Жаңалықтар
Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді 05.12.2025
Вена, 2025 жылғы 4 желтоқсан – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 32-ші отырысы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ЕҚЫҰ негізгі институттарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоглумен, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның (ДИАҚБ) директоры Мария Телалианмен, ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Ян Братумен, сондай-ақ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кристофор Камппен кездесті.ЕҚЫҰ Бас хатшысымен келіссөздер барысында Е.Көшербаев Қазақстанның Ұйыммен ынтымақтастығының стратегиялық сипатын атап өтіп, ЕҚЫҰ шеңберінде жан-жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтарының бірі екенін айтты.Тараптар ЕҚЫҰ-ның саяси-әскери, экономика-экологиялық және гуманитарлық өлшемдері шеңберінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, практикалық өзара іс-қимылды кеңейту және бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары К.Камппен кездесу барысында Министр этникалық әртүрлілік мәселелерін қозғап, Қазақстанның этносаралық үйлесімділікті қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесін атап өтті.«Біз әртүрлі қоғам – бұл күш деген көзқарасты қолдаймыз. Қазақстан түрлі қауымдастықтардың бейбіт қатар өмір сүруінің және этносаралық ынтымақтастығының айқын үлгісі. Көптеген жағдайларда этникалық әртүрлілік қауіп факторы ретінде қарастырылса, біз үшін бұл ұлттық қазына және стратегиялық артықшылық» – деп мәлімдеді ол.М.Телалиан және Я.Братумен келіссөздер барысында демократиялық даму, құқық үстемдігі, БАҚ бостандығы, адам құқықтарын қорғау және азаматтық қоғам институттарын нығайту мәселелері талқыланды.Өз тарапынан ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстанның сындарлы рөлін жоғары бағалап, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде адам құқықтарының, медиа бостандығының өзекті мәселелері және инклюзивті қоғамдық процестерді қамтамасыз етуге қызығушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогты қолдауға және ЕҚЫҰ күн тәртібінің басым бағыттары бойынша серіктестікті дамытуға дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/1120343?lang=kk
Әскер спортшысы Бейбарыс Қабылан таеквондодан әлем чемпионы атанды 04.12.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Бейбарыс Қабылан Кенияның астанасы Найробиде өткен таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын олжалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскер спортшысын тарихи жеңісімен құттықтады. Ел Президенті Бейбарыс Қабылан жекпе-жектің осы түрінен әлем біріншілігінің алтынын жеңіп алған алғашқы қазақ екенін атап өтіп, спортшыға жаңа биіктерді бағындыруды тіледі.Жеңіс жолында 87 келіден астам салмақта Армия орталық спорт клубының спортшысы төрт мәрте жекпе-жек өткізді. Ол Үндістан мен түркиялық қарсыластарынан басым түсіп, жартылай финалда ирандық Амирмохаммад Ашрафиді 2-1 есебімен жеңді. Осылайша турнирдің шешуші кезеңіне шықты.Финалда қазақ жауынгері Оңтүстік Кореядан келген спортшы Ян Чжуненді жеңді. Жарыстың барлық кезеңінен мүдірмей өткен Бейбарыс Қабылан өзінің мықты екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1119402?lang=kk
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Израиль Елшісін қабылдады 04.12.2025
Астана, 2025 жылғы 4 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен алдағы биік және жоғары деңгейде жоспарланған іс-шаралар кестесі талқыланды.Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1119394?lang=kk
Асфальт жол төселді 04.12.2025
Маңғыстау ауылының Шерқала және Бесшоқы тұрғын массивтерінде “Ауыл - Ел бесігі” бағдарламасы аясында 14,9 шақырым асфальт жол төселіп, пайдалануға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-mangystau/press/news/details/1119359?lang=kk
Астанада «Жас сарбаз» қозғалысының қызмет нәтижелері мен ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері талқыланды 04.12.2025
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы филиалдарының қызмет нәтижелерін қорытындылап, жаңа кезеңге арналған міндеттерді айқындаған оқу-әдістемелік жиын өтті.Қорытынды іс-шараға Қорғаныс, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ қозғалыстың республикалық және өңірлік филиалдарының төрағалары қатысты.Жиында Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары полковник Виталий Адамович, Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі майор Людмила Перякина сөз сөйледі. Талқыланып отырған тақырып бойынша Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Сауле Әпетова, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының басшысы Мәнсия Есекеева өз көзқарастарын білдірді.Тараптар орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің өңірлердегі қозғалыс филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.Жылдың маңызды оқиғаларының бірі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануы болды. Кездесу қатысушылары бұл нормативтік-құқықтық акт әскери-патриоттық бағдарламаларды іске асыруды жаңа деңгейге көтеретінін айтты.Есептік кездесуде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының атынан ведомство өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.Оқу-әдістемелік жиын аясында жастар арасында жоғары патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және отансүйгіштік сезімін арттыруға бағытталған жаңа жұмыс түрлерін енгізу бойынша тренингтер мен сабақтар өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1119377?lang=kk
Тұрғын үй қатынастары туралы жаңа заң бойынша оқыту семинары өткізілді 04.12.2025
"Тұрғын үй қатынастары туралы"Қазақстан Республикасының жаңа Заңы шеңберінде ОСИ және НСУ өзін-өзі басқару органдарын тіркеу мәселелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.Іс-шара барысында қатысушыларға заңнамадағы негізгі өзгерістер, өзін-өзі басқару органдарын тіркеу тәртібі, олардың өкілеттіктері, функциялары және жаңа нормаларды қолданудың практикалық аспектілері ұсынылды.Оқу аяқталғаннан кейін белсенді қатысушыларға бағдарламаның өткендігін растайтын сертификаттар табысталды.Объективті талқылауды қамтамасыз ету және оқыту сапасын арттыру мақсатында семинарға статистика басқармасының мамандары, әкімдік өкілдері, құрылыс компанияларының сарапшылары, белсенділер мен жұртшылық өкілдері қатысты.Іс-шара нәтижелі өтті, қатысушыларға жаңа Заңды іске асыруға байланысты ең өзекті сұрақтарға кешенді жауаптар алуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1119315?lang=kk
Текелі қаласында жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған Ашық есік күні өтті 04.12.2025
Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған бұл ақпараттық кездесуде мамандар 2026 жылдан бастап күшіне енетін заңнамадағы жаңалықтарды жан-жақты таныстырды.Шара барысында қатысушыларға қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына енгізілетін негізгі өзгерістер туралы түсініктеме берілді.Кәсіпкерлер үшін салықтық рәсімдерді жеңілдету, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған шаралар жөнінде толық ақпарат ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1119231?lang=kk
ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 04.12.2025
ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕДәулет ауылдық округінің ауылішілік көшелеріне.Тазалық жұмыстары жүргізілудеДәулет ауылдық округі әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1119236?lang=kk
Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимi 04.12.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер учаскелері болған кезде шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимішаруа немесе фермер қожалығының қызметінен түсетін кірістерден жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда) есептеудің айрықша тәртібін көздейді және акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өткізу, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.Арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең күнтізбелік жыл болып табылады.Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін таңдау кезінде салық төлеушілер мұндай салық режимін оны қолдану шарттарына сәйкес келген кезде кемінде күнтізбелік бір жыл мерзім бойы қолданады.Төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын есептеудi есепті салықтық кезең үшін салық салу объектісіне 0,5 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы салық төлеуші дербес жүргізеді.Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер осы қызметінде пайдаланылатын объектілер бойынша салық мен бюджетке төленетін төлемдердің келесі түрлерінен төлеушілері болып табылмайды:1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақысы;2) көлiк құралдары салығын;3) мүлiк салығын;4) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – әлеуметтік салықты;5) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны;6) қосылған құн салығын (импортталатын тауарларға қосылған құн салығын және бейрезидент үшін қосылған құн салығын қоспағанда) төлеушiлер болып табылмайды.Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация жер учаскесі тұрған жердегі тиісті салық органдарына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1119251?lang=kk
Панфилов ауданы бойынша МКБ-де Ашық есік күні: 2026 жылғы Салық кодексіндегі өзгерістердің түсіндірмесі 04.12.2025
Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілер үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – 2026 жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері мен өзгерістерін жан-жақты түсіндіру болды.Іс-шараға жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, бухгалтерлер және қызметі салық саласына тікелей байланысты басқа да мамандар қатысты. Қатысушыларға жаңа кодекстің бизнес жүргізу шарттарына әсері, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шаралары, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жаңалықтар туралы ақпарат берілді.Мамандар заңнамадағы негізгі өзгерістерге жеке тоқталып, олардың кәсіпкерлік қызметке оң әсерін атап өтті. Сондай-ақ есептілікті тапсыру тәртібін жеңілдету, электрондық қызметтердің мүмкіндіктерін кеңейту және салықтық жүктемені оңтайландыруға бағытталған нормалар түсіндірілді.Қатысушылар жаңа нормаларды қолдану бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби түсініктемелер алды.Осындай кездесулердің өткізілуі салық төлеушілердің ақпараттандырылуын арттырып, алдағы өзгерістерге алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді және салық заңнамасын дұрыс әрі тиімді қолдануға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1119222?lang=kk
Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды 04.12.2025
Қызылорда облысында Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысы қаралды. Жиында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков жобаның негізгі бағыттары мен атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.Қызылорда облысында 447 мыңға жуық тұрғын (53%) ауылдық жерлерде тұрады. Жоба басталғалы бері ауылдарда 782 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жұмыс орны ашылды. Биылға 5,5 млрд теңге бөлінді. Әсіресе өнімді өндіруден бастап өткізуге дейін толық циклмен жұмыс істейтін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға басымдық беріліп отыр.2026–2028 жылдары ауылдарды дамыту жұмыстарын одан әрі күшейту үшін жалпы 450 млрд теңге бөлу жоспарланған. Оның 21,2 млрд теңгесі Қызылорда облысына тиесілі. Аталған қаражат есебінен 1 мыңнан аса жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл өңірдің ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті кеңейту мен кооперацияны дамытуға зор әлеуеті бар екенін көрсетеді.Жиында кооперативтерді басым бағыт ретінде қолдау мәселесі де жеке қаралды.«Мемлекет басшысы жақында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауыл экономикасының тұрақты дамуы тікелей кооперативтердің тиімді жұмысына байланысты екенін атап өтті. Кооперативтерді құру процесі еліміз бойынша белсенді жүргізілуі тиіс, ал облыс әкімдіктерінің үйлестіру жұмысы қатаң бақылауда болуы қажет», — деді Қанат Бозымбаев.Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, екі апталық мерзімде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыруға бағытталған қажетті шараларды пысықтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1119226?lang=kk
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі 04.12.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және заңды мәртебесі бар және келесі шарттарға сай келетін жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлер емес) қолданылуы мүмкін:1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі рұқсат етілген бір немесе бірнеше қызмет түрімен айналысатындар.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;2) қызметкерлерді жұмысқа алмайтындар;3) күнтізбелік айдағы табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтындар.Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолданудың салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.Табыс салығының мөлшерлемесі жеке табыс салығы үшін 0 пайызды және әлеуметтік аударымдар үшін 4 пайызды құрайды. Әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.Жеке кәсіпкерлер қоғамдық телекоммуникациялар қамтылмаған аумақтарда жұмыс істеген кезде арнайы мобильді қосымшаны пайдалануды немесе әлеуметтік аударымдарды дербес есептеуді және төлеуді талап ететін арнайы салық режимін қолданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1119193?lang=kk
Полянское ауылдық округінің әкімі Е. К. Омырбаев Елбасының қатысуымен "ауыл әкімдерінің Диалог-платформасы" ауыл әкімдерінің форумына қатысу туралы тұрғындармен кездесу өткізді. 04.12.2025
Полянское ауылдық округінің әкімі Е. К. Омырбаев тұрғындармен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен "ауыл әкімдерінің Диалог-платформасы" ауыл әкімдерінің форумына қатысу туралы өз әсерлерімен бөлісті. Кездесу аясында ол форумның мақсаттары мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып, жергілікті билік пен халық арасындағы белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Тұрғындар сұрақтар қоюға, өз ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-polyanskoe/press/news/details/1119197?lang=kk
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі 04.12.2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, келесі шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдана алады:1) олардың күнтізбелік жылдағы ең жоғары табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайды;2) олар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін қызмет түрлерімен айналысады.Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде көзден ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы есепті салық кезеңі үшін салық салынатын объектіге 4 пайыздық мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.Жергілікті өкілді органдар салық төлеушінің қызмет түріне және орналасқан жеріне байланысты белгіленген мөлшерлемені 50 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен азайтуға немесе арттыруға құқылы.Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар қосылған құн салығы салынбайтын айналым болып табыладыЖалпы салық салу жүйесін қолданатын салық төлеушілер үшін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын субъектілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар мұндай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алған күні шегерімге жатпайды.Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық және есепті кезең жартыжылдық болып табылады.Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1119217?lang=kk
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы салық режимдері» тақырыбындағы тікелей эфир 04.12.2025
Құрметті салық төлеушілер! 2025 жылғы 5 желтоқсанында сағат 11:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасында «2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы салық режимдері» тақырыбына тікелей эфир өтеді. Спикер ретінде өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Арман Тобылдыұлы Увалиев сөз сөйлейді. Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің pavlodar_mkd Instagram парақшасына жазылыңыз. Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1119113?lang=kk
Азия-Тынық мұхиты өңірінің бас директорларының Оңтүстік–Оңтүстік ынтымақтастық және үшжақты ынтымақтастық жөніндегі 7-ші форумына KazAID қатысты 04.12.2025
Азия-Тынық мұхиты өңірінің бас директорларының Оңтүстік–Оңтүстік ынтымақтастық және үшжақты ынтымақтастық жөніндегі 7-ші форумына KazAID қатыстыТаиланд Корольдігі, Бангкок қ., 2025 жылғы 2-4 желтоқсан - "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы Аркен Арыстанов бастаған қазақстандық делегация Азия-Тынық мұхиты өңірінің бас директорларының 7-ші форумына қатысты. Іс-шараны БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCAP) Таиландтың халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (TICA) бірлесіп ұйымдастырды.Форум инклюзивті өсу мен тұрақты шешімдерді талқылау үшін техникалық көмек агенттіктерінің басшыларын, үкімет өкілдерін және даму серіктестерін біріктіре отырып, оңтүстік–оңтүстік ынтымақтастықты және үш жақты ынтымақтастықты ілгерілету үшін негізгі аймақтық алаң ретінде қызмет етеді.2025 жылы кездесудің басты тақырыбы "Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы инклюзивті қоғамдар үшін оңтүстік–оңтүстік ынтымақтастықты пайдалану" болды.Пленарлық сессия барысында Аркен Арыстанов KazAID қызметін, агенттіктің басымдықтарын және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын егжей-тегжейлі таныстыра отырып, баяндама жасады. Ол Қазақстанның өңірдегі өзара қолдауды ілгерілетудегі рөлін, тәжірибе алмасудың маңыздылығын және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ауқымды шешімдердің қажеттілігін атап өтті.Форумға қатысушылар инклюзивті дамуды ілгерілетудің сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін, техникалық жәрдемдесудің инновациялық тәсілдерін, сондай-ақ әріптестікті нығайтуды талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1119118?lang=kk
Сеулде «Travel Kazakhstan» туристік жолсілтемесінің тұсаукесері өтті 04.12.2025
Сеул, 2025 жылғы 3 желтоқсан – Сеул қаласында белгілі корей жазушысы және саяхатшы Со Бён Ён әзірлеген «Travel Kazakhstan» туристік жолсілтемесінің таныстырылымы өтті.Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, туризм индустриясы мен БАҚ мүшелері, сондай-ақ Қазақстанның достарын қосқанда 70-тен астам қонақ қатысты.Құттықтау сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов аталған кітаптың жарық көруі корей аудиториясы арасында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге қосылатын маңызды үлес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл басылым өзара сапарлардың өсуіне және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.Қазақ дипломаты туристік алмасулар бойынша өзекті статистиканы да келтірді. 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанға Кореядан 41 400 турист келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% көп. Сол кезеңде Кореяға 46 500 қазақстандық барған, бұл 12% өсімді көрсетеді.Сеул қалалық кеңесінің депутаты Айсулуу Аширалиева да құттықтау сөз сөйлеп, Корея қоғамының Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне деген қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатқанын тілге тиек етті. Ол жаңа басылым халықтарымызды жақындатуға және өзара сапарларды ынталандыруға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.Кітап авторы Со Бён Ён басылымның негізгі мазмұнын таныстырып, Қазақстан жайлы өзінің әсерлерімен бөлісті. Оның сөзінше, бұл кітап корейлік туристерге Қазақстанды заманауи, қонақжай әрі қызықты туристік бағыт ретінде жаңаша ашуға көмектеседі.Іс-шара барысында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, одан кейін автор қонақтарға арналған автограф-сессиясын өткізді.Мәдени бағдарлама жас қазақстандық домбырашы Милана Базарованың өнерімен әрленді. Ол «Тепеңкөк» және «Балбырауын» атты екі танымал күйді орындады.Жалпы, қатысушылар Қазақстанға айрықша қызығушылық танытып, «Travel Kazakhstan» жолсілтемесі алдағы уақытта да екі ел арасындағы туризмді дамытуға үлес қоса беретініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1119099?lang=kk
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ-дағы «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар 04.12.2025
Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарында 2025 жылдың 4 желтоқсан күні онлайн форматтағы Ашық есік күні өткізілді. Бұл жолы қандай да бір нақты тақырып болған жоқ – Қор мамандары жиналған жұрттың барлық сауалдарына толыққанды жауап берді. Мәселен:Зейнетақы жарналарын аудармаудың салдары қандай?Зейнетақы шотын қалай қадағалап отыруға болады?Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін де берекелі өмір сүру үшін зейнетақы жоспарын жасауды қай кезден бастаған дұрыс? Өткізілген іс-шара барысында осы және өзге де тақырыптар қызу талқыға түсті. БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп берді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектесті.Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды. Естеріңізге сала кетейік, салымшылар мен алушылар үшін Қор есігі әрдайым ашық. Зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша ақыл-кеңесті салымшылар БЖЗҚ филиалдарында да, enpf.kz сайты, мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимінде де ала алады. Оған қол жеткізу тәсілдері де іс-шарада айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1119033?lang=kk
Қазақстан Қарулы күштерінде Sarbaz+ жобасы іске қосылды 04.12.2025
Алматы облысындағы Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөліміне Sarbaz+ пилоттық жобасы шеңберінде мерзімді әскери қызмет өткеретін алғашқы әскерге шақырылғандар легі келді.Жоба жауынгерлік және арнайы даярлықтың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыруды көздейді. Қорғаныс министрлігінің аталмыш бастамасы мерзімді қызмет кезінде IT, телекоммуникация және ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды басқару сияқты сұранысқа ие салаларда азаматтық мамандықтар алуға мүмкіндік береді.Бастама әскери қызметті кәсіптік оқытуды, цифрлық шешімдерді, медициналық мониторинг жүйесін және бос уақытты сапалы ұйымдастыруды біріктіруді көздейді. Бұл ерекшеліктер әлеуметтік қолдаудың маңызды элементіне айналып, әскер мектебінен өткен жас қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде заманауи тұрмыстық және оқу жүйесі енгізілді. Осындай жаңалықтардың бірі фитнес білезіктерін қолдану арқылы әскери қызметшілерді медициналық бақылау болды.– Бізде сарбаздарға заманауи оқу базасынан жақсартылған инфрақұрылымға дейінгі барлық қажетті жағдай жасалған, – деп түсіндірді 78460 бөлім командирінің орынбасары подполковник Бақытжан Сейтов. – Бұл біздің жастардың жеке және кәсіби әлеуетіне салынған инвестициялар.Әскерден кейін сарбаздар армиядан азаматтық өмірде пайдалы болатын білім мен дағды алып шығады. Бұл бағдарлама біліктілігін арттыратын мерзімді қызмет сарбаздарын, офицерлер мен сержанттар құрамын қамтиды.Биыл қазан айында Sarbaz+ пилоттық жобасы аясында әскери бөлімде жеке құраммен тәрбие жұмысына жауапты офицерлер мен сержанттар үшін қарқынды курстар өтті.Қорғаныс министрлігінің жобасы әскери қызметшілерді жан-жақты дамытуға және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған инновациялық дайындық моделіне көшуді білдіреді. Егер ол сәтті іске асырылса, мерзімді қызметтің бұл моделі ел Қарулы күштерінің барлық бөлімшелерінде кезең-кезеңімен енгізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1119583?lang=kk
Тарғын ауылдық округінің Манат, Жоғары Тайынты, Тарғын және І. Айтықов ауылдарының тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында ауылдарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер ортаға салынды. 04.12.2025
Аудан тұрғындарымен тұрақты кездесулер жалғасуда. Жоспар бойынша 45 елді мекеннің 42-сін аралау көзделіп отыр. Мақсатымыз – шалғай ауылдарды аралап, өзекті мәселелерді анықтау және тұрғындардың пікірін тыңдау. Бүгін Тарғын ауылдық округінің Манат, Жоғары Тайынты, Тарғын және І. Айтықов ауылдарының тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында ауылдарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, ең шалғайдағы Манат ауылына апаратын жолды жөндеу, интернет байланысын тарту және фельдшер маманын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды. Қоғамдық кеңестің мүшесі Бақтыжамал Акитбаева бұл мәселені қазан айында Таврияда өткен облыс әкімі Н. Сақтағановтың аудан тұрғындарымен кездесуінде де көтерген болатын. Сонымен қатар тұрғындар жер мәселесі, тұрғын үйге қатысты сұрақтар, ауыл көшелерін жарықтандыру және қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау мәселелерін талқылады. Барлық мәселелер мұқият қаралып, шешім қабылдау үшін тиісті бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1118966?lang=kk