Жаңалықтар
Қазақстан СІМ-де Молдова Елшісімен кездесу өтті 13.06.2025
Астана, 2025 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Штефан Горданы қабылдады.Кездесу барысында Е.Қонысбаев Елшіні тағайындалуымен және Астанадағы Молдова Елшілігінің ашылуымен құттықтады. Осыған орай қызметке сәттілік тілей отырып, елшіліктің жұмысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен серіктестіктің жаңа бағыттарының дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.Сұхбаттастар Қазақстан мен Молдова арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ осы жылы биік және жоғары деңгейлерде өтетін алдағы іс-шаралардың кестесін талқылады.Өз кезегінде Молдова Елшісі Қазақстан тарапына жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды достық пен серіктестік рухында жандандыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1017400?lang=kk
Талдықорған қаласының орталық алаңында «Өз елім» «Өз елім» — ұлттық рухты ұлықтаған кеші өтті 13.06.2025
Талдықорған қаласының Орталық алаңында Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы III маусымының жабылуына және әйгілі композитор, халықтың сүйікті ұлы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Өз елім» атты рухани-музыкалық концерт өтті.Кешті Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрі ұсынды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Әли Алпысбаев. Дирижері – халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Есбергенов.Кеш бағдарламасында көрермендер Нұрғиса Тілендиевтің ел жүрегінен орын алған: «Ақ шағала», «Жүрегім менің», «Жан сәулем», «Алатау», «Құстар әні», «Саржайлау», «Өз елім» сынды туындыларымен қатар, халық күйлері мен аспаптық шығармаларды тыңдап, шынайы өнерге сусындады.Концертке жиналған қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық өнердің биік деңгейіне тағы бір мәрте көз жеткізіп, орындаушыларға ыстық ықыластарын білдіріп, зор қошемет көрсетті. Бұл кеш – өнер мен ұлттың рухани байланысын бекемдеген ерекше сәтке айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1017344?lang=kk
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары "Тура жол" жобасы аясында өткен "Құмар ойындарға тәуелділік: алдын алудың кезеңдері мен тиімді тәсілдері" тақырыбында семинар-тренингке қатысты 13.06.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары "Тура жол" жобасы аясында өткен "Құмар ойындарға тәуелділік: алдын алудың кезеңдері мен тиімді тәсілдері" тақырыбында семинар-тренингке қатысты.Лудомания, патологиялық ойынға тәуелділік мәселесі соңғы жылдары мамандар мен жұртшылықты көбірек алаңдатып отыр.Іс-шара спикері, психотерапевт, жоғары санатты нарколог Ләззат Бақтыбаева ойынға тәуелділіктің себептері, оның кезеңдері мен алдын алу әдістері туралы айтып берді.Семинарға қатысушылар құмар ойындардың қалай қалыптасатынын, оның негізінде қандай психологиялық механизмдер жатқанын және ерте кезеңдерде тәуекелдерді жеңуге не көмектесетінін білді. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1017303?lang=kk
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратура және бірқатар мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдауға қатысты 13.06.2025
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратура және бірқатар мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдауға қатысты. Іс-шара "Заң және тәртіп" идеологиялық платформасын іске асыру аясында өтті. – Азаматтарды қабылдаудың мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету, заңнама нормаларын түсіндіру, өзекті мәселелерді анықтау және құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша күш – жігерді біріктіру болып табылады, – деп атап өтті МКД басшысының орынбасары Қанат Ахметбеков.Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1017318?lang=kk
Мүлік салығы: 2025 жылға төлейтін соманы қалай білуге болады 13.06.2025
Осы жылдың 1 шілдесіне дейін мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғалардың меншік құқығындағы тұрғын үй жылжымайтын мүлкіне (пәтерлер, үйлер, саяжайлар, гараждар және оларға тиесілі жер учаскелері) мүлік салығын есептеуді жүргізеді.Сонымен қатар, 2024 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылғы 1 қазанға дейін белгіленген.Салық төлеушілерді ақпараттандыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» порталында (eGov.kz) және «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасында (Kaspi.kz) алдағы төлемдер сервисі іске қосылған. Бұл сервис арқылы жеке тұлғалар төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы мүлік салығының сомасын көре алады және дайын деректемелер бойынша төлем жасай алады.Аталған сервис арқылы 1 шілде мен 1 қазан аралығында салық төлеушілерге мүлік салығы бойынша мемлекеттік кірістер органдары есептеген сома туралы ақпаратты КМК ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде алу мүмкіндігі беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1017264?lang=kk
Қостанай облысының әкімдігінде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысы өтті. 13.06.2025
Отырыс барысында нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды, профилактикалық жұмыстың тиімді нысандары, оның ішінде «бос микрофон» бастамаларын енгізу, блогерлерді тарту және үйде экспресс-тесттер өткізу бойынша ұсыныстар талқыланды.Отырыс Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Сандыбаевтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, ҚР ІІМ Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің, білім беру мекемелерінің, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.ҚР ІІМ ЕҚҚІК-тың Екінші басқармасы бастығының орынбасары Сергей Ильинов 2025 жылдың 5 айында елдегі есірткі жағдайы туралы хабардар етті, республикада 3 320-дан астам есірткі құқық бұзушылық тіркелді, 3,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Тыйым салынған заттарды таратқан 7,5 мыңнан астам интернет-ресурстардың қызметі тоқтатылды.Қостанай облысы Полиция департаментінің ЕҚҚІБ-тың бастығы Данияр Дәндібаевтың мәліметінше, өңірде есірткі қылмыстарының саны 24%-ке артқаны байқалады. Заңсыз айналымнан 46 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, 8 заңсыз фитозертхана таратылды.Жастар арасында алдын алу шаралары, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Данагүл Сүйіндікова ағымдағы жылы 85 мыңнан астам оқушы мен 43 мың ата-ана қатысқан 5,6 мыңнан астам профилактикалық іс-шара ұйымдастырылғанын хабарлады.Облыстың қоғамдық даму басқармасы басшысының м. а. Динара Қарымсақова ЖОО студенттері арасында тұрақты профилактикалық жұмыстар: дәрістер, пікірталастар, кездесулер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өткізілетіні туралы хабарлады. Қостанай облысының студент жастарының 70%-тен астамы шығармашылық, зияткерлік және спорт клубтарының қызметіне қатысады, бұл есірткіге қарсы тұрақты көзқарас пен құндылықтарды қалыптастыруға оң әсер етеді.Облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Жанна Қозыбаеваның мәліметтері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлері нашақорлықтың алдын алу, емдеу, оңалту және әлеуметтік қолдау жөніндегі 2025 жылға арналған жоспар әзірледі. Профилактика, есірткіні есепке алу және халыққа мамандандырылған көмек көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту үшін Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, ол мінез-құлқында проблемалары бар, психоактивті заттарды пайдалану бойынша тәуекел тобындағы және психологиялық- педагогикалық қолдауға мұқтаж кәмелетке толмағандармен бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған.Есірткіге қарсы жұмыстың негізгі бағыттарынан басқа, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылады. Бұл акциялар қоғамдық хабардарлықты арттыруға және халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 26 маусымда облыс орталығында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қолдауымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ауқымды акция ұйымдастырылады.Талқылау барысында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, бұл бағыт жастар ортасына және халықтың осал топтарына ерекше назар аудара отырып, одан әрі күшейтуді және жүйелі ведомствоаралық жұмысты талап ететіні атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1017269?lang=kk
Аулалық аумақтарды жөндеу жұмыстары бақылауда 13.06.2025
Ағымдағы жылға арналған бағдарлама аясында аулалық аумақтарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Барлығы 49 аула жөнделуі тиіс, олардың 25-інде жұмыстар бүгінде толық аяқталды.Жыл соңына дейін жалпы 515 аула абаттандырылатын болады. Бұл – жөндеуді қажет ететін аулалардың 93%-ын құрайды.Жөндеу жұмыстары аясында асфальт жабындысын ауыстыру, тротуарларды қалпына келтіру, автотұрақ орындарын ұйымдастыру, жиек тастарын ауыстыру және орнату көзделген.Салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылы осындай жұмыстар 53 аулада жүргізілген болатын.Келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі 1 қыркүйекке дейін белгіленгеніне қарамастан, мердігер ұйымдар оларды 10 тамызға дейін аяқтауға уәде берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1017272?lang=kk
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі 13.06.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі🟦Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.– Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің «екінші ұстазы» – Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. «Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей». Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.🟦Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ дәрігерлері қай кезде болсын, ел мүддесін бәрінен биік қоя білгенін, ұлт қайраткерлері Халел Досмұхамедов пен Санжар Асфендияровтың белгілі дәрігер болғанын, олар халқымыздың азаттығы үшін де, саулығы үшін де аянбай күрескенін атап өтті.– Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әр маманның еңбегі орасан зор. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған тұтас әулеттер бар. Алматыдағы Джувашевтер әулетінен 13 адам медицина саласын таңдаған. Олардың жалпы еңбек өтілі – 375 жыл. Ал Атырау облысындағы Шанаевтар әулетінен 16 дәрігер шыққан. Мұндай еңбек династияларының ғибратты жолы – көпке үлгі-өнеге. Қазір ұлттық медицина саласы қарқынды дамып келе жатыр. Жетістіктеріміз аз емес. Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ана мен бала өлімі шамамен 12 пайызға азайды. Бес жылда 800-ге жуық денсаулық сақтау нысаны, яғни, көптеген емхана мен аурухана салынды. Бұл жұмыс тоқтамайды, мемлекет алдағы уақытта да инфрақұрылымды дамыта береді. Ұлт саулығын жақсарту алғашқы медициналық көмектен басталады. Елімізде ауылдық жердегі медицина жүйесін жаңғыртуға арналған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде 469 ғимарат бой көтерді. Жыл соңына дейін тағы 186 нысан салынады. Аудандық ауруханалар заманға сай құралдармен жабдықталып жатыр, – деді Президент.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/1017202?lang=kk
Француздық Аssystem компаниясы Қазақстан үшін АЭС салуға халықаралық консорциум көшбасшысын таңдау әдістемесін әзірледі 13.06.2025
Ядролық инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тәуелсіз компаниялардың бірі Assystem Қазақстан Республикасының атом-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) техникалық кеңесшісі рөліне ие болды.Assystem АЭС жобасын іске асыру үшін инжиниринг, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын кешенді ұсынуда және қадағалауда ҚАЭС техникалық кеңесшісі қызметін атқаратын болады. Компания атом энергетикасын дамыта бастаған көптеген елдермен, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Түркиядағы жақында жүзеге асқан жобаларды қамтитынын ескерсек, Assystem халықаралық атом энергетикасы саласында теңдесі жоқ тәжірибе алып келеді. Сонымен қатар, Assystem Франция мен Ұлыбританияның ұлттық атом бағдарламаларын үйлестіруде жетекші орын алады.Қазақстанда атом энергетикасын дамыту «Қазақстан-2050» Стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты электр энергиясының қазіргі уақытта шамамен 70 %-ын құрайтын көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтып, баламалы көздерден электр энергиясын өндіру үлесін 50 %-ға дейін жеткізу. 2025 жылдың басынан бастап Assystem озық халықаралық тәжірибе негізінде үлес қосып, АЭХА ұсынымдарына (NP-T-1.10) сәйкес технологияларды таңдау үшін ҚАЭС әдіснамасын жетілдіруді қолдайды. Assystem Group Бас директорының орынбасары Стефан Обарбье: «Біз Қазақстанмен оның жаңа атом энергетикалық бағдарламасы аясында ынтымақтастық орнатқанына қуаныштымыз. Assystem командасы осындай маңызды бағдарламаға қатысуға қуанышты және оның АЭХА және ҚАЭС талаптарына сәйкес келетін қауіпсіз әрі тиімді жүзеге асырылуына ерекше назар аударады».Анықтама үшін: Assystem – атом энергетикасы саласындағы әлемдегі жетекші тәуелсіз инжинирингтік компаниялардың бірі, тұрақты энергетикаға көшуді жеделдетуге ұмтылады. Қауіпсіздік пен қорғанысқа қатаң талаптары бар жоғары реттелетін салаларда 55 жылдан астам тәжірибесі бар, күрделі инфрақұрылымдарды өмірлік циклының барлық кезеңдерінде пайдалану тиімділігін арттыру үшін инжиниринг, жобаларды басқару және цифрлық шешімдер ұсынумен айналысады.Assystem компаниясының 12 елдегі 8 000 сарапшысы энергетикалық ауысымды іске асыруға атсалысуда. Қолжетімді әрі төмен көміртекті энергиямен қамтамасыз ету мақсатында компания төмен көміртекті генерацияны (атомдық және жаңартылатын энергетика, электр желілері) және таза сутекті дамыту бағыттарын белсенді ілгерілетіп жатыр.Сонымен қатар, топ төмен көміртекті электр энергиясын өнеркәсіптік салаларға енгізуге ықпал етуде. Бүгінде Assystem ядролық энергетика саласындағы әлемдегі үш ірі инжинирингтік компанияның қатарына кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-audany-akimat/press/news/details/1017184?lang=kk
БҚО-да 1,6 млн теңгеге ұрлық жасаған гастролер ұры ұсталды 13.06.2025
Батыс Қазақстан облысында полицейлер Орал қаласында ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді.Қылмыс 11 мамыр мен 8 маусым аралығында көпқабатты үйлердің бірінде болған.Тергеу барысында анықталғандай, 18 жастағы Жамбыл облысының тумасы жәбірленушімен бір пәтерде бірге тұрып, бөлмені жалға алған. Сенімге кірген ол қолайлы сәтті пайдаланып, 500 мың теңге ақшаны, төрт алтын сақина мен сырғаны, күміс сақина және қолдан жасалған алқаны жасырын түрде алып кеткен. Жалпы келтірілген материалдық шығын — 1,6 миллион теңге.Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, оның бұған дейін Алматы мен Ақтау қалаларында да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Ұрланған мүлік ішінара тәркіленіп, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.Полиция азаматтарға пәтер жалға беру кезінде сақтық шараларын күшейтіп, жеке мүлікке мұқият болуға кеңес береді. Сенім – ең алдымен қауіпсіздік екенін ұмытпаған жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1017129?lang=kk
Қазақстан Гонконгтағы халықаралық туристік көрмеге қатысты 13.06.2025
2025 жылғы 12 маусым Гонконг – ҚР Бас консулдығы, Алматы қаласының Туризм басқармасы және қазақстандық туристік операторлар Гонконгтағы «International Travel Expo» (ITE) халықаралық туристік көрмесіне қатысты.Көрмеге 500-ден астам шетелдік туристік ұйымдар мен компаниялар қатысып, сондай-ақ 30-дан астам мемлекет өз павильондарын ұсынды.Іс-шара барысында компаниялар Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен таныстырды, қытайлық және гонконгтық серіктестермен байланыс орнатып, ҚР-ға туристерді тарту бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1016997?lang=kk
Казахстан торговый хаб для Малайзии: новые направления для железных дорог 13.06.2025
2025 жылғы 13 маусым, Куала-Лумпур - Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев «Малайзия темір жолдары корпорациясының» президенті Рани Хишам Самсудинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар жүк және жолаушылар тасымалы салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Аталған бағыттар екі ел арасындағы туристік байланыстарды кеңейтуге жаңа мүмкіндік ретінде қарастырылуда.Елші Қазақстанның Еуразия кеңістігінде Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту, Қытайдың Ляньюнгань және Сиань қалаларында логистикалық хабтар ашу, Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін арттыру арқылы еліміздің транзиттік-көлік мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту жөніндегі шаралар туралы ақпарат берді.“Қазақстан, Малайзия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы сауданы ілгерілету үшін сенімді әрі тиімді логистикалық дәліздерді дамыту айрықша маңызды”, – деп атап өтті Б.Сүгірбаев.Өз кезегінде Рани Хишам Самсудин Малайзиядағы теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндап, 2024 жылы іске қосылған Малайзия – Таиланд – Лаос – Қытай бағытындағы «ASEAN Express» жүк пойызы туралы мәлімет ұсынды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Малайзияның Қазақстанның, Орталық Азия өңірінің және одан әрі еуропалық бағыттағы нарықтарына шығу мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар малайзиялық тарап Қазақстанның теміржол саласын жаңғырту және халықаралық логистиканы дамыту тәжірибесін зерделеуге мүдделілік білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1016967?lang=kk
«Халық заңгері» акциясын 13.06.2025
Мақсаты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету болып табылатын «Халық заңгері» акциясын өткізу шеңберінде, 2025 жылғы 30 мамырда Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ғимаратында ауданның мемлекеттік органдарының өкілдерімен, адвокат және мемлекеттік сот орындаушысымен азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шара аясында алимент өндіруге, мұрагерлік құқыққа, жер мәселелеріне және т.б. қатысты жеке мәселелер бойынша заңгерлік кеңестер берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке қатысты мәселелер түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1016887?lang=kk
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру 13.06.2025
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынымдары барлық қызмет көрсететін органдарға жолданып, аудан әкімі аппараты басшысының қатысуымен ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте қаралды. Қарау нәтижелері бойынша келесі мәселелер бойынша шешімдер қабылданды:1) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге;2) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға арнайы бағытталған «Ең алдымен адамдар» семинарлары шеңберiнде мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мамандарды даярлау мүмкiндiгiн қарастыру;3) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге;4) қоғамдық бақылауға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестердің өкілдерін тартуға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1016914?lang=kk
Қазақстанның Орталық Азиядағы климаттың өзгеруінің әсеріне бейімделу жөніндегі күш-жігері ЕҚЫҰ-ның климат пен қауіпсіздік жөніндегі конференциясында ұсынылды 13.06.2025
Эспоо, 2025 жылғы 11 маусым – Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Зүлфия Сүлейменова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Финляндияның Іс басындағы төрағалығы ұйымдастырған Климат және қауіпсіздік жөніндегі конференциясына қатысты.Іс-шараның ашылу сессиясында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрайымы – Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтонен, сондай-ақ Финляндияның Климат және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі министрі Сари Мултала және ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және қоршаған орта мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Елші Бақыт Жүсіпов сөз сөйледі.З.Сүлейменова өз сөзінде іс-шараға қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау және климат саласындағы ЕҚЫҰ өңіріндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудың, тұрақты дамуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге жәрдемдесудің ең маңызды тақырыптарына назар аударуға мүмкіндік беретін бұл Конференцияны ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстанның Арнайы өкілі Орталық Азияның климаттық өзгерістерге ең осал екенін, яғни өңірдегі температура деңгейі орташа әлемдік деңгейден екі есе жылдам көтерілетініне назар аударды. Бұл тұрғыда өңір мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді төтенше ауа райы қауіптерінен зардап шегуде.Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық климаттық күн тәртібіне және оның климаттың өзгеруіне алдын алу әрекеттеріне 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің нақты жол картасына назар аударылды. ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерге еліміздің осы сын-қатермен күресу бойынша нақты іс-әрекеттерді анықтау мақсатында 2026 жылы Қазақстанда климаттық конференцияны өткізу ниеті туралы хабардар етілді.Конференция аясында Арнайы өкіл Зүлфия Сүлейменова Финляндияның Климат пен қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі министрі Сари Мулталамен, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрайымының Арнайы өкілі Тери Хакаламен, ЕҚЫҰ Іс басындағы төрайымының климат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Арнайы өкілі Керстин Стендалмен және Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннаримен екіжақты кездесулер өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1016915?lang=kk
Қазақстанның әскери теңізшілері Бахрейнде су асты миналарын тазарту курстарында біліктілігін арттырды 13.06.2025
ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бес әскери қызметшісі Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысты.Парсы шығанағы акваториясында практикалық сүңгу барысында әскери қызметшілер су астындағы жарылғыш заттарды анықтау және бейтараптандыру тактикасын пысықтады.– Мұндай іс-шараларға қатысу озық әдістемелер мен технологияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға дайындықты арттыруға және серіктес елдердің әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, – деп түсіндірді капитан-лейтенант Жәнібек Салықбаев.Сондай-ақ, су асты миналарын тазарту бойынша курстар халықаралық әскери ынтымақтастық аясында өткізілгенін атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1016916?lang=kk
Ақпараттық-түсіндіру семинары 13.06.2025
2025 жылдың 12 маусымында Қостанай облысы Әділет департаментінің сот орындаушылары қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қостанай ауданына қарасты «Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғам санасында «Жемқорлық - індет, онымен күресу - міндет» қағидасын қалыптастыру және осы жағымсыз құбылысқа қарсы бүкіл қоғамды жұмылдыру.Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері мен әділетті және ашық қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды. Мемлекеттік орган қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1016825?lang=kk
Қазақстан-АҚШ сауда-инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары Вашингтонда талқыланды 13.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 12 маусым – Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Сауда өкілі Джеймисон Грирмен келіссөздер өткізді.Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстардың, соның ішінде энергетика, сирек жер металдары, көлік және жоғары технологиялар салаларындағы дәйекті дамуын атап өтті.АҚШ-тың қазіргі сауда саясаты, сондай-ақ тарифтік және тарифтік емес кедергілер бойынша бірлескен жұмыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.Экономикалық күн тәртібін жалғастыра отырып, тараптар көлік-логистика бағыттарын кеңейту, экспорт бағыттарын әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдері нарығына өзара қол жеткізу мәселелерін қарастырды.Қазақ тарапы шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейілділігін растап, жетекші америкалық компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға назар аударды.Өз кезегінде АҚШ тарапы қайта өңдеу мен тереңдетілген өндірісті қамтитын толыққанды экожүйені құру арқылы аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындық білдірілді.Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында тұрақты диалогты жалғастыруға ортақ мүдделілік бар екенін қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1017466?lang=kk
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту талқыланды 13.06.2025
Вашингтон, 2025 жылғы 12 маусым – Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Джеймс Ришпен кездесу өткізді.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылап, экономикалық байланыстарды нығайтуға және АҚШ Әкімшілігінің басым бағыттарына сәйкес саяси диалогты дамытуға ерекше назар аударды.ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық маңызын атап өтіп, парламентаралық байланыстарды жандандыру қажеттілігін айқындады.Сенатор Дж.Риш Қазақстанның салмақты әрі сындарлы сыртқы саяси бағытын жоғары бағалап, АҚШ Конгресінің іскерлік байланыстарды кеңейтуге қолайлы заңнамалық негіз қалыптастырудағы, оның ішінде Қазақстанмен тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнату арқылы қолдау көрсетуінің маңыздылығын атап өтті.Сұхбаттастар елдер арасындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқан серпінін оң бағалап, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастыруға келісті.Кездесу соңында ҚР СІМ басшысы АҚШ сенаторын Қазақстанға ресми сапармен келіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын нақты талқылауға шақырды.Сонымен қатар М.Нұртілеу ҚР-АҚШ кокусының тең төрағасы, конгрессмен Роберт Адерхольтпен және АҚШ Өкілдер палатасының Кіріс және салық комитетінің Сауда жөніндегі кіші комитетінің мүшесі Кэрол Миллермен кездесті. Келіссөздер барысында америкалық заң шығарушылар Джексон-Вэник түзетуінің Қазақстанға қатысты күшін жоюға жәрдемдесуге ниетті екеніне сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1017467?lang=kk
Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру-енді BCC қосымшасында 13.06.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру мүмкіндіктерінің кеңейтілгені туралы хабарлайды.2025 жылғы 10 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары өтінішті «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның (bcc.kz) мобильді қосымшасы арқылы беру мүмкіндігін пайдалана алады. Бұған дейін рәсім тек ХҚКО-ға жеке жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болатын.Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды.Маңызды: сервисті пайдалану тегін, өтініш беру үшін комиссия өндіріп алынбайды. Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық: bcc.kz қосымшасын ашып, «Мемлекеттік қызметтер» → «Қызметтер» бөліміне өтіңіз.«Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметін таңдаңыз.Қысқаша ақпаратпен танысып, «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш» батырмасын басыңыз.Тіркелген мекенжайды растаңыз немесе қажет болса өзгертіңіз, содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.Мемлекеттік кірістер органын көрсетіңіз, қажет болған жағдайда келесі бір немесе екі тармақты да белгілеңіз:6 ай бойы әлеуметтік көмек аламынМіндеттемелерімді 5 жылдан аса уақыт орындамадымӨтініш беру шарттарымен сілтеме арқылы танысыңыз.Өтінішті жіберу үшін «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органның өтінішті қарау барысы туралы ақпарат шығады.Өтініштің мәртебесін «Тарих» бөлімінен қадағалауға болады.Өтініш сәтті өңделсе, пайдаланушы push-хабарлама алады, ал «Тарих» бөлімінде «Орындалды» мәртебесі және мемлекеттік органның сайтына сілтеме көрсетіледі.Назар аударыңыз: егер неке туралы куәлік болса, жұбайының/зайыбының келісуі қажет. Егер келісім ағымдағы күннің 23:59-ына дейін берілмесе, өтініш автоматты түрде жойылады.Бұл рәсімді тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалар ғана қолдана алатынын атап өтеміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1016789?lang=kk