар мен тосқауылдарды анықтау және оларды жоюға арналған практикалық ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған акселерацияны өткізді.Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ халықаралық және отандық бизнестің өкілдері қатысты, оның ішінде «YDA Holding», «Баракат Инвест» ЖШС, «Enki» ЖШС, «Rehau» ЖШС, «Lasselsberger» ЖШС және басқа да компаниялар.ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Арман Ақсубаев акселерация форматы өзін бизнес өкілдерімен бірлесіп жүйелі мәселелерді анықтауға және тиісті шешімдерді табуға мүмкіндік беретін тиімді алаң ретінде көрсеткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл отырыс қосымша инвестициялар тартуға және елдің индустриялық әлеуетін нығайтуға жағдай жасайды.Өз кезегінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек құрылыс индустриясы Қазақстан экономикасының негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, елде 100-ден астам құрылыс материалдарын өндіруге арналған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, ал мұндай кездесулер жүйелі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.Қатысушылар саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру шарттарына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, кадр тапшылығы және білікті мамандарды жүйелі даярлау қажеттілігі, құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізат базасының шектеулілігі, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін жетілдіру, сондай-ақ міндетті техникалық тексеруге жататын тауарлардың айналымын бақылау мәселелері көтерілді.Акселерация барысында бизнес өкілдері көтерген ұсыныстар мен ескертулер инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында жүйелі шараларды әзірлеу үшін салалық мемлекеттік органдардың қарастыруына жолданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/1064530?lang=kk
Қостанайда Шекара қызметіне шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 09.09.2025
5 қыркүйекте "Мирас" мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінде мерзімді қызмет өткеру үшін 15 жас жігітті жіберу салтанатты рәсімі өтті.Іс-шараны ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті мен Қостанай облысы бойынша БДҰ аймақ әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Шақырылушыларға Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Мусин Ерлан шақырылушыларға лайықты қызмет тіледі.Сондай-ақ, Департамент бастығының орынбасары полковник Утелбаев Мадияр қошеметпен сөз сөйледі.Болашақ Отан қорғаушылармен бірге бұл күні олардың ата-аналары, жақындары мен достары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/upr-ump-kostanay/press/news/details/1064416?lang=kk
«Таза ел – қуатты өңір: «Таза Қазақстан» Қостанай облысында» 09.09.2025
Қостанай облысында «Всемирный день чистоты – World Cleanup Day» халықаралық бастамасына орай кең ауқымды экологиялық акция өтті. Осы күні мыңдаған тұрғындар қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі бірлігін және азаматтық белсенділігін танытып, аумақтарды тазалауға шықты. Негізгі жұмыстар Фёдоров тас жолынан «Северный» қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына дейінгі аумақта ұйымдастырылды.Акция шынымен де жаппай сипат алды. Ұқсас іс-шаралар өңірдің барлық қала және аудандарында өтті. Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалалары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары көшелерді, аулаларды, жағалауларды және саябақтарды тазартуға қатысты. Бірыңғай бастаманың арқасында облыстың барша аумағы қамтылып, қостанайлықтардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және ортақ мақсат жолында бірігуге дайын екені айқындалды — өз өлкесін таза әрі жайлы ету.Акцияға барлығы 6980 адам қатысты. Оның ішінде – 2560 мемлекеттік орган қызметкері, 520 волонтер және 3900 облыс тұрғыны. Бірлескен еңбектің нәтижесінде 755 тонна қоқыс жиналды. Оның ішінде 0,5 тонна шыны, 0,8 тонна пластик, 0,6 тонна резеңке және 0,3 тонна қағаз қайта өңдеуге жіберілді. Жалпы тазартылған аумақтың көлемі 150 гектарды құрады.Қостанай облысы дәстүрлі түрде бұл бастаманы белсенді қолдайды. Өңірлік акциялар тазалық пен абаттандыру ісі билік өкілдері, волонтерлер және қарапайым тұрғындардың ортақ ісіне айналып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай тәсіл жергілікті жерлердегі экологиялық ахуалды жақсартуға ғана емес, халық арасында табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Өткен іс-шара «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болды. Бағдарламаның мақсаты – экологиялық сауаттылықты арттыру және қоршаған ортаны сауықтыру. Акцияның табысты өтуі қоғам мен билік күш-жігерінің бірігуі нақты нәтижелерге жеткізетінін дәлелдеді: таза көшелер, абаттандырылған саябақтар және сақталған табиғи аумақтар – өңірдің жарқын болашағына қосылған үлес.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1072636?lang=kk
Мемлекеттік кірістер басқармалары жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша жаппай-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. 09.09.2025
06.10.2025 жылы салық сауаттылығын арттыру шеңберінде Балқаш қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары Салық төлеушілер үшін қолданыстағы заңнаманың, сондай-ақ 01.01.2026 жылдан бастап заңды күшіне енетін жаңа Салық кодексінің өзекті мәселелері бойынша көшпелі семинарлар өткізді.Мәселен, Қазыбек би атындағы аудан бойынша МКБ ҚР ІІМ ҚАЖК № 61 мекемесінің РММ қызметкерлеріне семинар өткізді.Балқаш қаласы бойынша МКБ, Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша МКБ қызметкерлері қала мен ауданның сауда нүктелері мен дүкендерінде жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Түсіндіру барысында қолданыстағы салық заңнамасын сақтау, мобильді аударымдар, онлайн БКМ, "салық кэшбек" жобасы, жалпыға бірдей декларациялау, жаңа жылдан бастап енгізілетін арнайы салық режимдерінің түрлері, салық есептілігін қысқарту, салық шегерімдері және т. б. тақырыптар қозғалды.Мұндай түсіндіру жұмыстары бизнеске салық заңнамасында жақсы бағдарлануға және өз міндеттемелерін уақтылы орындауға көмектеседіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1087107?lang=kk