Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Венада Қазақстанның қарулы қақтығыс аймақтарындағы азаматтарды оңалту және реинтеграциялау тәжірибесі таныстырылды 29.05.2025
Вена, 2025 жылғы 21 мамыр – Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ Комиссиясының (CCPCJ) 34-ші сессиясы аясында қарулы қақтығыс аймақтарынан азаматтарды қайтару, сондай-ақ оларды оңалту және қоғамға реинтеграциялау мәселелеріне арналған іс-шара ұйымдастырылды.Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның қолдауымен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC) ұйымдастырған іс-шара Орталық Азия елдерінің азаматтарды қайтару бойынша гуманитарлық операцияларды жүргізудегі, сондай-ақ оралмандарды қолдау мен сүйемелдеудің тиімді бағдарламаларын әзірлеудегі практикалық тәжірибесін көрсетуге мүмкіндік берді.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко қатысушыларға арнаған алғысөзінде көпжақты ынтымақтастық пен осы саладағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.Қазақстандық «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының өкілі Ернар Маусымбеков оралмандармен жұмыс жасаудың нақты шараларына тоқталып, оралмандар арасында жүргізілген тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерімен де жан-жақты бөлісті.«Жусан» гуманитарлық операциясы кезеңдерінің бірі аясында туған жеріне оралған қазақстандық оралмандардың бірінің жеке тұрғыда қатысып, сөз сөйлеуі іс-шараға ерекшелік берді. Ол қақтығыс аймағында болу, Қазақстанға оралу процесі мен оралмандарды оңалту және әлеуметтік интеграциялау жолында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауы айшықталған өзінің жеке оқиғасымен бөлісті.Іс-шара тақырыбы мен мазмұны қатысушылардың айрықша қызығушылығын тудырып, тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мұндай бастамалардың маңыздылығы жоғары екендігі айрықша аталып өтті.Сонымен қатар Қазақстанның тәжірибесі ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі Елена Купчинамен, сондай-ақ Аустрия Сыртқы істер министрлігінде ұйымдастырылған дипломатиялық және құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер барысында да талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1004312?lang=kk
Қазақстан мен Руанда саяси консультациялардың бірінші раундын өткізді 29.05.2025
2025 ж. 23 мамыр, г. Аддис-Абеба-Астана –онлайн форматта Қазақстан Республикасы мен Руанда екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың бірінші раунды өтті.Тараптардың делегацияларын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Руанда Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің  орынбасары Джеймс Кабаребе басқарды.Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, саяси диалогты жандандыруға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ цифрландыру, ауыл шаруашылығы, білім беру, қауіпсіздік және орнықты даму салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға өзара мүдделілікті атап өтті.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Руанданы достас ел және Африкадағы маңызды әріптес ретінде қарастырып, Руандамен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.Қазақстан-Руанда қатынастарының үдемелі дамуындағы парламенттік дипломатияның маңызды рөлі атап өтілді. Бұл тұрғыда дәстүрлі парламентаралық диалогты одан әрі жандандыруға қатысты ортақ пікірлер айтылды.Дипломаттар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық бастамалар бойынша өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1004319?lang=kk
Агенттік экономикалық капиталды есептеу бойынша Нұсқаулықты әзірледі 29.05.2025
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тәуекелдерді басқару тәжірибесін жетілдіру аясында екінші деңгейдегі банктерге арналған «Экономикалық капиталды есептеу бойынша Нұсқаулықты» әзірледі.Нұсқаулық экономикалық капиталға қойылатын талаптарды дәлірек айқындауға ықпал етеді, бұл банктердің қаржылық тәуекелдерге төзімділігін арттырып, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауды жеңілдетеді.Құжатта экономикалық капиталды есептеуге арналған әдістемелік ұсынымдар берілген, олар банктердің негізгі тәуекел түрлері – кредиттік, нарықтық, операциялық және банктік кітаптың пайыздық тәуекелдері (IRRBB) бойынша есептеледі.Нұсқаулық Базель банк қадағалау комитетінің және Еуропалық банк басқармасының халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген. Халықаралық стандарттарға сәйкестік банктерге үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге, олардың бәсекеге қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.Нұсқаулықтың мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады. Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1004332?lang=kk
Қарағандылықтар бокстан Азия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды 29.05.2025
Бокстан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылар төрт алтын, екі күміс және бір қола медальға ие болды. Азия бокс конфедерациясы мен Халықаралық бокс қауымдастығының қолдауымен жарыс Шри-Ланкада, Коломбо қаласында өтті.Оған әлемнің 23 елінен спортшылар қатысты. Барлығы 50 медаль жиынтығы ойнатылды: жасөспірімдер арасында 26, қыздар арасында 24.Қатысушылар екі жас санатында бақ сынасты: U22 – 18 жастан 22 жасқа дейін және U19 – 18 жасқа дейін.U22 санатында қарағандылық Жасұрбек Анарбаев алтын медаль жеңіп алды. Осы жас санатында біздің жерлестеріміз Гүлнар Тұрапбай мен Томирис Мырзағұл күміс жүлдеге ие болды.U19 жас санатында қарағандылықтар үш алтын медаль жеңіп алды. Олар Алина Құдайгенова,Нығмет Нығман және Расул Асанхановқа бұйырды. Бұл санатта Нұрсұлтан Қыстаубай қола жүлдеге ие болды.– Биыл біздің спортшылар өте жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұл чемпионатта да солай. Барғандардың бәрі медальдармен оралды. Біздің жауынгерлердің жетістіктерін республикалық деңгейде де атап өтті, – дейді Қарағанды облыстық бокс федерациясының персонал және жалпы мәселелер жөніндегі бас менеджері Айгүл Байманова.Қарағандылық боксшылар алдында халықаралық жарыстар мен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қырық бір алтын, төрт күміс және бір қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық боксшылар жалпы медальдық есепте бірінші орынды иеленді – U22 арасында да, жасөспірімдер арасында да.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1004337?lang=kk
Қазақстан мен Қытай іскерлік байланыстарды нығайтуда: Цзинань қаласында өткен бизнес-форумды Марат Сұлтанғазиев ашты 29.05.2025
Қытайдың Цзинань қаласында Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды алаңына айналған ірі бизнес-форум өтті. Іс-шараны салтанатты түрде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ашты. – "Бүгінгі форум Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы серіктестікті нығайтып қана қоймай, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін ашады. Біздің өңір "Бір белдеу – бір жол" бастамасын іске асыруда стратегиялық маңызға ие. Біз шетелдік инвесторларға дамыған инфрақұрылым, қолайлы логистикалық жағдай және жан-жақты мемлекеттік қолдау ұсынамыз. Форум тікелей іскерлік байланыстар орнатуға және бірлескен бастамаларды табысты іске асыруға тиімді алаң болады деп сенемін", - деді Марат Сұлтанғазиев.Форум аясында ауыл шаруашылығы техникасы мен құрылыс материалдарынан бастап жаңа материалдар, электр көліктері, косметика және химиялық өнімдерге дейінгі әртүрлі салаларды қамтитын 124 компанияның өкілдері және 300-ден астам қатысушы бас қосты. Іс-шараның ерекшелігі – қатысушылардың деңгейі: олардың қатарында жылдық кірісі 1 миллиард юаньнан асатын оннан астам ірі компания бар.Форумды Шаньдун провинциясының 16 қаласының өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар департаменттері, шағын және орта бизнесті дамыту орталықтары мен жетекші салалық қауымдастықтар ұйымдастырды. Бұл шара Қытай тарапының Қазақстанмен экономикалық байланыстарды нығайтуға деген өсіп келе жатқан қызығушылығын айқын көрсетеді.Облыс әкімінің айтуынша, соңғы екі жылда Алматы облысы жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша елімізде 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Бүгінде өңірде қытайлық капиталдың қатысуымен бірқатар ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Облыс аумағында Қытай және бірлескен инвесторлардың қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Қытай мен өңір арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде жылына 1 миллиард АҚШ долларынан асады.Цзинань қаласында өткен бизнес-форум Қазақстан мен Қытай арасындағы нақты ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1004348?lang=kk
Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы: стратегиялық әріптестікті нығайту 29.05.2025
Бүгін, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытайдың Шаньдун провинциясының губернаторы Чжоу Найсян мырзамен бауырлас қалалармен ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференция аясында кездесу өткізді.Өз сөзінде өңір басшысы қытайлық тарапқа жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдіріп, Шаньдунды Қытайдың жетекші экономикалық әрі мәдени өңірлерінің бірі ретінде атап өтті. «Біз Қытай мен Қазақстан арасындағы серіктестікті дамытудағы провинцияның рөлін жоғары бағалаймыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.Алматы облысы — агроөнеркәсіп, логистика және туризм салалары дамыған оңтүстік-шығыс Қазақстанның экономикалық тірек аймағы. Өңір «Бір белдеу — бір жол» бастамасын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Кездесуде екіжақты сауда қарым-қатынасының серпініне айрықша назар аударылды. 2023 жылы Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1,082 млрд АҚШ долларын, ал 2024 жылы 1,023 млрд АҚШ долларын құрады. Бүгінде өңірде қытайлық және бірлескен капиталмен жұмыс істейтін 143 кәсіпорын бар.«Біз Шаньдунды тек экономикалық әріптес ретінде емес, орнықты әрі өзара тиімді дамуды ілгерілетудегі сенімді одақтас ретінде қарастырамыз», — деді өңір басшысы. Ол ынтымақтастықтың негізі сенім, тәжірибе алмасу және ортақ болашаққа ұмтылыс болуға тиіс екенін атап өтті.Кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы мен Шаньдун провинциясы арасындағы байланысты нығайтуда бұл кездесудің жаңа кезеңнің бастауы болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1004358?lang=kk
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» 29.05.2025
17 сәуір күні Федоров ауданында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXXVIII облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығының байқау-фестивалі өтті.Фёдоров ауданының үздік көркемөнерпаздар ұжымдары құзыретті қазылар алқасына жарқын әрі өзіндік ерекшелігі бар концерттік бағдарламаларын ұсынды. Көрермендер әрбір нөмірді жылы ықыласпен, үлкен сүйсініспен қарсы алды.Мереке жоғары деңгейде өтті!Барлық қатысушы өнерпаздарға, қолдау көрсеткен көрермендерге алғыс білдіремізАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1218174?lang=kk
Шымкентте әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтті 29.05.2025
«Ақтас» полигонында өткен әскери міндеттілердің жиыны аумақтық қорғаныс бригадасының тактикалық-арнайы оқу-жаттығуымен аяқталды. Он күн ішінде жүзден астам әскери міндетті мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, арнайы және атыс даярлығы бойынша сабақтардан өтті. Жалпы, оқыту 18 пән бойынша өтіп, оның ішінде тосқауыл бекеттеріндегі іс-қимыл, күзет міндеттерін орындау және шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс беру де қамтылды. Аталғаннан бөлек республикалық маңызы бар әскери және стратегиялық объектілерді қорғау кезіндегі күзет, қорғаныс және жауынгерлік үйлесімділік мәселелері де пысықталды.– Оқу-жаттығу жиыны әскери міндеттілердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, аумақтық қорғаныс жүйесін нығайтады. Әр сабақтың мазмұны мен тиімділігіне ерекше назар аударылды, – деп атап өтті Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов.Жиын қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери міндеттілер марапатталып, бірқатар қатысушыларға кезекті әскери атақтар берілді.Айта кетер болсақ, әскери міндеттілер үшін жиын кезеңінде жұмыс орнының орташа жалақысы сақталады. Бұдан басқа, оларға қосымша төлемдер, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004383?lang=kk
Мұнара кранды қауіпсіз пайдалану 29.05.2025
ҚР ТЖМ Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы құрылыс жерлерде мұнара крандарды пайдалану кезінде апат және оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында мұнара кранды пайдаланатын ұйымдар мен адамдарды 30.12.2014 жылғы №359 Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы ескертеді.Бүгінгі күні құрлыс алаңдарда мұнара крандарды пайдалану кезінде келесі жиі ақаулар кездеседі:Крандардың металл конструкцияларында жарықтардың болуы;Құрылғы жүк көтергіштігі бойынша шектеулер жұмыс істемейді (орнатылмаған)Есеп құрылғысының ақаулары (орнатылмаған);Секция немесе жебе металл құрылымының деформациялары;Контроллердің жерге тұйықталуының болмауы;Торлы құрылым элементтерінің деформациясы;Бос монтаждық болттар;Көзді жаншып, топсалардағы тесіктер тоздыруы;Мұнара кранының бұрылу тірегінің рұқсат етілмейтін еңісі;Жоғарыда аталған ақаулардың кем дегенде біреуі болса, барлық ақаулар жойылмай мұнара кранының жұмысына тыйым салынады. Жүк көтергіш құрал – жабдықтарды пайдалана отырып, биіктікте жұмыс істегенде құрылыс алаңында негізгі қауіпсіздік ережелерін елемеу қайғылы жағдайларға, соның ішінде өлімге әкеледі.Физикалық ақаулардан басқа, тексеру кезінде пайдалану құжаттамасын, мұнара кранын басқаратын адамдарды (және жауапты тұлғаларды) оқыту туралы ақпаратты мұқият тексеру қажет.Ең қарапайым қауіпсіздік талаптары осылай көрінеді. Егер сіз оларды мұқият және дәл орындасаңыз, адам мен техниканы апаттан сақтайсыз.     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1004434?lang=kk
Бейімбет Майлин ауданына жұмыс сапары 29.05.2025
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 23 мамырында Бейімбет Майлин ауданында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары, заң қауымдастығы өкілдері, аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов және Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжолованың қатысуымен кездесу өтті.Кездесу барысында Әлия Аманжолова 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әділет органдарының қызметі туралы баяндады. Департамент басшысы қатысушыларды әділет органдары жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, атқарушылық іс жүргізу, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, географиялық көрсеткіштерді қоса алғанда зияткерлік меншік нысандарын тіркеу, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары жайында айтылды.Баяндамасында әділет саласындағы цифрлық сервистерді дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, электрондық сенімхаттарды енгізу, онлайн кеңестер беру және «Цифрлық әділет» жүйесінің басқа да элементтері сөз болды.Құқықтық көмектің қолжетімділігін, соның ішінде шалғай өңірлерде қамтамасыз ету мақсатында іс-шара аясында Бейімбет Майлин ауданы тұрғындары үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды Әділет департаментінің басшысы нотариус және сот орындаушылармен бірлесіп өткізді. Қабылдау барысында сот актілерінің орындалуы, географиялық көрсеткіштерді тіркеу, мұра рәсімдеу және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралды.Сонымен қатар, осы күні мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланған Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1004045?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, діни экстремизм және интернет-алаяқтықтың алдын алудың өзекті мәселелерін талқылады 29.05.2025
 Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, діни экстремизм және интернет-алаяқтықтың алдын алудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шараның бастамашысы Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар облысы Дін істері басқармасы мен полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен болды. Іс-шара семинар форматында өтті, онда қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, діни наным түріндегі радикалды идеялардың таралуына, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі қылмыстар санының өсуіне байланысты қазіргі заманның өткір сын-қатерлерін қарастырды. Талқылаудың негізгі тақырыптары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: алдын алу шаралары, Діни экстремизмнің алдын алу, интернет-алаяқтық: схемалар, қорғау, жауапкершілік. Іс-шара қорытындысы бойынша профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсынымдар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1004055?lang=kk
Республикалық «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» акциясы 29.05.2025
2025 жылдың 23 мамырында Қостанай облысы Әділет департаменті «Бейімбет Майлин ауданының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалы жеке сот орындаушыларымен және Қостанай облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Бейімбет Майлин ауданы бойынша «Мансаптық орталық» филиалымен бірлесіп, республикалық «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» акциясын өткізді.Іс-шараның мақсаты - атқарушылық іс жүргізуде тұрған жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болды. Жәрмеңке барысында барлық жүгінген азаматтарға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңестер беріліп, әрі қарай жұмысқа орналасуға жолдамалар ұсынылды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1004059?lang=kk
Географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі 29.05.2025
Аймақтық брендтерді дамытудағы географиялық көрсеткіштердің құқықтық қорғалуы және оның маңыздылығы туралы бизнес-қоғамдастықты ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар аясында, ағымдағы жылдың 23 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшісі Наталья Руднева Бейімбет Майлин ауданының кәсіпкерлерімен географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелері бойынша кездесу өткізді.Кездесу барысында географиялық көрсеткіштердің құқықтық қорғалуының артықшылықтары мен оны тіркемеген жағдайда туындайтын теріс салдарлар түсіндірілді. Қатысушыларға географиялық көрсеткішті Qazpatent-ке тіркеу тәртібі таныстырылды. Наталья Руднева кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен бизнесті дамытуға жасалған жағдайлар туралы айтты.Кездесу нәтижесінде сыңдарлы диалог орнап, алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1004067?lang=kk
DUALЭST КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ 29.05.2025
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлының қатысуымен «DUALЭST» компаниясы өкілдерімен Шымкент қаласында туристік бизнесті дамыту мақсатында кездесу өтті. Кездесу барысында қонақ үй бизнесі мен франшиза бағытындағы жаңа «Смородина» жобасы таныстырылды.Іс-шарада франшизаның негізгі талаптары, қонақ үй желісін дамыту стратегиясы және серіктестерге арналған қолдау тетіктері ұсынылды. Аталған жоба Шымкент қаласындағы туристік бизнесті дамытуға серпін беріп, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашпақ.🔷Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/1004093?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА «CYBER QURYLTAI: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ОАЗИСІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ 29.05.2025
Түркістан қаласындағы «Rixos Turkistan» қонақ үйінде «CYBER QURYLTAI: Түркістандағы қауіпсіздік оазисі» атты ақпараттық қауіпсіздік және кибермәдениетті дамытуға арналған форум өтті. Форумға еліміздің өңірлерінен 80-ге жуық сала мамандары қатысып, тәжірибе алмасты.Түркістан облысының əкімдігі, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – цифрлық трансформация жағдайында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, заманауи киберқауіптерге қарсы әрекет ету тетіктерін қарастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы өзара байланысты нығайту.CYBER QURYLTAI – жаһандық цифрлық сын-қатерлер жағдайында еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіз цифрлық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды іс-шара.Басқосуда «Лаборатория Касперского» компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры В.Зубанов модераторлық етті.Форумды Түркістан облысы əкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев ашып, қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова да сөз сөйлеп, халықаралық стандарттарды елімізге енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.Облыстағы Turkistan Hub – өңірлік ІТ стартаптарды қолдайтын және цифрлық кәсіпкерлікті дамытатын орталық ретінде жұмыс істеп тұр. Мұнда жастар мен стартаперлерге арналған акселерациялық бағдарламалар, IT мамандарын оқыту курстары жүргізіледі. Оған қоса, аудандарда «Smart Hub» орталықтары ашылып, ауылдық жерлердегі жастарға да цифрлық мүмкіндіктер мен білімге қолжетімділік қамтамасыз етілуде. Бұл орталықтар тек оқыту емес, жергілікті IT жобалар мен сервистердің тірек нүктесіне айналады деп күтілуде.Биыл Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу жоспарланған. Университет ІТ білім беру жүйесін дамытып, өңірде инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қытайлық «Sunwah Group» компаниясымен халықаралық IT park жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.Іс-шара «Қазақстандағы цифрландыру мен киберқауіпсіздікті дамытудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбындағы панельдік сессияға жалғасты. Онда ақпараттық қауіпсіздік саласының өкілдері құнды мағлұматтар берді.Сонымен қатар спикерлер мен сарапшылар «Қауіпсіз қала: Hikvision көмегімен қорғалған қалалық ортаны қалай құруға болады?», «Деректерді қалай қорғауға болады? Заң талаптарын сақтау ма, әлде пайдаланушылардың қолайлылығы ма – қайсысын таңдау керек?», «Checkpoint өнім портфеліндегі жаңа технологиялар», «Серверлік бөлмелердің стандарттары және цифрлық трансформациядағы микроЦОД-тың рөлі» тақырыптарында баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті.Форумның екінші бөлімі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің сессиясы мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша оқыту тренингіне жалғасты. Осы күні қатысушыларға Түркістан қаласында экскурсия ұйымдастырылып, облыс орталығының туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/1004095?lang=kk
«Орталық Азия – Италия» форматындағы алғашқы саммитке ақпараттық сүйемелдеу жасау үшін шетелдік журналистерді аккредиттеу туралы 29.05.2025
2025 жылғы 30 мамырда Астана қаласында «Орталық Азия – Италия» форматындағы алғашқы саммит өтеді.Саммит аясында Орталық Азия мемлекеттері мен Италия Республикасы арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.Іс-шара өтетін күні БАҚ өкілдері үшін Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52 мекенжайындағы Тәуелсіздік сарайында баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.Аккредитациядан өту үшін шетелдік журналистер 2025 жылғы 27 мамырда сағат 12:00-ге дейін тіркеу формасын толтырып, оны mfakzaccreditation@gmail.com электронды поштасына жолдау қажет.Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуға болады:– Ерлан Өтегенов, ұялы тел.: +7 (777) 041 8865.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1004107?lang=kk
Республикалық «Halyq zañgerі» акциясы 29.05.2025
Республикалық «Halyq zañgerі» акциясы Ағымдағы жылдың 30 мамырында сағат 17:00-де республика бойынша бірыңғай «Halyq zañgerі» акциясы өтеді.Іс-шара аясында азаматтар мемлекеттік органдар өкілдерінен, нотариустан және адвокаттан тегін құқықтық көмек пен кеңес ала алады.Жақсы ауылында акция мына мекенжайда өтеді: Дружба көшесі, 14(Жақсы ауданының «ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТІ бөлімі» ММ ғимаратында, сервистік әкімдік базасында).Барлық қалаушыларды шақырамыз! Құқықтық сұрақтарыңызға білікті жауаптар алыңыз.📞 Анықтама телефоны: 21-5-06. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1004122?lang=kk
Мәжіліс депутаттары Щучинск қаласындағы әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді 29.05.2025
Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары болды.Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев кіші командалық құрамның мамандарын даярлаудың қолданыстағы жүйесі, бейінді комитет мүшелерін кадеттерді іріктеу тәртібі жайынан хабардар етті.Заң шығарушы билік өкілдері оқу орнының инфрақұрылымымен, оның материалдық-техникалық базасымен, кадеттер мен мерзімді қызмет сарбаздарының тұратын жерімен, тамақтану және медициналық көмек көрсету шарттарымен танысты. Олар казармаға, асханаға, спортзалға барып, медициналық кабинеттің қалай жабдықталғанын көрді.Депутаттар әскери бейіндегі мамандардың беделін арттыру жөніндегі пікірлерін айтты, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейтуді ұсынды. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым колледжге негізінен оңтүстік облыстардан келген жастар түсетініне назар аударды. Оның пікірінше, мотивациялық факторлардың бірі білім алушыға азаматтық өмірде де пайдалы болатын мамандық алу мүмкіндігі болуы керек. Ол барлық аймақтардағы мектептерде колледж түлектеріне арналған преференциялар туралы ақпараттандыру жұмыстарын өрбітуді ұсынды.Сапар барысында депутаттарға колледж тәрбиеленушілерінің мәдени бос уақытын, әскери-патриоттық тәрбиесін және спортпен шұғылдануын ұйымдастыру жайы да айтылды. Қонақтар мұражайға, оқу орнының кітапханасына және спортзалға барды.Іс-шара соңында депутаттар әскери колледждің жеке құрамымен кездесті. Мәжілісмендер әскери білім мен әскери қызметке қатысты заңнаманың ережелеріне түсініктеме беріп, оны жетілдіру жөніндегі көзқарасымен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1004135?lang=kk
Қазақстан мен Қытай шекарадағы өткізу қабілетін арттыруға келісті 29.05.2025
         2025 жылғы 23 мамырда «Нұр Жолы» (ҚР) – «Қорғас» (ҚХР) өткізу пункттерінде Қазақстан мен Қытай делегацияларының бірлескен жұмыс сапары өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев, қытайлық делегацияны ҚХР Бас кеден басқармасының министрі Сунь Мэйцзюнь басқарды. Бұл сапар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және Қытай бағыты бойынша үлкен кезектерді шешу қажеттілігі аясында ұйымдастырылды. Ортақ инспекция жүргізу туралы келісім 2025 жылғы 21–22 мамырда Орталық Азия және Қытай кеден қызметтері басшыларының кездесуінде жасалды.       Сапар барысында делегация басшылары екі елдің өткізу пункттері – «Нұр Жолы» және «Қорғас» – орналасқан инфрақұрылыммен танысып, шекараның екі жағындағы нысандарды аралады.       Инспекция қорытындысы бойынша келесі нақты шешімдер қабылданып, уағдаластықтар жасалды:       ➢ «Нұр Жолы» – «Қорғас» өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеу режимін 2026 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту;      ➢ Қытай тарапының Қазақстаннан келетін автокөлік құралдарын қабылдау көлемін ұлғайту:      ➢ «Нұр Жолы» өткізу пункті арқылы – қазіргі таңда тәулігіне 650 АТС қабылдануда, 1 шілдеден бастап бұл көрсеткіш 750 АТС болады, ал қыркүйек айында – 1000 АТС дейін арттырылады;     ➢ «Қалжат» өткізу пункті арқылы – тәулігіне 130 АТС-тен 250 АТС-ке дейін артты, маусым айында 300 АТС-ке дейін ұлғайтылады;     ➢ 2025 жылғы мамыр айының соңына дейін Қытай тарапының «Дулаты» өткізу пунктінде қосымша мобильді инспекциялық-байқау кешенін (МИДК) іске қосу;     ➢ 2025 жылғы қыркүйектің соңына дейін «Қорғас» өткізу пунктінде тұрақты инспекциялық-байқау кешенін орнату;     ➢ Инспекциялық-байқау кешендерінің рентгендік кескіндерін өзара тану жөнінде келісімге қол жеткізілді, бұл қайталап тексеру уақытын қысқартып, шекарадан өту үдерісін жеделдетеді;     ➢ «Қорғас» ХШСО арқылы тасымал ағындарын оңтайлы бөлу жоспарлануда, бұл «Нұр Жолы» өткізу пунктіндегі жүктемені азайтуға және тасымал қозғалысын теңгерімді бөлуге мүмкіндік береді;    ➢  «Нұр Жолы» – «Қорғас» өткізу пункттерінде қозғалыс жолақтары мен шекаралық көпірді кеңейту мәселесі екі тараппен бірлесіп қаралуда;    ➢  Шекара маңындағы кеден қызметтері деңгейінде ай сайынғы отырыстар және Қазақстан-Қытай кеден органдарының үйлестірушілерінің тоқсан сайынғы кездесулерін өткізу келісілді.        Сапар қорытындысында делегация басшылары қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын атап өтіп, бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады. Министр Сунь Мэйцзюнь сондай-ақ «Нұр Жолы» өткізу пунктінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен Қазақстанның электрондық кезек жүйесін жоғары бағалап, оның тасымал үдерісінің ыңғайлылығы мен тиімділігін арттырудағы рөлін атап өтті.       Айта кету керек, Қазақстан мен Қытай үнемі өзара іс-қимыл жүргізіп келеді. Бірлескен шаралардың нәтижесінде Қытаймен шекарадағы өткізу қабілеті 2023 жылы 202 мыңнан 429 мың АТС-ке дейін (112%), 2024 жылы 429 мыңнан 734 мың АТС-ке дейін (71%) артты. 2025 жылдың алғашқы 4 айында 238,5 мың АТС қозғалысы тіркеліп, 41%-ға өсім көрсетілді.      Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар екі ел арасындағы тауар айналымын және транзиттік әлеуетті одан әрі ұлғайтуға, сондай-ақ екі бағыт бойынша кезектерді едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1004046?lang=kk
ҰЭМ: Нақты секторға салынған инвестиция қарқын алуда 29.05.2025
Нақты секторды қаржыландыру «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсатқа 8 трлн теңге бағытталады. Қаражат елдің тұрақты экономикалық өсуіне бағытталған басым индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалмақ.Осы рете, Қазақстанның Даму Банкінде ең ірі инвестициялық жоба пулы шоғырланып отыр. 2025 жылғы төрт айдағы қорытынды бойынша Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің өсуі 6%. Көлік секторы 22,4%-бен өсімнің ең жоғары қарқынын көрсетті. Көлік инфрақұрылымын дамытуды алсақ, 2024 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ желісі бойынша 5 мың шақырым автомобиль жолын жөндеудің бірінші кезегін қаржыландыру басталды. Бүгінгі таңда ұзындығы 1,2 мың шақырым учаскеде жұмыс аяқталды. 2025 жылы ҚДБ жол инфрақұрылымын дамыту бойынша 500 млрд теңгеге жобаларды бекітуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, бүкіл еліміз бойынша 3 мың шақырым автожолды қайта жаңартудың ауқымды екінші кезегі қаржыландырылады. Осы арқылы өңірдегі 7 млн-нан астам тұрғын көлікке қол жеткізеді. Жобаларды іске асыру кезінде құрылыс пен қызмет көрсету саласында шамамен 28 мың жұмыс орны ашылады. Осы кезеңде халықаралық көлік бағыты да нығайтылуда. Бұл сыртқы сауданың кеңеюіне, Қазақстанның логистикалық әлеуетінің артуына ықпал етеді.Өндіріс индексінің 7,1% өсімін көрсететін ТМК секторын ҚДБ 420 млрд теңгеге қаржыландырған екен. Негізгі жобаның бірі – Екібастұз ферросилиций зауыты. Жоғары автоматтандырылған өндіріс іске қосылса, жобалық қуаты жылына 80 мың тонна. Экспортқа бағдарланған өнімі арқылы ол Қазақстанның әлемдегі ең ірі ферроқорытпа жеткізуші ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Зауыт 520-дан аса тұрақты жұмыс орны, бірнеше ондаған мердігер компаниясы, болат кешені мен темірді тікелей қалпына келтіру фабрикасы секілді іргелес кәсіпорындар арқылы өнеркәсіптік кластер құрмақ.ҚДБ жылына 2 млн тонна көлемінде ыстық брикетті темір өндіретін жаңа жобаны қаржыландыруды жоспарлауда. Жоба іске қосылар болса, шикізатты қайта өңдеу деңгейі артып, өнім сапасының жақсаруына, кәсіпорынның технологиялық деңгейі мен экспорттық әлеуетін арттыруға әкеледі. Сондай-ақ, 1000-ға жуық жұмыс орны құрылады. Металлургия саласының, ел экономикасының дамуына елеулі үлес болмақ.Тағы бір маңызды жоба – Павлодар облысындағы автоклавты тотығу технологиясы қолданылатын гидрометаллургиялық комбинат құрылысы. Бұл Қызыл мен Варвара кен орнында өндірілетін кен концентратын халықаралық стандарттар бойынша жоғары деңгейде өңдеуге мүмкіндік береді.Химия саласының өндіріс индексі 11,2%-ға өсіп, озық қарқынмен дамуда. 2025 жылы 262 млрд теңге қаржы салынған. Негізгі жобаның бірі – Жамбыл облысында натрий цианидін өндіретін зауыт салу. Жылына 25 мың тонна алтын өндіруге арналған стратегиялық маңызды реагент шығаратын кәсіпорын. Өндіріс ішкі сұранысты толығымен жауып, импортқа тәуелділікті азайтады. Орталық Азия елдеріне экспорттық әлеуетті қалыптастырады. Жобаны іске асыру кезеңінде 200-ге дейін жұмыс орны, өндіре бастаған кезде 100-ге жуық жұмыс орны ашылмақ.Сондай-ақ, Жамбыл облысында жиынтық қуаты жылына 1 млн тоннадан асатын минералды тыңайтқыш пен индустриялық өнім өндіретін өңірдегі ең ірі химиялық кешен салынады. Өнім АҚШ, Қытай, Түркия, ЕО мен Бразилияға экспортталады. 1200-ден астам адам жұмыспен қамтылады.Батыс Қазақстан облысында калий тұзын өндіру кешенінің құрылысы басталады. Мыңдаған жұмыс орнының сыртында өңірде мектеп, аурухана, тұрғын үй мен жол инфрақұрылымы салынып, мультипликативтік әсері мол болады.Түркістан облысында қуаты жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауыты салынып жатыр. Ол еліміздегі уран саласындағы стратегиялық жеткізуші болады. Оның қызметінен түсетін салық жыл сайын 12 млрд теңгеге жетпек. Сондай-ақ, өңірде поливинилхлорид пен каустикалық сода шығару бойынша бірегей жоба іске асырылуда. Ол – көлемі жылына 120 мың тонна, Қазақстандағы алғашқы ПВХ өндірісі. Ол ішкі сұранысты толығымен жауып, ЕАЭО, Қытай және ЕО елдеріне экспорттық арна ашады. 1300 адам жұмыспен қамтылады. Болжамды кіріс – шамамен 76,8 млрд теңге. Салық түсімі – жылына 3,7 млрд теңге.Жамбыл облысында кальциленген сода шығару жобасы ерекше маңызды. Қуаттылығы жылына 500 мың тонна. Шыны, металлургия және мұнай-химия саласының қажеттілігін қамтамасыз ететін еліміздегі алғашқы өндіріс. Жобаны іске асырудың арқасында импортқа тәуелділік толығымен жойылады. 355 жұмыс орны мен саланың одан әрі өсуі үшін технологиялық база құрылады.Қазақстанның Даму Банкінің 2025 жылға арналған инвестициялық жоспары – көлік қатынасын дамыту, өндірісті автоматтандыру, ең озық қарапайым технологияны кеңінен қолдану арқылы қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған жаңа өндіріс құру жолымен экономикалық өсуге тұрақты негіз қалыптастыру. Жобаларды іске асырудың өн бойында жүзеге асатын жиынтық жалпы қосылған құн 37,8 трлн теңге. Оның ішінде 2025 жылдан бастап іске асырыла бастайтын жобалар бойынша 13,5 трлн теңге. Жобалардың беретін жалпы әсері – көлік саласын дамыту, автоматтандыру мен цифрландыру арқылы өндірістік қуатты жаңарту, жұмыс орнын құру, шикізатты қайта өңдеудің жаңа тізбегін іске қосу, импортқа тәуелділікті төмендету, салық түсімі есебінен өңір бюджетінің өсуі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1004721?lang=kk