Жаңалықтар
Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды 20.05.2025
✔Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.Байқау екі кезеңде өтеді:Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulken-naryn/press/news/details/996868?lang=kk
📣Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды 20.05.2025
Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.Байқау екі кезеңде өтеді:1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен елорда) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.Толық ақпарат: 8(7142) 57-51-93Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/996874?lang=kk
Қазақстан БҰҰ-мен балалар құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайтады 20.05.2025
Астана, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. Қазақ дипломаты балалардың құқықтарын қорғау саласындағы озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге қолдау көрсетіп келе жатқан белсенді жұмысы үшін ЮНИСЕФ өкіліне алғыс білдірді.Р. Де Доминичис ЮНИСЕФ Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғауға, инклюзивті білім беруді дамытуға, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, цифрлық қауіпсіздікке, сондай-ақ психикалық денсаулық мәселелеріне және орнықты даму саласындағы ұлттық басымдықтарға жауап беретін әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.Кездесу соңында, тараптар биыл наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен қолдау тапқан Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының әлеуетін пайдалана отырып, балаларды қорғау саласындағы күш-жігерді үйлестіру туралы уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/996848?lang=kk
Еліміздің делегациясы ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысына қатысты 20.05.2025
ҚР Қаржы министрі, Қазақстанның атынан Еуропалық қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) басқарушы болып отырған Мәди Такиев бастаған еліміздің делегациясы 13-15 мамыр күндері Лондонда өткен ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы мен бизнес-форумына қатысты.Дәстүрге айналған жиында Басқарушылар кеңесі ЕҚДБ-ның 2024 жылғы қызметіне байланысты, сондай-ақ Африка елдеріне «көмек алушы мемлекеттер» мәртебесін беру бойынша жылдық есептерді мақұлдап бекітті. Сонымен бірге ЕҚДБ-ның 2026-2030 жылдарға арналған қаржыландыру бағдарламасы бойынша стратегиялық құжаты қабылданды.Бұған қоса Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев бірқатар екіжақты кездесу өткізді.Атап айтқанда, ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен болған кездесуде тараптар аталған банктің Қазақстандағы қызметінің перспективалары мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басымдыққа ие бағыттарын талқылады.Лондон қор биржасы басшысының орынбасары Чарли Уокермен келіссөздер барысында еурооблигациялар шығару шеңберінде қаржылық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Standart Chartered UK банкінің бас атқарушы директоры Саиф Маликпен кездесуде қаржылық әріптестікті, оның ішінде банктің еліміздегі жұмысын дамыту жолдары пысықталды. Бұдан бөлек Мысырдың (Египеттің) жоспарлау, экономика және халықаралық ынтымақтастық министрі Рания Әл-Машатпен келіссөздер кезінде климаттық бастамаларды қаржыландыру тетіктері және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту тетіктері қаралды.Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ бірлескен жобаларды іске асыруға және өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-london/press/news/details/996854?lang=kk
Сербияда Қазақстанның жаңа Құрметті консулы тағайындалды 20.05.2025
Белград, 2025 жылғы 15 мамыр - Сербия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшісі Мәди Атамқұловтың қатысуымен белгілі серб кәсіпкері Кристина Стоянович ханымға Ябланички және Пчинья округтеріндегі ҚР Құрметті консулының экзекватурасы мен патентін тапсыру рәсімі өтті.Кездесу барысында Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасары Наташа Рашевич ханым құрметті консул қызметіне кірісу тек консулдық қатынастарды ғана емес, жалпы екіжақты қатынастарды жақсартуға қосымша серпін беретінін атап өтіп, К.Стоянович ханымға екі достас халықтың игілігі жолындағы қызметіне жетістіктер тіледі.Өз кезегінде К.Стоянович ханым қазақ-серб қарым-қатынастарын дамытуға, елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бар күшін салатынына сендірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/996858?lang=kk
«Power International Holding» Қазақстандағы инвестициялық қатысуын кеңейтуді жоспарлап отыр 20.05.2025
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев «Power International Holding» (PIH) компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры Амер Махасенмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар энергетика, телекоммуникация, денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар және тау-кен металлургиясы салаларындағы PIH компаниясының қазіргі жобалары мен болашақ жоспарларын талқылады.Холдингтің инвестициялық қатысуын Қазақстанда кеңейтуге ниетті екенін басқарушы директор растады және бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Атап айтқанда, компания IT-стартаптардың халықаралық технопаркі – «Astana Hub» негізінде заңды тұлға тіркеп, цифрлық шешімдер мен қызметтерді іске асыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Денсаулық сақтау саласында PIH-тың медициналық инфрақұрылым бойынша халықаралық тәжірибесін қолдана отырып, медициналық мекемелерді салу және басқаруға қатысу мәселесі талқылануда. Сондай-ақ компанияның халықаралық нарықтардағы табысты тәжірибесін ескере отырып, тау-кен металлургия секторында жер қойнауын пайдалану нарығына шығу перспективалары зерттелуде.Кездесу барысында PIH пен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы компанияның өзекті жобаларын қамтитын Инвестициялық келісімді дайындау мәселесі қаралды.Министрдің орынбасары катарлық инвестициялардың ел экономикасының орнықты дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, «Power International Holding» жобалары экономикамыздың негізгі бағыттарын қамтиды. Газ өңдеу инфрақұрылымы энергетикалық қауіпсіздікке, телекоммуникация – цифрландыруға ықпал етеді. Денсаулық сақтау, IT және тау-кен салаларындағы бастамалар – технологияларды трансферттеуге және өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстан бұл жобалардың сәтті іске асуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын» – деді ол.Өз кезегінде, Е. Елекеев «Kazakh Invest» компаниясы PIH жобаларын барлық кезеңдерде – құжаттама дайындаудан бастап мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіру және әкімшілік рәсімдерді жеделдетуге дейінгі аралықта толық сүйемелдейтінін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытып, өзара тиімді өзара іс-қимылды жалғастыруға ниеттерін растады.PIH Қазақстанда бірқатар стратегиялық маңызды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, Қашаған кен орнында жылдық қуаттылығы 1 және 2,5 млрд текше метр болатын екі газ өңдеу зауытының құрылысы, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісінің, КС-14 компрессорлық станциясының және «КС-14 – Ақтөбе – Қостанай» магистралінің құрылысына қатысу. Сонымен қатар 2023 жылы PIH Tele2 және Altel компанияларындағы 100% үлесті сатып алып, телекоммуникациялық қызметтер нарығына шықты.Дереккөз: https://invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/998855?lang=kk
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының құрамасы Регби-7 халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды 20.05.2025
Санкт-Петербург қаласында Ресей Федералдық гвардиясы (Росгвардия) ұйымдастыруымен достас елдердің ішкі әскерлері мен ұлттық гвардиялары арасында өткен регби-7 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл беделді жарыс Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның күштік құрылымдарынан құралған үздік құрамаларды жинап, жоғары спорттық шеберлік, жауынгерлік рух пен бауырластықты паш етті.Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрамасы топтық кезеңді сенімді еңсеріп, Ресей Федерациясы ұлттық гвардиясының Саратов әскери институтын (СӘИ) 45:0 есебімен және Пермь әскери институтын (ПӘИ) 38:5 есебімен ойсырата жеңді. Командамыздың 7:12 есебімен жалғыз жеңілісі Ресей Федерациясы ұлттық гвардиясының Жуков орденді әскери академиясымен болған шиеленісті кездесуде тіркелді.Турнир қорытындысы бойынша құрамамыз Ресей Федерациясы ұлттық гвардиясының әскери академиясына ғана жол беріп, екінші орынды иеленді. Осылайша, Халықаралық турнирдің күміс жүлдесіне ие болды.Турнирдің үздік үштігі:Ресей Федерациясы ұлттық гвардиясының әскери академиясыҚазақстан Республикасы Ұлттық ұланыӨзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Турнир ұйымдастырушылары атап өткендей, регби-7 — бұл небәрі екі таймнан тұратын, әрқайсысы 7 минуттық, нағыз мінез бен жылдамдық сыналатын ойын. Жоғары қарқындылығымен ерекшеленетін бұл спорт түрі әскери қызметшілерді даярлауда өте тиімді, себебі ол физикалық төзімділікті, тез шешім қабылдауды және күрделі жағдайда әрекет етуді жетілдіреді.Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы құрамасының бұл турнирге қатысуы әскери қызметшілердің жоғары физикалық дайындығын дәлелдеп қана қоймай, достас елдермен әскери-спорттық байланысты нығайтудың жарқын үлгісіне айналды. Халықаралық деңгейде күміс жүлде алу — әрбір ойыншының үлесі мен тұтас команданың үйлесімді жұмысының, тәртіп пен жауынгерлік рухтың жемісі.Ұлттық ұлан құрамасын лайықты өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістерге жетуін тілейміз! ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/996806?lang=kk
Отбасы күні өткен семинар-тренинг: әйелдердің құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу 20.05.2025
2025 жылғы 15 мамырда Отбасы күні шенберінде, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру, құқықтық оқуды ұйымдастыру мақсатында: «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітуді және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында алдын алу жұмысы» семинар-тренингтер өткізілді.Модераторы: облыс әкімі апппараты басшысының орынбасары М.Маденов. Спикерлер: Нина Косюк, психолог, жыныстық және репродуктивті денсаулық, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау, адам саудасына қарсы күрес жөніндегі сарапшы, Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық ассоциация өкілі, «Дамыту» қоғамдық қорының басшысы, Мақсат Шакирбаев, Қостанай облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қайрат Сюндиков Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.Кезедесулерде манызды өзекті мәселелер көтерілді: сексуалдық психологиялық зорлық-зомбылық, ұйымдардың жұмыс орнында кемсітушілікке және жыныстық қудалауға қарсы саясатты жүзеге асыру тәжірибесі, 111 Сенім телефонының жұмысы, Қостанай қаласында әйелдерге арналған дағдарыс орталығын ашу жоспары. Семинарларға Қостанай облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың және тексеру комиссиясының қызметшілері қатысты.Анықтама үшін: облыс әкімі аппараты мен облыс мекемелеріндегі мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 60%-ға жуығын әйелдер құрайды. Бүгінгі таңда қоғамда әйелдер құқығын қорғау мәселесі қызу талқыланып жатқанда, әсіресе атышулы «Салтанат заңының» қабылдануы аясында мұндай шаралар зорлық-зомбылықтың алдын алуда, оның алдын алуда, мемлекеттік қызметте әйелдер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруда басты рөл атқарады.Адам құқықтары жөніндегі уәкіл М. Шакирбаев әйелдердің конституциялық құқықтары және адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының жұмысындағы басымдықтары туралы хабардар етті.Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сюндиков азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл қажеттігін, құқықтық білім берудің және мемлекеттік органдардың жұмысына әдеп стандарттарын енгізудің маңыздылығына тоқталып, кері байланыс арналарының жұмысы туралы хабардар етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/996810?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан банк саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 20.05.2025
Исламабад, 2025 жылғы 15 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин «Meezan Bank» атқарушы вице-президенті Шейх Рашид Рауф мырзаны қабылдады.«Meezan Bank» - Пәкістандағы ең ірі банктердің бірі және елдегі исламдық банктік қызметтер нарығының 30%-дан астамын иеленетін исламдық банкинг саласындағы танылған көшбасшы.Кездесу барысында тараптар екі елдің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.Елші Е.Қыстафин «Астана» Халықаралық қаржы орталығы аясындағы қолда бар мүмкіндіктер мен оның артықшылықтары туралы айтып, сондай-ақ Қазақстанда қаржы технологияларын дамытудың жоғары деңгейін атап өтіп, осы сектордағы тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарастыруды ұсынды.Тікелей банктік байланыс арналарын орнату, өзара есеп айырысу инфрақұрылымын дамыту, екі елдің клиенттеріне қол жетімді банктік қызметтерді ұсыну, сондай-ақ ислам банкингі саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара қызығушылық танытты және осы саладағы бар әлеуетті іске асыру бойынша нақты қадамдарды белгіледі.Кездесу қорытындысы бойынша «Meezan Bank» пен қазақстандық коммерциялық банктер арасында онлайн-келіссөздер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/996801?lang=kk
2025 жылғы қаңтар-наурыз демографиялық ахуалы туралы 20.05.2025
2025 жылғы 1 сәуірге Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 601,4 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 374,4 мың (62,3%), ауылдықтар – 227,0 мың адам (37,7%). 2025 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,1 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді.Халықтың табиғи қозғалысы2025 жылғы қаңтар-наурыз Абай облысы халқының табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-наурыз салыстырғанда (972 адам) 29,6%-ға азайды, 684 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 4,62 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2025 жылғы қаңтар-наурыз туылғандар саны 1926 адамды құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 17,0%-ға аз (2320). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 13,02 туылғандарды құрады.Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1242 адамды құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-наурыз қарағанда 7,9%-ға аз (1348 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,40 қайтыс болғандарды құрады.2025 жылғы қаңтар-наурыз облыста 1 жасқа дейін шетінеген 15 нәресте тіркелді және 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (21 шетінеген нәресте) 28,6% есе азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,79 оқиғаны құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2025 жылы 1-тоқсанда облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 3199 адамды, елімізден кеткендердің саны - 5292 адамды, көші-қонның айырымы – 2093 адамды құрады.Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны-14 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 28 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 87,5% және 84,8% құрады. Осының келгендермен және кеткендердің көп бөлігі Россей Федерациясына тиесілі, 14 адам келіп және 28 адам көшіп кеткен.Алыс шетел елдерімен теріс сальдо, облысқа келгендер - 2 адам құраса, кеткендер саны - 5 адам, оң сальдо Қытай Халық республикасымен оң сальдо қалыптасты.Облыс ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 3183 адамға азайған, келгендер - 5259 адам құраса, кеткендер - 2076 адам құрады._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистикаӘлеуметтік және демография статистикасы бөлімінің басшысы: С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/996778?lang=kk
«ЭШФ» АЖ-да техникалық жұмыстар 20.05.2025
Құрметті салық төлеушілер! 2025 жылғы 16 мамырда сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізіледі. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/996747?lang=kk
Енді қазақстандық әскери жоғары оқу орындарына оқуға беру eGov.kz порталы арқылы онлайн режимде мүмкін болып отыр 20.05.2025
Жүйе кіру шектеулерін (медициналық деректер, созылмалы аурулар және алынған инфекциялар) тексереді, сондай-ақ сотталғандықты тексеру сұранысын жібереді. Егер адам сотталмаған болса, жауап 10 минуттың ішінде келеді. Содан кейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан арнайы тексеруден өту үшін сауалнаманы толтыру қажет.ҚР ҰҚК тексеру үшін № 075 нысанды анықтаманы алдын ала алу және өмірбаянын дайындау ұсынылады. Көптеген деректер (мекенжай, фотосурет, туыстық мәліметтер) мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде жүктеледі, қалғанын қолмен қосуға болады.Өтініш беру үшін:1. eGov.kz порталында тіркеліп, «Азаматтарға» - «Әскери есепке алу және қауіпсіздік» - «Әскери қызмет» бөліміне өтіңіз.2. «ҚР ҚМ әскери оқу орындарына кандидаттарды қабылдау» қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз.3. Қажетті деректерді толтырып, өтінішке қол қойыңыз.4. Нәтиже Жеке кабинетте «Қызмет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.Ұшқыш мамандықтары үшін куәландыруға дейін 30 күннен кешіктірмей алынған медициналық қорытынды талап етіледі.Нәтиже (оның себебін көрсете отырып қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту) Жеке кабинетке келеді. Қызмет мерзімі — 200 күнге дейін. Құжаттардың толық тізімі және егжей-тегжейлі нұсқаулық — eGov.kz сайтында.Қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/996961?lang=kk
«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді 20.05.2025
Алматы облысы еліміздегі «Жасыл» энергетиканы дамыту бойынша көшбасшы өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Бүгінде өңірде жалпы қуаты 328,1 МВт болатын 23 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында – қуаты 25,78 МВт болатын 8 шағын су электр станциясы, 142 МВт-тық 9 жел электр станциясы және 160,365 МВт-тық 6 күн электр станциясы бар.Өңірдегі электр энергиясын орташа тұтыну көлемі 550–630 МВт аралығында. 2024 жылы бұл көрсеткіш 608,4 МВт-қа жетті. Оның 303,31 МВт-ы – облыс ішінде өндірілген, оның ішінде 62,36 МВт – жаңартылатын энергия көздерінің үлесі (Іле және Шарын өзендеріндегі ірі СЭС-терді есептемегенде). Қалған 305,09 МВт басқа өңірлерден сатып алынады.Жаңа жобалар мен инвестициялар2024 жылы Жамбыл ауданында қуаты 3 МВт болатын жаңа су электр станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның инвестициялық көлемі – 1,9 млрд теңге, 5 тұрақты жұмыс орны ашылды.Сондай-ақ, биыл жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға арналған екі аукцион өткізілді. Қонаев қаласындағы қуаты 100 МВт болатын КЭС жобасы бойынша жеңімпаз ретінде «Дамона» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жамбыл ауданында қуаты 20 МВт болатын ұқсас жобаны «Dala Solar» ЖШС жүзеге асырып жатыр – қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда, нысан да 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде.2025 жылға арналған Энергетика министрлігінің жоспарына Қонаев қаласында қуаты 40 МВт болатын екі КЭС салу бойынша тағы екі аукцион енгізілген.Инвесторлардың қызығушылығы және салалық кедергілер2023–2024 жылдары облыстық энергетика басқармасына жалпы қуаты шамамен 1400 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға ниетті 20-ға жуық инвестордан өтінім түсті. Бұл жобалар бойынша күтілетін инвестиция көлемі – 1 триллион теңгеден асады.Алайда, жобалардың іске асырылуын тежейтін негізгі кедергілердің бірі – өндірілген электр энергиясын сатып алу кепілдігінің болмауы. Жергілікті атқарушы органдар мұндай кепілдік бере алмайды, бұл ірі инвесторлардың келуіне тосқауыл болып отыр.Энергетика министрлігінің аукциондық саудасы арқылы 2030 жылға дейін Алматы облысында іске асырылатын 14 жаңартылатын энергия көздері жобасы айқындалған. Бұл жобалардың жалпы қуаты – 184 МВт. Оның ішінде 100 МВт-тық бір күн электр станциясы, 9,4 МВт-тық екі биоэлектр станциясы және 74,9 МВт-тық он бір шағын су электр станциясы бар.- «Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша елеулі әлеуетке ие. Инвесторлардың жоғары қызығушылығын байқап отырмыз. Ендігі мақсатымыз – жобаларды жүзеге асыру үшін барынша ашық әрі болжамды жағдай жасау. Бүгінгі таңда тек өндіріс көлемін арттыру ғана емес, сонымен қатар ЖЭК-ті жалпы энергетикалық жүйеге тиімді интеграциялау үшін сенімді инфрақұрылым қалыптастыру маңызды», – деді Алматы облысының энергетика басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту – өңірдің орнықты болашағына қосылған үлес қана емес, сонымен қатар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды фактор. Өңірдің әлеуеті зор, инвесторлардың қызығушылығы жоғары, ал әкімшілік кедергілер жойылған жағдайда Алматы облысы Қазақстандағы «таза» энергия өндірудің жетекші орталықтарының біріне айнала алады.Мемлекет тарапынан заңнамалық және тарифтік саясат деңгейінде дер кезінде көрсетілетін қолдау осы мүмкіндіктерді нақты энергетикалық және экономикалық жетістіктерге айналдырудың кілті болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/996722?lang=kk
Құрметті Жалағаш ауылдық округінің тұрғындары мен қонақтары! Аса қадірлі тыл ардагерлері! 20.05.2025
Құрметті Жалағаш ауылдық округінің тұрғындары мен қонақтары!Аса қадірлі тыл ардагерлері!Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Баршаңызға Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Бұл мейрам – халқымыздың жауынгерлік рухының символы. Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз.Қиын кезеңді бастан өткерген тыл ардагерлері қазір ортамызда отыр. Құрметті тыл ардагерлері, барша халықтың атынан Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын! Аға буынның өшпес ерлігі – ұрпаққа ұлағат. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және тыл ардагерлерін ешқашан ұмытпаймыз! Сіздерге бас иеміз! Тыл еңбеккерлері соғыс жылдары жанкештілік пен табандылық танытты. Жұртымыз жұдырықтай жұмылып, күні-түні жұмыс істеп, қару-жарақ пен оқ-дәрі дайындады, әскери киім тікті. Соғыстағы он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Ұлы Жеңісті ұлықтау дегеніміз, бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда мәңгі сақтау деген сөз. Олардың ерлігі мен еңбегін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.Біз Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге баса назар аудардық, аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлының қолдауымен соғыс ардергерлерінің ескерткішіне арнайы қаржы бөлініп, өздеріңіз көріп отырғандай күрделі жөндеуден өтті. Заманауи үлгіде жасалды. Сіздердің аттарыңыздан Үлкен алғыс айтамын!Қазақ халқы – бейбіт. Бірлігі жарасқан халық. Соның көрінісі Жалағаш ауылындағы көгалдандыру жұмысы, Мешіттің күрделі жөндеуі және биылғы ақсақалдар алқасы мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастырған Тыл ардагерлеріне арналған құрмет тақтасын жалғастырып, тылда еңбек еткен ата-аналарымыздың есімдерін мәңгі есте сақтау мақсатында ескерткішті жалғастырып жасауы. Қадірменді тыл ардагерлері!Ата бабамыздың жанқиярлық еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Ұрпақтарыңыз сіздерге мәңгілік қарыздар. Осы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен бейбіт өмір тілейміз!Құрметті ауылдастар!Рухымыз мықты, мемлекеттілігіміз мәңгі болсын! Көк Туымыз биікте желбіресін!Қадірлі ауылдастар! Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!Мереке құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/996726?lang=kk
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен іс - шара 20.05.2025
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл күн – еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығын, бейбітшілігі мен бірлігін паш ететін ерекше мейрам. Көп ұлтты халқымыздың арасындағы өзара сыйластық пен келісім – еліміздің басты байлығы.Берекелі бірлігіміз арта берсін! Әр шаңыраққа амандық, құт-береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhalanash/press/news/details/996697?lang=kk
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік мәселелері бойынша панельдік сессия өтеді 20.05.2025
2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «AI және креативті индустриялар дәуіріндегі зияткерлік меншік: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Іс-шара Астана Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылады.Форумның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.Астана Халықаралық форумы — жаһандық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында халықаралық ұйымдар мен академиялық мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ жетекші халықаралық сарапшыларды біріктіретін алаң.Панельдік сессияда сөз сөйлейтін спикерлер:Қазақстан Республикасының Әділет министрі — Сарсембаев Ерлан Жақсылықұлы;Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры — Дарен Танг;Малайзия Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары — Мохамед Датук Нур Джазлан бин Тан Шри;Еуразиялық патент ведомствосының Президенті — Ивлиев Григорий Петрович;Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) — Сұлтанов Бахыт Тұрлыханұлы;және басқа да мәртебелі қонақтар.Форумға қатысу үшін тіркеуден өту қажет: www.astanainternationalforum.orgБАЙЛАНЫС:Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіТелефон: +7 (7172) 74-06-21Электрондық пошта: a.lurova@adilet.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/996698?lang=kk
Аудан әкімі Айдарлы,Жетікөл,Аманкелді ауылдарының тұрғындарымен кездесті 20.05.2025
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев есепті кездесулер аясында Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.Аудан басшысы кездесу барысында аймақ бойынша атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап көрсетті.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығы салынуда. 2025 жылы қыркүйек айында аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігі үшін пайдалануға беріледі. Оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында жақында ғана Катар еліндегі іссапарда үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағында салынатын болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 6 білім ордасы пайдалануға берілді. 4 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынып, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Бүгінде аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Аудан халқы 100 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Соңғы 3 жылда 670 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Шаған, Қоғалыкөл, Аманкелді елді мекендерінде ауыз су желілері жаңартылды. Тереңөзек кенті, Қалжан ахун, Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағамбетов және Н.Ілиясов елді мекендерін газдандыру жобасы толық аяқталды. Аудан орталығында құны 1,5 млрд. теңге болатын «Руханият» орталығының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Өткен жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында құны 241,1 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді елді мекеніндегі медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтті.Есепті кездесулерде тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі барлық мәселе назарда болатынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/996644?lang=kk
Словенияда батырдың еске алу рәсімі өтті 20.05.2025
Сежана қ., 2025 жылғы 14 мамыр - Қазақстанның Словениядағы Елшісі Данияр Сарекенов Сежана қаласының әкімі және муниципалитет өкілдерімен бірге қазақ батыры Кассе Себероның (Қасым Жақыповтың) зиратына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Югославияда партизан жасағының құрамында соғысқан Солтүстік Қазақстан облысының тумасы қазақ жауынгері 1943 жылы қарашада шайқаста өлімші жараланып, Повир ауылы маңында жерленген.Еске алу шарасына Словенияның бостандығы үшін жанын қиған жауынгердің ерлігі мен жанқиярлығын құрметтеу үшін біріккен жергілікті тұрғындар да қатысты. Бір минуттық үнсіздікпен салтанатты шараға қатысушылар Қазақстан мен Словения халықтарының достығының символына айналған жауынгердің ерлігіне шексіз алғыстарын білдірді.Бұл салтанатты еске алу шарасы екі ел арасындағы тарихи байланысты нығайтып, бейбіт болашақ үшін күрескендердің ерлігі арқасында сақталған азаттықтың мәңгілік құндылығын еске салады.Салтанатты шара соңында Қазақстан Елшісі словениялық тарапқа тарихқа ұқыптылықпен қарағаны және фашизмді жеңуге үлес қосқан қаһармандардың есімін мәңгі қалдыруға көмектескені үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/996600?lang=kk
Жұмыс кеңесі өткізілді 20.05.2025
«Заң және Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2025 жылдың 27 қарашасында азаматтардың өтініштерін қарау және көрсетілетін заңгерлік қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.Кеңеске Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі төрағалық етті. Талқылауға Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Сыртқы істер министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, адвокатура, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы, нотариат, сондай-ақ өңірлік Әділет департаменттерінің өкілдері қатысты.Кеңесте азаматтардың өтініштерінде көтерілген мәселелерге ерекше назар аударылды: сот шешімдерін орындау, құқықтарды тіркеу, құқықтық көмекке қолжетімділік, нотариат пен орындаушылық органдардың қызметі. Қатысушылар өтініштерді қарау мерзімдерін қысқарту, ашықтықты арттыру және ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту шараларын талқылады.Кеңес қорытындысы бойынша процестерді оңтайландыру және халықпен жұмыстың сапасын арттыру жөнінде тапсырмалар берілді. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1114481?lang=kk
Халықаралық отбасы күні: Қазақстандағы неке мен бала туу көрсеткіші 20.05.2025
Халықаралық отбасы күніне орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы тіркелген некелер мен дүниеге келген сәбилер саны бойынша еліміздің үздік 5 өңірінің көрсеткішін ұсынады. Жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 144 234 сәби дүниеге келіп, 36 818 жұп некеге тұрған.Туу туралы тіркеулер көрсеткішінің алғашқы бестігі:Түркістан облысы – 17 643 нәресте (жалпы санның 12,2%).Алматы қаласы – 16 914 (11,7%).Астана қаласы – 14 134 (9,8%).Алматы облысы – 12 121 (8,4%).Шымкент қаласы – 11 645 (8,1%).Тіркелген некелер саны бойынша алғашқы бестік:Алматы қаласы – 5 731 неке (жалпы санның 15,6 %).Астана қаласы – 4 005 (10,9%).Түркістан облысы – 2 919 (7,9%).Алматы облысы – 2 424 (6,6%).Шымкент қаласы – 2 356 (6,4%).Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері азаматтық хал актілерінің тіркелуі бойынша сәуір айы көш бастап тұр. Тіркеу бөлімдері бұл айда 37 812 туу туралы және 10 190 неке туралы куәлік берген.«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы барша қазақстандықтарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке, бақыт пен жылулық тілейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/997477?lang=kk