Жаңалықтар
БҚО-да субсидиядарды жамқыру фактісі: Күдікті ақшаны жеке мақсатына жұмсаған 20.05.2025
ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті несиелік серіктестік басшысына қатысты 150,7 млн теңге көлеміндегі субсидияны жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.Күдікті «Агробизнес» несиелеу бағдарламасы аясында бақылауындағы шаруа қожалығының атына заңсыз түрде 126,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеген.Кейін бұл қаражат ірі қара мал сатып алынбастан, шаруа қожалығының шотынан қолма-қол ақшаға айналдырылған.Сонымен қатар, мал шаруашылығының ақпараттық жүйесі базасына жалған ақпарат енгізу арқылы ол 2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бөлінген 24 млн теңге көлеміндегі субсидияны заңсыз алған.Субсидияны заңды түрде алынды деп көрсету мақсатында ол басқа шаруа қожалықтарынан асыл тұқымды сиыр сатып алды деген жалған құжаттарды тапсырған.Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті жер телімдерін сатып алып, олардың бірінде сауна мен сауда үйін салған. Аталған мүлікті жасыру мақсатында оны туысының атына рәсімдеген.Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке — 2 жер теліміне, сауда үйіне, саунаға және «Exeed LX» маркалы автокөлікке — тыйым салынды.Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-aktobe/press/news/details/996542?lang=kk
Астанада жел электр станциясын салу барысында 8,5 млрд теңге жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды 20.05.2025
Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды.Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді.2020 жылы сотталғандар ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға 23,2 млрд теңгеге шарт жасасқан.Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған.Нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты.Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды.Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды.Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-aktobe/press/news/details/996519?lang=kk
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясының трансляциясы 20.05.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/996531?lang=kk
Назар аударыңыз, байқау! 20.05.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауын өткізу туралы хабарлайды.Байқауды өткізу мақсаты:1) отбасы, адамгершілік, руханият институтын нығайту, жауапкершілігі бар ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;2) бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігін арттыру;3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;4) қазақстандық отбасылардың жақсы жағын насихаттау.Байқауға еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамға пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысып жүрген отбасы мүшелері жіберіледі.Байқауға мына отбасылар қатыса алмайды:1) Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған әрекетке немесе ұйымдар құрамына кіретін (кірген) отбасы мүшелері;2) бұрын сотталған отбасы мүшелері.Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).Қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейінгі мерзімде бекітілген нысан бойынша беріледі. Барлық сұрақтар бойынша «Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ, мына мекенжай бойынша: Королев көшесі, 5, каб. 209, тел.: 8 (71443) 2-46-06, e-mail: mendovp@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/996468?lang=kk
Елшінің Литваның көлік тасымалдаушылары қауымдастығының Президентімен кездесуі туралы 20.05.2025
Вильнюс, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Оразаев Литваның ұлттық автокөлік тасымалдаушылары қауымдастығы LINAVA Президенті Эрландас Микенаспен кездесіп, көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.Кездесу барысында 2024 жылы Қазақстан мен Литва арасындағы автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 7900 тоннадан асып, 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе артқаны атап өтілді. Жүктердің негізгі санаттары машиналар, жабдықтар, ауыл шаруашылығы және фармацевтикалық өнімдер, тыңайтқыштар, металл сынықтары болды.Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Қазақстан ел ішінде және ТХКБ бойында инфрақұрылымды кеңейту мен жаңғыртуға белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Атап айтқанда, Ақтау портында контейнерлік хаб, Құрық портында астық терминалы, сондай-ақ AD Ports серіктестігімен «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жүріп жатыр (2024 жылы ТХКБ бойымен тасымалдаудың 62%-ға өсуін ескере отырып).Елші Қазақстанның литвалық логистикалық компаниялармен ынтымақтастыққа қызығушылығын атап өтіп, ТХКБ аясында Қазақстан көлік жобаларын Балтық өңірінің логистикалық инфрақұрылымымен, соның ішінде Клайпеда портымен ұштастыру мүмкіндігін қарастыруда екенін жеткізді.Кездесу қорытындысында тараптар Еуропа мен Азия арасындағы тұрақты көлік маршруттарын дамыту үшін екі елдің логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға және іскерлік өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vilnius/press/news/details/996447?lang=kk
Көктемгі дала жұмыстары 20.05.2025
Округ бойынша 400 га жер жыртылып, тырмаланды. 380 га арпа себілді. МТЗ 82 соқасы (ПЛН 3,35) – 1 дана, МТЗ 892 дискілі тырма (БД 2) – 1 дана, МТЗ 82 ауыр тырма,соқасымен – 4 дана, МТЗ 80 тұқым сепкіш(СЗ-5,4) – 3 дана, ЮТО -2 дана, Т-150 соқасымен -1 дана көктемгі науқандық жұмысқа барлығы 12 ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.Көктемгі және күзгі дала жұмыстары кезінде егістік жер телімі бар шаруа қожалық төрағалары жерді өз мақсатында игеру туралы ескерту берілген. Қазіргі уақытта 2500 га жер телімі өз мақсатында пайдаланылмай жатқандығы анықталды.Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды.1. Көктемгі егіс науқаны туралы (егістік жерлерді өз мақсатында пайдалану, ауылдық әкімшілікке себілген егіс көлемі туралы есебін беру, арзандатылған жағармай туралы)2. Көктемгі санитарлық тазалық айлығы (тазалық, аббаттандыру, көгалдандыру жұмыстары)3. Мал отарларын жайлауға көшіру 4. Бада кезегі5. Жер қору 6. Ауылдық округтегі жол, су, көше жарықтары тағы да басқа проблемалық сұрақтар туралыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/996429?lang=kk
Фейк инвестициялық платформаларға алданып қалмаудың жолдары 20.05.2025
Цифрлық технологиялардың дамуымен инвестициялау барлығына бірдей қолжетімді бола бастады. Инвестицияларға деген қызығушылықтың өсуімен қатар, қаржы сарапшыларының атын жамылған алаяқтардың да белсенділігі артты. Олар әсіресе әлеуметтік желілер арқылы белсенді жұмыс істейді.Кең тараған сценарийлердің бірі – фейк инвестициялық платформа. Қаскүнемдер белгілі компанияларды көрнекі түрде көшіріп, ірі банктердің атынан сайттар жасайды.Әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнама жасау арқылы мұндай «жобалар» қысқа мерзімде, кейде ең аз инвестициямен жоғары кіріске уәде етеді. Көбіне посттардың астында «көңілі толған инвесторлардың» жалған пікірлерін жариялайды. Роликтерде танымал тұлғалардың нейрожелілердің көмегімен жасалған бейнелерін пайдаланады.Басты мақсат – сенім ұялату және фейк инвестициялық платформаға ақша салуға көндіру.Фейк платформаның белгілері:бейресми аккаунттардан жарнама;сілтеме ресми сайтқа емес, тысқары тараптың ресурсына апарады;«кепілдендірілген» жоғары табысқа уәде береді;шұғыл әрекет етуге шақырады;қосымшаны AppStore немесе GooglePlay арқылы емес, басқа жолмен жүктеу қажеттігі.Кеңестер:Қаржы ұйымдарының лицензияларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында тексеріңіз.Банктер мен компаниялардың ресми сайттарында растамайынша, жарнамаға сенбеңіз.Платформаны толық тексермейінше, жеке деректеріңізді немесе ақшаны ешқайда жібермеңіз.Қосымша пайдалы материалдар Fingramota.kz сайтында қол жетімді Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/996433?lang=kk
Алматы облысы аграршыларға қолдауды «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы арттырып жатыр 20.05.2025
Алматы облысында фермерлерды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы – «Кең дала 2»-ге қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Аймақта бұл бағдарламаны жүзеге асырушы оператор – «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ.Несиелеу бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын (КЕЖТЖ) жүргізуге ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталған. Жеңілдетілген қаржыландырудың мақсатты арналуы – егіс және жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыру.Несиелер 18 айға дейінгі мерзімге, жылдық 5 % жеңілдетілген мөлшерлемемен беріледі. Қарыз сомасы егістік алқаптың 1 гектарына шаққандағы шығын нормативтері негізінде жеке есептеледі.Бағдарлама шарттарына сәйкес несие қамсыздандыру ретінде:жылжымайтын мүлік;немесе «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қарыз сомасының 85 %-ына дейінгі кепілдігі қабылданады.Қарызды өтеу кестесі:негізгі қарыздың 50 %-ы – ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізілген жылдың 1 желтоқсанына дейін;қалған 50 %-ы – келесі жылдың 20 ақпанына дейін.Қарызды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеуге болады. Сыйақы сол мерзімдерде немесе несие комитетінің шешімімен жеке кесте бойынша төленеді.Қарыз алушыларға қойылатын негізгі талаптар:аграрлық салада кемінде 3 жылдық тәжірибе;егістік алқаптарының болуы (меншікте, жалға алу немесе бірлесіп пайдалану шарттары бойынша);соңғы 24 айда 180 күннен астам мерзімі өткен берешектің болмауы;соңғы есептілік бойынша оң қаржылық нәтиже;100 % кепілзат қамтамасыздығының болуы.Барлық қарыз қаражаты қаржыландыру жылының 1 тамызына дейін игерілуі тиіс.«Кең дала 2» бағдарламасы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылып, фермерлердің қаржылық тұрақтылығын арттыруға, өнімділікті көтеруге және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/996408?lang=kk
8 наурыз "Ана өмір шуағы" 20.05.2025
Тұйық ауылдық округінің әкімі Ж.Алиасқаров 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай ауылымыздағы қарт аналар мен қыз-келіншектерді айтулы мерекесімен құттықтап, марапаттады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-tuiyk/press/news/details/996367?lang=kk
Сеулде SCAT әуе компаниясының Шымкент – Сеул жаңа тікелей рейсі таныстырылды 20.05.2025
Сеул, 2025 жылғы 15 мамыр – Оңтүстік Кореяның астанасында SCAT әуе компаниясының Шымкент – Сеул бағытындағы жаңа тікелей рейсінің таныстырылымы өтті. 2025 жылғы 29 мамырда іске қосылатын бұл рейстің тұсаукесеріне 70-тен астам жетекші корей туроператорлары мен БАҚ өкілдері қатысып, екі ел арасындағы туристік және іскерлік алмасуды кеңейтуге деген жоғары қызығушылықты көрсетті.Аталған бағыттың ашылуымен, Астана мен Алматыдан ұшатын рейстерді қосқанда, Қазақстан мен Кореяны апта сайынғы 15 тікелей рейс байланыстыратын болады. Жаңа бағыт екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, іскерлік байланыстарды, мәдени және гуманитарлық қатынастарды дамытуға серпін береді.Рейстің таныстырылым рәсімінде сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов бұл бағыттың ашылуы екі ел халықтарының жақындасуына ықпал ететінін атап өтті: «Бұл – Қазақстан-Корея қарым-қатынастарының дамуындағы тарихи сәт. Мәдениеті мен тарихы бай Шымкент қаласынан тікелей рейстің ашылуы туристерге, студенттерге және кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз туристік ағынның жыл сайын 12%-ға тұрақты өсіп келе жатқанын байқап отырмыз және бұл рейс туризмді, іскерлік байланысты және азаматтар арасындағы тікелей қарым-қатынасты дамытудың жаңа ынталандырушысы болады деп сенеміз».Сонымен қатар Елші Қазақстанның туристік тартымдылығына тоқталып, еліміз ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген алты нысанымен әйгілі екенін айтты. Олардың қатарында Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтері және Сарыарқа экожүйесі бар. Елші туроператорларды Қазақстанның мәдени және табиғи байлығын ашатын жаңа туристік пакеттерді әзірлеуге шақырды.Қазақ дипломаты Қазақстан басшылығы тарапынан туризм саласына берілетін саяси қолдауға назар аударып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде туризмді тұрақты дамытудың стратегиялық бағыты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бұл бағыт Қазақстан экономикасының өсуінің және мәдени мұраны халықаралық деңгейде ілгерілетудің маңызды тірегіне айналуда.Туризм саласындағы ынтымақтастықты айта келе, Елші 2025 жылы екі елдің туроператорлары мен компаниялары қатысатын маңызды іс-шараларды атады. Олардың қатарында Қазақстан халықаралық туристік көрмесі (KITF, 23–25 сәуір), Астана халықаралық форумы (AIF-2025, 29–30 мамыр), Kazakhstan Tourism Road Show (Сеул, маусым), және Сеул халықаралық туристік көрмесі (SITF-2025, 5–8 маусым) бар.Сондай-ақ, Елші екіжақты экономикалық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударды. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша Корея Республикасы Қазақстан экономикасына инвестиция құйған ең ірі үш елдің қатарына енгенін атап өтті.Өз кезегінде SCAT компаниясының Кореядағы өкілі Андрей Цыганков: «Бүгін біз тек жаңа рейсті таныстырып отырған жоқпыз – бұл екі халық арасындағы достық пен жақындасудың мерекесі. Шымкент – Қазақстандағы үшінші ең ірі қала, қарқынды дамып келе жатқан мегаполис, жуырда жылына 2 миллион жолаушыны қабылдай алатын заманауи әуежайға ие болды. Біз аптасына екі рет ұшатын жаңа Boeing 737 MAX ұшақтарындағы жайлы рейстерді ұсынуға қуаныштымыз» деп мәлімдеді.Ол SCAT компаниясы жыл сайын 2 миллионнан астам жолаушыны тасымалдайтынын, Қазақстан ішкі нарығындағы жетекші әуекомпаниялардың бірі екенін және жаңа рейстің туристерге ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері, студенттер мен отбасылар үшін де жоғары сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.Іс-шара аясында SCAT әуе компаниясының қызметі мен Шымкент қаласы, сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды. Қонақтар туристік брошюралармен танысып, елдің табиғи сұлулығы мен мәдени мұрасы туралы бейнероликтерді тамашалады.Шымкент – Сеул бағытындағы тікелей рейстің ашылуы Қазақстан мен Корея арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосылған маңызды үлес болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/996318?lang=kk
Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы 20.05.2025
📍 Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 15 наурыздан басталған «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының кеңеюі туралы хабардар етеміз. Жоба сыйақы төлеу арқылы микро және шағын бизнес субъектілерінен фискалдық чектер алуды ынталандыруға бағытталған.2025 жылғы 15 қазаннан бастап жобаға Талдықорған қаласы (Жетісу облысы) қосылады. ℹ️ Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы «Salyq кэшбэк» жобасы 2025 жылғы 15 наурыз, сәуір, мамыр, маусым және 15 шілдеден бастап кезең-кезеңімен іске қосылды. «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін сізге қажет:✅ Тауарларға немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық чек алыңыз;📲 «Amian» арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеңіз және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алыңыз.💰 Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефонның балансына аударуға болады.2025 жылғы қазандағы жағдай бойынша төленген кэшбэк сомасы 127 млн теңгеден асты.Бұдан басқа, пилоттық жоба іске асырылатын аумақтарда оң динамика байқалады: берілген чектер саны 48% — ға, ал олар бойынша жалпы сома — 38% - ға ұлғайды. 📢 Комитет бүкіл ел аумағында «Amian» мобильдік қосымшасын пайдалана отырып, фискалдық чектерді алуды ынталандыру бойынша өзге де іс-шараларды іске асыратынын қосымша хабарлаймыз:«Чекті талап ет — жүлдені ұтып ал!»«Бәйге» акциясы«Чекті талап ет — Halyk Bank сыйлығын ұтып ал!» 🔹 Сыйақыларды есептеуді «IT Analytics» ЖШС операторы App Store және Google Play дүкендерінде тегін жүктеу үшін қолжетімді «Amian» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырады. 🤝 Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды есептеулердің ашықтығын дамытуға және салық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін аталған жобалар мен акцияларға белсенді қатысуға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1087085?lang=kk
Боровское ауылының тұрғындарымен кездесу 20.05.2025
2025 жылғы 29 мамырда Меңдіқара ауданы әкімі Ғ.М.Бекбаевтың Боровское ауылының тұрғындарымен кездесуі өткізіледі. Өткізілетін орны: Боровское ауылы, балалар өнер мектебінің ғимараты, сағат 11:00. Халықпен кездесуге дайындық барысында тұрғындардан сауалдар түсуде. Сұрақтар мен ұсыныстар 8-705-162-80-87 нөмірі бойынша WhatsApp чаттары арқылы қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/996293?lang=kk
Мамырға арналған салық күнтізбесі 20.05.2025
Құрметті салық төлеушілер!Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігін тапсыру мерзімі жақындап келеді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар, бұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті құжаттарды алдын-ала дайындап, тапсыруды ұсынамыз.Есептілік15 мамыр101.03 нысаны – төлем көзіне салынатын ККП бойынша резиденттің табысынан ұсталатын есеп;101.04 нысаны – төлем көзіне салынатын ККП бойынша резидент еместің табысынан ұсталатын есеп;200.00 нысаны – ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;300.00 нысаны – ҚҚС бойынша декларация;400.00, 421.00 нысандары — акциз бойынша декларация; құрылымдық бөлімшелер мен салық салуға жататын объектілер бойынша есеп.500.00 нысаны – роялти және өндіру бонусы бойынша декларация;531.00 – нысаны-салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларация (есеп): - жер қойнауын пайдаланушылар 531.01-қосымша бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанына декларация тапсырады- алушылар мемлекет атынан 531.02, 531.03 қосымшалары бойынша 2025 жылғы 1 тоқсандағы ағымдағы төлемдердің есебін ұсынады;560-нысан – егер тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем мөлшері 10 000 АЕК-тен асатын болса, 2025 жылғы 1 тоқсандағы тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем бойынша декларация;570.00 нысаны – экспортқа салынатын ренталық салық бойынша декларация;590.00 нысаны – пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;701.01 нысаны – 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салық міндеттемелері туындаған немесе өзгерген объектілер бойынша 2025 жылға арналған жер учаскесі және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу;710.00 нысаны – ойын бизнесі салығы бойынша декларация;860.00 нысаны – су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация;870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация;880.00 нысаны – цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация;913.00 нысаны – бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/996274?lang=kk
Үйірлі шегірткелер - Итальяндық прус 20.05.2025
Үйірлі шегірткелер - Итальяндық прус ИТАЛЬЯНДЫҚ ПРУС - итальяндық шегіртке, кәдімгі немесе оазис прус (Calliptamus italicus L.). Қазақстанда кең таралған, бірақ солтүстік және батыс Қазақстанда ең көп шоғырланған. Қазақстанның дәнді-жусанды, жиі құмды далаларының, дала және шөл аймақтарының учаскелерін мекендейді. Жоңышқа, мақта, күнбағыс, көкөніс дақылдары мен дәнді дақылдарды зақымдайды.Ересек жәндіктердің (ересектердің) денесі орташа, ұрғашылары еркектерге қарағанда екі есе үлкен (еркектердің денесінің ұзындығы – 14,5-28,7 мм, аналықтары-21,9-41,6 мм). Бояу өте алуан түрлі. Қоңыр, сұр-қоңыр, сирек ашық және ақшыл реңктер басым. Кеудедегі аяқ-қолдардың арасында доғал бұлтық бар. Қанаттары қанат қалқанынан қысқа, түбінде сұр-қызғылт түсті. Артқы сирағы ашық қызыл немесе қызғылт түсті.Жылына бір ұрпақ дамиды. Ересектердің жаппай пайда болуы маусым айының соңында байқалады. Аз мөлшерде ересектер бөлек тұрады, бірақ олардың саны едәуір артқан кезде олар үйірлі өмір сүру режиміне өтеді. Үйірлер көтеріліп ұзақ қашықтыққа ұша алады.Олар шілде айының соңында жыныстық жетілуге жетеді, жұптасады және тамыз айында жұмыртқа сала бастайды. Ілінісу кезінде ұрғашылары көбікті зат көпіршік текше бөледі, оңың ішінде – 30-45 жұмыртқа болады, солай қыста аман қалады.2025 жылы Федоров ауданында табын шегірткелері бойынша мониторингтік тексерулер 70 000 га алаңда жоспарланған, көктемгі-жазғы тексеру - 30 000 га, жазғы тексеру - 40 000 га.Шегірткелерге қарсы әр түрлі өңдеу әдістері қолданылады: толық - зиянкестермен қоныстанған барлық аумақ өңделеді; тосқауылды - шегірткелердің қозғалыс бағыты бойынша белгілі бір жолақтар өңделеді, тосқауыл аралық кеңістікті өңдеусіз қалдырады; жергілікті - тек дернәсілдердің шоғырлану ошақтары (кулигалар) өңделеді; шеткі - ауылшаруашылық дақылдары егістіктерінің айналасында орындалады.Химиялық заттармен (инсектицидтермен) бүрку шегірткелермен күресудің негізгі әдісі болып табылады. 2025 жылға республикалық бюджет қаражаты есебінен табын шегірткелеріне қарсы химиялық өндеу жоспарланбаған. Шегіртке зиянкестері анықталса, төмендегі телефондарға хабарласыңыз: Ұйымның атауыТ.А.ӘЛауазымыБайланыс телефоны«РФДжБӘО» РММФедоров аудандық филиалы Назарчук ИванВладимировичБасшы8-71442-33099ҚР АШМ АӨК МИК «Федоров ААИ» ММДжагалтаеваСаулеЕсенгельдыевнаБас маман- өсідіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор8-71442-21-6-98 «ҚР АШМ АӨК МИКФедоров ААИ» ММбасшысы Шишимбаев С.А.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1222056?lang=kk
Иркутск «БАЙКАЛ САМАЛЫ – 2025» ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӨНЕРТАБЫСТАР МЕН ИННОВАЦИЯЛАР САЛОНЫН қабылдауға дайындалуда 20.05.2025
2025 жылғы 26-27 маусымда Иркутск қаласында өнертапқыштарды, рационализаторларды, ғалымдарды, кәсіпкерлерді, билік, бизнес, білім беру және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін біріктіретін "Байкал самалы" Еуразиялық өнертабыстар мен инновациялар салоны өтеді. Іс-шараны "өнертапқыштық бастамаларды іске асыруға жәрдемдесу орталығы"өнертапқыштық және инновациялық қызмет саласындағы дербес коммерциялық емес ұйым ұйымдастырады. Салон Еуразиялық патенттік ұйымның, Ресейдің өнертапқыштар мен рационализаторлар Одағының, Шығыс Сібірдің сауда-өнеркәсіп палаталарының Одағының және басқа да бірқатар аймақтық және федералды құрылымдардың қолдауымен өткізіледі. Салон бағдарламасына мыналар кіреді: 1. Инновациялық әзірлемелердің бетпе бет презентациялары; 2. Патенттеу, кооперация және технологияларды енгізу мәселелері бойынша панельдік пікірталастар; 3."Экологиялық салауаттылық", "адам денсаулығы", "Агроөнеркәсіптік кешен", "Қорғаныс және қауіпсіздік", "креативті индустриялар"секциялары бойынша жобалардың көрме-тұсаукесері. Қатысуға шақырылады: 1. Өнертабыстар мен инновациялардың авторлары; 2. Ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері; 3. Әзірлеушілер, инженерлер, стартаптар; 4. Зияткерлік меншік саласындағы сарапшылар; 5. Меншіктің әртүрлі нысандарындағы ұйымдар. Салонға қатысу тегін. Барлық берілген өтінімдерді сараптамалық кеңес қарайды, ал үздік әзірлемелер салонның қорытынды каталогына енгізіледі. Ұйымдастырушылар барлық мүдделі адамдарды Еуразияның өнертапқыштық және инновациялық қоғамдастығы үшін осы маңызды оқиғаға қатысуға шақырады!Байланыс және өтінім беру үшін байланыс деректер: 📧 baikalbreez@mail.ru 📱 +7-950-120-84-82 (Viber, WhatsApp, Telegram) 🔗 t.me/SALONBAIKALBRIZАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/996270?lang=kk
Қазақстан мен Ауғанстан сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті 20.05.2025
Астана, 2025 жылғы 15 мамыр – Ауған тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттакимен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылысын растап, сауда, логистика, білім беру және өңірлік қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.Көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесіне, оның ішінде өңірлік сауданы жандандыруға бағытталған маңызды бастама ретінде Трансауған темір жолы жобасына ерекше назар аударылды.Қазақстан Ауғанстандағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, медициналық қызметтер мен білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған гуманитарлық бағдарламаларды дамытуға дайын екенін растады.Ауған тарапы көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның елді қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге қосқан үлесін жоғары бағалады, сондай-ақ Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құруды толықтай қолдады.Тараптар алға қойылған жоспарларды табысты іске асыру үшін сындарлы диалог пен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/996233?lang=kk
Үлкен Нарын ауданының орталық саябағында гүл шоқтарын қою 20.05.2025
Ұлы Жеңіс-80 жыл!Үлкен Нарын ауылының орталық саябағында Отан үшін күрескен батырларымызды құрметтеп, еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімін өткіздік.Олардың ерлігі - ұрпақтың ерлігі. Мәңгілік алғыс және шексіз құрмет!Жеңіс Күні Құтты Болсын!🇰🇿Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/996251?lang=kk
«Жұлдызай» фестивалі 20.05.2025
Фестивальге биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде «Жұлдызай» ерекше білім беру қажеттіліктері бар еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған баланы біріктіріп, олардың бойындағы дарынын ашуға, өзіне деген сенімін нығайтуға және жарқын болашаққа үміт сыйлауға жағдай жасады.Биыл байқау нәтижелері мен кәсіби қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік қатысушылар финалға өтіп, https://fest.juldizai.kz/ сайтында ашық халықтық дауыс беру арқылы Гран-при үшін бақ сынауда (дауыс беру үшін сайтқа кіріп, бейнероликтерді қарап шығып, үш номинантты таңдап, дауыс беру қажет).Біздің өңірден финалға өткен қатысушылар:«Мерей» квартеті – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Рудный қаласының ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММГалиев Руслан Андреевич – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Рудный қаласының білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММЖерлестерімізді қолдайық!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/996227?lang=kk
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері 20.05.2025
2025 жылғы 30 мамырда сағат 10:00-де "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талқылау өткізіледі.Сұрақтар болған жағдайда:Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшысы – Әбиева Бақтыгүл Ботайқызы, жұмыс телефоны: 46-76-61Тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы – Жанасова Маржан Алғабекқызы, жұмыс телефоны: 46-75-02Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің бас маманы – Нұрбаева Арайлым Гайдарханқызы, жұмыс телефоны: 46-76-61Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40Қабылдау бөлімінің телефоны: 46-75-00Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/996228?lang=kk
ОПЕК Қоры Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 20.05.2025
Вена, 2025 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ОПЕК-тің Халықаралық даму қорының Президенті Абдулахамид Аль-Халифамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар 2024 жылы жоғары деңгейде өткен келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында өзара іс-қимылдың жандана түскенін атап өтті.Сондай-ақ Абдулахамид Аль-Халифаның 2025 жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуына байланысты Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері және басқа да басым салалардағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/996207?lang=kk