Жаңалықтар
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ МЕКТЕБІ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ӨТТІ 03.07.2026
Бүгін Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өңірлік жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған дәстүрлі «Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» семинар-тренингінің алғашқы күні өтті.Семинардың ашылу салтанатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева мен Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев құттықтау сөз сөйлеп, жастар саясатын дамытудың өзекті бағыттары мен сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.Бағдарламаның алғашқы күні қатысушылар үшін журналист, медиа-менеджер, халықаралық коуч-тренер, Orkenlink.kz бас редакторы Махаббат Есен «Жастарды сүйемелдеу және деректер негізінде шешім қабылдау», сондай-ақ «Өзін-өзі сенімді таныстыру және жас аудиториямен тиімді жұмыс жүргізу» тақырыптарында тренинг өткізді.Тренинг барысында жастармен тиімді коммуникация орнату, деректерге негізделген шешім қабылдау, көшбасшылық қабілеттерді дамыту және көпшілік алдында сенімді сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды.Семинар-тренинг алдағы күндері де жалғасып, қатысушылар мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заманауи тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1240722?lang=ru
Шошқаның африкалық обасы 03.07.2026
Шошқаның африкалық обасы дегеніміз не?Шошқаның африкалық обасы – үй шошқаларының, соның ішінде сәндік шошқалардың жұқпалы септикалық ауруы. Осы уақытқа дейін оның алдын алатын вакцина жоқ. Шошқаның африкалық обасы адамға қауіп төндірмейтініне қарамастан, ауруға шалдыққан малды дереу жою қажет. Вирус өте төзімді және ауру жануардан жануарға ғана емес, қансорғыш жәндіктер мен термиялық өңдеуден өтпеген ет өнімдері арқылы да жұғады.Не істеу ?Шошқаларды үй ішінде ұстаңыз және олардың аумақта еркін жүруіне жол бермеңіз. Шошқаларды ұстайтын үй-жайларды таза ұстау, қансорғыш жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы емдеу шараларын жүйелі түрде жүргізу, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерін сақтау.Шошқаларды мал азығымен және тамақ қалдықтарымен тамақтандырудан аулақ болыңыз. Шошқалар ұсталатын үй-жайларға бөгде адамдарды кіргізбеңіз.Ветеринариялық қызметке жануарларды клиникалық тексеру және вакцинациялау үшін беру.Жануарлардың өлекселерін, оларды күтіп-баптау және өңдеу қалдықтарын полигондарға, жол жиектеріне тастамаңыз, оларды өз бақшаңызға немесе басқа жер учаскесіне көмуге болмайды.Шошқалардың өлу және ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринарлық қызметке дереу хабарлау.Құлаған немесе мәжбүрлеп өлтірілген сайниялардың етін өңдеуге тырыспаңыз - бұл тыйым салынады және аурудың одан әрі таралуына әкеледі және сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.Жануарларды сою алдында ветеринариялық тексерусіз және ветеринариялық қызмет мамандарының ет пен сою өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптауынсыз шошқа етін үйме-үй союды және сатуды жүзеге асыруға болмайды.Рұқсат етілмеген сауда нүктелерінен ет өнімдерін сатып алмаңыз. Ветеринариялық ілеспе құжаттарынсыз тірі шошқаларды сатып алмаңыз, мемлекеттік ветеринариялық қызметтің лауазымды адамдарының рұқсатынсыз шошқаларды және шошқа өнімдерін әкелуге/әкетуге болмайды.Біл !Тәжірибе көрсеткендей, биологиялық қорғау деңгейі төмен (жабық типті режимде жұмыс істемейтін), шошқа малын асыраумен, өзін-өзі емдеумен айналысатын, биологиялық қалдықтарды жинау және жою ережелерін бұзатын шаруашылықтар. , бұл аурудың негізгі көзі.Шошқаның африкалық обасы шыққан жағдайда фермадағы шошқа популяциясын түгел жою керек. Ағаштан жасалған шаруашылық құрылыстары, көң, азық қалдықтары, құны төмен күтім заттары өртеу арқылы жойылады. Шаруа қожалықтарының және шошқа қораларының жер учаскелері, үй-жайлары мен аумақтары дезинфекциялануға жатады. Шаруашылық карантинге алынған.«ҚР АШМ ВБжҚК Меңдіқара ААИ» ММ Боровское ауыл, Алтынсарин көшесі 83, тел.: 2-40-94Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1240692?lang=ru
Аудан және округ әкімдігі 32 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің аумағындағы абаттандыру жұмыстарын көрді. 03.07.2026
Кеген ауылындағы 32 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Жоба аясында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аула аумағы ретке келтіріліп, балалар ойын алаңы орнатылуда.Аталған жұмыстардың барысымен аудан әкімі Нұрбақыт Модлахметұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы танысып қайтты.Жұмыс барысында нысандағы құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына назар аударылып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.Абаттандыру жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1240608?lang=ru
Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды 03.07.2026
Алматыда Ауғанстан мәселелері бойынша Еуропалық Одағы мен Орталық Азия мемлекеттерінің Арнайы өкілдері мен уәкілдерінің 8-інші кездесуі өтті.Кездесу барысында қатысушылар Ауғанстандағы ахуалдың қазіргі жай-күйіне, оның өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсеріне, сондай-ақ Ауғанстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегіне қатысты жан-жақты пікір алмасты. Тараптар өңірлік өзара байланыстарды нығайту мәселелерін, оның ішінде Ауғанстан аумағы арқылы өтетін көлік-логистикалық және транзиттік дәліздерді дамыту перспективаларын талқылады. Мұндай бастамалар Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік-коммуникациялық, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ Еуропалық кеңістігіндегі байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне назар аударылды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының өңірлік сын-қатерлерді шешуде саяси-дипломатиялық тетіктерді нығайтуға, тату көршілік, сенім және ынтымақтастық қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған дәйекті ұстанымы ерекше аталып өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған сыртқы саяси бағдарға сәйкес, еліміз Орталық Азиядағы өңірлік кооперацияны дамытуға, тепе-теңдік қағидаттарын ілгерілету және халықаралық қатынастардағы Біріккен Ұлттар Ұйымының үйлестіруші рөлін күшейтуге айрықша мән береді. Қатысушылар Қазақстанның Ауғанстан мәселесі бойынша өзара халықаралық диалогты дамытудағы, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетудегі, білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы және өңірлік экономикалық ықпалдастықты ілгерілетудегі үлесін жоғары бағалады. БҰҰ-ның Ауғанстанды қолдауға бағытталған халықаралық күш-жігерді үйлестірудегі маңызды рөліне ерекше назар аударылды. Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының қызметі жоғары бағаланып, оның құрылуы Қазақстан Президентінің БҰҰ алаңдарында көтерген халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің орнықты дамуына бағытталған бастамаларының нақты нәтижесі екендігі аталып өтті. Пікірталас барысында Алматы қаласының көпжақты дипломатияның, өңіраралық өзара іс-қимылдың және қауіпсіздік, орнықты даму мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері бойынша келісілген ұстанымдарды қалыптастырудың маңызды халықаралық орталығы ретіндегі рөлінің артып келе жатқаны айтылды.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азия мемлекеттері, Еуропалық Одақ және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, орнықты дамуды қолдауға, сондай-ақ бүкіл өңірдің қауіпсіздігі мен өркендеуіне жәрдемдесуге бейілділігін растады. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен халықаралық өзара іс-қимыл тетіктерін нығайтуға, өңірлік ынтымақтастықты дамытуға және сындарлы дипломатияны ілгерілетуге бағытталған күш-жігерін алдағы уақытта да жалғастыра береді. Бұл қызмет бейбітшілік, өзара құрмет және ортақ жауапкершілік қағидаттарына негізделеді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасының Еуропалық Одақтың және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1240612?lang=ru
Кеген аудандық және округ әкімдігі Кеген ауылдағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын көрді 03.07.2026
Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы жұмыс сапарымен Кеген ауданына келіп, аудан орталығындағы жаңадан салынып жатқан әлеуметтік осал топ өкілдеріне арналған тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.Іссапар барысында тұрғын үй құрылысының сапасы, құрылыс жұмыстарының қарқыны және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселелері қаралды.Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1240573?lang=ru
Тыл қызметтерін цифрландыру: Қарулы күштерде цифрлық трансформация сыныбы ашылды 03.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Тылы бастығының басқармасында цифрлық трансформация сыныбы пайдалануға берілді.Жаңа алаң әскери логистика, жабдықтау және материалдық құралдарды есепке алу үдерістерінің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді әзірлеу, талқылау және сынақтан өткізу орталығы ретінде қызмет атқарады.Салтанатты ашылу рәсіміне Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев қатысты. Өз сөзінде ол елімізде жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында әскерді қамтамасыз ету жүйесіне заманауи технологияларды кеңінен енгізу ерекше маңызға ие екенін атап өтті.Оның айтуынша, интеллектуалды шешімдерді қолдану материалдық құралдарды есепке алу мен мониторинг жүргізу үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, әскери бөлімдердің қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде басқару тиімділігін арттырып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінің сапасын жаңа деңгейге көтереді.Қарулы күштер Тылының бастығы полковник Арман Мансұров жаңа сынып материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы озық бастамаларды әзірлеу мен енгізудің маңызды орталығына айналатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл алаң мамандардың тәжірибе алмасуына, инновациялық тәсілдерді сынақтан өткізуіне және ресурстарды басқаруға арналған заманауи цифрлық құралдарды әзірлеуіне қолайлы жағдай жасайды.Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі кезеңдегі әскерді қамтамасыз етуді ұйымдастырудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен роботтандырылған кешендерді дамыту, материалдық қамтамасыз ету базаларының инфрақұрылымын жетілдіру, әскери тасымалдарды ұйымдастыру, әскери қызметшілерді киім-кешекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ тамақтандыру нысандары қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін біріздендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша генерал-майор Алмаз Жұмакеев жазғы оқу кезеңіне арналған басым міндеттерді айқындады. Ол басқару үдерістерін одан әрі цифрландыру, қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыру және жеке құрамды сапалы даярлау бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтіп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен даму бағыттарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1240574?lang=ru
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау 03.07.2026
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес көрсетілетін әлеуметтік қолдау шарасы. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен реттеледі.Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздер:табиғи зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал;өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залал;әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;жан басына шаққандағы орташа табыстың республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне қатысты жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспауы.Әлеуметтік көмек атаулы сипатқа ие және екінші деңгейдегі банктердегі немесе «Қазпошта» АҚ-дағы 20 таңбалы шоттарға ақшалай қаражат аудару арқылы біржолғы төлем түрінде көрсетіледі.Әлеуметтік көмекті тағайындау шарттары, алушылар санаттары және төлем мөлшерлері жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімдерімен айқындалады.Әлеуметтік көмекті кімдер ала аладыНақты өңірдің мәслихатының шешіміне байланысты әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетілуі мүмкін:табиғи зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар;жан басына шаққандағы орташа табысы жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын азаматтар.Қызметті қайдан алуға болады?Қызмет келесі орындар арқылы көрсетіледі:электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы;қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы;кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері арқылы;«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы.Қандай құжаттар қажет?Әдетте келесі құжаттар талап етіледі:Жеке басын куәландыратын құжат;Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер (егер көмек табыс деңгейіне байланысты болса);Қиын өмірлік жағдайды немесе әлеуметтік көмек алуға негіз болатын мән-жайларды растайтын құжаттар немесе актілер.EGov порталы арқылы өтініш беру тәртібіeGov порталында тіркелу;«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» қызметін таңдау;Өтінішті толтыру;Банктік шотты (IBAN) көрсету;Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою;Жеке кабинет арқылы қызмет нәтижесі туралы хабарламаны алу. Қызмет көрсету мерзіміҚұжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап шешім 8 жұмыс күні ішінде қабылданады. Қызмет тегін көрсетіледі.Қызмет көрсету нәтижесіӨтінішті қарау нәтижесінде өтініш беруші:әлеуметтік көмектің тағайындалғаны туралы хабарлама;немесебас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап алады.Әлеуметтік көмекті көрсету туралы шешімдер жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, тиісті мәслихаттардың шешімдері негізінде қабылданады.Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін азамат өтініш пен өзінің мұқтаж азаматтардың тиісті санатына жататынын растайтын құжаттарды ұсынады. Өтінішті қарау кезінде отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы және қиын өмірлік жағдайды растайтын басқа да мән-жайлар ескерілуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1240578?lang=ru
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде енгізілді 03.07.2026
Канастота, Нью-Йорк штаты, 2026 жылғы 14 маусым – Қазақстанның көрнекті боксшысы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында орналасқан Халықаралық бокс даңқы залына (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) ресми түрде енгізілді.Салтанатты рәсімге әлемдік бокс қауымдастығының өкілдері, қазіргі және бұрынғы әлем чемпиондары, спорт журналистері, сарапшылар, сондай-ақ түрлі елдерден келген көптеген бокс жанкүйерлері қатысты.Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына үміткер болу құқығына ие болған алғашқы жылы-ақ сайланып, 2026 жылғы лауреаттар қатарына Антонио Тарвер және Найджел Беннмен бірге енді. Тиісті шешім боксты жариялайтын Журналистер қауымдастығы мүшелерінің, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен осы спорт түрінің тарихшыларының дауыс беру қорытындысы бойынша қабылданды.Кәсіби мансабында Геннадий Головкин WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды, дивизион рекордын қайталай отырып, орта салмақтағы чемпиондық атағын 20 рет сәтті қорғап, өз буынының ең көрнекті боксшыларының қатарына лайықты түрде кірді.Геннадий Головкиннің Халықаралық бокс даңқы залына енгізілуі оның айрықша спорттық жетістіктері мен әлемдік бокстың дамуына қосқан елеулі үлесінің халықаралық деңгейде мойындалуы болып табылады. Бұл оқиға қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін және оның осы спорт түрінің дамуына қосқан маңызды үлесін де айқындайды.Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы ерекше, өйткені ол отандық спорт тарихындағы маңызды белестердің бірі саналады.Анықтама: Халықаралық бокс даңқы залы (International Boxing Hall of Fame, IBHOF) 1989 жылы Нью-Йорк штатының Канастота қаласында құрылған және көрнекті спортшылар мен бокс қайраткерлерінің жетістіктерін мәңгі есте қалдыруға арналған әлемдегі ең беделді мекемелердің бірі болып табылады. Әр жылдары Даңқ залына Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Шугар Рэй Леонард, Джо Фрейзер, Джордж Форман, Мэнни Пакьяо, Виталий және Владимир Кличко, Константин Цзю және басқа да әйгілі боксшылар енгізілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-newyork/press/news/details/1240558?lang=ru
Жергілікті команда жеңіске жетті 03.07.2026
Сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Ақтау қаласының «Каспий» футбол командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының 13-ші туры аясында кезекті матч өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов барып, жергілікті командаға қолдау білдірді.Тартысты кездесудің алғашқы таймында «Қайсар» сапындағы Нұрдаулет Ағзамбаев пен Имо Эзикель қарсылас қақпасына гол соғып, команданы алға шығарды. Осылайша жергілікті команда 2:1 есебінде жеңіске жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240520?lang=ru
15 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездеседі 03.07.2026
15 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240508?lang=ru
Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды 03.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «BI Group» компаниясының акционері, директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті. Кездесуде өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру, инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру және қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселелері талқыланды.Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі. Атап айтқанда, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы – бір мезетте 500 оқушыны, тәулігіне 3 мыңға дейін баланы қабылдайтын көпфункционалды орталық. Мұнда спорттық және шығармашылық үйірмелермен қатар, робототехника, жасанды интеллект, 3D модельдеу және түрлі оқу-зертханалық кабинеттер жұмыс істейді.Ботаникалық бақ – экологиялық мәдениетті дамытуға және жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған жоба. Бақта әлемнің түрлі аймақтарынан әкелінген 92 түрлі 3300-ден астам өсімдік өсіріледі, нысан заманауи микроклиматтық және суару жүйелерімен жабдықталған.Жақында пайдалануға берілген «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы халықаралық стандарттарға сай, 300 орынға арналған көпфункционалды кешен ретінде қызмет атқарады. Құрамында әкімшілік блок, event-аймақ, жатақхана бар.Бұдан бөлек, қалалық мәдени-демалыс паркі мен Президент саябағы қайта жаңғыртылып, заманауи демалыс аймағына айналды. Мұнда субұрқақтар, амфитеатр, спорт және ойын алаңдары, жүгіру, велосипед жолақтары салынып, 31 гектар аумаққа жасыл желек егілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240503?lang=ru
Көкшетаулық егіздер Ұлттық ұланда бірге қызмет етеді 03.07.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөліміне жас сарбаздар легі келді. Жас шақырылым арасында ағайынды егіз Константин Судя мен Федор Судя бар. Олар мерзімді әскери қызметке бірге барып, өздерінің азаматтық міндеттерін бірге орындауға шешім қабылдапты.Ағайындылар 2007 жылы 2 маусымда дүниеге келген және бала кезден жұптары ажырамаған. Олар Ақкөл қаласының №2 орта мектебінде білім алып, кейін Көкшетау колледжінде "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығын оқып шыққан.Судялар отбасында үш ұл екен. Алайда әскери қызметке тек Константин мен Федор шақырылған, олардың үлкен ағасы денсаулығына байланысты үйде қалған. Осыған қарамастан, егіздер бірауыздан қызметке барып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу туралы шешім қабылдайды.Бүгінде жас әскери қызметшілер алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, армия өміріне бейімделуде. Жас сарбаздар мұнда әскери тәртіптің негіздерін меңгереді, жалпы әскери жарғыларды оқиды, дене дайындықтарын жетілдіреді және қару-жарақпен жұмыс істеуді үйренеді. Тәжірибелі офицерлер және сержанттардың басшылығымен олар одан әрі қызметке қажетті білім мен дағдыларды алады.Константин мен Федордың айтуынша, әскери қызмет жауапкершілікті, тәртіпті және мінезді тәрбиелеуге мүмкіндік беретін әрбір жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең болып табылады. Қызмет аяқталғаннан кейін ағайындылар "Сарбаз 2.0" білім беру бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама мерзімді әскери қызметте ерекшеленген сарбаздарға тегін оқу грантын алуға мүмкіндік береді.Жас сарбаздардың алдында әскери ант қабылдау, әскери мамандықты игеру және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік-жауынгерлік міндеттер тұр.Ағайындылардың шешімі — отбасылық бірліктің, өзара қолдаудың және Отан алдындағы азаматтық борышын орындауға саналы көзқарастың жарқын мысалы. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1240505?lang=ru
Қарауылтөбе ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды 03.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және зиялы қауым өкілдері Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында салынған кезекті өрт сөндіру бекетінің ашылу рәсіміне қатысты. Шарада облыс әкімі төтенше жағдайлар қызметінің техникалық әлеуетін арттыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Облыс, аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан елді мекендердегі халықтың қауіпсіздігі аса маңызды. Осыған орай күні кеше Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Аралдағы Қамыстыбас және Қазалыдағы Жанқожа батыр ауылдық округтерінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынған өрт сөндіру пункттерін табыстады.Бүгін аталған бағдарламамен Қарауылтөбеде салынған өрт сөндіру бекетін ресми түрде іске қосамыз. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласы мен Қазалы, Шиелі аудандарындағы сала қызметкерлерінің пайдалануына 11 заманауи өрт сөндіретін және арнайы жабдықталған жеңіл автокөлік бердік. Облыста 2023-2025 жылдары 2 млрд. теңгеден астам қаржыға 17 өрт сөндіру техникасы, 4 арнайы жабдықталған жеңіл автокөлік, 90 цифрлық радиобайланыс жүйесі, 50-ден астам арнайы құрал-жабдық алынды. Осы жылы 2,8 млрд теңгеге 20 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынады деп жоспарлануда. Жаңа техникалар алдағы уақытта табысталады. Бұл – өңіріміздің төтенше жағдайлар саласы қызметкерлеріне үлкен қолдау», – деді Мұрат Нәлқожаұлы. Ашылу рәсімінде Шыңғыс Әрінов, ел ағасы Аманкелді Досмаханұлы сөз сөйлеп, өрт сөндіру бекетін ашуға атсалысқандар мен азаматтық қорғау саласында қажырлы еңбек еткен сала қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен және Төтенше жағдайлар министрлігінің наградаларымен марапатталды. Бұдан кейін Шыңғыс Сайранұлы төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамымен кездесті. Жасөспірімдерге арналған «Batyr Kids Team» спорт залына, үнемделген қаржы есебінен жөндеуден өткен департамент ғимаратына барды. Жедел-құтқару жасағының бөлімшесімен танысып, олардың материалдық-техникалық жағдайын көрді.Айта кетейік, «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасының мақсаты – өртке қарсы қызметі жоқ шалғай елді мекендерде жедел және тиімді көмек жүйесін құру. Бүгінде осы бағдарлама шеңберінде аймақта 35 бекет салынған. Бекеттер 25 өрт сөндіру автокөлігімен, 12 тіркеме, 8 тасымал, 2 стационарлық радиостанциямен, өрт құрал- жабдықтары және жауынгерлік киімдермен жабдықталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240483?lang=ru
Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда 03.07.2026
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап, алдымен Тасбөгеттегі бас су жинау қоймасына барды. Нысанның тәуліктік қуаты 56 500 текше метр, «Степь», «Арай» және «Бас тоғаннан» алынған таза су арнайы су сақтау қоймаларына жиналады. Кейін насос станциясы арқылы төрт су құбыры желісімен қала тұрғындарына жеткізіледі. Сырдария өзенінен алынатын су механикалық тазартудың бес кезеңінен өткізіледі. Зертхана мамандары ауызсудың сапалық құрамын тәулік бойы тұрақты бақылауда ұстап, тиісті сараптамалар жүргізеді.Облыс әкімі жауапты басшыларға жұмысты жүйелі үйлестіріп, тұрақты бақылауды тапсырды.Бүгінде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 300 қоғамдық көлігі қала аумағына 32 бағыт бойынша қатынайды. Серіктестікте 700-ге жуық адам еңбек етеді.Мұрат Нәлқожаұлы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды тапсырды.Келесі нысан - Абай даңғылы бойындағы тұрғын үйлер аулаларына салынып жатқан спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы. 1,9 млрд теңгенің жобасы аясында 29 тұрғын үйдің ауласына ойын, шағын футбол және воркаут алаңдары салынады. Бас мердігер – «Еңбек» РМК.Өңір басшысы балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстап, құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.Бұдан кейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанынан бой көтеріп жатқан Инжинирингтік парктің құрылыс алаңына барды. Парк құрамында археология және физика-химиялық талдау әдістері зертханалары, жасанды интеллект және академиялық басымдық орталықтары, робототехника, жерді қашықтан зондтау және ІТ зертханалары жұмыс істейді.Сонымен қатар 90 орындық дәрісхана, 140 орындық конференц-зал және заманауи компьютерлік аудиториялар қарастырылған. Нысанды осы жылы пайдалануға беру жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240494?lang=ru
«Ел іші - өнер кеніші» 03.07.2026
Бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбында концерттік бағдарламаның ашылу кеші өтті.Тағылымды кеште аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев құттықтау сөз сөйлеп:- Өнер – халықтың рухани байлығы, ұлтымыздың асыл қазынасы. Осы құндылықтарымыз арқылы халқымыздың тарихы мен тағылымы, салт-дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Өткен жылдан бастап ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ел іші – өнер кеніші» концерті жергілікті өнерпаздардың шығармашылығы мен талантты азаматтардың арасындағы мәдени байланысты нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Барша қатысушыларға шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілеймін. Өнерлеріңіз өрлей берсін, мерейлеріңіз үстем болсын,- деп атап өтті.Бүгінгі кеш барысында Төретам кенті мен Тұрмағамбет ауылының өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, тұрғындарға рухани әсер сыйлады.Айта кетсек ұлтымыздың асыл құндылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылар тағылымды кеш Жосалы кентінің орталық алаңында кент және ауылдық округ өнерпаздарының қатысуымен қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын өткізілетін болады.Келіңіздер, көріңіздер! Көңілді кештен құр қалмаңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1240471?lang=ru
Қамыстыбас және Жанқожа батыр ауылдарында өрт сөндіру бекеттері ашылды 03.07.2026
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында Арал ауданының Қамыстыбас және Қазалы ауданының Жанқожа батыр ауылдық округтерінде салынған өрт сөндіру пункттерінің ашылу рәсіміне қатысты.«Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасының мақсаты – өртке қарсы қызметі жоқ шалғай елді мекендерде жедел және тиімді көмек жүйесін құру. Табиғи жағдайлар мен қашықтықты ескере отырып, тұрғындардың қауіпсіздігіне уақытылы ден қою өте маңызды. Бүгінде осы бағдарлама шеңберінде аймақта 35 бекет салынған.Рәсімде Шыңғыс Әрінов сөз сөйледі. Әрі қарай облыс әкімінің орынбасары төтенше жағдайлардың алдын алудағы, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өрт сөндіру бекеттерінің маңыздылығына тоқталды.«Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің тапсырмасымен азаматтық қорғау саласын жетілдіруге, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейтуге, материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін арттыруға айрықша басымдық берілуде. Бүгін міне, Арал мен Қазалының Қамыстыбас, Жанқожа батыр ауылдарында өрт сөндіру пункттерін ашамыз.Жалпы төтенше жағдайдың алдын алып, адам өмірін құтқару – жоғары әрі жауапты миссия. Елдің амандығы, қоғамның тыныштығы үшін өз өмірін қатерге тігу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге барша Сыр жұртшылығының атынан зор алғысымды білдіремін! Бүгінгі жаңадан табыстағалы тұрған заманауи техникалар ел игілігіне қызмет ете берсін», – деді Бахыт Дүйсенұлы.Салтанатты рәсімде өрт сөндіру бекетін ашуға атсалысқандар мен азаматтық қорғау саласында қажырлы еңбек еткен қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен және Төтенше жағдайлар министрлігінің наградаларымен марапатталды.Ауылдық жерде төтенше жағдай болғанда алғашқы минуттар шешуші рөл атқарады. Бүгінде елімізде арнайы дайындықтан өткен еріктілерді біріктіретін «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункттері жұмыс істейді. Бұл – ТЖМ-нің кәсіби күштері келгенге дейін әрекет етіп, алғашқы шараларды қабылдайтын ауыл тұрғындары.Еріктілерді іріктеу және дайындау белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ведомстволық бағдарлама аясында теориялық және практикалық дайындықтан өтеді, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді үйренеді.Төтенше жағдай кезінде олар бірінші болып әрекет етеді, жағдайды бағалайды, өз мүмкіндіктері шегінде өртті оқшаулау шараларын жүргізеді, радиобайланыс арқылы ақпарат беріп, кәсіби өрт сөндірушілерді шақырады.Өңірде 2023-2025 жылдары 2 млрд. теңгеден астам қаржыға 17 өрт сөндіру техникасы, 4 арнайы жабдықталған жеңіл автокөлік, 90 цифрлық радиобайланыс жүйесі, 50-ден астам арнайы құрал-жабдық алынды.Биыл 2,8 млрд теңгеге 20 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынады деп жоспарлануда. Жаңа техникалар алдағы уақытта ел игілігіне табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240474?lang=ru
Жаңа техникалар мен жеңіл көліктердің кілті табысталды 03.07.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және ел ағаларының қатысуымен азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне 11 заманауи өрт сөндіру және арнайы жабдықталған жеңіл автокөлік кілтін табыстау рәсімі өтті. Рәсімде облыс әкімі саланы қолдау мемлекеттің маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Табиғи және техногендік апаттар туындаған кезде құтқарушылардың еңбегі ерекше мемлекеттік мәнге ие болады. Мемлекет сіздердің қажырлы еңбектеріңізді бағалайды», - деген болатын.Азаматтық қорғау органдары - төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға бағытталған жұмысты атқаратын еліміздегі маңызды құрылымдардың бірі. Олардың басты міндеті – өз өмірлерін қауіп-қатерге тіге отырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінде Президентіміздің, Үкіметтің тапсырмасымен қолдау шаралары жүйелі жүргізілуде. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз. Бүгінгі жаңадан табыстағалы тұрған өрт сөндіру техникалары игіліктеріңізге қызмет етсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!», - деді Мұрат Нәлқожаұлы. Салтанатты шарада Шыңғыс Әрінов сөз сөйлеп, төтенше жағдайлар саласында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен сала ардагерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен және Төтенше жағдайлар министрлігінің наградаларымен марапатталды.Шара соңында аймақ басшысы және Төтенше жағдайлар министрі жаңа техникалар мен жеңіл көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстап, №6 өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты. Айта кетейік, күні кеше Аралдың Қамыстыбас және Қазалының Жанқожа батыр ауылдық округтерінде «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1240475?lang=ru
Самар ауданы әкімінің аппарат басшысы және Әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампейсов мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп стандарттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кездесу өткізді 03.07.2026
Ағымдағы жылдың 12 маусымында Самар ауданы әкімінің аппарат басшысы және Әдеп жөніндегі уәкілі Рауан Жампейсов мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп стандарттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кездесу өткізді.Кездесу барысында ол мемлекеттік қызметте Әдеп кодексін және адалдық пен адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауды, қызметтік этиканың бұзылуына жол бермеуді және қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке жауапкершілікті арттыруды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1240479?lang=ru
Шыңдалған сарбаздар: Ұлттық ұланның жауынгерлері қызметтерін сәтті аяқтады 03.07.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінде 2025 жылғы көктемгі шақырылым сарбаздары әскери қызметін аяқтап, запасқа шығарылуға дайындалуда. Бір жыл ішінде олар қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, режимдік нысандарды күзетіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қызмет атқарды.Осы уақыт аралығында 5513 әскери бөлімінің 1-2025 шақырылымының сарбаздары 256 қызметтік-жауынгерлік тапсырманы сәтті орындады. 65 рет бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылды.Патрульдік-бекеттік қызмет барысында ішкі істер органдарына 574 азамат жеткізілсе, олардың 72-сі қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған. Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің маңында режимдік нысандар аумағына тыйым салынған заттарды лақтырудың 38 әрекетінің жолы кесілді.Бір жыл ішінде жүздеген сарбаз әскери борышын абыроймен атқарды. Олардың арасынан қызметтегі жетістігімен көпке үлгі болған үш жауынгерді ерекше атап өтуге болады.Көкшетау қаласынан әскер қатарына шақырылған қатардағы Нұрболат Мұраттың арбадағы баланы жұбатқан сәті бейнеленген видеосы әлеуметтік желілерде кең таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Әскерге дейін қоғамдық тамақтану саласында еңбек еткен Нұрболат Ұлттық ұлан сапында аспаз мамандығын меңгерді. Ұландықтың оқиғасы әскери қызметшілердің адамгершілігі мен жанашырлығының жарқын көрінісіне айналды.Қатардағы Бейбарыс Рахым Шымкент қаласынан әскер қатарына шақырылған. Әскери ант қабылдау рәсімінде-ақ оған мерзімді қызмет сарбаздары арасындағы Жауынгерлік ту ұстаушылар тобын басқару сеніп тапсырылған еді. Бүгінде ол ҚАЖ мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде қызмет атқарып, режимдік нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда.Қатардағы Нұрдәулет Көшербай да Шымкент қаласынан шақырылған. Әскерге дейін дзюдомен кәсіби түрде айналысқан ол бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзететін бөлімше құрамында қарауыл қызметін атқарады. Сарбаздың айтуынша, әскери қызмет тәртіпке үйретіп қана қоймай, өз мүмкіндігін жаңа қырынан тануға жол ашқан.Алдағы күндері сарбаздар туған өлкелеріне оралады. Бір жылдық қызмет әрқайсысының жадында сан түрлі әсер қалдырғанымен, оларды біріктіретін ортақ құндылық бар. Ол – азаматтардың қауіпсіздігі мен ел тыныштығын қамтамасыз ету.Жалпы өткен жылы еліміздің барлық өңірлерінде қызмет ететін ұландықтар Ішкі істер органдарына 18 мыңға жуық құқық бұзушыны жеткізді, олардың 700-ден астамы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған. Патрульдік-бекеттік қызмет бойынша 3308 тапсырма орындалып, 985 бұқаралық іс-шараның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Заңсыз айналымнан 308 суық және атыс қаруы тәркіленіп, есірткі заттарын сақтау мен тасымалдаудың 153 фактісі анықталды. Сонымен қатар құқықтық тәртіп әскері 39 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі мен бір өндірістік нысанның күзетін қамтамасыз етуде.Бір жыл бұрын әскери ант қабылдап, сапқа тұрған сарбаздар бүгінде шыңдалған, жауапкершілігі жоғары азамат. Ал олардың әскери жолы кейінгі буынға үлгі болып қала береді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1240401?lang=ru
Қазақстан мен Швеция Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссия құрды 03.07.2026
2026 ж. 10-12 маусым аралығында, Астана қ. – Швеция СІМ Сыртқы сауда мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Диана Янсе бастаған өкілді іскерлік делегациясының Қазақстан Республикасына сапары өтті.Сапардың басты оқиғасы Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-швед екіжақты комиссиясын құру туралы Меморандумға қол қою, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Комиссияның инаугурациялық отырысын өткізу болды. Комиссияның тең төрағалары ҚР өнеркәсіп және құрылыс Вице-министрі О.Сапарбеков пен Мемлекеттік хатшы Д.Янсе болды.Швед делегациясының қатарына Epiroc, Volvo Trucks, Scania, Sandvik, SKF, ABB, Ericsson Elekta, AstraZeneca және т.б. сияқты жетекші компаниялар кірді.Комиссияның бірінші отырысы барысында тараптар тау-кен металлургия кешені, сирек жер металдары, машина жасау, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және медициналық технологиялар, орнықты даму және цифрландыруды қоса алғанда, басым секторлардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Epiroc, Sandvik, Scania, Volvo Trucks және Väderstad сияқты швед компанияларының қатысуымен жобаларды іс жүзінде ілгерілетуге ерекше назар аударылды.Тараптар комиссия құру қазақ-швед экономикалық диалогын институционализациялаудағы маңызды қадам болғанын атап өтті. Жаңа формат бірлескен бастамаларды сүйемелдеудің, практикалық кедергілерді жоюдың және салалық өзара іс-қимылды тереңдетудің пәрменді тетігі болуға арналған.Сапар аясында Д.Янсе 16-шы Халықаралық тау-кен металлургия конгресі (AMM 2026) шеңберінде «Тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша Халықаралық диалог» жоғары деңгейдегі панельдік пікірталаста сөз сөйледі.Сапар бағдарламасы ҚР бейінді мемлекеттік органдарының басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулерді қамтыды. Атап айтқанда, ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі А.Цоймен, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаевпен, Сауда және интеграция министрі А.Шаққалиевпен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі А.Әлназаровамен кездесулер өтті.ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыровпен жекелеген келіссөздер жүргізілді, оның барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын, жаңа Комиссия желісі бойынша қадамдарды үйлестіруді және өнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады.Анықтама: 2025 ж. Қазақстан мен Швеция арасындағы сауда айналымы 361,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 ж. ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10,2%-ға өскенін көрсетті (328,3 млн. АҚШ). Экспорт – 76 млн. АҚШ долл., импорт – 285,7 млн. АҚШ.ҚР-да денсаулық сақтау, телекоммуникациялық технологиялар, энергетика және қоршаған орта, көлік, ауыл шаруашылығы, өндіруші өнеркәсіп, қауіпсіздік, білім беру және т. б. салаларда қызметті жүзеге асыратын Швед капиталының қатысуымен 60 компания ұсынылған.ҚР ҰБ деректері бойынша Швециядан Қазақстанға ТШИ 2005-2025 жылдар аралығында 705,6 млн. АҚШ долл құрады, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ға 29,9 млн. АҚШ долл. ТШИ (-37,4%) тартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/1240425?lang=ru