Enbekshi QazaQ

Жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 01.07.2026
Бүгін «Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған партия активінің кездесуі өтті. Оған партияның Саяси бюросы мен Саяси кеңесінің мүшелері, сондай-ақ еліміздің барлық 20 өңірінің өкілдері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты. Бұл формат партияның ұйымдастырушылық қызметіне цифрлық құралдарды енгізу бағытының бір бөлігі.Кездесуді ашқан Партия Төрағасы жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет дамуының маңызды кезеңі екенін және елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа бағдарларын айқындайтынын атап өтті.«Бүгін – Қазақстан үшін сондай айтулы белес. Елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – жай ғана құқықтық оқиға емес, Қазақстанның тарихи дамуындағы жасампаздық пен жаңғыру жолының бастауы», - деді Айбек Дәдебай.Кездесуге қатысушылар мемлекеттік басқаруда конституциялық қағидаттарды іске асыру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, адами капиталды дамыту, цифрландыру және қоғамның қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.Партияның Саяси кеңесі мен Конституциялық комиссиясының мүшелері Бөріхан Нұрмұхамедов пен Лаура Қарабасова да жаңа Конституция елдің одан әрі дамуы үшін маңызды екенін жеткізді. «Әділет» партиясы жаңа Конституцияның партиясы ретінде дүниеге келді. Оның конституциялық референдумнан кейін пайда болуының терең саяси мәні бар», - деді Бөріхан Нұрмұхамедов.Лаура Қарабасова Ата Заң білім, ғылым және адами капиталдың елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін негізгі фактор ретіндегі маңызын арттыратынын айтты. «Бүгінде біз адами капитал мен ғылыми әлеует мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторына айналған тарихи кезеңде тұрмыз. Жаңа Конституция білім мен ғылымның рөлін жаңа деңгейге көтереді», – деді ол.Талқылаудың бір бөлігі конституциялық құндылықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселесіне арналды. Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, Саяси кеңес мүшесі Эмин Әскеров әлеуметтік кәсіпкерліктің әділдік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетудегі маңызын атап өтті. Ал Саяси кеңес бюросының мүшесі Замира Кузиева жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігі қағидатын нығайтатынын айтты.«Жаңа Конституция – бұл әділетті, жауапты, заманауи мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Ол әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауды, заң үстемдігін күшейтуді және мемлекет жұмысының басты өлшемі адам мүддесі болуы тиіс екенін айқын көрсетеді», - деді Замира Кузиева. Цифрлық трансформация мәселесіне тоқталған Саяси кеңес мүшесі Нұрбек Матжани жаңа Конституцияның заманауи технологиялық сын-қатерлерді ескеретінін айтып, «Әділет» партиясы өз жұмысына цифрлық құралдарды жүйелі түрде енгізіп келе жатқанын жеткізді.«Әділет партиясы өз алдына цифрлық партия болу міндетін қойып отыр, алғашқы қадамдарымыз да жаман емес. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші болып партияны тіркеу сатысында цифрлық шешімдерді сәтті қолданды», -деді Нұрбек Матжани. Талқылауды Саяси кеңес бюросының мүшесі, журналист Ирина Тен қорытындылады. Оның пікірінше, жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет пен қоғам дамуының жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір деген атау жай ғана ұран емес. Бұл – Қазақстанның болашағына, мемлекет пен қоғамның жаңа сапасына, азамат құқығы мен адам қадір-қасиетіне деген жаңаша көзқарастың көрінісі», - деді Ирина Тен.Партия Төрағасы «Әділет» партиясының басты басымдығы жаңа Конституция қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру екенін атап өтті. «Әділет» партиясы қоғаммен және азаматтарымызбен бірге осы жауапты миссияны орындауға толық дайын. Жаңа Конституцияның қағидаттары біздің қызметіміздің негізінде жатыр. Біз жинаған тәжірибе мен қолдағы барлық ресурстар осы қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталады», - деп түйіндеді Айбек Дәдебай.Кездесу қорытындысы бойынша партияның Саяси кеңесі Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдеме қабылдап, әділдік, заң үстемдігі, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, қоғамдық келісім және ел болашағы алдындағы жауапкершілік қағидаттарына адалдығын растады.Осы жұмыстың практикалық жалғасы ретінде «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты қоғамдық-саяси іс-шаралар циклі басталды. Алдағы уақытта партия өкілдері еліміздің барлық өңірінде азаматтармен және сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен олардың практикалық маңызын түсіндіреді.
Назар аударыңыз! Төтенше жағдайлар мен қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін адамдар көп жиналған жерде өзіңізді ұстау ережелері 01.07.2026
Құрметті Қазақстан Республикасының Корея Республикасында тұрақты тұратын және турист ретінде уақытша жүрген азаматтары!Қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету мақсатында, жаппай іс-шаралар өткізу кезеңінде, сондай-ақ Пусан қаласында ауқымды концерттік бағдарламалар қарсаңында қоғамдық орындарда адамдар санының артуы күтілуіне байланысты, Пусан қаласы әкімдігінің қауіпсіздік шараларын сақтау және адамдар көп шоғырланатын орындардағы жүріс-тұрыс қағидалары жөніндегі ұсынымдарын жолдаймыз.Көпшілік жиналатын орындардағы қауіпсіздік ережелері01. Адамдар көп жиналатын орындарға барар алдында Баратын орынды, ондағы адам санының шоғырлану деңгейін, сондай-ақ жақын маңдағы қозғалыс бағыттарын алдын ала тексеріңіз.02. Егер сіз адамдар көп жиналған орында болсаңыз Жаяу жүргіншілер қозғалысының еркін жүруін қамтамасыз ету үшін жолдың оң жағымен жүріңіз.Адамдар көп шоғырланған жерлердегі тар өткелдер мен еңіс аумақтарда жазатайым оқиғалардың қаупі жоғары болатындықтан, ерекше сақ болыңыз.Қозғалыс баяулай бастаса немесе айналаңыздағы адамдармен тығыз жанасу орын алса, бұл жерден дереу кетуге тырысыңыз.Қауіпті сезінген жағдайда 112 немесе 119 нөмірлеріне шұғыл хабарласыңыз.03. Егер сіз көпшілік арасында қалып қойып, шыға алмай жатсаңыз,Егер жаныңызда бала болса, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны қолыңызға алыңыз немесе иығыңызға отырғызыңыз.Кеудеңізді қорғап, тыныс алуға мүмкіндік жасау үшін екі қолыңызды кеудеңіздің алдына қойыңыз немесе бір қолыңызбен екінші қолыңыздың білегінен ұстаңыз.Егер құлап қалып, орныңыздан тұра алмасаңыз, басыңызды екі қолыңызбен жауып, аяқтарыңызды денеңізге барынша жақын тартып, өзіңізді қорғау үшін денеңізді домалақ күйге келтіріңіз.Шұғыл байланыс нөмірлері 📞 112 — Полиция 📞 119 — Өрт сөндіру қызметі және жедел медициналық көмекКөрсетілген нұсқаулықпен танысып, төтенше және өзге де күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда ондағы ұсынымдарды басшылыққа алуларыңызды сұраймыз.Төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығына шұғыл байланыс телефонына дереу хабарласуларыңызды сұраймыз:📞 +82 10-5566-0425Құрметпен,Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулдығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-busan/press/news/details/1238909?lang=ru
Өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын есептен шығару 01.07.2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өткізілген шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі біржолғы акцияның қорытындылары туралы хабарлайды.Аталған шара кәсіпкерлердің борыштық жүктемесін төмендетуге және салықтық берешекті ерікті түрде өтеуді ынталандыруға бағытталды. Жалпы, бұл жұмыс жаңа Салық кодексіне көшу кезінде «таза парақтан бастау» қағидаты аясында жүргізілді. Негізгі мақсат — бизнеске жинақталған берешексіз жаңа талаптар бойынша жұмысын бастауға мүмкіндік беру.Бекітілген қағидаларға сәйкес:2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарында есептелген өсімпұлдар;негізгі берешек толық өтелген жағдайда салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша айыппұлдар;2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебіне уақтылы қойылмағаны үшін жекелеген айыппұлдар есептен шығаруға жатқызылды.Акцияға қатысудың негізгі шарты — 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында берешектің негізгі сомасын толық өтеу болды. Берешек өтелгеннен кейін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару мемлекеттік кірістер органдарының арнайы комиссияларымен дербес шоттарға жүргізілген тексеру қорытындылары негізінде жүзеге асырылды.Шығыс Қазақстан облысы бойынша жүргізілген есептен шығару нәтижесінде 538 млн теңге сомасындағы негізгі берешек өтелді, 246 млн теңге өсімпұл және 208 млн теңге айыппұл есептен шығарылды.Қабылданған шара кәсіпкерлерге қосымша қаржылық санкцияларсыз салықтық міндеттемелерін реттеуге, банкроттық тәуекелін төмендетуге және жинақталған берешексіз өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238821?lang=ru
Андатпа! 01.07.2026
📣 15 маусым күні сағат 10:00-де Өскемен қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлының Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді.📌 Өтетін орны мен анықтама телефоны постта көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238772?lang=ru
Алматы қорығы 01.07.2026
Солтүстік Тянь-Шаньның асқақ шыңдарына көз салсаңыз, аспанмен тілдескен мұзарт таулар мен әсем табиғат әлемі алдыңыздан шығады. Осы биіктік пен сұлулықтың жүрегінде табиғаттың қазынасын мәңгі сақтап келе жатқан ерекше мекен бар – ол Алматы мемлекеттік табиғи қорығы.Бұл қорық 1931 жылы құрылған. Содан бері ол табиғаттың байлығын, өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігін, қарлы шыңдар мен мөлдір бұлақтардың көркін өз қалпында қорғап келеді. Алматы қорығы – тек қана табиғатты қорғау аумағы емес, бұл – ата-бабадан қалған асыл аманат, болашақ ұрпаққа жолданған табиғат сыйы.Қорықтың аумағы – 71 700 гектар. Биіктік 1200 метрден басталып, Талғар шыңына дейін, яғни 5017 метрге дейін көтеріледі. Ауданда 160 мұздық бар, оның ішінде Корженевский, Шокальский және Богатырь мұздықтары. Осы мұздықтардан бастау алған көшпелі өзендер – Талғар, Есік, Шелек – тау шатқалдарына қарай ағып кетеді. Шатқалдардың ішінде жасырынған әсем көлдер бар –  Есік, Бозкөл, Ақкөл, Мұзкөл. Әсіресе Есік көлі мөлдір суымен және табиғи әсемдігімен ерекшеленеді.Табиғат қорығы барлық биіктік белдеулерді қамтиды. Төменде – жапырақты ормандар, одан жоғары – шыршалы ормандар, кейін – альп‑және субальп шалғындар, ең соңында –  мәңгі қар басқан тас шыңдар. Әр белдеу – өзінше бір әлем, өзінше бір тіршілік мекені.Өсімдік әлемі таң қалдырады: 1440‑тан астам өсімдік түрі, олардың 29‑ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың қатарында – Островский тюльпаны, Альберт ирисі, Недзвецкий алма ағашы және аңызға айналған Сиверс алма ағашы –  қазіргі алма сорттарының ата‑бабасы. Осы өңірде 14 реликт және 18 эндемик өсімдік түрі сақталған –  олар тек осы жерде кездеседі, әлемнің басқа бөлігінде жоқ.Жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Қорықта 1100‑ден астам жануар түрі мекендейді, олардың ішінде – 41 сүтқоректі түрі, оның төртеуі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: Қайсарлықтың иесі – қар барысы, Тянь-Шань қоңыр аюы, Түркістан сілеусіні мен тас сусары осы өңірдің асқақ табиғатын толықтырады.  Таутекелер тік шыңдарды еркін кезсе, еліктер мен маралдар жасыл алқаптарды сәндейді.Құстар әлемі – қорықтың әуезді үні. Мұнда 177 құс түрі бар, оның 12-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың ішінде – беркут, сақалтай, орақтұмсық және көк құс бар. Қорықта мекендейтін 2000-ға жуық жәндік түрі – көбелектер, қоңыздар, аралар мен құмырсқалар – экожүйедегі тіршіліктің нәзік тепе-теңдігін сақтауға ықпал етеді.2020 жылы Алматы мемлекеттік табиғи қорығы өзінің бірегей рельефі, əсем табиғаты мен бай биоəртүрлілігінің арқасында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік биосфералық қорықтары қатарына енді. Бұл – қазақстандық табиғаттың әлемдік деңгейде мойындалған асыл қазынасы.Алматы қорығы – асқақ шыңдар әуені, мөлдір көлдер жыры, орман мен даланың табиғи үндестігі. Ол – табиғаттың жүрегінен туған мәңгілік ән, халқымыздың болашаққа қалдырған аманаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1238739?lang=ru
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ – ПРЕЗИДЕНТ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 01.07.2026
Кең ауқымды ізгілік актісі – Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң – елдің жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты қабылданған ізгілік актісі, – деп хабарлайды Polisia.kz.Рақымшылық қоғамға қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің өзге де маңызды мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады.Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан негізінен қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдар, сондай-ақ келтірілген залал болмаған немесе толық өтелген жағдайда орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған жекелеген санаттағы адамдар босатылады. Заңға сәйкес, сотталғандардың белгілі бір санатына жасалған қылмыстың ауырлығы, келтірілген залалдың өтелуі және жазаны өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы ескеріле отырып, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі қысқартылады. Алдын ала есеп бойынша, 16,5 мыңнан астам адам жаңа өмір бастауға мүмкіндік алады. Олардың 2 900-ге жуығы әйел адамдар, оның ішінде жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналар.Рақымшылық қоғамдық тәртіптің немесе азаматтардың қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкелмейді. Өйткені Заң сыбайлас жемқорлық, терроризм және экстремизм қылмыстарын, жыныстық еркіндік пен қол сұғылмаушылыққа қарсы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды, азаптауды, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты қайталап немесе аса қауіпті қайталап жасаған адамдарға ешқандай жеңілдік қарастырмайды.Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен сырттай сотталғандар да рақымшылыққа ілінбейді.Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет өткізілетін әкімшілік рақымшылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 260-тан астам бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды төлеуден босатуды көздейді.Тек ішкі істер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың өзіне қатысты 17 млрд теңгеден астам сомаға салынған шамамен 1 миллион айыппұл рақымшылыққа ілігеді.Осылайша, әкімшілік рақымшылық азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар әкімшілік рақымшылық ең өрескел құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қолданылмайды. Олардың қатарында қару мен есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу (мас күйінде көлік жүргізу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соққан басқа да бұзушылықтар), сондай-ақ құқық бұзушылықты қайталап жасаған адамдар бар.Әкімшілік рақымшылық мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуі талап етілмейді. Айта кету қажет, қылмыстық және әкімшілік рақымшылық бір реттік сипатқа ие. Егер рақымшылыққа ілінген адам кейін қайтадан құқық бұзушылық жасаса, ол жалпы негізде заң алдында жауап береді.Қабылданған Заң ізгілік, әділеттілік және аса қауіпті құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаттарының теңгерімін қамтамасыз ете отырып, азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға басымдық береді.
Ұлттық ұланның мульткейіпкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді 01.07.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері шомылу маусымы кезінде азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған анимациялық бейнеролик әзірледі. Жоба заманауи жасанды интеллект технологияларының көмегімен жүзеге асырылды.Бейнероликтің ерекшелігі – оның басты кейіпкерлері ретінде Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының шеврондарында бейнеленген жануарлар таңдалған. Олар ән арқылы кішкентай көрерменге су жағасындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, қарапайым сақтық шараларын сақтаудың маңызын жеткізеді.Бастаманың негізгі мақсаты – қазақстандықтардың су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесіне назарын аудару, жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.Мультфильм барысында кейіпкерлер тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажеттігін еске салады. Сондай-ақ тексерілмеген аумақтарға суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау керектігі түсіндіріледі. Осындай қарапайым ережелерді сақтау төтенше жағдайлардың туындау қаупін едәуір төмендетеді.Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы кең аудиторияға, әсіресе балалар мен жастарға арналған жарқын әрі есте қаларлық профилактикалық контент жасалды. Анимациялық формат маңызды ақпаратты жеңіл қабылдауға мүмкіндік беріп, оның тиімділігін арттыра түседі.Ұлттық ұланда профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін арттыру. Бұл ретте азаматтардың көпшілік демалыс орындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.Ұландықтар отандастарды өз қауіпсіздігіне және жақындарының амандығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алып, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1238706?lang=ru
Құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері МКК ұйымдастырған семинарда талқыланды 01.07.2026
2026 жылғы 28–29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Заң басқармасының басшысы  Мадина  Жанғұрчинова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң департаментінің директорының қатысуымен Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.Іс-шара барысында қатысушылар құқық қолдану және сот тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылап, даулы жағдайларды шешудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың соттардағы құқықтық ұстанымдарын нығайту мәселелерін қарастырды.Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық жұмыстың сапасын арттыруға және заңнаманы қолданудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238693?lang=ru
Халықаралық сауданың тиімділігі мен орнықтылығы – Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің назарында 01.07.2026
Бангкок, 2026 жылғы 9 маусым — Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан бастаған қазақстандық делегация, оның құрамында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері бар, Азия-Тынық мұхиты сауда рәсімдерін жеңілдету форумы мен Қағазсыз сауда апталығы – 2026 жұмысына кірісті.Іс-шара 2026 жылғы 8-12 маусым аралығында Бангкок қаласындағы БҰҰ АзТМЭӘК штаб-пәтерінде «Сауданы цифрландырудың жаңа буыны: цифрлық және орнықты сауда рәсімдерін жеңілдетуді ілгерілету» тақырыбымен өтуде.Апта бойы Азия-Тынық мұхиты өңірінің 50-ден астам елінен келген қатысушылар өзара сауда рәсімдерін жеңілдету саласындағы жаңа тәсілдер мен практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған жоғары деңгейдегі отырыстарға, интерактивті сессияларға және сарапшылық пікірталастарға қатысады.Форум сауданы цифрландыру, логистикалық және кедендік рәсімдерді жетілдіру, сондай-ақ халықаралық сауданың тиімділігі мен орнықтылығын арттыру мақсатында Азия-Тынық мұхиты өңірі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланатын негізгі өңірлік алаңдардың бірі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1238694?lang=ru
ТАРИХИ ШЕШІМ – ПРЕЗИДЕНТ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ 01.07.2026
Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралыҚазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  1. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын.2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.4. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.-делінген жарлық мәтінінде.
Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті 01.07.2026
Елордада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гордың тең төрағалығымен аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы өтті. Іс-шара Astana Mining & Metallurgy (AMM-2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі қарсаңында ұйымдастырылды.Диалогқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, сондай-ақ аса маңызды минералдарды әлемдік нарыққа жеткізу ісіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.Министр Қазақстан үшін аса маңызды минералдар секторы өнеркәсіптік саясат пен ұзақ мерзімді экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бүгінде еліміздің минералдық-шикізат базасында 9,5 мыңнан астам кен орны бар, олардың 100-ден астамында сирек және жерде сирек кездесетін металдар қоры шоғырланған. Цифрландыру және халықаралық стандарттарды енгізу бағытында қабылданған шаралар салаға бағытталған инвестициялар көлемінің едәуір артуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде елге әлемнің жетекші компаниялары келді, олардың ішінде Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue, Cove Capital және басқалар бар.Кездесуге қатысушылар C5+1 форматындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады. Олардың қатарында қайта өңдеу саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, индустриялық кластерлер құру, технологиялар трансфері, кадрлар даярлау, ғылыми-техникалық кооперацияны кеңейту және басқа да бастамалар бар. Сондай-ақ өнімді әлемдік нарыққа тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ету үшін логистика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.Кездесу қорытындысы бойынша барлық тарап көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен индустриялық әрі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1238657?lang=ru
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады 01.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.– Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ Сіздің екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді атап өткім келеді. Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы АҚШ Президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Жыл соңына қарай біз кездесеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Президент Дональд Трамптың сәлемін жеткізді.– Сіздің Ақ үйде досыңыз бар деп сеніммен айта аламын. Президент Трамп қызметіңізді айрықша бағалайды. Біз елдеріміздің мүддесі үшін өзара тиімді шешімдер іздеуге ұмтыламыз. Мұны АҚШ пен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастың қарқыны дәлелдейді. Кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалды. Бұл әлі бастауы ғана екеніне сенімдімін. Сіздің жыл соңында өтетін G20 саммитіне қатысатыныңызға өте қуаныштымыз, – деді Арнайы өкіл.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ аса маңызды минералдар, көлік-логистика, цифрландыру мен басқа да басым салалардағы ықпалдастық перспективасын талқылады.Қазақстан тең құрылтайшыларының бірі болған Бейбітшілік кеңесінің қызметіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, еліміз халықаралық тұрақтылық пен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету ісіне үлес қосуға дайын. Сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті.Кездесу соңында Президент пен Арнайы өкіл сан қырлы қазақ-америка ынтымақтастығын тереңдетуге өзара мүдделі екенін қуаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1238658?lang=ru
Бизнес және салықтар: Өскеменде мобильді аударымдар мен шетелден алынған табыстарға салық салу мәселелері талқыланды 01.07.2026
2026 жылғы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған «Бизнес және салықтар» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфир өтті.Кездесудің тақырыбы мобильді аударымдар мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған жеке тұлғалардың табыстарына салық салу мәселелері болды.Іс-шара барысында Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова салық заңнамасының қолданыстағы нормаларын, шетелдік көздерден алынған табыстарды декларациялау тәртібін, сондай-ақ мобильді аударымдарды бақылау ерекшеліктерін түсіндірді. Қатысушылар салық міндеттемелерін орындау және салық заңнамасы нормаларын практикада қолдану мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды.Кездесуде халық пен кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ салық заңнамасын бұзудың алдын алуға ерекше назар аударылды.Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді. Бұл өз кезегінде талқылауға қызығушылық танытқан азаматтар мен бизнес өкілдерінің кеңінен қатысуына мүмкіндік берді.Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың салық төлеушілерді заңнамадағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындау мәдениетін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238669?lang=ru
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай – 2026» өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференциясына қатысты. 01.07.2026
Конференция барысында Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистикалық және туристік әлеуеті таныстырылды. Қатысушылардың назары Қазақстан, Қытай, Ресей және Моңғолияны байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық торапқа айналып келе жатқан өңірдің стратегиялық орналасуына ерекше аударылды.Іс-шараға қатысушыларға өңір инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы Орталық Азиядағы ең ірі көпір пайдалануға берілді, 1,5 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары жаңғыртылды, Катонқарағай және Зайсан аудандарында жаңа әуежайлардың құрылысы жүргізілуде.Конференция аясында іскерлік орта өкілдерімен, мемлекеттік органдармен және әлеуетті инвесторлармен кездесулер мен келіссөздер өтті. Шетелдік серіктестерге Шығыс Қазақстан облысының перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылып, өнеркәсіп, туризм, логистика және шекара маңы ынтымақтастығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері ұсынылды.Өңірдің жоғары туристік әлеуеті де ерекше атап өтілді. Бірегей табиғи ландшафттар, бай тарихи-мәдени мұра және заманауи туристік инфрақұрылымның дамуы Шығыс Қазақстанға жыл сайын бір миллионға дейін турист қабылдауға мүмкіндік береді. Перспективалы бағыттардың бірі ретінде Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту да белгіленді.Сонымен қатар, 2026–2027 жылдары Шығыс Қазақстан облысы «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесіне төрағалық ететіні атап өтілді. Бұл миссия Үлкен Алтай кеңістігіндегі өңірлер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға, бірлескен бастамаларды іске асыруға және экономикалық, туристік әрі гуманитарлық салалардағы жаңа жобаларды ілгерілетуге қосымша мүмкіндіктер ашады.«Үлкен Алтай – 2026» конференциясына қатысу халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Шығыс Қазақстан облысын инвестициялар, бизнес және туризм үшін сенімді серіктес ретінде ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.Фото Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметімен ұсынылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1238671?lang=ru
Арқалықта жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді 01.07.2026
Арқалық қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа шағын футбол алаңы ел игілігіне берілді. Нысан 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Әуелбеков көшесінде ашылды.Спорт алаңы жергілікті әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес өкілдерінің қолдауымен салынды. Жобаны жүзеге асыруға «Арқалық құс» ЖШС демеушілік көрсетіп, өз қаражаты есебінен 8 миллион теңге бөлді.Ашылу салтанатына қала әкімдігі өкілдері, компания басшылығы және жергілікті тұрғындар қатысты. Жаңа спорт нысаны көпқабатты тұрғын үйлер ауласында орналасқан және бірнеше үйдің балаларына қызмет көрсетеді.Алаңның салынуы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жасөспірімдердің бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді. Мұндай бастамалар салауатты өмір салтын насихаттауға және қаладағы спорт инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді.Жергілікті билік өкілдері демеушілік көрсеткен компанияға алғыс білдіріп, әлеуметтік жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.Арқалық қаласында бұқаралық спортты дамыту және балаларға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1238672?lang=ru
Жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығы, мөлшерлемелер және шегерімдер 01.07.2026
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді, ол жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу тәртібі мен жеке тұлғалардың салықтық шегерімдерді қолдану қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңашылдықтардың негізгі мақсаты – табысы төмен азаматтардың салықтық жүктемесін азайту және салықтық жеңілдіктер жүйесін жетілдіру.Салықтық шегерім – бұл жеке табысты есептеу кезінде жеке тұлғаның табысынан алып тасталатын сома. Қолданылатын шегерімдердің мөлшері неғұрлым көп болса, төленуге жататын салық сомасы соғұрлым аз болады.2026 жылдан бастап жеке тұлғалардың табыстарының көпшілігіне прогрессивті салық салу шкаласы қолданылады:жылына 8500 АЕК-ға дейінгі табысқа – 10%;жылына 8 500 АЕК-дан асатын табыс бөлігіне – 15%.Осылайша, жалақы деңгейі қалыпты қызметкерлердің көпшілігі үшін ЖТС мөлшерлемесі 10% деңгейінде сақталады.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес жеке тұлғалар келесі салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқылы:- Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС жарналары, әлеуметтік аударымдар);- Базалық салықтық шегерім (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді):ай сайын 30 АЕК мөлшерінде;күнтізбелік жыл ішінде 360 АЕК-тен аспайтын мөлшерде.2026 жылға арналған АЕК мөлшері 4 325 теңге болған жағдайда шегерім сомасы: айына – 129 750 теңге, жылына – 1 557 000 теңге.Базалық шегерім әрбір салық төлеушіге оның табыс деңгейіне қарамастан салық салынатын табысын азайтуға мүмкіндік береді (тек бір салық агентінде қолданылады).- Әлеуметтік салықтық шегерімдер:І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін күнтізбелік жыл ішінде 5 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде.Жекелеген әлеуметтік осал санаттар үшін жылына АЕК 882 еселенген мөлшерінде (үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар;тыл еңбеккерлері; мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; «бала кезінен мүгедектігі бар адам» деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін - ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі және т.б.).Салықтық шегерімдер:жалақыны есептеу кезінде жұмыс берушімен;заңнамада көзделген жағдайларда салық декларациясын ұсыну кезінде жеке тұлғаның өз бетінше қолданылуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1238674?lang=ru
Алматы облысы мен Қытайдың Цзянсу провинциясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды 01.07.2026
Алматы облысына алғаш рет Қытайдың Цзянсу провинциясы партия комитетінің хатшысы Синь Чансин бастаған делегация келді. Цзянсу – көрші елдегі экономикасы қарқынды дамыған, құрылыс, білім беру, туризм салалары бойынша ірі жобаларды жүзеге асырып, озық технологияларды енгізу бойынша алдыңғы орынға ие провинция. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай делегациясымен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Жүздесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Марат Елеусізұлы өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы 34 жылдық дипломатиялық қатынас өзара сенімге, тату көршілік және стратегиялық әріптестікке негізделгенін атап өтті. «Екі ел арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени және гуманитарлық салаларда ауқымды бірлескен бастамалар іске асырылуда. Ал елдің шығысында орналасқан Алматы облысы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың маңызды көпірі саналады. Өңір мен ҚХР арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары 1 млрд АҚШ долларынан асып, тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта Алматы облысы аумағында Қытай және бірлескен капиталдың қатысуымен 287 кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы 4 жыл ішінде менің тікелей басшылығыммен Қытай Халық Республикасының 16 өңірінде 7 жұмыс сапары ұйымдастырылып, оған өңірдегі 75-тен астам бизнес өкілі қатысты.Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы ынтымақтастық жүйелі түрде дамып, мазмұны да тереңдеп келеді. Цзянсу – Қытайдың экономика және инновация саласындағы жетекші өңірлерінің бірі. Сондықтан біз өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, логистика, инвестиция, жоғары технология салалары мен «жасыл» экономика бағытында ұзақмерзімді, тиімділігі жоғары жобаларды дамытуға ниеттіміз», – деген аймақ басшысы түрлі бағыттардағы бірлескен жұмыстарға тоқталды.Айтуынша, қазіргі таңда өңірде жалпы қаражаты 6,2 трлн теңге болатын, 216 инвестициялық жоба мониторингте тұр. Ал Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 3,1 трлн теңгені құрайтын 45 инвестициялық жоба бар. Бұл бастамалардың нәтижесінде 16 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жыл басынан бері Қытайдан келген инвесторлармен 90 кездесу өткізілген. Бұл жалпы инвестициялық кездесулердің – 46,9%-ы.Бүгінде Қытай тарапы облыс жастары үшін гранттар ұсынып отыр. Қытайдың провинцияларында өңірден шыққан 56 талапкер тегін оқып жатыр. Олар бакалавриат, магистратура және орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда.Екі ел азаматтары үшін енгізілген визасыз режим туризм саласының белсенді дамуына ықпал етті. 2025 жылы Алматы облысына 147 000-нан астам шетелдік турист келді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,19%-ға артық. Оның ең үлкен бөлігін Қытай азаматтары құрайды. Биыл Шанхай қаласында облыс әкімдігінің Сервис орталығы ашылды. Бұл – өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған ресми өкілдік. Алматы облысы халықаралық туристік алаңдарда, оның ішінде ITB China және ITB Asia көрмелеріне қатысып, сондай-ақ қытайлық туроператорлармен, әуе компанияларымен, медиа өкілдерімен белсенді жұмыс істеуде.Жиын барысында Синь Чансин провинцияның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру, технология және табиғи энергия көзін игеру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды.«Цзянсу провинциясында 83 миллионнан астам халық тұрады. Экономикалық көрсеткіші бойынша Қытайда 2-орында. Нақтырақ айтсақ, өңірлік өнім көлемі 2 трлн АҚШ долларынан асады. Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі серіктестерінің бірі әрі логистикалық әлеуеті халықаралық жүк тасымалында маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, өзара тиімді байланыс орнату. Қол қойылған меморандум екі тарап арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге негіз болады деп сенемін», – деді мәртебелі мейман.Осылайша, Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңге қадам басты. Сапар барысында қазақ халқының сан ғасырлық тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін мазмұнды көрме ұйымдастырылды. Қонақтар назарына облыс аумағынан табылған Алтын адам мен өзге де құнды археологиялық жәдігерлер ұсынылып, олардың тарихи құндылығы мен ғылыми маңызы жан-жақты баяндалды. Өңірдің алдағы уақытта жүзеге асырылатын ірі жобалары таныстырылып, бірлескен бастамаларды дамыту мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1238642?lang=ru
Бразилия темекі өнеркәсібі федерациясының президентімен кездесу 01.07.2026
Бразилиа, 2026 ж. 10 маусым – Елші Болат Нүсіпов Бразилиядағы Қазақстан Елшілігінде Бразилия темекі өнеркәсібі федерациясының «Sinditabaco» Президенті Валмор Тесингпен және «Бразилия-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Кассиано Вианамен кездесті.Кездесу барысында таза темекі өндірісі технологиялары мен жабдықтары саласында екіжақты ынтымақтастықты орнатуға қатысты мәселелер талқыланды.Сұхбатшының хабарлауынша, Бразилия әлемдегі жетекші темекі экспорттаушы болып табылады, өндіріс көлемі бойынша Қытай мен АҚШ-тан кейін үшінші орында (жылына шамамен 600-700 мың тонна). Бразилия темекісінің шамамен 85-90%-ы, негізінен Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияға экспортталады. Бразилияның негізгі темекі плантациялары оңтүстік Риу-Гранди-ду-Сул, Санта-Катарина және Парана штаттарында шоғырланған.Осыған байланысты сұхбатшы осы салада жұмыс істейтін Қазақстандағы ұқсас ұйымдар мен компаниялармен серіктестік орнатуға қызығушылық танытты. Тараптар екі елдің әлеуетті серіктестерінің онлайн кездесуін ұйымдастыруға келісті.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1238649?lang=ru
«Astana Ютария» зауыты 01.07.2026
Astana Ютария зауыты шамамен он жыл бұрын іске қосылып, содан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Кәсіпорында 250-ден астам адам еңбек етеді және мұнда әртүрлі мамандықтарға арналған арнайы киімдер тігіледі.Өндіріс барысы жайлы Astana TV телеарнасының «Қолтаңба» бағдарламасынан біле аласыз.#Қазақстандажасалған #Индустриялықпарк #Астанаhttps://www.instagram.com/p/DZX3U9mg4pt/?hl=ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1238652?lang=ru
Австриямен парламентаралық ынтымақтастықты дамыту туралы 01.07.2026
Вена, 2026 жылғы 9 маусым – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия парламенттік қоғамы (Österreichische Parlamentarische Gesellschaft, ÖPG) ұйымдастырған іс-шараға қатысып, оның аясында Аустрия парламентінің басшылығымен және парламентаралық байланыстар саласының өкілдерімен мазмұнды әрі нәтижелі кездесулер өткізді.Іс-шара барысында Аустрия Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен (Walter Rosenkranz), Аустрия Федералдық кеңісінің төрағасының орынбасары, «Аустрия – Қазақстан» достық тобының мүшесі Кристина Шварц-Фукспен (Christina Schwarz-Fuchs), сондай-ақ басқа да парламент өкілдерімен мазмұнды әңгімелер өтті.Кездесулер барысында Елші аустриялық парламентарийлерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар бағдарламасының орындалу барысымен таныстырды. Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, демократиялық институттарды нығайтуға және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударылды.Сұхбаттасушыларға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі ережелері егжей-тегжейлі таныстырылып, онда билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің жаңа тетіктері, Парламент пен Вице-президенттің рөлі, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту қарастырылғаны атап өтілді.Сонымен қатар, алдағы Құрылтай сайлауын өткізу жоспарлары және «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында елдің институционалдық дамуын одан әрі ілгерілету жөніндегі қадамдар таныстырылды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 5–7 мамырда Аустрияның Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерінің Қазақстанға өткен сапарына қатысты оң пікірлер айтып, парламентаралық диалогты жалғастыруға және екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді. Ағымдағы жылдың 27–30 қыркүйек аралығында Аустрия парламентінің достық тобының Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше назар аударылды.Тараптар қазақстандық-аустриялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және тұрақты байланыстарды қолдауға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1238622?lang=ru