Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

Елші Snoonu компаниясының негізін қалаушымен кездесті 02.07.2026
Елші Арман Исағалиев Snoonu компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Хамад Әл-Хажримен, сондай-ақ аталған компанияда еңбек ететін қазақстандық мамандармен кездесті. Әңгіме барысында Елші Х. Әл-Хажриге Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби байланыстарды дамытуға және технология секторында қазақстандық мамандарға жасалған жаңа мүмкіндіктер үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1239290?lang=ru
№1 Индустриялық парк аумағында орналасқан «ВМП Астана» кәсіпорны 02.07.2026
«ВМП Астана» зауыты — коррозияға қарсы және өрттен қорғау жабындарын өндіретін кәсіпорын.Зауыт шығаратын материалдар металл мен бетонды ұзақ мерзімді қорғауға арналған. Бұл өнеркәсіптік және азаматтық нысандардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.Өндіріс туралы толығырақ Astana TV телеарнасының сюжетінен біле аласыз. #Астана #Индустриялықпарк #Қазақстандажасалған #Индустриальныйпарк  https://www.instagram.com/p/DZY5hhxI-g8/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1239275?lang=ru
Елші Арман Исағалиев Doha Film Institute атқарушы директорымен кездесті 02.07.2026
Елші Арман Исағалиев Doha Film Institute атқарушы директоры Фатима Әл-Румейхимен киноиндустрия мен креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа бағыттарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1239280?lang=ru
Ақмола облысында ЕАЭО мемлекеттерінің кеден қызметтері бірлескен алқасының 54-ші отырысы өтті 02.07.2026
2026 жылғы 11 маусымда Бурабайда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Кеден қызметтері біріккен алқасының (КҚБА) 54-отырысы өтті. Бұл – ЕАЭО кеңістігінде бірыңғай кеден саясатын іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі үйлестіруші орган болып табылады.      Отырыс 2026 жылғы 29 мамырда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мемлекет басшылары қабылдаған шешімдерді іске асыру аясында өтті. Бұл талқыланған мәселелердің өзектілігін одан әрі арттырды.     Алқа жұмысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің басшылары мен делегация өкілдері қатысты.     Кездесуде интеграциялық үдерістерді одан әрі дамыту, кедендік әкімшілендіруді цифрлық трансформациялау, өзара саудадағы кедергілерді жою және Одақ кеңістігінде заманауи логистикалық шешімдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қатысушылар Біріккен алқаның алдыңғы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпаратты тыңдады.      Отырыс барысында кең ауқымды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды:      - тауарлардың жекелеген санаттарын сыныптау тәсілдерін жетілдіру, электрондық сауда тауарларын қайтаруды реттеу және жеке пайдалануға уақытша әкелінген көлік құралдарын бақылау;     - мультимодальды, оның ішінде контрейлерлік тасымалдарды дамыту, кедендік транзитті әкімшілендіруді жетілдіру және кедендік операцияларды жүргізу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;     - электрондық құжат айналымын кеңейту, Одақ мемлекеттерінің кеден қызметтерінің ақпараттық жүйелерін үйлестіру, сондай-ақ кедендік бақылау үдерістеріне жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларын енгізу;     - көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды күшейту, транзиттік тасымалдар кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру.      Отырыс барысында Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев кедендік рәсімдерді одан әрі цифрландыру ЕАЭО мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы тауарлардың қозғалысының ашықтығын, қауіпсіздігін және жеделдігін қамтамасыз етудің басты шарты екенін атап өтті.     Отырыс қорытындысы бойынша кедендік әкімшілендіруді одан әрі үйлестіруге, цифрлық технологияларды дамытуға және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған шешімдер қабылданды.     Сондай-ақ қатысушылар Кеден қызметтері біріккен алқасының келесі отырысын өткізу күні мен орнын белгілеу туралы келісімге келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1240177?lang=ru
Алматы базарында 13 мыңнан астам заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасы анықталды 02.07.2026
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен және Қазақстан құс өсірушілер одағымен бірлесіп, қаланың сауда нысандарында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өткізді.Анықталған заңсыздықтар мен тәркілеу Инспекция мамандары «Барыс-IV» базарын тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ, тиісті таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқаларын анықтады. Заңсыз айналымнан жалпы саны 13 680 дана өнім алынды.Қолданылған әкімшілік шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.Өнімді жою процесі адам мен жануарлардың денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағам өнімдерін жою ережелеріне (ҚР Үкіметінің №140 қаулысы) сәйкес, 2026 жылдың 10 маусымында тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы «Беккер шұңқырына» тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды.Алдын алу шаралары оқиғадан кейін көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзге елдерден заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ресми хаттар жолданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1239202?lang=ru
Қызылордалық делегация «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығында болды 02.07.2026
Бүгін аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев бастаған облыс делегациясы Астана қаласына жұмыс сапарымен барып, жаңадан ашылған «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығының жұмысын көрді.«Astana Hub» халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев орталықтың негізгі бағыттары мен инфрақұрылымын таныстырды. Делегация мүшелері жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобаларды біріктіретін сегіз қабатты бірегей экожүйені аралады.Айта кетейік, Мұрат Ергешбаев – бұл бірегей орталыққа арнайы барған облыс әкімдерінің алғашқысы.Орталықта жасанды интеллект әлеміне арналған иммерсивті көрмелер мен интерактивті кеңістіктер, жасөспірімдердің технологиялық дағдыларын дамытуға бағытталған «TUMO Astana» бағдарламасы, Қазақстандағы алғашқы «Tomorrow School» жасанды интеллект мектебі, ғылыми зерттеулер жүргізуге және стартаптарды қолдауға арналған ЖИ-кампус, халықаралық технологиялық компаниялардың зертханалары орналасқан.Кездесуде өңірдегі жобаларды жүзеге асыруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта «Kyzylorda Hub» өңірлік технопаркі базасында инновациялық жобаларды қолдау, жергілікті ІТ-қоғамдастықты дамыту және жастардың цифрлық дағдыларын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде.Жұмыс сапары кезінде цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға қатысты мәселелер де талқыланды.Бұдан бөлек, облыс әкімі Astana Smart City жобасының Ситуациялық орталығындағы қалалық инфрақұрылымды бақылау, деректерді талдау және қала қызметтерінің жұмысын нақты уақыт режимінде үйлестіру мүмкіндіктерімен танысты.Сонымен қатар, қаладағы процестерді басқаруға және түрлі ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған жасанды интеллект негізіндегі платформа көрсетілді.Astana Smart City жобасы қаланы тиімді әрі қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін жаңа буын интеллектуалды инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1239193?lang=ru
Кедендік транзит мерзімі 02.07.2026
Жөнелтуші кеден органы тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде тауарлар жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейін жеткізілуге тиіс мерзімді (бұдан әрі – кедендік транзит мерзімі) белгілейді.Теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі бір айға екі мың километр есебінен белгіленеді, бірақ ол күнтізбелік жеті күннен кем болмауға тиіс.Көліктің өзге де түрлерімен тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын тауарларға қатысты кедендік транзит мерзімі көліктің түрі және көлік құралының мүмкіндіктері, тауарлар тасымалдаудың белгіленген маршруты, басқа да тасымалдау шарттары және (немесе) декларанттың немесе тасымалдаушының өтініші негізге алына отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес көлік құралы жүргізушісінің еңбек пен демалыс режимінің талаптары ескеріле отырып, тауарлар тасымалдаудың (тасудың) қалыпты мерзіміне сәйкес белгіленеді, бірақ ол кедендік транзиттің шекті мерзімінен аспауға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1239134?lang=ru
Қазақстан Еуропа Кеңесінің №108 Конвенциясы комитеті (дербес деректерді қорғау) жанындағы бақылаушы мәртебесін алды 01.07.2026
Страсбург, 2026 жылғы 9-11 маусым – Қазақстанға жеке тұлғаларды дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге байланысты қорғау туралы Еуропа Кеңесінің №108 Конвенциясы комитеті жанындағы бақылаушы мәртебесі ресми түрде берілді.Тиісті шешім Страсбург қаласында өткен Комитеттің 50-ші пленарлық отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму Вице-Министрі Д.Мұсалиев қатысты.Пленарлық отырыс аясында қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы А.Берсемен және №108 Конвенция комитетінің төрағасы Б. де Анкоренамен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында тараптар дербес деректерді қорғау, цифрлық трансформация және заманауи технологияларды дамыту салаларындағы одан арғы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Сонымен қатар, пленарлық отырыс барысында Д.Мұсалиев халықаралық сарапшылар алдында Қазақстанның дербес деректерді қорғау саласындағы тәжірибесі туралы баяндама жасады.№108 Конвенция комитеті цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында дербес деректерді қорғау және жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын қамтамасыз ету саласындағы тәсілдер мен стандарттарды қалыптастыратын негізгі халықаралық алаң болып табылады.Қазақстанға бақылаушы мәртебесінің берілуі халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, дербес деректерді қорғаудың ұлттық жүйесін одан әрі жетілдіруге қосымша мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1239086?lang=ru
Қоқысқа толған жер телімдерінің иелерін экологтар, жер ресурстары саласының мамандары және құқық қорғау органдары тексереді 01.07.2026
Іле ауданы аумағында «ECOBUS QK» ЖШС, «Gold Terra Expedition» ЖШС, сондай-ақ жекелеген жеке тұлғалардың меншігіндегі бірқатар жер телімдерінде ұзақ уақыт бойы құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды заңсыз тастау фактілері тіркеліп келеді.Аталған мәселеге байланысты жақын маңдағы елді мекен тұрғындары жергілікті атқарушы органдарға бірнеше рет жүгінген. Тұрғындар аумақтың санитарлық жағдайына және стихиялық қоқыс орындарының қоршаған ортаға кері әсеріне алаңдаушылық білдіруде.Жер телімдерін тиісті санитарлық жағдайда ұстау – меншік иелері мен жер пайдаланушыларының міндеті болғанына қарамастан, Өтеген батыр ауылдық округі әкімдігі тарапынан салдарын жою бойынша бірнеше рет шаралар қабылданды. Соңғы уақытта арнайы техниканың көмегімен аумақты тазалау және қоқысты шығару жұмыстары кемінде үш мәрте ұйымдастырылды.Сонымен қатар, жер телімдерінің меншік иелеріне стихиялық қоқыс орындарын жою және аумақтарды жер, экологиялық және санитарлық заңнама талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы ресми хабарламалар жолданды. Бұдан бөлек, тиісті материалдар Алматы облысының Экология департаментіне, Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне, прокуратура және полиция органдарына тексеру жүргізу және өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін жолданды.Қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп қосымша бақылау тетіктері пысықталуда. Атап айтқанда, стихиялық қоқыс орындары жиі пайда болатын аумақтар мен кіреберіс жолдарға бейнебақылау құралдарын орнату мәселесі қарастырылып жатыр.Алматы облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабековтің айтуынша, негізгі мақсат – тек салдарын жою емес, өз жер телімдерін күтіп-ұстау бойынша шара қабылдамайтын меншік иелерінің, сондай-ақ қалдықтарды заңсыз төгетін тұлғалардың жауапкершілігін қамтамасыз ету.«Біз барлық қажетті материалдарды құзырлы органдарға жолдадық. Жер телімдерінің қоқысқа толуына жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тартуға күш саламыз. Әр адам қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, ең алдымен өзінен бастауы керек. Бұл тұрғындарға да, жеке ұйымдарға да қатысты. Біз осы мәселені «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрақты түрде көтеріп келеміз», – деді Димаш Қожабеков.Әрбір анықталған құқық бұзушылық фактісіне құқықтық баға беріледі. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаларға заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/1239504?lang=ru
«Халық есепшісі» акциясы 01.07.2026
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жыл басынан бері «Халық есепшісі» акциясы басталды. Бірнеше жүз азамат өз сұрақтарын қойып, Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі бойынша білікті жауаптар алды. Қаржы министрлігі бастаған іс-шара бүкіл ел бойынша өтеді және жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнеске ақысыз консультациялық қолдау көрсетеді. Бұл туралы Ақтау қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары Андрей Смирнов мәлімдеді. Басқарма клиенттеріне қызмет көрсету орталығында мамандар жеке кеңес береді, мұнда тәжірибелі салық салушылардан басқа «Кәсіби бухгалтерлер альянсының» өкілі орналасқан. Олар бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелердегі жұмыс туралы түсінікті және практикалық түсініктемелер береді. Кездесу барысында Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары жаңа Салық кодексінің ережелерін, салық есептілігін ұсыну тәртібін, арнайы салық режимдері бойынша өтпелі нормаларды, ҚҚС бойынша тіркеу есебін қою және алып тастау мәселелерін, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі жұмыс ерекшеліктерін түсіндіреді. Қатысушылар ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға толық жауап алады. Бетпе-бет кеңес беру кестесі: сейсенбі және бейсенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін. Науқан ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады. А. Смирновтың айтуынша, бүгінде Маңғыстау облысының облыс орталығында 37182 салық төлеуші тіркелген, оның ішінде жалпы белгіленген режимде 1643 кәсіпкер салық төлейді, жеңілдетілген салық режимінде – 35529. «Халық есепшісі» акциясы Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында сервистік тәсілді дамытуға, халықтың салық сауаттылығын арттыруға және салық заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1239056?lang=ru
2026 жылы ҚҚС бойынша өзгерістер 01.07.2026
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Сағдуллинмен сұхбат  Қайырлы күн, Данияр Ерболатұлы! Сұхбатқа уақыт бөлгеніңіз үшін рақмет. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, ол қосымша құн салығы (ҚҚС) ережелерін айтарлықтай өзгертті. Ақтау тұрғындары мен бизнеске қатысты негізгі өзгерістер туралы айтып беріңізші. Данияр Сағдуллин: Сәлеметсіз бе! Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымын. Шынында да, 2026 жыл ҚҚС әкімшілендіруінде үлкен өзгерістер әкелді. Негізгі мақсат — әлеуметтік маңызы бар салаларды қолдауды сақтай отырып, салық базасын кеңейту. Ең елеулі өзгеріс — ҚҚС базалық мөлшерлемесінің өсуі. Бұл қаншалықты маңызды? Данияр Сағдуллин: ҚҚС базалық мөлшерлемесі 12%—дан 16%—ға дейін көтерілді. Бұл Қазақстан аумағында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша салық салынатын айналымдардың көпшілігіне қатысты. Егер мөлшерлеме жаңа жылда жүзеге асырылса, мөлшерлеме 2026 жылға дейін жасалған шарттарға да қолданылады. Көптеген кәсіпкерлер бұл бағаның өсуіне әкеледі деп алаңдайды. Сіз бұған қалай түсініктеме бересіз? Данияр Сагдуллин: мөлшерлеменің өсуі сөзсіз түпкілікті құнға әсер етеді, әсіресе кіріс ҚҚС—ты толығымен есептей алмайтындар үшін. Алайда, өтемақы тетіктері енгізіледі: жеңілдік мөлшерлемелері және босату. Үкімет бюджеттің қосымша кірістері экономика мен әлеуметтік саланы қолдауға мүмкіндік береді деп есептейді. Жеңілдік ставкалары туралы толығырақ айтып беріңіз. Данияр Сағдуллин: 2026 жылдан бастап төмендетілген мөлшерлемелер енгізілді:— 5% (2027 жылға дейін — 10%) — лицензияланған медициналық ұйымдар көрсететін дәрілік заттарға, медициналық бұйымдар мен қызметтерге.— 10%—отандық мерзімді баспа басылымдарын сатуға.Бұдан басқа, ҚҚС—тан толық босатылған операциялардың тізімі кеңейтілді: әлеуметтік маңызы бар азық—түлік өнімдері, баспа қызметтері, археологиялық жұмыстар және тағы басқалар. Маңызды мәселе — ҚҚС бойынша тіркеу шегін өзгерту. Бұл кімге әсер етті? Данияр Сағдуллин: ҚҚС бойынша міндетті есепке қою шегі айтарлықтай төмендеді — 10 000 АЕК—ке дейін (2026 жылы бұл күнтізбелік жылға шамамен 43,2 млн теңге айналым). Бұрын 20 000 АЕК болған. Бұл дегеніміз, қазір көптеген орта бизнес компаниялары ҚҚС төлеуші болуға міндетті. Ерікті тіркеуден ертерек өтуге болады.Біз қазірдің өзінде Ақтау кәсіпкерлерімен белсенді жұмыс істейміз: түсіндіру кездесулерін өткіземіз және есепке қоюға көмектесеміз. Тағы қандай маңызды жаңалықтарды атап өткен жөн? Данияр Сағдуллин:— Тұрғын үйді сату және жалға беру кезінде ҚҚС—тан босатуды жою (бұл құрылыс салушылар үшін есепке алуды жеңілдетеді).— Қазақстандықтарға тауарлар мен қызметтерді онлайн сататын шетелдік компаниялар үшін жаңа ережелер (ҚҚС бойынша міндетті тіркеу).— Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80%—ға дейін ұлғайту.— Электрондық шот—фактуралар мен бақылауға қойылатын талаптарды қатаңдату. Осы өзгерістерге тап болған Ақтау кәсіпкерлеріне не кеңес бересіз? Данияр Сағдуллин:2025 жылғы жылдық айналымды тексеріп, 2026 жылға болжам жасаңыз — ҚҚС бойынша Сізге есепке тұру керек пе.Жаңа 16% мөлшерлемені ескере отырып, шарттар мен бағаны қайта қарастырыңыз.Кіріс және шығыс ҚҚС есебін дұрыс жүргізіңіз — бұл салық жүктемесін азайтады.Қажет болса, біздің басқармаға хабарласыңыз — біз тегін кеңес береміз.Соңғы күндерді күтпеңіз: айыппұлдарды болдырмау үшін алдын—ала дайындалғаныңыз жөн. Егжей—тегжейлі түсіндірулеріңіз үшін көп рахмет, Данияр Ерболатұлы! Данияр Сағдуллин: Әрқашан мархабат! Біз бизнеспен диалогқа ашықпыз. Ең бастысы — заңнаманы сақтау және ашық жұмыс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1239045?lang=ru
«Халық бухгалтері» 01.07.2026
Шымкент қаласында кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда.Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым.Кеңес беру уақыты: аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі күндері), сағат 10:00–13:00 аралығында.📍 2026 жылғы 11 маусым күні кеңестер келесі мекенжайларда өткізіледі:• Абай ауданы бойынша МКБ — Шымкент қ., Театр көшесі, 33;• Еңбекші ауданы бойынша МКБ — Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 68;• Қаратау ауданы бойынша МКБ — Шымкент қ., Арғынбеков көшесі, 89А.Кәсіпкерлер салық есептілігін тапсыру, төлемдерді есептеу, электрондық қызметтерді пайдалану және бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша тегін консультация ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-shymkent/press/news/details/1239031?lang=ru
Қазақстан мен Нидерланд 160 млн еуро көлеміндегі бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімге қол жеткізді 01.07.2026
Амстердам қаласы, 2026 ж. 9 маусым – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Нидерланд Корольдігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан–Нидерланд бизнес-форумы өтіп, оның қорытындысы бойынша жалпы құны 160 млн еуроны құрайтын бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі келісімдерге қол қойылып, уағдаластықтарға қол жеткізілді.GreenTech Amsterdam 2026 халықаралық көрмесі алаңында өткен форум Қазақстанның Нидерландтағы сауда-экономикалық миссиясының негізгі іс-шарасына айналды. Форум жұмысына екі елдің мемлекеттік органдарының, іскерлік қауымдастықтарының және салалық ұйымдарының өкілдері қатысты.Нидерланд Еуропалық одақтағы Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді. 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 970 млн АҚШ долларына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,9%-ға өсті. Бұл ретте Қазақстан экспортының көлемі 930,4 млн АҚШ долларын құрап, 65%-дық өсімді көрсетті.«Бүгінгі қол жеткізілген келісімдер екі ел бизнесінің өзара қызығушылығының жоғары деңгейін көрсетеді. Қазақстан Еуропа нарықтарына сапалы өнім жеткізуді ұлғайтуға және нидерландтық серіктестердің қатысуымен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын», – деп атап өтті Арман Шаққалиев.Бизнес-форум аясында агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі және логистика салаларын ұсынатын қазақстандық компаниялар отандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін таныстырып, нидерландтық серіктестермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Сапардың мазмұнды бағдарламасы сондай-ақ Нидерландтың жетекші мемлекеттік және салалық ұйымдарымен келіссөздерді қамтыды. Негізгі тақырыптардың бірі мемлекеттік органдар мен аккредиттелген салалық қауымдастықтардың тиімді өзара іс-қимылына негізделген нидерландтық инспекциялық бақылау моделін зерделеу болды. Мұндай тәсіл өнім қауіпсіздігінің жоғары деңгейін, рәсімдердің ашықтығын және экспорттық операциялардың жеделдігін қамтамасыз етеді.Naktuinbouw басшылығымен өткен кездесуде тараптар тұқым шаруашылығы, сертификаттау және ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Халықаралық стандарттарға сәйкестікті растау мен өнімнің қадағалануын қамтамасыз ететін заманауи жүйелерді енгізу тәжірибесімен алмасуға ерекше назар аударылды. Бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін одан әрі кеңейтуге ықпал етеді.Келіссөздердің жеке блогы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналды. Роттердам портына сапар барысында халықаралық тасымалдар саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, қазақстандық өнімдерді еуропалық логистикалық тізбектерге интеграциялау және Еуропадағы ең ірі теңіз портының әлеуетін пайдалана отырып, отандық экспортты ЕО нарықтарына ілгерілету мәселелері қарастырылды.Тараптар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударып, оның жаһандық логистикалық тізбектердің трансформациясы жағдайында Азия мен Еуропа арасындағы тұрақты, қауіпсіз әрі тиімді жүк тасымалдарын қамтамасыз етудегі рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.Damen Shipyards Group компаниясымен өткен келіссөздер барысында өнеркәсіптік кооперация және кеме жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша озық технологияларды енгізуді, өндірісті жергіліктендіруді және кадрлық әлеуетті дамытуды көздейтін Маңғыстау облысында кеме жасау және кеме жөндеу кластерін құру жобасын іске асыру жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Сонымен қатар, Axia Seeds және DENSO AgriTech Solutions компанияларының өкілдерімен кездесулер өтіп, олардың барысында заманауи агротехнологияларды енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту және жылыжай шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.Сапар қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады. Ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, аса маңызды минералдық ресурстар, инновациялық технологиялар және халықаралық сауда айқындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/1239033?lang=ru
ІІМ өкілі БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының 35-сессиясына қатысты 01.07.2026
2026 жылғы 31 мамыр мен 4 маусым аралығында Вена қаласында (Австрия Республикасы) әлемнің 100-ден астам мемлекетінің өкілдерін біріктірген Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының 35-сессиясы өтті.Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Бас прокуратураның, Сыртқы істер министрлігінің және Ішкі істер министрлігінің өкілдері кірді. Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің атынан халықаралық форумға ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары, әділет полковнигі Н.К. Рыспаев қатысты.Пленарлық отырыс барысында Н.К. Рыспаев «Жазалау жүйесінен оңалтуға қарай: жазаларды орындауды ұйымдастыру мен сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің заманауи тәсілдері, Орталық Азия тәжірибесі және халықаралық стандарттар» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту бойынша іске асырылып жатқан шараларды атап өтті.Сессияға қатысушылар қылмыстың алдын алу, қылмыстық сот төрелігін жетілдіру және пенитенциарлық жүйелерді дамыту мәселелерін талқылады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі құқық бұзушылықтардың профилактикасына, цифрлық технологияларды енгізуге және пенитенциарлық қызметтердің жұмысында жасанды интеллектті пайдалануға ерекше назар аударылды.Форум аясында халықаралық тәжірибе алмасу, жұмыс кездесулері мен келіссөздер өтті. Олардың барысында мемлекеттердің өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, адам құқықтарын сақтаудың және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1239039?lang=ru
ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу туралы өтініште валюталық шарт бойынша мәліметтерді көрсетуге қатысты 01.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiс департаментi ЕАЭО елдерiнен тауар импорттайтын салық төлеушiлердiң назарына мыналарды жеткiзедi.           Валюталық бақылау жүргізудің бизнес процесін автоматтандыру және жетілдіру мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға «Салық төлеушінің кабинеті» ОС арқылы мынадай мәтінмен Push-хабарламалар жіберілді: «ЗТ және ДК ЕДБ-да тіркелген тиісті валюталық шарттар бойынша бар болған жағдайда БҰІБ-ны көрсету қажет».           Сонымен қатар, 328.00 ҚНҚ-да валюталық шарттың есептік нөмірін (бұдан әрі - ІЖКБ №) көрсету үшін «Валюталық шарттың есептік №» бағаны көзделген.           ФНО 328.00-де ІЖҚБ № көрсету кезінде осындай ФНО бойынша мәліметтер салық төлеушінің тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесін ұсынуының қажеттілігінсіз ҚР ҰБ автоматты режимде берілетін болады.                       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1239011?lang=ru
Шымкентте «Жаңа Конституция – бірлігіміздің тірегі» атты мерекелік концерт өтті 01.07.2026
Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне орай «Жаңа Конституция – бірлігіміздің тірегі» атты мерекелік концерт өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен «Шымсити» саябағында өткен мәдени шара ел бірлігін дәріптеді.Концерттің негізгі мақсаты – Ата Заңның қоғамдағы айрықша рөлін кеңінен насихаттау, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру, тәуелсіздік пен ел бірлігінің маңызын ұғындыру болды.Мерекелік кеш барысында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен қаланың танымал әншілері сахнаға шығып, Отанға деген сүйіспеншілік пен елдік рухты дәріптейтін патриоттық әндерді орындады. Әуезді әндер мен әсерлі қойылымдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік кештің көркін аша түсті.Іс-шара барысында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынов Жаңа Конституцияның ел болашағы үшін тарихи маңызын атап өтті.- Конституция мемлекетіміздің берік іргетасы, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі. Жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру бағытындағы маңызды қағидаттар айқындалған. Бүгінгі мерекелік концерт халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған тағылымды шара деп білемін. Әрбір азамат Ата Заңды құрметтеп, оның құндылықтарын өмірлік ұстанымына айналдыруы қажет, – деді Мөлдір Оңдасынова.Конституцияның преамбуласында Қазақстан халқының мемлекеттілікті нығайту, Ұлы Даланың тарихи сабақтастығын сақтау, елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, заң мен тәртіп қағидатын ұстану, адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, бірлік пен татулықты сақтау, ғылым, білім, мәдениет және инновацияны дамыту, табиғатты қорғау, бейбітшілік пен достықты дәріптеу жолындағы ортақ ұстанымы айқын көрініс тапқан.Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқын Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтап, Ата Заңның еліміздің демократиялық дамуы мен Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты құжат екенін атап өткен болатын.Мерекелік концертке жиналған қала тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл күйде патриоттық әндерді бірге шырқап, елдің басты құжатына деген құрметін білдірді.
Жаңа ережелер бойынша 2026 жылы БКМ фискалдық чегі нені қамтуы тиіс 01.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді хабардар етеді Құрметті кәсіпкерлер!2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне және «Бақылау-кассалық машиналарды қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына сәйкес бақылау-кассалық машинаның (БКМ) фискалдық чегінің мазмұнына жаңартылған талаптар күшіне енді.Жаңа ережелер сауданың ашықтығын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.2026 жылы БКМ фискалдық чегінің міндетті деректемелері:Бақылау-касса машинасын тексеру келесі ақпаратты қамтуы керек:Салық төлеушінің атауы;Бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН);Бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;Салық органындағы бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі;Чектің реттік нөмірі;Тауарлардың ұлттық каталогына (ТҰК) сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы-жаңа талап;ТҰК сәйкес тауардың сәйкестендіру коды және сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер (таңбалауға және қадағалауға жататын тауарлар үшін) — жаңа талап;Сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны және олардың өлшем бірлігі;Бірлік үшін тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы;Тауарды, жұмысты, қызметті сатудың жалпы сомасы;Фискалдық деректер операторының атауы және чектің түпнұсқалығын тексеру үшін оператордың интернет-ресурсының деректемелері (деректерді беру функциясы бар БКМ үшін);Сатып алу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) жасалған күні мен уақыты;Фискалдық белгі;Ставкасы көрсетілген қосылған құн салығының сомасы (ҚҚС қолданған кезде);Чек туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-код (деректерді беру функциясы бар БКМ үшін).Қосымша:- Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдыстар мен ломбардтарды қабылдау пункттері үшін-сату сомасы және сатып алу сомасы туралы ақпарат.- Медициналық қызмет көрсету кезінде-пациенттің талабы бойынша чекте сатып алушының (клиенттің) ЖСН көрсетіледі.Чектегі барлық ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетіледі.2026 жылғы негізгі өзгерістер- ТҰК (NTIN/XTIN) бойынша тауардың атауы мен кодын міндетті түрде көрсету. Бұл қаптамадағы тауарларға және таңбаланған тауарларға қатысты (таңбалау кодын қоса).- Чекті «жою» функциясына тыйым салу - түзетулер тек қайтарылған чек арқылы жүзеге асырылады.- Фискалдық деректер операторлары арқылы деректерді беруге қойылатын талаптарды күшейту.Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге кеңес береді:- БКМ бағдарламалық жасақтамасын және микробағдарламасын жаңа талаптарды қолдайтын нұсқаға жаңарту (хаттама 2.0.3).- ТҰК кодтарын дұрыс оқу үшін штрих-код сканерлерін қолданыңыз.- БКМ-нің жаңа ережелерге сәйкестігін алдын ала тексеру. Жаңа талаптарды сақтау әкімшілік жауапкершілікті болдырмайды және бизнестің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1238963?lang=ru
Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті 01.07.2026
Қоғамдық келісімді нығайтуға және конституциялық реформаларды ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру аясында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «Қазақстанның жаңа Конституциясынан нақты қадамға: реформалар дәуіріндегі әлеуметтік бірлік пен құқықтық тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.Іс-шараның мақсаты – әділеттілік, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарын нығайтуға бағытталған конституциялық өзгерістердің іс жүзінде жүзеге асырылуын талқылау, сондай-ақ Әділетті Қазақстанды құру үдерісінде азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мәселелерін қарастыру болды.Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең болғанын атап өтті. Бүгінде заңнаманы жетілдіруге ғана емес, оны тәжірибеде тиімді қолдануға да ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан құқықтық тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту және қоғамдық бірлікті сақтау бағытында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және жұртшылықтың бірлескен күш-жігері айрықша маңызға ие.Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері азаматтардың құқықтарын қорғауға, жастарды қолдауға, волонтерлік қозғалысты дамытуға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар азаматтық белсенділікті арттыру, халықтың құқықтық санасын қалыптастыру және мемлекеттік институттармен өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Ашық пікір алмасу барысында қатысушылар реформаларды іске асырудың өзекті мәселелері бойынша ой бөлісіп, алдағы ынтымақтастықтың тетіктерін талқылады және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге қоғамның қатысуын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірледі.Кездесу қорытындысында қатысушылар конституциялық реформаларды табысты іске асыру азаматтық қоғамның белсенді қатысуы, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім, сондай-ақ заңдылық, әлеуметтік жауапкершілік және Қазақстан халқының бірлігі қағидаттарын бұлжытпай сақтау жағдайында ғана мүмкін екенін атап өтті.Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға, реформаларды жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіруге және елдің тұрақты дамуын, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.
Ескертілген адам сақ жүреді 01.07.2026
Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының ұйымдастыруымен азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кездесу өтті.Жиынның негізгі мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидатын елдің экономикалық қауіпсіздігі тұрғысынан түсіндіру, сондай-ақ тұрғындардың экономикалық, құқықтық және салықтық сауаттылығын арттыру болды.– Қазір Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысында басымдықтар біршама өзгерді. Бұрынғыдай тек құқықбұзушылықтарды анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға ғана емес, олардың алдын алу мен профилактикаға ерекше мән берілуде. Сондықтан халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге басымдық беріліп отыр. Оның ішінде салық заңнамасына қатысты мәселелер де бар. Бүгінгі кездесуде әділетсіз бәсекелестік пен баға қалыптастыруға қатысты сұрақтар көтерілді. Кейбір тауарлар контрабандалық жолмен әкелініп, салықтан жалтару есебінен олардың бағасы заңды түрде өндірілген немесе импортталған өнімдерден әлдеқайда арзан болады. Соның салдарынан заң талаптарын сақтап жұмыс істейтін кәсіпкерлер шығынға ұшырайды. Егер кәсіпкерлерде қылмыстық әрекеттерге негізделген демпинг фактілері болса, бізге жеке хабарласуға кеңес бердік. Ол үшін міндетті түрде арыз жазудың қажеті жоқ, біз түскен мәліметтердің өзін тексере аламыз, – деді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының басшысы Дәурен Тұрғынбай.Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мемлекет тарапынан берілетін біржолғы төлемдердің тоқтатылуына қатысты мәселеге назар аударды. Соның салдарынан шамамен үш мың адам аталған төлемнен қағылған. Бұл мәселе де Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қарауына алынатын болды.Жиынға қатысушылар азаматтардың құқықтарын қорғау және заң талаптарын сақтау тақырыбындағы ақпараттарды әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихаттауды ұсынды. Олардың пікірінше, осындай кездесулерді тікелей эфирде көрсету арқылы әлдеқайда көп адамды қамтып, құқықтық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік туады. Дегенмен, бұл бағытта белгілі бір заңнамалық шектеулер бар. Атап айтқанда, жедел қызметке қатысты кейбір мәліметтерді көпшілікке жариялауға болмайды. Өйткені, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етуге тыйым салады.Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерінің айтуынша, кейбір кәсіпкерлер түрлі тәсілдер арқылы төленетін салық көлемін азайтуға тырысады. Осыған байланысты құқық қорғау органдары қолданыстағы салықтық бақылау тетіктері арқылы заңсыз схемаларды анықтап отырғанын түсіндірді. Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің қызметін талдау барысында жасанды интеллект мүмкіндіктері де енгізілуде. Бұл заңсыз табыс табу немесе салықтан жалтару әрекеттерін анықтаудың тиімділігін арттырады. Осылайша, мамандар кәсіпкерлерді заң талаптарын бұзудан сақтандырып, мұндай әрекеттердің құқықтық және қаржылық салдары ауыр болатынын ескертті.
Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің бастауы 01.07.2026
Елімізде Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты Шымкентте алқалы жиын өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар және түрлі сала мамандары қатысты.Конференцияны Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жүргізді. Ол жиынға қатысушыларды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтап, бұл күннің ел тарихындағы айрықша маңызын атап өтті.  – Бүгін – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа Конституцияны «халықтық Конституция» деп атады. Бұл – кездейсоқ айтылған сөз емес. Өйткені, жаңа Ата Заң бүкіл халықтың тікелей еркімен қабылданды. Оның әрбір қағидаты ел азаматтарының ортақ таңдауына, қоғамның сұранысына және мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуына негізделген.  Бүгіннен бастап Қазақстан өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басты.   Бұл- Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа белес. Жаңа Конституция еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен жауапкершіліктің жаңа үлгісін, – деді ол. Оған қоса, жаңа Конституция Қазақстанның дамуының жаңа кезеңін бастап, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екенін айтып өтті.        Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттейтін маңызды құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттің негізгі қағидаттары мен даму бағыты айқын көрініс табады. Сондықтан Ата Заңның қабылдануы немесе оның күшіне енуі – ел тарихындағы ерекше саяси-құқықтық оқиға ғана емес, мемлекеттің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын білдіретін маңызды белес.    Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі де – елдің құқықтық жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған тарихи қадам. Халықтың ерік-жігеріне сүйене отырып қабылданған жаңа Ата Заң адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, заң үстемдігін орнықтыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтық қоғамның рөлін нығайтуға негіз қалайды. Бұл құжат Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімнің жаңа кезеңін айқындай түспек. Жаңа Конституцияның күшіне енуі – құқықтық құжаттың қолданысқа енгізілуі ғана емес, қоғам өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін маңызды оқиға. Осы тарихи күнге орай «Қызғалдақ» сарайында өткен басқосуда жаңа Ата Заңның қоғам мен мемлекет дамуындағы орны, оның негізгі қағидаттары мен азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі жан-жақты сөз болды.   Жиын барысында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұратәлі Қалмұратов жаңа Конституцияның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызына тоқталса, Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Бердіқұл Садықов жастарға құқықтық тәрбие беру мен заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру мәселесін сөз етті.Қатысушылар жаңа Конституцияның нормаларын тиімді жүзеге асыру, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың мемлекеттік шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөнінде ой алмасты.Іс-шара соңында қатысушылар жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет ететініне сенім білдіріп, естелік суретке түсті.Жаңа Конституция – бүгінгі буынның ғана емес, келер ұрпақтың да жарқын болашағына бағытталған стратегиялық құжат. Оның өміршеңдігі заң баптарымен ғана емес, әрбір азаматтың құқықтық санасы мен жауапкершілігі арқылы айқындалады. Сондықтан жаңа Ата Заңның құндылықтарын дәріптеу, оны күнделікті өмірде басшылыққа алу – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ортақ мақсат пен ортақ жауапкершілік болып қала бермек.